АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЛЕКСИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ЛЕКСИКАНЫ ҮЙРЕТУДІҢ ЖАҢА ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ
Орындаған: Болатова Айдана Болатовна
Тобы: 46
Мамандығы: 0111000 "Негізгі орта білім"
Біліктілігі: 0111083 "Негізгі орта мектебінің шетел тілі мұғалімі"
Ғылыми жетекшісі: Маметекова Гаухар Серкказиновна
Семей, 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
І.
НЕГІГІ БӨЛІМ
1.1
Шетел тілі лексикасын оқытудағы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
1.2
Лексикалық минимум іріктеу критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
ІІ.
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЛЕКСИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1
Лексиканы оқытудың заманауи әдіс - тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11
2.2
Ағылшын сабақтарында лексиканы оқыту барысында жаңа технологияларды пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13
2.3
Ағылшын тілі сабағында лексикалық дағдыларды көрнекі құралдар арқылы қалыптасыру
15
III. ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
17
21
22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
24
КІРІСПЕ
Сөз - тілдің негізгі құралы. Белгілі бір тілде сөйлеп, сол тілді меңгеру үшін оқушыға ең керегі де сөздік қорының мол болуы. Сөздерді үйрену арқылы оқушы сол тілге қатысты түсініктерін қалыптастырады. Ал бұл өз кезегінде сол тілде оқушы ойының дамып, сойлеу әрекетінің қалыптасуына алып келеді.
Лексиканы оқытудың негізгі мақсаты - қарым-қатынасқа түсу кезінде қолданылатын қатынас-құралының бірліктерін меңгеру, яғни лексика белгілі бір ойды, түсінікті тұтас жеткізу үшін қолданылады.
Оқытудың мақсаты - ауызша және жазбаша қарым-қатынас түрінің дамуы, яғни ағылшын тілінің лексикасын семантикалық дәлдік негізінде меңгеру, синонимдік қатардың молдығы, оларды орынды қолдана білу.
Республикамыз өз алдына егеменді ел болуына байланысты шетел тілдерін оқытудың жаңа кезеңі туды, сол себепті де оқу бағдарламасы, оқу және әдіскерлік құралдары түгелдей қайтадан жасауды қажет етіп отыр. Қазіргі таңда шетел тілі пәнін оқытуда шәкірттердің жеке басының ерекшеліктерін, қажеттіліктерін, қызығушылықтарын ескере отырып оқыту көзделуде. Сондай-ақ оқушылардың елтану, лингвоелтану, экономикалық, психологиялық, мәдени-информациялық білімін көтеру арқылы оларды болашақ мамандыққа дайындауға үлкен мән берілуде. Оқу процесінде оқушылар меңгеруге тиісті шетел тілі аспектілерінің ішінде аса маңызды-лексика.
Басқа білім салаларының ішінде лексиканың бірінші орын алуының себебі мынада: кейбір грамматикалық материалды меңгермегендіктен, сөзде грамматикалық қателер бола тұра, адамдар арасында қатынас болуы мүмкін, олар бір-бірімен түсінісе алады. Ал басқа біреудің сөзін түсіну үшін немесе өз ойын айтып жеткізу үшін қажетті лексиканы білмеген жағдайда коммуникация бола алмайды, яғни басқа адамның сөзін түсіне алмаймыз, өз ойымызды да жеткізе алмаймыз. Сондықтан шетел тілін оқытуда лексиканы меңгерудің маңызы ерекше, олай болса, лексикаға көп көңіл бөлу керек. Әрине, бұл айтылғаннан лексиканы меңгеру өз алдына оқыту мақсаты екен деген қорытынды шықпау керек. Маңызы қандай зор болғанмен, лексиканы меңгеру оқытудың мақсаты емес, тек сол мақсатқа жетудің өте маңызды құралы. Лексикасыз шетел тілінде сөз іскерліктері мен дағдыларын меңгеру мүмкін емес. Шетел тілін оқытуда лексиканы меңгертуге қойылған мақсат бойынша оқушылар шетелдіктердің сөйлеген сөзін түсіну, газет, журнал, кітаптардағы мәтіндерді оқып, олардың мазмұнын сөздіктің көмегімен түсінулері қажет етеді. Әдістеме саласында алдыңғы қатарлы әдіскерлердің бірі болып саналған К.А.Ганшинаның пайымдауынша, шетел тілін оқытуда ең алдымен жетекші орын мәтінді оқуға берілген. Ал лексика тек сол мәтіннің мазмұнын түсінуге керекті құрал ретінде ғана пайдаланылған. Сондықтан қазіргі уақытта әсіресе бұл тақырыпты тереңдетіп оқуға көп көңіл бөлінген.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі уақытта жаңашыл қоғам сан түрлі мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Олар әр түрлі мәдениеттердің өзара әсерлесуі мен ғаламдық мәдениеттің түрлілігінің сақталуы.Осы орайда оқушы алдында оқу барысында өзге мәдениет құндылықтарын түсініп, оны өзіндік дүниетаным арқылы саралай білу мәселесі тұр. Р.К.Раск, Я.Гримм, А.Эллис және Э.Партридждің пікірлері бойынша осы қойылған мақсатқа жетудің негізгі құралы - тілдің лексикасын меңгеру,өйткені олардың ойынша дәл сол сөздерде мәдениеттің құндылығы мен дәйегі жатыр. Бірақ та қазіргі уақытта оқушы шетел тілін мәдениетаралық байланыста аз қолданады. Ғалымдар мұны мәселенің өзектілігі ретінде қарастырады.
Зерттеудің мақсаты: шетел тілі сабақтарында лексиканы меңгертудің жаңа әдіс - тәсілдерін пайдалана отырып, оқушыларға түсіну және қабылдау дағдысын қалыптастыру.
Зерттеу мақсатына орый мынадай міндеттер қойылады:
1) Ағылшын тілінде лексиканы оқытудың міндеттері мен принциптерін сипаттау;
2) Лексика бойынша жүргізілетін жаттығу жұмыстары мен талдау әдістерін атау;
3)Ағылшын сабақтарында лексиканы оқыту барысында жаңа технологияларды пайдалану.
Зерттеу объектісі: 5 - 9 сыныптар
Зерттеу пәні: Шет тілін оқыту әдістемесі
Зерттеу жұмыстың болжамы: бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру -- бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға белгілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек -- деп айтқан еді. Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім әрекет ету керек деп білемін. Ағылшын тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру.
Зерттеу жұмысының негізгі идеясы: Курстық жұмыс оқулық, мерзімдік баспа және аймақта арнайы зерттеу жүргізетін ғалымдардың мәліметтері бойынша жасалған. Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндігі барлығы нақтыланды.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі: Ауызша және жазбаша қарым-қатынас түрінің дамуы, яғни ағылшын тілінің лексикасын семантикалық дәлдік негізінде меңгеру, синонимдік қатардың молдығы, оларды орынды қолдана білу.
Зерттеу жұмысының теориялық мәні: Сабақта лексиканы сөзде қолдана алу үшін меңгеру керек, яғни басқа адамдардың сөзін оқып немесе тыңдап түсіну, өз ойын ауызша немесе жазбаша түрде жеткізу.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: Ағылшын тілі сабақтарында лексиканы оқыту әдістемесінде пайдаланылатын жаңа технологияларды ұсыну. Жаңартылған бағдарлама сыныптарындағы сабақ жоспарларына енгізу. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді. Тақырып бойынша сауалнама өткізіліп, қорытындысы шығарылды.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: Ағылшын сабақтарында лексиканы
оқытуда пайдаланатын жаңа технологиялары
Зерттеу жұмысының базасы: Семей қаласы, №4 ЖОББМ КММ 5- 9 сыныптар
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, қосымшалардан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.1 Шетел тілі лексикасын оқытудағы жалпы түсінік
Республикамыз өз алдына егеменді ел болуына байланысты шетел тілдерін оқытудың жаңа кезеңі туды, сол себепті де оқу бағдарламасы, оқу және әдіскерлік құралдары түгелдей қайтадан жасауды қажет етіп отыр. Бүгінде пәндерді оқытуда шәкірттердің жеке басының ерекшеліктерін, қажеттіліктерін, қызығушылықтарын ескере отырып оқыту көзделуде. Сондай-ақ оқушылардың елтану, лингвоелтану, экономикалық, психологиялық, мәдени-информациялық білімін көтеру арқылы оларды болашақ мамандыққа дайындауға үлкен мән берілуде.
Оқу процесінде оқушылар меңгеруге тиісті шетел тілі аспектілерінің ішінде аса маңызды-лексика.Өйткені шамалы болса да,сөздік қорын игермей шетел тілін іс жүзінде игеру мүмкін емес.
Лексиканы оқыту туралы айтқанда, лексиканы түсіндіру және оны оқушылардың игеруі туралы айту керек. Әр сыныпта бұл сұрақтардың ерекшеліктері бар, сондықтан әр кезеңде сөзді үйрету әдістемесі әр түрлі болады [1. 95].
Шет тілінің сөзін үйретудің негізгі түрі - оны туған тілге аудару, оның аудармасын білу.Аударманы қолданудың жетістігі - сөздің туған тілден аудармасын жылдам тауып, оның мағынасын есте сақтауға мүмкіндік беруі,ал кемшілігі кейде сөздің туған тілде баламасының болмауы.Бұл тілдерді білу деңгейінің алуандығына да байланысты.Кей жағдайда сөздің мағынасын тіке аудармай,сөйлемнің деңгейінде аударамыз.
Тілді аударып пайдалану оқыту барлық кезеңінде жүргізіледі. Сөз дыбыстан құралады, əріппен жазылады, оқу ережесі болады.Сөзді үйретудің басқа бір түрі - көрнекілікті пайдалану.Көрнекілік сыртқы (заттың немесе суреттің) жəне ішкі (тілдік) болып бөлінеді. Заттық немесе суретті көрнекіліктің сөздің мағынасын берудегі қызметі өте төмен. Мысалы, сыныптағы, үйдегі заттардың атауын білу көп көмектеседі,керісіншезаттардың суретін салу оның мағынасын беруге көмектесе алмайды, кейде оқушылар заттарды суретіне қарап тани алмайды. Сондықтан затты көрсеткеннен кейін оның аудармасын беру керек.
Тілдік көрнекілік шет тілін оқытуда кеңінен қолданылуы керек. Тілдік көрнекіліктерге мыналар жатады:
1. Сөздің мағынасын сөйлем аясында түсіндіру.
2. Сөздің мағынасын антонимдер, синонимдер арқылы түсіндіру.
3. Сөздің мағынасын сөз жасау белгілері бойынша түсіндіру
4. Сөздің мағынасын оның ағылшын тілінде берілген анықтамасы бойынша түсіндіру:
Синонимдер мен антонимдер. Жаңа сөздің мағынасын үйретудегі синонимдер мен антонимдердің маңызы шектеулі. Себебі, синонимдердің мағынасы негізгі мағынаға өте жақын емес. Сондыңтан омонимді пайдалану онша табысты емес. Сөйлемдегі сөздің қолданылу мағынасы да түрлі жағдайда əртүрлі.
Сөз жасау: сөз жасау жолдарын талдау сөз мағынасын түсінудің жақсы құралы, бұл тек сөздің түбірі оқушыға таныс болғанда ғана табысты болады. Егер түбірсөз түсініксіз болса, жасалған жаңа сөздерді игеру де қиын. Сөздің мағынасын ағылшын тілінде бейнелеу (суреттеу). Сөздің мағынасын алудың бұл түрі белгілі бір жағдайда қолданылады. Оның мағынасын алуға жəне өткен жаңа сөздерді де қолдануға, қайталауға қолданса өте тиімді болады. Тілдік көрнекілікті барлық оқу кезеңінде қолдануға болады. Бірақ оның барлық түрлерін бірдей қолдана алмаймыз. Мысалы, сөз жасауды кез келген кезеңде əр түрлідеңгейде қолдануға болады. Суреттеуді жақсы дайындық бар кезеңде ғана қолдануға болады. Тілдік көрнекілікті қолдану сөздің аудармасын бермей қоюға болады деген сөз емес. Сөздер мəтінді оңымастан бұрын түсіндіріледі. Сөзді жекелеп алып түсіндіруге болады немесе тұтас сөйлем мағынасында түсіндіріледі. Сөзді оқу процесімен жарыстыра отырып түсіндіруге болады. Сөздің мағынасын түсіндірудің жолдары сөздің түріне жəне оқыту деңгейіне байланысты.
Сөзді мəтінді оқымастан бұрын түсіндіру.Сөзді мəтінді оқымастан бұрын түсіндіру үшін жаңа сөздерді тыңдау қажет, оның айтылуын үйрену, айту қажет, сөзді тақтаға немесе дəптерге жазу керек, сөздің жазылуын жəне транскрипциясын, оның аудармасын бірге жазады. Сөзді осылай түсіндіргенде оны затты немесе суретті қолданып көрсету үні бірге қолданылады. Сөздермен жүмыс жасау жолдары мына үлгі бойынша жүргізіледі:
1) затты көрсету
2) сөзді бірнеше рет айту (дыбыстау)
3) сөзді туған тілге аудару
4) сөзді жекелеп немесе хормен айту
5) сөзді таңтаға транскрипциясымен, аудармасымен жазу
6) мүғалімнің көмегімен дыбыстарға əріптік талдау жасау
7) сөзді сөздікке жазу
Əрі қарай мəтінді оқу кезінде сөздің мағынасы түсіндіріледі. Əр жаңа сөзге тоқталу қажет. Сөздің мағынасын анықтауға барлық оқушылар қатысады. Түсіну тірегі ретінде сөздің тек сөйлемдегі мағынасы ғана емес, оның сыртқы белгілері де қолданылады: сойлемдегі сөздің орны, сөздің алдында артикльдің болуы, сөз жасаушы суффикстер мен профикстердің болуы [2.95-98].
Балалардың тілді үйренуі - күрделі үдіріс, ол арқылы бала үйренетін әрбір сөз және сөз фрагменті бастапқыда елестету түрінде көрсетіліп, реттілік бойынша есте сақталады. Бірақ балалардың сөзді түсінуді және пайдалануды үйрену жылдамдығы - бұл түсінікке сәйкес келмейді, кез келген жағдайда олар әдетте сөздің мүлдем жаңа фрагменттерінің тұрақты ағынын дыбыстайды. Ағылшын тілінде балалар айтатын осы жаңа сөздер мен фразалардың көбі, олар өздері үшін шығарған модельдер мен қағидаларды дұрыс қолданбау болып табылады[3.59].
Қазіргі кездегі негізгі проблемалардың бірі - оқушыны өз бетімен оқуға үйрету. Қазіргі оқушы өз бетімен кітап оқуға қабілетті болмаса, өздігінен ізденіп оқи алмаса, оны біз білімді адам деп есептей алмаймыз. Сондықтанда оқушының кітапты оқи білуге үйретудің үлкен мәні бар. Ынта қойып оқуға жаттығу арқылы оқушы көп нәрселерді біліп, өздерінің білімін толықтырады, ой - өрістері дамиды. Оқуға үйретудің амалдары да әр түрлі. Оқитын мәтін оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек [4.52].
1.2 Лексикалық минимум іріктеу критерийлері
Шетел тілдерін оқыту барысында сол тілдің барлық сөздік қорын меңгеру мүмкін емес,өйткені шетел тілін оқытуға бөлінген уақыт шектелген. Әдістемеде лексикалық минимумды іріктеудің негізгі принциптерін біршама толық түрде қамтыған И.В.Рахманов ең әуелі активтік сөздік пен пассивтік сөздікті ажырату қажеттігін атап көрсетеді.
Ол әуелі пассивтік сөздікті іріктеу принциптерімен келтіріледі:
1.Сөздердің тіркеу қабілеті
2.Стильдік шектелмегендігі
3.Сематикалық құндылығы
4.Сөз тудыру құндылығы
5.Көп мағыналылығы
Осы принциптердің негізінде пассивтік сөздікті іріктеп алған соң, соның ішінен активтік сөздікті іріктеп алу керек. Ол үшін жоғарыда аталған принциптерге қосымша тағы екі принцип қолданылады: сөздерді минимумға енгізбеу,ұғымдарды түсіндіру принципі. Қазіргі кезде әдістемеде қолданылып жүрген сөздерді іріктеу принциптерін 3 топқа бөледі:
1. Статистикалық принциптер
2. Әдістемелік принциптер
3. Лингивистикалық принциптер
Бұл принциптер бір- бірімен тығыз байланысты. И.В.Рахмановтың принциптеріне сүйеніп, дамиды. Бұл принциптер мыналар:
1- топқы (статистикалық) жататын негізгі принциптер - сөздің қолдану жиілігі және оның көп тарағандығы. Сөздің қолдану жиілігі деп оның бір мәтінде немесе зерттелген мәтіндердің барлығында неше рет кездескен санын айтады.
2- топқа (әдістемелік) орта мектепте шетел тілін оқыту мақсатын ескеретін принциптер жатады, яғни активтік лексиканы бір бөлек іріктеуді талап ететін принциптер.
3- топқа (лингвистикалық) жататын принциптер мыналар:
а) Сөздердің бір- бірімен тіркесу қабілетін ескеру. Бұл принципке негізінде минимумға неғұрлым көп сөздермен тіркесіп, көптеген сөз тіркестерін құрайтын сөздер енгізіледі.
б)Сөз тудыру құндылығы, яғни сөздің туынды сөздерге негіз болу қабілеті. Бұл принцип бойынша неғұрлым көп сөздерге негіз бола алатын сөйтіп жаңа сөздің мағынасын болжауға, өз бетімен ашуға мүмкіндік беретін сөздер алынады.
с)Сөздің көп мағыналылығын ескеру принципі [13.63].
Активтік сөздерді іріктеуде 1, 2 топ принциптері толық пайдаланылады да, 3 - топ принциптерінің кейбіреулері қолданылады: синонимдерді енгізбеу, тіркесу қабілеті, сөз тудыру құндылығы және көп мағыналылық принциптері.
Пассивтік сөдерді іріктеуде 3- топ принциптері мен семантикалық принцип, сөз тудыру құндылығы көп мағыналылық принциптері және тақырыпқа қатыстылығы пайдаланылады.
Рогова Г.В. лингвистикалық, әдістемелік және психологиялық білім берудің үш құрамдас бөлігін анықтайды. Лексикалық бірлікке сөз, тұрақты сөз тіркесі, идиома жатады. Сөздік оқу мазмұнын әдістемелік құрамдас бөліктері сөздіктерді пайдалану бойынша қажетті түсіндірмелерді, ескертулер мен нұсқауларды, жаңа сөздікпен жеке сөздіктер мен карталарды ұстаудың нысанын, зерттелген сөздік қорын қайта ұйымдастыру және жүйелеу жолдарын қамтиды. Бұл студенттің лексикаға өз бетімен және сыртқы жағдайларға қарамастан жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін білім мен дағды. Рогова Г.В. сөйлеу әрекеттерінің дамыған түрлеріне байланысты лексиканы меңгеруден бұрын келесі тапсырмаларды анықтайды. Сөз сөйлеудің репродукциялық түрлерінде сөздерді пайдалану үшін қажет:
- сөз табу, ол үшін ең алдымен сөз жадыда сақталу керек;
- сөзді қайталау, айтылым дағдысын қалыптастыру, дыбысталуына мән беру;
- комбинацияны сөйлемге, мәтінге қосыу.
Активті сөздік қорын меңгеру бойынша жұмыс.Студенттерді сөздерді меңгеруге үйрету, жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің семантикасын күшейтетін жаттығулардың көмегімен жүзеге асырылады. Сөздерді жақсы есте сақтау үшін жаңа сөздерден тұратын әндерді, видеоларды пайдаланған жөн. Сондай-ақ, сөздерді есте сақтаудың арнайы әдістерін қарастыру керек: әртүрлі дыбыспен сөйлесу, белгілі бір ырғақта сөйлеу. Мұндай әдістер сабақ барысында тиімді жүзеге асады. Оқушылар өздерінің сөздік базасында коммуникативтік тапсырмаларды шешуге бағытталған мәтіндерін жасайды. Мұнда сөздіктегі жұмыс ауызша сөйлеуді дамытумен тығыз байланысты.
Пассивті сөздік қорын меңгеру бойынша жұмыс.Жоғары сатыда оқуға байланысты оқушылар пассивті сөздік қорын меңгеруі тиіс, яғни, олар лексикалық дағдыларды дамытады. Сабақ барысында қолданып жүрген сөздерді, өмірде еркін қолдана алуы керек.
Ауызша стереотиптерді құру және сөздерді автоматты түрде тану, қысқартылған сөзді түсіне алуы керек. Лексикалық дағдыларды қалыптастыруда жаттығулардың нақты түрлерін береміз:
- әр түрлі сөйлемдерде жаңа сөзді оқу және кейіннен аудару. Мысалы: full - a full bottle, a full bus, a full moon, the pail full of water, the hall full of students. We have been waiting for him a full hour.
- Оқу кезінде мәтіндегі бос орындарды толтыру. Бұл жаттығу болжамдық қабілетті дамытуға бағытталған [5].
2.1 Лексикаға оқытудың заманауи әдіс - тәсілдері.
Шет тілін оқытудағы негізгі проблемалардың бірі оқушыға лексиканы меңгерту. Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында лексиканы түсіндіру тәсілдері лексикамен істелетін жұмыстың негізгі сатыларына жаңа сөзбен таныстыру және түсіндіру, сөзді алғаш бекіту, оны дұрыс қолдануға қажетті білік дағдыларды жетілдіру жатады. Шетел тілі лексикасын түсіндіруде:
* сөздің фонетикалық ерекшеліктерін;
* жазылу ерекшеліктерін;
* сөздің мағынасын және сол тілдің лексикалық жүйедегі орынын;
* қолданылу аясы мен ерекшеліктерін көрсету сол тіліді нәтижелі оқытудың негізі болмақ.
Жаңа сөздерді меңгертуде мынадай заңдылықтардың іске асуы:
* материалдар оқушылардың қызығушылығын тудыратын жағдаяттар мен тақырыптардың ауқымында болғанда;
* жаңа материал оқушыларға бұрын таныс материалмен салыстыра берілсе;
* тілді меңгеруде ауызша жаттығулар күнделікті өмірмен байланысты сөйлеу дағдыларына негізделсе;
* жаңа сөздер түрлі контекстер арқылы жеңілден қиынға деңгейленген мөлшерде берілсе оқушылар лексиканы жеңіл және тез меңгереді.
Лексиканы оқыту кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдер:
1. жаңа сөздермен таныстыру - сөздерді сөйлемнің құрылымдық жүйесінде тыңдау немесе оқу; әртүрлі сөйлемдерде сөздердің қолдану мағынасын ашу; сөздердің формаларын оқыту; сөздердің дұрыс мағынада қолданылуы;
2. практика - сөздердің сөз тіркесі немесе сөйлем құрамында қолданылуына арналған жаттығулар орындау;
3. қолдану аясы - сөздерді қарым-қатынас кезінде немесе т.б. дағдылар кезінде қолдану.
Қазіргі заман талабына сай ағылшын тілі пәнін оқыту жаңа тақырыптарды оқушылардың өздеріне меңгере алатындай билік беру, ізгілендіру, түрлендіру,тұлғаға бағытталған білім беру ұстанымдары арқылы жүзеге асырылады.
Ағылшын тілі сабғында оқушының тілін дамытуға арналған жұмыс түрлеріне көбірек көңіл бөлінеді. Бұдан күтілетін нәтиже: оқушылар бойында коммуникативтік және әртүрлі деңгейдегі мәселелерді шешу құзіреттіліктері мен бірте - бірте оқушылардың өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрететін жұптық, топтық тапсырмалар қарастырылады және Блум таксономиясы бойынша құрылған сұрақтар арқылы сабақты бекіту жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар төмен, жоғары дәрежелі сұрақтар дайындайды [6.44].
Драматизация. Бұл әдіс оңай іске асырылады.Оқушылар арқылы жүзеге асады, өйткені оқушылар драматургияны жақсы көреді және оларды оңай үйренеді. Көптеген жағдайларды драматизациялауға немесе көрсетуге болады.
Examples: Sing [Sing a song]; Open [Open a book]; Close [Close the book].
Series, Scales, Systems. Белгілі сериялардың бір бөлігі болып табылатын жыл айлары, апта күндері, күннің бөліктері, жыл, реттік сандар және т.б. сияқты сөздердің мағынасы.
Сыныппен жұмыс. Бұл кезеңде әрбір топ тақырып бойынша өз білімдерін көрсетіп, пікірлерін білдіреді, берілген сұрақтар бойынша идеяларын айтады. Оның үстіне жауаптар қайталанбауы тиіс. Барлық айтылғандарды мұғалім тақтаға қысқаша жазып тұрады[7].
Қоржынға тақырыпқа қатысты: идеялар, есімдер, күндер, фактілер, жорамалдар, терминдер және тағы басқалары салынады.
Блумның алты қадамы әдісі. Әрбір қадамға сұрақтар беріледі:
1. Неге? - Why?
2. Түсіндір - Explain
3. Ата - Tell
4. Ұсын - Offer
5. Ойлан тап - Invent
6. Бөліс - Share
Синквейн жазу әдісі. Синквейн француз тілінен аударғанда белгілі бір ережемен жазылатын бес жолдан тұратын өлең дегенді білдіреді. Синквейн жазылу тәртібі:
Бірінші жолға бір сөзден тұратын - зат есім. Бұл синквейннің тақырыбы.
Екінші жолға синквейннің тақырыбын ашатын - екі сын есім.
Үшінші жолға синквейннің тақырыбына қатысты іс-әрекетті сипаттайтын үш етістік.
Төртінші жолға білім алушы тақырыпқа қатысты білдіретін бірнеше сөздерден құралған сөйлем. Ол қанатты сөздер, дәйексөз немесе білім алушы тұрғысынан айтылатын мәнмәтіндегі сөйлем болуы мүмкін.
Соңғы жол - бұл түйіндеме-сөз, тақырыпқа жаңа интерпретация беріп және оған өзінің жеке қатынасын білдіруге мүмкіндік береді. Мүмкіндігінше синквейннің тақырыбы эмоционалды болуы тиіс [8.63] .
2.2 Ағылшын сабақтарында лексиканы оқыту барысында жаңа технологияларды пайдалану
Жаңа лексикалық жаттығуларды үйрену әрқашан сөздіктен басталады. Оқушыларға жаңа лексикалық жаттығулармен жұмыс істеу үшін электронды сөздіктерді пайдалануды ұсынамын, олар кітаптардан әлдеқайда үлкен емес, сонымен қатар бірнеше секундтан кейін қажетті сөзді немесе сөз тіркесін табу жеңіл болады. Шындығында, ғасырдың ортасында лингвистикалық ортада қалыптасқан көптеген сөздіктер қазіргі уақытта өте ескірді. Олар ескі сөздердің заманауи мағынасын көрсетпейді және көптеген жаңа сөздердің барлығы жоқ. Бұл интернетті дамытуға байланысты болды: веб-беттердің көпшілігінде тірі, қазіргі заманғы тілде жазылған ағылшын тіліндегі мәтіндер, сөйлесу сөздік және сленгтерді қолданады. Бұл мәселені шешу үшін тек электрондық сөздіктерді қолдануға болады. Электрондық сөздіктер сияқты жаппай бағдарламалық өнімдер үшін, нұсқалардың жиі өзгеруі және мыңдаған пайдаланушылармен тұрақты кері байланыс бар болуы әдеттегі құбылыс болып табылады.
Электронды сөздіктер транскрипцияданден ғана тұрмайды, сонымен аудиозапистер арқылы сөздерді қайталап айтуға болады.
Электрондық сөздіктің кемшіліктері:
* Интернетке тәуелділік. Интернет керек уақытта өшіп қалса, сөзді аудару қиынға соғады.
* Көптеген сөздіктер белгілі бір бағдарламалық құралдардың бар болуын талап етеді, онсыз сөздік орнату мүмкін емес.
* Электрондық сөздікте транскрипцияны бақыламай-ақ айтылған сөзге сену әрдайым қажет емес. Синтезатор сөзді дұрыс қоймауы немесе тіпті сөздің айтылуын бұрмалауы мүмкін. Ең жиі қолданылатын ABBY Lingvo, Multilex, Multitran, Кембридж Онлайн Сөздіктері [9].
Флэш карта - бұл мұғалім тез қарқынмен картаны көрсеткен уақытта оқушылардан жылдам жауап алуға арналған сандар, сөздер, терминдер, формулалар, суреттер. Бұл көбінесе оқу, лексикалық дағдыларды нығайту және жақсарту үшін қолданылады.
Қолыңызда ыңғайлы орналастырылатын карталар үшін дұрыс өлшемді таңдап алуыңыз керек. Карталарды ұзақ уақыт пайдалану үшін қаттты картон қағаздарына немесе ламинаттауға болады. Картаның алдыңғы жағында сөз шет тілінде орналасады, онда транскрипцияны қосуға болады.Артқы жағында сөздің лексикалық мағынасын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz