Рапс зиянкестері түр құрамы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Рапс зиянкестері түр құрамы
2. Рапс зиянкестері күресу шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан ауыл шаруашылығы саласының алдына қойылған басты міндеттердің бірі - тек азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өндіріс көлемін ұлғайтып қоймай, сонымен қатар белсенді түрде жаңа даму технологияларына көшу болып табылады. Астық саласының басымды дамуы Солтүстік Қазақстанда майлы дақылдар егістігін ұлғайтудың қажеттілігі туындайды. Егіншілікте осы саланы диверсификациялау, ылғал үнемдегіш технологияны кең қолдану қолға алынған. Рапс дақылын өсіру өсімдік майын және азықтық протеин өндірісін жоғарлатудың қоры болып табылады. Тұқым майын тағамдық (май, маргарин, майонез және басқа), техникалық (биологиялық отын, парфюмерия, тоқыма, бояу және лак өндірісі, жанғыш шикізат) және дәрілік мақсатта қолданылады. Рапсты өсіру мал шаруашылығын жоғары ақуызды жем-азық өндірісімен қамтамасыз етуде басты міндеттерді шешуге жол береді.
Рапс - біржылдық қырыққабат тұқымдас, кіндік тамырлы шөптесін өсімдік, тамыр жүйесі топыраққа 1,5-3,0 м тереңдікке дейін бойлайды. Кіндік тамыры жақсы дамыған. Тамыры жіңішке, бұрандалы, жоғары жағы жуандау, тамырланған. Тамырының негізгі бөлігі 20-45 см тереңдікте жатады, жетілген кезінде дәндері көлденең бағытта тарала береді. Тамырының жуандығы 3 см болады. Рапстың жемісі ортасынан екіге бөлінген жаңғашақ, бұршақ сияқты қос қабықты. Жемісінде орналасқан 40-50 дөңгелек қара-қоңыр тұқымдары бөлмешікке екі жағынан бекиді.
Бүйір тамырларының диаметрі 60 - 80 см. Сабағы тік өсетін, қатты бүршіктенген, биіктігі 1,1 - 1,8 м жететін, балауыз тұтымен көмкерілген өсімдік, сабағының жуандығы 0,8 - 3,5 см Жапырақтары көкшіл-жасыл түсті, балауызбен қапталған, төмендегілері сағақты, ал жоғарғылары сағақсыз болып келеді және үлпілдектері бар. Жапырағы көп және жапырағы аз түрлері де болады. Гүл шоғыры - болбыр шоқ гүл, гүлдері қос жынысты, ашық сары түсті. Жемісі - ұзын мұрыншасы бар бұршаққын. Тұқымдары ұсақ, диаметрі 1,5-2 мм шар тәрізді, беті ұсақ-ұялы, қоңыр, қара-сұр түсті, 1000 тұқымның массасы 3-7 грамм шамасында.
Рапс - суыққа төзімді, құрғақшылыққа төзімсіз өсімдік. Тұқымдары 1-2ºС жылылықта өне бастайды, ал 14-16°С температурада жақсы өседі. Көктемгі минус 4-5°С, күзгі минус 8°С үсікті жеңіл көтереді. Өсіп-өну кезеңінде белсенді температура жиынтығы 1600-1800°С, ылғал сүйгіш, әсіресе қауыздану мен гүлдену кезеңдерінде ылғалды көп қажет етеді, транспирация коэффиценті 550-620 бірлікке тең. Күздік вегетация кезеңінде активті температураның жиынтығы 750-800ºС болса, жеткілікті. Қыстан 6-8 жапырақтар түзілген кезде жақсы қыстап шығады. Басқа майлы дақылдарға қарағанда, топыраққа қажетсінуі жоғары қара, қоңыр топырақтарда жақсы өседі.
Қазіргі кезде рапстың 12 түрі бар. Олардың ішінде кең тарағаны - италика, россика және корамза сорттары. Екпе дақыл ретінде жаздық рапс немесе кольза және күздік рапс түрінде кездеседі. Рапс майын техникада, қара металлургияда қолданылады. Жем ретінде малдарға беруге болады, улы қосылыстары жоқ.
Рапс өзінің биологиялық ерекшеліктерімен де өте құнды:
- майлы тұқымында 40-50% май, 21% ақуыз бар. Қолайлы жылдары рапс егістігінің бір гектарынан 10 ц май, 5 ц ақуыз алуға болады. Рапс ақуызы аминқышқылдарының құрамы бойынша қытай бұршақ ақуызына жуық. Алайда рапс құрамында зиянды биологиялық белсенді заттар: глюкозинолагаттар, эрук қышқылы, танин, полифенол, фитин қышқылы бар. Глюкозинолагаттар мен эрук қышқылы рапстағы ақуыздың қолданылуын төмендетеді;
- рапс майы майқышқыл құрамы жағынан күнбағыс майынан қалыспайды және сапасы жағынан зәйтүн майына жақын. Ол өзінің мөлдірлігін ұзақ уақыт бойы сақтап, жоғары эмульсиялы төзімділігіне байланысты маргарин, майонез, балық консервілерін дайындауда пайдаланылады. Рапс майы техникалық мақсаттарға - резеңке, лак, нейлон өндіруге, сабын қайнату, полиграфия, тоқыма, былғары өндірісінде қолданылады және соңғы уақытта биологиялық жанармай өндіру қолға алына бастады. Қазіргі кезде рапстың сұрыптарының шығуына байланысты оның маңыздылығы өсе түсті. Бұл сұрыптардың құрамында эрук қышқылы жоқ және глюкозинолагаттар мен клетчаткалар аз;
Көп жылдар бойы арамшөптерге қарсы универсал гербицид ретінде Симазин дәрісі қолданылып келді. Бұл препарат басқа ауылшаруашылық дақылдар үшін зиянды әсері жоқ, ал рапс өсімдігіне өте қатты әсер етеді, оның ең аз мөлшердегі дозасы (0,2 кг 80% - ерітінді порошогы бір гектарға) рапс өсімдігін солдырып, көбісін өлтіріп те жібереді. Симазиннің мұндай кері әсері негізінен механикалық құрамы жеңіл топырақтарда тез жүзеге асып, өсімдік тамырына тез жетіп оны зақымдайды.
Германияда арамшөптерді жою үшін 0,5 литрга дозада Талант гербициді қолданылады. Сонымен қатар Фюзилад-супер препаратын рапс өсімдігінің 4-5 жапырағы пайда болғанда қолданса, тиімді әсер етеді. Күздік рапстың ең қауіпті арамшөбі - түймедақ (Matricaria matricarioides), бұл арамшөп күзде және ерте көктемде көрінбей, дән толыса бастаған кезде тез өсіп, рапс өсімдігін тұншықтырып басып тастайды және өнімді жинаған кезде әлі көк балауса түрінде болып орып-жинауды қиындатып, шығынды көбейтеді, тұқымның ылғалдылығын артырып қосымша энергия шығынын қажет етеді. Сондықтан бұл арамшөппен күреспей жақсы өнім алу мүмкін емес. Неміс ғалымдары бұл арамшөпке қарсы "бутизан-С" гербицидін қолданғанда оның тиімділігі өте жоғары болған. Бұл препарат негізінен тамыр жүйелері арқылы әсер етеді. Егер бұл препаратты арамшөп өсіп кеткенен кейін пайдаланса, онда ол жапырақ арқылы әсер етіп оны жояды, негізінен бұл препарат топырақ арқылы әсер ететін препаратқа жатады. Гербицид "бутизин-С", өте қымбат препарат, сондықтан оны аздап үнемдеп пайдалану қажет.

Негізгі бөлім
1. Рапс зиянкестерінің түр құрамы
Рапстың өндіру технологиясында зиянкестерден қорғау жұмыстары көп орын алады. Зиянкестермен қатты зақымдалу салдарынан айқышгүлді дақылдардың егістік көлемі аса көбеймейді. Рапстың кең таралған зиянкестеріне:
Қырыққабаттың ақ көбелегі - Pieris brassicae L.,
Қырыққабат қоңыр көбелегі - Barathra brassicae L.,
Қырыққабат күйесі - Plutella maculipennis Curt.,
Қырыққабат бітесі - Brevicoryne brassicae L.,
Рапс егеуіші - Athalia colibri Christ.,
Айқышгүлді қандалалар - Hemipterа.,
Айқышгүлді бүргелер тұқымдасы - Coleoptera.,
Рапс гүлжемірі - Meligethes aeneus F.
Көк бүрге - Phyllotreta nigripes F.
Иректі бүрге - Phyllotreta undulata Kutsh.
Қырыққабат биті - Brevicorina Brasicae L.
Жасырырын бізтұмсық - Ceuthornhynchus assimilis Pauch
Рапс қандаласы - Eurydema oleracie L.
Қыша қандаласы - Eurydema ornata L.
Рапстың жапырақ жемірі - Entomocelis adonidis Pall.
Қырыққабат шыбыны - Delia brassicae L.
Рапс көбелегі - Pontia daplidice
Ақ жолақты саяқ шегіртке - Сhortippus albomarginatus DeG.
2. Рапс зиянкестері күресу шаралары
Шығыс қыша жемірі - Colaphellus hofti Men. (Coleopteraотряды, Chrysomelidae тұқымдасы). Қоңыздар мен олардың личинкалары өсімдіктердің жапырағы мен гүлшоғырын жеп зиян келтіреді. Осының нәтижесінде қыша мен рапс дақылдары тұқымының түсімі кемиді.
Қоңыздың денесі дөңес, көк - жасыл немесе күлгін - көк түсті қоңыз. Мұртшалары қара, аяқтары, жоғарғы ерні және мұртшаларының түбі қызғылт - сары, ұзындығы 4-6мм. Личинкасының түсі қара-қоңыр, ұзындығы 10 мм жетеді. Қоңыздар қыстап шыққаннан соң ерте көктемде жабайы өсетін айқыш гүлді өсімдіктермен қоректенеді де одан кейін қыша және рапс дақылдарына көшеді. Жұмыртқа салуы оңтүстік облыстарда сәуір айының екінші жартысында, ал солтүстікте одан кешірек басталады. Жұмыртқаларын топырақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трутовик саңырауқұлақтары Семей аумағының ағаш түрлерінің экологиялық жағдайының көрсеткіші ретінде
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері
Күнбағыстың, рапс пен қыша, зығыр зиянкестері және күресу шаралары
Күнбағыс зиянкестері
Тұқымды себуге әзірлеу
Айқышгүлді егістік, жемдік,көкөніс дақылдарының зиянкестері
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері туралы мәлімет
Жаздық рапс сорттарын таңдау негіздемесі
Ақсуат өңірінің жартылай қаттықанаттыларының экологиясы
Күнжарамен улану
Пәндер