Интернет желісімен байланыс


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Компьютерлік ақпараттық жүйелері және телекоммуникациялық технологиялардың дамуы жаңа экономикалық қызмет түрi электрондық коммерция, немесе электрондық кәсiпкерлiктің құрастыруларына алып келді. Электрондық кәсiпкерлiк кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк процестердi компьютерлендiруi, сату және тауарлар мен қызметтердiң үлестiрiлуi арқылы едәуiр дәрежеде iске асырылған ерекше формасы болып табылады. Сондықтан электрондық коммерция жайлы казіргі кезде көп нарсе айтылып жатыр. Бiрақ көпшілікте электрондық коммерция жайлы түсініктері аз болып келеді.

Электрондық бизнес - бұл пайда жасау мақсатында iшкi және сыртқы байланыстарының өрнектеуi үшiн глобалдi ақпараттық желдердi мүмкiндiгінше қолданушы, кез келген iскерлiк белсендiлiк.

Интернет кәсіпкерлік уақыт өте біздің өмірімізге көптеп кіруде. Бизнесті жүргізудің жаңа түрлерін ашады, сондықтан көптеген компаниялар өздерінің айтарлықтай бөліктегі бизнестерін интернетке өткізіп жатыр. Коммерцияның интернетi электрондық құрылғылар көмегiмен бизнес - транзакциялардың өткiзудiң әдiстерiнiң жиынын құрайды.

Жарнаманың пайда болу тарихына 100 жылдар емес 1000 жылдықтар себеп болды. Товар деген экономикалық категорияның пайда болуынан бастап, жарнаманың дамытылуы өнер болды. Жарнаманың пайда болу тарихы жазу және сурет салу өнерімен тығыз байланысты. Ежелгі жарнамаларды сазбалшықта, тастардын үстінде көруге болатын еді. Кейін технологияның даму барсында жарнаманы радиодан, теледидардан және газет журналдардан байқалды.

Қазіргі уақытта жарнаманы интернет желісінде көп кездестіруге болады. Себебі, біздің заманымызда интернет пен компьютерлер кең қолданыста. Интернетте кез-келген қолданушы кез-келген жарнаманы таба алады. Оның дамуы дербес компьютердің миллиондаған пайдаланушылардың интернет желісінде қол жетуіне әкелді. Осының бәрі жарнама сайтының пайда болуына соқтырды.

Жаңа жобамен жұмыс істеу мейлі ол жарнамалық сайт немесе интернет магазин болсада, ең алдымен тұжырымдама және сайттың жаңа идеясын (пікірін) жасау, тапсырма беру және оның мақсатын анықтаудан басталады, ол маркетингтік старатегия мен мақсатты аудиторияны талдау, бәсекелестерді сараптау (бәсекелес сайттар), желіде жағдай жасау, дамытудың тиімді әдістерін таңдауға қызмет етеді.

Тақырыптың өзектілігі осы уақытқа дейін интернет кафелердегі кассалық бөлімінде бағдарламалық қамтаманы және техникаларды интернет желісі арқылы тіркеу бойынша бағдарламалық қамтама құрастырылмаған болатын. Бағдарламаның басты құндылығы болып деректер қоры дербес компьютерде аз орын алатындығында бұл деп отырғанымыз қолданушы мәліметтерді интернет желісі арқылы жылдам қол жеткізе алатындығында.

Ғылыми жаңалық және тәжірибелік құндылықтары дипломдық жобаның ғылыми жаңалығы болып РНР, Java Script, HTML бағдарламалау ортасында бағдарлама құрылды. Сонымен қатар, бағдарламалық қамтамалардың сапасы жақсарып және сәйкесінше бағдарламалық құруларға сұраныс та артуда. Тәжірибелік құндылық тұрғысынан бағдарламада деректер қорын жылдам әрі қауіпсіз түрде сақтау мүмкіндігінде. Яғни бұл бағдарламалық қамтама локальдық желі арқылы да басқаруға мүмкіндік береді.

Ғылыми проблеманың заманауи жағдайы интернет кафе мекемесіндегі кассалық бөлімінде ақпараттық жүйе, деректерді басқару жүйесі, желілік бағдарламалауға және телекоммуникация жүйелеріне көп мән берілді. Сондықтан да қазіргі таңда деректер қорымен жұмыс істеу барысында желілер арқылы ақпарат тарату барысында мәліметтердің жылдам жетуі мен қауіпсіздігі есептеу техникасында маңызды рөл атқаруда.

Дипломдық жобаның мақсаты қолданушы деректер қорына қол жеткізуге мейлінше жеңіл және қарапайым болуда. Қазіргі таңда көптеген бағдарламадағы маңызды деректердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде администрациялық бөлім кеңінен қолданылуда. Бұл бөлімде қажетті код деректер қорында сақталып оны көру тек санаулы пайдаланушыға ғана қол жетімді болады.

Дипломдық жобаның зерттеу объектісі интернет кафедегі кассалық бөлімінде зерттеу аймағы, ұйымдастырушылық құрылымы, мақсаттары, бөлімдердің функциялар мен есептері, ақпараттық жүйені құру мақсаты қарастырылған. Офистік техникаларды реттеудің есептер кешені қойылымы мен ақпараттық жүйенің құрылымы және техникалық базасы туралы айтылады. Шешілетін есептер кешенінің ақпараттық базасы құрастырылған, сонымен қатар: ақпараттық-логикалық моделі құрылған және сипатталынған, қолданылатын жіктемелер мен кодтау жүйесі туралы толық ақпарат берілген, кірістік және нәтижелік ақпараттар характеристикасы сипатталған, оңтайлы экономикалық-математикалық моделі құрылған.

Бағдарламалық қамтаманың жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасы мен айналандырылған бағдарламалық қамтамасы таңдаулары, бағдарлама модулдері сипаты берілген. Бағдарламалық модульдер қарым-қатынасы құрамының құрылымдық схемасы тұрғызылған.

Ақпараттық өнімнің жүзеге асырылу қадамы жазылған. Құрастырылған ақпараттық жүйенің экономикалық тиімділігі бағаланып, жүйенің қауіпсіздік шарттары қарастырылған.

Теориялық және методологиялық негізі жобаны құру барысында бірнеше теориялық мәліметтер компания төңірегінде алынды және методологиялық негізі ретінде объектіге-бағытталған бағдарламалық құралдар қолданылады.

Тәжірибелік базалық мәліметтері интернет кафе кассалық бөлімінің құрылымы, жұмыс істеу принципі және жүйесі негізінде деректер алынады.

1 ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ

  1. Интернет желісімен байланыс

Желі - компьютерлер мен басқа да құрылғылар, мысалы, басып шығарғыштар мен мәтіналғылар тобы, олар барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған. Желілер шағын немесе үлкен, тұрақты немесе уақытша (телефон желілері немесе сымсыз арналар арқылы) жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі - әлемдік желілер тобы болып табылатын Интернет.

Түрлері:

Ауыстырылатын желі - компьютердің қашықтағы абонентпен байланыс желісі. Жалғастыру жалпы тағайындалған телефон арнасы арқылы абонент нөмірін телефондық нөмір теріп алу амалымен жүзеге асырылады. Мұнда уақытша 1 жалғастыру орындалады.

Ауыстырылмайтын желі - терминалды компьютерге тұрақты түрде жалғастыруды жасақтайтын байланыс желісі.

Ауқымды желі - жүздеген және мындаған километрлік аумақты қамтитын халықаралық, мемлекетаралық, республикалық немесе салалық компьютер желілері. Кез-келген компьютерді, олардың орналасқан географиялық мекен-жайына қарамастан, бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Ауқымды желі көбінесе жергілікті және аймақтық есептеу желілерін біріктіру нәтижесінде құрылады.

Ауқымды есептеу желісі - бір-бірінен алыс орналасқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі.

Ауқымды есептеу желілері негізгі үш құрауыштан түрады:

а) желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері;

ә) жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын арналар;

б) байланыс арналарына қатынас құруға мүмкіндік беретін жабдықтар мен программалар.

Мысалы, Интернет торабы - түрлі-түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әр түрлі есептеу машиналарын байланыстыратын, мәліметтерді тасығыштардың (телефон сымдары, оптикалық талшық, жер серігінің арналары және радио-модемдер сияқты) барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік желілердің бірлестігі. Ең көп тараған қызмет көрсету түрлері: электрондық пошта (@mail), желілік жаңалықтар немесе телемәслихат тарату тізімдері, бүкіл әлемдік өрмек, файлдар жеткізу, қашықтан қатынас құру жөне т. б.

Интернет - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады.

Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз [1] .

Егер бұл терминді енгізген ағылшын тіліндегі құжатына сүйенсек, онда бұл термин екі түрде жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады.

Егер Интернет сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин мәліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру ұғымын білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды. Көбінесе, бұл екі түсінікті бір-бірінен ажыратып жатпайды.

Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.

Әрбір топтарда операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.

Торапты оның иесі - провайдер деп аталатын ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.

Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.

Интернет желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді. Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысыда басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады.

Электронды почта немесе @mail, адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды почтаның Интернеттегі негізгі функциясы - планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды хаттармен - мәтіндік хабарламамен оперативті және өте тез алмасуды жүзеге асыру. Электронды почтаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға болады: дыбыстық хабар, құжаттарды, сызуларды, фотосуреттерді, бейнематериалдарды беру; ғылыми журналға, сирек кітаптарға, жарнамаға жету және әр түрлі тауарларды жолдау немесе сату; сонымен қатар, ұжымдық іс-әрекеттерді программалық қамтамасыз ету; мекемелер мен ұйымдарда құжат қолдану; ұжымдық жұмысты жоспарлау.

Қазіргі уақытта кз келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі.

1957 жылы Кеңес Одағы жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешті. АҚШ алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының агенттігі (АРПА) осы мақсатта компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне, Стэнфорд зерттеу орталығына, Юта штатының университетіне және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының университетіне тапсырылды. Компьютерлік желі АРПАНЕТ деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. Одан соң, АРПАНЕТ желісі жылдам дамып, оны ғылымның әр түрлі салаларындағы ғалымдар қолдана бастады [2] .

ЫЦАНН-ның Марина Дель Рейдегі штаб-пәтері, Калифорния штаты, АҚШ. Алғашқы АРПАНЕТ сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. «Һонеюелл 516» компьютерінде 12 КБ оперативті жад бар болатын.

1971 жылы желі арқылы электронды почта жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол кеңінен таралды.

1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат алды.

1970-жылдары интернет желісі негізінен электронды почтаны жіберу үшін пайдаланылды. Бірақ, интернет желісі басқа техникалық стандарттар негізінде жасалған желілермен байланыс орната алмайтын еді.

1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары кеңінен тарай бастады, олар 1982-83-жылдары бір стандартқа келтірілді. 1983 жылы «Интернет» термині АРПАНЕТ желісіне байланысты айтылатын болды.

1984 жылы домендік аттар жүйесі (ДАЖ) жасап шығарылды.

1984 жылы АРПАНЕТ желісіне бәсекелес пайда болды. АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (ҰҒҚ) университетаралық ауқымды желісін құрып, оған көптеген шағын желілерді (сол уақыттарда-ақ танымал болған Ұсенет және Бітнет желілерін қоса) біріктірді, бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті АРПАНЕТ желісіне қарағанда, біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылды.

1988 жылы Интернет протоколы жасалып, Интернетте нақты уақытта сөйлесу мүмкіндігі пайда болды.

1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша еуропалық кеңес қабырғаларында Бүкіләлемдік тор концепциясы пайда болды. Оны әйгілі ағылшын ғалымы Тим Бернерс-Ли ұсынды, ол екі жыл ішінде HTTP протоколын, HTML тілін идентификаторларын ойлап тапты.

1990 жылы АРПАНЕТ желісі бәсекелестікке шыдай алмай, өз жұмысын тоқтатты. Осы жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сәті түсті.

1991 жылы Бүкіләлемдік тор Интернетте пайда болды, ал 1993 жылы әйгілі браузері пайда болды.

1995 жылы желісі бастапқы зерттеу мақсаттарына қайта оралды, енді Интернеттің барлық траффигін маршрутизациялаумен Ұлттық ғылыми қордың суперкомпьютерлері емес, желілік провайдерлер айналыса бастады. Осы жылы Бүкіләлемдік тор ФТП арқылы файлдарды тасымалдау протоколын трафик жөнінен басып озып, Интернеттегі ақпарат тасымалдаудың негізгі көзіне айналды, Бүкіләлемдік тор консорциумы құрылды. Бүкіләлемдік тор Интернетті өзгертіп, оның қазіргі заманғы бет-бейнесінің қалыптасуына әсер етті деп айтуға болады. 1996-жылдан бастап, Бүкіләлемдік тор Интернет түсінігін толықтай ауыстырды деп айтуға болады.

1990-жылдары Интернет сол уақыттағы желілердің көпшілігін біріктірді. Интернеттің техникалық стандарттары ашық, ал оны басқаратын белгілі бір компания жоқ болғандықтан, интернеттің дамуы жекелеген желілердің бірігуіне көп әсерін тигізді. 1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 миллионнан астам домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал құралына айналды.

1998 жылы рим папасы Бүкіләлемдік Интернет Күнін 30 қыркүйек деп бекітті. Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқыы да байланысуға болады. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану - алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, электрондық почта өте қолайлы жене аса қымбат емес. Интернет технологисы жылдам өзгеріп отырады. Интернетпен жұмыс істеу оңайланғандықтан, қазіргі өзгерістер торапты кім немесе қандай мақсатпен қолдануында болып отыр. Дегенмен, "веб-тен білгім келген нәрсе туралы, информация таба аламын ба?"-деген сұрақ туындайды. Сол себепті бір жаққа телефон соғудан бұрын немесе кітапханаға барар алдында веб-тен информация алады.

Адамдарды іздеу. Егер қажетті адамыңыздың қайда екенің білмесеңіз, оны қайда болмаса да сіз қазіргі уақытта тауып алу мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін сіз қызмет каталогын немесе телефон кітапшасын қолдана аласыз.

Компанияларды, өнімдерді немесе басқа да қызметтерді іздеу. Сары парақ (Yellow page) атты жаңа каталог қызметі сізді қызықтыратын мамандықтары бар компанияларды іздеуге мүмкіндік береді. Оның адресін тез табу үшін сіз сол облысқа сәйкес кодты бере аласыз. Осылайша өзіңіз қолыңыз жетпей жүрген затынызды да табуға болады.

Зерттеу. Заң кенселері бұрын қажетті информациялар үшін сағатына $8600 төлесе, қазір олар оны Интернеттен өте аз бағаға ала алады. Жылжымайтын заттармен айналысатын фирмалар, олардың бағасын бағалау үшін Интернетке сай келетін демографиялық мәләметтерді пайдаланады. Ғалымдар өздерінің соңғы зерттеу нәтижелерімен ауысады. Интернет көмегімен бизнесмендер болашақтағы нарықтарды үйренеді.

Білім. Мектеп мұғалімдері бүкіл әлемдегі оқыту программаларын бақылап отыра алады. Колледж оқытушылары өз шанырақтарымен электрондық почта арқылы хабарласып, сонымен қатар телефонмен сөйлесу ақысын үнемдейді. Студенттер компьютерде курстық жұмыстарын жасайды. Сонымен қатар, диалогтық режимде энциклопедияның соңғы басылымын және басқа да қажетті материялдарды алуға болады.

Сапар. Үлкен, кіші қалалар, штаттар және бүкіл мемлекеттерді веб-те туристік және басқа да қажетті информациялардан табуға болады. Желіде сапар шегушілер ауа райы туралы мәліметтерді, транспорт қозғалысының уақыт кестесін немесе мұражайдың жұмыс уақыттары туралы мәліметтер ала-алады.

Маркетинг және сауда. Мұнда программалық жабдықтарды шығарушы компаниялар өз өнімдерін сатып, желіде жаңа нұсқаларын ұсынады. Желі көмегімен басқа да түрлі өнімдер сатылады. Электронды кітап және грампластинка дүкендерді оперативті режимде істейді. Клиент өзіне қажетті мәліметті каталогтардан көре алады.

Денсаулық сақтау. Науқас адамдар мен дәрігерлер денсаулық сақтау облысындағы соңғы ашылған жаңалықтарды біліп отырады. Өз білімдерімен алмасып және медициналық мәселелерді шешуде бір-біріне көмектесіп отырады.

Инвестиция. Адамдар акция сатып алып ақшаларын пайдалы айналымға жібереді. Кейбір компаниялар өздерінің акцияларын оперативті режимде ұсынады. Осылайша инвесторлар жаңа өнеркәсіптерді, ал өнеркәсіптер капитал табады. Конференция және аукциондарды ұйымдастырушылар хабарлама жасау, өтініш жинау немесе қатысушыларды тіркеу, т. б. жұмыстарды веб-те жасайды. Мұнда информация барлық уақытта жаңарып отырады, мұнда қағазды және транспорт шығынын әлдеқайда үнемдеуге болады.

Дін. Дін немесе басқада қоғамдық ұжымдар веб-те өздері туралы айтып, басқа адамдарды ұжымдарына шақыратын өз парақтары бар.

Интернет мыңдаған корпоративті, үкіметтік, ғылыми және үй желілерінен құралған. Әртүрлі архитектуралы және топологиялы желілерді біріктіруге ИП (Интернет Протокол) протоколын және мәліметтер пакеттерін маршрутизациялауды қолдану арқылы қол жеткізілді. ИП протоколы әдейі физикалық байланыс арналарына тәуелсіз етіп жасалды. Яғни цифрлық мәліметерді тасымалдауға арналған кез-келген жүйе Интернетпен де байланыса алады. Желілердің байланысқан түйіндерінде арнайы маршрутизаторлар (бағдарламалық немесе аппараттық) пакеттердің қабылдаушылардың ИП-адрестерін қарай отырып, мәліметтер пакеттерін сұрыптаумен және бағыттаумен айналысады. ИП протоколы бүкіл әлем көлемінде біртұтас адрес кеңістігін құрады, бірақ әрбір жеке желіде өзіндік адрес кеңістігі болуы мүмкін. ИП-адрестерді осылайша ұйымдастыру маршрутизаторларға әрбір мәлімет пакетінің бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, Интернет құрамындағы жекелеген желілер арасында конфликттер болмайды, ал мәліметтер бүкіл әлем көлемінде дәл жеткізіледі [3] .

ИП протоколын ұйымы ойлап тапқан болатын. және оның жұмыс топтары қазіргі күні де Бүкіләлемдік желінің протоколдарын дамытумен айналысады. Қызметіне қарапайым пайдаланушылар қатыса алады. Бұл ұйым комитеттері құжаттарын жариялайды. Бұл құжаттарда көптеген сұрақтардың техникалық спецификациялары және дәл түсініктемелері беріледі.

1. 2 Интернет кафе веб бағдарламасының құрылымы

Интернет дүкен - бұл ғаламторда орналасқан дүкен. Яғни ғаламтор арқылы сатылатын тауарлар мен қызмет түрлерінің жүйеленген тізбесі. Арнайы бағдарлама негізінде тауарларды қосу немесе өшіру, жаңа тауар категорияларын құру және тауарлардың сипаттамалары мен суреттерін еңгізу, бағаларын белгілеуге болады. Сайтқа кірушілер тауарларға электрондық тапсырыс формасы - «тапсырыстар себеті» арқылы тапсырыс бере алады. Мұндай сайттарда тек тапсырыс беріп ғана қоймай, сонымен қатар ғаламтор арқылы тауарға тікелей төлеуге де болады. Есептесудің әртүрлі жүйелері пайдаланылады: тауарларды курьер арқылы немесе автоматты түрде есеп-шот ұсыну немесе пластикалык карта арқылы төлем қабылдау.

Интернет әлеміне көшіп келген жарнама, кітапханалар мен газет, радио, телевидениенің қатарында дүкендер де бар. Электрондық сауда-саттық Қазақстан интернетіне де жат емес - онлайн дүкендер соңғы екі жылдың ішінде бұл нарықта жақсы көрсеткіштерге жете білді.

Интернет дүкен кез келген супермаркеттен гөрі өзіне көп тауарды сыйдыра алады. Тауарды сатып алу үшін түрлі әдістер бар: қолма-қол ақша, пластикалық карта, банк аударымы, электронды ақша. Тауарды үйге не офиске ыңғайлы уақытта жеткізеді. Интернет дүкенге тәулігіне 24 сағат бойы үйден не офистан шықпай-ақ кіруге болады. Тауардың сапасымен толық танысып, басқа сатыпалушылардың пікірін білуге болады. Интернет дүкенде сыйлықтарды сатып алуға ыңғайлы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернет желісіне қосылуды ұйымдастыру, және оны Қазақстанда дамыту
DLS және ISDN технологиялары
Ауқымды желілер
Жергілікті желінің түрлері
Интернет желісі. Интернеттің негізгі принциптері
Компьютерлік желілер жайлы
Қашықтықтан оқытуға арналған
Компьютерлік желілер. Желілік қосымшаларды қолдану
Интернет желісінің тарихы туралы
Компьютерлік желілер және телекоммуникациялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz