Астық қоңыздары


Жоспары:
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім . . . 4
2. 1 Дәннің сұр көбелегі . . . 4
2. 2. Астықтың барылдық қоңызы . . . 6
2. 3. Сүлікше қоңыз қызыл кеуделі . . . 8
Қорытынды . . . 10
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 11
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Астық дақылдарына зиян келтіретін кеміргіш бунақденелілердің таралуы, биологиясы, зияндылығы
Орындаған:
Тобы :
Қабылдаған:.
Алматы 2019
Кіріспе
Астық тұқымдасы, қоңырбастылар (лат. Poaceae) - дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Жер шарында кең тараған. 650-дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Астық тұқымдасының тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы, жүгері, т. б. ) . Сабақтарының ұзындығы 1 - 2 см-ден 30 - 40 м-ге дейін, ал жуандығы 0, 5 мм-ден 20 - 30 см-ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары - жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық тұқымдасының гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан - шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі - бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша. Жеміс қабығы (қауызы) тұқымға жабысып тұтасып біткен. Астық тұқымдасы түптену түрлеріне байланысты тамыр сабақты, селдір түпті және тығыз түпті болып үш топқа бөлінеді. Тамыр сабақты Астық тұқымдасының түп өскіндері түптену буынына тік (перпендикуляр) бағытта шығып, өсімдік сабағына қатарласа өседі (мыс., бидайық, айрауық, қамыс, т. б. ) . Селдір түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетіне жақын орналасады (мыс., арпабас, сұлыбас) . Тығыз түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетінде өседі (мыс., бетеге, қау, селдірек) . Астық тұқымдасы шабындық пен жайылымдықтарда өсімдіктердің 1/3 бөлігін, орманды және далалы аймақтарда мал азығының 1/2 бөлігін құрайды. Астық тұқымдасытары сабандарын қағаз, тоқыма, химия өндірістері мен құрылыста қолданады. Сондай-ақ оларды мәдени орындарды көгалдандыру және құм тоқтату үшін де өсіреді.
Негізгі астық тұқымдас дақылдар бидай, қара бидай, арпа, сұлы, жүгері, тары және күріш. Тары, күріш және қарақұмық пайдалану түріне қарай жармалық дақыл болып есептеледі. Дәнді дақыл - адам үшін негізінен нан, өнеркәсіптің көптеген саласына шикізат, мал үшін жем. Адам тамағы үшін кең тараған бидай мен күріш. Жер шарындағы халықтың 70-ке жуығы бидайды, қалғаны күрішті азық-түлік ретінде пайдаланады. Бұл дақылдарда белок пен углевод көп. Сондай-ақ онда ферменттер, В тобындағы витаминдер, А провитамині бар. Астықтан нан пісіреді, макарон, кондитер өнімдерін, тағамдық құнарлы азықтар, консервілер әзірлейді, сыра дайындауға, спирт, крахмал алуға т. б. пайдаланады. Астық мемлекеттердің негізгі азық-түлік қоры және шетке шығаратын өнімі. Оның мал азығы үшін де мадызы зор. Біздің елімізде бидайға және басқа да дәнді дақылдарға кең көлемді жер бөлінген.
3
Негізгі бөлім
2. 1. Дәннің сұр көбелегі- Apamea anceps Schiff. Кең таралған зиянкес. Жоғары дәрежеде зақым келтіруі Солтүстік және Батыс Қазақстанның далалық аймақтарын қамтиды: Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе облыстары. Көбелек бір ұрпақ беріп дамиды. Соңғы (VIII) жастағы жұлдызқұрты топырақтың 5-10 см тереңдігінде, өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Көктемде, әдетте, сәуірдің ІІ-ІІІ-ші онкүндігінде жұлдыөқұрттары топырақ бетіне шығып, жабайы және егістік дәнді дақылдарымен қоректенеді. Қуыршақтануы мамыр айының ортасынан бастап маусым айының бірінші онкүндігіне дейін жүреді. Қалыпты ауа-райы жағдайында көбелектердің ұшуы маусымның ортасынан басталады. Көбелектер дәнді дақылдардың шырынымен қоректенеді. Олар тек түнде белсенді тіршілік етеді. Жұмыртқасын олар тек бидай, арпа, жабайы және егістік дәнді дақылдардың үстіне салады. Орташа алғанда, көбелек 400-600 жұмыртқа салады (ең көбі 2500 жұмыртқа) . Жұмыртқалардың дамуы ауа температурасына байланысты 5-15 күн ішінде аяқталады. Жаңадан шыққан жұлдызқұрт гүл масағымен қоректенеді. Үш жасқа жеткеннен кейін, жұлдызқұрт бір масақ түйінінн екіншісіне көшеді. 4-ші жастан бастап, олар: күндіз жапырақтың шырышты қабаттарына, ал содан кейін топырақтың беткі қабатына көтеріліп, түнде масаққа қарай көтеріліп, дәнмен қоректенеді. Жұлдызқұрттары негізінен бидай, қара бидай, арпа, сондай-ақ қызылот, еркекшөп, тамырсыз бидайықты зақымдайды. Оның дамуы 8 жаста өтеді. Бір жұлдызқұрт дамуының барлық кезеңінде 2 г астықты жояды. Зияндылық шегі олардың саны, қоректену ұзақтығы, бидайдың пісіп-жетілуі кезінде ауа райы жағдайлары және басқа да факторлармен анықталады. Құрғақшылық жылдары астық шығымы төмен болады, себебі дәндер тез пісіп, жұлдызқұрттардың қоректенуіне келмейді. Суық жаңбырлы ауа райы, жұлдызқұрттың ұзақ уақыт бойы қоректенуіне жағдай жасап, өнім шығынын жоғарылатады. Көбелектің санын азайтуда паразиттер мен жыртқыштардыңмаңызы зор, қазіргі уақытта олардың 40-тан астам түрі белгілі. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - шабандоздар менкірпі шыбындар: Meniscus agnatus Grav., Rogas dimidiatus Spin, Tachina sp. және басқалары
1-сурет. Дәннің сұр көбелегі- Apamea anceps Schiff
4
Астықтың сұр көбелегі - Apamea anceps Schift. Көбіне зиянды бидайға тигізеді, қара бидай, арпаны зақымдайды, жиі - жүгері мен сұлыға зақым келтіреді. Жоғары жастағы дернәсілдер топырақтың беткі қабатында және өсімдік қалдықтарында қыстап шығады. Көктемнің басында жұлдызқұрттар шығып, астықтың жапырақтармен қоректенеді. Көктемнің соңында топырақта қуыршақтанады. Қуыршақтану 1 айға созылады. Көбелектердің ұшып шығуы жаздық бидайдың түптену кезеңіне сәйкес келеді. Жылына бір ұрпақ беріп дамиды .
2-сурет. Астықтың сұр көбелегі - Apamea anceps Schift.
Астықтың жолақ бүргесі-Phyllotreta uittula Redt. (Coleptera-қатты қанаттылар отряды, Chrysomelidae-жапырақ жемірлері тұқымдасы ) .
Ұсақ қоңыздар, дене ұзындығы-2мм -дей, қара түсті, үстіңгі қанаттарында сары созылмалы жолақтары бар, артқы аяғы секіргіш. Дернәсілдері ақшыл сүр, кеуде және анальдық қақпандары ақ, ұзындығы-4-5мм.
Ересек жәндіктер жердің үстінгі бетіндегі топырақ астында ағаш шоқтарында, межелнрде, сайларда қыстайды. Топырақ жылысы мен кодрен жапырақтары, күздік дақылдар және жабай астық тұқымдастарымен қоректенеді. Жаздық бидайдың, арпаның, күздік қара бидайдың өскіндері шыға бастағаннан бастап, егістік жерлерге жаппай тарайды. Әсіресе мамыр айының 1-2 онкүндігінде астық дақылдарының өскіндерінде қыстап шыққан қоңыздар көп болады.
3-сурет. Астықтың жолақ бүргесі-Phyllotreta uittula Redt.
5
Қоңыздар жапырақ паренхимасымен кеміріп қоректенеді, осының нәтижесінде ол жапырақ кеуіп қалады. Жапырақ беті 25-30 проценттен артық зақымданса, өнім шығыны елеулі болады.
Күресу шаралары. Себу уақытын қолайлы мерзімде өткізудің маңызы зор. Құрғақ ыстық ауа райы жағдайында мамыр айының 1-2 онкүндігінде шыққан өскіндер үшін (үшінші жапыраққа дейін) қоңыздар өте қауіпті. Өсімдіктердегі қоңыздар санын 8-16 үлгілерде (әр үлгі 0, 25м) есептеп, жапырақ бетінің зақымдануын анықтайды немесе энтомологиялық аулағыш пен 10 жерде 10 рет сермеп қағып жүргізеді. Астықтың жолақ бүргесінің тығыздығы 300-400 қоңыз/м асса немесе жапырақ зақымдануы 25процент көп болса, өскіндерге нақты айқын қауіп туады. Инсектицидтерді(« Тізім ») тәртібі бойынша қолданады.
Астықтың барылдақ қоңызы -Zabrus tenebrioides Goere. (Coleoptera-қатты қанаттылар отряды, Carabidae-барылдақ қоңыздар тұқымдасы) .
Ересек қоңыздар шымқай қара түсті, үстіңгі қанаттарында нүктелі терең әжімдер болады, дене ұзындығы-14-16мм. Дернәсілдердің дене ұзындығы-28мм-ға жетеді, бас бөлімі және көкірек бунақтары қара қоңыр немесе сұрша жасыл болуы мүмкін.
Дернәсілдер топырақта қыстайды. Қуыршақтану топырақтың үстіңгі қабатында өтеді. Ересек қоңыздар күздік бидайдың дән трғысу кезеңінде пайда болады. Ыстық және құрғақ ауа райы әсерінен қоңыздардың өсіп-өнуінде 1 айға жуық созылатын үзіліс туады. Тамыз айында қоңыздар жұмыртқаларын топыраққа топтап 10-15 данадан салады, барлығы 100 жұмыртқа. Қоңыздар мен дернәсілдер зиян кесті, бірақ негізінен дернәсілдер қатты зиян келтіреді, өсеіндер мен жас өсімдіктерді құртып тастайды. Түнде қоректенеді. Ересек қоңыздар дәнді, масақ қабыршықтары жеп қояды. Дернәсілднр өскіннің жапырағын жеп, оларды топырақтың жоғарғы қабатына тасиды. Зақымданған жапырақтар түте-түтесі шығып, түйір-түйір шайнап тастаған талшыққа ұқсайды. Дернәсілдердің зақымдануынан егін көгі сиреп қалады. Барылдақ қоңыз астық дақылдарының көптеген түрлерімен қоректенеді, әсіресе күздік бидайды көбірек зақымдайды. Жылына бір ұрпақ береді.
4-сурет. Астықтың барылдақ қоңызы-Zabrus tenebrioides Goere
6
Күресу шаралары. Барылдақ қыздардың өсіп-өніп көбеюіне бидайды жыл сайын бір жерге өсіре беру қолайлы жағдай туғызады. Алғы дақыл есебінде жақсылары - ол сүрі жер, отамалы дақылдар. Өнімді мезгілінде ысырап істемей жайнап алудың үлкен маңызы бар. Дернәсілдердің 8-16 топырақ үлгілерінде (әр үлгі 0, 25м) 15см тереңдікке дейін қарап есептейді. Күздік бидай танабында 1-5 дернәсіл/м табылса, инсектицидтер қолдану керек.
Астық қоңыздары. Кресті-Anisopliа aqricola Poda., кузъка A. austriaca Hbst, . красун- A. seqetum Zoubkoui Kryn. Scarfbaeidea-тақтамұрттылар тұқымдасы, Coleprera-қоңыздар отряды.
Кузька қоңызының қанаттары қызыл күңгірт, кеудеге қарай төрт бұрышты дақ болады. Дене ұзындығы-12-15мм. Кресті қоңызда ашық сары, жирен крест немесе әкір тәріздес суреттері бар. Дене ұзындығы -11-13мм. Красун қоңыздың үстінгі қанаттары қоңыр сары түсті, бұйір жақтарында қылшықтар орналасады. Дене ұзындығы-11-13мм. Барлық қоңыздардың балан құрттары С тәрізді, қалың етті, үш жұп аяқтары бар, үзындығы-35мм.
Кузька мен кресті қоңыздар 2 жылда 1 ұрпақ беріп дамиды . Баланқұрттардың даму ұзақтығы 22 ай. Красун құрттарының баланқұрттары 10 айда дамиды.
Қоңыздар алғашқы уақытта күздік бидайды, кейін жаздық астықтарды, жатаған бидайықты зақымдайды. Олар бидайдың, арпаның, қарабидайдың жұмсақ, өнбеген дәндерімен қоректенеді. Масаққа көтерілгенде қоңыздар артқы аяқтары мен қатты дәнді ұшырып түсіреді.
3-сурет. Кресті-Anisopliа aqricola Poda
Күресу шаралары. Астық дақылдарды қайта-қайта өндіруден олардың саны көбейеді. Бидайдан кейін отамалы дақылдарды орналастыру керек. Отамалы дақылдардың қатар аралықтарын өңдеу, тыңайтқыш енгізу, үстемелеп қоректендіру баланқұрттардың санын азайтады. Ерте сыдыра жырту, кеш сыдыра
7
жыртуға қарағанда тиімдірек, себебі баланқұрттар топырақтың төменгі қабатына көшіп үлгермейді. Тексеру нәтижесінде гүлдену-дән қалыптасу кезеңінің басында 1 шаршы метрге қоңыздар саны3 данадан астам болса, егістіктерді инсектицидпен өңдеу керек(« Тізім бойынша») .
Сүлікше қоңыздар-қызыл кеуделі-Oulema melanopuz L . . . көк- Lema lichensis Voet. (Cjleoptera-қатты қанаттылар отряды, Chrysomelidae-жапырақ жемірлері тұқымдасы) . Біріншісі-түсі жасылдау көк қоңыз, алдыңғы арқасымен аяқтары сарғылт қызыл, жоғарғы қанаттарында параллелді орналасқан нүктелер болады. Дене ұзындығы-4-4, 8мм. Екіншісі-алдыңғы арқасы кеуденің басқа бөліктерінен айырмашылығы жоқ, дене ұзындығы-3-4мм. Дернәсілдің құрсақ жақ бөлігі көтеріңкі, қара қоңыр шырышпен қапталған, 3 жұп кеуде аяқтары бар. Дернәсілдің дене ұзындығы-5мм-ге дейін болады.
Жылына бір ұрпақ береді. Қоңыздар топырақта немесе өсімдік қалдықтарында қыстайды. Өсіп-өну және көбею үшін көктемгі-жазғы мерзімдегі ылғалды және жыл ауа райы өте қолайлы. Ұрғашы жәндіктер жүмыртқаларын 3-7 данадан тізбектеп салады, барлығы 200 жұмыртқа. Дернәсілдер сұлыға, арпаға, қатты бидайға едәуір зиян келтіреді. Жапырақ жұмсағымен қоректенеді, жапырақ талшықтары мен эпидермиске көп тимейді. Қоңыздар жапырақтарды саңылау және ұзынша келген ақ жолақтар жасап зақымдайды. Зақымданған жапырақтар сарғайып қалады, ассимиляция барысы төмендейді.
Күресу шаралары. Сүлікше қоңыздарды және олардың дернәсілдерін 8-16 үлгілерде(әр үлгі 0, 25м) өсімдіктерді қарап есептейді. Жаздық астық дақылдарының түптену кезеңінде 10-15 қоңыз/м күздік дақылдарында 40-50 қоңыз/м, түптену кезінде 1 сабақты 0, 5-1 дернәсіл табылса, химмялық күрес шараларын жүргізу керек. Инсектицидтермен бүрку(«Тізім») реглменті бойынша жүргізілуге тиіс.
Астық қоңыздары. Тақтамұрттылар (Scarabaeidae) тұқымдасына жатады. Кең таралған үш түрі белгілі - кузька қоңызы (Anisoplia austriaca Hrbst. ), кресті қоңыз (A. аgricola Poda. ) және красун қоңызы (A. segetum Hrbst. ) . Қазақстанның далалы аймағында кездеседі. Саны жағынан Павлодар, Шығыс Қазақстан, сондай-ақ республиканың батыс өңірінің далалы аймақтарындакең таралған. Солтүстік Қазақстанда кездеспейді.
Жас қоңыздардың топырақтан шығуы, күздік дақылдар дәнінің толысу кезеңіне сәйкес келеді. Ерте пайда болған жағдайда, олар бидайық түрлерімен қоректеніп, кейін дәнді дақылдарға ұшады. Қоңыздардың пайда болу уақыты метеорологиялық жағдайларға байланысты өзгеріп тұрады. Ыстық жылдары олар ерте пайда болады. Кейде қоңыздар күздіктерді жинау қарсаңында пайда болады. Бұл жағдайда, олардың негізгі бөлігі жаздық бидайдың масағында шоғырланады. Қоңыздар күздік бидай, жаздық бидай және арпаның жұмсақ дәнімен қоректенеді. Жабайы шөптердің ішінде атқонақ, бидайық, еркекшөп дәндерімен қоректенеді. Қоңыздар жылу сүйгіш, таңертеңгі сағат 8-9 дан бастап
8
олар белсенді. Олар бір ай өмір сүреді. Туылғаннан 1-2 апта өткен соң
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz