ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ
ТЕРРИТОРИЯСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА . . . 5
І. 1 Тектоникасы және геологиялы-геоморфологиялық жағдайы . . . 5
І. 2 Климат жағдайы және беткі сулары . . . 6
І. 3 Топырақ-өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі . . . 11
ІІ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫ
ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ СУ ОБЪЕКТІЛЕРІ . . . 13
ІІ. 1 Су ресурстарына жалпы сипаттама . . . 13
ІІ. 2 Жасанды су объектілері туралы түсінік . . . 25
ІІ. 3 Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі жасанды су объектілері . . . 31
ІІ. 3. 1 Су қоймалары . . . 31
ІІ. 3. 2 Суғару жүйелері . . . 35
ІІІ. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА СУДЫ ТИІМДІ
ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ СУ КЕШЕНДЕРІНІҢ
ДАМУ КЕЛЕШЕГІ . . . 40
ІІІ. 1 Орта Азия аймағындағы су ресурстарын бөлістіру мәселесі . . . 40
ІІІ. 2 Оңтүстік Қазақстан облысының су ресурстарын тиімді
пайдалану мәселелері . . . 49
ІІІ. 3 Оңтүстік Қазақстан облысы жасанды су объектілерінің даму
келешегі . . . 55
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
КІРІСПЕ.
Тақырыптың өзектілігі. Оңтүстік Қазақстан облысының территориясы қүрғақ континенттік климатта орналасқан. Табиғат жағдайы су ресурстарына кедей болуына байланысты облыс территориясында ерте заманнан суғармалы егін шаруашылығы дамыған. Су ресурстарын тиімді пайдалану облыс үшін маңызды мәселенің бірі. Осы мәселені шешуде суландыру жүйелері маңызды орын алады.
Су, географиялық кешенінің табиғат компоненті болғандықтан, оның табиғаттағы су айналымы, табиғат кешеніне ықпалы, шаруашылықта пайдалануы гидрология ғылымдар жүйесімен қатар су ресурстарын пайдалану, гидрография деген физикалық география салаларының зерттеу объектісі болып табылады.
БҰҰ мамандарының, көптеген ғалымдардың, саясаттанушылардың тағы басқа мамандардың пікірі бойынша су ресурстары ХХІ ғасырда стратегиялық ресурстарға айналу мүмкін, әсіресе аридттік аймақтарда бұл мәселе өте маңызды болып табылады. Келешекте, судың бағасы мұнай мен газдан да қымбат болып, мемлекеттер арасындағы экономикалық, саяси қарым-қатынастарына ықпалы аса маңызды болады. Сондықтан, Оңтүстік Қазақстан облысында, жалпы Қазақстан Республикасында гидромелиортивтік құрылысқа көніл аудару қажет.
Ұсынылған диплом жұмысының негізгі мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысы территориясындағы бір-бірімен тығыз байланысты жасанды су объектілерінің географиясы, су ресурстарын тиімді пайдалану, Орталық Азия мемлекеттер арасындағы су ресурстарын бөлістіру мәселелерін қарастыру.
Оңтүстік Қазақстан облысында суғармалы ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен мүмкіндігі бар. Облыстың басты дақылдарының бірі ең қымбат техникалық дақылдарға жататын мақта дақылы, сонымен қатар облыста күріш, көкөніс, бидай, темекі, жүзім, мақсары т. б. ауыл шаруашылық дақылдары егіледі. Облыстың егін шаруашылығының негізі суғару, яғни суландыру жүйелері, су қорын сақтайтын су қоймалар облыстың ауыл шаруашылығының негізін құрайды.
Облыстың жасанды су объектілеріне жалпы сипаттама беру неігізінде суландыру жүйелердің қазіргі жағдайын көрсетіп, келешекте даму жолдарын анықтау. Облыстың қазіргі суландыру жүйелері қазіргі заман жаңа технологияларға сәйкес емес, ХХ ғасырдың 60 - 70 -ші жылдары құрылған су объектілері, әсіресе суғару технологиясы, суғармалы егіншіліктің кешегі күні.
Диплом жұмысын орындау барысында, автор облыстың ауыл шаруашылығында қолданылатын су ресурстарының негізгі көздерімен, олардың пайдалану әдістерімен, жасанды су объектілердің көрсеткіштерімен, олардың географиялық орны туралы материалдарымен танысты.
Диплом жұмысын орындау үшін автор Шымкент қаласының ғылыми-техникалық, Абай атындағы тағы басқа кітапханалардың әдеби материалдарын, Оңтүстік Қазақстан облысының су және жер ресурстарын пайдалану басқармасының, Қазақстан Республикасы Гидрометеорологиялық орталықтың Оңтүстік Қазақстан облысы бөлімінің, Мақатаарал ауданы әкімшілігінің қордық материалдарын пайдаланды. Диплом жұмысын орындау үшін ең маңызды болған, облыстық гидрометеорологиялық орталық қорының материалдары (гидрологиялық және метеорологиялық бақылау) .
Диплом жұмысын орындауда картографиялық, статистикалық-талдау, салыстырма-баяндама әдістері қолданылды . Жұмысты орындау үшін ең маңызды статистикалық-талдау әдіс болды, себебі су ресурстары климаттың салдары болып келеді сондықтан, климаттық көрсеткшітерінің кестелері, беткі суларына гидрологиялық бақылау кестелері тағы басқа материалдарға талдау жасалынды.
Оңтүстік Қазақстан облысы суғарылатын жер көлемі бойынша еліміздің басқа облыстарынан алдында тұрады. Облыс территориясында Республика деңгейіндегі Арыс-Түркістан, Қызылқұм, «Достық» ірі суландыру жүйелері орналасқан. Қазіргі таңда олар ескергенімен облыстың ауыл шаруашылығынан түсетін пайдасының басым бөлігін суғармалы егін шаруашылығы құрайды. Суландыру жүйелердің мал шаруашылығында, жайылымдарды суландыру арқылы үлкен маңызы бар.
Дамыған мемлекеттердің ауыл шаруашылығында суғармалы егін шаруашылығына көп көңіл аударуда, себебі суғармалы ауыл шаруашылық кепілді өнім алуға мүмкіндік береді. Яғни суғармалы ауыл шаруашылықтың, сонымен бірге жасанды су объектілердің дамуы сөзсіз.
Диплом жұмысының нәтижелерін жаңа жасанды су объектілерін жоспарлауда, құруда, мектеп географиясында қосымша материалдары ретінде, арнайы курстар оқытуда пайдалануға болады.
І. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА.
І. 1 ТЕКТОНИКАСЫ ЖӘНЕ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ-ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.
Оңтүстік Қазақстан облысы территориясының басым бөлігі Тұран плитасында орналасқан, оңтүстік-шығыста Өгем жотасы арқылы Өзбекістанмен шектеседі (облыстың ең қиыр оңтүстік-шығысында Қырғызстанмен аз ғана қашықтықта шекараласады) . Батыста, Қызылқұм бойы Өзбекістанмен шекара жалғасады. Солтұстікте Бетпақдала арқылы Қарағанды облысымен шекаралас болады, ал шығыста Қаратау мен Мойынқұм бойынша Жамбыл облысымен шекара өтеді. Облыстың ортасын оңтүстк-шығыстан солтүстік-батысқа қарай Қаратау жотасы кесіп өтеді. Өгем және Қаратау Батыс Тянь-Шань тауларының бөліктері болып табылады. Облыс шегіндегі Тұран ойпаты сазды Бетпақдала, құмды Мойынқұм мен Қызылқұм шөлдеріне және Сырдарья бойы тау алды шөлейт жазыққа бөлінеді.
Бетпақдала, борпылдақ қабат-қабат орналасқан мезозой және палеоген тау жыныстарынан құрылған жазықтық, оның орташа биіктігі 300 м. Жазық үстінде басым теңіздік және континенттік палеогендік шөгінділер - құм, құмтас, саз, ұсақ жұмыр тас. Жазықтық кеңістіктер сор жерлерімен тұйық ойыстармен және ағынсыз төмен жерлермен кезектеседі.
Мойынқұм құмды шөлі Шу синеклизаның басым бөлігін алып жатыр, ол Тянь-Шань тау алды еңкіс жазықтар мен ойпаттың жазықтарына өтпелі болып табылады. Мойынқұм шөлінің жер бедері негізінен эолды - төбелі (ячеистые) және тізбекті (грядовые) құмдар. Кейбір жерлерде эол жер бедері астынан аңғар тәріздес және ежелгі террассалар сатыларының жар сияқты қия беттер түріндегі су тектес ежелгі пішіндер көріністе болады.
Облыстың оңтүстік-батысын Қызылқұмның солтүстік-шығысы алып жатыр. Мұнда эолды құм жер бедері басым. Құмның астында ежелгі аллювиалдық қабат, ал Сырдарья маңында аллювиалды-көлді қабат орналасқан. Аллювиалды және аллювиалды-көлді шөгінділерді желмен електеу есебінен эолды құм пайда болған. Құмды массивтер басым бөлігінде өсімдіктермен бекітілген. Тізбекті және төбелі жер бедері қалыптасқан, кейбір жерде барханды құм төбелер кездеседі.
Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейі мен Сырдарья өзенінің арасындағы облыстың территориясы, Сырдарияның және оның оң салаларының аллювиалдық және пролювиалдық шөгінділерінен пайда болған. Бұл тау алды жазықтық сайлармен тілімденген және сынық шөгінділерден құрылған. Мұнда еспе сулары салыстырмалы тұщы, ал Сырдария өзеніне қарай жылжыған сайын еспе сулар тұздалады.
Қаратау - орта биікті жотасы, оның ең биік шыңы Бессаз (Мыңжылқы) шыңы - 2176 м. Негізінен ол кембрий алды және палеозойдың дислокацияланған қабаттарынан құрылған, ал оның тау алды мезозой, палеоген және неоген жастағы горизантальдық орналасатын шөгінділерінен қалыптасқан. Қаратау 5 - 6 балдық сейсмикалық зонада орналасқан. Қазіргі тектоникалық қозғалыстар өте белсенді, мұндай белсенділік, +12 мм/жылына, Шоқпақ асуда, (перевал Чокпак) қайта геодезиялық нивелировка арқылы байқалды (Финько, 1965) .
Қаратау жотасының басым жері ассиметриялық болып келеді. Оңтүстік тау алдының үстіртті беті солтүстікке қарай жазық қырқаға айналады. Су айырық беті бор және эоцен трансгрессиялар кезінде жемірілген денудациялық жазықтық болып келеді.
Қаратаудың оңтүстік жайпақ беткейдің әктасты-доломитты қабаттар дамыған учаскелердегі көтерілген жазық бетте өзендер мен жылғалардың кесіліп ойылған (врезанные) көлденең аңғарлары, тік беткейлі каньон тәріздес болып келеді. Жоғарыдан қарағанда осы каньондардың кейбір кесінділері тура және кескін бұрылыстар сипатты.
Облыстың оңтүстік-шығысында Батыс Тянь-Шань тауларының тізбектері орналасқан. Ең биік Сайрам шыңы 4299 м. Бұл аймақты Қаржантау, Қазығұрт таулары құрайды. Бұл жоталар гранитті және гранодиоритті герцин интрузияларымен тесіп шыққан палеозой шөгінді қабаттардан құрылған. Өгем жотасының кейбір жазықты суайырық беттері әктастардан құрылған, ол жерде карст шұңқырлары көп кезедеседі. Қазығүрт таулары осындый түзіліске және жер бедеріне ие.
І. 2 КЛИМАТ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БЕТКІ СУЛАРЫ.
Климат жағдайы . Оңтүстік Қазақстан облысы қоңыржай белдеуінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Облыстың жазықтықты аудандарының климат жағдайының ерекшелігі кескін континенттілігі. Л. Н. Бабушкиннің климаттық аудандастыруы бойынша (Бабушкин, 1983) облыстың территориясы үш климаттық провинцияда орналасқан. Облыстың солтүстігі Орталық Қазақстан провинцияның Бетпақдала округінде орналасқан. А. А. Пузырева бойынша (Пузырева, 1975) облыстың бұл бөлігі Балқаш-Арал облысының Орталық Қазақстан ауданында орналасқан. Облыстың солтүстік ауданының климаттық шекаралары авторларда бір-біріне сәйкес келеді. Бұл аудан ауа температурасының үлкен жылдық ауытқуымен сипатталады, 38º шамасында (қаңтар -10, 7ºС, шілде - +27ºС) (№ 1 кестеде), мұндай ауытқу климаттың кескін континенттігіне байланысты.
Шу өзенінен оңтүстікке қарай Қаратаудың солтүстік-шығыс тау алдына дейін территория Л. Н. Бабушкин Жоңғар-Тянь-Шань провинцияның жазықтық провинция тармағының жеке Мойынқұм округі деп бөледі [17] . Ал, А. А. Пузырева оны Балқаш-Арал облысының Мойынқұм климаттық ауданы деп есептейді [35] . Мойынқұмның климат жағдайы жоғарыда көрсетілген Бетпақдаланың климаты сияқты өте континентті болып келеді. Бірақ жауын-шашын мөлшері салыстырмалы көбірек болуына байланысты (200 мм аса) бұл аудан флора мен фаунаға байлау болып табылады.
№ 1 Кесте. Ауа температурасының көрсеткіштері
(Справочник по климату Казахстана. Многолетние данные 1971 - 2000, бойынша, 2004)
Қаратау жотасын Л. Н. Бабушкин Тұран провинциясының тау алды-таулы провинция тармағының жеке климаттық округ деп есептейді. Ал, А. А. Пузырева Қаратауды Батыс Тянь-Шань және Шығыс Тянь-Шань климаттар облыстарына бөледі. Жотаның солтүстік-шығыс беткейі Солтүстік-Тянь-Шань климаттық облысының Шығыс-Қаратау климаттық ауданды, ал оңтүстік-батыс беткейі Батыс-Тянь-Шань климаттық облысының Батыс-Қаратау климаттық ауданды қалыптастырады. Қаратау таулы климатпен сипатталады, оның негізгі ерекшелігі жауын-шашын мөлшерінің 400 мм дейін көбеюі. (№ 2 кесте) .
Жауын-шашын режимінің басты ерекшелігі қар жамылғысының салыстырмалы үлкен қалыңдығы 30 см дейін, ал ұзақтылығы 80 күнге дейін созылуы. Мұндай су қамтамасыз ету жағдайы суғарылмайтын егістікке жағымды болып табылады, негізінен суыққа бейімделген ауыл шаруашылық дақылдары, әсіресе, астық түқымдастықтарға ыңғайлы болып табылады. Жеткілікті ылғалдану әртүрлі шөптесінді таулы дала дамуына жағдай түғызады, яғни таулы жайылым ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінің термикалық режимі ауыл шаруашылыққа өте жағымды, бірақ егіншілік үшін жер бедері пішіні қолайсыз.
Облыстың оңтүстіктегі жазықтары А. А. Пузырева бойынша Қызылқұм-Қаратау маңы климаттық облысында орналасқан. Автор бұл территорияны екі климаттық ауданға бөледі, Сырдарияның сол жағасындағы жазықтықты қамтитын Шығыс-Қызылқұм климат ауданы және Сырдариядан тау алды жазықтарға дейін Сырдария маңы климат ауданы. Оңтүстікте Келес өзенінің төменгі ағысы жеке климат ауданға ажыратылады.
Бұл аймақ белсенді температуралардың жоғары мөлшерімен сипатталады. Мысалы, 4400ºС (+10ºС жоғары ауа температуралардың жиынтығы) изосызығы оңтүстік-шығыста Қазығүрт жотасының оңтүстік беткейімен, кейін солтүстік бағытта жалғасады, шамамен Төрткүль жанында батысқа бұрылады. Сондықтан, облыстың оңтүстік-батысы жылу сүйгіш ауыл шаруашылық дақылдар (жүзім, темекі, мақта т. б. ) өсіретін зонада орналасқан. Термикалық жағдайы жақсы болғанымен, жауын-шашын мөлшерінің аздығы жер ресурстардың сапасы төмен болуына алып келеді, мысалы, Шардара - 232 мм, Мақтаарла - 282 мм. Одан қалса жауын-шашынның максимум көрсеткіші қысқы маусымда болады.
Беткі сулары. Облыстың жері қүрғақ климатта орналасуына байланысты беткі ағын сиректелген, уақытша су ағыстар көп. Облыстың солтүстігі мен оңтүстік-батысында - Бетпақдалада, Мойынқұмда және Шығыс Қызылқұмда беткі ағын жоқтың қасы. Шу өзені Бетпақдала мен Мойынқұм арасындағы табиғи шекара болып табылады, ол бұл ауданда транзиттік өзен болып келеді. Оның жалпы жылдық су ағымы - 2, 5 км³ шамасында [39], оның басым бөлігі өзеннің бас жағында суғаруға пайдаланады, нәтижеде орта және төмен ағысында кейбір жылдары су тартылып қалады, яғни төменгі ағысында тұрақты су ағысы жоқ.
№ 2. Жауын-шашынның орташа айлық және орташа жылдық мөлшері (мм) .
(Справочник по климату Казахстана. Многолетние данные 1971 - 2000, бойынша, 2004)
Облыстың ең үлкен өзені Сырдария, оның жылдық су ағымы шамамен 27 км³ құрайды [51] . Облыс шегінде Сырдарияға Арыс және Келес өзендері ғана құяды. Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінде басталатын көптеген ұсақ өзендер Сырдарияға жетпейді, себебі олардың сулары суғаруға және басқа да шаруашылық қажеттіктерге пайдаланылады. Ал оң жағында Сырдарияның мұлдем сала жоқ. Сырдария өзені Ферғана аңғарында Нарын өзені мен Қарадария қосылған жерден басталады. Су ағымының басым бөлігі Қазақстан жерінен тыс қалыптасады.
Облыс территориясындағы көлдердің басым бөлігі ескі арналарда қалыптасқан көлдер, мұндай көлдер әсіресе Сырдария аңғарында көп кездеседі. Көктемде қар ерігенде Сырдарияда су тасып ағады, осы кезде су ескі арналарды да толтырады, кейін олар жазға дейін суға толы болады, кейбір көлдерде жыл бойы су болады.
Қаратаудың солтүстік және оңтүстік беткейлерінде уақытша су ағысттарының және ұсақ өзендерніңің ағымының жинау облыстары болып келетін тұйық ойыстарда көлдер қалыптасады. Ең ірі көлдер Қаратаудың солтүстік-шығыс беткейіндегі Қызылколь, Қалдыколь т. б.
Оңтүстік Қазақстан облысында тарихы ерте заманнан суғармалы егін шаруашылығы дамығанын көрсетеді. Сондықтан, облыстың көптеген өзендерінде түрлі гидротехникалық құрылыстар су қоймалар, каналдар, тоғандар т. б. болған. Қазіргі таңда, облыстың беткі суларын тиімді пайдалану үшін ірі су қоймалар, каналдар құрылған. Сырдарья өзеніндегі Шардара су қоймасының максимальдық су сиымдылығы 6, 2 млн м³ [39] . Су қоймадан басталатын Қызылқұм магистральдық каналы Сырдарияның оң жағасы бойынша құнарлы жерлерді суландырады.
Бөген өзенінің төменгі ағысында Бөген су қоймасы құрылған, Ордабасы ауданындағы егістік жерді және Бөген - Түркістан каналы арқылы Түркістан ауданының мақта егілетін жерді суландыруға арналған.
Облыстың су қоймалары жер ресурстарын толық пайдалануға мұмкіншілік береді, әрі ауа райы жағдайынан салыстырмалы түрде тәуелсіз болады. Осындай су ресурстарын қайта бөлістіру облыстың егін шаруашылығын жоғары деңгейге көтерді.
Оңтүстік Қазақстан облысының территориясындағы жер асты сулары екі ірі Мойынқұм және Қызылқұм алқабтарына жатады. Бұл жер алқаптар шөлді құмдарда пайда болған. Жер асты сулардың тереңдігі әр түрлі, бірнеше ондаған метрден бірнеше жүздеген метрге дейін, кейбір жағдайда мыңдаған метрге дейін барады [21] . Қазіргі таңда, жер асты суларын басым өнеркәсіптік, ірі қалаларды ішімдік сумен қамтамасыз ету мақсатта және жайылымдарды суландыруда пайдаланады.
Жер асты суларының қасиеттері пайдаланудың мақсатына ықпалы бар, әсіресе судың тұздылығы. Облыстың жазықтық аймақтарының жер асты сулары басым әртүрлі деңгейде тұздалған болады. Сондықтан, олар басым жайылымдарды суландыруға пайдаланады.
І. 3 ТОПЫРАҚ-ӨСІМДІК ЖАМЫЛҒЫСЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАРЫ.
Топырақ жамылғысы. Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аудандарының негізгі топырақ түрі таулы-шалғынды, таулы қызыл-қоңыр және сұр топырақ. Облыстың жазықты жерінде сұр топырақ, тақыр сияқты және сұр қызыл-қоңыр топырақ басым болады. Олардың арасында сор және сортаң жерлер кездеседі. Өзен жайылымдарында шалғынды және шалғынды-батпақ топырақтар басым болады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстік-батысында үлкен кеңістіктерді құм алып жатыр (құмды шөлдер) .
Облыстың оңтүстік-шығысында биік таулы жоталар орналасқан. Мүнда топырақтың вертикалдық зоналылығы айқын байқалады. Биік шыңдардан төмендеген сайын мұздықтар мен нивальдық белдеу таулы-шалғынды және субальптік топырақтарға ауысады. Бұл топырақ қабаты тұтас белдеу қалыптастырмайды, тек ғана жазықтық жерде және биік таулы кеңістіктердің жылғаларында тараған. Бұл топырақтың сипатты белгілері - қабаттылығы қалың емес және топырақ профили ірі бөлшектерден құрылған, қарашіріктің жоғары үлесімен және қалың шымдылықпен сипатталады.
1200 - 1300 метрден 2400 - 2500 метр биіктік аралығында таулы қызыл қоңыр топырақ тараған, оның ана жыныстары лесс және лесс сияқты саздақ, қатты жыныстардан құрылған элювий мен пролювий болып табылады. Қарашірік үлесі 3 - 6 %, түсі қызыл қоңыр.
Талас Алатауы, Қаржантау және Қаратау тау етегі облысында және тау алды жазықтарда, Сырдарияның биік террасаларында сұр топырақ тараған. Мұндағы сұр топырақ солтүстікті ашық реңді (аз карбонатталған), оңтүстікті қара реңді, оңтүстікті ашық реңді және оңтүстікті ашық реңді сор топырақтарға бөлінеді. Олардың ішінде оңтүстікті қара реңді сұр топырақ (қарашірік - 3 - 4 %) ең құнарлы болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz