Қант қызылша дақылына зиян келтірітін зиянкестердің түр құрамы
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қант қызылша дақылына зиян келтірітін зиянкестердің түр құрамы
2. Күресі шаралары және экономикалық зияндылық шегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Кез келген өсімдіктің морфологиясына, орналасқан жеріне, ауруға төзімділігіне қарамастан, өсімдіктердің барлықтай дерлік түрі ауруға бейім келеді. Өсімдіктің жалпы 350 мың түрі болса, соның ішінде Қазақстанда 7000 ға жуығы бар. Қазіргі таңда вирустық, бактериялық, саңырауқұлақтық ауруларға қарсы күрес шаралары жасалып жатыр. Агротехникалық шара,ауруға төзімді сорттар ойлап табу. Қант қызылшасына көп қоректілер және маманданған зиянкестердің көптеген түрлері зиян келтіреді. Қазіргі уақытта қызылшаны зақымдайтын зиянкестердің 300 түрі белгілі. Солардың ішінде 130-дан астамы қатты қанаттыларға, 60 түрі қабыршақ қанаттыларға,40-50түрі тең қанаттылар мен жартылай қанаттылар отрядтарына жатады. Бунақденелілерден басқа организмдерден қызылшаны кәдімгі өрмекші кене мен қызылша нематодасы зақымдайды. Көпқоректі зиянкестерден аса қауіптілері кеміргіш көбелектердің (күздік және жабайы көбелектер) жұлдызқұрттары мен шыртылдақ және тақтамұртты қоңыздардың дернәсілдері. Маманданған зиянкестердің де түр құрамы көп: қызылшаның жапырақ бітесі мен тамыр бітесі,қызылша қандаласы, бізтұмсық қоңыздар мен бүрге қоңыздардың бірнеше түрлері және т.б.
Қант қызылшасында көптеген фитофагтар қоректенеді. Дегенмен айтарлықтай өнімнің төмендеуіне тек қана 30-ға жуық көп қоректі және арнайы зиянкес түрлері әсер етуі мүмкін. Қызылша тұқымына айтарлықтай зиян келтіретін, өсімдіктердің вирус ауруларын таратушы шаншып-сорғыш жәндіктер болып табылады. Арнайы зиянкестер арасынан бүргелер және кәдімгі қызылша бізтұмсығы қауіпті болып саналады.

Теңқанаттылар - Homoptera
Бітелер тұқымдасы- Aphididae
Пемфигия тұқымдасы- Pemphigidae
Қызылша жапырақ бітесі - aphis fabae
Қызылша тамыр бітесі - Pemphigus fuscicornis
Қызылша жапырақ бітесі - aphis fabae (Hemiptera отряды, Aphididae тұқымдасы). Қызылшаны, күнбағысты, асқабақты, бұршақ және алқа тұқымдастарын зақымдайды, сонымен қатар арамшөптермен қоректенуі керек. Есейген дараның денесің балауыз қабаты жапқан. Дене тұрқы - 1,5-3 мм, ал түсі жасыл реңді қара (1-сурет). Жамбасы мен сирағы ақ түсті.
(1-сурет)
Қызылша қандаласы таралатын түрге жатады. Жұмыртқалары шәңшіктің бұтақшасының жоғарғы басында қыстайды. Ерте көктемде температура 8-9[0]С жеткенде негізгі өсімдіктерде дамитын аналық орналастырушы туады. 2-4 ұрпақтан кейін бітелер мекенінде қанатты даралар пайда бола бастайды, кейін олар мәдени өсімдіктерге, сонымен қатар қызылшаға ұшып қонады. Бітемен залалданған жапырақтар пішінің өзгертеді, сондықтан қызылша тамыржемісінің салмағы мен қанаттылығы төмендейді, ал тұқымдықта тұқымның шашылуы және оның сапасының төмендеуі байқалады. Сонымен қатар олар қауіпті вирустық арулардың таратушысы болып табылады. Күзде бітелер негізгі азықтық өсімдігіне қайтып келеді және қос жынысты ұрпақ береді. Ұрықтанған аналықтар қыстауға жылтыраған қара жұмыртқалар салады. Бітелер тіршілік аралығында 14-ке жуық ұрпақ береді.
Қызылша тамыр бітесі - Pemphigus fuscicornis Koch. (Homoptera отряды, Aphididae тұқымдасы). Қызылшада және алабұта тұқымдасы арамшөптерінде қоректенеді. Есейген даралары сары түсті, нәзік балауыз қабатымен жабылған. Дене тұрқы 1,5-2,5 мм. Дернәсілдері сарылау - сұр түсті (2-сурет), ұзындығы 0,7-0,8 мм.20-70 см топырақ тереңдігінде қанатсыз аналықтары қыстайды.
(2-сурет)
Көктем мезгілінде пайда болған дернәсілдер топырақ бетіне шығып, азықтық өсімдіктерге қоныстануы мүмкін. Олар ұсақ түптерге жабысады, дернәсілдер және дернәсілдердің терісінен түзілген металл ақшыл реңді қабат пайда болады, сол себептен зиянкестердің саны артқан кезде өсімдіктің жанындағы топырақ ақшылданып кетеді. Қызылша тамыр бітемен зақымдалынған өсімдік тамырлары құрып қалады, жапырақтар сарғайып кетеді, өсімдіктердің өнімі және қанттылығы төмендейді. Өсіп-өну кезеңінде 8-10 ұрпақ беріп дамиды.
Қатты қанаттылыр - Coleoptera
Мирида тұқымдасы -Miridae
Жапырық жемірлер тұқымдасы-Chrysomelidae
Бізтұмсықтылар тұқымдасы- Curculionidae
Кокценеллид тұқымдасы- Coccinelidae
Қызылша кандаласы-Poeciloscytus cognatus
Кәдәімгі қызылша бүргесі- Chaetocnema concinna
Кәдімгі қызылша бізтұмсығы- Bothynoderes punctiventris
Лихачев қоңызы- Bulaea lichatschovi
Оңтүстік қызылша бүргесі- Chaetocnema breviuscula
Шығыс қызылша бізтұмсығы- Bothynoderes foveivollis
Батыс қызылша бүргесі- Chaetocnema tibialis
Түркістандық қызылша бізтұмсығы- Tanymecus palliatus
Қызылша сабақ жемірі- lixus subtilis
Тамыр бариді- Ulobaris laricata
Қызылша кандаласы-Poeciloscytus cognatus Қант қызылшасын, жоңышқаны, майбұршақты, асбұршақты, күнбағысты, көкнарды және т.б. өсімдіктерді зақымдайды.Бунақденелілердің дене тұрқы 3-5 мм, сары-қоңыр түсті. Арқаның алдыңғы жағында екі қара дағы бар. Қанаты мөлдір, ал үстіңгі ортасында сына тәрізді қара дақ орналасқан. Дернәсілдері үлкен дараларына ұқсас, жасыл, қылшықтармен жабылған, сауытында екі қара дақ орналасқан.Мәдени өсімдіктердің және арамшөптердің (көкпек, қызылқұйрық, жусан, т.б.) сабағына, жапырақ кесіндісіне салынған жұмыртқалар қыстайды. Ұрықтың дамуы күзде басталады, ал қыс мезгілінде тоқтатылады да, келесі жылдың көктемінде қайтадан басталады. Ерте көктемде сәуір айының екінші жартысында - мамыр айының басында дернәсілдер туа бастайды. Қандаланың дернәсілі бір айдың төңірегінде дамиды, осы уақыттың ішінде бес жас өтеді де, ересек қандалаға айналады. Ересек жәндік 3 км-дей аралықты игере алады. Аймақтың жағдайларына байланысты зиянкес 3-4 ұрпақ беріп дами алады. Аналықтары маусым айының аяғында жұмыртқаны топ қылып, мәдени өсімдіктерге және арамшөптерге салады. Эмбрионалдық даму 10-16 күнге созылады. Қандала өсімдіктің шырынын сорып, жапырақтың солуын және түр өзгеруін тудырады. Өсу нүктесінде қоректенген қандала төмен қантты тамырдың көпбастылығына, ал күшті залалданған кезде мүшенің зақымданып жойылуына әкеліп соғуы мүмкін. Бұдан басқа, қызылша қандаласы вирустық аурулардың таратушысы болып табылады. Зиянкес 3-4 ұрпақ беріп дамиды.
.
Қызылша сауытты қоңызы - Cassida nebulosa L. (Coleoptera отряды, Chrysomelidae тұқымдасы). (3-сурет)
(3-сурет)
Бунақденелілер қант және асханалық қызылшада, көбінесе көкпекте, алабұта тұқымдасы арамшөптерінде дамиды. Сауытты қоңыз жапырақтарды кеміреді де, оның негізгі жүйкесін қалдырады.Қоңыздардың денесінің түсі қоңыр-сары немесе жасыл ұсақ қара дақтармен, дене тұрқы 6-7 мм. Қанат үсті және алдыңғы арқа денеге қарағанда кең болып келген және қоңызды басымен бірге сауыт жапқан. Аяқтары қоңыр, жамбасы қаралау. Қанаттың үстінде түзу қатарлы нүктелері бар. Қанат үстінің бүйір қырларының орта бөлімі жуан болып келген. Дернәсілі сары-жасыл жалпақтау, дененің бүйірінде айтарлықтай ірі тісшелі өсінділер бар, осы өсінділердің артқы екеуі едәұір ұзын болып келген. Дернәсіл құрсағының ұшы жоғары қарай иілген.Бунақденелілер ерте көктемде шыға бастайды. Сәуір айында аналықтары жұмыртқаларын үймелеп, арамшөптердің, алабұталылар тұқымдасының жапырағына салады да, жұмыртқалардың үстін өзінен бөлініп шығарылған жартылай мөлдір шажырқаймен жабады. Бір аналықтың орташа өсімталдығы 200 жұмыртқа. Эмбрионалдық даму 10-12 күнге созылады. Дернәсілдер 2-3 апта ішінде дамиды, содан соң жапырақтардың арасында сары жалпақ тікенекті қуыршаққа айналады. Қоңыздардың бірінші ұрпағы шілде айында, ал екінші ұрпағы тамыз айының аяғында пайда болады. Қоңыздардың екінші ұрпағы қыстауға қалады.
Қызылша бізтұмсықтары: кәдімгі (Bothynoderes punctiventris Germ.), жолақты (Chromoderus fasciatus Mull.), ақшыл (Chromoderus declivis Ol.), шығыс (Bothynoderes foveicollis Gebl.) және сұр (Tanymecus palliatus F.) (Coleoptera отряды, Curculionidae тұқымдасы). Соңғы екеуі Қазақстанда көп тараған.Кәдімгі қызылша бізтұмсығы қара түсті, денесі сұр қабыршақпен және түктермен жабылған. Қанатының үстінде екі қара қисық дақтары және де екі ақ дөңесі бар. Бастүтігі қысқа. Дене тұрқы 10-15 мм. Жолақты қызылша бізтұмсығы түсі қара, денесін сұр - қара қабыршақтар және түктер жапқан. Қанаттың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz