Қазақстандағы туризм индустриясының қазіргі жағдайы
Өскемен қаласы
химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Бағыты:
Халықаралық қатынастардың дамуы
Тақырып:
Қазақстандағы туризм қаншалықты бәсекеге қабілетті?
Орындаған: Умутжанова Динара 12 A сынып оқушысы
Жетекші: Имашпаев Р.А тарих пән мұғалімі
Сөз саны: 2932
Өскемен қаласы, 2015 жыл
Кіріспе
Бүгінгі жаһандану заманында ел экономикасы дамуының бәсекеге қабылеттілігін арттыру - заман талабы. Сонымен қатар, елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі тиіс деп мемлекетіміздің мақсатын айқын межелегені белгілі. Әсіресе туризмді экономиканың маңызды саласына айналдыру көзделді.
Қазақстан Республикасы ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің географиялық орналасуы және табиғаты бойынша туризм индустриясын дамытуға қолайлы жағдайларымен ерекшеленеді. Өйткені ол Еуразияның кіндігінде, яғни әр түрлі табиғи ландшафтілердің тоғысқан жерінде орналасқан - еліміздің территориясында орман да, тау да, қырат та, жазық дала да, шөлейт те, шөл де кездеседі. Еліміздің флорасы мен фаунасына зерттеулер жүргізген ғалымдардың айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанда 6000-нан астам өсімдіктердің түрі, сонымен қатар 500-ге жуық құстардың түрлері, өзендеріміз бен көлдерімізде балықтың ғана 107 түрі кездеседі. Бұл табиғи байлықтарды сақтап қалу үшін мемлекеттік деңгейде түрлі іс-шаралар жүргізілді. Бұған мысал ретінде көптеген ұлттық табиғи қорықтардың құрылуын айтуға болады, олар табиғатты қорғап ғана қоймай, Қазақстанның әлемге танымдылығын арттырып, этнотуризм мен таулы туризммен қатар, экотуризмнің дамуына негіз болды.
Қазіргі таңда Қазақстанда 1000-нан астам туристтік компаниялар қызмет етеді және 80 елдің әр түрлі туристік компанияларымен келісім жасалған. Туризм саласында 21000 адам еңбек етеді. Еліміз туризмнің барлық түрлерінің ошағы болып табылады: танымдық, емдеу-сауықтыру, аңшылық, этнотуризм, ойын-сауық, спорттық туризм және демалыстың белсенді түрлері. Туризмнің даму бағыттарын өңірлер бойынша сараласақ, Шығыс Қазақстан облысында экотуризм, Алматы облысында тау шаңғы туризмі, Астана қаласында кәсіби туризм, ал Батыс Қазақстанда ривьера туризмын дамытуға қадамдар жасалуда. Оңтүстік Қазақстанда Жібек Жолының орналасуы бұл аймақта да туризм саласының жандандыруға әсер етті. Сонымен қатар туристерге елімізде 700 бағдар бойынша саяхат-сапарлар ұсынылады. Бүгінде елімізде қарасаң көз тоятын алыс-жақын шет елдерден әр түрлі мақсатпен келген туристердің сүйікті мекеніне айналған көркем орындар аз емес.
Тарихи туризмнің дамуын қолдау үшін 9000-нан астам тарихи және археологиялық мұралар, 118 арнайы қорғалатын табиғи нысандар, 11 ұлттық парк бой көтерген. Сондай-ақ қысқы спортқа қызығушылық танытқан туристтерге барлық жағдайлар жасалған. Қайықпен жүзу де туристік саланың бағыты ретінде алға ұмтылуда, себебі елімізде өзен-көлдер көптеп кездеседі.
Туризм саласында қол жеткізген азды-көпті жетістіктерге қарамастан Қазақстан әлемдік деңгейде бәсекеге қаншалықты қабілетті деген сұрақ туындайды.
Зерттеудің нысаны - Қазақстандағы туризмнің бәсекеге қабілеттілігі - бүгінде Қазақстан-2050 бағдарламасының өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан бұл мәселе зерттеу тақырыбының да өзектілігін айқындайды. Зерттеу барысында алдымызға қойылған мақсат - Қазақстандағы туризм индустриясының дамуының өткеніне, бүгінгісіне және келешегіне талдау жасап, Қазақстанның туризм саласында дүниежүзілік деңгейде қаншалықты бәсекеге қабілетті екенін анықтау. Бұл мақсатқа жету үшін зерттеу барысында алдымызға мынадай міндеттер қойылды:
тақырыпқа байланысты дереккөздер мен танысып, оларға талдау жасау;
ақпарат құралдарында жарияланған статистикалық мәліметтер мен басқа да деректерге сараптама жасау;
Қазақстандағы туризм саласының дамуының тарихына шолу жасап, бүгінгі хал-ақуалын саралап, келешегіне болжау жасау;
келтірген дәйектеріміздің сенімді болуы үшін әр түрлі әдістемелерді қолдану;
Осы міндеттерді орындау үшін зерттеу барысында статистикалық әдіс, сауалнама, сұхбат, ақпараттарды сараптау, ақпараттарды жалпылау, қорытынды жасау әдістері қолданылды.
Жұмыстың 1-тарауында Қазақстандағы турим индустриясының дамуының бүгінгі жағдайы, бұл орайда қол жеткізген жетістіктер сиппатталды. 2-тарауда Қазақстан туризмнің кемшін тұстары мен олқылықтары, шешімін таппаған өзекті мәселелері талданды. Зерттеуіміздің 3-тарауында мемлекетімізде туризм саласын негізгі табыс көзіне айналдыру үшін оның даму болашағына болжау жасалып, келелі кеңестер берілді.
Зерттеудің теориялық құндылығы - жұмыс барысында тілге тиек болып отырған туризм саласына байланысты көптеген дереккөздерге, ақпарат құралдары мәліметтеріне, тарихи деректерге, статистикалық мәліметтерге талдау жасалынып, алғашқы рет жүйелі түрде оларға ғылыми түрғыдан баға беруге қадам жасалуы.
Зерттеудін практикалық құндылығы - зерттеу нәтижелерін оқушылардың, мұғалімдердің, студенттер мен магистранттардың өз зерттеулері үшін қолдана алуында болып табылады.
1.Қазақстандағы туризм индустриясының қазіргі жағдайы
Қазақстан туризмді дамытуға орасан зор потенциалға ие бола тұра, оны дамытуға кешеуілдеп кірісті. Бұл бағыттағы ең маңызды қадам - 1993 жылы Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Туристік ұйымға мүше болып кіруі.
Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен Щучинск-Бурабай курортының зонасында аумағы 370 га тұратын Бурабай экономикалық зонасы өз жұмысын атқаруда. Астана-Бурабай автотрассасы салынды, Петропавловск қаласына дейін апаратын жол құрылысы жүріп жатыр, сонымен қатар Көкшетау аэропорты қайта салынып электрмен жабдықтау және су өткізу жүйесі қайта жасақталып Щучинск-Бурабай курорты аймағын дамытудың жалпы жоспары бекітілді. Ірі мейманхана салынып, ойын-сауық және спорттық кешендер тұрғызылуда. Жобаны іске асыруға мемлекет тарапынан 48 млрд. теңге бөлініп, жалпы 12 жылда іске асу жоспарланған. Ең әуелі Щучье көлінің жағасында 5 жұлдызды мейманхана салуға түрік инвесторлар тартылды. Бүгінде туризм саласының дамытудың кластерлік бағдарламасы бойынша елімізде 3 ірі жоба іске асырылуда:
1. Ертіс өзені-Бұқтырма су қоймасы-Зайсан көлі;
2. Қатон-Қарағай-Марқакөл көлі;
3. Риддер-Анатау-Иванов таулары;
Бұдан басқа тағы екі қосымша кластер құру ойда бар, олар: Алакөл көлі мен Семей-Сарыарқа өңірі бойынша тур. Бұлардың әрқайсысы да ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
Алакөл көлі - Алматы және Шығыс Қазақстан облысының түйіскен жерінде орналасқан бірегей орын. Суы тұзды, құрамында көптеген минералдар бар. Көл жағасындағы қара балшықтың да ерекше емдік қасиеті бар. Суы өте жылы көлдің ортасында үш аралдан тұратын Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы орналасқан архипелаг бар. Ал Аралтөбе аралы - дүниежүзі бойынша қызыл кітапқа енгізілген реликтілік шағалалары ұя салатын бірден-бір орын. Жаманты каньонының үстіртінде петроглифтер галереясы, сондай-ақ тамаша емдік қасиеті бар күкірт сутек балшықты радонды Жалаңашкөл орналасқан. Жазғы маусымда туристерге Жабықтау тауының етегіне (Жоңғар алатауының шеті) саяхат жасау ұсынылады. Осындай артықшылықтарына қарамастан, бұл туристік аймақтың кемшін тұстары да жоқ емес, ең әуелі бұл 670 км созылып жатқан жолдың нашар сапасы. 2013 жылы маусымның ірі оқиғасы - туристерді демалыс орнына тікелей таситын чартерлік Алматы-Достық теміржолының ашылуы.
Ақтауда (Маңғыстау облысы) халықаралық Кендірлі курортының жобасын іске асыру мәселесін талқылауға 2009-2010 жылдары кіріскенімен, тек 2013 жылдың сәуір айында ғана Индустрия және Жаңа Технология министрлігінің өкілдері Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі бас жоспарын, сонымен бірге жоғарыда аталған курорттың аймақтық жүйелі түрде даму жоспарын ұсынды. Облыс орталығынан 200 км қашықтықта орналасқан батысқазақстандық Каспий ревьерасы атты кластерге бірқатар туризм нысандары енді. 4000 вилла, 23 заманауи мейрамханалар салу жоспарланды. Бұл орайда ұсынылған іс-шаралардың қатарына: Каспий теңіз жағалауында арнайы туристік аймақтар құру, визалық бақылау мен көші-қон сферасындағы тосқауылдарды жою және т.б жатады. Дей тұрғанмен, жергілікті құрылыс мекемелері сыртқы инженерлік инфрақұрылымдарды құруға әлдеқашан кірісіп те кетті.
Маңғыстау облысының аумағында тұрғын үйлерді, сауда және ойын-сауық, медициналық, білім беру және бизнес орталықтарын, демалыс пен ойын-сауық индустриясын, мейманханалар желісімен теңіз курорттарын, мұнай газ жобаларын дайындаушы және іске асырушы өндіріс орындарын қамтитын бірегей кешен Ақтау сити орналасқан. Мамандар мұндай жобаның елімізде тұңғыш рет қолға алынғанын атап көрсетті. Сондай-ақ бұл жобаны жүзеге асыру барысында шетел, Қазақстан, Ресей тұрғындарымен өткізілген сауалнамалар негізінде олардың қажеттіліктері ескеріліп, жобаның демалушылардың әр түрлі санатына, отбасылық демалысқа және жастарға арналу қажеттігі талқыланды. Бұл инфраққұрылымды дамытудағы үлкен жетістік екені сөзсіз. Батыс Қазақстандағы екі ірі нысанның салынуы туризм саласына көптеген демалушылардың қызығушылығын тудыратынына кәміл сенуге болады.
Туризм саласын дамытуға кешеуілдеп болса да Оңтүстік Қазақстан да кірісті. 2012 жылы мұнда шетелден тек 115 турист қана келіпті. Алайда тек Қожа Ахмет Йассауи кесенесін көру үшін ғана жылына шамамен 800 мыңдай турист келеді екен, олардың көбі щетелдіктер. Оңтүстік Қазақстан аумағында басқа да көптеген тарихи ескерткіштер орналасқан: Арыстан Бап кесенесі, Отырар қалашығы (өткен жылы Бәйдібек шұңқырына қарай трасса салынды), Домалақ ана кесенесі, киелі бұлақтар. Бірақ әзірге бұл нысандар туризм саласында кең түрде қолданыс таппаған. Бұл бағытқа апаратын жолдардың болмауынан тек санаулы туристердің ғана ол жаққа жетуге мүмкіншіліктері бар.
Оңтүстік Қазақстандағы туристік кластердің пункттері ретінде төрт аудан таңдалып алынады деп жоспарлануда, олар: тау шаңғы трассалары бар Төле Би ауданы, танымдық және этникалық туризмді дамыту үшін Сайрам ауданы, Қазақстанның рухани астанасы - Түркістан және минералды суы мен сауықтыру кешені бар Сарыағаш.
2012 жылдың мәліметтері бойынша ішкі туризмнің үлес салмағы жалпы ішкі өнімнің тек 0,3%-ын құрады. Туристік қызметтің қарқыны жеделдегенмен, бұл сала көптеген дамушы елдермен салыстырғанда артта қалған. Сондықтан елімізде әлемдік рейтингтегі позицияларды жақсарту үшін, өсу қарқынын жеделдету үшін, барлық күш-жігерді жұмылдыру қажет. Алайда көптеген шешімін таппаған мәселелер отандық туризм сферасының дамуына кедергі келтіруде.
Көптеген қазақстандықтар демалысын көршілес Қырғызстанда Ыстықкөлде немесе Алматы мен Шығыс Қазақстан облысының шекарасында орналасқан Алакөлде, кейбіреулері Ақмола облысындағы көлдерде және басқа да демалыс орындарында, ал басым көпшілігі шетелде өткізгенді артық көреді. Тағы бір кедергі келтіретін нәрсе - туристердің төмен төлем қабілеттілігі.
2010-2011 жылғы мәліметтер бойынша туристерге қызмет көрсетудің жалпы құрылымында ішкі туризмнің үлес салмағы 35,4%-дан 32,2%-ға дейін төмендеді, ал сыртқы туризм 56,4%-дан 62,1%-ға дейін көбейген. 2012 жылы ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша ішкі туризм нарығында 2011 жылмен салыстырғанда 3000-ға кем туристке қызмет көрсетілді.
2012 жылы бұл көрсеткіш 186,4 мың адамға төмендеген. 2012 жылы 10 ай ішінде ішкі туризмнің үлес салмағы 18,6% құраса, келушілер 31,4%, кетушілер 50% құрады. Бұл қазақстандықтардың шетелдерге шығуы өсіп келе жатқанына көз жеткізеді. Көптеген аналитиктердің пікірінше, сыртқа шығатын туристер санының өсуі Қазақстан Республикасының төлем балансыдағы кері туристік сальдоның (422 млн.$-дан көбірек) пайда болуына әкеп соғуы мүмкін. Бұның нәтижесінде еліміз Түркия, Қытай, БАӘ, Тайланд сияқты мемлекеттердің төлем доноры болып қала бермек. Бұл аталған мемлекеттерде туризм индустриясы қарыштап дамуда, жаңа жұмыс орындары ашылып, оның нәтижесінде халықтың әл-ауқаты жақсаруда.
Мамандардың айтуынша, еліміз шетелдік туристер үшін қызығарлықтай емес, қызмет көрсету жеткілікті дамымаған, бәсекеге қабілеттілігі төмен, туристік қызметтің бірде бір түрінен шетелдік турлармен бәсекелес бола алмауда.
Қазақстанға шетелдік туристердің өте аз келуіне төмендегі мәліметтер дәлел бола алады. Қазақстанға 2010-2011 жылдар арасында келген туристердің саны 20,6%-ға артты, бұл дегеніміз 5685 миллион адам. Қолда бар ақпарат бойынша резиденттердің көбі негізінен көршілес үш мемлекеттен: 34% Өзбекстаннан, 27,1% Қырғыз Республикасынан, 23,7% Ресей Федерациясынан, сонымен қатар 20% шетелдіктер Қазақстанға туристік сапармен келген. Олардың келу мақсаттарын сараласақ, жеке сапармен 76,9% келсе, 1,7% транзиттік сапармен келген. Ал кәсіптік туризм мен демалу және рекреация үшін сапар шегу үлесі 6,1%-дан аспайды.
Отандық саланың төменгі деңгейі мен оның қымбатшылығы салдарынан туристер шетелдерде демалғанды артық көреді. Туризм саласында көшбасшы - Түркия (2012 жылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz