Жеміс тұқым ауданы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Аймақтың топырақ климаттық жағдайы
  2. Сорттарға сипаттама
  3. Жеміс бағын құру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жеміс-жидек шаруашылығы - жеміс - жидек дақылдарын өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының саласы. Жеміс-жидек шаруашылығына көшет (жеміс дақылдарының көшетін өсіру) және жидек (таңқурай, қарақат, бүлдірген, т. б. жидек дақылдарын өсіру) шаруашылығы; шекілдеуікті, сүйекті, субтропиктік (анар, құрма, інжір, т. б. ), жаңғақ, шырын жемісті дақылдарды өсіру жатады. Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. Жеміс-жидек шаруашылығы - өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі.
Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Вавилон мен Ассирия (б. з. б. 3 мыңыншы жыл), Қытай мен Үндістан (б. з. б. 2-мыңыншы жыл), Қырым (б. з. б. 700 жыл) бақтары туралы жазбалар қазірге дейін сақталған. Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды. 19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды.
Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т. б. маңызы зор. Жеміс дақылдарының кейбір тұқымдары (шекілдеуікті, жаңғақты және цитрусты) ұзақ уақыт бойы жасаң күйінде сақталады, әрі қыстыгүні және ерте көктемде витаминдер, биологилық белсенді заттар аз болған жағдайда, адам организміндегі қажетті витаминдер т. б пайдалы заттар орнын толықтырады.

Қазіргі кезде Қазақстанда тіпті елсіз жерлердің өзінде де (Ақтау, Бақанас аудандарында және т. б. жерлерде) жерасты тұщы сулар жербетіне жақын орналасқан жерлерде бақтар гүлдеп, жеміс беруде. Бақ шаруа- шылығын тек қуаты аз, жаппай тұтас тасты жерлерде ғана өсіру өте қиын, бірақ та мұндай жерлердің өзін қопару жұмыстары, терең және орлар қазу арқылы және жарамсыз топырақтарды басқа жақтан әкелген құнарлы топырақтармен алмастыру арқылы игеруге болады.
Таулы, шөлді, далалы және орманды-далалы жерлерде бақ шаруашы- лығының маңызы өте зор, себебі бақтар тау беткейлерін су эрозиясынан және су апаттарынан сақтап бекітеді, қардың жиналуына мүмкіндік туғызады. Кейбір жеміс дақылдарын жыраларды бекіту үшін және қорғау алқабын құру арқылы шөлмен күресу үшін пайдаланады. Сонымен қатар бақтың эсте-тикалық маңызы да зор, ол біздің өмірімізге сән береді.
Бақтарды ірі елді мекендерге және жақсы жолдарға жақын орналастыру қажет. Егер де жылдық жауын-шашын мөлшері 750-800 мм-ден аз болса бақ-ты суармалы жерлерге отырғызу керек немесе болашақ бақ отырғызылатын учаскені суару үшін су көзімен қамтамасыз ету қажет. Бақ отырғызылатын учаскенің топырақ және микроклимат жағдайлары салыстырмалы түрде бірдей болғаны дұрыс.

Негізгі бөлім

1. Алматы обылысы, Қаратау ауданының топырақ - климаттық жағдайы.

Алматы облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224, 0 мың км2. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.

Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр.

Ауданыныңклиматы тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы -9 - 11°С, қыс айларының кейбір күндерінде ауа температурасы -35°С-қа дейін төмендейді. Шілде айының жылдық орташа температурасы 22 - 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазық өңірлерде 150 - 250 мм, шығысындағы таулы өңірлерде 400 - 550 мм. Аудан жерімен Көксу, Быжы, Қарасу, Мұқыр өзендері ағып өтеді. Батысының топырағы сұр, құмдақты сұр, сортаң, орталық бөлігінде қоңыр, қызғылт қоңыр, тау өңірлерінде қара қоңыр, қара топырақтар таралған. Жазық және құмды өңірде эфемерлі өсімдіктер, жусан, ши, ақ сексеуіл, теріскен, сүттіген, бұйырғын, баялыш, жүзгін, тау бөктерлері мен өзен аңғарында итмұрын, тобылғы, долана, тал, жабайы алма, тау шатқалдарында терек, шырша, қарағаш, т. б. өседі.

Алматы облысының топырағы. Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өзенінің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биікт. 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т. б. өсімдіктер басым. Бұл өңір - облыс малшыларының жазғы жайлауы.

Қаратау ауданының топырағы. Батысының топырағы сұр, құмдақты сұр, сортаң, орталық бөлігінде қоңыр, қызғылт қоңыр, тау өңірлерінде қара қоңыр, қара топырақтар таралған. Жазық және құмды өңірде эфемерлі өсімдіктер, жусан, ши, ақ сексеуіл, теріскен, сүттіген, бұйырғын, баялыш, жүзгін, тау бөктерлері мен өзен аңғарында итмұрын, тобылғы, долана, тал, жабайы алма, тау шатқалдарында терек, шырша, қарағаш, т. б. өседі.

2. Жеміс жидек дақылдарының сорттарына сипаттама

Алма сорттары. Жаздық сорты:

Мелба - Канадалық сорт. Алмаиы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған. Ағаштары орташа өседі, суыққа төзімді, бөрікбастары жас шағында сопақша, ал жеміс берген уақытта аумақты, кең болады.

Жемісті - 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі - орта есеппен әрбір ағаштан 75 - 100 кг . Жемісінің ірілігі орташа (130г), түсі көкшіл сары, жұмсағы ақ, шырынды, қышқылтым тәтті, өзіне тән жақсы иісі бар.

Күздік сорты:

Ренет бурхардта - Никиталық ботаника бағында шығарылған сорт. Қазақстанның оңтүстік жəне оңтүстік шығыс облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштарының өсуі орташа, бөрікбасы қалың, жас шағында сопақша, ал өнім бере бастағанда шар тəрізденіп кетеді, суыққа төзімді. Жемісті 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі орта есеппен əрбір жеміс ағашынан 140-160 кг. Жемісінің өлшемі орташа (100г), домалақтау, түсі - сары, тасымалдауға қолайлы, жұмсағы ақ, сарғыштау, тығыз, шырынды, хош иісті, қышқылтым тəтті.

Қыстық сорты:

Голден делишес . Американдық сорт. Алматы, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштарының өсу күші орташа, бөрікбасы сопақша, онша тығыз емес, суыққа төзімділігі орташа. Жемісті отырғызылғаннан кейін 5-6 жылда салады, өнімді жыл сайын береді, орташа өнімділігі ағаштан 40-150 кг құрайды. Алмасының өлшемі орташа (110-140г), сопақша келген, дұрыс формалы, түсі ашық сары. Жұмсағы ақ сары, шырынды, ұсақ түйіршікті, дəмі тəтті.

Алмұрт сорттары. Жаздық сорты:

Любимица Клаппа - Американдық сорт. Қазақстанда негізінен Оңтүстік-Қазақстан, Алматы, Қызылорда облыстарының бақ өсіруге қолайлы алқаптарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары орташа өседі, бөрікбасы кең пирамидалы, ал жас уақытында тік пирамидалды, суыққа едəуір төзімді. Жемісті отырғызғаннан кейін 6-8 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Əрбір жеміс ағашынан орта есеппен 65-70 кг өнім алынады. Алмұрты ірі (140-220 г), тұрқы қысқа, алмұртқа тəн немесе жұмыртқа тəрізді, түсі ашық сары. Жұмсағы ақ, нəзік, уылжыған өте шырынды, дəмі тəтті немесе азғана қышқылтым.

Күздік сорты:

Лесная красавица - Бельгиялық сорт. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік шығыс облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары өте өскелең, бөрікбасы кең приамидалды, қалыңдығы орташа, суыққа төзімді. Жемісті отырғызылғаннан кейін 5-7 жылда салады. Өнімді мол жəне жыл сайын береді, əрбір ағаштан орта есеппен 170-200 кг алмұрт алынады. Алмұртының салмағы едəуір ірі (150-180 г), тұрқы алмұртқа тəн, түсі көкшіл сары, қызғылт бөртпелері бар. Жұмсағы уылжыған өте шырынды, дəмі тəтті, хош иісті.

Қыстық сорты:

Ароматная - Қазақ жеміс жəне жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында алмұрттың Лесная красавица сортының екпе көшеттерінен шығарылған. Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары өте биік, бөрікбасы кең пирамидалды, қалың, суыққа шыдамдылығы орташа. Жемісті отырғызылғаннан кейін 8-9 жылда салады, өнімді жыл сайын береді, мол өнімді. Əрбір жеміс ағашынан орта есеппен 100-200 кг өнім алынады. Жемісінің өлшемі орташадан жоғары (140г), пішіні алмұртқа тəн, сəл домалақ келген, бояуы сарғылт жасыл, сəл ғана қызғылт шырайлы. Жұмсағы нəзік, шырынды, тəтті, хош иісті.

Шие сорты:

Шпанка крупная - халық селекциясы арқылы шығарылған сорт, Қазақстанды Алматы, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда, Шығыс-Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары ірі, бөрікбасы дөңгеленіп келген, аумақты, қалыңдығы орташа, суыққа шыдамды. Жемісті 3-4 жылда салады. Өнімді жыл сайын береді. Əрбір ағаштан орта есеппен 30-40 кг шие алынады. Жемістерінің өлшемі орташа (3, 2г), ашық қызыл, домалақ, жұмсағы шырынды, қышқылтым тəтті.

Алхоры сорты:

Эдинбургская - Англияда шығарылған сорт. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары биік өседі, ескі ағаштарының бөрікбасы аумақты, жас ағаштардың бөрікбасы пирамидалы, суыққа төзімді. Жемісті отырғызылғаннан кейін 4-5 жылда салады, өнімді жыл сайын береді. Əрбір жеміс ағашынан орта есеппен 40-80 кг алхоры алынады. Жемісі ірі (40-50г), домалақ, түсі ақшыл күлгін, қызылдан қоңыр көкке дейін ауытқиды. Жұмсағы жасылдау сары, тығыздығы орташа, шырынды, дəмі қышқылтым тəтті. Сүйегі жұмсағынан оңай айырылады. Жемісі жаздың аяғында піседі. Жас күйінде қолданылады, қайнатпа, тосап дайындалады.

Өрік сорты :

Краснощекий никитский - Никитский бағында (Украина) шығарылған сорт. Қазақстанда Алматы, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары биік өседі, бөрікбасы кең, аумақты. Суыққа төзімділігі орташа. Өнімді отырғызылғаннан кейін 4-5 жылда салады. Орта есеппен əрбір ағашы 30-50 кг жеміс береді. Жемісі ірі, өте ірі (50-100г), түсі қызғылт сары. Жұмсағы хош иісті, асханалық, тəтті. Сүйегі жұмсағының ішінде бос жатады, дəні тəтті, жемісі шілдеде піседі.

Шабдалы сорты:

Киевский ранний - Украина жеміс шаруашылығы институтында шығарылған. Қазақстанда Алматы, Қызылорда облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштарының биіктігі орташа, бөрікбасы дөңгелек, суыққа төзімді. Əрбір ағаш орта есеппен 40 кг жеміс береді. Ағаштары отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жеміс салады. Жемісінің өлшемі орташа (85г), сəл ұзынша, түсі ашық сарғыш, кейде қызыл күрең шырайлы. Жұмсағы нəзік, шырынды, дəмі қышқылтым тəтті. Сүйегі жұмсағынан ажырамайды. Жемісі тасымалдауға шыдамсыз

Бүлдірген сорты:

Зенга - Зенгана . Батыс Еуропа сорты (Германия) . Түптері биік өседі, жинақы, жапырақтары өте жиі. Гүлдері қосжынысты. Өнімділігі мол. Əр гектардан орташа 140 - 180 ц. Суыққа төзімді. Жидектері ірі (10, 5 г), пішіні жалпақ бүйірлі, түсі сарғыш қызыл. Жұмсағы қызыл қошқыл, тəтті, қышқылтым, хош иісті. Жидегі жасаң күйінде пайдаланылады. Жидектері маусымның ортасында піседі.

Таңқурай сорты:

Новокитаевская . Украинаның жеміс ғылыми зерттеу институтында шығарылған. Түптері орта көлемді, сабақтары жуан, жемісті көп салады, бірақ та байлауды қажет етпейді. Суыққа, қуаңшылыққа төзімділігі жақсы. Өнімділігі жоғары, əрбір гектардан 105 - 110 ц. Жидектері ірі (2, 3 - 2, 6 г), тығыз, пішіні сопақша, ашық қызыл, тəтті. Жидектері ерте мезгілде піседі.

3. Бақ алқабын құру Бақ алқабын құруды дұрыс ұйымдастыру маңызды рөл атқарады. Өйткені, бүл шараларды дүрыс жүргізудің арқасында механикалық құралдарды, эрозияға қарсы шараларды тиімді қолдануға болады. Бақ алқабын құруды үйымдастыру олардың жобасын жасаудан (техникалық жоба) бапталады. Онда кварталдарды, бақ қорғайтын жолақтарды, жол жүйелерін, шаруашылық құрылыстарын, суару жүйелерін, түқымдастардың және жергілікті жер жағдайларына қоятын талаптары ескеріліп қамтылады.

Бақ отырғызу жобасын құру тек жеміс өсімдіктерді отырғызылған бақтың пайдалы көлемін анықтаудан басталады (1-кесте. ) . Жалпы баққа арналған алқапты аудан 100% -ға теңестіріліп алынады. Бақтардың жалпы көлемі 100 га-дан аспаса, шаруашылық қүрылыстарына, бақ қорғайтын жолақтарға, жолдарға олардың 15% -ы бөлінеді, бақтың көлемі 100 га-дан асса, онда 12% -ы бөлінеді. Шаруашылық құрылыстары (қоймалар, жаппа қалқалар, жеміс сақтайтын қоймалар, ауылшаруашылық машиналарын, улы химикаттарды және минералды тыңайтқыштарды сақтайтын орындар, бақта істейтін жүмысшылардың демалыс жайлары) жолға жақын кварталдардың біреуіне орналастырылады. Алқаптың пайдалы көлемі

мына формула бойынша есептеледі : П =Ж - А ;

мұнда П - пайдалы көлемі, га;

Ж - жалпы көлемі, га;

А - бақты қорғайтын жолақтарға салынған жолдарға, шаруашы-

лың құрылыстарына бөлінген алқап көлемі, га.

Есептеу нәтижесі 1-кестеге толтырылады.

Кесте 1. Бақтың пайдалы ауданы

Көрсеткіш
%
Гектар
Көрсеткіш: Баққа арналған алқаптың жалпы ауданы
%: 100%
Гектар: 85га
Көрсеткіш: Бақты қорғайтын жолаққтар, жолдар және шаруашылықтың құрылыстары
%: 15%
Гектар: 13га
Көрсеткіш: Бақтың пайдалы ауданы
%: 85%
Гектар: 72га

Бақтың пайдалы көлемі облысы (аймағы) бойынша қабылданған түқымдық сорттық аудандастырылуына сүйене отырып, әр түрлі түқымдастарға бөлінеді.

Бақтың пайдалы көлемі 100%-ға теңестіріліп алынады. Жеке тұқымдастардың көлемін есептеуге төмендегідей теңдік қолданылады:

П - 100%

Х-М

мұнда, П - пайдалы аудан, га;

М - түңымдық сорттық

аудандастырылуына қарай тұқымдастардың пайыздық

қатынасы (10-12 қосымша) ;

X - жекелеген түқымдастардың анықталатын ауданы, га

Мұнан шыққан көрсеткіштер 2-кестеге енгізіледі.

Кесте 2. Жеміс тұқым ауданы

Тұқымдар

Тұқымдық-сорттық бойынша

%

Аудандастыру

га

Тұқымдар: Алма
Тұқымдық-сорттық бойынша%: 21, 0
Аудандастыруга: 15, 12
Тұқымдар: Алмұрт
Тұқымдық-сорттық бойынша%: 2
Аудандастыруга: 1, 44
Тұқымдар: Шие
Тұқымдық-сорттық бойынша%: 3
Аудандастыруга: 2, 16
Тұқымдар: Алхоры
Тұқымдық-сорттық бойынша%: 2
Аудандастыруга: 1, 44
Тұқымдар: Шабдалы
Тұқымдық-сорттық бойынша%: 1
Аудандастыруга: 0, 72
Тұқымдар: Өрік
Тұқымдық-сорттық бойынша%: 2
Аудандастыруга: 1, 44
Тұқымдар: Бүлдірген
Тұқымдық-сорттық бойынша%: 1
Аудандастыруга: 2, 16
Тұқымдар: Таңқурай
Тұқымдық-сорттық бойынша%: 3
Аудандастыруга: 0, 72
Тұқымдар: Жүзім
Тұқымдық-сорттық бойынша%: 65
Аудандастыруга: 46, 2
Тұқымдар:
Тұқымдық-сорттық бойынша%: 100
Аудандастыруга: 72

Бақ алқабын ұйымдастыруда оны кварталдарға яғни бақтық жолдармен және бақ қорғайтын орман жолақтарымен шектелген шаршыларға дұрыс бөлудің өте маңызды мәні бар.

Жайлы рельефті, қолайлы климат жағдайларындағы ірі бақтарда жеміс дақылдары үшін ең ыңғайлы кварталдар көлемі 10-15 және 20 га дейін, қатаң климатты, желі күшті әрі жиі аудандарда, едәуір еңістеу жерлерде 5-8 га, жидек тұқымдары кварталдарын 0, 1-2 гектарлық жұмыс шараларына бөлген тиімді. Оларды бәрінен де, қабырғалары 1 : 1, 5-2 қатынасындай тік бұрышты етіп құрған дұрыс.

Әр кварталдарда жеміс тұқымдарының бір түрін немесе өзара биологиялық жақын тұқымдарды, мысалы, шекілдеуіктілер тұқымдарын, сүйектілір тұқымдарын және жидек тұқымдарын орналастыру керек.

Кварталдардың нақты саны отырғызылатын бақтың пайдалы ауданын қабылданған квартал ауданына бөлу арқылы табылады. Егер бүтін сандар шықпаса, онда жекелеген тұқымдастар ауданын соған сәйкес ептеп көбейтеді немесе азайтады. Қорытындыларын 3-кестеге енгізеді.

Кесте 3. Квартал ауданы және саны

Тұқымдар
Ауданы, га
Квартал ауданы, га
Кварталдардың ұзындығы мен ені, м

Кварталдар

Саны, дана

Тұқымдар:

Алма

Алмұрт

Ауданы, га: 15, 12
Квартал ауданы, га: 8, 28
Кварталдардың ұзындығы мен ені, м: 276х300
КварталдарСаны, дана: 1
Тұқымдар: 1, 44
Ауданы, га: 8, 28
Квартал ауданы, га: 276х300
Кварталдардың ұзындығы мен ені, м: 1
Тұқымдар:

Шие

Алхоры

Шабдалы

Өрік

Ауданы, га: 2, 16
Квартал ауданы, га: 5, 76
Кварталдардың ұзындығы мен ені, м: 288х200
КварталдарСаны, дана: 1
Тұқымдар: 1, 44
Тұқымдар: 0, 72
Тұқымдар: 1, 44
Тұқымдар:

Бүлдірген

Таңқурай

Ауданы, га: 0, 72
Квартал ауданы, га: 2, 88
Кварталдардың ұзындығы мен ені, м: 200х144
КварталдарСаны, дана: 1
Тұқымдар: 2, 16
Тұқымдар: Жүзім
Ауданы, га: 46, 8
Квартал ауданы, га: 10
Кварталдардың ұзындығы мен ені, м: 400х250
КварталдарСаны, дана: 1
Тұқымдар: 10
Ауданы, га: 400х250
Квартал ауданы, га: 1
Тұқымдар: 10
Ауданы, га: 400х250
Квартал ауданы, га: 1
Тұқымдар: 10
Ауданы, га: 400х250
Квартал ауданы, га: 1
Тұқымдар: 6, 8
Ауданы, га: 250х272
Квартал ауданы, га: 1

Жоғарыда келтірілген жоспар бойынша, бақ алқабын құру жоспары жасалады. Кварталдарды жоспарға енгізгенде, ал сонан соң іс жүзінде бөлгенде олардың шекаралары сол жергілікті жердің бедерімен, топырақтың әртүрлілігімен, басым жерлердің және игерілетін ауқымның табиғи шекараларымен үйлестіріледі.

Кварталдарды ұзын жағымен желдің қатты соғатын бағытына көлденең, топырақтың мүжілу қаупі бар беткейлерде (3-4° одан да көп) еңіске көлденең орналастырады, ал суармалы бақтарда суару жүйелері ескеріледі. Сонан соң, қорғайтын жолақтардың жобаларын құрастырады.

Жеміс егістері желдің зиянды әсерлерінен қорғауды қажет етеді, өйткені күшті тұрақты желдерден қорғалмаған ашық алаңдағы жеміс ағаштары дұрыс өнбейді, баяу өседі, біржақты бөрікбастары қалыптасады.

Желдің әсерінен көбіне бұтақтары сынып, қабықтары жарылып кетеді, кейде ағаштар түбірімен қопарылып қалады. Сондықтан да, бақты айналдыра жеміс ағаштарын жел әсерінен қорғайтын, ауаның салыстырмалы ыл- ғалдылығын жоғарылататын, бал араларының жұмысын жақсартатын және қар тоқтатуға мүмкіндігін туғызатын, бақты қорғайтын орман ағаштарын отырғызады.

Бақ қорғайтын жолақтың екі түрі болады:

А) шеткі жолақ, әдетте көп қатарлы (3-4 және жел күшті соғатын солтүстік және орталық облыстарда 6-8 қатарлы) орман ағаштары егістері бақ алқабының шекараларында орналасады.

Б) жел қаққыш қатар бір немесе екі қатарлы орман ағаштары егісі квартал шекараларында орналасады. Табиғи жағдайларына сәйкес биік жылдам өсетін, ұзақ тіршілік ететін, жинақы бөрікбасты, жеміс ағаштарымен ортақ зиянкестері және аурулары жоқ ағаштарды қолданады. Алматы облысы үшін мырзатерек, бальзамды терек, қараған, үшкір жапырақты үйеңкі, ал бұталардан - жіңішке жапырақты жидені және сарғылт қарақатты ұсынуға болады.

Бақ қорғайтын егістер үшін орман ағаштарын сол аймаққа арналған ұсыныстарға сүйене отырып таңдайды, құрылымы жағынан бақ қорғайтын жолақ, орман ағаштары жел өткізгіш, жел өткізбейтін және селдір болып келуі керек. Бақ қорғайтын орман жолағының қатар аралықтарын күту жұмыстарын механикаландыруға мүмкіндік туғызу қажет. Қатар ішіндегі арақашықтығы ағаш тұқымдастарында 1-1, 5 м, ал бұталарда 0, 6 0, 8 м болады. Бөлтектердің пайдалы аудан шекараларынан жел қаққыш жолақтарға дейін ені 8-10 м болатын бос орын қалдырады. Бақ қорғайтын орман егістіктерін бақты отырғызудан екі-үш жыл бұрын жөне екі-үш жылдық бірінші сортты көшеттермен отырғызады. Орман ағаштарының нақты жоба үшін қажетті көшеттерінің саны жалпы орман жолақтарының ұзындығын ағаштардың арасындағы қашықтыққа бөлу арқылы анықтайды. Анықталған көрсеткіштер 4-кестеге толтырылады

Кесте 4. Бақты қорғайтын орман ағаштары жолағының құрылымы және отырғызуға қажетті көшет саны

Тұқым-ң атауы
Жолақтың ұзындығы, м
Қашықтығы, м

Қатар саны, дана

Отырғызуға қажетті көшеттер саны, дана

Шеткі жолақ

Жел қаққыш қатар

Қатар арасында

Қатар ішінде

Барлық алқапқа

Сақтық қоры

Жалпы саны

Тұқым-ң атауы: Терек
Жолақтың ұзындығы, м: 3700
Қашықтығы, м: -
Қатар саны, дана: 3
Отырғызуға қажетті көшеттер саны, дана: 1, 5
2
4933
148
5081
Тұқым-ң атауы: Жиде
Жолақтың ұзындығы, м: -
Қашықтығы, м: 2526
Қатар саны, дана: 3
Отырғызуға қажетті көшеттер саны, дана: 1, 5
1
1684
50
1734
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында тәтті бұрыш дақылын өсіру
Алматы облысының табиғи-климаттық жағдайы
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жағдайында қызанақты аурулардан қорғау шараларының жүйесі
Алматы облысы Ұйғыр ауданына отырғызуға рұқсат етілген жеміс дақылдарының сорттарына сипаттама
Алма сорттары
Қауын дақылдарының түрлері мен сорттары
Алматы облысы Төменгі таулы жемісті аймағында 117 гектар жерге жеміс бағын орналастыру
Алматы облысы Сарқан ауданының табиғи-климаттық жағдайы
Кластерлік жүйе
Оңтүстік Қазақстан облысы мақтарал ауданына сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz