Атмосфераның ластануының теориялық аспектілері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
6
: 1
Кіріспе: Атмосфераның ластануының теориялық аспектілері
6: 8
: 1. 1
Кіріспе: Астана қаласының физико-географиялық көрсеткіштері
6: 8
: 1. 2
Кіріспе: Атмосфералық ауа - табиғи ресурс және ластануының негізгі типтері
6: 11
: 1. 2. 1
Кіріспе: Табиғи ластану
6: 12
: 1. 2. 2
Кіріспе: Антропогендік ластану
6: 13
: 1. 3
Кіріспе: Метеорологиялық мінездеме және оның атмосфералық ауаның ластануына әсері
6: 20
: 2
Кіріспе: Астана қаласы атмосферасының өңдірістік шаң-тозандарың зерттеу
6: 22
: 2. 1
Кіріспе: Астана қаласының атмосфералық салыстырмалы шаң - тозандарың сипаттамасы
6: 22
: 2. 2
Кіріспе: Астана қаласы атмосферасын ластаудың негізгі көзі
6: 33
: 2. 3
Кіріспе: Астана қаласының атмосфералық ауасының көміртек оксиді, хлормен, күкірт және азот оксидтерінің ластануының салыстырмалы мінездемесі
6: 37
: 2. 4
Кіріспе: Атмосфералық ауаны қорғауда қолданылатын практикалық шаралар
6: 55
: 3
Кіріспе: Атмосфералық ауаны қорғау шаралары
6: 66
:
Кіріспе: Қорытынды
6: 74
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
6: 76

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде қоршаған орта мен адам арасындағы мәселелердің мәні өте зор екендігі өзінен өзі түсінікті. Адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің дамуы қоршаған ортаға бүлдірушілік бағытта сипат алуда. Табиғи жүйелерді, топырақты, су көздерін, ауаны ластап қана қоймай генофондқа әсер етуде. [1]

Атмосфералық ауаның ластануы адамдар денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға әр түрлі дәрежеде әсер етеді - тікелей және жылдам қауіптен (түтінді тұман және тағы басқалар) организмдердің жүйелерінің жылдам және біртіндеп бұзылуына дейін өзгереді. Ауа ортасының ластануы экожүйеде ұдайы жүретін процесстердің арқасында құрылымдық компоненттерін өзгеріске ұшыратады, нәтижесінде гомеостаз механизмі жұмысқа кіріспейді. Атмосфералық ауа құрамының және қасиеттерінің өзгеруі, бүкіл экожүйеге әсерін тигізуде [2] .

Адам қызметінің нәтижесінде соңғы жылдары ауа қабаты ұдайы ластануда. Ластанған заттардың көпшілік бөлігі жер бетіне жақын үш километрлік қабатта шоғырланады. Бұл әсіресе өнеркәсіпті қалаларда көп байқалады, дамыған елдер Европа мен Америкада басталғаны белгілі. Алғашында ластануға қарсы еш шара қолданбаған, соның салдарынан ауада улы қосылыстар жылдан жылға көбейе түскен. Мәселен, Англияның кәсіпорындары құбырларынан жылына 420 млн т шаң - тозаң, түтін, күйе, түрлі улы қосылыстар биосфераға тарап жатады.

Қазақстан Республикасының Негізгі заңының 31-ші бабында: «Мемлекет адам өмірі мен денсаулығына қолайлы да жайлы жағдай туғызу үшін қоршаған ортаны қорғауды алдына мақсат етіп қойды» деген жолдар бар.

Табиғи ресурстарды рационалды пайдалану еліміздің экономикасының дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан, тиісті табиғат қорғау шараларын жүзеге асырмайынша экономикада белгілі нәтижелерге жету мүмкін емес. Еліміздің ұзақ мерзімді «Қазақстан 2050» даму бағдарламасында экологияға, қоршаған ортаны қорғау сияқты маңызды мәселелерге басымдылық беріліп отыруының себебі де осы. [3]

Соңғы 100 жылдың ішіндегі зерттеулерге қарағанда жердің ауа қабатының табиғи ресурстары тоза бастауы байқалды, ол атмосфераның физикалық - химиялық қасиетін өзгертті.

Орташа есеппен алғанда, адамзат жылына мөлшерімен 21, 6 млрд. т оттегін демалады және жылыту машиналарында отын жағу үшін пайдаланады. Мысалы, жеңіл автомобиль 1000 км жүрген жолына 300 мың литр оттегін жағады, яғни бұл мөлшер орта жастағы адамның бір жыл демалуына қажетті мөлшердегі ауа. Ал, қазіргі замандағы «Боинг - 757» ұшағының трансатлантикалық ұшуына 24, 5 млн. литр оттегі жұмсалады. Бұл 80 адамның бір жыл бойы демалуына қажет оттегі.

Астана қаласы Ишим өзенінің жазығында орналасқан. Оның физика-географиялық орналасу жағдайы ластағыш заттарды қаланың ішінде шоғырлануына әкеліп соқтырады.

Өңдірістік шаң ауадағы тітіркендіреді және демалуға әсер етеді. Әр түрлі аурулар пайда болуы мумкін- кеудені қысу, кеуде ауыруы, құрғақ жөтел, тез демалу, көздің ашуы, жас тоқтамауы, қандағы лейкоциттердің көбеюі, дене қызуының көтерілуі байқалады. Бронхопневмония өкпенің ісінуі, депрессия, құрысу болуы мүмкін.

Жұмыстың мақсаты Астана қаласының атмосфералық ауаның өңдірістік шаң ластануын зерттеу.

Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылды :

1) Астана қаласының атмосфералық ауаны шаңмен ластаудағы орнын анықтау;

2) Астана қаласының өңдірістіқ шаңмен ластанған аудандарын анықтап карта схемасын жасау;

3) статистикалық мәліметтеріне сүйене отырып атмосферадағы құрамының 2010-2015 жылдардағы динамикалық өзгерісін зерттеу;

4) Астана қаласындағы атмосфералық ауаның құрамындағы ұлы заттардың концентрациясының азайту мақсатында шараларды ұсыну.

Зерттеу нысаны ретінде Астана қаласы атмосфералық ауасы алынды.

Осы жұмыста зерттеудің : теориялық, сипаттама беру, экологиялық мәліметтерді салыстыру, талдау әдістері қолданылды.

Зерттеудің ақпараттық базасы ғылыми оқулықтар, монографиялық жұмыстар, мерзімдік басылымдар, әдістемелік жұмыстар, оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы Астана қаласының атмосферасындағы өңдірістік шаң 2010-2015 жылдар бойынша зерттей отырып салыстырмалы мәліметтер алынды.

Диплом жұмысының түсініктеме жазбасы 76 парақ, сызба бөлімі 12 бет; жұмыс 3 бөлімнен тұрады: қіріспе; әдибиет шолу; сұрақ бойынша талдау; қаупсіздік және қортындымен қолданылған әдебиет тізімі.

1. АТМОСФЕРАНЫҢ ЛАСТАНУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1Астана қаласының физико-географиялық көрсеткіштері

Астана қаласы евразия материгінің орталығында орналасқан. Егеменді Қазақстан Республикасының астанасы. Ол Қазақстанның сыртқы өлкесінің орталығында Есіл өзенің оң жағалауында, жоғарғы ағымында орналасқан. Оның территориясы Ақмола обылысының оңтүстігінде болып, Жеке саяси әкімшілік бөлінуі болып табылады. Астана қаласы 5-ші сағаттық белдеуде орналасқан. -Астана қаласының географиялық коррдинаттары 53 0 се 72 0 ш. б.

1994 жылы шілдеде астананы Республиканың қиыр оңтүстігінде орналасқан Алматы қаласынан солтүстікке, 1000 шақырымнан астам жерде жатқан, далалық Ақмолаға көшіруге шешім қабылдады. Ақмола Алматымен салыстырғанда қазақстанның орталығында болатын. Қала ірі магистральдік көлік бойында -оңтүстік солтүстікке қосатын теміржол және автомабильжолдарында орналасқан. Астана Республикасының барлық үлкен қалалармен бұл жолдар және басқа Астана -Повладар, Астана -Қытай -Ақтөбе - Атырау, жолдары торабында орналасқан. Бұдан басқа қала Қазақстан үшін көптеген шетелге шығудың мейлінше төте жолы трансеуразия аралығында таяу қоныстанған.

Жерінің басым бөлігі - абсалюттік биіктігі 300-400 метірден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері -Сандықтау, Домбыралы, т. б. аласа таулар орналасқан. Облыстың батыс орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік батысында Теңіз-Қорғалжын ойысы. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңгіз жазықтарымен шектеседі. Облыстың оңтүстік шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты қырқалар (100-500 м) тізбегінен тұрады. Туған жерден сұлу не бар? Оның үстіне шынында да сұлу болса. Республиканың баға жетпес байлығы, әрине іс жүзінде Еуразияның қақ ортасын алып жатқан ұлан байтақ Сарыарқа кеңістігі болды. Орталық Қазақстанның солтүстік бөлігінде жатқан қазіргі Ақмола облысының аумағы 96, 8 мың шаршы шақырымды құрайды.

Осы орасан көлемді аймақта жазық дала ландшафтының сан түрі кездеседі. Облыстың оңтүстігін Сарыарқаның ұсақ шоқылары, орталық бөлігінде жазық даламен өзендер алабы. Көкшетау қыратының сілемдері алып жатыр. Ақмола облысының аса ірі өзендері деп Есіл мен Нұраны бөліп көрсетуге болады.

Сурет 1- Ақмола облысының әкімшілік - экономикалық картасы

Жалпы мәліметтер. Ақмола облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстігінде, Қазақтың ұсақ шоқыларымен Теңіз сатылы шеңберінде орналасқан. Ол 1939 жылы 14- қазанда құрылған. Облыс территориясының ауданы 96, 8 мың шаршы шақырым. Батыста Қостанай, солтүстікте Солтүстік - Қазақстан, шығыста Павлодар, оңтүстігінде және оңтүстік шығысында Қарағанды облысымен шектеседі.

Рельефі. Территориясының беті біркелкі емес: Ұсақ шоқылар, биік емес таулар аздап тілімденген жазықтық және өзен аңғары. Рельефтің пішіндерінің мұндай әр түрлілігі оның геологиялық құрамын және геологиялық тарихын күрделілігімен анықтайды Геоморфологиялық жағынан облыс территориясы цоколді төбешікті таулар елінің солтүстігінде Көкшетау қыратының етектері созылып жатады. Төбешікті таулардың орташа биіктігі 400-500 метрге жетеді. Аласа таулар оңтүстік бағытында кішігірім аңғарлар және жыралар тілімделген. Олардың бірі Жабай өзенінің аңғары. Балкашин ауданының территориясында төбешіктердің шынында кристалданған тау жыныстардың көбірек ашылулары кездеседі. Оңтүстігіне қарай ендік бағытында кең байтақ территорияда Атбасар жазықтығы орналасқан. Облыстың солтүстік - шығыс бөлігінде мередияндық бағытта сілеті жазығы созылып жатыр. Атбасар жазықтығымен салыстырғанда абсалюттік биіктігі төменірек (250-300) . Оңтүстігінде биігірек Теңіз жазықтығы шектеседі, оның орталығында Теңіз және Қорғалжын көлдері бар. Теңіз ойпатының жазықтықтары жоғарыдан қарағанда дұрыс емес овал пішінде болып, ендік бағытта созылған ойпаатың көпшілік бөлігі абсалюттік биіктігі 250-400 метр болған Нұра және Терісаккан өзендерінің аккумлятивтік жазықтығынан құралған. Терісаққан өзені бассеиінінде үлкен аңғарды алаңдары өте өткір тілімденген және өзен алды ұсақ шоқыларға айналған. Теңіз ойпатының солтүстік батыс бөлігі Ишим өзенін алабы мен ашылған, оның оңтүстік шығыс бөлігінде су ағыны жоқ. Бұл жерде көп көлдер шоғырланған. Жоғарыда айтылған төбешікті - толқынды жазықтар негізінде ежелгі тау жыныстардан болып, оларды қалың төрттік дәуінірің сары-қоңыр лессті саз башықтары жамылып жатыр. Кей жерлерде жазықтарды сайлар, жыралар және өзен аңғарлары қиып өтеді. Кейінгі кездерде дала зонасының бедерін беткейлерін жыралар мен сайлар тілімдеген. Облыстың орталық бөлігіндегі жазықтардың обсалюттік биіктігі 300-450 метірден аспайды. Төбешіктердің салыстырмалы биіктігі 100-150 метрге жетеді.

Орталық- Қазақстан аласа таулы белдеуінен Солтүстікке қарай екі үлкен рельеф баспалдағы күзетіледі. Орта баспалдақ денудатциялық жазықтан құрайды. Төменгі баспалдақта денудациялық жазық болып оның ішінде жекелеген төбешіктер көтеріліп тұрады. Сарақаның биік емес төбешіктері Шортанды, Алексеев және Макинск аудандарының териториясында кездеседі. Олар желеген тізбекті қырқалы немесе салыстырмалы биік төбешіктері болған төбешікті бедерден құралған. Аласа таулар және төбешікті таулар кайназой эрасында белсенділенген кесек тас тәрізді тектоника әсерінен пайда болған. Ұсақ шоқыларының екі түрі кездеседі. Су айрықтың және өзен алды беткейіндегі. Біріншісі тізбек сияқты көтерілулер немесе жеке төбешіктер, олар палеозой тау жыныстарынан тұрады. Едәуір төменірек деңгейдегі және эрозия базисінен төмендегі өзен бойындағы ұсақ шоқырлар қазіргі заман денудация бетін құрайды, өзен жағалауында және кейбір жерлерде Ишим өзенінде. Облыс территориясында Ериментау таулары ерекше ажыратылып тұрады. Ол мередиян бағытта созылған, палеозой тау жыныстарынан құралған құзды тізбектер сериясынан тұрады. Қоршаған ортадан орташа биіктігі 400-500 метр. Бұл аласа таулы массивінің рельефінің оның беткейлерін экспозициясы құраған тау жыныстарының құрамына сәйкес рельеф тән болды. Кварциттер, граниттер таралған учаскелерге ең өткір ерекше рельеф пішіндері сәйкес келеді. Тақтатастар, құмтастар мен конгломмраттар таралған учаскелерге рельефтік жайпақ жұмсақ пішіндері сәйкес келеді.

Облыстың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінде жеке тізбектер түрінде Сарыарқаның етектері шығады. Оларға биік емес аралдық таулар кіреді.

Геологиялық құрлысы . Жерінің геологиялық құрлымы каледон және герцин қатпарлығы кезінде қалыптасқан. Палеозой эрасының соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған текістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке Мезазой эрасында бірте -бірте қыраттарға айналды. Облыс жері, негізінен, палеозойдың метаморфталған тақта тастарынан, кварциттерінен, құм тастарынан, альбитофирлерінен, әк тастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузиялық (гранит, диорит, габбро, тағы басқа) және эффузиялық жыныстар кең таралған Байырғы платформалық қабатын жыныстарды неогенмен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жатыр. Кең байтақтарынан алтын, уран, боксит, сүрьме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құрамы, құрылыс материалдары, тағы басқалары өндіріледі.

Климаты тым континенттік, қысы ұзақ (5, 5 айға созылады), суық, жазы қоңыржай ыстық. Қаңтардың орташа температурасы -16-18 0 с шілдеде 19-21 0 с. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130-140 күн, солтүстігінде 150-155 күн жатады. Қардың орташ қалыңдығы 20-220см. Жауын шашын шамамен орташа көрсеткіші солтүстігінде жылына 400 мм оңтүстігінде 250 мм.

Аймақтың климаты күрт континентальды әрі құрғақ. Ауаның температурасы жыл мезгіліне қарай шұғыл ауысып отырады. Қыста цельсий бойынша 30 0 с дейін суытса, жазда 35 0 с градусқа дейін қызады. Қыста күні қарлы борандар ұйытқиды, ауаның температурасы әсіресе ақпан айында күрт төмендейді. Жазда шаң борайды, аңызақ жел тұрады, күн әсіресе тамызда қатты ысиды.

Бірақ бір нәрсені айтып кетпеске болмайды. Қазір климат жылдан жылға өзгеріп бара жатыр. Ол баршамызға мәлім. Көне көздердің айтуынша бұрын Ақмола және орталық Қазақстанның басқа да қалалары қар астында қалады екен, қардың қалыңдығы кейде жер үйлерді көміп тастаса керек. Бірақ кейінгі жылдары қыста қар аз жауып, күн жылы болатынын көріп жүрміз. Жылдан жылға күн жылып қыс кеш түсе бастады. Ауа райының осындай құбылыстары өзгерісін елорданы Алматыдан Астанаға көшірген кезден бастап көшу дейміз. Осы орайда Астаналықтардың Алматылықтар жылуды өзімен ала келді деп қалжыңдап айтып жүргендер де бар.

Жер шаруашылық құамында сортандалған қара топырақ және сортаңды топырақтар негізгі топырақтарға кіреді. Айдауға жарамсыз жерлердің негізгі аумағын қиыршықталған және түйіршік тастары бар топырақтар иеленеді. Олар негізінен төбелерде және жердің жоғары беткейлерінде кездеседі.

51 0 солтүстік ендіктің оңтүстік жағасында қара топырақ зонасы біртіндеп қызғылт қоңыр топырақтарға өте басым. Қызғылт қоңыр топырақ аумағы 7340. 3мың га тең болып, оның 70пайызы ауылшауашылыққа пайдаланылады. Бұл подзонаның ең жақсы топырағы қызғылт қоңыр корбанатты, орташа саздақты тоырағы саналады. Осы топырақтың қарашірік горизонты 35-45см жетеді. Топыраақтың қарашірік мөлшері3 тен 4 пайыз аралығында болады. Бұл топырақта қара топыраққа қарағанда сіңдірілген алмасу негізі құрамындағы Магнийме Натрийдің мөлшері көп болады. Оңтүстікке қарай топырақ сортаңдау болып келеді. Сондықтан бұл жерлерде сортаңдау процесін болдырмауға қарсы шаралар қолдану қажет. Облыстың шығыс бөлігінде қыратты майда шоқылы жазықтықтарда қызғылт қоңыр топырақтар жайғасқан. Бұлардың ішінде ең негізгі топырақ қызғылт қоңыр топырақ аз қабатын, орташа- ауыр саздақты топырақ саналады. Бұл подзонаның топырақтары эрозияға қарсы күресетін іс шараларды қолдануын талап етеді, сонымен бір қатарда фосфор, ал кейбір жерлерінде азот тыңайтқыштарын салу керек екендігін білдіреді. Топырақтың тығыз болуы су өткізгіштігін жақсарту үшін ағып келіп жатқан суды және судан түскен ылғалдықты жинау үшін қосымша іс- шараларды жургізуді керек етеді.

Ірі өзендері Есіл мен Нұраны бөліп айтуға болады. Теңіз көлінің аты баршаға белгілі. Одан басқа қарасор, Қорғалжын, Балықтыкөл және Қыпшақ көлдері де баршаға ірі көлдердің қатарына жатады.

Астанадан батысқа қарай көлдер шалқыған өңірде дала табиғатының тағы бір кереметі-Қорғалжын қорығы жатыр. Бұл табиғат кешені теңіз ойпатының оңтүстігінде, одан әрі қазақтың ұсақ шоқыларына ұласады. Қорықтың жүрегі -өзара жалғасқан теңіз және Қорғалжын көлдер жүйесі. Теңіз көлінің аумағы 159мың га құрайды, бұл Женева көлінен екі есе артық. Суының минералдануы әлемдік мұхиттың тұздылығынан 5-6 есе жоғары. Көлде құстар ұя салатын үлкенді -кішілі 70-ке жуық арал бар. Қорғалжын көлі Теңіз көліне мүлдем ұқсамайды. Оның алып су ауданын қамыс пен қоға араласа өскен қопа басқан. Осы тамаша қорықта өсімдіктер дүниесінің 350-дей түрі өседі, оның 90 пайызы шөптер. Аймақтың ірі өзендері -Есіл, оның салалары -Қал - құтан, Жабай, Терісаққан, Нұра, Сілеті, Өлеңді, Құланөтпес т. б. өзендер бар. Көлдері туралы айтар болсақ ; Қорғалжын, Қожакөл, Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар т. б. тұзды көлдері ; Теңіз, Керей, Итемген, Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба және Вечеслав (Есілде) Сілеті бөгені бар. Олардан басқа жер суаруға арналып 37 бөген салынған. Олардың жалпы су көлемі 180. 6 млн. М 3 . Қоғалжын көл жүйесін сумен толыстыру және Астана өнеркәсібін сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Нұра өзені арқылы 70-74млн метр куб Ертіс суы беріледі.

Жер асты сулары

Облыс территориясы жалпылай 1-тәртіптегі Орталық Қазақстан гидрогеогогиялық ауданға жатады. Гидрогеологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы негізінде Орталық Қазақстан гидрогеологиялық ауданда төмендегі 2-тәртіптегі гидрогеологиялық аудандар ажыратылады: Көкшетау-Екібастұз, Теіңз-Қорғалжын және Сарысу-Теңіз. Көкшетау-Екібастұз гидрогеологиялық аудан облыстың солтүстік жарты бөлігін қамтиды. Оған Вишневский, Ерментау, селеті, Алексеевк, Макинск, Шортандының көпшілік бөлігі, Балқаш, Атбасар ауылдық-әкімшілігін солтүстік бөліктері жатады.

Гидрогеологиялық ауданның көпшілік бөлігін жер бедері тілімделген және жарықтары көп жартасты тау жыныстары жер бетіне жақын жерде орналасқандықтан жер асты суларына қалыптасуына қолайлы жағдай жасалған. Ауданның шеңберін ішінде 19 сулы горизонттар мен комплекстер ажыратылған.

Теңіз-Қорғалжын гидрогеологиялық ауданның оңтүстігінде орналасқан территорияны өз ішіне алып ол оңтүстік жағынан Сарысу-Теңіз қыраты (көтерілуі) мен шектелген. Аудан жер асты суларына кедей (жарлы) . Бұл жерде тек 6 сулы горизонт пен комплекс ажыратылған. Ең сумен қамтамасыз етуге перспективті комплекс, бұл Нұра және Ишим өзендерінің аллювиалдық шөгінділеріне немесе аңғарларына орналасқан.

Сарысу-Теңіз гидрогеологиялық аудан облыстың ең шеткі оңтүстік бөлігіне Қорғалжын әкімшілік ауданын ішінде орналасқан. Бұл ауданда 12 сулы комплекс ажыратылған.

Солтүстіктен оңтүстікке қарай батыстағы облыс шекарасы бойлап созылып жатқан ені аз алқап 1-тәртіптегі Торғай гидрогелогиялық ауданға жатады, ал Ертіс артезиан бассейнін оңтүстік-батыс бөлігіне болып саналады. Тұщы сулар жеке линзалар түрінде кездеседі. Құдықтардың су мөлшері (дебиті) 0, 5 л/сек-ке жетеді. Олар ауылды елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге жаратады (пайдаланады) .

Жалпы облыстың минералданғаны 10 г/л-ге дейін болған жер асты суларының прогноздық (болжамдық) эксплуатациялық қорын көлемі 1733, 3 мың м 3 /тәу., оның ішінде минералданағандығы 1 г/л-ге дейін болған сулардың қоры - 916 мың м 3 /тәу-те. Барланған эксплуатациялық қоры 250 мың м 3 /тәу-ке тең, оның ішінде өнеркәсіптік категориялы су қоры - 193, 4 мың м 3 /тәу. облыстың факттік алатын жер асты сулары 148, 8 мың м 3 /тәу. құрайды, оның ішінде қоры бекітілген кен орындардың қоры 37, 6 мың м 3 /тәу /19/.

1. 2 Атмосфералық ауа - табиғи ресурс және ластануының негізгі типтері

Атмосфера (грек тілінен atmos - пар және sphaire - шар) жердің газ тәрізді қабаты, ол планетамен бірге біртұтас болып айналады. Атмосфера биосфераның құрамында - организмдердің тіршілік ететін газдық ортасы, жерде тіршілік мүмкіндігін қамтамасыз етеді, адамзат өмірінің барлық бағыттарына үлкен ықпалын тигізеді.

Көне заманда жас жер атмосферамен қоршалған, оның құрамында су буы, метан, аммиак және қостотықты көміртектен тұрған. Бұл атмосфера адамға және тірі жәндіктерге улы болған, барлық тіршілік, кейбір микроорганизмдерден басқа, бір сәтте тұншығып қалар еді. Өйткені атмосферада ең қажет оттегі жоқ еді. Оттегі жоқ атмосферада ғана күрделі және сезімтал органикалық молекулалардың тотығуы, қышқылдануы пайда болады. Ал олардан алғашқы жабайы тірі структуралар пайда болған. Өйткені бос оттегінің химиялық белсенділігі артық, сондықтан ол органикалық қоспаларды тез тотықтырады, бұзады. Эволюцияның салдарынан жер бетінде оттегін қажет ететін қазіргі кездегі алғашқы тірі жәндіктер пайда болу үшін - кейбір паразит пен бактериялардан басқа, атмосфера көп жылдар бойы оттегісіз болуы керек еді.

Атмосферада фотосинтездендіретін организмдер пайда болғанға дейін негізінен вулканды газдардан тұрған. Биосфераның биологиялық эволюциясының негізгі кезеңдері оттегісіз атмосфераның оттектігіне айналуымен байланысты. Жасыл өсімдіктер фотосинтез процесінде оттегін айыра бастады да, оттегі атмосферада жинала бастады.

Атмосфераның бүкіл массасының 50 пайызына жуығы оның төменгі 5 километрлік қабатында, 75 пайызы 10 километрлік қабатында, ал 90 пайызы 16 километрлік қабатында шоғырланған. 3000 километрден жоғарыда атмосфераның тығыздығы планетааралық кеңістіктің тығыздығынан аз - ақ айырма жасайды, дегенмен оның ізі 1 км-ден артық биіктікте де байқалған. Жер атмосферасының салмағы 5 квадрилион 157 триллион тонна.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ауаның ластануының экологиялық проблемалары
Ашық тау өндірімдері
Геожүйенің ластауындағы техногендік факторлар анализі
Әлемдік мұхит проблемалары
Әлемдік экологиялық проблемалар жайлы
Жезқазған қаласының ластану жағдайы
ГЕОЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Зерттеулердің әдістері мен көлемі
Атмосфералық ауаны және қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғаудың өзекті сұрақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz