Фазия шыбындары
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім 2.1. Қосқанаттылардың негізгі топтары және олардың сипаттамасы, жіктелу жүйесі
2.2. Тахиналар немесе кірпі шыбындар тұқымдасы, таралуы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бөжектер, (Insecta) - буынаяқтыла типіне жататын омыртқасыз жануарлар класы. Қазба қалдықтары девон кезінен белгілі. Филогенетикалық шығу тегі көп аяқтыларға жақын, арғы тегі сақиналы құрттар деп есептелінеді. Жер шарында кең тараған 1 млн - дай түрі анықталған (барлығы 1,5 - 2 млн. түрі болуы мүмкін).
Бөжектер екі класс тармағына бөлінеді: алғашқы қанатсыз бөжектер және қанатты бөжектер. Қазақстанда 2 класс тармағына жататын 28 отряды 550 - ден астам тұқымдасы бар. Бұлардың дене тұрқы бірнеше мм-ден (ең майдасы - трихограмма - 0,2 мм) - 33 см - ге дейін болады. Бөжектердің ең басты ерекшелігі - денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Денесін тығыз кутикула (эпителий клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша) жапқан. Басында екі күрделі фасеттік көздері, қарапайым майда көзшелері, екі мұртшасы болады. Ауыз құрылысы қоректену әдісіне қарай: инеліктер, тарақандар, дәуіттер, қоңыздардың аузы кеміруге; көбелектер, шыбындардың аузы сұйық қоректі соруға; өсімдіктердің шырынымен және адамның, жануарлардың қанымен қоректенетін маса, бит, қандала, цикада, т.б. аузы шаншып-соруға бейімделген. Бөжектердің кейбір түрінде аузы болмайды (бөгелек, біркүндіктер). Үш бунақты (алдыңғы, ортаңғы және артқы) кеудесінде (әр буынында жұптан) алты аяғы болады, бөжектердің ежелгі атының алтыаяқтылар (Нexapoda) деп аталуы осыған байланысты. Аяқтары жамбасша, ұршықбас, сан, сирақ және табаннан тұрады. Бөжектердің жүруге, жүгіруге (тарақан, қоңыздарда, т.б.); секіруге (шегіртке, шекшек, бүргелер); жүзуге (жүзгіш қоңыздар, т.б.); қазуға (бұзаубас, т.б.); жемін ұстауға (дәуіт, т.б.); гүл тозаңын жинауға (бал арасы) бейімделген аяқтары болады. Ортаңғы және артқы буынында бір-бір жұп қанаттары бар. Тек қосқанаттыларда артқы кеуде буынындағы қанаттары - ызылдауыққа айналған. Жәндіктердің басым бөлігінде ұшуға екі жұп қанаттарын (көбелектер, инеліктер, торқанаттылар, т.б.), кейбір түрі тек артқы жұбын (қоңыздар, т.б.) ғана қағады. Құрсағы көп бунақты, кейбір түрінде 11 бунақты. Құрсағында аяғы болмайды, бірақ олардың қалдықтары рудимент (жұмыртқа салатын мүшесі немесе шаншары, еркегінде - жыныс мүшесі) түрінде сақталған. Бөжектердің бұлшық еті тек көлденең жолақты. Ет талшықтарының саны 1,5 - 2 мыңға жетеді. Бұлшық еттерінің жиырылып - жазылуы бас миымен тығыз байланысты және оларға бұлшық еттен бөлінетін жиырылғыш белок - актомиозин әсер етеді
II. Негізгі бөлім
2.1. Қосқанаттылар негізгі топтарын анықтау және олардың сипаттамасы
Қаттықанатты (Coleoptera), және желпуішқанаттылар (Strepsiptera) топтары Бұл топқа жататын бөжектердің биологиялық дамуы жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ және ересек (имаго) сатылары арқылы өтеді. Кейде толық метаморфоздың күрделенген түрі (гиперметаморфоз) кездеседі. Бөжектердің қанаты дернәсіл кезінде тері астында жасырын дамиды да, тек қуыршақ сатысында ғана айқын көрінеді.
Бөжектердің бұл тобына қатты қанаттылар, тор қанаттылар, қабыршақ қанаттылар, жарғақ қанаттылар, қос қанаттылар отрядтары жатады.
Қосқанаттылар ( Diptera ) - жәндіктер класының бір тобы.
Жер шарында кең таралған, 150-дей тұқымдасы 100 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 2 топ тармағы (ұзын мұрттылар және қысқа мұрттылар), 114 тұқымдасы, 5 мыңға жуық түрі бар. Қазба қалдықтары триас кезеңінен белгілі. Атауы қос қанатына орай қойылған (кейбір түрлерінің қанаты жоқ), көздері фасетке ұқсайды. Мұртшасы үш не одан да көп бунақтан тұрады. Аузы шаншып тесуге, жалауға бейімделген. Толық түрленіп дамиды. Дернәсілі құртқа ұқсас, аяқтары болмайды. Қуыршағы бос жатады не ең соңғы дернәсіл қабығымен (піллә) қапталады. Кейбір қос қанаттылар түрлерінің дернәсілдері өсімдіктер мен жануарлар денесінде өсіп жетіледі, ересек жәндіктер өсімдік шірігімен, жануар қанымен қоректенедіГессен шыбыны, швед шыбыны, ұзынсирақты бақша шыбыны, тері бөгелегі, қарын бөгелегі - аулы шаруашылығы мен мал шаруашылығының зиянкестері. Бірқатар қос қанаттылар пайдалы жәндіктер: гүл шыбыны - өсімдіктерді тозаңдандырады; жеміс шыбыны ( дрозофила ) генетикалық зерттеулерде пайдаланылады; кейбір қосқанаттылар дернәсілдері (тахина) зиянкес жәндіктермен қоректеніп, шаруашылыққа пайда келтіреді; Тіршілігі мен қоректенуі алуан түрлі қосқанаттылардың ішінде адамның және жануарлардың қанын сорып, жұқпалы ауру тарататын, мәдени өсімдіктермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына зиян келтіретін түрлерімен қатар, гүлді өсімдіктердің шырынын сорып, оларды айқас тозаңдатып, паразиттік және жыртқыштық тіршілік ететін энтомофаг түрлері кездеседі. Биологиялық әдіспен өсімдік қорғаудың маңызды түрлері: галлицалар, барылдақ, ызылдақ, кірпі шыбындар, ктырлар, күміс шыбындар тұқымдасына жатады.
Бұл топ ұзын мұрттылар және қысқа мұрттылар деп аталатын 2 топ тармағына бөлінеді.
Қысқа мұрттылар топ тармағы - Brachycera. Бұл топ тармағына жататын қос қанаттылардың денесі қысқа және жуандау, мұршалары да қысқа 3 бунақты, көбінесе қылшықты болады. Дернәсілдер жалған піллә ішінде қуыршаққа айналады. Ашық қуыршақты түрлері өте сирек кездеседі.
Қысқа мұрттылардың түзу тігісті және дөңгелек тігісті шыбындар болып 2 тармаққа бөлінеді. Ересектері қуыршақтан шығар кезде қуыршақ қабы, ұзын мұртты қос қанаттылардікі сияқты түзу тігіс бойымен жарылады, ал екіншілерінде жалған пілләнің үстіңгі жағынан дөңгелек қақпақша арқылы сыртқы ашылады.
Қысқа мұрттылар топ тармағына қос қанаттылардың 82 тұқымдасы жатады.
2.2. Тахиналар немесе кірпі шыбындар туыстасы (Tachinidae).
Денесінің ұзындығы 3-20 мм 1-сурет. Ұзын қыл тәрізді қылшықтар денесін түгелдей жауып тұрады. Дернәсілдері құрт тәрізді, ақшыл немесе сарғыштау, аяқтары жоқ. Қуыршақтары жабық, жалған пілләнің ішінде болады.
1-сурет. Тахиналар немесе кірпі шыбындар тұқымдасы (Tachinidae).
Ересек шыбындар гүлді өсімдіктердің шырынымен, бал шығымен, иелерінің гемолимфаларымен қоректенеді. Шыбындар әсіресе шатыршагүлді өсімдіктерге әуес. Қосымша тамақ ретінде саңырауқұлақтарды және басқада микроорганизмдерді қажет етеді. Дернәсілдердің барлығы дерлік әртүрлі бунақнелердің ішкі паразиттері. Сыртқы паразиттік тіршілік ететіндері өте сирек кездеседі. Тахиналардың дернәсілдері қандалалардың, қоңыздардың (барлық, тақта мұртты, жапырақ жегі қоңыздар) ересектер мен дернәсілдерін, көбелектердің жұлдызқұрттарын залалдайды. Тахиналардың, әсіресе өте маңызды түрлері астықтың аса қауіпті зиянкестері-бақашық, бізтұмсықты, айқышгүлді қандалаларды залалдайды. Оларға жататындар фазия шыбындары: сұр фазия (Alophore subcolloptrafa L): алтын фазия (Clytiomyia helluo F ): шұбар фазия (Phasia crassipennis F.). сонымен қатар тахиналардың көбелектерді залалдайтын түрлерінің маңызы өте зор. Мысалы, эрнестия шыбыны (Ernestia consobrina Mg.) қырыққабат көбелегінің жұлдызқұртын, фороцера шыбыны (Phorocera agilis R.) жұпсыз жібек көбелегінің жұлдызқұртын залалдайды.
Эрнестия (Ernestia consobrina Mg) шыбындары қырыққабат көбелегі жұлдызқұрттарының ішінде паразиттік тіршілік етіп, олардың өсімталдығын 80 пайызға дейін залалдай алады 2-сурет.
2-сурет. Эрнестия шыбыны (Ernestia consobrina Mg)
Эрнестия топырақ арасында жалған піллә күйінде қыстайды. Ересек паразиттер маусым айының аяғында шығады. Ұрғашыларының жыныс бездері жетілуі үшін қосымша қоректенуді қажет етеді. Олардың қоректенуі 20-25 күнге созылады. Осы кезеңде шыбындарды шатыршагүлді өсімдіктердің гүл шоғында жиі кездестіруге болады. Олар шырынмен қоректенеді. Сондықтан қырыққабат егістігінің маңайында гүлді өсімдіктердің болуы эрнестияның нәтижелілігін арттырады. Паразиттер өздерінің дернәсілдерін қырыққабат қоңыр көбелегінің жұлдызқұрттары қоректенетін өсімдіктерге салады. Жұлдызқұрттар сол маңайдан өте бергенде паразиттің дернәсілдері олардың денесіне жабысады, терісін тесіп, ішіне енеді. Эрнестия шыбынының да өсімталдығы өте жоғары-3500 жұмыртқаға дейін барады. Дернәсілдері қырыққабат қоңыр көбелегінің барлық жастағы жұлдызқұрттарына шабуыл жасайды, бірақ солардың ішінде ұнататыны ІІІ жастағы жұлдызқұрттар. Қоректенуін тоқтатып, есейген дернәсілдер иесінің денесінен шығады да, топырақ арасында қуыршаққа айналады. Қырыққабат көбелегі жұлдызқұрттарының паразиттермен залалдануын жоғарғы жастағы жұлдызқұрттардың даму немесе олардың жаппай қуыршақтану кездерінде анықтайды.
Фороцера (Porocera agilis R.) шыбыны сыңар көбелек пен буынтық көбелек жұлдызқұрттарының бейімделген сыртқы паразиті. Паразит шыбындардың әрекеті, әдетте зиянкестердің жоғарғы жастағы жұлдызқұрттарының даму кезеңінде немесе олардың қуыршаққа айналған кезінде білінеді. Фороцераның даму кезеңі біржылдық. Олар маусым айынан бастап, келесі жылғы көктемге дейін диапауза күйінде жатады. Шыбындар қыстаған мекендерінен маусым айының басында сыңар көбелектің екінші және үшінші жастағы жұлдызқұрттарының дамуы кезінде шығады. Фороцера ұшып шыққаннан кейін 5-7 күн өткен соң жұмыртқалауға кіріседі. Шыбындар жұмыртқаларын үшінші-бесінші жастағы жұлдызқұрттарда аяқтайды да топырақ арасына жалған піллә жасап, сонда қыстайды. Блепфарипода ( Blevariphoda schineri Mesn) сыңар көбелек пен буынтық көбелек жұлдызқұрттарының ішкі паразиті. Шыбындардың жыныс мүшелерінің жетілуі бір айға созылады және ол үшін олар міндетті түрде долана, шеңгел, сүттіген және басқа гүлді өсімдіктердің гүл шырындарымен қоректенуі керек. Блефариподаның өсімталдығы өте жоғары - 1 аналық шыбын 500 жұмыртқаға дейін салады. Жұмыртқаларын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz