Негізгі қорды талдау


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ әк күйдіру цехы бойынша негізгі қорды қолдануды жақсарту жолдары тақырыбына
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Экономика» - 5В050600 мамандығы бойынша
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ әк күйдіру цехы бойынша негізгі қорды қолдануды жақсарту жолдары тақырыбына дипломдық жұмыстың
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ
«Экономика» - 5В050600 мамандығы бойынша
2018
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 4
1 Негізгі қор және кәсіпорынның онымен қамтамассыз етілуі 6
1. 1 Негізгі қорлар құрамы және құрылымы 6
1. 2 Қайта өндіру түрлері және оны жетілдіру 8
1. 3 Өндірістік кәсіпорындағы негізгі қорларды пайдалану көрсеткіші 16
1. 4 Цех өндірісінің қуатын есептеуге арналған әдістеме 25
1. 5 Кәсіпорында негізгі құралдарды пайдалануды
жақсарту жолдары 30
2 2012 -2014 жылдар аралығындағы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ
әк күйдіру цехы бойынша техника - экономикалық көрсеткіштерді талдау 32
2. 1 Әк күйдіру цехінің сипаттамасы 32
2. 2 Өндірістегі өнім көлемін талдау 33
2. 3 Жұмыскерлер санын талдау 35
2. 4 Еңбек өнімділігін талдау 37
2. 5 Еңбек ақы қорын талдау 39
2. 6 Негізгі қордың құрылымы мен құрамын талдау 41
2. 7 Негізгі қорды талдау 43
2. 8 Өнімнің өзіндік құнын талдау 46
3“Арселор Миттал Теміртау”АҚ әк күйдіру цехінің негізгі қорларын
жақсарту бойынша ұсынылған шаралар 48
3. 1 Жобада ұсынылған шара 48
Қорытынды 55
Әдебиеттер тізімі 56
КІРІСПЕ
Негізгі капитал - бұл матермалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар - өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорлар - тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.
Натуралды-заттық құрама принципінде негізгі қорлар мыналардан тұрады - ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өндірістік-шаруашылық құрал-саймандар, жұмыс және өнімді мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері.
Өндіріс процесіне қатысу жәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі (машмналар, жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына (қызмет) ықпал етеді. Пассивтік элементтер (ғимарат, құрылыс) өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Негізгі қорлардың кез келген объектілері табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды. Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді. Сапалық тозуы ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Сондықтан, негізгі қорларды әсіресе, олардың активтік бөлігінен дүркін-дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады. Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы - сапалық тозу болып табылады. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны - ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу (әсіресе, активтік бөлігі), себебі, олардың жеке және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады. Сондықтан қарастырылған дипломдық жұмыс өте өзекті.
Дипломдық зерттеудің объектісі «Арселор Миттал Теміртау» АҚ әк күйдіру цехы бойынша қаржылық - шаруашылық қызметі болып табылады.
Дипломдық жұмыста зерттеудің келесі әдістері қолданылған: талдау, салыстыру, баланстық және есептеу-конструктивтік.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - «Арселор Миттал Теміртау» АҚ әк күйдіру цехы бойынша негізгі қордың жаңа жолдарын өңдеу.
Қойылған мақсатқа жету үшін мына міндеттердің шешілуі тиіс:
- Талдау жасау үшін қажетті ақпараттарды жинақтау, қаржылық - шаруашылық қызметті талдауда оның мәні мен мағынасын ашу;
- Ұйымдастыру - экономикалық сипаттамасын ұсыну;
- Пайданы талдау, оның төлемге қабілеттігін бағалау;
- Қаржылық коэффициенттер мен көрсеткіштерді пайдалана отырып, цехтің тұрақты жұмыс істеуін талдау;
- Цех қызметінің тиімділігін арттыру бойынша шаралар ұйымдастыру.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құралады.
1 Негізгі қор және кәсіпорынның онымен қамтамассыз етілуі
1. 1 Негізгі қорлар құрамы және құрылымы
Кәсіпкершіліктің негізгі мақсаты, өндірістен пайда табу - инвестирлеу, өндірісті жүзеге асыру және тұтыну өндіріс кезеңін қамтитын капиталды жоспарлау.
Капитал айналымның нақты кезеңіне тәуелді, тек әртүрлі түрде үздіксіз қозғалыс үрдісінде айналады. Капитал айналымы капиталдың айналымымен сәйкес келмейді. Әрбір айналымның нәтижесінде кәсіпкерге ақша түрінде тек несие капиталының бір бөлігі ғана қайтып келеді; капиталдың толық айналымы, егер барлық капитал құны иесісіне алғашқы салынған ақша түрінде қайтып келген жағдайда жүзеге асады. Капиталдың әртүрлі элементтерінің айналымы бірдей болмайды. Капиталдың айналым құнының әртүрлі қызметіне байланысты капитал негізгі және айналымды болып бөлінеді. Енгізгі капитал құрамына еңбек құралының құны, ал айналым капиталға - зат құны, еңбек және жұмысшы күші кіреді.
Батыс елдерінің экономика пәніне арналған оқулықтарында негізгі және айналымды капитал жайлы тұтас түсінік берілмеген, бұл әртүрлі елдерде қабылданған есеп беру және бугалтериялық есептердің ерекшеліктеріне байланысты. Отандық теорияда және іс жүзінде негізгі қорлар және айналым құралы деген терминдер кездеседі.
Егер негізгі қорлар құрылымының тиімділігі белсенді бөліктердің меншікті салмағымен сипатталады, соның ішінде машина және жабдықтармен, сонымен қатар негізгі қорлар құрылымын жетілдірумен, оның тиімділігін жоғарлатуосы элементтер үлесін жоғарлату бағытында жүзеге асу керек. Негізінде осы негізгі қорлардың үздік беталысы өзгерістерге әрқашан да төтеп бере алмайды. Ауытқу көптеген әртүрлі себептерге: жеке салалардың, жаңа құрлыс не қайта құру қарқынының көлемінің, дамуының азайуына не баяулауына байланысты болуы мүмкін және т. б.
Пассивті бөлікке өндіріс үшін жағдай жасайтын жағдайларды, тікелей «өндірісті» емес өнімді құрайтын негізгі қорды жатқызуға болады. Осы бөлікті әдетте ғимарат және құрылыс, жиі - беріліс қондырғылары, сонымен қатар көлік құралдары, құрал-саймандар және т. б. құрайды.
Қолданыстағы жіктеме әрқашан негізгі қорларды өнеркәсіп өндірісінде атқаратын ролі тұрғысынан нақты қарастыруды қамтамасыз етпейді. Өз кезегінде, негізгі қорлар құрылымының дәлділігін белсенді және пассивті бөліктер қатынасы түрінде, олардың салалық тегін қызмет құрамын қарастыруға мүмкін емес. Бұл негізгі қорлар тобын үлкен топтау жіктемесінің болуына байланысты, соның ішінде өндірістің кен байыту саласында (ұңғылар, кейбір кен өндіру және т. б. ) . [7]
Негізгі қорлардың белсенді бөлігініің үлесінің дамуы тікелей нәтиже береді, өнімді өндіруді жоғарлатады және кәсіпорын көрсеткішін жақсартады. Ғылыми-техникалық прогрестің жедел дамуы жалпы өндіріс және жеке салалар бойынша негізгі қордың белсенді бөлігінің жоғарлауының жалпы беталысына әсер етеді. Негізінде, жаңа кәсіпорындарда негізгі қордағы жабдықтар құнының жеке салмағы, ескі кәсіпорындарға қарағанда жоғары.
Пассивті бөлікті талдауды ескерусіз қалдырмау керек. Жеке жағдайларда пассивті бөліктің жоғары дамуы мүмкін. Бұл ерекше өндіріс жағдайын қажет ететін өнімді өндіруге байланысты болуы мүмкін (мысалы, тазалық, ылғалдылық, ауа температурасы бойынша), мұнда жаңа өндіріс ғимаратынының құрылысын салудағы шығын күрт жоғарлайды. Негізгі қордың пассивті бөлігінің жоғары дамуы, кейде қазіргі әлеуметтік талаптарға сәйкес ескі кәсіпорынды қайта жабдықтауға күрделі қаржы салу есебінен жүзеге асады. Бірақ басқада тең жағдайларда негізгі қордың белсенді бөлігінің үлесінің жоғарлауын, өте тиімді жобалау, озық жабдықтар орнату арқылы жүзеге асыруға болады.
Негізгі қорлар құрылымына біріншіден, кәсіпорынның техникалық деңгейі әсер етеді. Өндіріс үрдісін механизациялау, кәсіпорынды озық техникамен жабдықтау, негізгі қордың жалпы құнындағы жұмысшы машиналар және жабдықтардың меншікті үлесін жоғарлатады. Өндірісті автоматтандыру және электрлеу күшті жабдықтар мәнін күшейтеді. Өндіріске ағымды әдістерді енгізу ішкі және цех аралық көлік құралдарының үлесін жоғарлатады. Кәсіпорынның техникалық деңгейінің жоғары дамуы өндіріске әртүрлі аспаптар және реттейтін қондырғыларды қарқынды енгізуді қажет етеді.
Қазіргі кезеңдегі техникалық прогресс қоғамдық еңбектің бөлінуінің сапалы дамуы үшін негіз болады. Негізгі қордың белсенді бөлігінің жоғары дамуы еңбек өнімділігінің және өндіріс тиімділігінің жоғарлауының негізгі қоры болып табылады. Сонымен қатар соңғы жыл ішінде байқалған негізгі қордың белсенді бөлігінің төмендеуі, өндірістің капитал сыйымдылығының жоғарлауына, ғимарат және құрылыс құнының жоғарлауына байланысты. Негізгі қорлардың өндірісті құрылымының озық өзгеруінің экономикалық мәні, оның ішінде, басқарудың қажеттілігі, оның өзгеруімен негізгі қорлар тиімділігін жоғарлату мақсатымен байланысты.
Негізгі қорлар құрылымы сонымен қатар өндірістің географиялық орналасуына да байланысты. Қатаң климатты жағдайларда кәсіпорын ғимаратының құрылысына салыстырмалы үлкен күрделі қаржы салуды қажет етеді. Шаруашылық тұрғысынан игерілмеген ауданда кәсіпорынды салуда құрылыс және көлік құралының меншікті үлесі шамалы түрде жоғарлайды, инфроқұрылымды құрастыруға арналған шығындар да өседі. Мұнымен елдің шығыс және батыс аудандарындағы негізгі қорлар құрылымының ерекшелігі түсіндіріледі. [4]
Негізгі өндіріс құрылымына әсер ететін негізгі фактор кәсіпорын көлемі болып табылады. Ірі кәсіпорындарда шағын кәсіпорындармен салыстырғанда, негізінен, машиналар және жабдықтардың меншікті үлесі өте жоғары, ғимарат және құрал-саймандар үлесі өте төмен, өйткені өндіріс көлемі тиімді пайдаланылады, онда үлкен көлемде жабдықтар орналасқан, бұл ғимаратқа, құрылысқа, құрал-сайманға салынатын күрделі салымды (өндірісті алаңдарда) үнемдейді.
Негізгі қорлар құрылымына өндірісті ұйымдастыру түрі әсер етеді. Сонымен мысалы, ғимарат және жабдықтар арасындағы қатынас мамандану және өндірісті ұйымдастыру деңгейіне тәуелді. Аралас өндіріс салыстырмалы қойма ғимаратына деген сұранысты қысқартады. Өндірісті алаңдарды қосымша қызметтен және осы кәсіпорынға қажет емес өндіріс құралынан босату, жабдықтардың дұрыс орналасуы, жетілген технологиялық үрдістер, автоматтандырылған және шағын көлемді машиналарды енгізу негізгі өндіріс қорындағы негізгі үлестегі жабдықтардың меншікті үлесінің жоғарлауына әсер етеді.
Өңдейтін және өндіретін өндірістегі негізгі қорлар құрылымы әртүрлі. Егер біріншінің құрылымындағы негізгі қорда машиналар және жабдықтар үлесі жоғары болса, екіншісінің құрылымында ғимараттар үлесі үлкен.
Негізгі қорлар құрылымына өндірісті мамандандыру және шоғырландыру, кооперация үлкен әсер етеді. Шоғырландыру және мамандандыру деңгейі қаншалықты жоғары болса, соншалықты механизациялау деңгейі жоғары және машина және жабдықтар үлесі де жоғары.
Әртүрлі салаларда негізгі қорлар құрылымы бірдей емес, ол қандай да бір саланың экономикалық өзіндік ерекшеліктеріне қатысты түсіндіріледі. Мысалы, жұмысшы машиналар және жабдықтар мынандай салаларда, металлургия, металл өңдеу, қара металлургияда: құрылыс және беретін қондырғылар отын, мұнай өндіретін және газды өндірісте: күшті машиналар және жабдықтар электрэнергетиканың: көлікті құралдар - орманды пайдаланудағы негізгі өндіріс қорлар құрамында үлкен үлеске ие.
Негізгі қорлардың өндірісті құрылымы өнімнің қор сыйымдылығына, ішкі өнім және ұлттық кіріс үлесіне үлкен әсер етеді. [6]
Салалық құрылымдардағы негізгі қорларда қаншалықты жоғары қорлы сыйымдылықты салалық меншікті үлес үлкен болса, басқада тең жағдайда, соншалықты өндірісті өнімнің қор сыйымдылығы және ұлттық кіріс үлкен болады. Өндірісті құрылымда машина және жабдықтардың меншікті үлесінің негізгі қорларының жоғарлауымен, әсіресе технологияда, өнімді өндіру жоғарлайды сонда негізгі қорлардың жалпы көлемінде және сондықтан, өнімнің қор сыйымдылығы және ұлттық кіріс төмендейді.
1. 2 Қайта өндіру түрлері және оны жетілдіру
Негізгі қорларды қайта өндіру олардың жіктемесіне, табиғи және ақша мәніндегі көрсеткіштердің мәніне сәйкес жобаланады.
Мұнда негізгі қорлар және оларды есептеуде қолданылатын үрдістерді басқару шартына байланысты қажеттілікте оларды бағалаудағы бірлі қағидалармен қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі қорлардың ұзақ жұмыс жасауына, олардың бірте-бірте тозуына және қайта өндіру шартына байланысты өзгеретін оның құнын бағалайтын келесі әдістер қолданылады:
- алғашқы құны бойынша;
- қалпына келетін құны бойынша;
- қалдық құны бойынша.
Негізгі қорлардың бастапқы бағасы (құн) оларды сатып алудағы нақты бағамен сипатталады, оның ішіне тасымалдану құны және оларды орнату жұмысына жұмсалған шығындар кіреді. Алғашқы құн нысаны осы кәсіпорында болу мерзімінің барлық кезеңінде ескеріледі.
Бағалаудың бұл әдісі негізгі қорлар динамикасы жайлы салыстырмалы және дәл мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейді, өйткені олардың бағасы және күрделі құрылыс бағасы және қорлардың жалпы бағасы әрбір нақты кезеңде «аралас бағада» көрсетіледі. Сонымен қатар, алғашқы баға негізгі қорлардың тозу деңгейін көрсетпейді. Кәсіпорын балансына келіп түскен түсімдерге байланысты алғашқы баға анықталады:
- негізгі қорлар бойынша, жақтардың келісімі бойынша -құрушылардың кәсіпорынның жарғы қорына төлеген төлемдерінің есебінен;
- негізгі қорлар бойынша, кәсіпорының өзінде өндірілген, сонымен қатар, басқа кәсіпорындар және жеке тұлғалардан сатып алынған - нақты шығын жиынтығында, тасымалдау, монтаждау және орнату шығындары ескерілген;
- негізгі қорлар бойынша, тегін, сонымен қатар көмек (субсидий) ретінде - негізгі қорларды беру-қабылдау құжаттарының деректері бойынша не экспертті анықтау жолымен алынған жиынтықтағы;
- ұзақ уақыт жалға алынған негізгі құралдар бойынша - жақтардың келісімі бойынша.
Қалпына келтірілетін баға осындай негізгі қорлар нысанының бағасымен анықталады, оларды қайта өндіруде қолданылатын жағдайларда, қайта бағалау жолымен жүзеге асырылады, ол негізгі қорлар түріне сәйкес келетін сол күнгі нарық бағасына сәйкес есептелінеді.
Кәсіпорынның балансында негізгі қорлар оларды қайта бағалауға дейінгі алғашқы бағамен, ал қайта бағаланғаннан кейін - қалпына келтірілетін бағамен кіріске алынады. Сондықтан алғашқы бағаны (қалпына келтірілетін) балансты баға деп атайды. Бұл әдіс алғашқы баға бойынша бағалау әдісінің, негізінде «аралас бағаның» кемшілігін жояды, өйткені әртүрлі жылдардағы бірдей негізгі құралдар элементін бағалу үшін бір әдісті пайдалануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар негізгі қорларды басты қайта бағалауды жүргізу кезінде қолданылатын әдіс, іс жүзінде даму кезінде реформациялауға дейінгі кезеңінде ұлттық экономика аймағында бірнеше рет қолданылған кезде белгілі қиындықтар тудырды, ол үшін негізгі қорлардың барлық элементтерін кешенді қайта бағалау жүргізуді, сапалы сипатамаларды ескеруді, бұл шамалы уақыт және құралдар шығынын жұмсауды қажет етеді. [2]
Негізгі қорлар пайдалану үрдісінде тозады, соның салдарынан олардың алғашқы құны төмендейді. Нысанның физикалық және техника-экономикалық сапасының ақша мәніндегі шығыны негізгі қорлардың тозуы деп аталады.
Алғашқы қалпына келтірілетін баға тозу суммасын алып тасталғанда қалдықты баға деп аталынады.
Іс жүзінде негізгі қорларды қайта бағалауда атап өту керек, сонымен қатар есептелген тозу қайта бағаланады.
Бұл үшін негізгі капиталды қайта өндіруді кеңейту, инвестиционды және инновационды потенциалды дамыту жүзеге асырылады, кәсіпорынның өзіне қажетті қаржы қорының көлемін шоғырландыру мүмкіндігі болу керек.
Жалпы түрде кәсіпорынның инвестиционды және инновационды потенциал түрі бірқатар нақты шарттармен анықталады:
- салық салу жүйесінің тиімділігімен;
- амортизационды төлемдер мөлшерімен;
- кредитті қаржы алу мүміндігімен;
- бағалы қағаздар нарығының дамуымен.
Кіріспен қатар, амортизация негізгі капиталды қайта өндірудің ең маңызды түрі. Осыған байланысты амортизацияның экономикалық табиғатын қарастыру орынды.
Негізгі қорлар, атап өткендей, көптеген өндірісті циклдерде ұзақ уақыт кезеңінде қызмет етуімен сипатталады. Негізгі қорлар пайдалану үрдісінде тозады, бұл экономикалық тұрғыдан мынаны білдіреді, олар өз бағасын жоғалтады (бірқ, дұрысында табиғи түрін сақтайды) .
Негізгі қорлардың тозуы физикалық (материалды) болып бөлінеді, негізгі қорларды пайдалану үрдісінде не оларға табиғи, климатты, моралды факторлардың әсер етуінен пайда болатын. Моралды тозу І және ІІ түрі бар: - І - негізгі қорларды өндіру кезіндегі еңбек өнімділігінің өсу салдары ретінде, ІІ - техникалық прогресстің даму нәтижесінде.
Фихикалық тозу U мына формула бойынша анықталады:
мұнда Т ф және Т 0 - негізгі қорлардың физикалық және қалдықты қызмет мерзімі.
Моралды тозу мына теңдеумен анықталуы мүмкін:
мұнда
К В және К П - негізгі қорлардың алғашқы және қайта келтірілген құндары;
Э н және Э б - негізгі қорлардың негізгі және базалы түрлерінің тиімділігі.
Негізгі қорлардың тозуынының орнын толтыру олардың жоғалтқан құндарын өндірілетін өнімге ауыстырумен жүзеге асырылады.
Негізгі қорлардың тозуының орнын толтыруға арналған ауыстырылу үрдісі амортизациялау деп аталады. Амортизация дегеніміз негізгі қорларды қайта өндіруге арналған құралдарды жинақтау түрі ретінде қарастырылады. Амортизациялау міндеті - негізгі қорлардың тозуының орнын толтыру болып табылатынын ескере, амортизация қоры олардың қалпына келтірілген құндарына сәйкес болуы керек. Осылайша, амортизация өндіріс құралдарының қалыпты көлемде қарапайым қайта өндіру көзі болып табылады. Бірақ амортизациялық төлемдерді тек негізгі қорлардың қызмет жасауы аяқталғаннан кейін ғана оларды қайта қалпына келтіру үшін қолданылады. Сондықтан осы уақыт кезеңі ішінде көрсетілген төлемдер, мына кезеңге дейін қордағы қаржы болып саналады, толық тозған еңбек құралдары табиғи түрде өзінің қайта өндірілуін қажет ептегенге дейін. Осы кезең басталғанға дейін машинаның қайта өндіруге арналған құны қалыппен қордағы ақша қоры түрінде жинақталады. Сондықтан, амортизационды қордың өзі жинақтау көзі (қоры) болып саналады. [20]
Жоғарғыда айтылғандарға байланысты, амортизация негізгі қорларды қайта өндіруді кеңейту көзі болып табылады, біріншіден, уақыт өткен сайын еңбек құралын дайындау бойынша еңбек өндірісі жоғарлайды және негізгі қор арзандайды, екіншіден, техника прогресінің нәтижесінде еңбек құралдары жетілдірілген техника негізінде жаңаланады, үшіншіден, қандай да негізгі қорлардың қызмет мерзімі бітпегенге дейін, жинақталған амортизационды қор айналымға берілуі мүмкін, сондықтан жаңа баға пайда болады.
Бірақта амортизация біріншіден негізгі қор тозуының орнын толтыруға арналғандықтан, оның жинақталған мөлшері оның бағасынан артық болмауы керек. Бірақ мыанадай сұрақ туындайды: «Амортизацияны алғашқы немесе қайта өндіру бағасы бойынша жүзеге асыру керек?». Теориялық тұрғыдан амортизацияны қайта өндіру бағасы бойынша есептеген жөн, өйткені негізгі қорлар ұзақ уақыт пайдаланылады, техникалық прогресс әсер етеді осының нәтижесінде өзінің бағасын өзгертеді. Бірақ бұл жағдайда, негізгі қорларды қайта өндіру мүмкіндігін кеңейту төмендейді, ал негізінде, оларды жыл сайын қайта бағалап отыру қажет. Сондықтан негізгі қорларды алғашқы баға бойынша амортизациялау керек.
Сонымен қатар мынаны ескеру қажет, амортизация өндіріс саласында және кәсіпорынның балансындағы барлық негізгі қорларға, олардың өндіріс үрдісіне қатысуы сипатына тәуелсіз есептелінеді.
Нақтылы амортизационды қор қалыптасу үшін амортизация нормасының негізделген жүйесі қажет. Амортизация нормасы дегенімізге негізгі қорлар бағасынан анықталған пайыздар жататынын түсінуіміз қажет. Бұл нормалар орталықтандырылған тәртіпте анықталған, жалпы әдістемелік қағидаларға құрастырылған экономикалық негізделген болуы керек. Техникалық прогресс салдарынан, негізгі қорларды пайдаланудың өзгерген жағдайлары, амортизация нормалары ағымды қайта қарастырылуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz