Жетім балаларды әлеуметтік қорғау


Жоспар
Кіріспе 3
1. Негізгі бөлім
1. 1. Жетімдік туралы жалпы түсінік 5
1. 2 Жетім балаларды әлеуметтік қорғау 11
1. 3 ҚР балалар үйлері мен қайырымдылық қорлары 16
2. Екінші бөлім
2. 1 Жетім балаларды асырап алу құқықтары 20
2. 2 Әлеуметтік қызметкерлердің жетім балалармен жұмысы 23
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 33
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі уақытта күн сайын балалар үйі мен онда тәрбиеленушілердің саны өсуде. Балалар үйінде тәрбиенушілердің мәселелері өте көп. Оның ішінде негізгісі - қоғамға ену және өз еркімен нағыз адам өмірінің өзіндік үлгісін құру.
Және балалар үйінің негізгі міндеті - тәрбиеленушілерге әлеуметтік бейімделуге көмектесу.
Өкінішке орай қазіргі кезде балалар үйінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімделу деңгейі жеткіліксіз болып табылады.
Бұл мәселенің себебі неде және оны шешу үшін не істеу керек?Тәрбиеленушілердің жеткіліксіз бейімделуі - бұл барлық себептер комплексінің соңы. Өз жұмысымда мен бір бағытты таңдадым, оның теоретикалық әдебиеттерде әлсіз көрсетілуі және жеткіліксіздігі, педагогикалық өңделуі тәрбиеленушілер тұлғасыныңқалыптасу ерекшеліктеріне балалар үйінің жағдайында болудың әсер етуі және бұл ерекшеліктерді балалар үйінде тәрбиеленушілерді әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыста есепке алу, тәрбиеленушілерді әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыстың түзету дамыту функцияларымен байланысты өзекті болып табылады.
Білім және Ғылым министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша елімізде 2001жылы 595 балалар үйінде 73585 бала тәрбиеленсе, жылдан жылға бұл көрсеткіштердің өсуі нәтижесінде 2005 жылы балалар үйінің саны 689-ға жетіп, ондағы жетімдер санының 81980-ге өскеніне көз жеткізуге болады.
Ал жыл сайын көзі боталаған сан мың бейкүнә сәбиді шетел асырып жіберуіміз, өзіңдікін өзекке беру осы емес пе.
Бұрындары шаңырақ көтеріп, бала сүю басты мақсат саналса, бүгінде жыл сайын отбасы құрғандардың саны әрбір үшеуі келіспеушілік салдарынан ажырасып жатады.
Олардың келіспеушіліктерінің 50% бала мәселесі төңірегінде десек кателеспеспіз. Одан қалса, жаһандану дәуірі деп жар салып жүріп, жаһандық мәдениеттің жақсы-жаманын бойымызға сіңіріп жатырмыз. Жеті атамызға жат азаматтық неке ұғымының санамызға санамалап енгені қашан.
Екі жас бір-бірін терең танып өмір сүруге деген таным-түсінігін байқау үшін заңды некеге тұрмас бұрын бір шаңырақ астында түтін түтетеді. Өзара келіспеді дейік, сонда некесіз пайда болған шарананың обалы кімге.
Жұмыстың негізгі мақсаты - балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтік бейімдеу жұмыстары бойынша түзету - дамыту функцияларының қорытындысын негіздеу және белгіленген функцияларды практикалық іске асыру бойынша ғылыми - негізделген нұсқаулар өңдеу, ұсынылған ұсыныстарды іске асыру тәрбиеленушілерді әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмысты аса тиімді жүргізуіне мүмкіндік беретінін дәлелдеу.
Жұмыстың міндеті:
- Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтік бейімдеу ерекшеліктерін талдау.
- Тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімделу сәттілігіне қандай жағдайлар әсер ететінін анықтау.
- Тәрбиеленушілер тұлғасының қалыптасу ерекшеліктеріне балалар үйінің жағдайында болу қалай әсер ететінін қарастыру.
- Тәрбиеленушілердің психикалық даму ерекшеліктері олардың әлеуметтік бейімделу жетістігіне қалай әсер ететінін анықтау және әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыстың түзету дамыту функцияларын көрсету керектігін негіздеу.
1. Негізгі бөлім
1. 1. Жетімдік туралы жалпы түсінік
Жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Сондай - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала. Жетімдік - баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоға-лады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық тал-пынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі.
Жетімдіктің түрлері
Әлеуметтік жетім - ата-анасы бар немесе қайтыс болмаған, бірақ ата -ана өз келісімдерімен баладан бас тарту, сондай-ақ ата-ананың түрлі сол қылықтарға бару арқылы олардың құқықтарын шектеп баланы айырып алу.
Тұл Жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасының біреуінің қайтыс болуы тұл жетім деп аталады. Қазіргі таңда әлеуметтік жетім тұл жетімге қарағанда 80 пайызды құрап отыр. Қалған пайызы ғана тұл жетімдер.
Жетім атауының өзі кезінде соғыс заманында ата-аналары қайтыс болған кезде баланың қараусыз қалып отырған. Міне осындай соғыс, қиын-қыстау, ашаршылық кезеңдерде пайда болған болатын. Оның өзінде Тәуке ханның - Жеті Жарғы, Есім ханның - Ескі жолы сияқты заңдарында жетімдерді бай қауқарлы адамдарға асырап алуға беріп отырған. Х - ХХ ғасыр аралығындағы «жетім» ұғымының анықтамасы - толық жанұялық тәрбие көрмеген. Оларға тән қасиеттер: агрессия, алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар. Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі, сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында көкейтеті болып отыр. Бұл жағдайда аталмыш балалар тобы психологтар мен педагогтар, дәрігерлердің зерттеу нысанына айналуда.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай жетім балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен. Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде ұлттық тәрбие тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі күн талабы. Балалар үйінде тәрбиеленуші баланың жеке тұлғасының әлеуметтік қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар. Оның іс-әрекеті толығымен тәртіпке салынып қадағаланылады, бұл бала дамуында артта қалушылықты, масыл-дықты, жеке басы еркін ұйымдастырудың төменгі деңгейін туындатады. Сонымен қатар, әлеуметтендіруге байланысты ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде әлеуметтендіру деңгейлері мен факторлары және «әлеумет-тендіру», «бейімдеу» ұғымдары бөліп қарастырылады. Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселесін шетелдік, отандық ғалымдардың зерттеулеріне, тәжірибелерге сүйене отырып, теориялық, практикалық тұрғыда сипаттау қазіргі педагогика іліміндегі мұндай өзекті мәселені шешуге себеп болады. Көптеген теориялық деректерді талдау барысында біздің тарапымыздан қазіргі жағдайда жетім балаларға көмек көрсету жүйесінде жетім балалар тәрбиеленетін мекемелер қызметінің бірнеше жұмыс бағыттары айқындалды. Атап айтар болсақ, әлеуметтік, медициналық, психологиялық, ұйымдастырушылық-тәрбиелеушілік.
Приюттар - қиын өмірлік жағдайға тап болған баланың тұрғылықты жерін, оны мақсатты орналастыру мүмкіндіктерін анықтау үшін уақытша өмір сүру мекемелері.
Балалар ауылдары (SOS - Киндердорф) - отбасына жақын түрінде жетім балаларды тәрбиелеу мекемесі. Алғаш рет 1949 жылы авсриялық педагог Герман Гмайнермен құрылған, қазір дүние жүзінің 120 мемлекетінде жұмыс істейді. Біздің елде жылы құрылды. Қазіргі кезде елдің Алматы, Астана, Теміртау қалаларында жұмыс істеп келеді. [23]
Еркін елдің еңсесі биік, ертеңі нұрлы. Нұрлы, шуақты өмірде өзгелермен бірге көңілі қаяу жандар да бар. Ол - жетімдер. Қазақстан бойынша бүгінде 94 мың бала жетімдер үйінде тәрбиеленсе, осы бүлдіршіндердің 80 пайызының әкесі, не шешесі тірі бола тұра қараусыз тастандылар санатын толтыратынын айтсаңшы. Жетімдік қасіретін тек өз басынан өткізген жан ғана біледі, түсінеді. Ал, осы зауалы көп жетімдікпен күресу мәселесімен тек мемлекет қана емес, үкіметтік емес ұйымдар да айналыса бастады.
Бүгінде елімізде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында 16 мыңнан астам ата-ана қамқорлығынан түбегейлі айрылған балалар тәрбиеленуде. Оның 3 мыңнан астамы түрлі себептермен ата-анасы бас тартқандар, 1000-ға жуығы жарық дүние есігін ашқалы тастанды атанған бейкүнәлар, 5 мыңнан астамы ата-аналық құқықтан айрылғандардың сормаңдай перзенттері.
Психолог мамандарының айтуынша, ата-ана алақанының жылуына шөміркеп өскен баланың есейген соң қоғамға белсене араласып кетуі екіталай. Балалар үйінің тәрбиесін алғандардардың жанұядағы өскен балаларға қарағанда тіршілік ету әрекеті әлдеқайда төмен болады. Бір өкініштісі, жастайынан жетімдіктің тақсіретін тартқан бала 18-ге толған соң тағы да өз күнін өзі көруіне тура келеді. Қатал қоғамның ешуақытта оның басынан сипамасы анық. Кеудесінен кері итерген қоғамның қатыгездігінен морт сынатындар да осы қамкөңіл жандар. Бүгінде ішімдікке салынып, есірткіге есін алдыратын жасөспірімдер мен өз-өзіне қол жұмсайтындардың дені ата-анасыз өскен балалар екен. Өзегіңді қаритын тағы бір мәлімет тәнін саудаға салып жүрген қара көздеріміздің де басым көпшілігін жетімдік тақсіретін тартқан жандар құрайды.
Кезінде ата бабамыз бір қауым елді құрайтын ұрпағы болса да, көпсінбей, керісінше көз тиеді деп балаларының нақты санын да айтуға қорыққан.
Айталық, бүгінде жетім балалар паналайтын мекемелерде 16 мыңнан астам бала тәрбие көреді. Оның 3 мыңнан астамы тұлдыр жетімдер, 1922 баланы бағудан жақындары бас тартқан, 1019-ы тастанды сәбилер. Сол сияқты, панасыз қалған - 6 мың бала, 1146 түрмеде мерзімін өткеріп жатқандардың, 3 мың іздеуде жүрген қашқындардың, 1 мың медициналық мекемелерде емделіп жатқандардың баласына осы мекеменің дәм-тұзы бұйырып отыр. Олардың әрқайсысын бағып-қағып, тәрбиелеуге мемлекет жылына АҚШ ақшасымен есептегенде 3600 доллар шығындайтын көрінеді. Баласының бар жүгін мемлекетке арқалатып қойып, ардан да, адамдықтан да безіп жүрген азғындардың әрекетіне не шара?
Дегенмен, Алла әлемнің тепе-теңдігін сақтаған ғой, “жетім көрсең, жебей жүр” дейтін қағиданы ұстанған қайырымды жандардың жүрегі қашан да қараусыз қалған сәбилерге елжіреп тұратын болса керек. 2004 жылы құрылған “Бала үміті” атты қоғамдық қайырымдылық қоры қазір Қазақстан Республикасы Конституциясының негізінде жұмыс істеуде.
Бүгінде қор балалар мекемелерінің тапсырысы, Білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау жөніндегі комитетінің ұсынысы бойынша ізгілікті жобаларды жүзеге асыруда. Ол сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның ЮНИСЕФ балалар қорымен, “Шығармашыл, бастамашыл әйелдер лигасы” қоғамдық бірлестігімен, Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағымен, “Адам құқығы және заңдылықтарды сақтау жөніндегі Қазақстандағы халықаралық бюромен” және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен тығыз араласып, мына дүрбелеңі мол өмірдегі кедергілерді аттап, бала жүрегінің қуанышы, сәби күлкісі үшін уақыт ұттыратын сәттері жетерлік.
Жүзеге асырылған жобалар 2004 жылы 2298430 теңгені құраса, 2005 жылы 4067367 теңге, ал биылғы тоғыз айда 5238370 теңге болды. Қаржы айтарлықтай көп болмаса да, атқарылған жұмыс ауқымын, адамға деген қамқорлықты ештеңемен өлшеуге болмас.
Бұл жетім балалар мәселесі біздің еліміздегі, расында, шешілмей келе жатқан, жүректі ауыртатын ең үлкен мәселе. Оның шешілмей жүрген себебі, жетімдер тағдырына немқұрайлы қарайтын Үкімет бұл мәселені мықтап қолға алған емес. Мысалы, Мәжіліс депутаты Тито Сыздықов былай деп айтады: «Біз қаншама рет мәселе көтеріп, депутаттық сауал жолдадық, Үкімет оны құлағына да ілген жоқ. Бір айта кетерлік жайт, бізде жетімдер мәселесі олардың шетелдіктерге берілуі тұрғысынан ғана туындап отырған жоқ. Мен, мысалы, еліміздегі жалпы жетім балалар мәселесін көтеріп, бірнеше рет депутаттық сауал жолдадым. Себебі бізде мемлекет тарапынан жетім балаларға толыққанды көмек көрсетіліп жатқан жоқ. Сөзімізді таратып айтар болсақ, қазіргі заңымыз бойынша мектепті бітіргеннен кейін жетім балалар далада қалып жатыр.
Бізде жетім балалар 18-ге дейін ғана мемлекеттің қамқорлығында болады. Ал кәмелетке толған соң, олардың не мамандық ала алмай, не баспанаға қол жеткізе алмай, әлі де өз бетінше өмір сүріп кетуге икемсіз екеніне қарамастан, «қайда барсаң онда бар, өз күніңді өзің көр» деп жібере салады. Бұрын, Кеңестік дәуірде қайта мектепті бітіргенде балалар орта біліммен қоса мамандық алып шығатын. Мысалы, ауылды жерде оқыған ер балалар механик, қалалы жерде оқығандар не токарь, не слесарь болып шығатын, есіңізде бар ма? Ал қыз балалар не тігінші, не аспазшы болып шығатын. Бұрын ПТМ деген болатын, ол және жоқ. Сол секілді баяғыда әрбір заводтарда өзінің жатақханалары, училищелері болатын. Ал қазір олар жоқ та ғой. Сонда не мамандығы жоқ, не баспанасы жоқ, ағайын-туысы тағы жоқ жетім бала мектепті бітірген соң, қайда барады? Сосын милиция тіркеуге алуы керек. Заң бойынша мекенжай анықтамасы болуы керек. Ол да жоқ. Сонда ол не істеуі керек? 18 жасқа дейін алдымен бөбектер үйінде, сосын балалар үйінде тәрбиеленген, тегін тамаққа, қалыптасқан күн тәртібі бойынша жүріп-тұруға үйренген бала бір кезде не Үкіметке, не қоғамға керегі жоқ болып шықты. Осылай бәрі далада қалып жатыр. Зауытқа келіп орналасайын десе, орын жоқ. Оның үстіне мекенжай анықтамасы болмаса қазір жұмысқа да алмайды. Енді олар не істейді? Нашақорлық, жезөкшелік секілді қоғамдық дерттерді біздің осылай асқындырып отырмағанымызға кім кепіл? Жаңағы далада қалған жетім бала қаңғырып жүріп-жүріп ұрлыққа бара бастайды. Не бәрінен түңіліп, күйзеліп, маскүнемдікке, нашақорлыққа салынады, біртіндеп. Жолын дұрыс тапты дегеннің өздері азын-аулақ тиын-тебен үшін біреулердің басыбайлы құлы болып өмір сүріп жатыр. Қыз балалар да сол секілді, ары күреседі, бері күреседі, болмаған соң, барып арын сатып, күн көрістің ең арзан жолын таңдайды. Мұның мысалдары көп. Және бұл Үкіметіміздің жүргізіп отырған саясатының шалалығын, мақсатсыздығын көрсетеді. Әйтпесе ай сайын 5 мың доллардан, бір жылда 60 мың доллардан жұмсап, оларды бөбектер үйінде, балалар үйінде өсіріп несі бар? Неге біз жетім балаларға 18-ге толғанша пәлен мыңдап қаржы шығындаймыз да, оларды 18-ге толып, нағыз толысқан шағында не мемлекеттің, не қоғамның қажетіне жаратудың орнына далада қалдырамыз? Көрдіңіз бе, бұл - бір жағы балалар үйінде жұмсалған қаражатты пайдалана алмау, босқа шығындау деген сөз
Үкімет бізге жетім балалар туралы заң алып келуі керек. Онда қандай бала, қай жасқа дейін «жетім бала» статусын алуы керек, қай жасқа дейін ол Үкімет тарапынан қаржыландырылып, қамқорлықта болуы керек, одан кейін 18 жасқа толған соң олар қайда баруы керек, қалай күн көруі керек, олардың жұмыс орны, тұрғылықты жері болып, әрі қарай жұрт қатарлы өмір сүріп кетуі үшін не істеуіміз керек - осының бәрі қамтылуы тиіс.
Бір өкініштісі «Неке және отбасы туралы» заңды алып келіп, жетім балаларымыздың шетелдіктерге берілуін заңдастыра түсуге үш рет қадам жасаған Үкімет бір рет те жетім балалардың мүддесін қорғайтын заң алып келмеген. Ол біздің Үкіметтің ойына да кірмейді. Толып жатқан керегі жоқ заңдарды шығарып жатыр. Миграция туралы деп шеттен келген жұмысшылардың құқын қорғайтын заң қабылдадық. Балық шаруашылығы, тіпті ара туралы заң қабылдадық. Оның қасында біздің айтып отырғанымыз, адам баласы ғой. Балалардың мүддесі ғой. Ара асырап күн көретіндер мен балық аулап ақша табатындардың мүддесін қорғағаннан өзіміздің елімізде, Қазақстанда туған балалардың, жетім балалардың мүддесін қорғайтын заң қабылдау әлдеқайда сауапты емес пе? «Жетім көрсең, жебей жүр» демейтін бе еді қазақ. Ендеше, жетім балаларымыз өз Отанынан өгейлік көріп, 18-ден соң далада қалып жатқанда, оған неге жүрегіміз ауырмайды?
Жаңағы жетім балалар мәселесін шешу үшін бізге тұрғын үй бағдарламасы мен еңбек туралы заңға да өзгеріс енгізу керек. Еңбек туралы заң арқылы біз жеке меншік болсын, үкіметтік болсын, әрбір мекеме жетім балаларды жұмысқа алып, баспанамен қамтамасыз етуі үшін арнайы квоталар бөлуіміз керек. Ал тұрғын үй бағдарламасы арқылы оларды бастапқы салымсыз 30-40 жылдық несие негізінде баспанамен қамтамасыз етуге болады. Бірінші салымды Үкімет төлеп, оларға бірден баспана беру керек. Бұл аса қиын нәрсе емес қой. Елде 195 мың жетім бала бар десек, соның жыл сайын шамамен 10-15 мыңдайы мектепті бітіреді. Бұл көп емес. Сонымен қатар бізге жетімдерді болдырмаудың жолын қарастыру қажет. Жыл сайын неге тастанды балалар көбейіп жатыр? Неге Қазақстан азаматтары жетім бала асырап ала алмай отыр? Осылардың себебін анықтап алуымыз керек қой. Бізге осы қазақ даласына кіндік қаны тамған, әр сәби қымбат, әр бала керек болуға тиіс. Мына сауда-саттық жасап келіп, Қазақстанда қалып қойып жатқан өзбектерден де, қытайлардан да патриотизм күтуге болмайды. Патриотизм болса, сол өзімізде туған балаларда болады. Оларды неге ойламаймыз? Қыздарымыз бөбектер үйлеріне жас нәрестесін тастап кетіп жатыр. Неге? Бұл қазақтың қанында болмаған нәрсе ғой. Бұл әлеуметтік тұрғыда қысым болғандықтан. Мынау Ресей, мысалы, бірінші туған баласына 253 мың рубль береді. Олар «халық азайып бара жатыр» деп, демографияны қолға алып отыр. Қысқасы, бізге «жетім балаларды қорғау және сақтау туралы» деген арнайы бағдарлама керек. Ол жетім балаларымыздың ертең патриот болып өсіп, өз еліне қызмет етуіне ықпал ететін нәрсе. Оның дәлелі де бар. Мысалы, кешегі депутат, жазушы ағамыз Шерхан Мұртаза интернатта өсті емес пе? Өзіңіз де білетін шығарсыз, біздегі көптеген үлкен-үлкен тұлғалар баяғыда жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленіп шыққан. Бүгінгі арамызда отырған Валерий Доскалов та, мысалы, «мен балалар үйінен шыққам», деді кешегі отырыста» [63] .
Қазір республикада, оның ішінде мұнайлы түбекте тұқым қуалау арқылы берілетін аурулар қатары көбейіп барады. Осының салдарынан тастанды балалар, ойрандалған отбасылар саны да күннен-күнге артуда. "Балалар үйіндегі" жетімдер қатарына биыл қосылған 15 нәрестенің тағдыры осы тұқым қуалайтын, туа бітетін дерттерге байланысты.
Өмірге дені сау ұрпақ келуін қамтамасыз ету мақсатында елімізде медикалық-генетикалық кеңес беру орталықтары қызмет етуде. Медицина қызметінің бұл түрі өңірімізге биылғы шілдеде ғана жетті. Мамандар осы орталықтар қызметі жетілдірілген сайын, дүниеге жарымжан не кеміс балалардың келуі де сирей түсетіндігін айтады. Демек, шетелдіктерге берілетін ауру балалар азаяды деген үміт бар.
Мемлекетімізде жетім балаларды қамқорға алатын «Бөбек» қоры 1994 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді.
«Үміт» балалар үйлеріне жас аналар бас тартқан балаларды қабылдайды. Ол келісімшарт бойынша 7 жылға жасалады, егер анасы мүлдем бас тартқан болса, отбасы үлгісіндегі балалар үйіне жіберіледі.
Әлеуметтік жетімдікке әкелетін себептер: анасының алкоголизмді қолдануы, ата-анасының ажырасуы, босқындар мен қашқындар отбасыларына жату, ананың мүгедектілігі, ата-ананың баланы тастап кетуі, ата-аналық құқықтың орындалмауы, әкесінің өлімі, бас бостандығынан айыру орындарына түсіп қалу. Кейбір әдебиеттерде жетімдіктің себептерін келесілерге бөледі:
1. табиғи - географиялық, экологиялық, биогенетикалық, табиғи апаттар: жер сілкінісі, су тасқыны, борандар, таудағы қар көшкіні.
2. техногендік - авариялар, апаттар, өндіріс орындарынан травма алу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz