Оптикалық кабель типі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

1 Оптикалық кабель типі

ОКК оптикалық- кабель конструкциясы:

Өздігінен тұратын талшықты-оптикалық диэлектрлік кабель күшті элементі бар және бірқалыпты немесе мультимоды талшықпен, жоғары модальды арамидті талшықтармен жабдықталған.

Қолдану саласы: Кабель 220 кВ-ға дейінгі кернеуі бар әуе байланыс желілерін, электрлендірілген темір жолдарды және электр желілерін ілу үшін арналған. (1. 1-сурет)

а)

Image

б)

1. 1-сурет. ОКК оптикалық- кабель конструкциясы

ОКК-М-0, 22С-16-П-7

1-кесте. Кабельдің негізгі сипаттамалары :

Оптикалық талшықтар саны
16
Оптикалық талшықтар саны: Өшу коэффициенті, дБ/км
16: бірмодалы
1550 нм
< 0, 22
Оптикалық талшықтар саны: көпмодалы
16: 1310 нм
< 0, 7
Оптикалық талшықтар саны: Қолайлы созылу күші, к
16: 3, 5 . . . 30
Оптикалық талшықтар саны: Температура диапазоны, °С
16: -60 . . . +60
Оптикалық талшықтар саны: Сыртқы диаметрі, мм
16: 16
Оптикалық талшықтар саны: Масса 1 км кабеля, кг
16: 135
Жобаланатын аумақтағы кабельдік байланыс желілер типін таңдау

Бүгінгі күнде темір жол көлігінде кабельдік байланыс желілері көбінесе екікабельдік, үшкабельдік немесе біркабельдік жүйе бойынша салынады.

Жүк тасымалданатын теміржол аумақтары үшін типтік шешім оптикалық және төмен жиілікті симметриялық қашықтан байланысу кабелі негізінде екікабельдік (үшкабельдік) желіні жобалау және салу болып табылады. Оптикалық кабель магистралдық, жол және бөлімшелік байланысты ұйымдастыру үшін қолданылады. Төмен жиілікті кабель жедел-технологиялық байланысты және автобұғаттаудың сызықтық тізбектерін ұйымдастыру үшін қолданылады. .

Үшкабельдік желі кезінде автобұғаттаудың сызықтық тізбектері үшін жұп шиыршығы бар бөлек сигналдық-бұғаттауыш кабель қолданылады. Бұл жағдайда, жедел-технологиялық байланыс бөлек төмен жиілікті (жоғарыжиілікті) қашықтан байланысу кабелі арқылы орындалады, ол екікабельдік желімен салыстырғанда, жоғары сапалы жедел-технологиялық байланысты қамтамасыз етеді. Жоба авторы төмен жиілікті кабельдің орнына жоғарыжиілікті кабельді қолдану дұрыстығын түсіндіру керек.

Кейбір көмекші т. ж. аумақтарында біркабельдік нұсқа қолданылуы мүмкін, мұнда оптикалық талшықтардан, симметриялық төмен- және жоғарыжиілікті төрттіктен (жұптардан) тұратын құрама кабель қолданылады. Ол бір кабельде қашықтан және бөлімшелік байланыс арналарын: АТ және ЖТБ тізбектерін; НDSL модемдері арқылы жоғарыжиілікті сандық арналарды, сонымен бірге, сызықтық автобұғаиттау тізбектерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Екікабельдік нұсқамен салыстырғанда, біркабельдік нұсқаның баға жағынан артықшылығы айқын байқалмайды. Бір жағынан, кабельдің бір (ортақ) алюминий қабықшасын жасау және екі (үш) кабельдің орнына бір кабельді салу және монтаждауға кететін еңбек шығынын төмендеудің арқасында материалдардың үнемделуге жетуге болады. Басқа жағынан, біркабельдік нұсқаның келесі негізгі кемшіліктері бар:

бір кабельдің ішінде түрлі қызметтерге, соның ішінде: СВТ және СЦБ жататын тізбектер бар, ол кабельді пайдалану кезінде даулы жағдайды тудыруы мүмкін;

құрама кабельдің құрылыс ұзындығы бір километрге тең, ал, оптикалық кабельдің құрылыс ұзындығы 5. . 6 км тең, ол оптикалық тракттың сапасын төмендеті, сонымен бірге, жалғаулық жалғастырғыштар (муфталар) мен жалғастырғыштардағы (муфталардағы) оптикалық талшықтардың қор құрылғысына жұмсалатын зор шығындарды туындатады.

Сондықтан, жалпы жағдайда, құрама кабельді қолдану сәйкестігін техникалық-экономикалық негіздеу қажет. Құрама кабельдің конструкциясы және оның техникалық сипаттамалары 2 косымшада келтірілген.

Бұл бөлім бойынша түсіндірме жазбада А-К қосжолды аумақ пен Д-Н біржолды аумақтағы кабельдік желінің типін; екікабельдік (үшкабельдік) желі кезіндегі оптикалық және электрлік кабельді немесе біркабельдік желі .

Жобаланатын кабельдердің сыйымдылығын жәе маркасын таңдау, олардың ішіндегі оптикалық талшықтарды және электр тізбектерін үлестіру

Оптикалық кабель. Жобаланатын оптикалық кабельдегі талшықтар саны (n) мынаған тең:

n = n 1 + n 2 + n 3 + n 4 n = n_{1} + n_{2} + n_{3} + n_{4}

(1)

n = 10 + 2 + 4 + 4 = 20 n = 10 + 2 + 4 + 4 = 20

мұндағы, n -магистралдық темір жол технологиялық байланыс желілеріндегі 155 Мбит/с жылдамдықпен сандық сигналдар берілісін жүзеге асыратын SТМ-1 аппаратурасын қосуға арналған талшықтар саны;

п 2 -ТЛС-31 аппаратурасын қосуға арналған талшықтар саны;

П -оптикалық кабельде апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруға арналған резервтік талшықтар саны (4 талшық) ;

n- темір жол байланыс желілерінің еркін сыйымдылығын коммерциялық пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған таошықтар саны (4 талшық) .

Оптикалық кабель арқылы жұмыс жасайтын кез-келген біртолқынды аппаратураның жұмыс жасауы үшін екі оптикалық талшық қажет болады, сондықтан, n1 және n2 талшықтардың талап етілген саны сәйкесінше, мынаған тең:

n 1 = 2 * N 1 + N 2 1890 ; n 2 = 2 * N 3 480 \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ n_{1} = 2*\frac{N_{1} + N_{2}}{1890}; \ \ \ n_{2} = 2*\frac{N_{3}}{480}\ \ \ (2)

n 1 = 2 * 6200 + 3700 1890 = 10 ; n 2 = 2 * 480 480 = 2 {\ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ n}_{1} = 2*\frac{6200 + 3700}{1890} = 10\ ; \ \ \ n_{2} = 2*\frac{480}{480} = 2

мұндағы N, N 2 , - магистралдық және жол байланысты ұйымдастыруға арналған қажетті арналар саны;

N -бөлімшелік ланысты ұйымдастыруға арналған қажетті арналар саны.

щ және щ есептелген мәндерін бүтін оң санға дейін артық дөңгелектеу.

Кабельдік бұйымдардың сипаттамалары үшін келесі ұғымдар қолданылады: бұйымның типі және маркасы. Кабельдің типі - оның міндетін сипаттайтын жіктемелеік ұғым. Кабельдің маркасы - кабельдің құрылысы туралы бүкіл мәліметті сипаттайтын толық әріптік белгісі: өзекшенің құрылысы, қабықшалардың материалы, құрышты және қорғауыш жабындар.

Курстық жобалау жағдайындағы оптикалық кабельдің маркасын таңдау оны төсеу тәсілімен анықталады.

  1. КАБЕЛЬДІ МАГИСТРАЛЬДЫ АВТОБҰҒАТТАУ ТІЗБЕКТЕРІ МЕН БАЙЛАНЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ

Магистралдық, жол және бөлімшелік байланыс. Байланысты ұйымдастыру сұлбасын жасақтау кезінде STM-1 (STM-4) аппаратурасын қолдану арқылы оптикалық талшықтар арқылы ұйымдастырылатын магистралдық және жол байланыс арналары жобаланатын кабельдік желінің ақырғы пунктерге ғана енгізілетінін ескеру жөн. Қажет болған жағдайда, магистралдық оптикалық кабельден қызметтік ғимараттарға тармақталу алты оптикалық талшықтар арқылы орындалады. Сондықтан, жолаушы ғимараттарға (ЭТ) тармақталатын оптикалық кабель ТЛС-31 аппаратурасы үшін барлық аралық станцияларда, кем дегенде, 12 талшыққа ие болуы керек, өйткені, енгізу шлейф арқылы орындалады.

STM-1 (STM-4) аппаратурасын қолданатын, А-К аумақта магистралдық және жол байланысты ұйымдастыру сұлбасы (1. 2-суретте), ал, ТЛС-31 аппаратурасын қолданатын, бөлімшелік байланысты ұйымдастыру сұлбасы 4 суретте келтірілген. ТЛС-31 аппаратурасын қолдану арқылы байланысты ұйымдастырудың ерекшелігі - бөлімшелік байланыстың барлық түрлерін ұйымдастыру үшін әрбір аралық станцияда Е1 қажетті сандық арналар санын белгілеу мүмкіндігі болып табылады.

1 - Е1 арналардың электрлік интерфейстері (30 ОЦК) ; 2 - Е1 63 арнаны мультиплекстеуге және демультиплекстеуге арналған тақталар; 3- беріліс жылдамдығы 155 Мбит/сек болатын S1 арнасының оптикалық интерфейстері; 4 - екі оптикалық талшық; 5 - оптикалық сигналдардың сызықтық регенераторы (оны орнату жері есептеулер арқылы анықталады) ; 6- оптикалық талшықтардың нөмірлері кабельдің ішіндегі оптикалық талшықтарды үлестіру жобасына сәйкес келеді.

1. 2-сурет . Магистралдық және жол байланысты ұйымдастырудың құрылымдық сұлбасы

Е1 арнасының құрамында 30 тондық жиілік арнасы немесе беріліс жылдамдығы 64 кбит/сек болатын 30 негізгі сандық арналардың бар екенін ескертейік. Мультиплекстеу - бір жоғары жылдамдықты (жоғарыжиілікті) арнаның ішіндегі салыстырмалы түрде бірнеше төменжылдамдықты (төменжиілікті) арналардың бірігуі (жіберу ұшы), ал, кері процедура демультиплекстеу деп аталады (қабылдау ұшы) деп аталады.

Біріккен жоғарыжылдамдықты арнада қосымша қызметтік ақпарат жіберілетін болғандықтан, біріккен арнадағы, мысалы, ТЛС-31 аппаратурасы үшін беріліс жылдамдығы (34 Мбит/сек) солардың ішіндегі біріккен арналар санының беріліс жылдамдығына көбейтіндісіне них (16 х 2 Мбит/с = 32 Мбит/с) қарағанда, артық болады.

Жедел-технологиялық байланыс (ЖТБ) . ЖТБ (ОТС) тізбектері симметриялық кабель арқылы ұйымдастырылған және пойыздар қозғалысын жедел басқару мен темержол аумағындағы түрлі бөлімшелердің жұмысын басқаруға арналған, сондықтан, олар өткеліктер және станцияларда кабельдік желінің бойымен орналасқан сәйкес қызметтік объектілреге енгізіледі.

Теміржол аумағында пайдаланылатын бөлімшелік телефондық байланыс түрлері аумақтың нақты ерекшеліктеріне тәуелді және ТПЕ (ПТЭ) ережелерімен анықталады. Урстық жобалау жағдайында осы байланыс түрлерінің әрқайсысы тондық жиіліктер спектрінде бөлек екісымдық тізбек арқылы ұйымдастырылады. ЖТБ (ОТС) тізбектері, әдеттегідей, топтық болып табылады(1. 3-cурет), яғни, сымдар арасында параллель ондаған телефон қосылуы мүмкін.

1 - Е1 арналардың электрлік интерфейстері (30 ОЦК) ; 2 - 16 Е1 арнаны мультиплекстеуге және демультиплекстеуге арналған АМ-33 тақтасы; 3- беріліс жылдамдығы 34 Мбит/с болатын Е3арнасының оптикалық интерфейстері; 4- екі оптикалық талшық; 5- Е3 арнадан 4 Е1 арнаны енгізу/шығаруға арналған АМ-35 тақтасы: 6- кабельдің ішіндегі оптикалық талшықтардың нөмірлері.

1. 3-сурет - Бөлімшелік байланысты ұйымдастырудың құрылымдық сұлбасы

ЖТБ (ОТС) ұйымдастыру сұлбасын жасақтай отырып, электрлік кабель арқылы тека қана диспетчерлік байланыс тізбектері: ПДС, ЭДС, СДС қана емес, сонымен қатар, ОПС (қорғалатын өткел кеезкшісі және станция кезекшісі арасындағы байланыс тізбегі), ТЮ және ТС (тартымдылық қосалқы станцияны телебасқару және телесигналдау) ұйымдастырылатынын ескеру қажет. Аралық пунктерге енгізілетін тізбектер саны олардың пайдалану мақсатына байланысты болады. Мысалы, аралық станцияның барлық қызметтік станциялық бөлмелер орналасқан жолаушы ғимаратына немесе ЭТ бекетіне бөлімшелік байланыстың барлық түрлері енгізіледі. Автобұғаттаудың сызықтық тізбектерінен басқа автобұғаттаудың өтпелік сигналдық нүктелердің релейлік шқаптарына апару байланысы (АБ - ПГС), қызметтік диспетчерлік байланыс (ҚДБ-СДС), апаттық-қалпына келтіру байланысы (АҚБ-АВС) енгізіледі, ол, қажет болған кезде, өтпеліктен өтпелікті шектейтін станциялары бар үш телефондық сызықтарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Тізбектерді кейбір аралық пунктерге типтік енгізу шешімдері (1. 4-сурет) келтірілген.

Жедел технологиялық байланыстың тізбектері аралық пунктерге «шлейф» арқылы (сызықтық сымдардың қимасымен) немесе параллель (байланыс қондырғысының сызығына параллель қосылып) енгізілуі мүмкін. Тізбектерді «шлейф» арқылы енгізу пайдаланушылық артықшылықтарға ие болады, өйткені, бір байланыс түрлерінің бүлінген аумақтарын басқа байланыс түрлерінің жарамды тізбектерімен алмастыруға; басқа қондырғыларды қалыпты жұмысын сақтап, бүлінген байланыс қондырғыларын сөндіруге; қалпына келтіру жұмыстарының жерлерімен қажетті байланыс түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді және т. б. .

СЦБ тізбектерінің тармақталуы әрқашан «шлейф» арқылы орындалады.

Барлық байланыс түрлері жолаушы ғимараттарға немесе ЭТ бекеттерге «шлейф» арқылы енгізіледі немесе ақырғы кіріске ие болады. Магистралдық кабельден теміржол станциясында орналасқан басқа объектілерге тармақталу, әдеттегідей, орындалмайды, ал, байланыс және авоматиканың қажетті тізбектері сол объектілерге жолаушы ғимараттардан немесе ЭТ бекеттерден салынған екінші коммутация кабелі арқылы енгізіледі.

Жобаның бұл бөліміне түсіндірме ретінде қажетті сандық арналар санына сүйеніп, магистралдық, жол және бөлімшелік байланысты ұйымдастыру сұлбасын құру керек. Сондай-ақ, курстық жобада бөлімшелік байланыс арналары магистралдық және жол байланыстан бөлек ұйымдастырылатынын ескеру керек, яғни, әртүрлі талшықтар және мамандандырылған арнақұрушы аппаратура қолданылады. Байланысты ұйымдастыру сұлбасында магистралдық, жол және бөлімшелік байланыс аппаратурасы жұмыс жасайтын оптикалық талшықтардың нөмірлерін көрсету керек. Жобада қабылданған жедел-технологиялық байланысты ұйымдастыру нұсқасын түсіндіру керек. Байланыс және СЦБ тізбектерін жобаланатын аумақтағы теміржол көлігінің түрлі қызметтік объектілерге енгізу ерекшеліктерін көрсету керек.

2. 1 Оперативті технологиялық байланыс

Оперативті-технологиялық байланысты және автобұғаттаудың сызықтық тізбектерін ұйымдастыруға арналған электрлік кабель.

Бүгінгі күнде осы мақсат үшін екікабельдік желінің жаңа құрылысы кезінде, әдетте, төменжиілікті қашықтан байланысу кабелі (ТЗ) қолданылады. Кейбір жағдайда, сәйкес негіздеу кезінде ТЗ типті кабельдің орнына МК типті қашықтан байланысу кабелді қолданылуы мүмкін. Техникалық тапсырмаға сәйкес физикалық тізбектер саны 13 тең. Сондықтан, екікабельдік желі кезінде тарамның диаметрі 1, 0 немесе 1, 2 мм сыйымдылығы 7 х4 болатын кабель таңдап алынады.

ОТс үшін үшкабельдік желіні жобалау кезінде ТЗ типті кабель, ал, автобұғаттаудың сызықтық тізбектері үшін гидрофобты сигналдық-бұғаттау кабелі қолданылады.

ОТС тізбектерінің ТЗ типті кабельдің төрттіктерімен үлестіру мысалы, ал, автобұғаттаудың сызықтық тізбектерін ұйымдастыру үшін құрама кабельдің оптикалық талшықтары мен төрттіктерін (жұптарын) үлестіру мысалы келтірілген.

Тармақталу кабельдері. Магистралдық төменжиілікті (жоғарыжиілікті) қашықтан байланысу кабельдерінің тармақталуы тармақтары бар тізбектердің санына және енгізу тәсіліне байланысты тарамның диаметрі 0, 9 мм және төрттіктер саны 4х4 немесе 7 х4 болатын ТЗ типті кабельдер арқылы станциялар немесе өткеліктердегі қандай да бір объектіге орындалады.

Айнымалы ток жүйесі бойынша электрлендірілген теміржол аумақтарында қолдануға арналған электрлік кабельдердің қорғауыш қабықшалары және жабындары. Айнымалы ток жүйесі бойынша электрлендірілген теміржол бойымен салынатын электрлік кабельдік желілері үшін басқа металл қабығымен салыстырғанда, жоғары қорғауыш коэффициентке ие болатын алюминий кабықшасынан жасалған кабельдер қолданылады. Сонымен бірге кабельдің экрандау қасиеттерін арттыру үшін жоғары магниттік өтімділігі болатын материалдардан жасалған құрышты жабындар қолданылуы мүмкін.

Бұл бөлім бойынша түсіндірме жазбада электрлік және оптикалық байланыс кабельдер маркаларын таңдауды негіздеу және оның негізгі конструкциялық элементтерінің қысқаша сипаттамаларын келтіру керек. Электрлік және оптикалық кабельдер сыйымдылығын негіздеу. Әрбір аумақтың кабельдері (А-к және Д-Н) үшін кабельдердің талшықтары мен төрттіктерінің (жұптарының) үлестірілуін кестелік формада келтіру.

3ОПТИКАЛЫҚ КАБЕЛЬДЕРДІ ТӨСЕУ ӘДІСТЕРІ

Оптикалық кабельдерэлектрлік кабельдер сияқты механизмдер және тәсілдер арқылы салынуы мүмкін:

  • Темір жолдың тармақ желісінде тікелей топыраққа немесе теміржолдың жер төсеміне;
  • кабельдік канализацияда немесе полиэтилен құбыр желілерінде;
  • техникалық эстакадалармен;
  • түрлі құрылысты кабельдік науаларда.

Бұдан басқа, оптикалық кабельдер түйіспелі желіінң тіректерінде, автобұғаттаудың жоғары вольттық сигналдық желілердің тіректерінде және бөлек бағаналарда ілінуі мүмкін.

3. 1 құбыр желілердің ішімен жүргізу

Кабельдерді пластмассалық құбыр желілердің ішімен жүргізу келесі артықшылықтарға ие болады:

  • Оптикалық кабельдердің қызмет ету мерзімінің жоғары болуы;
  • Тікелей топыраққа салынатын сауытты кабельге қарағанда, механикалық бүлінуден жоғары қорғанысы;
  • Кабельді жер қазу жұмыстарын орындамай-ақ алмастыру мүмкіндігі (мысалы, талшықтар санын арттыру қажеттілігі немесе жөндеу жұмыстары кезінде) ;
  • Резервтік кабельді бүлінген аумақты айналып өтіп төсеу мүмкіндігі (резервтік тұтқа бар болған кезде) ;
  • Басқа операторлардың кабельдік желілері үшін өту құқығын беру мүмкіндігі;
  • Жиынтық траффикті бірнеше түрлерге бөліп алу мүмкіндігі және солардың әрқайсысын түрлі оптикалық кабельдер арқылы жіберу, мысалы, бір кабель арқылы халықаралыөқ траффикті, басқа кабель арқылы - магистралдық байланыс трафигін, үшінші кабель арқылы - технологиялық байланыс трафигін және т. б. жіберу;
  • Кабельдердің қажеттілігіне қарай және оларды қабылдаған кезде байланысты жаңадан құру және қайта құру кезінде жұмыстарды атқару.

ОКС алдын ала төселген құбыр желісіне жүргізу артықшылықтары жер асты коммуникациялардың көптеген қиылысқан жерлеріне ие болатын трассалар үшін, аймақтан өтетін және жұмыс маусымдылығын қажет ететін өзендер мен ағын сулар үшін өте маңызды болады.

Теміржол көлігінің көптеген мамандары ОКС төсеудің негізгі тәсілі- оны түйіспелі желінің тіректерінде ілу деп санайтыны белгілі. Сол төсеу тәсілдің құрылыс-монтаж жұмыстарына кететін шығындары төмен болады және тікелей топыраққа және полиэтилен құбыр желілеріне төсеумен салыстырғанда салу мезгілі шамалы қысқа болады.

Өзін көтеруші оптикалық кабельді түйіспелі желінің тіректерінде ілумен немесе ОКС тікелей топыраққа төсеумен салыстырғанда, полиэтилен құбыр желілерін кабель төсегіш арқылы салу кезінде ВОЛС салу құнының қымбаттауы орындалмайды. Ол тікелей топыраққа немесе құбыр желісіндегі аспалы өзін көтеруші кабель арқылы төселетін кабельдің құнымен салыстырғанда, құбыр желісінде төсеу кезінде ОКС төмен құнымен түсіндіріледі, алайда, кабельді құбыр желісінде төсеу жұмыс өндірудің екі кезеңділігін талап етеді: ең алдымен, құбыр желісін төсейді, содан кейін, оның ішіне ОКС тартады.

Түйіспелі желінің тіректерінде ілінген кабельді күтуге кететін пайдаланушылық шығындар құбыр желілердегі төсеумен салыстырғанда, аспалы кабельді күту екі қызметтің: байланыс және электрмен жабдықтау жұмысшыларымен орындалатыны арқасында, сонымен бірге, түйіспелі желінің тіректерін алмастыруымен және бойлықэлектрмен жабдықтау жоғары жиілікті желілерді күтумен байланысты жұмыстарды атқару кезінде екі қызмет жұмысшыларының бір уақытта қатысуы қажет болатыны арқасында жоғары болады.

Кабельдерді құбыр желілерінің ішінде төсеу кабельдік желілердің жұмыс істеу сенімділігін арттырады, оптикалық кабельдердің қызмет ету мерзімін арттырады. Кабельдерді пайдалану әлемдік тәжірибесі құбыр желілерінің ішіндегі кабельдердің аспалы кабельдерге қарағанда, едәуір сирек бүлінетінін көрсетті. Тұтқаларды топырақ ішіне төсеу кезінде түйіспелі желінің тіректеріндегі аспалы кабельдердің бүліну себептері жойылады; арматураның тотығуынан немесе түйіспелі желінің тіректерін іріктеп немесе тұтастай алмастыру бойынша жұмыстарды өндіру кезінде пайда болатын апаттардың салдарынан түйіспелі желінің тіректерінің бүлінуі, өрттер, аңшылардың кабельдерді атуы, электрмен жабдықтау және жол қызметтерінің машиналарының және механизмдерінің ОКС үзілуі. Аспалы кабельдердің кейбір атап өтілген бүліну себептері ОКС түйіспелі желіінң тіректерінде алдын ала ілінген сегіз типті арнайы құбыр желілерге орналастыру арқасында жойылуы мүмкін, ол кабельдің механикалық бүлінуден, күн радиациясының, өнеркәсіптік аймақтардың атмосферасында бар күкіртті газдыңәсерінен және т. б. қорғанысты қамтамасыз етеді.

3. 2 Кабельді түйіспелі желінің тіректеріне ілу

Кабельді ілутехнологиясы үш кезеңнен тұрады:

1 кезең (дайындық) . Кронштейндерді орнату және диаметрі 8 ммкапрондық бұйра кендірді ілу. Кронштейндерді орнату кезінде көршілес кронштейндер арасында биіктіктің алмасуы артық болмайтындай етіп қадағалау қажет. Бұйра кендірді дөңгелету орындалатын нүктеде бұйра кендір бар бірнеше толық шарғы қалдырады (әдетте, 5-6 шарғы), сондай-ақ, солардың бірі сандалдарға орнатылады, олардың үстінен дөңгелету орындалады. Шарғыдан бүкіл бұйра кендір тарқатылғаннан кейін оның ұшына бұйра кендірдің арнайы жалғастырғышы арқылы басқа бұйра кендірдің ұшы бекітіледі және келесі толық шарғы бос шарғының орнына сандалға орнатыалады.

Бұйра кендірлерді тарту екі тәсілмен орындалуы мүмкін:

а) қолмен-бұйра кендір дәйектілікпен тіректен тірекке қарай өтетін электрмонтерді тартады

б) көтергіш механизмімен жабдықталған дрезинаны қолдану арқылы (темір жолдарында) .

Тірекке жеткен кезде оған кронштейн орнатылады, оның үстіне шығыршық арқылы аунақша бекітіледі. 45° кем бұралу бұрыштары кезінде шағын аунақша, ал, үлкен бұрыштар кезінде - үлкен аунақша орнатылады.

Дөңгелету кезінде бұйра кендірдің түйіспелі желінің, автобұғаттаудың, топтық жерлендірудің, жарықтандыру желісінің және т. б. сымдарымен шайқалуын болдырмау үшін оның иілуін бақылау керек.

  1. кеезң. Кабельді дөңгелету (диаметрі 14-16 мм, меншікті салмағы шамамен 165 кг/км) . Дөңгелетілген бұйра кендірдің бір ұшында арнайы домкраттар арқылы кабелі бар барабан орнатылады. Басқа ұшында жүкарба орнатылады. Бұйра кендірдің ұшы жүкарбаның қабылдағыш барабаншасына және одан әрі таңдалатын бұйра кендірді қабылдау үшін бос шарғыға орнатылады. Бұйра кендірдің ұшына барабан жағынан кесілмейтін өздіігнен тартылатын шұлық бекітіледі, ол өзінің артынан кабельді тартуға мүмкіндік береді. Жүкарба қосылғаннан кейін бұйра кендір бос барабанға оралады. Барабанның алғашқы 100 м тарқатқаннан кейін кабельдің барабаннан шығып кетуін мұқият бақылайды, өйткені, кабельдің сақиналары шайқалуы мүмкін. Кабельді номиналды тарту жылдамдығы 0, 5 м/с құрайды. жүкарбаның бұйра кендірдің километрлік ұзындықтарының кезекті жалғастырғыштарына жеткен кезде толық шарғы шешіледі, ал, оның орнына бос шарғы орнатылады, соның ішінде келесі бұйра кендірдің ұшы бекітіледі. Кабельдің жүкарбаға жеткен кезде (оның алдында 15 минут бұрын) кабель төселмейді. Содан кейін кабель барабан жағынан тіректің артына анкерленеді. Кабельді біржақты анкерлеуді орындағаннан кейін сымдардың салбырау жобалау тілшесін орнатады. Ол үшін, атап айтқанда, С. Петербург-Мәскеу аумағында ілінген кабель үшін 200 кгс кабельдің тартылуын құрған болатын. салбырау тілшесін орнатқаннан кейін кабельді жүкарбаның жағынан тіректің артына қарай анкерлейді.
  2. кезең. Аунақшаларды кабельдік тұтқыштарға алмастыру. Аунақша конштейннен шешіліп, оның орнына тұтқыш ілініп, оның ішінде кабель бекітіледі. Тұтқыштың резиналық ішпектері метеорологиялық жағдай өзгерген кезде кабельдің сырғанақтауына бөгет жасайды. Кабельдің бұралу бұрышы 10° артық болған езде оны кесу үшін седлоның орнына ұштық бекіткішке ұқсас болатын иілгіш анкерлеу қолданылады. Сөйтіп, кабельді анкерлеу процесі аяқталады және монтаждық жұмыстарды атқаруға кіріседі.

3. 3 Кабельдер мен полиэтилен тұтқаны темір жолдң жер төсемінің ішіне салу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оптикалық байланыс кабелі
Байланыстырушы муфта: түрлері, құрылысы, пайдаланылуы
Цифорлық жүйесіндегі кабельдерді өлшеу
Тұйықталған кабельдік муфта
Оптикалық талшық түрі
Қазақстандағы тарату жолдарын және жаңадан тарату жолын құрастыру
Байланыстырушы кабельдік муфта
Компьютерлік желілер пәнінен зертханалық жұмыстарға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Каналдар санын есептеу және тарату жүйесін таңдау
Қазіргі байланысты ұйымдастыруды талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz