Адамс құқығы доктринасы құқықтық мемлекетті және ынтымақтастық


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе. 3

1 Әлеуметтік қамтамасыз етудің теориялық және әдістемелік негіздемесі . . . ……7

1. 1 Әлеуметтік қамтамасыз етудің мәні мен мазмұны7

1. 2 Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіндегі әлеуметтік сақтандырудың бөлігі . . . 14

1. 3 Әлеуметтік қамтамасыз ету құқықтық жүйесі. …17

2 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамтамасыз ету мен сақтандыру жүйесін талдау… . . . … . . . 24

2. 1 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамтамасыз етудің қазіргі жағдайдағы үрдісін талдау . . . 24

2. 2 Әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі қазіргі жағдайы. 33

2. 3 Әлеуметтік сақтандырудың құқтық нормативтік базасы . . . 41

3 Қазақстан Республикасындағы халықты қорғаудың әлеуметтік жүйесін жетілдіру . . . ……. 47

3. 1 Еліміздегі әлуметтік қамсыздандыруды жетілдіру. . 47

3. 2 Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің келешектегі даму басымдықтары . . . 51

Қорытынды . . . ……. 56

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . … . . . 59

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары делінген. [1, 13]

Сондықтан еліміз жаңа әлемдегі деңгейге аяқ басқан қазіргі таңда әлеуметтік сақтандыруды дамыту аса өзекті мәселелердің бірі ретінде алға қойылып отыр.

Нарықтың құрамдас бөлігі ретінде әлеуметтік сақтандыруды ел алдына қойылған үлкен міндет десек артық емес. Олай болса, әлеуметтік сақтандыру ол туралы біліп ғана қоймай, терең зерттеулер жүргізуді талап етеді.

Сондықтан қазіргі Қазақстандық әлеуметтік сақтандыруды зерттеу, оның негізгі артықышылықтары мен кемшіліктерін білу кез-келген заңгерлер үшін аса маңызды болып табылады.

Әлеуметтік жұмыс туралы алғаш рет б. э. д. Вавилонда 1750 жылы кедей адамдарға қамқорлық жасау, туыс адамдарды сүю туралы құжаттар шыққанда айтыла бастады. Ертедегі Грецияда «филантропия», яғни «адамзатқа сүйіспеншідік» деген түсінік пайда болды. «Филантропия» сөзі екі бөлімнен тұрады: «фило» (махаббат) және «антропос» (адамзат) . Ресейде әлеуметтік жұмыстың бір түрі 1864 жылы пайда болды, яғни реформа кезінде қызметкерлерді сынау, көру арқылы тағайындалды. Бұл қызметкерлер үйсіз-күйсіз, ауру, қария адамдарың, кішкентай балалардың мұктажын көруге тиіс болатын.

Әлеуметтік қызметкерлер түрлі мамандық иелері болады: педагог-психолог, этнолог, әлеуметтік заңгер, эколог, валеолог, әлеуметтік аниматор, геронолог; белгілі бір топ адамдармен (мүгедектермен, аурулармен) жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкер; мекемелердегі (мектепте, өндіріс саласында, әскери ортада) жұмыс атқаратын әлеуметтік қызметкерлер және тағы басқалар.

Әлеуметтік жұмыстың мақсаты - бір адамға немесе отбасындағы барлық адамдарға, әдеттегі жағдайды жасау туралы көмек көрсету. Әлеуметтік қызметкерлер адамдарға төмендегі жағдайларды бастарынан өткерген кезеңде керек болады.

Әлеуметтік сақтандыру қаражаттары есебінен еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру, сауықтыру-профилактикалық шараларды жүргізудегі денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі.

Жеңілдіктердің ең басты ерекшелігі белгілі материалды игіліктер және қызмет үшін әлеуметтік сақтандыру қаражатынан жеңілдіктер алу.

Ақшалай төлемдер және жеңілдіктер экономикалық, әлеуметтік және функционалды белгілерге бөлінеді.

Экономикалық белгідегі ақшалай төлемдерге және жеңілдіктерге адамның қоғамдық еңбекте қатысуы және әкономикалык еңбек сипаттамасымен шектеледі: еңбек стажын жалғастыру, еңбек ету жағдайы, оның төлеу көлемі және тағы да басқалары.

Әлеуметтік белгідегі ақшалай төлемдерге және жеңілдіктерге белгілі әлеуметтік әсер ету факторларды нығайту. Бұған ақшалай тұрмысы төмен жанұяларға берілетін төлемдер және қызмет көрсетулер, қарттар мен мүгедектер, туғаннан бері жұмысқа жарамсыз адамдарды қаржыландыру шығыстары, олардың протездеу, оқыту және жұмысқа орналастыру, Соғыс ардагерлеріне берілетін зейнетақы және жәрдемақы тағы да басқалары.

Төлемдер және жеңілдіктер ақшалай төлемдерге (зейнетақы және жәрдемақы) және ақысыз немесе жеңілдетілген қызметтерге классификацияланады.

Зейнетақы (лат. -төлем) - заңда қаралған жағдайға сәйкес, азаматтардың белгілі жасқа толуына, мүгедектік болуына байланысты, асырайтын адамынан айырылған жағдайда үнемі төлейтін ақша, ақшамен қамтамасыз ету . Зейнтақылардың еңбектік және әлеуметтік зейнетақыларды айырады. Еңбектік зейнетақы жасына, мүгедектігіне, ана сүтінен айырылғанда, еңбек сіңірген жыл үшін тағайындалады.

Әлеуметтік зейнетақы еңбектік зейнетақыны алуға кұқығы жоқ азаматтар жатады.

1998 жылдан бастап «Солидарлы» зейнетақы жүйесі жинақтаушы орнына келді. «Солидарлы» зейнетақы жүйе кезінде зейнетақылар кәсіпорынның өзінің жүмысшылары үшін зейнетақы жарналар есебінен жасалатын аударымдар арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүйенің қалыптасуына екі себеп бар. Біріншіден, төлемдер аударымдары зейнетақы төлеуге арналған қаражат мқлшерінен аз болуы мүмкін. екіншіден, республикада жүмыс істейтін түрғындардың сандарының азаю тенденциясы, яғни азаматтардың зейнетақы алу қүқығының өсуі, ал жүмыс істейтін жұмысшылардың саны үшін есептелінетін жарнамалар азаяды.

Жинақтаушы зейнетақы жүйе кезінде әр бір азамат өзінің алдағы зейнетақыны жеке тәртіппен іске асырады, яғни өзінің жұмыс ақысынан әр ай сайын міндетті аударым жасау арқылы іске асады. Міндетті зейнетақы жарнамаларын төлеу жеке тұлғалар өзінің табысынан 10 пайыз ставка мөлшерінде зейнетақы қорына төлейді. Сондықтан зейнетақы жұмысшылар саны үшін тәуелді болмайды. Жинақтаушы зейнетақы жүйе кейде әрбір азаматқа әлеуметтік жеке код тағайындалған. Ол 16 саннан және латын әріптерінен, арнайы алгоритм бойынша аты-жөнінен және туған күні негізінде есептеледі. Әлеуметтік жеке код зейнетақылы қамту жүйесінде жеке идентификатор болып табылады. Әлеуметтік жеке код қателерді жасаудан және зейнетақы жарнамаларды есептеген және де зейнетақыны алу үшін керек. Зейнетақылы төлемдер өзінің сақтандыру табиғатына ие, яғни олар адамдармен олардың жанұяларына сақтандыру жағдайы келген кезде материалды қажеттілікпен қамтамасыздадырады.

Зерттеу маңыздылығы: міне бүгінде біздер осы жайларға және өзге де мәселелерге жете мән берер болсақ Қазақстанда әлеуметтік сақтандыру саласын үнемі әрі үздіксіз жетілдіру қажеттілігін аңғару қиын емес деп білемін.

Зерттеудің мақсаты мен мәселелері: дипломдық жұмысымызда Қазақстан Республикасының заңдары бойынша әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету болып табылатын тұлғалардың құқықтық жағдайына жалпы теориялық тұрғыдан талдау жасауға және сондай-ақ осы әлеуметтік сақтандыру құқықтарын қорғауға байланысты қазіргі кезде тәжірибеде жиі кездесетін өзекті теориялық және тәжірибелік мәні бар сұрақтар қарастырылады.

Осыған сәйкес көздеген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді алға қоямыз:

- әлеуметтік сақтандырудың жалпы ұғымын ашу;

- зейнетақымен қамтамасыз ету ережелеріне талдау жасау;

- зейнетақымен қамтамасыз ету тәртібі және жетілдіру жолдары қарастыру.

Зерттеу әдістері: Мен өзімнің дипломдық жұмысымда ең алдымен зейнетақымен қамтамасыз ету шарттарын қарастырмас бұрын әлеуметтік саладағы тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту және оларды әлеуметтік қолдауды күшейту түсінігі мен түрлерін қарастыра келіп әлеуметтік сақтандырудың мәселесіне теориялық және құқықтық тұрғыдан мүмкіндігінше тереңірек қарастыруды өзіме мақсат етіп қойдым. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету заңнамаларға теориялық тұрғыдан сараптама жасап кеткім келеді әрі сонымен бірге әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қалыптасуы: әлемдік және қазақстандық тәжірибе мәселелеріне де біраз талдау жасап кетуді жөн деп шештім.

Ғылыми жаңалығы: Зейнетақымен қамтамасыз етуді әлеуметтік сақтандырудың төңірегінде көптеген жаңалықтар мен ғылыми еңбектер жазылуда. Солардың ішінде отандық авторлар мен шетелдік авторлардың еңбегі көптеп кездеседі. Мысалы: Амфитеатров. П. Н., Антимонов Б. С., Флейшиц Е. А., Богуславский М. М., БарщевскийМ. Ю., Баллюзек Л. Ф., Гаврилов Ә. П. және т. б.

Зерттеу құрылымы: Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі негізделеді, тақырыптың зерттеуіне жалпы баға береді, мақсаттар мен міндеттер қойылып, зерттеу жұмсының теориялық және әдістемелік негіздері және жұмыстың ғылыми жаңалығы көрсетіледі.

Бірінші бөлімде әлеуметтік қамтамасыз етудің теориялық және әдістемелік негіздемесі, әлеуметтік қамтамасыз етудің мәні мен мазмұны, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіндегі әлеуметтік сақтандырудың бөлігі, әлеуметтік қамтамасыз ету құқықтық жүйесі қарастырылады.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамтамасыз ету мен сақтандыру жүйесін талдау, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамтамасыз етудің қазіргі жағдайдағы үрдісін талдау, әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі қазіргі жағдайы, әлеуметтік сақтандырудың құқтық нормативтік базасына талдау жасалынады.

Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы халықты қорғаудың әлеуметтік жүйесін жетілдіру, еліміздегі әлуметтік қамсыздандыруды жетілдіру, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің келешектегі даму басымдықтары көрсетіледі.

1 ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕМЕСІ

1. 1 Әлеуметтік қамтамасыз етудің мәні мен мазмұны

Қазіргі жағдайда әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздерін жаңа мамандық және академиялық пән ретінде бүкіл әлемдік ғылыми шеңберде талқылау қажет болып отыр. Әлеуметтік жұмыс қазіргі өмір сүріп отырған қоғамның құрылымы мен өзін-өзі тануы туралы мағлұматтар алуға көмектесетін теориялық бай материал жинайды. Осы заманғы қоғамға сипаттама беру және оны өзінше електен өткізу кеше ғана пайда болған осы ерекше мамандық пен академиялық пәннің табиғатын тереңірек түсінуге көмектеседі.

Қоғам өмірін, оны қалыптастыратын танымдарсыз түсіну мүмкін емес. ХХІ ғасырдың басында адамдық танымдар экономикалық және саяси шарттарға байланысты пайда болды десек, ақымақтық болар еді. Бұл Ю. Лотманның терминологиясы бойынша «ой әлемінің», яғни дербес ой желісі, оның ішкі байланыстары мен құраушы күштерінің өмір сүру мүмкіндігін болжайды. Осыдан әлеуметтік мәдени кеңістігінде әлемдік теориялық бағытта талқылау өте қажет болып отыр.

Қазіргі қоғамда, өкінішке орай, әлеуметтік қызметкерлердің кедейлікпен күресуде олардың жетістіктерін емес, тиімсіздігін айту дағдыға айналған. Әйтсе де, әлеуметтік жұмыстың жастығына қарамастан, бұл мамандыққа әлі жүз жыл толмаған, әлеуметтік қызметкерлер қатары күн сайын өсіп келеді, өйткені дүние жүзінде олардың қызметіне сұраныс та өсуде.

Бұл мамандықтың кейбір сипаттамасы бар: бір жағынан, оның тұрақтылығы мен қажеттілігін анықтаса, екінші жағынан, ішкі қайшылық туғызады, бұны бұқаралық сана-сезімнің екі жақтылығымен түсіндіруге болады.

Күнделікті сана-сезім әлеуметтік жұмысты көбіне шындыққа жатпайтын танымдармен байланыстырады. Кей кезде әлеуметтік жұмыс тамыры орта ғасырға жайылған қазіргі таңдағы діни қайрымдылық шараларының бір түрі деген пікір айтылып жүр. Шындығына келсек, қайрымдылық шаралары мен әлеуметтік жұмыс тек қана альтуристік көзқарас біріктіреді. Ал басқа негізгі параметрлері бойынша, мақсаты, әдісі және құрылымы қызметкер-орындаушыларды айрықша дайындауға түбегейлі ерекшелінеді.

Әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі деңгейі. Қазақстан Республика- сының барлық азаматтары әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайда, еңбек өтілі мен жалақысына қарамастан, төмендегідей негізгі әлеуметтік жәрдемақы ларды алу құқығына ие болады:

- қартаюына қарай мемлекеттік негізгізейнетақы төлемдері;

- мүгедектігі бойынша мемлекеттік негізгі жәрдемақы;

- асыраушысынан айрылуы бойынша мемлекеттік негізгі жәрдемақы;

- жерлеуге берілетін мемлекеттік жәрдемақы.

Адам басына шаққандағы табысы кедейшілік деңгейінен де төмен, аз қамтылған азаматтар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесі енгізілген

«Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкметінің 2004 жылғы 30 қарашада ғы №1241 Қаулысының негізгі мақсаты мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы жауапкершілікті бөлу болып табылатын қаржылық тұрақтылық, эканомикалық тиімді, әлеуметтік әділ қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесін құру болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтарына әлеуметтік тәуекел туған жағдайда аталған бағдарламаға сәйкес мынадай әлеуметтік қорғау кепіл болды:

Бірінші денгей (негізгі) - бұл мүгедектігі немесе асыраушысынан айрылуы бойынша мемлекеттік бюджеттен берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдем ақылар, алжұмысынан айрылған жағдайда жұмысқа орналасу, кәсіптік қайта даярлау және қоғамдық жұмыс беру жергілікті бюджет есебінен болады. Бұл халықтың осал жіктерінің барлық санатына еңбек еткен жылдарына қарамастан, бірдей әлеуметтік қатер жағдайында, деңгейі бойынша ең төменгі төлемдер алуға тең құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етеді. [2, 18]

Екінші деңгей (міндетті) - жұмыс істейтін (жұмыс істеген) адамдарды міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік төлемдер. Жұмыс берушілердің және қызметкерлердің міндетті сақтандыру жарналары әлеуметтік сақтандыру төлемдерінің көзі болып табылады. Бұл жағдайда әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі әр адамның сақтандыру жүйесіне қатысуының ұзақтығы мен мөлшеріне байланысты;

Үшінші деңгей (қосымша) - әлеуметтік төлемдердің ерікті аударымдар есебінен жүзеге асырылуын пайымдайды. Бұл жағдайда аударымдар жеке, жинақтаушы, ерікті немесе кәсіптік болып табылады.

2006 жылдын 1қаңтарында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындрдың саны 637 мың адамды құрады, оның ішінде еңбек ету қабілетінен айрылғандар 402, 6 мың адам, асыраушысынан айрылғандар 234, 4 мың адам.

2005 жылы мүгедектігі бойынша алатын жәрдемақының орташа мөлшері 6902 тенге асыраушысынан айрылғандар 6631тенге 2004жылмен салыстыр ғанда 52% және 22% артық. Мүгедектігі бойынша алатын жәрдемақының орташа мөлшері, күнкөріспен салыстырғанда 14, 8% артық, ал асыраушысынан айрылғандардікі 10, 3% 2005 жылы орташа номиналдық айлыққа келетін әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі ауыстыру ставкасы 21, 3% құрады, ол 2004 жылмен салыстырғанда 3, 7% артық. Сонымен қатар орташа номиналдық айлыққа келетін мүгедектігі бойынша алынатын жәрдемақының ауыстыру ставкасы 21, 7% асыраушысынан айрылған жағдайда берілетін жәрдемақының ауыстыру ставкасы 20, 8% құрады. 2006 жылдан бастап әлеуметтік қамсыздандырудың үш денгейлі жүйесін енгізуге байлынысты әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі ауыстыру деңгейі төмендей астайды және 2010 жылы 15, 7%, ал 2015 жылы 12% құрайды. [3, 43]

Халықты әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесінің, брінші денгейі мемлекеттік арнайы жәрдемақы жүйесінен кейін, Қазақстан Реаспубли- касының міндетті әлеуметтік сқтандыру жүйесі екінші деңгей болып табылады.

№1 - кесте. Әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі деңгейінің көрсеткіштері

Көрсеткіштердің атаулары
2004
2005
2006
Көрсеткіштердің атаулары: Жәрдемақы алушылардың саны, оның ішінде, барлығы мың адам
2004: 786, 4
2005: 790, 4
2006: 637, 0
Көрсеткіштердің атаулары: Мүгедектігі бойынша, мың адам
2004: 391, 3
2005: 396, 7
2006: 402, 6
Көрсеткіштердің атаулары: Асыраушысынан айрылуы бойынша, мың адам
2004: 379, 6
2005: 378, 7
2006: 234, 4
Көрсеткіштердің атаулары: Жәрдемақының орташа мөлшері, теңге
2004: 4394
2005: 4602
2006: 6631
Көрсеткіштердің атаулары: Мүгедектігі бойынша төленетін жәрдемақының орташа мөлшері, теңге
2004: 4178
2005: 4379
2006: 6902
Көрсеткіштердің атаулары: Асыраушысынан айрылуы бойынша төленетін жәрдем ақынын орташа мөлшері, теңге
2004: 4850
2005: 5077
2006: 6631
Көрсеткіштердің атаулары: Асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақының орташа мөлшерінің күнкөріске қатынасы %
2004: 34809
2005: 36998
2006: 51467
Көрсеткіштердің атаулары: Мүгедектігі бойынша жәрдем ақының орташа мөлшерінің күнделікті күнкеріске қатынысы%
2004: 83, 2
2005: 83, 5
2006: 114, 8
Көрсеткіштердің атаулары: Жас шамасы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны есептемегендегі негізгі әлеуметтік қамсыздандыру шығындары, млн. теңге
2004: 99, 3
2005: 99, 9
2006: 110, 3

Дерек көзі: Статистикалық жинақ 2008 ж.

2005 жылы әлеуметтік қамсыздандыру негзі бойынша, жас шамасында төленетінт әлеуметтік жәрдемақыны есепке алмағанда, мемлекеттік шығын 51467 млн. теңге, ол БІӨ 0, 7% құрады.

Көптеген мемлекеттер әлеуметтік сақтандырудың маңызды екенін оның қоғамдық процестерге әсер ететінін ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғауға сенімді түрде қамтамасыз ететін және біріңғай қор қаржыларын шоғырландыруға мүмкіндік беретін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін құрады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жұмыс істейтін азаматтарды материалдық және әлеуметтік жағдайларда мүмкін болатын өзгерістерден сақтайтын, халықты мемлекеттік әлуметтік қорғау жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

Әлеуметтік сақтандырудың теориялық және институционалдық негізінің қалыптасуына құқтық мемлекет пен азаматтық қоғамның, табиғи құқық пен әлеуметтік әділеттіліктің, ынтымақ пен субсидияның құқықтық және әлеуметтік филасофиялық доктриналары, әлеуметтік қорғау аймағында халхаралық маманданған ұйымдардың көзқарасы, сонымен қатар сақтандыру доктринасын тарату және зиянның орнын толтыру елеулі әсерін тигізді.

Барлық адамзаттардың заң алдында тең болу идеясы -бұл құқықтық туралы ілімді адамдандыратын жалпы идея. Құқықтық мемлекет доктринасы әлеуметтік сақтандыру институтының дамуына күщті әсер етті. Ол мемлекеттің, негізгі әләуметтік субъектілердің және жұмыспен қамтылған халықтың әлеуметтік қорғауын қамсыздандыру бойынша олардың кәсіпкерлік топтарының ұйымдастырушылық, құқықтық және эканомикалық мәселелерін шешудегі рөлін анықтауға және осыған байланысты бірқатар мәселелерді қойып оларды шешуге көмектеседі. Халқаралық нормалары бойынша мемлекет заңнамалық актілерді қабылдаудан басқа, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін басқару жауапкершілігін өз мойнына алады. [4, 39]

Мемлекеттен тәуелсіз және мемлекетпен бірге “өмір сүретін ” жеке тұлғалардың сан қимыл мүдделерін сипаттайтын формалардағы әр түрлі әлеуметтік топтардан, қозғалыстадан, бірлестіктерден құралған қоғамның ерекше сферасы азаматтық қоғам мағынасын береді.

Азаматтық қоғам мүгедектердің қажеттіліктерін іске асыру барысында жалпы мүдделерін қоғам қызығушылықтарына біріктіру және әлеуметтік қорғаудың салиқалы формасын қолдануға арналған.

Азаматтық қоғамның дәстүрлі қоғамнан және тоталитарлық мемлекеттен негізгі айырмашылығы әрбір адам қандай топқа және бірлестікке қандай мақсатпен кіретінін өзі шешетіндігінде.

Азаматтық қоғаның құрылымы (отбасы, кооперациялар, ассоциациялар, шаруашылық, әлеуметтік, кәсіпкерлік және мәдени бірлестіктер) қоғамның барлық топтарының қажеттіліктеріне жауап береді, әділ әлеуметтік нормалар негізінде қабылданған қоғамдық өндірісте әлеуметтік аяқ сенсус табуға қатысты әлеуметтік күрделі мәселелерді тез шешуге қабілетті. Сонымен құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам бұл бір тірі ағзаның екі бөлігі сияқты, олардың әрқайсысы бірін бірі қажет етеді және адамдардың бөлінбес құқығын іске асыру үшін қызмает етуге арналған.

Нағыз азаматтық қоғам әлеуметтік саясат саласындағы мемлекеттік манаполияны бұзады. Әлеуметтік сақтандыру, денсаулық сақтау, еңбекті қорғау саласындағы көптеген комерциялық емес ұйымдар, дамыған мемлекеттерде жалғыз басты және кәрі адамдарға әлеуметтік көмек көрсетіп, оларды мемлекеттік құрылымының шектен тыс регламентациясынан қорғайды. [5, 34]

Халықты әлеуметтік қорғаудың ұлттық жүйесінің тиімділігі жеке тұлға, қоғам мен мемлекет және субекттің әрқайсысында, сонымен қатар жиынтығында атқаратын рөлінің жоғарылауымен байланысы.

Табиғи құқық және әлеуметтік әділеттік доктринасының теориялық ережесі негізінде адамды қорғау қажеттілігі және әлеуметтік әділдік, теңдік және еркіндіктің заңнамалық кепілдігінің бастамасында халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға көмек көрсетуінде.

Табиғи құқық доктринасы Аристотель сияқты апологеттердің, гректік стоиктердің, Цицерон, римдік стоиктер және орта ғасырлық схоластардың табиғи заңдар филасофиясының бай дәстүріне негізделген.

Жақынына және отанына деген сүйіспеншілігі, оларға қызмет ету қайрымдылық жасауды адам өзінің борышы ретінде санауы табиғи түрде қалыптасқан, деп санаған Цицерон.

Римдік стоиктардың оқытуы бойынша, табиғатта барлық адамдар тең. Марк Авелий “өзінің ойын, сөзін айтуға тең құқық заңы барлығына бірдей” деп айтылатын саясаттың орындалуын мақұлдаған.

Табиғи құқық және мәңгі тәңірлік құқық арасында кең көлемдегі әлеуметтік мәселелерді қарастырытын адамзаттық немесе позетивтік құқық орын алған. Сонымен Фома Аквинскиидің айтуы бойынша табиғи заң жалпыға бірдей және әрбір қоғамда болады. Табиғи заңға сәйкес әрбір адам туғаннан өмір сүруге, бостандыққа, жеке басының қауіпсіздігіне ие болуға құқығы бар және одан оларды тартып алуға, тыйым салуға ешкімнің, қоғамның, мемлекеттің де құқығы жоқ. Табиғи құқықтар пастулаттарының негізінде жеке тұлғаны қорғау функциясы, “адамның құқықтық шеңберін ” адамның заң құқығын және екіндігін қорғау, сонымен қатар оның өзіне тиісті субъективті құқықтарына ешкімнің (оның ішінде мемлекетке) құқтық шектеу қоймауы, адам өміріне шектен тыс араласпауы қарастырылған.

Табиғи құқықтан бастау алатын Әлеуметтің әділеттік доктринасы, мүгедектік және оның рөлі, қоғам өміріндегі әлеуметтік топтар мен әлеуметтік жағдайлардың, олардың құқықштары мен міндеттерінің, еңбек және сыйақы арасындағы оптималды сәйкестікті тауып, адамдар арасындағы гармониялық қарым қатынасты ұйымдастырылып, адамгершілік критерийлеріне сүйенеді. Бұл қатынастар арасындағы сәйкессіздік деп бағаланады. [6, 15]

Белгілі американдық авторлардың ‘Эканомикс’ атты оқулығында К. Макаяк ел және С. Брю “кейбір адамдар байлыққа шоиылып жүргенде, басқа бір адамдар, әлеуметтік топтар шектен тыс кедейлікте болмайды” яғни, осыдан әлеуметтік әділеттік құралады деп санайды. Батыстық әлеуметті зерттеушілер әлеуметтік әділеттікті, азаматтарды материялдық қамсыздандыру қаупінен әлеуметтік қорғау және олардың табыстарын теңестіру қажеттігін қарастырады. Сонымен, әлуметтік әділ болу теңестіру позициясын ұстанбайды деп атаймы, бірақ адамның қабілетінің дамуы және оның жақсы өмір сүруі үшін қоғамдағы әлеуметтік топтардың барлығына бірдей мүмкіншіліктің болуына кепіл болады және оны қамтамасыз етуді де қарастырады.

Әлеуметтік өмір құрудағы адамзаттың тәжірибесінде адамдардың (бұрын болған және қазіргі уақытта сарқыны бар) қорлану, құқықсыздық, күш көрсету, еріксіз жұмыс істеткізуді басынан кешіруі, яғни адамдардың (кедейлік, аштық, басқа да тирандық формаларында) мұндай қатыгез жағдайларда өмір керектігі табиғи құқық доктринасының құрылуына әкеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Америка Құрама Штаттарындағы либералдық–саяси ағымдар
Джефферсонның демократиялық саяси - құқықтық доктринасы
Монро доктринасы
Томас Джефферсонның саяси-құқықтық көзқарасы
Томас Джефферсонның өмірі мен саяси жолы жіне тәуелсіздік жолындағы күрестері
Томас Джефферсон
НЕОКОНСЕРВАТИЗМНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСТАРЛАРЫ
АҚШ - тың сыртқы саясатындағы Монро доктринасы
Шетелдердегі президенттің конституциялық құқықтық мәртебе
Қазіргі халықаралық құқықтағы әділ соғыс концепциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz