Балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Балалардың дербес музыкалық қызметінің маңызы мен мазмұны ... ... ... ..9
II. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары және амалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..32

КІРІСПЕ
Халықтың даналық мұрасын сақтаудың негізі халықтық тәрбиеде. Күнделікті өмір мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, пайдалану үшін балалардың сезім-түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, терең білімді азамат болуы керек. Осындай ұрпақтың өмірге деген эстетикалық көзқарасы оның қызметінің барлық саласында көрініп түрады. Ата-бабаларымыздың рухани мәдени мұраларының тарихи ескерткіштермен ғана шектелмейтіні мәлім. Аязды, аңызақ желді, қақаған қысы мен аптап ыстығы жеткілікті ұлан-ғайыр кеңістіктегі шаруашылық ұйымдастыру мен күнкөріске байланысты қалыптасқан қазақтың қол өнері, әуез аспаптары, тіпті қырыққа тарта жанрлары мен қосалқылары бар өте бай ауыз әдебиеті белгілі бір мазмұнға құрылатын күйлері, ақындық шешендік өнері, халық әуендері мен билері, ұлттық әдет-ғұрып, ізгілік, имандылық дәстүрлері қазақ ұлтының ақжанын сезілтіп оятатын құбылыстар. Музыка пәні арқылы тәрбие беру тек қана жекеленген нысандарды елестете ұғыну ғана емес, ол мәдениетті сезіну мен түсінудің негізі. Бұл өмірге деген эстетикалық қатынасқа тығысатын барлық үйреншікті заттарға, дағдылы әлемге жаңа қатынас орнатады.
Курстық жұмысының өзектілігі. Бүгінде еліміздің балабақшаларында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің арасынан болашақ небір майталман өнерпаздар, әншілер, жазушылар, ақындар қайраткерлер бір сөзбен айтқанда талай-талай мамандьщ иелері шығуы әбден ықтимал. Бұлақ көрсең - көзің аш - демекші солардың бойындағы әлі бүршік жармаған небір адами қасиеттерін ерте бастан байқап, жақсы нышандарға қарай баулу ең алдымен ата-ана мен тәрбиешілердің сезімталдығы мен ізденімпаздығына көп байланысты. Осы маңызды міндетті орындау үшін жалпы музыкалык қабілетін дамыту керек. Бірінші мақсат музыкалық шығарманың сипатын сезіну, естігеніне бірге куану не күйіну, музыкалық бейнені түсіне білу. Музыка бөбекті толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады. Екіншіден баланың тыңдау кабілетін арттыру, неғұрлым жарқын және түсінікті музыкалық құбылыстарды салыстыруға, баға беруге баулу. Мұның өзі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін, кейбір бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тыңдау қабілетін ояту. Мысалы балалар музыкалық дыбыстың ең қарапайым қасиеттерін (скрипка мен домбыраның дыбысын ажырата білу), музыканың ең қарапайым құрылымын (әннің бастамасын, қайырмасын, қарама-қарсы сипаттағы әннің бастамасының биязы жұмсақ орындалатынын, қайырманың жігерлі тез) орындалу айырмашылығын байқайды. Бара-бара балалардың өздері бар ынтасымен тыңдайтын және орындайтын сүйікті шығармаларының коры жи-нақталады, музыкалық талғамдарының алғашкы негіздері қаланады. Үшіншіден бала музыканы тыңдай отырып әнді, ойынды, көркем кейіпкерлерді, биді көз алдына елестете отырып өзінше қабылдайды.
Курстық жұмысының мақсаты. Музыкадағы оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі басты мақсат - әрбір жас адамды қоғамның тірегі, рухани бай, мәдениетті, эстетикалық талғамы зор, өз Отанының елжанды азаматы етіп тәрбиелеу, дарындылығын дамыту болып табылады.
Зерттеу міндеттері.
Оқушылардың музыка ұлттық қазына арқылы қызығушылығын ояту;
шығармашылық қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде ұйымдастыру және халықтық мұра-орындаушылықты насихаттау.
музыкалық шығарламалардың мазмұны мен үлгісіне қатысты төл ерекшеліктері және қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мәдениеті туралы білім қалыптастыру;
ән мен күйдің идеялық, эстетикалық мәнін түсіну, олардың сезім тербер дүниелі мазмұнын болжау;
оқу барысында (оқытушы мен оқушының қарым-қатынасы) еркін шығармашылық ахуал орнықтыру мақсат тұтылады. Ойдағыдай нәтижеге қол жеткізу үшін музыка мұғалімі ұдайы өзін-өзі шындап, дамытып отыру керек, жаңаша ізденіс үстінде болуы қажет;
басқа пәндермен байланыс жасау, шешендік өнерін дамытуға ден қою, тіл ұстарту мәселесіне көңіл бөлу
Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға, оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; әлеуметтік-педагогикалық әдістерді қолдану, оның ішінде оқушылардың тыңдау арқылы сөйлеу дағдылары мен біліктерін бақылау әдістері анықтау, оқыту, бақылау; оқушы әрекетін талдау.
Зерттеудің теориялық маңызы. Мектепке дейінгі ұйымда баланың шығармашылық қабілеттің дамуының алдын ала жағдайын жасай білу. Керекті жағдайда тиімді дамуға әртүрлі шығармашылық қызметке ынталандыратын ортамен баланы мүмкіндігінше қамту.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және бөлімшелерден, сонымен қатар қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ РӨЛІ
1.1 Балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру

Тәуелсіз елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілесу саясатты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ахуалының артуын жүзеге асырудың аса маңызды құралы қоғамның барлық саласын, соның ішінде өнер саласында мәдениет пен білімді дамытуда аса маңызды рөл атқарды. Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасында (1996): "Тәрбиенің түп мақсаты - коғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшуі кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, өмірге икемделген, білікті, жанжақты мәдениетті жеке түлғаны тәрбиелеу" - деп өнер мен мәдеиетті дамытуға ерекше мән берілген. Тәуелсіз еліміздің дамуы үшін мәдени - рухани мұраның жетістіктерін келешек үрпаққа қалдырудың үлесі зор. Жоғарғы оқу орнының болашақ түлектеріне:
Біздің қоғамымыздың жас мүшені нағыз адамзаттық көзқарасын дәйекті көзқарасының қалыптасуын тек білімге ғана негізделмейді, оған қоса өзінің сезім түйсігінен, ар-ожданның елегінен өткен ақыл-ой қызметі қажет. Бұл жерде өнердің алатын орны ерекше, себебі біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың музыка және өнер әлеміндегі ірі-ірі тұлғалардың ғасырлар бойы жинаған бай тәжірибесінің арнасын одан әрі кеңітіп дамытуымыз керек. Сонда ол өзінің тәрбиелік және танымдық ролін атқара алатын болады. Ал музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім мен тәрбие беремін деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды Болашақ маманның ең негізгі міндеті - таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады Байқасақ, әрбір жүргізілген музыка сабағының тәрбиелік мәні өте зор. Мектепке мұғалімдерді кәсіптік мамандыққа сәйкес даярлауда негізгі нысана музыка болуы керек. Баланың әсемдікпен әрсіздікті, жақсы мен жаманды, мейірімділік пен зұлымдықты, қуаныш пен қайғыны түсініп ажырата білуіне байланысты оның эстетикалық мәдениеті мен мінез-құлық дағдылары айқындалады. Жаратылыстың, һәм өнердің сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудің музыкадан, сұлу суреттен, біреудің поэмадан. Тәрбиешінің міндеті балада өнердің қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету, - деп А. Жұбанов айтқандай, баланың эстетикалық мәдениетінің дамуы жетекшілерінің және пән мұғалімдерінің шеберлігі мен тәрбие құралдары қазақ фольклор жанрларын тиімді қолдана алуына, әдіс-тәсілдеріне байланысты. Балалардың музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыру әдістері алуан түрлі және ол баланың жас мөлшеріне тәуелді. Музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыру әдістерін көрнекі және ауызша деп бөлуге болады. Педагогикалық ғылым мен практика баланың шығармашылық қабілетінің неғұрлым тиімді әдістерін анықтап отыр. Олар: баланың музыканы қабылдауы мен эстетикалық мәдениетінің бастапқы көріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдістері:
а) қоршаған ортаны жасампаздандыруға және мінез-құлық мәдениеті дағдыларын қалыптастыруға арналған практикалық іс-әрекеттерге үйрету, жаттықтыру әдістері;
ә) шығармашылық және практикалық іс-әрекеттерге итермелейтін проблемалық жағдайлар сияқты әдістер жатады. Шығармашылық қабілетті қалыптастыруда қолданатын сендіру әдісінің ерекшелігі оны қабылдайтын құбылыс әсем болған жағдайда ғана пайдалану керек екендігі. Балада эмоциялық үн қосу өнер шығармаларымен тікелей ұшырасқанда пайда болады. Бұл әдісті көрнекілік, сондай-ақ ауызша әдіс деп те санауға болады. Үйрету - жаттықтыру әдісінің мәні - баланы тыңдай, көре бағалай білуге және соған сәйкес белсенді іс-әрекет етуге үйрету. Үйрету, жаттықтыру әдісі көп қайталауды талап етеді және түрлі жағдайларда қолданылады. Аталған әдістерді кешенді пайдалана отырып баланың қабылдау белсенділігін тәрбиелеу керек.
Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие беру саласында көп өзгерістер жаңалықтар болып жатыр. Бүгінгі күнде негізгі мақсат жан-жақты дамыған білімді тұлғаны тәрбиелеу. Өзгерістер өнер саласын да қамтыды. Тәрбиелеудің бір құралы кең сан қырлы ұғымды қамтитын музыкалық өнер. Халық тағлымының байлығын өн бойына жинақтаған ертеден қалыптасқан педагогикалық тәжірибеде, тәлім-тәрбиеде оқу-ағарту мәселелері әлі де жетерлік. Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Қазақ халқы құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күйді ұнатқан. Домбыра сөйлейді, қобыз жеткізеді, сыбызғы білдіреді деген сөз тіркестері қазақ мәдениетінде кездейсоқ кездеспейді. Жас өспірімнің бойында талғампаздық эмоциялық сезімпаздық қалыптастыруында, оның мәдениетті болып өсуінде музыка әлемін түсінуде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Әр түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды тану, музыкадағы түрлі кезеңдермен көңілді ажыратуда баланың музыкалық шығармашылығын дамытады. Жас өспірім - тыңдаушы, орындаушы музыкаға деген өзінің ой-пікірін көрсететін, түсінетін тыңдаушы. Сондықтан музыкалық шығармашылық қабілеттің басты саласының бірі ол музыка арқылы тәрбие. Эстетика мен музыкалық шығармашылық қабілеттің ортақ мәселесі адамның табиғат пен өмірдегі әсемдікті қабылдап бағалауға және түсінуге тәрбиелеп оқыту.
Мұғалімнің міндеті баланың жай ғана музыкалық икемін дамытып, оған музыка білім ғана беру емес, оған музыкаға күнделікті байланыс керектігін таныту арқылы оның шығармашылық белсенділігін арттыру. Музыкалық тәрбие әдебиет бейнелеу өнері, тіл, тарих тағы басқа пәндермен байланысты. Сонда ғана біз баланың мәдениетті жан дүниесі бай ой-парасаты кемелденген білімді бала етіп тәрбиелей аламыз. Музыка тіл айтып жеткізе алмайтын адамның киелі нәзік сезімі. Музыка бұл сезім тілі, адам жанын баурап алатын, моральдық сезімдік эстетикалық бірлігі болып табылады. Мектептегі музыка пәні балаларға басты тәрбие құралы болып есептеледі. Олардың рухани өмірі мен тәжірибенің музыка әлемін түсініп қабылдауы. Баланың талғампаздығы, эмоциялық сезімталдығы, білімділігі, мәдениеттілігі, жас өспірімге ақыл-ой, сана-сезімдігі жақсы мінез-құлықтың қалыптасуына әсерін тигізеді. Музыканың қажеттілігі - ол музыка өнерінің негізімен оның өмірі мен байланысы жайлы түсінігін жетілдіру, баянды меңгеруіне көмектесу. Музыкалық тәжірибелік іскерліктерін дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Баланың бойында рухани мәдениеттің маңызы мен ажырамас келбетін байытатын музыканың әсері мол. Олардың бойында түсінігі, сезімдік қабілеттілігінің тұрақтылығы музыка тілінің ерекшелігін меңгеру.
Баланың бойында рухани мәдениеттің аса маңызды ажырамас бөлігі музыкалық мәдениетті қалыптастыру арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру. Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілік, халық музыкасына, өз халқының рухани мәдени мұрасына, салт-дәстүріне сезімдерін оятады. Әр түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген достық, ұлт аралық бірлікке сезімдерін ояту, оны жетілдіру. Балалардың музыка арқылы түсінігін сезіну қабілетін музыка ерекшелігін меңгеру. Бүгінгі таңда балаларды жастайынан өнерге баулу музыкалық тәрбие арқылы жаңа тұлғаны, жаңа адамды тәрбиелеп қалыптастыру. Сухомлинский былай деді: музыка адамның табиғаттың әсемдігінен, еңбекке деген құлшынысын арттырады, музыканың арқасында адамның айналаға, өмірге, тіпті өзіне деген көзқарасты өзгертеді.
Балаларға музыкалық тәрбие беру олардың өнерге деген сезімін ояту, таңдаулы халықтың шетелдік және классикалық музыкасын, Қазақстан композиторларының шығармаларын сүйіп тыңдай білуге дағдыландырып үйрету негізінен музыка сабағында, іске асырылады.

1.2 Балалардың дербес музыкалық қызметінің маңызы мен мазмұны.
Дербес музыкалық қызметтің сипаты. Музыкалық дербес қызметте балалар өз инициативалары (талпынысы) бойынша ән айтады, хоровод жүргізеді. Музыкалық аспаптарда әуендер ойнайды, күрделі емес билерді орындайды. Баланың музыкаға деген қызығушылығы ойнау, ән айту, билеу сияқты музыкалық қызметтің бір түріне көңіл қоюшылығымен сипатталады.
Дербес музыкалық қызмет бастаулары.
Балалардың музыкаға әуестенудің түр негізі, ең алдымен, музыка ұйымдастырған оқу іс-әрекеті болып табылады. Сабақта балалар ән, ойыалғанн, билердің репертуарларын үйренеді, алған білімдерін дербес қызметте көрсетуге талпынады. Мысалы, балаларды сабақта аспаптың сүйемелдеуімен және сүймелдеусіз ән айтуға үйретсе, онда балалар аспаптың қостауынсыз өз қалаулары бойынша ән сала алады. Көптеген балалар айқын сипаттағы би және марш ырғағына жүргенді ұнатады.
Балалардың музыкамен дербес әуестенуінің тағы бір қайнар көзі мерекелер мен ойын-сауықтар болып табылады. Олар - бала өмірінің жарқын беттері. Көптеген тәрбиешілер мереке салтанатын өткізе салысымен-ақ балалардың оған іле-шала өз ойындарымен үн қосатын атап айтады. Мерекелерден неғұрлым жақсы әсер алса, музыкамен балалар соғұрлым ынталана әуестенеді.
Жанұяда музыкалық қызметпен дербес айналысудың жолдары әр алуан. Солардың ішіндегі кең тарағандары - балаларға арналған радио, теледидарлық хабарлар және компьютерлік ойындар. Ата-аналардың өлең айтуға, музыкалық аспаптарда ойнауға құмарлығы, грамжазбалар, түрлі дискілерді қолдануы, тағы басқалармен айналысуы балалардың музыкалық қабілетінін дамуына, музыкамен өз бетінше әуестене әсер етеді.
Музыкалық ойындар мен билер балалардың өз бетінше әрекет етуіне үлкен мүмкіндіктер береді. Балалардың сюжеттік-рөльдік ойындарда, би билеу мен ән айту жетекшкі орын алады. Компьютер, мультфильмдердегі кейіпкерлердің ұнаған әндерін, балалар қызығушылығын қайталап орындайды.

Дербес музыкалық қызметтің түрлері.
Балалар ойындағы музыкалық сабақтарда қызметтің бірнеше түрі біріктіріліп мейлінше күрделі, кеңейтілген формаға ие болуы мүмкін.
Концерт ойынында бір топ балалар әртүрлі номерлерді - артистер, көрермендер рөлінде, міндетті түрде жүргізушінің қатысуымен алмакезек орындалуын ұйымдастырады. Музыкалық ойын варианттарының бірі ретінде Оркестр ойынын атауға болады: дирижер мен музыканттар таңдалады, олар музыкалық аспаптарды немесе кубиктерді ырғақпен тырсылдату арқылы онша күрделі емес әндерді орындайды.
Мектеп жасына дейінгілердің музыкалық дамуын жетілдіруде ойындардың маңызы зор, онда шығармашылық қабілеттер білінеді, балалар әуендер, әндер шығарады, таныс қимылдарды пайдаланып билер, құрылымдар ойлап табады.
Дербес музыкалық әрекеттерінде балалар музыкалық-дидактикалық ойындар арқылы өздерінің музыкалық қабылдау қабілеттерін - Музыкалық лото, Кімнің өлең айтып тұрғанын ойлап тап, Екі барабан, Бубенді бір де қатты, бірде жай соқ дамытады және музыкалық дыбыстардың негізгі қасиеттерін айыруға жаттығады. Мысалы: Екі барабан ойынында балалардың біреуі барабанды тырсылдатып, ырғақтық сурет орындайды, екіншісі оны дәлме-дәл қайталайды немесе бір бала металлофонда онша күрделі емес әуенді орындайды, келесі бір бала нота дөңгелектерін фланелегрфқа әуеннің бағытымен оның ырғағын бейнелейді.
Балалар өздерінің дербес қызметтерінде музыкалық аспаптарда ойнауды жиі қолданады. Олар металлофонда, баянда, триолда, сыбызғыда, балалар пиониносында, бубендерде, барабанда, цитра аспаптарында үйренген немесе өздері ойдан шығарғандарын орындайды.
Мектеп жасына дейінгі ересек топтағылардың музыка аспаптарымен жасаған инсценировкалары қызғылықты өтеді, балалар ойынның белгілі бір кейіпкерін аспаптарды қолдана отырып сипаттайды Мысалы: А.Филиппенко Көңілді музыкант.
Балалардың дербес әрекетінде музыка тыңдаудың да орын алуы мүмкін. Тәрбиеші балалардың сұрауы бойынша күйтабақты ойнатып, өнер шеберлерінің орындауларындағы вокальдық, аспаптық музыкаларды тыңдайды.
Балалардың дербес музыкалық қызметін ұйымдастырудың формалары алуан түрлі. Олардың өздігінен жеке орындайтын жаттығулары музыкалық сабақтардан алған іскерлігі мен дағдыларын бекітуге машықтандырады.
Балалар таныс ойындарды, билерді, әндерді ған емес, жекелеген элементтерін қайталалау әрекеттері жаттығулар сипатында болады.
Мысалы: олар бірін-бірі полька адамдарын орындауға, ән әуенін дұрыс айтуға үйретеді, белгілі бір қимылдардағы мүлт кеткен жерлерге ескерту жасайды, әнді қалай айтып, биді қалай билеу керектігін көрсетеді.
Музыкалық-дидактикалық ойындар балаларды ойыншықтармен, құралдармен әрекет ету мүмкіндігіне дағдыландырады. Музыкалық лотоны ойнай отырып балалар әртүрлі аспаптарды тембрі арқылы адыратады, суретті мазмұны бойынша немесе аспапта орындалған таныс әуенді тани біледі. Музыкалық баспалдақ бойынша дыбыстардың жоғарылығын және дыбыстардың орналасуын, Қатты және ақырын ойыны арқылы түрлі аспаптар дыбыстарының баяу және қатты шығуын айыра біледі.
Балаларда дербес музыкалық қызметін басқару.
Балаларды музыкаға тартуға басшылық жасау сабақтардағы тәрбиелеу тәсілдері мен үйретуден едәуір ерекшеленеді. Бала дербес қызметте сабақты өзі тыңдап, ойынды өзі белгілейді және оны жүзеге асырады.
Жетекші балалардың музыкалық қызметін ұйымдастырудың мазмұны мен формасын белгілейді.
Мұнда тек басшылықтың сипаты өзгереді, ол жанамалау болып келеді.
Біріншіден, тәрбиеші баланың балалар бақшасы мен отбасында алған музыкалық әсеріне ықпал етуге тырысады;
Екіншіден, тәрбиеші балалардың өз инициативасымен туындаға қызметтерінің өріс алуына көмектесетін жағдайлар ұйымдастырады;
Үшіншіден, тәрбиеші өнегелі, балалар ойынының белсенді қатысушысы болуға тиіс.

II. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ.
2.1 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары және амалдары
Әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар жасалып жатырған қазіргі кезеңде, үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Бұл қасиетті істерде педагогқа қойылатын талап ерекше. Мелекеттік білім саясаты да осы педагог арқылы жүзеге аспақ.
Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығына өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.
Шығармашылық сөзінің төркіні шығару, ойлап табу дегенге саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.Выготский шығармашылықты жаңадан ашатын әрекет деп атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды. Өйткені, әрбір жаңалық, әсіресе, интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі педагогиканың талаптарына сәйкес келетіндіктен көңілге қонымды.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын шығармашылдық теориясын жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығын байқауға болады.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау шығармашылық- белсенділік, әрекет, қабілет ұғымдарының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді.
Белсенділік дегеніміз - адамның қажеттілігінен, көзқарасынан, мақсаттарынан туындайтын қоршаған ортаны өзгерте білу қабілеті.
Белсенділік объективті қажеттілік бар жерде жақсы қалыптасады. Сондықтан педагогтар балалардың шығармашылық әрекеттерін басып тастамай оған дер кезінде көмек көрсетулері керек.
Белсенділік деңгейлері туралы Т. Шамованың Активизация учение школников еңбегінен табуға болады. Ол, негізінен, белсенділікті үш деңгейге бөледі:
Әсер ету белсенділігі.
Бұл баланың түсінуі, есте сақтауы, білімін қайта жаңғыртуы, үлгі бойынша қолдана алуы. Әсер ету әрекетін ұйымдастыруда оқытудың түсіндірмелі - иллюстративті әдісі қолданылады. Бұл баланың әсер ету белсенділігін қамтамасыз етеді.
Интерпретациялық белсенділік.
Бұл баланың істі аяғына дейін жеткізу, қиындыққа қарамай, істің шешілу жолдарын іздеуі, неге сұрағына өздігінен жауап беруге тырысуымен байланыстырылады. Екінші деңгейде педагог дамыту үшін оқытудың ақпаратты - ізденіс әдістерін қолдануы қажет, бұл бала әрекетіне жекелік сипат береді.
3. Шығармашылық деңгей.
Бұл құбылыстың мазмұнына және өзара байланыстылығына терең үңіліп қана қоймай, аталған мақсатқа жету үшін, жаңа амал таба білумен сипатталады. Белсенділіктің бұл деңгейінде балалар білімдерін жаңа жағдаяттарда көрсетуге тырысады, яки білім мен амалды бейтаныс жағдаятқа ауыстырады.
Белсенділіктің үшінші деңгейінде шығармашылықтың мәнін аша отырып оның ``әрекет'' ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға болады.
Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастықты құрайды. Әрекет шығармашылықты тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, ал шығармашылық әрекетті реттейді, оның амалдарын, тиімділігін анықтайды. Шығармашылық әрекет арқылы шығармашылық қабілеттер қалыптасады, әрі қарай дамиды
Шығармашылық қабілеттің дамуы, оны дамыту жолдары жайында ғалымдар тереңнен ой толғайды. Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абай өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытудың жолдарын зерттеген. Бала шығармашылығына бағыт - бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген - М.Жұмабаев.
Қабілет жайында жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам бойындағы табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір әлуметтік жағдайларды байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан табиғи психологиялық жағынан ерекшеленеді деген қортындыға келеміз.
Қабілет ұғымына берілетін анықтамалар; Қабілеттер - іс-әрекеттің белгілі бір түрін нәтижелі орындаудан көрінетін адамның жеке қасиеттерінің жиынтығы. Бала бойындағы дарындылық сияқты ерекше қасиетті зерттеген Н.Лейтес қабілетке іс-әрекеттің белгілі бір түрінде жетістіктерге жеткізетін психологиялық қасиет деген анықтама береді.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғалымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын шығармашылдық теориясын жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты - бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі бала психикасының қалыптасуы мен дамуы оның есейген шағымен салыстырғанда шапшаң жүреді. Балалық шақтың осы таңғажайып мүмкіншіліктері мидың, белгілі бір жүйке құрылымдарының толысып, пісіп - жетілуіне және олардың функционалдық қасиеттеріне байланысты. Бұдан шығатын қорытынды; мектепке дейінгі кезеңдегі баланың жас ерекшеліктеріне байланысты қасиеттер оның шығармашылық қабілеті дамуының негізін қалайтын жағдайларды тудырады. Балалық шақтың белгілі бір кезеңдеріндегі жас ерекшелігі оның бойындағы қабілетті қалыптастырудың негізгі алғышарты болып табылады.
Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс - тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Баланы балабақшадан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.
Балалардың шығармашылық қабілетін танып білу, дамыту үшін:
1) балалардың қабілет деңгейі, құрлымы әр алуан болатынын ескеру керек. Оны анықтауға психологиялық тестілер, зерттеу, бақылау, дамыту жұмыстары көмектеседі;
2) әр адамда қабілеттің бірнеше түрі болатынын ескере отырып, баланың жетекші қабілетін анықтап, арнаулы жаттығу жұмыстарын жүргізе білген жөн. Бұл мақсатты түрде ұзақ мерзімде жүзеге асатын жұмыс болғандықтан, эпизодты түрде қолданылатын шығармашылық тапсырмалар біз күткендей нәтиже бере бермейді. Сондықтан мектепке дейінгі мекемеде танымдық тапсырмаларды бір жүйеге құрып, балалардың бір бағыттағы интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытып қалыптастыратындай жұмыс бағытын ұсынып отыру керек. Балалардың шығармашылықпен ойлауын дамытуда алға мынадай шарттар қойылады.
Шығармашылық ойлауды дамыту шарттары:
шығармашылықтың тууына ішкі кедергілерді жою;
жұмыс істеу барысында бала зейінін акыл-ойға шоғырландыру;
қиял ширақтығын қолдау;
жалпы шығармашылық іс-әрекетке бағыт-бағдар беру.
В.Сухомлинский шығармашылық арқылы тұлғаның рухани байлығы қалыптасады, шығармашылық адамды адамға тартатын магнитпен тең. Сондықтанда педагогтың, ата-ананың, тәриешілердің негізгі мақсаты баланы өмірге, еңбекке шығармашылықпен қарауға үйрету деп атап көрсеткен.
Бүгінгі күнде оқытудың жаңа техналогиялары балалардың шығармашылдық қабілеттерін дамыту негізінде білім беруді көздейді. Бұл мектепке дейінгі кезеңнен бастап баланың шығармашылық ойлауын, шығармашылық қиялын дамытуға көп көңіл бөлуді міндеттейді.
Демек, мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн. Бірінші - адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру
Естияр тобы балаларының музыкалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Сыныптан тыс музыкалық қызмет кіші сынып оқушыларының музыкалық мәдениетін қалыптастыру тәсілі ретінде
Музыкалық білім саласындағы музыкалық ойлау ерекшеліктері
Музыкалық білім беру әдістемесі
Балалардың музыкалық әсерлерін қорытындылау
Орта топ балаларын музыка тыңдауға үйретудің ерекшеліктері (4-5 жас)
Көпмәдениетті тәрбиенің түйінді мақсаттары көпсатылы
Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстыру
Музыкалық қызмет түрлері
Пәндер