Дидактиканы оқытудың мақсаты
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Педагогика кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Есімдікті оқытуда дидактикалық ойындарын тиімді қолдану әдістері
Орындаған:
Тексерген:
Алматы - 2019 ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Ойын арқылы қазақ тілін оқытудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
1.1 Дидактикалық ойындардың мақсаты мен міндеттері. Дидактикалық ойынның маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Дидактикалық ойын арқылы қазақ тілі пәніне қызығушылықты арттыру жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында ойын технологиясының элементтерін қолдану
2.1 Қазақ тілін оқытуда дидактикалық ойын түрелерін қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Есімдікті оқытуда дидактикалық ойындарын тиімді қолдану əдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Танымдық ойындар мен жаттығулар арқылы балалардың ойлау қабілеттерінің таным белсенділігін дамыту
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Болашақ мамандарды даярлау жүйесіне соңғы кездерде күрделі өзгерістер енгізілуде. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі соны өзгерістер Педагогика және психология мамандығы бойынша мамандар даярлаудың мазмұнын қайта қарауды және жаңартуды талап етіп отыр. Білім беру процесін кредиттік технология негізінде ұйымдастыру, бакалавр бойынша студенттерді оқытудың деңгейі мен сапасының көрсеткіштері, белгіленген нормалары, өлшемдері айқындалған осы мамандықтың Мемлекеттік стандартының жасалуы осы мақсатты жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады.Қазіргі кезеңде білім беру мекемелеріне педагогикалық процесті жүзеге асыруға теориялық және практикалық даярлығы жоғары, педагогикалық бағыттарды таңдау еркіндігінің өсуі жағдайында сенімді түрде өзіндік бағдар таба алатын, білім берудің қазіргі әдістері мен жаңа технологияларын меңгерген, білімді өз бетімен алып, қалыптан тыс жағдайларда өздігінен шешім қабылдауға қабілетті мамандар қажет.
Қазіргі талап - әрбір оқушыға сапалы да терең білім беру. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің барысы әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру. Бастауыш сынып оқушыларына білім беру субъектісі ретінде, оқушыларды ойын технологиялары арқылы дамыту, білім беру, тәрбиелеу. Тұлға педагогикалық субъект ретінде меңгерілетін, қалыптасатын, білім мазмұнына ендірілетін, қызметтік формаға ие болатын адам тәжірибесі. Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет, себебі жаңа технологияларды қолдану мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Бастауыш сынып оқушыларынының өзін- өзі дамыту құзырлығы бүгінгі күні білім беру саласындағы өзекті мәселе. Оқушыларды заман талабына сай коммуникативті қасиеттері мен эстетикалық талғамы - сезімі жоғары,ұшқыр ойлы, белсенді, креативті,кез келген ортаға бейімделетін,өзін -өзі ұстай алатын тұлға қалыптастыруда, құзырлы білімдерін дамытуда ойын технологиясының маңызды функцияларының атқаратын орны ерекше. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді.. Ойын дегенміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар оты.Yenлы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді- деп қарастырады. Оқушылардың субъект ретінде дамуы және қалыптасуы үшін оның зерттеу - ізденушілік жұмыстарға үйренуі танымдық іс - әрекетінде маңызды орын алады. Адам өмірі үшін зерттеу - ізденушілік дағдылар тек ғалымдарға ғана емес, адамға кез - келген сферада жұмыс жасағанда керек. Жеке тұлға бойындағы негізгі дағды ретінде ізденушілік қасиеттің қалыптасуы қазіргі заман адамының стилі болуы қажет.Зерттеудің мақсаты: Ойын технологиясы арқылы бастауыш сыныптарындағы балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
1. Ғылыми - педагогикалық әдебиеттерден ойын технологияларын ұтымды қолдану нәтижесінде - коммуникативтік технология, зерттеу - ізденушілік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру туралы мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу, іс - тәжірибеде қолдану. 2. Ойын арқылы баланы тапқырлыққа, шыдамдылыққа, тез ойлап өз ойын ашық айта алуға тәрбиелеуге және ойын элементтерін сабақтың кез - келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалана алу. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-жақты тұлға ретінде дамуына ықпал жасау. Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Ойын элементтерін қолдану 1-4 сыныптарда өте тиімді деп ойлаймын,себебі тез жазу, оқу, мазмұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын технологиясы керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды. Ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.
Дидактика болашақ мамандарды қазіргі оқыту теориясының негіздерімен қаруландырады, педагогикалық ойлауды қалыптастырады, шығармашылық қабілетін, педагогикалық үрдісті ұйымдастыруға қажетті практикалық іскерлік пен дағдыны дамытады.
Дидактиканы оқытудың мақсаты: Педагогика және психология мамандығы бойынша болашақ мамандарға оқытудың теориялық негіздерін ашып көрсету.
Дидактиканы оқытудың міндеттері:
жоғарыда аталған мамандық бойынша болашақ мамандарды оқыту процесінің әдіснамалық негіздерімен, оқыту процесінің заңдылықтары және қағидаларымен, білім беру мазмұнымен таныстыру, оқытудың жоспарланған мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әдістер, ұйымдастыру формалары мен құралдары, білім алушылардың ойлау әрекетін белсенділендіретін тәсілдерімен таныстыру.
Дидактиканы оқу барысында студент келесі білімдерді меңгеруі
керек:
оқыту процесінің іргелі идеялары, тұжырымдамалары, заңдары мен заңдылықтарын:
а) оқытудың әдіснамалық негіздерін білуі;
ә) жетекші педагогикалық теорияларды, дидактиканың негізгі категориялары мен ұғымдарын білуі;
б) педагогикалық теория мен мектеп практикасының өзара диалектикалық байланысын білуі;
в) таным теориясын білуі;
г) оқытудың мәнін, заңдылықтарын, принциптерін, мазмұны, формасы және әдістерін; оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдысын бақылау және бағалауды білуі;
д) жаңа педагогикалық технологиялардың мәнін білуі.
Зерттеудің ғылыми-теориялық маңызы-білім беру мен оқыту процесінің мәні мен заңдылықтарын,мазмұнын,принциптерін ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу.
Зерттеу пәні-есімдікті оқытуда дидактикалық ойындарды қолдану.
Зерттеуқұрылымы-кіріспеден,екі бөлімнен,қорытындыдан,пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Күтілетін нәтиже:қазақ тілін оқытуда оқушының ынтасын,зейінін арттыру мақсатында-дидактикалық ойындарды,интерактивті әдістерді қолдану.
Дидактикалық ойындардың мақсаты мен міндеттері. Дидактикалық ойынның маңызы
Дидактика (гр.didaktikos - үйрету, оқытуға қатысты) оқытудың және білім берудің теориясы, педагогиканың саласы. Дидактиканың мәні - адамға білім берудің және тәрбиелеудің құралы ретінде оқыту болады, яғни оқушылардың білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім ұйымдастырған сабақ берумен оқудың бірлігінің өзара байланысы.
Дидактика - теориялық және сонымен қатар нормативті - қолданбалы ғылым. Дидактиканың ғылыми - теориялық функциясы оқытудың шынайы процестерін зерттеуді, оқытудың әр түрлі мақсаттарының фактілері мен заңдылықтарының байланыстарын анықтау, олардың мәнін ашу, дамуының үрдістері мен болашағын анықтау болып табылады. Алынған теориялық білімдер оқытудың практикасын бағыттауға мүмкіншілік береді. Оқыту теориясы білім мазмұнын таңдау мәселесін жасап, оқыту ұстанымдарын орнатып, оқыту әдістерін және құралдарын қолданудың нормативтерін белгілеп нормативті-қолданбалы, конструктивті - технологиялық функцияны атқарады. Бұл функциялардың бірлігінде дидактика - бұл оқыту процесінің мәнінің түсінігі, оның білімдік, тәрбиелік және дамытушылық функциясын жүзеге асырылуы.
Дидактиканың негізгі категориялары (ұғымдары): сабақ беру (преподавание), оқу, оқыту, білім беру, білім, іскерлік, дағды, оқытудың мақсаты, мазмұны, түрлері, формалары, әдістері, құралдары, нәтижесі.
Сабақ беру (преподавание) - оқыту мақсатын жүзеге асырудағы ақпараттандыруды, тәрбиелеуді, білімді ұғынуды және практикада қолдануды қамтамасыз ететін мұғалімдердің тәртіпке келтірілген іс-әрекеті.
Оқу - процесс, оның барысында оқушыда тану, жаттығу және тәжірибеге ие болу арқылы мінез-құлықтың және іс-әрекеттің жаңа формалары пайда болады.
Оқыту - қойылған мақсатты орындауға бағытталған мұғалім мен оқушылардың тәртіпке келтірілген өзара әрекеті. Бұл олардың бірлескен іс-әрекетінің екі жақты процесі болады.
Білім беру - оқушының оқыту процесінде ие болған білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің жүйесі.
3. Оқыту процесіне педагогикадан тыс (қоғамдық жағдайлар) және педагогика ішкілік (сыныптың құрамы, оқу материалының ерекшелігі) сияқты көптеген факторлардың әсер етуі дидактикада статистикалық заңдардың көп болуын шарттандырады, яғни берілген жағдайларда оқыту процесінде өзгерістердің қандайда бір болымын болжайды.
Дидактиканың заңдарының бір бөлігі динамикалыққа жатады. Онда объектінің бастапқы жағдайы оның әрі қарай өзгеруін бірмәнді анықтайды. Дидактикалық заңдылықтардың ерекшелігін сабақ беру, оқу және білім беру мазмұнының арасындағы тәуелділік сипаттайды. Дидактикалық заңдылықтар жекелеген оқу пәндерінің мазмұнына тәуелсіз. Негізгі дидактикалық заңдылықтар: оқытудың әлеуметтік сұранысқа және қоғамдық жағдайға тәуелділігі, оқытудың әлеуметтік-қалыптастырушы және тәрбиелеушілік сипаты, оқытудың тиімділігінің оқушылардың белсенділігіне және олардың оқуға деген мақсатты бағытталған жауапкершілік қатынасты қалыптастыруға тәуелділігі т.б.
Заңдылықтардың басқа бір тобы мынадай: құрылымдық (оқу әдістерінің әр түрлі білім мазмұнының түрлерін меңгеру тәсілдеріне тәуелділігі), жүйелілік (сабақ берудің, оқудың және білім мазмұнының бірлігі), эволюциялық (оқушылардың жасына және даярлық деңгейіне сәйкесті оқыту процесінің құрымының өзгеруі), функционалдық (оқушыларда әлеуметтік тәжірибені сақтауға, қайта айтуға және дамытуға даярлау), тарихи.
Дидактика терминін неміс педагогы В.Ратке (1571-1635) ғылыми айналымға алғаш енгізді. Ол өзінің лекция курсын дидактика немесе сабақ беру өнері деп атаған еді.
Я.А.Коменский бірінші болып дидактиканы ғылыми білім жүйесі ретінде жасап, балаларды оқытудың бірізділікті ұстанымдарын және ережелерін ұсынды. Ол Ұлы дидактика (1657) еңбегінде оқыту теориясының маңызды сұрақтарын қарастырады: білім беру мазмұны, көрнекілік дидактикалық ұстаным, бірізділікті оқыту, оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесін ұйымдастыру және т.б. Я.А.Коменскийдің оқыту теориясы тәрбиелеудің табиғатқа сәйкестілік принципіне сай құрылған. Я.А.Коменский орта ғасырдағы жаттауға негізделген оқытудың орнына балалардың жастық және психологиялық ерекшелігіне сай оқу жұмысының жаңа жүйесін ұсынды. Қайта өрлеу дәуірінде философияда гуманистік бастама үлкен мәнге ие болғанда Ж.Ж.Руссо оқытуда баланың сұранысын, қажеттілігін, өзекті қызығушылықтарын ескеруге шақырды. И.Г.Песталоцци біржақты тәрбиелеудің бүкіл түрлеріне қарсы шығып, адамның барлық күштерін және қызығушылықтарын дамыту керек деген оқыту мақсатына назар аударды.
ХҮІІІғ. аяғында ХІХғ. басында классикалық педагогикада мектепте білім берудің 2 теориясы анықталды: формальдық білім беру теориясы (Н.Ф.Гербарттың және оның ізбасарларының пікірінше оқытудың басты міндеті - оқушыларды ақыл-ой жағынан дамыту) және материалдық білім беру теориясы (оқытудың негізгі мақсаты - оқушыларды өмірге пайдалы білімдермен қаруландыру).
ХІХғ. ортасында А.Дистервег дамытып оқытудың дидактикалық негізін салып, дәлірек айтқанда жақыннан алысқа, қарапайымнан күрделіге және т.б. 33 заңды және ережені анықтап берді.
Индустриалдық дамыған елдерде қазіргі дидактикада психология көп орын алған.
ХІХғ. екінші жартысында Ресейде тұтас дидактикалық жүйені К.Д.Ушинский жасады. Ағартушылық философиялық идеяларға, психологияға және физиологияға сүйене отырып, ол формальдық және материалдық білім берудің біржақтылығын көрсетті, танып білу мен оқытудың ұқсастығын және айырмашылығын ашты, оқыту процесінде білімді қабылдаудың, меңгерудің және бекітудің, ойлауды дамытудың, оқушылардың оқуға ұмтылысының мотивтерін қалыптастырудың, оқыту мен оқушылардың дербес әрекетінің арақатынасының сұрақтарына жауап берді.
Оқыту теориясының дамуына Н.К.Крупская үлес қосты. Оның оқытудың мазмұнына және әдістері, мұғалімнің сапалары туралы ойлары педагогикалық зерттеулерге жаңа бағыт берді.
А.С.Макаренконың педагогикалық қызметі және көзқарастары ұжымды тәрбиелеудің және еңбекке оқытудың негізін салды.
Өткен ғасырдың 70-і жылдары білім мазмұнына оқытудың дамытушылық және тәрбиелеушілік функиясын арттыратын жаңа компоненттері енгізілді - шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесі және дүние жүзіне, бір-біріне тәрбие эмоционалдық-құндылықтық қатынас. Мектеп оқулығы мәселесі бойынша мазмұнды зерттеулер жүргізілді.
Өткеннің дидактиктерінің оқушылардың білімді белсенді меңгеру керек деген талабы жаңа негіздеме алып, оқушылардың танымдық іс-әрекетінде олардың дербестігін дамытудың қажеті сипатына ие болу арқылы өз жалғасын тапты.
Осы бағытта дидактиктер және психологтар (Т.В.Кудрявцев, И.Я.Лернер, А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов т.б.) проблемалық оқыту концепциясын жасады. Оқушыларда танымдық қызығушылықты, білімге деген сұранысты қалыптастырудың мәселелері зерттелінді.
Дидактика үшін оқыту психологиясы (Н.А.Менчинская, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов т.б.) зерттеулерінің үлкен мәні бар, онда білім мазмұнын құрудың психологиялық алғышарттары көрсетіледі.
Дидактиканың дамуына озық тәжірибені жалпылау, жаңашыл-педагогтардың (Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов т.б.) ізденістері септігін тигізуде.
1.1 Дидактикалық ойын арқылы қазақ тілі пәніне қызығушылықты арттыру жолдары
Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес , Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған.Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі.Басқа да кез - келген іс - әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді , ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезіну керек.Негізгі рөль оқушының ойынға қатысудағы психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен сипатталады. Ойын кезіндегі көңіл - күй, өзара түсіністік , достық қарым - қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр ойынға қатысушының мінез - құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі керек. Ойынның мазмұны қатысушылар үшін қызықты және ойын соңында нәтижиесі анық көрінетіндей маңызды құндылықтарын сезінетіндей болуы тиіс. Әр баланың ойын әрекеті сабақ кезінде алған білімдері мен білік - дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күделікті әсерлі шешімдер қабылдауға , өздерін және қоршаған орта мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді. Әр сабақ мұғалім жемісі.Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтың мазмұны ашыла түседі. Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым- қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабілеті дамиды. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады.Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолдануымыз керек .Сондай технологияның бір түрі - ойын арқылы оқыту технологиясы. Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі.Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады.Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі, педагогикада бұрын да , қазір де қарастырылып келеді.Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс - әрекет деп түсінеді.Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын - айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: Ойын балалар өмірінде өте маңызды зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды.Ойында бала қандай болса , өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне , осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс - әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуде, ізденуге, таңдауға , т. б. үйренеді. Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі.Өйткені кейбір сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бүлдіршіндердің оқуға деген ынта - ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады.Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі сергіту сәті. Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне де назар аудару қажет.Түрлі би қимылдары арқылы да сергіту сәтін жандадыруға болады.Мысалы: Шөжелерім, Айгөлек, Қара жорға.Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып, ойландырып, балаға тәрбиелік мәні зор ойындар арқылы дамытуға болады. Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып қоймайды. Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз мүмкіндігінше іс - шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады. Қорыта айтқанда, кез - келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді.Сөйтіп оқушы ой - өрісін ойын арқылы дамытады.Соңғы нәтижиеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Артта қалған , жасық ,мектептен қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше , баланың өмірі , қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойындар - оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды. В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дуниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады.Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты, - деген екен.Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласына әрі сапалы орындайтын болады.Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Ойын түрлері:
Ұлттық.
Дидактикалық.
Логикалық.
Ақсүйек, Қанталапай, Көкпар , Мың бір мақал, Ғажайып алаң, Сөз құрау, Жұмбақ есеп, Әріпті кубиктер, Сергіту сәті.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізулі тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне , ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары.
Ұлттық ойын ойнау баланың салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына деген сүіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Мәселен , ұнамды әдеттер - өзара қарым - қатынастар, адамгершілік сезімдері дамиды.Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады.Оқушының бәрә жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл - ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуға бірдей емес.Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады.Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны.Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғурлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі - грамматикалық ойынның түрлері.Грамматикалық ойындар - арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді,ошы шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Балалардың ойлауын , қиялын, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтынойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Бір ойын түрі ойлауы мен қабылдауын жетілдірсе, ал екіншісі ойлау қабілетін, үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді. Сонымен қатар үстінде ойын түрлерін қолдану оқушылардың оқып, отырған сабағына қызығушылығын арттырады, түсінуге мүмкіндік туғызады.Қай елдің болсын өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелейбайланысты. Себебі қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады.Өмір ағымына тек білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады. Сондықтан оқу барысында қашанда баланың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту керек. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу - тәрбие жұмысының негізі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімнің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижиені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет.Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшелігі әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға келеді. Ал ойын элементтері кез - келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен , белсенділікпен орындайды. Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын , зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда , мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, көрнекілікпен бірге әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын да молайтып, сауатты жазуға да баулиды.Қай сабақ болмасын , оқушыларды ізденіске шығармашылыққа баулуы керек. Бүгінгі күн талабы да біз мұғалімдерден осыны талап етуде. Оны жүзеге асырудың бірден - бір жолы - сабақ процесіне дидактикалық ойын түрлерін көрнекіліктер арқылы тиімді пайдалану. Сабақты дидактикалық ойындар арқылы көрнекіліктермен тиімді пайдалану, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар олардың талабын ұштастырып, ой - өрісін кеңейтуге, іздену қабілеттерін дамытуға әсерін тигізеді.Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан - алуан. Бастауыш сыныпта заттың түріне қызығушылық басым болады.Сондықтан олардың өзіндік дара қабілетін дамыту керек.Орта буындағы оқушыларға өз бетінше іздену мақсатындағы жұмыстарды баріп, ойын түрлерін шығармашылық түрінде ұйымдастыру пайдалы. Сабақтағы ойын түрі - ұжымдық еңбек, сондай - ақ тәрбиелік мәні зор тәсілдерге жатады. Ойын барысмында оқушының қабілеті , іскерлігі көрінеді. Мұғалім әр оқушының жұмысын бағалауға мүмкіндік алады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге үйретеді, іздестіру, іздену дағдыларын қалыптастырады.Ойын арқылы сабақты қызықтырып , өмірмен байланыстыра отырған ұтымды.Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері - мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы, меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез серігіп , тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен , ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды.Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа иновация болып табылады. Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап - ақ маңызы зор.Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері , өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойындарды тиімді қолдану 1-4 сыныптарда өте тиімді деп ойлаймын, себебі тез жазу,оқу, мазмұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды бірыңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын керісінше пәнді сүюге, қызыға ықпал жасайды. Сөзімді қорыта келе , оқушылардың қызығушылықтарын әр түрлі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz