Әдіс грек
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. ПРОЗА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Прозалық шығармаларды оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану ... ... ... ...
1.3 Қазіргі заманғы қазақ прозасының көркемдік ерекшеліктері ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жастар тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Дегенмен, оқу-тәрбие үрдісінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Оқу-тәрбие үрдісінде, жалпы жеке тұлғаның дамуында тарихи прозалық жанрдағы шығармалармен дұрыс жұмыс істей білудің маңызы зор.
Балалық шақ - бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан еліміздің болашағы жастардың жан-жақты дамуы үшін тарихи шығармаларды, романдарды оқыта отырып, оларды талдап, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімдері мен тарихи сананы қалыптастырудың рөлі ерекше. Сондықтан тарихи шығармалар арқылы жеке тұлғаны Отанын, туған жерін сүйетін азамат етіп тәрбиелеуіміз бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Әдебиеттану ғылымының әр саласын өркендетудің маңызы ерекше. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жасаған дәстүрлі Жолдауларының бірінде былай деп атап көрсеткен болатын: ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық (Астана 2005). [1.] Демек, бұл ғасырда біз шын мәніндегі ғылымды өркендетуіміз қажет, сонда ғана Қазақстан дамыған отыз немесе елу елдің қатарына қосылады, яғни жаңарған Қазақстанды білім мен ғылым ғана өркениетке жеткізеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХХ ғасырдың 60 жылдары қазақ әдеби процесінде тарихи проза қалыптасып, әдебиттану ғылымының құрамдас бір бөлігі ретінде дамып жетілді, ғылым ретінде қалыптасты. Қазақ әдебиетінің тарихи прозасының өркендеуіне үлес қосқан әйгілі академик жазушылар М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин т.б. болса, кейінгі буын өкілдерінен бұл процесті дамытуға үлес қосқан жазушылардан І.Есенберлин, М.Мағауин, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, С.Елубаев, Қ.Жұмаділов, т.б. дарынды тұлғаларды ерекше бір құрметпен атауға болады. Тарихи проза ХХ ғасырдың екінші жартысында ерекше бір қарқынмен дамып жетіледі, тарихи проза саласында кәсіби тұрғыдан айналасатын жазушылар қалыптасып жетілді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. X-IX сыныптарда прозалық шығармаларды оқытуға, талдауға үйрету. Оқытуға байланысты әдістеме тұрғысында төмендегідей міндеттер қойылды.
Прозалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
Мектеп бағдарламасына енген прозалық шығармаларға шолу,
Оқушыларға прозаны дұрыс қабылдай білуге үйрету;
Прозалық шығармалардың құрылысын зерттеу;
Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.
І. ПРОЗА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
Проза - әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман). Проза әдебиеттің эпикалық тегімен байланысты, лирикалық проза, прозалық өлеңдер кездеседі. Проза XVII ғасырдың ортасына дейін сөз өнерінде поэзиямен аралас өмір сүрді. Тарихи шежірелер, жылнама, трактаттар, естелік, сапарнама, діни уағыздар, т.б. өлең жанрына тән шығармалар болып есептеледі. Шын мәніндегі проза Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, поэзиядан бөлініп шықты. Осы кезден бастап әдебиеттің дамуында проза жетекші орынға ие болды. Рабғузи, Бабыр, М.Сервантес, Д.Дефоның шығармаларынан бастау алатын проза сөз өнерінің дербес, айрықша түрі ретінде қалыптасты. Сөз өнері тарихында проза поэзиямен тығыз байланысты дамыды. Прозада өмір құбылыстары, адам характерлері кең ауқымды қамтылып, жан-жақты суреттеледі.
Проза латын тілінде қара сөз деген ұғымды білдіреді, яғни қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Ғылыми, публицистикалық, философиялық шығармалар да прозаға жатады. Көркем проза поэзияға қарағанда, бертінде, қайта өрлеу дәуірі кезенен бастап қалыптасты. Ежелгі және орта ғасыр әдебиетінде прозаның өзіндік ерекшеліктігі болды. Ол шежіренама, сапарнама, ғақлия, шешендік сөз, т.б. түрінде болды. Бұл кездегі проза көбінесе, белгілі бір ырғаққа құрылса, қазіргі проза сөз қайталау, ұйқастыру, бөлшектеу, жекелеу, жалқылау, даралау, шарттылық, ұлттық нақыш т.б. сөз қолданыстары жиі ұшырайды.
Проза жанрында адамның жан-дүниесін, болмысын кең ауқымда суреттейді (роман, повесть). Күнделікті өмір құбылыстарының көрінісін, сыр-сипатын бейнелейді (новелла, әңгіме). Прозалық туындылармен тіл байлығын игеру, сөзді орнымен пайдалану, оның мағыналық қуатын арттыру, өнегелі ойды өрнектеп жеткізу мақсатты тұрғыда жүзеге асады. Өлеңде ұйқас, салыстыру, теңеу, эпитет, метафора, метонимия, синекдоха, бір сөзбен айтқанда, айшықтау мен құбылту (троп пен фигура) сияқты қисындық қолданымдар, көркемдік тәсілдер маңызды қызмет атқарса, прозада автор сөзі, кейіпкер сөзі, құбылыстар мен үрдістердің тақырып пен мақсатына орай құбылуы (феномен) жетекшілік рольде. Сол арқылы суреттеліп отырған құбылыс көркемдік сипат алып, әдеттегі адамның назарына іліге бермейтін, аталған шығарма авторының түйсігі мен пайымына тән суреттілік шеберлік оқырманды өзіне не баурайтын, не селсоқ, қызықсыздығымен тартпайтын сапаға ие болады. Мәшһүр Жүсіп айтқанындай, сөздің гауһары емес. Оның да кұндысы және құнсызы бар. Поэзияға қарағанда, прозада сюжеттің приоритет екенін есте ұстау абзал. Жалаң тіл байлығы оқырманға пайда әкелмейді. Сол себепті оқиға, қимыл, ішкі бақылау (интерриоризация), монолог (адамның жеке ойы), қатысым әрекеттері (коммуникативное действие, общение), сұхбаттар, адам тағдырының даралық дербестік сипаты, керісінше, біреулерге қлддық ұруға ыңғайлы бейнесі т.б. - прозаның өзіндік елеулі шарты. Адам жайлы ілімнің ең бір тұжырымды болмысы прозалық нысаналарда айқын өріліп беріледі. Бізде антропология ілімі жеке ғылыми субстанция дәрежесіне жетпесе де, прозалық шығармадан оған дәйекгі құбылыстарды, үрдістерді, тұжырым-түйіндерді таба аламыз. Әсіресе, психологиялық ішкі күйініш-сүйініш, табиғаты, мінез-құлқы, хал-ахуалы неғұрлым мол қамтылып, панорамдық деңгейде беріледі. Поэзия нысанасы ауызша да, жазбаша да шығарылады. Ал проза тек жазбаша нұсқама түрінде келеді.
Бүгінде дүние жүзі оқырмандарының қолына тиіп отырған күрделі, көркем туындылары бар, биік даму дәрежесіне, кемел шағына жеткен, танымдық, тәрбиелік, эстетикалық әсері күшті қазақ совет прозасының эволюциялық өсу жолында жиырмасыншы жылдарда туған әр түрлі идеялық-көркемдік ізденістердің жемісі саналатын алғашқы үлгілердің маңызы зор. С. Сейфулиннің Жер қазғандар, Айша повестері, Тар жол, тайғақ кешу романы; Б. Майлиннің Раушан - коммунист повесі, Қадыр түнгі керемет, Шариғат бұйрығы, Жол үстінде және т.б. әңгімелері; М. Әуезовтің Қорғансыздың күні, Жетім, Қаралы сұлу, т.б. шығармалары жиырмасыншы жылдардағы қазақ прозасының даму қарқынын, саяси-әлеуметтік нысанасын, идеялық-көркемдік деңгейін танытатын қатардағы шығармалар ғана емес, әдебиетіміздің алтын қорына қосылатын ұлттық классика үлгілері.
Қазақ әдебиетінің өзіндік даму тарихы бар. Сонау ауыз әдебиетінен нәр алып сусындаған әдебиетіміз уақыт өткен сайын өзіндік жаңалықтарымен, ізденістерімен дараланып тұратын қаламгерлер шығармаларымен толығып отырды. Соның нәтижесінде әр кезеңдегі қазақ қаламгерлері қалыптасқан дәстүрлі арнаны жаңашылдық сипатта жан-жақты дамыта отырып, қазақ әдебиетіне мол жаңалық әкелді. Қазақ әдебиетінің төріне жаңа кейіпкерлер келді, олардың мінез-құлқы күрделенді, әр түрлі жанрда жазылған жаңа мазмұнды шығармалар қатары кеңейді. Кейіпкер бейнесін сомдауда, өмір шындығын көркем өрнектеуде соны көркем бейнелеу құралдары жасалды. Яғни әдебиеттегі дәстүрлі арна жаңа сипат алды. Әдебиеттегі жаңашылдық - әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Тұрмыстың, қоғамдық тіршіліктің өзгеруіне, адамның өмір танудағы жаңа ұғым-түсініктеріне байланысты әдебиетте мазмұн мен түр жағынан жаңашыл шығармалар туады. Бұл тұрғыда кейбір дәстүрлік әдіс-тәсілдер сақталумен қатар жаңаша суреттеу, бейнелеу, сөз қолдану амалдары пайда болады. Әсіресе жаңа өзгерістер мен құбылыстарды аңғаратын соны бейнелеу құралдары жасалады. Бұл - әдебиеттегі жаңашылдықтың белгісі. Дәстүр мен жаңашылдық тек түрді, сыртқы өзгерістерді білдірумен қатар, ішкі мазмұнды бірдей қамтып, шығарманың идеялық-көркемдік немесе ұлттық сипатын жаңа сатыда елестетеді. Енген жаңалық әдебиетке сіңіп, дәстүрге айналып кетуі мүмкін. Көркем творчество үнемі қозғалыс, даму үстіндегі күрделі әрі жанды процесс. Бұл процесте әр шынайы жаңашылдық өзінің сонылық қасиетін берік сақтай отырып, кейінгі дамуға да үлкен ықпалын тигізеді. Бұл ретте белгілі творчестволық озық жетістіктердің жаңашылдық өмірі мен дәстүрлік қызметі қатар басталады деуге болады. Нағыз дәстүрлік сипат алған көркемдік құбылыс әдеби дамуда бүтіндей жаңа серпіліс, жаңа белес дайындайды
1.2 Прозалық шығармаларды оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану
XXI ғасыр қатаң бәсеке ғасыры. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Тәуелсіздік туы-білімді ұрпақ қолында"-деп, дамыған елдермен теңестіріп,өркениетті әлемнен мәртебелі орын алуына ықпал етер бірден-бір құдірет -білім ,білімді ұрпақ -деген болатын. ХХІ ғасыр тәуелсіз қазақ елі үшін аса маңыды оқиғалар мен мазмұнды істермен толы болмақ.
Қaзақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 28 қаңтар 2012 жылғы Әлеуметтік -экономикалық жаңғырту - Қaзақстан дамуының басты бағыты атты халыққа арнаған жолдауында еліміздің болашағы табиғи ресурстармен анықталмай, интелектуалды аһуалмен, жоғары технология, ғылымның жоғары дәрежеде дамуымен айқындалатындығы баса айтылған. Білім беру саласындағы жаңашыл ұстаным болып отырған білім стандартының негізгі ерекшелігі-негізінен оқу нәтижелерін сипаттауға бағытталған. Бұл бағытта жұмыс жүргізу үшін сабақтың дәстүрлі әдістерінен бас тартып,оқушылардың шығармашылық ойын тереңдетіп, білім мен ой өрісін дамытуға,іс-әрекет дағдысын қалыптастыруға әсерін тигізетін сабақтарды көбірек өткізу керек. Жаңа нәрсені оқыту мен жаңа ұғым туралы ақпарат беру үшін бұған дейінгі санада қалыптасқан ойды жаңғыртып қайталап отыру, қызығушылықтарын оятып,олардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту қажет.
Әрбір сабақ мұғалімнің шығармашылық жұмысы.Сондықтан әр сабақты оқушылардың есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған абзал.Оқушылардың өз пәніме яғни қазақ тілі мен әдеиетіне деген қызығушылығын арттыру,өз-өзіне деген сенімін күшейтіп,танымдық қабілеттерін дамыуда жаңа инновациялық технологияның маңызы зор.
Әрбір әдістің өзіндік ерекшелігі бар.Оны мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне,қабылдау деңгейіне қарай іріктеп ,сұрыптап алады.Өйткені нәтижелі білімнің қайнар көзі-дұрыс таңдап қолданылған әдіс-тәсілдер деп білемін.Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский "Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт.Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөпірідер үшін рухани өмірдің түлеген ошағына,мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады"деп айтқан еді.
Сабақ барысындағы оқыу әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр.
Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар мыналар:
1.Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың танымдық ерекшеліктеріне сай қолдану;
2.Мектептің материалдық-техникалық негізін ескеру;
3.Мектептің орналасқан жерін ескеру;
4.Мұғалімнің шығармашылығы мен шеберлігі;
Айтып кететін маңызды жәйт, әдіс пен тәсіл бір нәрсе емес, олардың өзіндік ерекшелігі бар.Әдіске ортақтық, жалпылық қасиет тән де, ал тәсілге жекелік қасиет тән.Оқыту әдістері дегеніміз - барлық пәндерге ортақ оқу мен оқытудың жолдары. Ал тәсілдер дегеніміз - белгілі бір пәннің немесе тақырыпты терең игерту үшін қолданылатын амалдар. Әдіс пен тәсіл осындай белгілері арқылы ерекшеленеді.
"Әдіс" грек.-шындыққа жетудің жолы деген мағынаны білдіреді.Оқыту әдістері қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге ,жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Және де оқушыларға өздері қызығушылықпен, белсенділікпен қатысқан сабағы қашан да түсінікті болады.
Ал енді тақырыбыма оралсам. Әдебиет сабағында,соның ішінде прозалық шығармаларды өткенде түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы өз мақсатыма жететініме көзім жетті. Мысалы,қай автордың шығармаларының атауын қаншалықты деңгейде меңгергендігін білу үшін "Өрмекші торы" әдісін қолданған тиімді.Мұнда мұғалім қолына тоқыма жіп алып, сұраққа жауап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz