Дәрілік өсімдіктердің химиялық, формакологиялық құрамдары
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Дәрілік өсімдіктердің химиялық, формакологиялық құрамдары.
2. Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері.
3. Дәрілік өсімдіктерді дайындау, ұйымдастыру, шикізатты стандарттау.
4.Табиғи ресурстарды қорғау және тиімді пайдалану.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Дәрілік өсімдіктер - медиинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тротерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир малары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына баланысты. Өсімдік организмі өзінің химиялық құрамы және атқаратын қызметі жағынан өте күрделі. Табиғатта тек өсімдіктер ғана органикалық емес заттардан органикалық заттар түзе алады, ал оларсыз адамдардың және жануарлардың тіршілік етуі мүмкін емес. Өсімдіктер танқаларлық әртүрлі зат алмасу процесіне және көмірқышқыл газынан, судан және органикалық емес зат қосылстарынан алуан түрлі қосылыстарды синтездеуге қабілетті.
Дәрілік өсімдіктердің химиялық, формакологиялық құрамдары.
Дәрілік өсімдіктердің пайдаланылатын мүшелерінде немесе жеке бөлшектерінде фармакологиялық белсенді заттардың көптеген түрлері, яғни комплексі болады. Солардың арасында бір немесе бірнеше өсімдіктің медициналық қажеттігін анықтайтын негізгі фармкологиялық белсенді заттарын ажырату қажет. Осындай негізгі фармакологиялық белсенді заттарды әрекеттегі заттар деп атайды.
Осындай әрекеттегі заттардан басқа заттардың барлығын бірлесіп еріп жүретін (сопутствующие) заттар деп атайды. Мұндай бірлесіп еріп жүретін заттардың ролі және маңызы әрқалай болуы мүмкін. Ол заттардың кейбіреулері организмге пайдалы болуы мүмкін. Мысалы, витаминдер, органикалық қышқылдар, минералды заттар, қанттар және т.б. Кейбір бірлесіп еріп жүретін заттар әрекеттегі заттардың фармакологиялық әсеріне, сапасына тиімді әсер етуі мүмкін. Мысалы, сапониндер наперстянка өсімдігі жапырағының құрамында кездесетін жүрек гликозидтерінің тезірек еріп сіңірілуіне және олардың әсерін тездеуге қолайлы жағдай жасайды. Ал еритін немесе ісінетін полисахаридтер, илік (дубильные) заттар, керісінше, әрекеттегі заттардың шипалық тиімді әсерінің мерзімін ұзартуына алып келуі мүмкін. Пайдалы әрекеттегі заттармен қатар кейбір дәрілік өсімдіктерде зиянды заттар да болуы мүмкін. Мысалы, жаңа жинаған итшомырт (Крушина-Frangula) қабығында - антропол, кенедән (Клещевина- Ricunus) құрамында - токсильбумин және т.б. кездеседі.
Сондықтан, пайдалы және зиянды бірлесіп еріп жүретін заттарды ажырата білу керек. Кейбір өсімдіктер құрамында негізгі әрекеттегі заттардың сапасына әсер етпейтін фармакологиялық бейтарап заттар да кездеседі. Ондай заттарды балластар деп атайды. Бірақ та балластық заттар деген ат тек шартты түрде ғана. Өйткені қазіргі заманда әрбір өсімдікті экономикалық тұрғыдан 100% тиімді пайдалану керек. Яғни өсімдік шикізатының барлық пайдалы заттарын пайдалана білу керек. Мысалы, кейбір дәрілік өсімдіктің ББЗ алып медицинада қолданумен шектелмей, ол өсімдік құрамындағы ағаштанып кеткен клетчатканы қағаз, кардон алуға пайдалану қажет.
Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы алуан түрлі. Олардың құрамында көптеген биологиялық (фармакологиялық) белсенді, индиферентті (бейтарап) және балласты заттар бар. Шындығына келгенде, табиғатта адам организмі үшін абсолютті бейтарап өсімдік жоқ. Мәселе олардың әсер ету күйінде, сипатында, мөлшерінде. Соған байланысты кейбір белгілі өсімдіктер дәрілік өсімдіктерге қатарына жатқызылады. Бірақ та көптеген дәрілік өсімдіктерге жатпайтын, дегенмен тамақ ретінде, халықтық - - медицинада қолданылатын өсімдіктер де жеткілікті. ТМД елдерінде, соның ішінде, әсіресе Россияда бұрыннан белгілі 2000 дәрілік өсімдіктер түрлерінен 500 дәрілік өсімдікке ғана осы уақытқа дейін толық фитохимиялық талдау жасалды. Қалған дәрілік өсімдіктер туралы тек жалпылама, яғни оларда қандай әсер ететін заттар бар екендігі туралы ғана мәліметтер бар. Демек, олардан ББЗ бөліп алынғанымен, олардың химиялық структурасына толық талдаулар жасалынбаған.
Дәрілік өсімдіктердің биологиялық белсенділігінің спектрі оларда әртүрлі химиялық кластарға, топтарға жататын эфир майларының, флавоноидтардың, полифенолдардың, полисахаридтердің және т.б. заттардың болуына байланысты. Дәрілік өсімдіктердегі әртүрлі заттардың саны оннан бірнеше жүзге дейін болуы мүмкін. Өсімдіктің фармакологиялық әрекеттілігі сол нақты өсімдіктің нақты химиялық құрамында тікелей байланысты. Сонымен заттар дәрілік өсімдіктің шипалық қасиеті жоғарыда келтірілген заттардан, басқа кейбір әлі толық анықталмаған фармакологиялық әсері бар заттардың болуына (антрогликозидтер, алкалоидтар, стероиды қосылыстар және т.б.) байланысты. Мұндай заттар тек кейбір дәрілік өсімдіктер түрлерінің құрамында ғана кездеседі, ол заттар бұл өсімдік түрлеріне өте тар белгілі биологиялық белсенділік береді (мысалы, кардиотоникалық, нейротроптық, адаптогендік және т.б.). Мұндай заттардың белсенділік дәрежесі мен сипатына байланысты кейбір дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктер қатарына жатқызады.
Дәрілік өсімдіктердің ББЗ топтастыруға болады. Яғни, әртүрлі химиялық кластарға жатқызуға болады: терпеноидтар, фенолды қосылыстар, алкалоидтар, липидтер, моно және полисахаридтер және т.б. Бұлайша бөлу ғылыми тұрғыдан әрине дұрыс, бірақ та практикаға берері шамалы. Сондықтан әрбір кластар химиялық топтарға және топтар тармақтарға бөлінеді. Өсімдік химиялық құрамы жағынан өте күрделі жүйе. Енді өсімдік химиясының негізгі зерттеу объектілері болып саналатын кейбір органикалық қосылыстарға қысқаша сипаттама беріп кетейік
Дәрілік өсімдіктерден алынатын шипалық қасиеті бар шикізатын толық зерттеу фармакогнозия ғылымы зерттейтін басты мәселелер болып табылады. Фармакогнозия-мамандардан химия мен ботаниканы, сонымен қатар медицинаның бір қатар салаларын білуді талап ететін күрделі ғылым. Фармакология ғылымының өкілдері де дәрілік өсімдіктерді зерттеуде қалыс қалмайды. Фармакология-өсімдіктерден және химиялық жолмен алынған дәрілік заттардың жануарлар мен адам организміне әсерін зерттейтін ғылым. Фармакологтар квалификациясы бойынша дәрігерлер.
Жаңа дәрілік өсімдікті фармакогнозиялық зерттеу - бұл өсімдікті медицинаға енгізудің алғашқы сатысы. Екінші саты - фармакологиялық зерттеу нәтижесінде өсімдік улы ма, улы болса қандай дәрежеде және қанша мөлшерде улы екенін анықтайды. Осыдан кейін фармакологтар дәрілік препараттың лабораториялық жануарлар организмдерінің қызметіне - жүректің жұмысына, жүйке жүйесіне, тыныс алу және асқорытуға физиологиялық әсерін анықтайды.
Фармакологиялық, химиялық және басқа да зерттеулер аяқталып, жаңа емдік препараттың негізгі қасиеттерімен улылық дәрежесі анықталған соң, оны ауруханада клиникалық сынақтан өткізуге беріледі. Клиникада дәрігерлер жаңа препараттың тағдырын шешеді. Алынған барлық нәтижелерді басқа препараттармен салыстырады, осындан кейін бұл препаратты денсаулық сақтау министрлігі бекітіп, химико-фармацевтикалық зводтарға препаратты дайындау туралы тапсырма беріледі.
Дәрілік өсімдіктің табиғи өсетін жерінен науқасқа дейінгі әдеттегі жолы осындай болады. Осы секілді фармацевтер мен химиктердің зерттеулерінен кейін дәрілік өсімдіктегі емдік қасиеті бар қосылыс анықталғанан кейін бұл қосылысты лабораторияда бөліп алып, құрылысын өзгертіп, жақсартуға болмас па екен? деген сұрақ туындайды. Бұл ойлар бұрыннан-ақ зерттеушілерде болған және дәл осы ойлардың дамуына барлық синтетикалық дәрілер химиясы тәуелді.
Мүлде жаңа, табиғатта бұрын соңды болмаған қосылыстарды жасап, олардың жануарлар организіміне әсерін зерттеп, сол препараттармен адамдарды емдей бастауға болады. Қазіргі күні осының барлығы әлемнің көптеген зертханаларында жүзеге асуда. Мұнда заттың құрылысы мен оның биологиялық белсенділігі арасындағы белгілі байланыс анықталады. Осы білімді пайдаланып органикалық молекулалардың бағытталған синтезі арқылы бізге қажетті белгілерге ие биологиялық белсенді заттарды алуға болады.
Қазіргі кезде емдік препараттар ретінде өсімдіктерден жеке биологиялық белсенді заттарды бөліп алу мен пайдалану сонымен бірге жаңа дәрілік заттарды талдау жаңа емдік препараттарды жасаудағы ғылыми жұмыстың басты бағыттары болып есептеледі.
Алайда, химиктер, фармакологтар мен клиницистер қызық бір жағдайға тап болды: дәрілік препараттың тиімділігі барлық кезде оны тазартқанда артпайтыны анықталды. Мысалы, таза аскорбин қышқылы итмұрын жидектерінен жасалған сығындыны толық алмастыра алмайды. Итмұрын жидектерінде С витаминінен басқа каротин, В2, К, Р витаминдері, қанттар, илік заттар мен органикалық қышқылдар болады. Витаминдердің табиғи комплексі басқа заттармен бірге таза аскорбин қышқылына қарағанда басқаша әсер етеді.
Көптеген жағдайда фармацептикалық өндіріс дәрілік өсімдіктерден алынатын заттарды қазіргі күні талданған заттармен алмастыра алмайды. Өсімдіктерден алынған дәрілік препараттардың химиктер зертханада талдаған заттардан бір қатар айырмашылықтары бар. Ең бірінші артықшылығы - бұл заттар тірі клеткада түзіледі. Өсімдіктер мен жануарлар клеткалары арасында айтарлықтар айырмашылықтар болғанымен, бір қатар ұқсастықтары (өсімдіктердің де, жануарлардың да денелерін құрайтын негізгі құрылымдық бірліктер) да бар. Бұлардың тек клеткаларының құрылысы ғана емес, сонымен қатар клеткаларда жүретін көптеген маңызды биохимиялық процестерде ұқсас келеді. Тірі клеткада болатын әр түрлі текті биологиялық белсенді заттар олар улы болса да химиктің қолбасында алынған кейбір заттар секілді жануарлар мен адамдардың тірі клеткаларында барлық химиялық реакцияларды бірден өзгертіп жібермейді.
Өсімдіктерде түзілетін және емдік препараттар ретінде қолданылатын бұл заттардың ерекшеліктері өсімдіктерден алынатын дәрілік препараттардың екінші артықшылығы болып табылады. Жануарлардың дамуы мен эволюциясы өсімдіктердің эволюциясымен тығыз байланысты. Жануарлар өсімдіктер сияқты өз денелерін бейорганикалық заттардан түзе алмағандықтан, органикалық заттармен (өсімдіктер, басқа жануарлар) қоректенеді. Сәйкесінше, жануарлар миллиондаған жылдар бойы өсімдіктермен қоректенуге және олардан өз денелерін түзуге бейімделді. Өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы дәл осы тікелей қоректік байланыс өсімдіктердің химиялық құрамы және жануарлар мен адамдардың барлық мүшелерінің қалыпты жұмысы арасындағы тығыз байланыстың себебі болып табылады.
Болашақтың фармацевтикалық химиясының жағдайы қандай болатының болжау өте қиын, алайда, қазіргі күні ол тірі табиғатпен салыстырғанда тиімсіз жұмыс жасауда. Егер тірі клеткада ең қиын процестер айтарлықтай жоғары емес температурада, сирек 25-30 С-та қалыпты қысымда, көп энергия жұмсамай жүрсе, зертханадағы синтетикалық процестер өте күрделі аппараттарда жоғары температура мен қысымда, көп энергия жұмсап жүзеге асады. Көп жағдайда синтездеу үшін материал ретінде сүрек, тас көмір мен мұнай алынады. Ал өсімдіктер болса органикалық заттарды су, СО мен топырақтағы минералды заттар сияқты қарапайым заттардан түзеді.
Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері.
Қазақстанның өсімдік әлемі әр түрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Дәрілік препараттардың 40 пайызынан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған. Шөптерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы әсерінің аздығымен және көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді.
Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері ерте заманнан (Египет, Үндістан, Қытай, Греция) белгілі. Дәрілік шөптер әлемі әлі де болса толық зерттелген жоқ. Бұл жағынан келгенде Қазақстан құпиясы мол шипалы қойма іспеттес. Мысалы Оңтүстік Қазақстанның әр түрлі дәрілік шөптерге бай өсімдік әлемінде 3000-дай түрлі шөптер өседі, солардың ішінде көп мөлшерде дәрілік өсімдіктер бар. Қазақстанда бірқатар эндемикалық өсімдіктер бар. Бұларға дала жусаны, сүйекті аққурай, және т.б. жатады.
Сүйекті Аққурай (Psoralef drupacea) -- бұршақ тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік түрі. Биіктігі 100 -- 120 см, кейде 200 см болады. Тамыры тереңге кетеді. Сабағы тік бұтақтанған, түкті жапырақтары жай, бүтін жиекті, үшкүлақты келеді. Гүлдері ұсақ, ақ, қызғылт түсті жапырақ қолтығына орналасқан. Дөңгеленген жаңғақ тәрізді 5 -- 6 мм бүршағы бар. Тұқымы ұсақ. Мамыр -- шілдеде гүлдеп, тамыз -- қыркүйекте дән береді. Оңтүстік Қазақстанда 3 -- 4 мың га қоры бар. Түркістан ауданындағы тау бөктерлерінде, құмды жерлерінде қаулап өседі. Сүйекті Аққурай құрамында эфир майы болғандықтан медицинада дәрілік өсімдік ретінде қолданылады. Жапырағынан желім, тамырынан илік заттар, сабағынан арқан есетін жіп алынады.
Басқада дәрілік шөптерге мысалы: итошаған, мыңжапырақ, түйме шетен, ермен, дәрмене, қалақай, өгейшөп, левзея, бақ-бақ, шай шөп, рауғаш, қызылтаспа, жанаргүл, жұмыршақ, долана, есек мия, ақ мия, дәрілік жоңышқа, киікот, тасшөп, т.б. жатады.
Қалақай (лат. Urtica) -- қалақайлар тұқымдасынан бір туысы.
Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Сабағы мен жапырағы түкті. Жапырақтары қарама-қарсы
орналасқан. Қазақстанда 3 түрі бар. Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойында өседі. Қазақстандың барлық түрінің құрамында ақуыз көп болады. Жемшөптік маңызды түрі -- қосүйлі қалақай (Urtica dioica) сондай-ақ Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.Биіктігі 1 м-дей. Сабағы тік, жапырақтары өркенге қарама-қарсы орналасады. Өсімдікті түгелдей күйдіргіш безді түктер жапқан. Қос үйлі қалақай - құнарлы мал азығы. Малға туралған және булаған түрінде беріледі. Тұқымын жылқы мен құс сүйсініп жейді. Қалақайдың барлық түрінің құрамында ақуыз, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады.
Рауғаш (лат. Rheum) - тарандар тұқымдастарға тиесілі өсімдіктердің тегі болып табылады. Ол Орта Азия, Болгария және Оңтүстік Сібір аумағынан шығады. Рауғаш көкөніс ретінде өсіріледі. Бұл көкөністің пайда болуы қызықты болып табылады. Онда рауғаш 3000 жыл бойы белгілі қытай асханасынан ол - Волга жағалауына, ал одан Ежелгі Грекияға және Ежелгі Римге қоныс аударды. Грек тілінде рауғаш рабарбарос деп аталады, аударғанда Волга жағалауынан әкелінген жат көкөніс дегенді білдіреді. Рауғаштың құрамында магний, калий, кальций, темір, фосфор, натрий, B тобының дәрумендері, C дәрумені және каротин бар.
Медицина саласының жетістіктері көбінесе дәрілік өсімдіктерге байланысты. Дәрілік өсімдіктер бұрынғы кездері де адамға өте пайдалы болған және солай болып қалады. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талаптар біршама өсті. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасына зиянын тигізбейді, оларды үй жағдайында да адам өзі дайындап қабылдай беруіне болады. Дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс Орта Азияда 1970-1980 жылдарда 250 пайызға өсті, оларды дайындау мүмкіншілігі - 75 пайыз, соған қарағанда дәрілік шөптердің жиналуы әлі де болса қалыпты мөлшерде емес. Қазіргі кезде ғалымдар дәрілік шөпке барынша ден қойып, әр шөптің ағзаға қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дәлелдеуде. Бұл жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде. Осындай пайдалы өсімдіктерді тексере келе дәрілік өсімдіктерді мәдени түрде көбейтуге көңіл аударылуда.
Бұл жерлерде және басқа жақтан әкелінетін жылылық сүйетін дәрілік өсімдіктерді біздің ТМД елдері жағдайына бейімдеп өсіріп, жетілдіруге жағдай туғызылуда. Олардың қатарына: Solanum laciniatum Forst., Cassia abovata Del., Althaea officinalis L., Calendula officinalis L., Rutae graveolentis L., Tanacetum vulgare L., Hyssopus ambiguous (Trautv.) Ilgin, Valeriana officinalis L., Salvia sclarea., Foeniculum vulgare Mill., Aerva lanata (L.) Guss. және т.б. жатады.
Адам денсаулығын қорғау, ауруларға медициналық көмек көрсету денсаулықты қорғаудың басты мәселесі болып табылады. Жыл сайын қолданылатын дәрілік өсімдіктер саны өсуде. Олардың ішінде қазіргі уақытта онкологиялық емдеуге, қан тамыры ауруларына, туберкулез, қант диабетіне қолданылатын дәрілік өсімдіктерге көп көңіл аударылуда.
Мәденилендірілген дәрілік өсімдіктерді зерттеу мен қолдану фармацевтикалық және медициналық өндірістің дамуымен байланысты. Қазіргі заманғы жағдайларда Қазақстанның фармацевтика өндірісін ең перспективті бағыт ретінде дамыту қажет болып табылады, ол бай шикізат базасына негізделеді. Бірақ кейбір жабайы дәрілік өсімдіктердің өндірістік қорларының мөлшері аз және олар қорғауды қажет етеді.
Барлық елдерге дәрілік заттарды қолданудың көп жылдық тәжірибесі халықтық медицина негізінде жатыр. Бірақта өсімдіктерді дәрі ретінде қолдану көптеген уақыт эмприкалық болып қала береді. Тек адам ағзасына күшті физиологиялық әрекет көрсететін табиғи қосылыстарды синтездеу және жинау қабілетін анықтағанда оларды қолдану процестерін түпкілікті өзгертуге мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымының болжауынша жақын онжылдықта фитопрепараттардың бөлігі жалпы көлемде дәрілік заттардың 60%-ын құрайтын болады.
Дәрілік өсімдіктер бүгінгі күні денсаулық сақтауда маңызды орын алады. Оларды жинау, өсіру және өңдеумен көптеген мемлекеттік және кооперативтік мекемелер айналысады. Сонымен қатар, ескі және жаңа дәрілік өсімдіктерді зерттеу жұмыстары үнемі жүргізілуде.
Адамдар дәрілік өсімдіктер туралы өте ерте заманнан бері білген. Мүмкін, жер бетінде адамдар пайда болғанға дейін жануарлар кейбір емдік өсімдіктерді пайдаланған болар. Мысықтар мен иттер ауырған кезде шөптерді жейтіні белгілі, әсіресе астық тұқымдастардың жапырақтарын жейді, бұлардың емдік қасиеттері әлі толық зерттелмеген.
Жануарлардың физиологиялық функциясына әсер ететін жеке өсімдіктерді жейтіні жөнінде аз тексерілген мәліметтер ғана бізге мәлім. Мысалы Raponticum carthamoides (Will.) Iljin мақсыр рапонтикум тамырлары арқылы маралдар мен сібір бұғылары өздерінің күштерін қалпына келтіріп отырған. Бурят аңшыларының айтуы бойынша, жараланған бұғылар қызыл гвоздиканы Diantus жейді екен, бұл өсімдік жергілікті тұрғындарға қан түзуші өсімдік ретінде белгілі. Араб аңызы бойынша кофе ағашының жемісінің емдік қасиетін шопан байқаған, ол ешкілердің ағаштың бұтақтарын жейтінін байқаған. Егерде біз жануарларды бақылайтын болсақ, бізге әлі беймәлім жаңа дәрілік өсімдіктерді анықтар едік. Егер бұл мәліметтерді ғылыми тексеруден кейін дәлелденіп жатса, жануарлардың мінез құлқын түсінуге болар еді.
Ертеде емдік өсімдіктерді қолданғаны жөнінде этнография және археологиялық мәліметтерден көруге болады. Осылай меңгеруді, мысалы орталық және оңтүстік Африканың жеке тайпалары, Амазонка үндістері, этнографтар анықтағаны бойынша, олардың қауымдары қарапайым болғанмен, дәрілік өсімдіктер жөнінде білмейтін қауым болмаған шығар делінген. Әдеттегідей, өсімдіктің емдік қасиеттері жөнінде қауымның барлығына белгілі бола бермеген, керісінше жеке бір отбасына белгілі болған, бұл білім құпия ретінде әкеден балаға беріліп отырған (немесе шешеден қызына). Археологтар ертеде дәрілік өсімдіктерді қолданғаны жөнінде материал берген. Мысалы, қыш құмыралардың кейбір қалдықтарынан археологтар алғаш рет біздің ата-бабаларымыздың емшілікпен айналысқаны жөнінде материалдар тапқан. Ол от жағуға және дәрілік шөптерді қайнатуға арналған ыдыстар еді.
Сондай мәліметтерді ең алғашқы жазбалардан табуға болады. Олардың ішінде ең ежелгі Ассирияда табылған қыш тақтайшаларға жазылған дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер болды. Сондай-ақ, бұл түрлі дәрілік өсімдіктерге сипаттама жазылуымен қатар, қандай ауруларға және қандай түрде қолдану керектігі жазылған. Осыған қарап ассириялықтар дәрілік өсімдіктердің емдік құрамын кеңінен қолданғанын байқауға болады. Сонымен қатар Ассирияның астанасы Ниневида бұл өсімдіктерге арналған бақтың да болғаны белгілі.
Дәрілік өсімдіктерді дайындау, ұйымдастыру, шикізатты стандарттау.
Дәрілік өсімдіктерді дайындаудың екінші бір жағын да ескерген жөн. Дұрыс жоспарланбаған және дайындықты ұқыпты, тиянақты өткізбеу жеке түрлерді ғана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz