Жылыжайдағы қиярдың аурулары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

КІРІСПЕ

1. 1 Қиярдың шығу тарихы, әлемде және Қазақстанда өсірілетін көлемі.
1. 1 Қиярдың шығу тарихы, әлемде және Қазақстанда өсірілетін көлемі.: 1. 2 Қияр дақылының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.

Негізгі бөлім

2. 1 Жылыжайдағы қиярдың аурулары

2. 2Қиярды зақымдайтын ауру түрлері

2. 3 Қиярды жылыжайда күту, өңдеу, өсіру технологиясы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер:

КІРІСПЕ

«Қазақcтан 2050» ұлттық cтpатeгияcы жәнe «Агpобизнec 2020» бағдаpламаcына cәйкec, Қазақcтанның агpоөнepкәcіптік кeшeнінің алдында жаңа тeхнологиялаp eнгізу eceбінде шаруашылықтарда өсірілетін экологиялық таза өнімдepді өндіpу міндeті тұp [1] .

Әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін бізге мыналар қажет: Егістік алаңын ұлғайту. Мұндай мүмкіндік барлық елдерде бірдей жоқ екенін атап өтемін. Егістік түсімін, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажет. Біз экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына - экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын.

Мeмлeкeт өcімдік шаpуашылығы өндіpіcін дамытуға жәнe импоpт көлeмін төмeндeтугe баpлық қажeтті жағдай жасауда. Қазіpгі таңда pecпубликада көкөніc-бақша өнімдepін балғын жәнe өңдeлгeн түpдe тұтыну көлeмі жылына шамамeн 3, 2 млн. т құpайды. Оның ішіндe, импоpттың алатын үлecі шамамeн 6% .

Көкөніс шаруашылығы - көкөніс өсімдіктерін өсірумен айналысатын ауыл шаруашылық саласы, оларға мысалы, бақшалық дақылдар - қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Көкөніс шаруашылығы ашық немесе жабық жерлік болуы мүмкін, ол топырағына байланысты болады. Көкөніс шаруашылығының ашық түрінде көктемгі жазғы және күзгі мезгілдерде көкөністік дақылдарды өңдейді, жабық топырақта- маусымнан тыс кездері көкөністерді өсіреді, ол кезде климаттық жағдайлар бойынша егістіктерде көкөніс өнімін және ашық топырақ үшін көшетті екпелерді алу мүмкін болмайды.

1. 2 Қияр дақылының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Қияр (лат . Cucumis sativus ) -асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, бес қырлы, ұзындығы 1, 5м-дей. Жапырағы кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі- қияр. Қиярды үзіп алысымен де, кейін тұздалған күйінде де жеуге болады. Жемісі - жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды және түсі жасыл болып келеді. Түріне байланысты көлемі әртүрлі болады. Бүгінгі күнге дейін осы аймақтарда қияр табиғи жағдайда өсіріледі.

Қиярдың сабағы жатаған, бұтақтанғыш келеді. Жапырақтары сағақты, солардың қолтығында мұртшалары, өркендері, жанама тамырлары және гүлдері қалыптасады. Аталық гүлдері гүл шоғырына қалқанға, аналықтары жалғыздан, кейдешоқпарбас тәрізді орналасқан

Тамыр жүйесі. Тұқымдары егіліп, тұқым жарнақтары топырақ бетіне шығып болғанша тамыр жүйелері қалыптасады. Осы тамыр жүйелері тігінен және жан-жағына көптеп таралып, топырақ қабатына жайылып өсе бастайды. Негізгі бастапқы тамыры 1 метрге дейін болады, осы тік тамырдан жайылып таралған көптеген жанама тамырлары топырақтың жоғарғы қабатында (25-30см) орналасады. Осы тамырлардың физилогиялық функциясы қоректік қажеті ертінділерді көптеген ұсақ тамырша түктерімен өзіне сорып, топырақ бетіндегі вегетативтік және генеративтәк мүшелерін қамтамасыздандырады.

Сабақтары. Шырмауық сияқты және қысқа, ұзынды мұртшаларымен жармасып өзіне биік өскен өсімдіктертердің сабақтарымен жоғарылап өсе бастайды немесе бұндай жағдай болмағанда топырақ бетіне жайылып өркендейді. Сабақтары жұмыр-қырлы, қырлы, нәзік, орташа қатты түктерімен қалыптасып өседі. Орталық басты сабақтан бірнеше қатар, біріншіден екінші, екіншіден үшінші сабақтары қалыптасып, осылайша жалғасып, сорттарының ерекшеліктеріне байланысты (3-4 м-ге дейін) өрендей береді. Осылайша сабақтану аз, орташа, көп болуы сорттың ерекшеліктеріне, қоректік алаңның көлеміне, өсіріп-өндіру технологиясының қолайлы жағдайларына байланысты болады. Сабақтанудың түрлері: орталық бір сабақты, көп сабақты (сегізден де көп жанама сабақтар), орташа (5-8 дейін), аз(1-4 дейін) . Сабақтарының ұзындығы сортына, өсіру жағдайларына қарай салқындау аймақтарда 1, 5 м, ал қоңыржай жылы жақтарда 2-3 м-ге дейін өсіп-өнеді. Сабақтарының ұзындығына қарай 4 топқа бөлінеді: түптісі- 0, 1 м, қысқа сабақтысы- 0, 1-0, 5 м, орташасы- 0, 6-1, 5 м, ұзын сабақтылары 1, 5 м-ден де ұзынырақ болып қалыптасады. Сабақтарының жуандығы: жіңішкесі-0, 5 см, ал жуандары-0, 5 см-ден жуан. Қысқа сабақтылары ерте піседі, жемістері онша үлкен емес. Сабақтарының жапырақтанулары аз, орташа және көп болып бөлінеді.

Жапырақтануы. Сабағының өсіп-даму кезеңінде жапырақтары кезектесіп қалаптасады. Жапырақ алақандары тұтас, аздап қана қалақтануы болады, жапырақтарының беттері тегіс, аздаған қыртыстары бар, кедір-бұдырланған, шеттері бүтін, тұтас немесе жиектері ара тісі тәрізденіп қалаптасады. Жапырақтарының екі жақ беттері сабақтары сияқтанып түктенеді немесе түксіз де болып өседі. Жапырақтарының сыртқы түр пішіндері әр түрлі сүйірленген, сопақша, бесұшты сопақша болып қалыптасады. Жапырақ алақандарының ұзындығы қысқа (12 см-ге дейін), орташа (12-15 см), ұзын (15 м-ден де ұзын) болады. Жапырақтарының ендері: кішкене (15 см-дей), орташа (15-20 см), енділеу (20 см-ден енді) .

Гүлденуі. Қияр дақылы бір үйі бөлек жынысты аталық және аналық гүлдері бөлек-бөлек немесе қос жынысты болып та қалыптасады. Гүлдері жапырақтардың қолтығында, аталық гүлдер бірнешеуден топтасып, аналық гүлдерге қарағанда бір-екі, үш тәулік ерте қалыптасып гүлдейді. Аналық гүлдері жапырақ қолтықтарында біреуден немесе қосақтасып екеуден, анда-санда үшеуден орналасады.

Қазіргі кезеңде негізінен тек аналық гүлдерін қалыптастыратын сорттар мен будандар көптеп шығарылуда, осылардың аналық түрлерін, осындай сорттар мен будандарды жан-жаққа кеңінен, жалпылай шаруашылықта пайдалану қиярдың өнімділігін екі-үш есеге дейін арттырады.

Аталық гүл шоғында тек қана күлте жапырақ болады, осы күлте ішіндегі аталық жынысында тозаңы пісіп жетіліп, аналық гүлді тозаңдандыруға 1-2 тәулікте жетіледі. Осы гүлдер жеміс бермейді, ал аналық гүлдің күлтешесінің астында кішкене болашақ жемісінің негізі болып, жапырақ қолтыңында тығыз орналасады, тап осылайша аталық гүл мен аналығының айырмашылығы көрініп тұрады, бұл заңдылық барлық асқабақ тұқымдастардың өздеріне тән бір ерекшеліктері.

Аталық және аналық гүлдерінің күлтешелері ашық сары аралармен, жәндіктермен айқас тозаңданады. Аталық гүлдері 1-2 тәулікте, ал аналықтары 3-4 тәулікте күлтешелері ашалғаннан кейін семіп кебе бастайды, ал осы кезеңде аналық гүл тозаңданбаса, семіп кеуіп түсіп қалады, егер тозаңданса, болашақ кішкентай жемістерінің 2-3 тәулігін пикули, 4-5 тәулігін корнишон деп аталады. Осы екеуін көкөнісшілер нәзіктігіне қарай уызға теңейді, 9-12 тәуліктен асырмай тағамға жинап тұру қажет, өйтпеген жағдайда қабықтары қатая бастайды.

Негізгі бөлім

2. 1 Жылыжайдағы қиярдың аурулары

Жылыжайдағы қиярдың ең қауіпті аурулары - ақ ұнтақ немесе перокоспороз Pseudoperonospora cubensis Rostowz
Бұл аурудың пайда болуының ең басты себебі - жылыжайдағы температураның 9-10°С-қа дейін түсіп кетуі. Ақ ұнтақ ауруы қиярдың тек жапырақтарын ғана зақымдайды, бұл ауру кеңтарласа жапырақтың өзектері ғана қалады. Бұл аурудың пайда болуын қалай білуге болады? Ең алдымен, жапырақтың үстіңгі жағында сары жасыл бұрышты майлы дақ пайда болады, олардың өлшемдері тез өсіп үлкейеді. Дақтың бұрыштық формасы болғандықтан оны көбінесе, бактериоз ауруымен шатастырады. Бірақ бұл аурудың бактериоздан айырмашылығы жапырақтың астыңғы беттерінде дақ түскен жерлерде сұр сия, көгілдір (налет) жолақтар пайда болады. Олар: саңырауқұлақ споралары болып табылады. Егер ылғал тамшы түрінде болса ( жауын, шық, жапырақ арқылы суару), споралар үлкейіп жаңадан көптеген дақтар пайда болып көбейіп, бір­бірімен қосылып кетеді. Ауырған жапырақтар сары қошқыл ( бурый) одан кейін қошқыл түске еніп, соңында солып қурап қалады. Бұл аурумен ауырған өсімдік 8-14 күннің ішінде өліп, алынатын өнімнің көп бөлігі кемиді. Егер бұл ауру өсімдіктің гүлдеу кезінде немесе оның алдында пайда болса, онда қияр мүлде түйін салмайды.

https://www.5-nt.ru/Upload/images/%D0%B0%D0%BC%D0%BC%D1%84%D0%BA.jpg (1-сурет)

Күресу шаралары (жолдары ) . Ең бірінші, осы ауруға төзімді сорттар мен гибридтерді таңдай білу қажет, екіншіден, ауыспалы егіншілікті дұрыс пайдалана білу қажет. Ауру өсімдіктерді дер кезінде жойып тұру қажет, өйткені жапырақта бұл аурудың инфекциясы 7 жылғадейін сақтатылып, өмір сүре береді. Тұқымды себер алдында температурасы 50°С жылы суда 20 минут ұстап залалсыздандыру қажет. Сонымен қатар топыраққа үнемі минералдық және органикалық тыңайтқыштарды беріп ауруға деген төзімділікті арттыруға болады. Вегетацияның орта кезінде 1, 7% нитроаммофоска ертіндісіне немесе микроэлементтер (бор, молибден, мырыш) мен кристалинді беру қажет. Қиярдың жалған ақ ұнтақ ауруын өртпен теңестіреді, сондықтан бұл ауруды бірден алдын алып өшіру керек. Егер қияр жылыжайда өсіп тұрса, онда бұл аурудың инфекциясының күшті таралуына пленкамен поликорбонат қабырғаларында пайда болатын конденсат себеп болады, өйткені өсімдік тұрақты түрде жылыжайлық эффекті күйінде болады. Жылыжайдың температурасы түнде 12°С­тен төмен түсіп кетсе, бұл ауру өршіп шыға келеді. Сондықтан жапырақтарды күніге қарап, бақылап, сары жасыл дақтардың өлшемі 0, 5 см және оданда үлкен болса, үстеп қоректендіру мен суаруды бірден тоқтатып бір жетіге дейін оларды қолданбау қажет. Ылғалдылық төмен түскен кезде қиярды топаздың (2 мл*10 л) суға ерітінідісімен немесе хоммен мыстың хлорлы (20 гр*10 л суға) ерітіндісімен бүркіп шашу қажет. Ерітіндінің температурасы 22-24°С-та төмен болмауы қажет. Дәріні жылыжайда шашып болған соң, бірден желдеткішті қосып желдету керек. Жылыжайдағы температуракүндіз 20-25°С, ал түнде 18-21°С болуы шарт. Егер түн суық болса, міндетті түрде газдық пешті қосып жылудың температурасын белгілі бір шекке дейін көтеруді ұйымдастыру қажет.

Ақ ұнтақ ауруы Pseudomonas syringae . Бұл ауру түрі жылыжай мен ашық жерде өсірілетін көкөністерге қатысты. Түнде күн суытқанда жылыжайда температура тым төмен түсіпкетсе пайда болады. Алдымен жапырақтардың үстіңгі бетінде сонан соң ұлғайып астыңғы беттерінде пайда болады. Бұлар саңырауқұлақ споралары - бастапқыда және жеке дақ түрінде пайда болып кейінен ұлғайып, жапырақтар сарғайып, күрең тартып морт сынғыш болып, соңында солып қалады. Жапырақтар зақымданған соң өсуі баяулап, жемістері майда, саны аз болады. Ашық жерлерде бұл ауру қиярдың өнімділігін 50-70 % -ға кемітсе, жылыжайда 100%-ға дейін жойып жібереді. Аурудың асқынуына ауа температурасы мен ылғалдылықтың күрт төмендеуі себеп болады. Сонымен қатар инфекция көзі ретінде осы аурумен зақымданған өсімдік қалдықтары мен топырақ себепші болады. Жауын көп жауып ылғалдылық жоғарылаған кезде және әлсіз жарық пен күндізгі - түнгі температураның күрт өзгерістері кезінде асқынып, өсімдіктер бұл аурумен күресуге әлсіз болады.

Рис. 1. Угловатая пятнистость листьев огурца (2-сурет)

Күресу шаралары : 1. Өсімдік қалдықтарын топырақтан ұқыпты түрде тазарту қажет. 2. Ауру түрлеріне төзімді сорттар мен гибридтерді пайдалану керек. 3. Ауыспалы егісті қолданып, асқабақ тұқымдастарды 2-3 жылда бір рет егіп тұру қажет. 4. Үнемі суарып, калий тыңайтқышының жоғары концентрациясын беру қажет (2 үлкен ас қасықты калийді 10 л суға ерітіп) . 5. Өсімдіктерді мыс купоросының әлсіз ертіндісімен (5 г * 10 литр суға) немесе маргонцовканың сол сияқты концентрациясымен бүрку керек. 6. Осы концентрациядағы ерітінділермен өсімдікті кешке өңдеп шашу қажет. Өңдеуді гүлдеуден бастап 3-4 рет әрбір 10-12 күнде қайталау қажет. 7. Жапырақтарда ақ ұнтақтың кейбір дақтары біліне бастағанда майдаланған. күкіртпен ертеңгі уақытта мақтаға малып алып күйдіру немесе бүрку қажет. 8. Өте асқынған ауру жапырақтарды кесіп, орнын (5г*10 л су) мыс купоросына 50 г коллоидты күкіртті қосып өңдеу қажет.

2. 2Қиярды зақымдайтын саңырауқұлақ паразиттері

Жалған ақ ұнтақ - өсімдік жапырағын оның даму фазасының кез келген кезінде зақымдауы мүмкін. Оның инфекциясы топырақта бірнеше жылға дейін сақталады. Бұл аурудың жылыжайдағы басты белгісі - көкшіл, м айлы дақ, уақыт өте бұл дақ қоңыр татып, күйгенге ұқсайды, одан кейін жапырақ кеуіп өліп қалады. Бұл аурудың пайда болуына ең басты себеп, температураның күрт өзгеруі. Бұл аурудың белгілері біліне бастасымен барлық үстеп қоректенудің түрлері мен сауаруды бір аптаға дейін тоқтату қажет. Жылыжайды желдетіп, өсімдіктерді мыс купоросымен өңдеу қажет. Ақ ұнтақ ауруы көбінесе, поликорбинатпен жабылған жылыжайдағы қияр дақылын көп зақымдайды. Ақ ұнтақ көбейіп, жапырақ солып соңында өсімдік өледі. Ауруды қоздырғыштар арамшөптермен гүлдерден жұғады. Дақылдарды суару үшін мұздай суды пайдалануға және өсімдікті бір жерге қайта-қайта егуге болмайды. Ақ ұнтақ түскен жапырақтарды кровян ерітіндісімен мочевинаны араластырып өңдеу керек. Күкірт ерітіндісімен де өңдеуге болады. Өңдеу кезінде барлық есіктер мен терезелер жабық болуы керек. Жылыжай жағдайында қияр дақылын «Топаз» препаратымен өңдеу тиімді. Өңдеуді жылы күндері жүргізу қажет. Жылыжайда қияр өнімі жиі сарғаяды, оған себеп ыстық, қапырық ауа, сонымен қатар қияр суық температурада да сарғаюы мүмкін. Оның тағы бір себебіі фосфор немесе азоттың және жарықтың жеткіліксіздігі.

Кладоспориоз немесе зәйтүн майлы дақтары - алғашында жапырақтарда қоңыр дөңгелек немесе бұрыштық дақ түрінде пайда болып кебе бастағанда жапырақтар қурап өледі. Жемістерде, сабақпен қалемшелерде дөңгелек тілшікті жасыл-қоңырқұба немесе зәйтүн майының түсі сияқты тілшік пайда болады да, 3-4 күннің ішінде дақ қарайып өлшемі өседі. Жапырақ қисайып-майысып түсі өзгереді де, жемістің дәмдік сапасы нашарлайды. Аурудың зақымдау көзі - топырақта қалған ауру өсімдік қалдықтары, қыстап қалған саңырауқұлақ споралары (ұрықтары) . Аурудан сақтану үшін жылыжайды жиі-жиі желдетіп тұру қажет. Зақымданған жемістерде аурудың тілшікті белгілері біліне бастағанда, оларды 1% бордосс қоспасымен немесе 0, 4% хлорлы мыспен, олар болмаса, фундозолмен өңдеуге болады.

Қоңыр-құба дақтар тек қана жапырақтарды зақымдайды. Жылыжайда майда қоңыр-құба бұрыштық немесе дөңгелек формалы дақтар пайда болады. Кейіннен майда дақтар үлкейіп, бір-бірімен қосылып, жапырақты толық зақымдайды. Нәтижесінде жапырақта өтетін биологиялық үдерістер бұзылып, өсімдік уақытынан бұрын ерте қурап қалады. Ауру споралары қалдық өсімдіктерде сақтала береді. Жапырақтарда қоңыр дақтар пайда бола бастағанда купороксат ерітіндісімен өңдеу қажет.

Склеротиниоз немесе ақ шірік ауруы қияр өсімдігінің барлық бөліктерін зақымдайды. Ақ дақтар жапырақ бетіне қонып, оны жұмсартып суландырады, ақ өңезбен жабылады, соңынан шірітіп жібереді. Жапырақтың зақымданған жерінде бастапқыда тығыз ақ, одан кейін қараұрықтық дене склероция пайда болады. Аурудың бүл түрі ауа мен топырақтың жоғары ылғалдылығында қатты таралып дамиды. Қияр өсімдігінің ауырып зақымданған жерлеріне жанған ағаш күлдері мен әк ұнтақтарын себу қажет.

Тамыр шіріндісі- жас және кәрі өсімдіктерді де зақымдай береді. Аурудың белгісі - тұқым өнген соң, топырақ астында өсіп жатқан кезде пайда болады. Тамыршалар күрең тартып, біртіндеп суланып, жапырақтар сарғаяды. Көктеген кезде, дән жапырақтары, бірінші және екінші қос жапырақтар кезде де, зақымданған сүйірікшелерден сау өсімдіктерге көшеді. Тамырлар мен дән жарнағының түп жағы шіри бастайды. Бұл аурудың пайда болуына сыртқы ортаның қолайсыз болуы, тұқым сапасының нашарлығы, бүршіктердің микроорганизммен зақымдануы әсер етеді. Нәтижесінде қияр дақылы сирек көктеп, тамыршалары шіріп, егістің мүлдем сиреп кетуіне себепші болады. Бұл аурудың пайда болуының негізгі себепшісі түнгі және күндізгі температураның күрт өзгеруі және мұздай сумен суару. Бұл аурудың инфекциясы топырақта сақталып, келесі жылдары да өсімдікті зақымдайды.

Тамыр шірігі - ауруын қоздыратын Pythium, Fusarium, Rhizoctonia және тағы басқа саңырауқұлақ туыс өкілдері. Залалданған қияр дақылының негізгі тамыр ұшының өлуінен байқалады, содан кейін ауру қапталдағы тамырлар мен тамыр мойнына ауысады, соның себебінен өсімдік бойы жағынан артта қалады. Аурудың тағы бір себебі, әсіресе азот тыңайтқыштарымен, жиі қоректендірумен суық сумен қарқынды суғару. Инфекция көздері - өсімдік қалдықтары мен топырақ. Емдеушаралары - 14 күн сайын қиярдың тамырын превикур ерітіндісімен (40 г*10-15 л су) өңдеу қажет.

Аскохитоз - саңырауқұлақ қоздыратын аурудың бір түрі, жапырақтарды, сабақтарды, жемістерді зақымдайды, оларда ірі сары қоңыр құба, одан кейін сұр дақтар пайда болады. Содан соң қара нүктелер - пикнид-паразитті тасымалдаушы пайда болады. Саңырауқұлақ спораларымен зақымданған өсімдік участоктары өледі, жемістер деформацияланып, кеуіп өледі. Аскохитоз - өсімдіктің барлық жерүсті бөліктерін залалдайды. Жапырақтарда ірі дөңгелек ашық-сары және бозарған дақтар түзіледі де, кейіннен олардың бетіне қара нүктелер пайда болады (саңырауқұлақ пиктинидтері) . Залалданған сабақтар құрғап, қара нүкте басады және суланады, жемістерді жаралар басады, соның салдарынан қияр дақылының дамуы саябырлап, қатты зақымданғанда қурап қалады. Инфекция көздері - өсімдік қалдықтары, зақымданған дән - тұқым, топырақ.

Бактериоз ауруының қоздырғышы - Pseudomonas lachrymans (3-сурет) бактериясы, ол жас өсімдіктерді, жапырақтарды, гүлдер мен жемістерді зақымдайды. Қияр жапырағында, бұрышты қоңыр дақтар түрінде пайда болады, ұлғая келе жапырақты қуратып жойып жібереді. Жемістерде, сабақтар мен жапырақ түтікшелерінде майлы жаралар пайда болады. Аурудың дамуына жауын­-шашынның мол болуы мен ауаның жоғары температурасы қолайлы себеп болады. Бактериоз ауруымен зақымдалған өскіндердін өсуі баяулап, біртіндеп солып, қурап, жемістің тауарлық сапасы төмендейді. Ауру қоздырғышы тұқымда, топырақ пен өсімдік қалдықтарында екі жылдан астам уақыт сақталады.

http://www.atlasplantpathogenicbacteria.it/fruit09/p%20s%20melone%204.jpg (3-сурет)

Фузериоздық солу - бұл ауру түрімен жас және ересек өсімдіктер зақымдана береді. Кейбір жағдайларда өсімдіктің солуы бірақ түнде пайда болуы мүмкін. Ауру саңырауқұлағы өсімдіктердің тамыр-талшықтарын зақымдайды. Тамыр ­талшықтары арқылы топырақтан қоректік заттарды сіңірілуі барысында улы токсиндер бөлініп, өсімдіктерді улап, олардың жойылуына (өлуіне) әкеліп соғады. Инфекция топырақта сақталады, сондықтан уланған, зақымданған топырақты ауыстырып, ауыспалы егістікті дұрыс пайдалана білу қажет.

Жасыл теңбілді (шұбар) өрнек. Қиярдың вирустық ауруларының ішінде бұл ауру түрі жиі кездеседі. Ол қиярдың 2 вирусы арқылы пайда болады. Бұл вируспен зақымданған жас жапырақтар өзінің жасыл түсін өзгертеді, оларда аздаған сары жасыл участоктар пайда болып, соңында олардың беттері әжім қатпарлы түрге ауысады. Инфекцияға ұшыраған өсімдіктердің өсуі баяулайды. Өсімдіктердің жемістерінің түстері ала­құлара теңбілді көп сүйелді болып келеді. Бұл ауруды емдеу үшін залалданған топырақты түгел ауыстыру қажет. Сау өсімдіктердің тұқымдарын алып, оларды термиялық өңдеп немесе 15% трипатрийфосфат ерітіндісімен бір сағат бойы ылғалдандыру қажет.

Ақ өрнек. Қиярдың бұл ауруын 2А вирусы туғызады, ол жасыл теңбілді өрнекке қарағанда, қиярға көп зиян келтіреді. Инфекцияға ұшыраған қияр дақылының жапырақтарында жұлдызша формалы сары және ақ дақтар пайда боялады. Кейбір жағдайларда жапырақ түгелімен ақ түске, тек өзектері ғана жасыл түсте болады. Жапырақтар қатпарлы болмайды. Жемістері сары және ақ жолақ түрінде болады. Бұл аурудың вирустары тұқымда және өсімдік қалдықтарында сақталады.

Антракноз ауру қоздырғышы - Colletotrichum lagenarium саңырауқұлағы жапырақтарды сабақтар мен жемістерді залалдайды. Жапырақтарда дөңгелек, сары қоңыр түсті дақтар түзіледі, олар уақыт өте кеуіп, үгітіледі. Сабақтардағы дақтар созылыңқы, қоңыр, қысыңқы және суланғыш болып келеді. Жемістерде алдымен, ұсақ дақтар пайда болады, содан кейін үлкейіп, терең жараларға айналады, олар қызғылт шірінді сұйықпен толады. Қиярдың сабағы дақ түскен жерден сынып, өсімдік қурайды. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің ассимиляциялық аумағы кішірейіп, ұлғайса қурап, өнімнің түсімі мен сапасы төмендейді. Инфекция көздері - өсімдік қалдықтарымен залалданған тұқымдар. Бұл аурумен зақымдау ошоқтары белгілі бола бастасымен 1% бордосс қоспасымен немесе 0, 4 % хлорлы мыс ерітіндісімен өңдеу қажет.

2. 3 Қиярды жылыжайда күту, өңдеу, өсіру технологиясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылыжайдағы қырыққабаттың аурулары
Жылыжайда қияр өсіру технологиясы
Негізгі химиялық топтар
Өсімдік ауруларының биотикалық себептері
Ашық және қорғаулы жерлерде өсімдіктер ауруларымен күресуге қарсы, антибиотиктер мен микроорганизмдерді қолдану мүмкіндігі
Қиярдың өсіру технологиясы. Пайдасы және ауру түрлері
Пестицидтердің қоршаған ортадағы айналымы
ЖАБЫҚ ТОПЫРАҚТА КӨКӨНІСТЕРДІ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Қорғаулы жерде дақылдарды өсіру
Жапырақ пышағының пішіні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz