Туризмнің статистикалық анықтамасы
Ұсынылған дипломдық жұмыста HostelDiplom виртуалды компаниясының мобильдік қосымшасын құру көрсетілген.
Берілген жұмыс мақсаты компанияның аты туралы, қызметкерлер, қонақ үй нөмерлері бойынша ақпарат беру және іздеу жүйесін құру.
Түсініктеме жазбасында деректер қорын жобалау кезеңдері, программаға қойылатын талаптар, оның функционалдық қызметтері және программа құрылымының логикалық сипаты, сонымен қатар жобаның экономикалық тиімділігі мен еңбек қорғау бөлімі де қарастырылған.
Қосымшада жүйенің листингісі келтірілген.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 7
1Туризімнің теориялық аспектілері қоғамдық дамудың экономикалық критериясы ретінде 9
1.1Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері 9
1.2Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары 13
1.3Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару,
Қазақстанның шетелдерге насихатталуы 13
1.4 Есептің қойылымы 21
2Туристік жүйесі агенттіктің ақпараттық деректерді жүйесін жобалау 26
2.1Техникалық тапсырма 26
2.2Android қосымшаларын құру 31
2.3Android-құрастырушысы құрал-саймандары 32
2.4Android ОЖ мен Android қосымшасының жұмыс істеу принципі 44
3Арнайы бөлім 47
3.1Туристік фирмасының қалыптасуы 47
3.2Бағдарлама қызметі 51
3.3Бағдарламаның орындалуына қажетті техникалық құралдар кешені 52
3.4Бағдарламаның орындалуына қажетті уақыт 52
ҚОРЫТЫНДЫ 55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56
Қосымша 58
Кіріспе
Туризм - демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай - ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жәке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі тиіс қызмет.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарады. Бүкіл әлемдік туристік ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлгін халықаралықинвестициясының 11%- дан астамын, әлемдік өндірістің әр бір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға мүше болып кірді.
Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласына және қоғамның әл - ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басым сала деп анықтады.
Қазақстанда туризмнің дамуы үшін нормативтік - құқықтық база құрылды. 2001 жылдың маусымында Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы жаңа Заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы экономикасының бір саласы ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негізін айқындады. Заңға сәйкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері болып: туристік қызметке жәрдем беру және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау, сонымен қатар Қазақстан туризм үшін қолайлы ел туралы түсінікті қалыптастыру саналады.
1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылы Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түрік тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2003 жж. Туризм инфрақұрылымын құру туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.
Туризмнің қазірігі индустриясы табысы жоғары және серпімді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризімнен табыс, мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орында кееледі. Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің реакциялық сиымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстан әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм енбекшілердің жыл сайынғы ақылы енбек демалысына шығуы мен байланысты, мұның өзі адамдардың дем алуға және бос уақытын өткізуге деген негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторларына айналады.
Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың құлдырауы болмайтын саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай, немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидайды әлемдік нарыққа шығару керек екен. Бұл ретте, шикі зат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік эконмистердің есебі бойынша, 100 000 турист қалада орташа есепппен екі сағат болған кезде кемінде 350000 доллар немесе адам басына 1 сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризімді дамыту- ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм тек қана экономикалық емес, сонымен бірге әлеуметтік- мәдени маңызға ие. Себебі ол елдер арасындағы мемлекетаралық байланыстардың және мәдени айырбастаудың дамуына ықпалын тигізеді, аймақаралық байланыс көлемін арттырады, халықтың танымдық деңгейін көрсетеді.
Қазақстанда туризмнің хаостық дамуы, мемлекеттің, қоғамдық-құқықтықжәне жеке құрылымдардың арасында өз ара байланыстың жоқтығы, экономикалық механизімнің жетілмегендігі тән. Туризм сферасындағы макротенденциялар туризмнің тек бір сегментінің - шығу туризмнің артықшылықты екенін анықтады. Сонымен бірге, Қазақстанда келу туризмін дамытудың да алғы шарттары іс жүзінде бар, себебі Республикада табиғи және рекреационды ресурстар, мәдени, тарихи сәулер және архиологиялық ескерткіштер мол.
Қазақстандағы қазіргі заманғы туризм дамуының деңгейі қолда бар туристік әлеуметті толығымен пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Туристік сфера дамуының төмен деңгейі туризм сферасын экономикалық реформалау жөніндегі ғылыми өңдеулердің тіптен болмауына байланысты. Қазақстанда туризм сферасында тәжірибелік ұсынуларды жасау үшін кешенді және жүйелік талдау өткізетін ғылыми-зерттеу құрылымы жоқ. Сондықтан қазіргі заманғы сатыдағы туризм дамуының экономикалық мханизмін зерттеудің өзекті мәні бар. Отандық туристік нарықтағы қазіргі жағдай маркетингтің қағидаттары мен тәсілдерін қолдануды, жаңа тұтынушылардың негізгі белгілерін зерттеуді, сондай-ақ туристік қызметтерді тұтынушылардың мативациялары мен мінез-құлықтың ерекшеліктерін зерттеуді қажет етеді. Туризмді зерттеуге, сонымен бірген М.Б. Биржаков, В.И. Азар, Ф. Котлер сияқты ғалымдар өз үлестерін қосты.
1. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ДАМЫУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ
Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері
Ұзақ даму тарихи бола тұрып, туризм әлі күнге дейін толық, бір мәнді анықтама алған жоқ және оны тек жеке мамандар ғана емес, туристік ұйымдар да әр түрлі анықтап жүр. Күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде ол жеткілікті зерттелмеген және оған сандық баға беру қиын.
Туризмнің іс жүзінде бар анықтамаларын екі топқа біріктіруге болады. Оның бірі жұмысшылық деп аталады және оның мінездемесі тар арналы, оған туризмнің жеке экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және тағы басқа аспектілерін немесе туризмнің ерекшеліктерін қамтиды да, нақты мәселелерді (мысалы, статистикалық мақсаттағы туризм анықтамасы) шешу құралы ретінде қолданылады. Екінші топ, мәндік анықтамалар пәнді түгелдей қамтиды, туризмнің қасиеттері мен қатынастарының көптүрлігін бір бірлікте көрсететін ішкі мазмұнын ашады, және оны ұқсас, көбінесе өзара байланысты, бірақ басқаша табиғаттағы құбылыстардан ажыратуға мүмкіндік береді.
Туризмнің статистикалық анықтамасы. Статистикада туризмді тұрғындардың мекен-жайын немесе жұмыс орның орнын ауыстыруына байланысты емес көшіп-қону формасының бірі деп түсіндіріледі. Оған анықтама берілудің қажеттілігі ХХғ. І жартысында туындады және ол туристік ағындардың барлық жерде өсуімен, туризмнің экономикалық маңызының артуымен және саяхаттаушы тұлғалардың статистикалық есебін алуға тырысушылықпен түсіндіріледі.
Турист терминіне алғашқы анықтамалардың бірін Ұлттар Лигасының статистика мәселелері жөніндегі камитет сарапшылары берген (1937ж). Ол халықаралық қолдануға ие болды және қазіргі күнге кейбір түзетулері болмаса негізінен сол күйінде жетті. Соңғы жылдары туризмге анықтама беру мәселелері Ресми туристік ұйымдардың халықаралық одағының бас қосуларында (Дублин,1950жылы, Лондон,1957жылы),Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық туризм және саяхат туралы конференциясыда (Рим, 1967 жылы), Бүкіләлемдік Туристік Ұйым конгресінде (Манила, 1986жылы), туризм жөніндегі парламентарлық конференцияда (Гаага, 1989 жылы), және тағы басқа жиындарда талқыланған.
Қазіргі уақытта халықаралық тәжірибеде саяхат пен туризм статистикасы жөнінде халықаралық конференцияда қабылданған (Оттава, 1991жылы) және Бүкіләлемдік Туристік Ұйымымен және Біріккен Ұлттар Ұйымының Статистикалық комиссиясымен бекітілген анықтама кең қолданыста. Ол бойынша:
турист - бұл 24 сағаттан 1 жылға дейінгі мерзім кезеңінде уақытша болатын елді (жерді) аралап көретін және өзге де мақсаттарда кенінде бір рет түнеп шығатын жеке тұлға.
Ұсынылған анықтама саяхаттаушы тұлғалардың туризмдегі статистикалық зерттеудің обьектісі болып табылатын бөлігін анық көрсетуге мүмкіндік береді. Оттава конференциясының қорытынды құжаттарында және Бүкіләлемдік Туристік Ұйым техникалық құралдарына турист келіп-кетуші ретінде анықталады және бұл ұғымды туризм статистикасында түйінді ұғым ретінде қолдану ұсынылады. Ол туристермен қатар жалпылама ортақ белгілері бар экскурсанттарға тиісті. Олардың арасындағы айырмашылықтар құбылыстың мәніне қатысты емес, сондықтан экскурсиялық сапарлар көбінесе туризмнің жеке оқиғасы ретінде қарастырылады және туристік статистикалық анықтамаларда көрсетіледі.
Туристтер мен экскурсанттарды келіп-кетушілер категориясына біріктіруге және сол уақытта басқа саяхаттаушы тұлғалардан ажырату мүмкіндік беретін үш басты белгіні бөліп көрсетуге болады: күнделікті орта шегінен асып басқа жерге ауысу, келген жерінде болу ұзақтығы және сапар мақсаты.
Күнделікті орта шегінен асып сапарлау бұл саяхаттаушыларды жіктеудің бірінші белгісі.
Күнделікті орта термині айналымға Оттава конференциясында келіп-кетушілер қатарынан күнделікті үйден жұмысқа (оқуға) барып, қайта келетін адамдарды бөліп қарау үшін енгізілген. Олар күнделікті ортадан аспайды және турист болып саналмайды.
Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның туризм статистикасы жөніндегі ұсынымдамаларында күнделікті орта параметрлері екі көрсеткішпен сипатталады. Ол нысанға келіп-кету жиілігі және оның қашықтығы. Тұлға тұрақты баратын жерлер оның тұрғылықты жерінен әжептәуір қашықтықта болса да, оның күнделікті ортасының элементтері болып табылады. Осыны негізге ала отырып айтатын болсақ,мысалы, шекаралық аудандардын тұрғындары шекаралас мемлекеттердің территориясында қызмет істеп және ол елдерге үнемі барып тұратындықтарына қарамастан халықаралық туристер санына жатқызылмайды.
Сонымен қатар, күнделікті ортаға адамдардың бұл нысандарды психологиялық түрде күнделікті ортаэлементі ретінде қабылдауынан шығады. Мысалы, көрші орналасқан театрға баруды ешкім де туристік шара деп санамайды және ол туризм статистикасында да көрініс таба алмайды.
Келген жерде болу ұзақтығы - бұл келіп-кетушілердің статистикалық жиынтығын бөліп көрсетудің екінші белгісі. Ол күнделікті орта тұжырымдамасының дамуына енгізіледі және туристер мен экскурсанттарды резиднттерден ажырата білуге мүмкіндік береді. Болу ұзақтығы 12 аймен шектеледі, одан кейін келіп-кетуші тұрақты тұрғын санатына ауысады да, туризм статистикасында есепке алынбайды. Бұрынғы тұрғылықты орнына қысқа келу (мысалы, туыстарына қонаққа келу) жағдайында бұл тұлға сол территотияның келіп - кетушісі ретінде тіркеледі. Атап айтсақ, Оңтүстік Еуропаның басты қабылдаушы туристік елдері - Италия мен Испанияда келу туристік ағымының үлкен бөлігін отанына келуші эмигранттар құрайды.
Сапар мақсаты (себебі) - келіп-кетушілердің үшінші белгісі. Басқа саяхатшылардан айырмашылығы олардың саяхаттауының себептері ресми құжаттар мен ғылыми әдебиеттерде кең түрде көрсетілген туристік себептер болып табылады. Келіп - кетушілерді статистикалық есепке алудың ыңғайлығы үшін Бүкіләлемдік Тіристік Ұйымның ұсынуымен (1-сурет) туристік мақсаттар бірнеше топтарға біріктірілген: бос уақыт, рекреация, демалыс; туыстар мен таныстарға қонаққа барып қайту; іскерлік және кәсіби мақсаттар (іскерлік кездесулерге, конференцияларға, конгрестерге қатысу тағы басқа); ем қабылдау, діни қасиетті жерлерге зиярат ету (қажылық); басқа да туристік мақсаттар.
Жай көзбен қарағанда келіп - кетушілердің статистикалық жиынтығы өте ала - құла және әртүрлі болып көрінеді. Саяхат мерзімінің әртүрлі ұзақтығы сапарлар географиясына, қозғалу әдістеріне қарамастан, барлық бұл тұлғалар бір санатқа біріктірілген және барлық жұмыс іздеу және ақы төленетін қызметті жүзеге асыру үшін жолға шығатын тұлғаларға қойылған.
Жоспарлы мақсаттар (себептер) бойынша жіктеу мигранттардың екі санатының әртүрлі экономикалық табиғатын көрсетеді. Олардың әрбірінің ерекшліктері шекарадан тыс шыққан жағдайда өте айқын білінеді, дегенмен жіктеу ішкі саяхатшылармен бірдей халықаралық саяхатшыларға да қатысты.
Ежелгі Қазақстан тарихындағы ұйымдастырылған алғашқы саяхаттар - аса ауқымды туристік нысан болып табылатын Ұлы Жібек жолымен байланысты. Оның бастапқы қалыптасу кезеңі б.з.б. III мың жылдыққа ұласады. Ортағасырлық Қазақстанда да ұйымдастырылған саяхаттар, мақсатты түрде жасалған туристік нысандардың болғаны туралы деректер тіркелген.
Аталған кезеңде Ұлы Жібек жолының солтүстік түркі тармаға бойынша VI - XIV ғасырлардағы саяхаттар тек қана сауда үшін ғана емес, сонымен қатар қажылық, емдік және білім алу мақсаттарымен де болғаны туралы жеткілікті негіздемелер бар. Қазақ жерлері арқылы да жүріп өткен атқты саяхатшы Марко Поло: "Ұлы ханның жаушысы Канбаладан қандай жолмен шықса да, 25 шақырымнан кейін станса, оларша янб, ал бізше атты поштаға жетеді, әр стансада жаушылар тоқтайтын үлкен, әсем үй бар. Бұл керуен сарайларға сәнді жібек көпелерімен көз тартатын кең төсектер қойылған, жаушыға керектің бәрі бар, тіпті патшаның өзі де осында тоқтай алады", - деп жазған.
Қазақстан аумағындағы ең бірінші туристік нысандар түркі тайпаларын жаулап алумен және олардың атамекенінен ауа көшуімен байланысты. Қазақстанда қажылық туризмін ең бірінші ұйымдастырған Әмір Темір болды және оның есімімен байланысты орында әр жылдары әр тірлі әлеуметтік туризм түрлері жүзеге асырылды. Осындай ескерткіштердің негізі 1399 ж. Әмір Темірдің бұйрығы бойынша Ахмет Иасауи қабірінің үстіне салынған кесене болды.
Бірақ Қазақстан туризмі тарихындағы ең елеулі табыстардың көбі жаңа заманда жүзеге асты.
1991 жылға дейін Қазақстанда үдемелі дамып отырған әлеуметтік туризм басым болды. Отандық әлеуметтік туризді тек мемлекет қана емес, сондай - ақ, кәсіподақ та қаржыландырды, сондықтан туристік базаға 20 күндік жолдама орташа жалақыдан артық болған жоқ. Сонымен қатар,кәсіподақтар туризм жөніндегі облыстық және республикалық кеңестер арқылы сан мыңдаған адам қатысатын спорттық туризмнің дамуын қаржыландырды. Қазақстандықтардың сорттық және белсенді туризм турлеріедегі едәуір табыстары осымен тісіндіріледі.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы әлеуметтік туризмнің орнын экономикалық туризм ығыстыра бастады және оның жоғары дамыған индустрияға, ұлттық экономиканың маңызды бір саласына айналуы мәселесін шешу керек. Сондықтан шет елдерде және өзіміздің елде адамзат тарихының әр түрлі кезеңдеріндегі туризмнің тиімді даму факторларын зерттеу қазіргі күндегі өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Туризм тарихы бойынша еңбектердің нәтижесін пайдалану туризм танудың негізгі теорияларын дамытуға, Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясын дамытудағы осы заманғы тұжырымдаманы жасауға және туристік кадрлар даярлауға мүмкіндік береді.
Шетелдік азаматтарға Қазқстанға саяхат ұйымдастырудың экономикалық тиімділігі мен әлеуметтік пайдасы бар, өйткені республикаға келетін валюта ағынын, жаңа жұмыс орындарының пайда болуын, ұлттық инфрақұрылымның дамуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналғаннан кейін туристік қызметті реттеудің және халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта жанғыртудың негізі қаланды.
Бүгінгі күнде біздің мемлекетте турузмнің даму бағыттарын Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 13 маусымындағы "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 30 сәуіріедегі "Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО және Дүниежүзілік туристік ұйымның Қазақстан Республикасында Ұлы Жібек жолындағы туризм инфрақұрылымының дамуы бойынша жобасын жүзеге асыру туралы" және 1998 жылдың 27 ақпанындағы "Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жанғырту, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және мұрагерлікпен дамыту, туристік инфрақұрылым жасау" жөніндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарғылықтары белгілеп берілді. Бұл құжаттарды қабылдау Қазақстанның туризм нарығының дамуына оң әсерін тигізді.
Туризм саласында халықаралық қатынастарды дамытуға байланысты қадамдардың бірі - Қазақстанның 1999 ж. елде 415 туристік ұйым қызмет еткен, оның ішінде 6 мемлекеттік кәсіпорын, 405 жеке меншік ұйымдар және 14 шетелдік туристік агенттіктер бар. Қазақстан кәсіпорындары 80 елдің туристік фирмаларымен келісімшарттық қатынастар орнатты. 4 алматылық және 13 обылыстық турфирмалар 8 мемлекетке туристік авиарейсті жүзеге асырады.
Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы, сонымен қатар Алматы және Астана қалаларындағы туристік фирмалар топтары едәуір дамыған. Осы облыстар мен қалалардағы туристік ұйымдар күн сайын туристер мен экскурсанттардың 88% - іне қызмет көрсетеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік, жеке және ресейлік филиалдарды қоса есептегенде, туризм менеджерлерін даярлайтын 28 жоғары оқу орны бар.
1.2 Web технологиялары негізінде Туроператордың ақпараттық жүйесін құру
Жақын кезде туризм нарығындағы ақпараттық технологиялар дамуының бір бағдары болып шексіз мүмкіндіктерді пайдаланатын бүкіләлемдік Интернет жүйесін қолданатын жүйелерді құру және енгізу болып табылады. Туристік ақпараттық жүйелер нарықта жоғары бағаланады. Ережеге сәйкес, мұндай ақпараттық жүйелер заманауи компьютерлік технологиялардың негізінде жасалған, яғни ол "клиент - сервер" схемасын қолдана отырып, Internet ауқымында, Windows ортасында ұлттық туристік ерекшеліктерді ескере отырып жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Жүйелердің көпшілігі қарапайым жеке қолданушыларға да, сондай-ақ заңды тұлғаларға (туристік компаниялардың және олардың бірлескен клиенттері) да арналған.
Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметіне қарағанда, соңғы 10 жылда туризмнен түсетін табыс жыл сайын 7,9%-ға, ал туристердің саны 4,5% өскен.
Дүниежүзілік Туристік Ұйымның болжамына қарағанда, туризмнің дүниежүзілік экономикадағы даму көрсеткіштері XXI ғасырда да жалғасын таппақ. 2010 жылда әлемдегі туристердің саны 1 млрд, ал 2020 жылы 1 млрд, 600 млн адамға жетпек.
Экономиканың ешбір саласы туризмнің өсу қарқынымен салыстыруға келмейді.
1.3 Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары
Экономикалық көзқарастан, шетелде жұмыс орның тапқан тұғалар тауарлар мен қызметті өндірушілер, яғни шет мемлекеттің жалпы ұлттық өнімін өндірушілер болып табылады. Еңбектері үшін олар отанына аударатын сыйақы - белгілі көлемдегі ақша соммасын алады. Сондықтан қаржы қатынастарына шетел азаматтарының ақы төленетін қызметі олардың уақытша тұрғылықты елінен валютаның кетуімен (шығындар) және олардың тұрақты тұрғылықты еліне пайда түсуімен (кірістер) көрсетіледі.
Саяхаттаушы тұлғалар санаты ретіндегі материалды игіліктер мен қызметтерді өндірушілерден айырмашылығы келіп - кетушілер өнімі тұтынушылар болып табылады. Туристер мен экскурсанттар жолсапарға жұмсайтын ақша құралдарымен тұтынушы болады.
Саяхатқа жұмсалатын шығындар жайлы ақпараттар өте аз. Бірақ Ұлыбританияда олардың ағылшынның орташа жылдық отбасылық бюджеттің 19% құрап, тамақ пен тұрғын үйге кететін шығындардан кейінгі орында тұратыны белгілі. Германияда бұл көрсеткіш 16%-ға тең, Франция мен АҚШ - та 12%. Сондықтан америкалық отбасы саяхақа 1 жылда 4 мыңға жуық долларын жұмсайды. Дәл осы сомманы олар медицинаға немесе тамақ, сусын, темекіге құртады, киімге жұмсалатын шығындары бұдан екі есе аз болады.
Шекарадан тыс жерлердегі келіп - кетушілердің тұтынушылық сипаты әлемдік шаруашылықтағы ақша ағымының белгілі бағыттылығын білдіреді. Туристер мен экскусанттар тұрғылықты елінен қабылдаушы елге ақша жиының тасымалдайды. Ләззат үшін, іскерлік, емдік, және мәдени тағы басқа мақсат та саяхаттаушы азаматтар қабылдаушы елге валюта алып келеді және тең дәрежеде ол елдің бюджетіне пайда түсіреді. Сондықтан олардың келіп - кетушілердің санатына біріктірілуі экономикалық жағыннан аталған.
Сонымен турист ұғымына келіп - кетушінің жеке жағдайы ретінде күнделікті ортасынан тыс жерге шығып, келген жерінде уақытша болған рекциондық, іскерлік және тағы басқа да туристік мақсаттармен саяхаттайтын тұлғалар жатқызылады. Тек осы белгілердің барлығының болуын саяхаттаушы тұлғаның турист ретінде қарастырылуына мүмкіндік береді.
Туризмнің мәндік анықтамасы. Туризм мәселелері жайындағы ғылыми әдебиеттерде оның толыққанды анықтамасы жоқ. Бірақ, анықтамалардың түрлілігіне қарамастан барлық авторлар туризм ұғымына туристік мұқтаждық пен себептерді, туристер мінез - құлқының ерекшеліктерін, олардың тұрақты орындарынан тыс жерлерде болуын, туристер және тауарлар мен қызметтерді өндірушілер арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды, сферасының қоршған табиғат, экономикалық және басқа да макроорталармен өзара қарым - қатынастарын енгізеді. Мамандар арасында кең таралған туризмнің міндік анықтамасы туризм облысындағы ғылыми сарапшылардың Халықаралық ассциациясында ұсынылған болатын. Ол бойынша:
Туризм - бұл адамдардың тұрақты тұрғын орны мен жұмыс орындарынан басқа жерлерде болған кездеріндегі пайда болатын қатынастырының жиынтығы.
Туристік қызметті кеңейту жаңа рекреационды территориялар салу,курортық кешен құрылыстары үлкен капиталдық салымдарды қажет етеді. Үлкен жобалар, әдетте, әртүрлі көздерден қаржыландырады. Оларды жүзеге асыруға үлестік негізде мемлекеттік құрылымдар, жеке қаржы мекемелері (ұлттық, шетелдік), халықаралық ұйымдар және тағы басқалар қатысады.
Ақша құралдарын туристік нысандардың жаңа құрылысымен бастан - аяқ қайта жабдықталуына бөле отырып, мемлекет және басқа да инвесторлар беруден пайда алуға тырысады. Олар белгіленген мерзімде салынған капитал мен оның пайыздарын қайтары алуға күш салады. Инвесторлар материалдық көзқарастан шыға отырып, несие берудің ең жақсы шарттарын іздеуге мәжбүр. Осындай мақсатта олар капитал экспортшылары бола отырып, шетелдік туризм нарықтарға шығады.
Қазіргі заманғы туризм түрлерінің ең толық жіктелуін беру үшін туризм түрлерінің анық сипаттайтын өздеріне тән белгілеріне қарай топтастыру керек ондай белгілерді атап айтатын болсақ, туризмнің ұлттық белгілері; туристік саяхат қанағаттандырамын негізгі қажеттілік;топ құрамы;ұйымдастырушылық формасы;туристік өнім бағасы қалыптасуының негізгі қағидасы және тағы басқа. Осы белгілері бойынша туризм түрлерін ажыратайық:
І Туризмнің ең басты түрлері - бұл халықаралық жеке және ішкі туризм.
Халықаралық туризм саяхаттаушы тұлғалардың туристік мақсаттармен тұрақты тұрғылықты елінен шетелге шығу жоспарын қамтиды.
Мемлекеттік шекараны кесіп өту олар үшін белгілі ресми істермен байланысты: шетелдік төлқұжат пен виза ресімдеу, кедендік үрдістерден өту, валюталық және медициналық тексерулер. Бұл ережелерді мемлекет заңсыз көшіп - қону, халықаралық терроршылдық, есірткі саудасы, жезөкшелікке қарсы күрес мақасатын белгілейді және бұл тәртіпті елден шыққанда және кіргенде орнатады. Арнайы қызметкерлер саяхаттаушы тұлғалардың төлқұжаты - визалық тәртіпті, жұқпалы ауруларға қарсы егілгендігі жайлы талаптарды, шекарадан жүк, тауар, валюта алып өтудің ережелері мен шарттарын және валюта айырбастау операцияларын жүргізу тәртіптерін сақтауын қатаң қадағалайды.
Ресмилікті жеңілдету (қатаңдандыру) адамдардың қозғалысын оңайлату (немесе керісінше, қиындату) арқылы халықаралық туристік ағынға тікелей әсер етеді. Туристік саяхаттың өсуіне кедергі келтіретіндер: шығу құжаттарының күрделі және созыңқылы процедуралары, оларды қарап шығудың белгіленген мерзімінің бұзылуы немесе өз бетінше ауытқуы, шектен тыс жоғары алымдар; валюталық тексеру сферасында - туристердің тауарлар мен қызметтерді тұтыну деңгейі туралы валюта айырбастауға қатаң шектеулер енгізілуі. Сонымен бірге кедендік декларациялар мен тексерулер де туристік сапарларды тежеуші бастау болуы және олардың қысқатуына әкелуі мүмкін.
Ұлттық туристік әкімшіліктер мен көптеген халықаралық ұйымдар ресмилілікті жеңілдетуді өздерінің басты мәселелерінің біріне айналдырды. Алғашқылардың бірі болып бұл мәселелерге 1944 жылы Чикаго конференциясының өзінде - ақ шетел төлқұжаттарын бірегейлендіруді ұсынған Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ААХҰ) көңіл аударған. Кейінірек, өткен ғасырдың 50-90 жылдары шекаралық, кедендік, медициналық тексерулер мәселесі Кедендік ынтымақтастық кеңесінің, Халықаралық теңіз ұйымының, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының , Халықаралық еңбек ұйымының маңызды құжаттарында көрініс тапты.
Туристік ресмиліліктің жеңілдетілудің ерекше маңыз бере отырып, Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мынадай кепілдеме пакетін жасап шығарып, қабылдады:
төлқұжаттық ресмиліліктерде: төлқұжаттық қызметтердің орталықтандырылмауы; шетелдік төлқұжатты ресімдеу мерзімін қысқсрту; орынды алып енгізу; төлқұжаттың жарамдық мерзімін 5 жылдан кем етпеу және сапарлар санының шектелмеуі; иесінің шетелдік төлқұжатын өзінде сақтауы; оны тәртіп құқығы болмауы; төлқұжатты компьютерлік жүйелер көмегімен мүмкіндік беретін ААХҰ стандарттарына сәйкес жасау;
визалық ресмиліліктерде:3 айға дейінгі мерзімге визасыз шығу;визалық жарамдылық мерзімін 12 айға созып, туристер үшін ашық барлық пунктердің бағыттарға кез - келген көлік түрімен бір немесе бірнеше рет бра алу; визаны көршілес мемлекеттердің өзара мойындауы; туристің азаматтығына байланыссыз жалпыға бірдей консулдық алымдар орнату;
валюталық ресмиліліктерде: кедендік дикларацияларда көрсетілген көлемде валютаны әкетуге рұқсат ету; әлеуетті келіп - кетушілер мен туристерді валюта айырбасы жайлы ақпаратпен қатамасыз ету; туристерге шығу кезінде өз еліне қайтаруда қажеттіұлттық бірліктерінің жеткілікті сомасын өзімен әкетуге құқық беру;
кедендік ресмиліліктерде: туристерге тауарлардың әрбір жеке түріне және олардың белгілі көлеміне кедендік салық пен қосымша құңға салынатын салықтан басқа салықтарды шығу - кіру кезінде салу;
кейбір алым - салық түрлерін келіп - кетушілерден тікелей жинаудыың орнына оларды жаанама салық салуды, мысалы, билеттің, жолдаманың, турлардың құнына;
медициналық ресмиліліктер мен туристерге медициналық қызмет көсетуде: ұлттық туристік әкімшіліктердің денсаулық сақтау бөлімдерінің ыңтымақтастықтарын кеңейту; туристерге медициналық көмек көрсету және мелициналық сақтандыру жөнінде екі немесе оданда көп жақты мемлекеттік көмек көрсету,туристерге шұғыл медициналық көмек көрсету; қатты науқастанған немесе қайтыс болған жағдайларда елшілік пен туыстарына жедел хабардар ету; денені еліне қайтару немесе жерлеу; қажетті құжаттарды жылдам ресімдеу.
Бұл кепілдемелер Будапешт конвенциясында құралып, туризм жайлы Гаага декларациясында көрініс тапқан туристік ресмилілікткрді жеңілдетудің негізгі салушы қағидаттардан алынған.
Халықаралық туризмнің келесі ерекшелігі экономикалық сипатта және ол халықаралық туризмнің елдің төлем тепе - теңдігіне көрсететін ашып, Шетелдік туристер тауарлар мен қызметтерге ақы төлей отырып, қабылдаушы елдің бюдетіне табыс түсіреді жіне сол арқылы оның тепе - теңдігін белсенді күйге келтіреді. Сондықтан шетел туристерінің келуі белсенді туризм, ал керісінше елден туристердің шығуы сол ел үшін енжар туризм деп аталады. Туризмнің бұл екі түрі туристік қызметтің қаржылық нәтижелері төмен тепе - теңдігіне көрініс табатындықтан тек халықаралық туризмге тән, ішкі туризмге таралмайды.
Ішкі туризм. Халықаралық туризмнен айырмашылығы мемлекеттік шекараны кесіп өтумен байланыссыз болғандықтан мұнда туристік ресмилілікті сақтау қажеті жоқ. Ішкі туризм - бұл елдің тұрақты тұрғындарының ел шегінде туристік туристік мақсаттармен көшіп - қону ағымы. Ақы төлеуде төлеуде күнделікті қолданыстағы ұсыныс ақша бірлігі бұрынғысынша қала береді, ал байланыс құралы - туристің өз ана тілі. Халықаралық туризммен салыстырғанда мұндай саяхаттарды ұйымдастыру оңай.Кейбір бағалауларға қарағанда, ішкі туризмнің үлесіне барлық туристік сапарлардың 80-90%-ы тиесілі екен, ішкі туризмге жұмсалатын туристік шығындарды халықаралық сапардан 5-10 есеге көп екен.
Осындай айырмашылықтарына қарамастан туризмнің халықаралық және ішкі түрлері бір - бірімен тығыз байланысты. Ішкі туризм бір есептен халықаралық турихмнің катализаторы ретінде көрінеді. Ол жаңа рекреационды ресурстар мен аймақтарды игеруге, негізгі туристік инфрақұрылым құруға, мамандар даярлауға мүмкідік береді және сол арқылы интеграциялық үрдістер мен біртұтас әлемдік туристік кеңістік құруға себепші болады.
ІІ Туристік саяхаттың мәнің ашатын қажеттіліктерге байланысты туризмнің мынандай түрлері бар:
1) емдік (медициналық) туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде әр түрлі аурулардан емделу қажеттілігі жатыр. Адам ағзасына табиғат құралдарының құбылысын сипаттайтын емдік туризмнің бірнеше түрлері болады: климаттық ем қабылдау, балшықпен ем қабылдау, теңіздік ем қабылдау, сүтпен ем қабылдау және тағы басқа;
2) рекреациялық туризм. Мұнын негізінде адамның физикалық және рухани күштерін қалпына келтіру мұқтаждығы жатыр. Рекреациялық туризмге бағдарламалар кіреді:
а) көріністі - ойын сауық (театр және кино, жәрменкелер мен би кештері, қала күндері мен фестивальдар тағы басқа);
ә) өз қызығушылығымен айналысу (аңшылық және балық аулау, көркем және музыкалық шығармашылық, коллекционерлер үшін турлар жуне тағы басқа);
б) үйретуші (сопрт түрлері, өнер, кәсіп тағы басқа);
в) этникалық және тұрмыстық (ұлттық мәдениетті және дәстүрлі емес тұрмысты зерттеумен байланысты);
г) туристік - сауықтырушылық ( суға шомылу, тау шаңғысы тағы басқа);
3) спорттық туризм. Екі түрі бар:белсенді және енжар. Бенлсенді түрінің негізінде адамның спорттың белгілі бір түрімен айналысу қажеттілігі, ал енжар туризм спорттың әйтеуір бір түріне қызығушылық, яғни жарыстар немесе спорттық ойындарды тамашалау мақсатында саяхаттау жатыр;
4) танымдық туризм. Мұның түп негізінде білімін әр түрлі бағыттарда жетілдіру мақсаты бар. Экологиялық туризм осыған жатқызылады;
5)іскерлік мақсаттағы туризм. Бұған әр түрлі серіктестермен іскерлік байланыстар орнату немесе дамыту мақсатындағы сапарлар жатады;
6) табынушылық (діни) туризм. Екі түрі бар;
а) табыну орындарына діни мейрамдарға бару;
ә) қасиетті орындарға күнәсінен арылу мақсатында бару;
7) ностальгиялық туризм. Бұл адамдардың тарихи орындарға бару қажеттілігіне негізделген.
8) транзиттік туризм. Мұның негізі екінші бір елге бару үшін бір елдің территориясын кесіп өту.
9) көркемөнерпаздық туризм. Мұнда белсенді демалуды ұнататындар, шаңғы, тау, су туризмдерімен айналысатындар бірігеді. Ерекшелігі сонда, турларды туристік фирмалар емес, туристердің өздері ұйымдастырады.
ІІ Қозғалыс құралдарына қарай:
1) автомобиль туризмі. ХХғ. ІІ жартысынан бері қарқынды дамуда;
2)темір жол туризмі. ХІХғ. 40-жылдарынан бастап дамуда;
3) әуе туризмі. Мұның даму болашағы зор, өйткені туристерді жеткізуде уақыт үнемделеді;
4) су туризмі;
5) автобустық туризм;
6) велосипед туризмі;
7) жаяу туризм;
III туристерді орналастыру құралдарына қарай:
қонақ үйлердегі туризм;
мотельдердегі туризм;
пансиондағы туризм;
кемпингтік туризм;
туристік ауылдағы туризм, туристік базадағы туризм.
Қонақ үйлер, әдетте, не қала орталығында, не әуежайға немесе темір жол
бекетіне жақын орналасады.
Мотельдер не автомобиль жол бойында, не қала шетінде орналасады. Мотельде тұрған уақыттарында туристердің автокөліктеріне барлық қызметтер көсетілуі тиіс (автотұрақтар, жанар - жағармай құю стансалары, автосервис тағы басқа).
Қонақ үй типтестуристік пансиондарда бір басқару, жеке ас үй түрінде көрсетіледі.
Кемпингтер, туристік базалар - бұл қаладан тыс жерде орналасқан, автотуристермен қатар басқа да туристерді орналастыруға бағыттаоған тұрғын жай.
Туристік ауылдар - туристердің демалуы мен түнеп шығуына арналған, өзіндік түнеу жабдықтары жоқ, қоршауланған тұрғын үй.
V Саяхаттың мезгіліне қарай: маусымдық және маусымдық емес.
VI Саяхат ұзақтылығына қарай: ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді (5-7күн)
VII Топ құрамына қарай:
1) топтық туризм (туристердің топ құрамында саяхаттауы);
2) жеке туризм;
3) отбасылық туризм, яғни отбасы мүшелерімен бірге саяхаттауы;
4) жастар (студенттік) туризм;
5) туризмі. Жастар және балалар тиризмі шеңберінде саяхаттаушылар қызметтерге жеңілдіктер алуға құқылы.
VIII Туристік өнім бағасының қалыптасуын анықтаушы қағидатқа қарай: әлеуметтік (дотациялық) және комерциялық туризм.
Әлеуметтік туризмде өз демалыстарын ұйымдастыруға қажеттілікті ақша қаражаты жоқ халықтың өз қамтылған бөлігіне (зейнеткерлер, студенттер) туристік шаралар ұйымдастыру үшін әр түрлі формадағы белгілі дотацияларды мемлекеттік ұйымдармен қатар, қоғамдық ұйымдардан да алу көзделеді.
Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару, Қазақстанның шетелдерге насихатталуы
Қазір туризм инфрақұрылымын дамытуға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп, барлық жұмыс заң негізінде жүзеге асырылып жатыр. Туризм әкімшілігі индустрияны дамыту жолдарын іздестіру мақсатында бірқатар шаралар атқарды. Соның нәтижесінде туристерге арнап қонақүйлер, сауықтыру нысандары мен басқа да қызмет көрсету мекемелерін салу және туризм индустриясына қаржы бөлу мәселесі оң шешіле бастады. Қолда бар деректерге жүгінсек, бүгінде республикада туристерді орналастырудың 400 - дей нысаны бар. Сонның ішінде 239 қонақүй, 34 санаторий, 29 демалыс аймағы, 26 демалыс үйі, 17 туристік база, 13 сауықтыру лагері, 11 санаторий - профилакторий, 10 аішы үйі мен 8 профилакторий жұмыс істейді. Туристік нысандар мен туризм саласына қатысты басқа да жұмыстарды қаржыландыруға 2001 жылы 22 млрд. 447 млн. Теңге бөлінсе, 2002 жылы бұл сома - 28 млрд. 194 млн. 328 мың теңгені, 2003 жылы 30 млрд. 115 млн. Теңгені құрады. Бұл қаражаттың басым бөлігі жергілікті бюджеттен және жеке кәсіпкерлер тарапынан қарастырылды.
Туризм инфрақұрылымының дамуы тек жылжымайтын мүліктерге ғана емес, сондай - ақ колік қатынастары қызметімен де тығыз байланысты. Қазіргі таңда еліміз туристерді көліктің бірнеше түрімен тасымалдауға назар аударып отыр. Республика бойынша шетел туристерін тасымалдау мақсатында әуе, темір дол, автокөлік қатынастары іске қосылған. Шетелдің 6 әуе компаниясы жұмыс істейді.
Ал, экономикамыздың күретамыры - темір жолға келсек, шетел туристерін елімізге жеткізу үшін бірнеше бағыттар іске қосылды. Солардың ішінде Қазақсатан темір жолы ұлттық жолаушылар тасымалдау компаниясы туризм әкімшілігімен және Тұран Азия компаниясымен бірлесіп, Жібек жолының маржаны атты арнайы бағыт жобасын әзірлеген болатын. 2002 жылы оның алғашқы бағыты Алматы-Тараз-Шымкент-Самарқанд-Үрге ніш-Бішкек-Рыбачье-Алматы қалалары бойынша жүзеге асты. Енді осы бағытты Теһранға, одан әрі Бейжіңге дейін жалғастыу қолға алынды.
Туристерді автокөлікпен тасымалдау мәселесі де өзінің маңыздылығын ешқашан жоймақ емес. Қазіргі кезде біздің елдің автокөлік жолдары ірі туристік нысандарымызды шетелдермен байланыстырып отыр. Осы орайда көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін әуе, автокөлік және темір жол нысандарының материалдық-техникалық базасын тиісті жабдықтармен қамтамасыз етіп, туристерге қызмет көрсету саласын дамыту керек деп есептеймін. Біз туристік ұйымдардың қызметіне де қатаң талаптар қоюымыз қажет. өйтпеген жағдайда саланы дамытуда біраз кедергілерге тап болатынымыз анық.
Туристік инфрақұрылым, оның менеджментін жақсарту саласында келімді - кетімді адамдарды сапалы азық - түлікпен, дәмді тағаммен қамтамазыз ету де жатады. Кейінгі жылдары облыс экономикасының едәуір іргерілеуі бұл мәселені де шешуге мүмкідік береді деп ойлаймыз. Мәселен, 2000 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда, Алматы облысында биыл ет және үй құстары өнімдері - 8,7%, жеміс - көкеніс шырыны - 2,2 есе, қоытылған сүт пен қаймақ - 63,5% дәнді дақылдар ұны - 38,7%, коньяк және коньяктік ішімдіктер - 5,8 есе, жүзім шарабы 55,4% өсті.
Тарихи және мәдени орталықтардың тағы бір ерекшелігі - олардың таяулы аймақтарға, өзен-көл жағалауларына жақын орналасуы. Сол себептен қазақтың көрікті табиғатын, саятшылық өнерін, балық аулау кәсібін этнографиялық жақтан әдептеу де туристік индустрияның табыс көзі болмақ. Маусымдық туризмге орай, қыстың күні қыратты аймақтарда шаңғы тебу, ат шана, түйе шанамен қыдырыс жасау да қызықтың оқшау бір түрі ретінде бағаланбақ.
Қазақ елі, қазақ табиғаты кімді таң қалдырмаған. Заты поляк, жаратылысы бостандықшыл Адольф Янушкевич: Аппенин биігінен екі теңізге көз жіберген кездерімде болған: ол бір ғаламат картина еді ғой, оның өзі менің жүрегіме тамылжытқан әндей сыбыр қағатын; бірақ тіпті кондордың қанатына міне Кордильердің ең биік шыңына ұшып шығып, сол жерден көз тастасам, дәйім табан астында жатқан мұхитқа көз тояттасам да, мына аласа төбенің басында тұрып, айналамдағы мына шөлейттерді, айнадай суларды, қол созымдағы тауларды, төбемдегі мынадай аспанды көрген бүгінгі күнімдей күн кешпес едім, - деп жазды Алатау жағасында тұрып.
Міне, осындай асыл табиғат, саф ауа Жетісу жерінің берекесі ғой. Мұндай өлкедегі рекреациялық туризмге кім қызықпайды? Жетпісінші жылдардың басында Иран тағының мұрагер - ханзадасы осы маңайда, Лепсінің ар жағындағы Жасылкөл жағасында демалуы бекерден бекер емес шығар.
2001 жылдың 13 маусымында күшіне енген Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңды басшылыққа және әлемдік туризм тәжірибелерін еске ала отырып, қазақ жеріндегі бұрынғы тазы жүгірту, құс салу, үкі асырау үрдісін, құрт, қызыл ірімшік қайнату, қазы айналдыру, қымыз ашытудың ұлттық технологиясын жолға салып, ретке келтіру қажет. Қазіргі шет ел туристерін зауыт - фабриктер, олар шығарған өнімдер қызықтырмайды. Оларды еліміздің өіне тән табиғи дәстүрлері мен салттары ғана елең еткізеді. Сондықтан тарихи және мәдени мұражайларға таяу ұзын жолдың бойында ұлт аспаптарында ойнаушыларды, ұлт дәмханаларын, ши, өрмек тоқу, тері илеу, күдері дайындау, қамшы өру, арқан есу, білезік, сақина соғу шеберлерін тұрақты орналастыру мәселесін шешу керек.
Осы жерде бұрынғы Үйгентас ауданының Көкжар елді мекенінде марал шаруашылығы, бал өндіру орталығының жұмысы жақсы жолға қойылғаның айта кеткен жөн. Бұл маңда аю, сілеусің, барыс, жабайы шошқа сияқты аңдар, жабайы құстардың неше түрі мекен ететіні турист қауымын қызықтырмай қоймайды.
Египет пирамидалары жанындағы түйемен, Үндістандағы пілмен қыдырту үлгісі біздегі өгізбен, сәйгүлікпен жер шолу сияқты өзіміздік өрнектерге ұласқан абзал.
Тарихи мекен - жайлар ежелгі салт - дәстүрмен, этнографиялық айшықтармен тығыз байланысты болғандықтан, ғылыми қызметкерлер көмегімен қазақтың ежелгі көшін шет елдік туристерге тамашалау, Қыз Жібек жырындағы көш легін реконструциялау ісін бір ізге салған жөн. Бұрынғы көші - қон дәстүрі де туристерді қызықтырмай қоймайды.
Осы заманғы инфрақұрылым, туристік менеджментті ұйымдастыру үшін спутниктік, талшықты - оптикалық, байланысты жолға қою қажет. Халықаралық Паблик релейшнстің тұрақты приципі ауқымды ойлап, абайлап қимылда болу керек. Туристік бизнес табиғатына дөп келетін Туризм ханшасы конкурсын, сәйгүліктер көрмесін, қыран құстар мен құмай тазы саятын, қошқарлар жекпе - жегін, қораздар майданын жасап шығарудың да маңызы ерекше деп білеміз.
Біз ұсынар және бір бағыт - шет елдік туристерді ескі қалалардағы қазба жұмыстарымен таныстыру, оларға палеонтологиялық зерттеулер нәтижелерін көрсету. Бұл да, біздіңше, игілікті шаруа. Айталық, Талдықорғанда өлкетану мұражайында тұрған мүйізтұмсықтың жілік сүйегі қиялы жүйрік турист қауымына ертегідей елес бермей ме.
Біздің тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау хақында жаңа тұжырым ұсынып отырмыз. Ондаағы басты идея - тарихи, мәдени игіліктердің көсегесін көтеру үшін оны туристік бизнеспен, жарнамалық ақпаратпен тығыз байланыста дамыту идеясы. Біз қазіргі нарықтық заманда осындай экономикалық шаралар арқылы бюджеттік қаржыға қараған тарихи және мәдени орталықтарының жұмысын жандандыруға, тіршілігін жақсартуға болады деп ойлаймыз.
Міне, осындай өзара көмек, демеу арқылы жанданған салаға мемлекет те, сырқы және ішкі инвесторлар да көмек беруге мүдделі болады.
Туристік бизнес туралы сөз қозғағанда, біз оның бұрынғы дәстүрлі сипаты жойылып бара жатқаның ескерте кеткіміз келеді. Әлемдегі туристік тенденцияны бажайласақ, экологиялық, орнитологиялық, ботаникалық, экзотикалық, шытырманды оқиғалық туризмге көңіл қоятындар қатары көбейіп келе жатқан сықылды. Adventure деп аталатын мұндай топтарға пәлендеә керемет жағдай қажет емес. Кемпингтер, киіз үйлер, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz