Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың нәтижесі


АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖ» МКҚК
Курстық жұмыс
Оқыту үрдісінде дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары
Студент: Нургалиева Нурсулу Абзаловна
Мамандық: Шетел тілі мұғалімі
Тобы: 4 пая
Ғылыми жетекші: А. А. Хасенова
Астана 2019
Мазмұны
Кіріспе . . .
І - тарау. Дарынды балалардың қабілеттілігіне жалпы сипаттама . . .
- Балалардағы дарындылық . . .
- Дарындылықтың белгілері, оны анықтау жолдары . . .
- Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге қойылатын талаптар . . .
ІІ - тарау. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың нәтижесі
2. 1. Дарынды балалармен жұмыс істеу әдістері . . .
2. 2. Дарынды балалармен практика барысында жасалған жұмыстардың нәтижесі . . .
Кіріспе
Зерттеудің көкейлестігі : Талантты және дарынды балаларды анықтау- оқытудың жеті модулінің бірін негіз ретінде алынды.
Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөсіпірімдік шақ- бұл ізденіс, үміт кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді, музыкалық инструменттерде ойнайды, ән айтады т. б. ) . Бірақ уақыты келе, бұл қабілеттіліктердің көрінісі бәсеңдеп, жас адамның мамандығының негізіне айналмайды, ол адам жай ғана «орташа» кәсіпкерге айналады.
Белгілі бір іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен - еңбек сүйгіштік, табандылық, батылдық. Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтарлықтай өнімге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетін, жеке басына сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек. Адам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.
Табиғаттың ең қызық және ең құпиясына балалардағы дарындылық жатады, және маңызды орын алады. Оның диагностикасы және дамуы педагогтарды көптеген жылдар бойы мазалайды. Бүгінгі уақытта бұл- адамдарды өте қызықтырады, және әлеуметтік қажеттіліктермен түсіндіріледі. Қазіргі ортада адамның белсенділігін ғана емес, қабілетін, стандартты емес ойлау қабілетін және мінез-құлқын талап етеді. Және тек қана дарынды адамдар өзінің кішкентай үлесін қоғамға қоса алады.
Дарынды баланың дарынды ересектен ерекшелігі - ол әлі толық қалыптаспаған тұлға, оның болашағы анықталмаған. Оның қабілеттерін дамыту қажет. Платон, А. Кастлер, Ф. Гамильтон сияқты ғалымдар дарындылық туа біткен қасиет деген.
Декорт, Гообс, Локк сияқты ғалымдар дарындылық адам баласының даму барысында тәрбиеге байланысты дейді.
Адамдардың ақыл-ой қабілеттіліктері тең еместігі бұрыңғы заманнан бері барлығына белгілі. Дарындылықтың белгілері балалық шақтан көріне бастайды. Дарынды балалар арнайы ересектердің қарауын, ерекше назарын және басшылықты қажет етпейтіні туралы пікір бар. Бірақ бала қандай дарынды болмасын, оны оқыту қажет екендігін ұмытпай керек. Ең бастасы, баланы еңбектеуге, шешімдерді өз бетінше қабылдауға үйрету. Дарынды балалар ұрысуды, қысымды төзбейді. Ондай балаларда төзімділікті, табандылықты дамыту қиын. Ол баланың үлкен күшін қажет етеді, мектепке дейінгі жастан бастап оны шығармашылыққа қосып, оған жағдай жасау міндетті. Дарындыларды дамыту үшін дарынды балалар уақытын басқаруы тиіс, оларға мұғалім тарапынан жеке назар талап етеді. Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар икемділік танытады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі 2-3 жасар баланың бір іспен шұғылдана алу уақыты, басқа қатарларымен салыстырғанда әлдеқайда ұзақ болады. Дарынды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды. [1]
Зерттеудің мақсаты: Дарынды баланы дұрыс анықтау, оларға қолдау көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- Оқушылардың оқыту мен тәрбиелеу негізінде дарындылық үрдісін дамытудың негіздерін анықтау.
- Оқыту барысында оқушыларды оқыту және тәрбиелеу негізінде дарындылықты дамытудың теориялық моделін құрастыру;
- Баланың жеке тұлғалық ерекшелікшеліктерін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау.
- Балалардың кәсіби және жеке даралық қабілетін анықтай алуына психологиялық педагогикалық көмек көрсету.
Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін орта мектептегі оқу-тәрбие
процесі.
Зерттеу пәні: ағылшын тілі
Зерттеудің ғылыми болжамы: Оқушылардың ішіндегі дарынды балаларды дамыту, дарындылығын арттыру, дарындылығын дамыту туралы ғылыми ой-пікірлер жүйеге келтірілсе, онда дүниетанымы мен біліктілігі жоғары деңгейде қалыптаса бастаған балаларды тәрбиеленуі мүмкін.
Зерттеу әдістері : Салыстыру, талдау, бақылау, сараптау, тәжірибелік, қорыту, жүйелеу
Зерттеу көздері : №68 орта мектеп.
Зерттеу базасы: Жалпы білім беру процессі.
Курстық жұмыстың құрылымы : Кіріспеден, теориялық және практикалық бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.
І. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмысың ғылыми және теориялық негіздері.
- 1. Балалардағы дарындылық.
Еліміз тәуелсіз даму жолына түскен сәттен бастап, қоғамда болып жатқан құбылыстар білім беру мазмұнына елеулі өзгерістер әкелді. Оқушыны жеке тұлға ретінде жан- жақты дамыту күннің көкейкесті мәселесі. Оның маңызды факторы- баланың ақыл-ойы әрекетінің тәсілдерін қалыптастыратын оқу барысына жолға қою. Қазіргі білім беру саласындағы күрделі міндеттердің бірі - қабілеті жоғары, дарынды әрі қабілеті жоғары оқушыларды анықтап, оларға қолдау жасау арқылы Қазақстан Республикасының интилектуалды потенциалын қалыптастыруға үлес қосу. Бұл - қоғам мүддесінің туындап отырған әлеуметтік сұраныс. Бұл сұраныс педагогикалық және психологиялық үрдістер арқылы жүзеге асады. Орыс педагогикасының белгілі ғылым П. Ф. Каптерев өз еңбегінде былай деп жазды: «Педагогикалық үрдіс өзіне тән екі белгіні түйістіреді, олар жеке тұлғаның дамуына жүйелі түрдегі көмек және оның жан- жақты. »
«Әр оқушыны жан- жақтан жетілдіру үшін оны жан- жақтан зерттеу керек. » Бұл ұлы педагог К. Д. Ущинскийдің тұжырымды ойы. [2] Зерттеу арқылы әр тұлғаның бойындағы ерекше психологиялық қасиеттері айқындалады. Баланың психологиясы мен педагогикалық психология саласындағы зерттеулер арқылы оқыту ісінің мазмұны мен әдістерін өзгерте отырып, жекеленген психологиялық процесстер мен функцияларды дамыту жағынан жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Ғалымдар дәлелденгендей, адамның өмірден меңгерген білімі мен дағдысын практикалық істерді төте және ең ыңғайлы жолдармен қолдана білу шеберлігі қабілеттілік деп аталады. Ал тамаша кәсіби ұстаздық кез- келген ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандылыққа айналдырудың бір ғана шарты - табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену.
Дарындылық- табиғаттан берілетін ерекше қабілет. Дарынды балалардың жалпы анықтамасын айтатын болсақ, онда дарынды балалар дегеніміз - ерекше қабілеттермен ерекшеленетін, өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама озатын және арнаулы қабілеттерін көрсететін (музыкалық, көркемдік т. б. ) балаларды айтады. Өмір сүретін орта, берілетін білім мен тәрбие осы ерекше қабілеттің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлде өшіреді. Дарындылық- көпқырлы. Ағылшын ғалымы Ж. Рензуллидің анықтамасы бойынша: «Дарындылық- бала бойындағы интелектуалдық қабілеттің, шығармашлықы қабілеттің және табандылықтың болуы». [3]
Балалардың дарынын балаға білім беру мен тәрбиелеу үдерісінде зерттелуі мүмкін. Баланың психикалық қабілеттілігінің көріністері баланың өмірінің керемет мүмкіндіктерімен байланысты болады. Балалық шақ кезіндегі дарындылық белгілерін анықтаудағы негізгі қиындық - адамның өзінің жасынан тәуелсіз болуын жеңіл ету. Бір облыста өзінің көрнекті қабілетін көрсететін дарынды балалар кейде басқа жақтарда өздерінің құрдастарынан айырмашылығы жоқ. Дегенмен, әдетте, дарындылық адамның жеке психологиялық ерекшеліктеріндегі кең ауқымын қамтиды: «Талантты адам барлық жерде талантты». Ең дарынды балалардың көпшілігі өздерінің құрдастарынан ерекшеленетін ерекшеліктері бар. Көп жағдайда, олар қызығушылығымен және зерттеу жұмыстарымен ерекшеленеді. Ақпараттың жетіспеуі немесе оны қабылдау қиынға соқса, балалар өзін ауыр сезінеді. Дарынды балалар әдетте сөйлеу және дерексіз ойлауды ерте меңгеруге негізделген шеберлікке ие. Олар жинақталған білімнің ауқымды пайдаланылу қабілетін ерекшеленеді. Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі, әдіс-тәсілдері жоқ. Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне арнап педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектерін арналған. Бұл мәселенің тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Дарынды балалармен жұмыс істеу дарындылықты айқындаудан басталады. Ол үшін алдымен бала бойындағы қабілеттікті, бейімділікті тани білуіміз абзал. Ғылыми зерттеулерде баланың әр кезіндегі қабілеті, белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі жас кезінен белгілі бола бастайтынын дәлелдеген.
Дарындылықты анықтаудағы назар аударатын осы басты ерекшеліктердің аясы бұдан да кең болуы мүмкін.
Дарындылықты анықтаудың 2 кезеңі бар. Оның 1-ші кезеңі- анимистикалық кезең. Бұл ата- ана мен мұғалім анықтаған, оқушының қандай да бір іс- әрекетке қабілеттілігі. Ол тесттер алу арқылы айқындалады. Дарынды оқушыны анықтау баланың даму динамикасымен байланысты екенін практикалық зерттеу кезеңінде ескерген жөн. Сауалнама беттерін толтырудағы ата- аналардың өз балаларының қабілеттерін асыра бағалауы негізгі фактор емес, ол нақты жауапқа нұқсан келтірмейді. [4]
Сонымен, оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі - көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ындағы, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде. Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік деңейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын дамыту, ғылыми білімді насихаттау болып табылады.
Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттардың, пікір - сайыс, яғни интеллектуалды ойындардың мақсаты- Қазақстандық қоғамдағы өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, ашық пікірталас алаңында талқыға салу арқылы оқушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру; жастардың ғылымға қызығушылығын туғызып, мемлекетшілік сананы дамыту болып табылады. [5]
Талмыш жұмыстар жүйелілікке негізделіп, дарынды оқушымен жұмыс түрлері іске асу барысында оқушының өзін- өзі бақылауы негізінде төмендегідей өзгешелілікті байқауға болады:
- Интеллектуалды эмоциялық бірлікті сақтай біледі;
- Шешім қабылдайды;
- Сенімділік туындайды;
- Өзгелермен салыстырады;
- Өзін- өзі бақылайды;
- Жауапкершілік туындайды;
- Мінез- құлқы ізденеді;
- Ғылыми тұрғыда ізденеді;
- Материалдарын жинақтайды.
Қабілет- әр адамда әр түрлі денгейде болады. Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің түрін
дарындылық
деп айтамыз. Біреулер «Дарындылық-іс-әрекеттің белгілі бір салада ерекше жетістіктерге жетуге жағдай жасайтын, адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі» десе, енді біреулер «Дарындылық - ортадан жоғары ақыл-ой қабілеттілігі, шығармашылық жол таба білу және мақсатқа құштарлықтың үйлесімділігі» дейді. Кейбір энциклопедияларда былай жазылған: «Дарындылық- белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Белгілі психолог Н. С. Лейтестің айтуынша : «Дарынды бала-бұл белгілі бір салада жетістіктері айқын көрінетін немесе сондай жетістіктер әлеуеті мол бала». [6] Дарындылық - қабілеттердің жиынтығы, қызметтің бірнеше түрінен көрнекті нәтижеге жеткен, қоғамға пайдалы ісімен көзге түскен жеке адам. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар. Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі болып табылады. Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Дарынды балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:
1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне байланысты баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
2. Дамытушылыққа ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
3. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.
4. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр.
Осы айтылған тұжырымдарға байланысты, дарынды балалардың қабілетін дамытудың осындай жолдарын іріктеп алуға болады:
- Сабақтар;
- Пәндік үйірмелер;
- Тіл мерекесі;
- Абай оқулары;
- Олимпиадалар;
- Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;
- Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау) ;
- Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу) ;
- Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі) ;
- Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына қатысу. [7]
Дарынды балалар көзге тез түседі, үлкен сөздік қорымен және сұрақтарды көп қою қасиеттерімен біздің назарымызды өздеріне аударады. Көптеген дарынды балаларға сөздіктер мен энциклопедиялар ұнайды. Сонымен қатар дарынды балалардың айырмашылығына оларды қызықтыратын нәрселерге ерекше көңіл бөлінуін, нәтижеге жетудегі табандылықты айтуға болады.
Дарынды балалар бір-бірінен дарындылық түрлері бойынша ерекшеленеді.
Дарындылықтың түрлеріне
- Интелектуалды дарындылық,
- Көркемдік дарындылық,
- Шығармашылық дарындылық,
- Лидерлік және әлеуметтік дарындылық,
- Спорттық дарындылықты жатқызуға болады.
- Дарындылықтың белгілері, оны анықтау жолдары
Дарындылықты анықтау- өте күрделі процесс. Ол дәрігерлік- психологиялық және педагогикалық шаралар арқылы жеке тұлғаның болашақтағы табыстарын үздіксіз бақылау мақсатында жүргізіледі. Дарынды оқушыларды анықтау үшін өзара тәуелді үш көрсеткішке назар аударылады. Олар: дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан ерекшелігі, физикалық тұрғыдан ерекшелігі және әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі.
Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан өзгешелігі:
- Дарынды оқушы толыққанды, аңғарлы болады.
- Өзінің қабылдау мүмкіндігімен ерекшеленіп, өзін қоршаған ортаға өте сезімтал келеді. Ол бірнеше ұрдісті қатар бақылап, қабылдауға бейім тұрады және оны белсенді түрде зерттеуге әуес болады.
- Құбылыстар мен заттар арасындағы байланысты қабылдап, оған лайықты қорытынды жасай алады және оған өз қиялы арқылы балама жүйе жасауға қабілетті келеді.
- Есте сақтау қабілеті жоғары болады.
- Сөздік қоры мол, бұл оның не нәрсені еркін де нақты баяндауына мүмкіндік береді.
- Логикалық ойлау қабілеті жоғары.
- Табандылық басым.
- Қиялы кең болады.
Физикалық тұрғыдан ерекшелігі:
- Дамудағы шапшаңдылық
- Дарынды оқушының бойында энергиясы мол болады, ол мөлшерден аз ұйықтайды.
- Психомоторикасы танымдық қабілетіне қарағанда баяу болады. Мұндай интелекьуалдық және физикалық дамудағы қарама- қайшылық өмірлік позияциясына нұқсан келтірмеу жағдайында болу керек.
Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі:
- Дарынды бала әділетсіздікке төзімсіз болады.
- Жоғары моральдік қасиеттерге ие.
- Алдына қойған мақсатқа ұмтылу белсенділігі жоғары болады.
- Өзіне өзгелердің және қоршаған әлеуметтік ортаның назар аударуын қалайды.
- Жағдайларға байланысты іскерлік қатынасы мен өз басы қажеттілігі, үлкендерден қалыспау, әлдебір нәрсені бірдей атқуға деген құштарлығы басым келеді. [8]
Дарынды балаларды анықтау- баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:
1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне байланысты баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
2. Дамытушылыққа ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
3. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.
4. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр. [9]
Дарындылық үш бағытта анықталады:
- интелектуалды дарындылық
- шығармашылық дарындылық
- лидерлік дарындылық
Интелектуалды дарындылық баланың ойының ұшқырлығымен ерекше есте сақтау қабілетімен, байқағыштығымен айқындалады.
Интелектуалды дарындылығы бар бала қиналмай- ақ және талаптанып оқиды, өз ойын жүйелі жеткізе алады. Ол әр істе өз біліміне сенімді болады. Оны қиын тапсырмалар қызықтырады.
Шығармашылық дарындылық баланың өз қызығушылығы, өмірлік позициясымен айқындалады. Ол көбіне тәуелсіз, өзі әрекет жасайды және ісінің нәтижесін көре алады. Нақты жағдайлардың шешімін таба біледі, көркем өнер оқулары мен ойындарға бейім келеді.
Лидерлік дарындылыққа жаңа жағдайларға жылдам қалыптасу, өзге балалардың оны таңдауы, ойындар мен шараларды басқара алуы, үлкендермен және құрбыларымен қарым- қатынасқа оңай түсуі, жауапкершілік сезімнің басымдығы тән. [10]
Бастауыш сыныптарда дарынды оқушыны анықтау мектептегі педагог- психологтардың басшылығымен жүзеге асады. Дарындылықты бірінші кезеңде байқау, бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар арқылы анықталады. Бұл анықтау келесі кезеңде педагогикалық- психологиялық диагностика арқылы нақтылай түседі. Психологиялық зерттеу жұмыстары арқылы әр баланың даралық қасиеті ескеріліп, оның дарындылығын ашу жас ерекшелігіне сай келетін анықтаулармен жүргізілуі қажет.
Көрнекті психолог Л. С. Выготский «баланың кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп ескертеді». Бала дамуының дербестік, шығармашылық таным әрекеті, логикалық ойлау дәрежесі сияқты негізгі белгілерін біліп, жеке дара жұмыстар жүргізу арқылы белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге болады. Баланың оқуы мен психологиялық дамуының бастапқы негіздері бастауыш сыныптарда қалыптасқандықтан, әр тұлғаның бойындағы қабілет, дарынды ашу арқылы оның мүмкіндігін дамыту керек. [11]
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт -бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу- ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан- жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. [12]
Дамыту мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән - мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «дарындылық - белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».
В. Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының берлігі деуге болады», - деп тұжырымдады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.
Шығармашылық - өзінің жаңашылығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы.
Талант - қабілеттіліктің болуы.
Данышпандық - қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Дарынды балаларды анықтау- баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынандай ұстамдары тұжырымдалады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz