Дәстүрлі мал шаруашылғы және егін шаруашылығы
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Республиканың тәуелсіздік тізгінін өз қолына алып, егемен ел болуы төл тарихымызды жаңаша зерделеуге мүмкіндік берді. Н.Ә.Назарбаевтың: Ұлы тұлғаларды білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан да халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұртының нағыз азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келгендегені ұлт қайраткерлеріне, олардың ел алдындағы жауапкершілігін сезіндіргені деуімізге болады [1]. Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде Жерді біріктіру процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі - Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. Тарихи-Рашиди, Шайбанинама, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік - батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік -шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады.
Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты.
Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар - Ақ Орданың атақты ханы Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар болды. Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет қайраткері еді.
Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға төндірген қаупіне және ойрат-жоңғар тайпаларының Моңғолстанға жасаған шабуылына қарсы күрескен едіү.Қазақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас жасап, батыс Европаға танылған болатын, сөйтіп қазақ хандары басқа елдермен қарым-қатынас орната отыра халықтың экономикасында, тұрмысында өзгерістер орнады.
Тарихнамасы. Мен бұл жұмысты жазу барысында белгілі тарихшылардың еңбектеріне арқа сүйедім.
Артықбаев Ж.О., Пірманов Ә.Б. Қазақстан тарихы (энциклопедиялық басылым) еңбегінде көне заманнан бүгінге дейінгі бірнеше мыңжылдықты қамтитын Қазақстан тарихы қарастырылады, сонымен қатар дүниежүзілік тарихтың өзекті мәселелері ме ғылыми ұғымдар да айқындалады. Қазақстанның мәдениеті осы XVI-XVII ғасырларда өткен мәдениеттің ерекшеліктерін бойына сіңірді. Ұлттық өзіндік болмыс жасалып, материалдық және рухани мәдениеттің ерекшелігі бәрінен бұрын көшпелі өмір салтымен анықталды, - деп көрсеткенін көре аламыз [2,326 б.].
Біз бұл еңбекте қазақ халқының тұрғын үйі материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіші болғанын атап кеткенін көре аламыз. Киіз үй ағаш пен киізден құрастырылды. Ол кереге, шаңырақ, уықтардын тұрды. Киіз үйдің көлемі қанаттарының санына байланысты болды. Он екі қанатты үйдің аумағы 100-120 шақырым метрге жетті [2,327 б.]
Мусин Чапай XVI-XVII ғасырлардағы қазақтардың қоғамдық қатынасын зерттеушілердің көпшілігі оны патриархалдық қарым-қатынас деп санайды. Әсіресе, ол көшпелі және жартылай көшпелі және жартылай мал шаруашылығы аймақтарында басым болған. Ал, экономикалық жағынан неғұрлым дамыған Қазақстанның Оңтүстік аудандарында феодалдық қарым-қатынастардың көбірек қанат жағдайындағы атап көрсетіледі. Іс жүзінде қазақ қоғамы мен қазақ мемлекеттігі екі әлеуметтік-экономикалық құрылысқа негізделеді. Моңғол үстемдігі кезіндегі қала мәдениеті кері кетіп, егіншіліктің құлдырауы, көшпелі мал шаруашылығының артуы патриархалдық қоғамдық қатынастарға қарай ойысуына әсерін тигізді,-деп Қазақстан тарихы оқулығында атап көрсеткен [3,156 б.].
Қазақ халқының тіршілік-тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алғанын және ол мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуына үлесін қосқанын М. Чапай өз еңбегінде деректер келтірген. Мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат-әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т.б. қолөнершілердің еңбегімен дайындалды [3,160 б.].
Қ.С. Қаражан, Ж. Әбсеметова, Ф.А. Қозыбақова, Т. Мекебаев, С.С. Саржанова С. Смағұлов, Ш.Б. Тілеубаев Қазақстан тарихы: лекциялар курсы еңбектерінде XVI-XVII ғасырларда Түркістан қалалары саяси орталықтарға айналғанын, онда қазақ хандары мен сұлтандары қоныстанғанын мәліметтер келтірген. Қазақтардың негізгі кәсібі малшаруашылығы болды. Мал өнімдері оларда тамақ, киім-кешек, тұрғын үй материалдары, сонымен бірге көлік қызметімен қамтамасыз отырды,- деп көрсетіп кеткен [4,95 б.].
XV-XVII ғасырларда бірін-бірі толықтырған екі шаруашылық-мәдени үлгілерге - көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілікке, қала үлгісіне негізделген берік экономикалық жүйе құрылды. Урбанизация қазақтардың ортағасырлық тарихынан айқындаушы факторларының бірі болды. Сырдария қалалары үшін қазақ және Орта Азия хандарының арасында табан тірескен күрес жүруі кездейсоқ емес. Көптеген қалаларға таңғажайып ғимараттар мен іргелі құрылыстар көрік беріп тұрды - деп, Қозыбаев М. К., Нұрпейіс К. Н., Романов Ю. И., Асылбеков М. Х., Алдажұманов Қ. С., Байпақов К. М., Исмағұлов О. И., Қошанов А. Қ., Құл-мұхаммед М. А., Көмеков Б. Е., Сағдиев К. Ә. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) бес томдық кітаптың 2-томында қарастырып кеткен [5].
Зерттеу жұмысының ғылыми әдіснамалық негізі. Курстық жұмысында қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихи зерттеудің диалектикалық тәсілдермен тығыз байланыстағы тарихилық, объективтілік сияқты негізгі методологиялық принциптер басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың басты мақсаты XVI ғасырдан XVII ғасырлардағы қазақ халқының экономикасы мен тұрмысын зерттеу және сол арқылы халықтың басты байлықтарын бағалау.
Зерттеу жұмысы барысында төмендегідей міндеттер қойылады:
oo XVI-XVII қазақтардың қоғамдық қарым-қатынасын зерттеу;
oo дәстүрлі мал шаруашылығының қазақтардың басты шаруашлық ретінде қарастыру;
oo көшпелі өмірдің элементі мал шаруашылығы екендігін дәлелдеу, және соларға сипаттама беру;
oo көшпелі өмірден отырықшылыққа көшуін егін шаруашылығы арқылы сипаттау;
oo XVI-XVII ғасырлар аралығы қазақ тарихында ерекше кезеңге айналған қазақ мемлекетімен көршілес елдермен сауда және мәдени байланыстарын зерттеу;
oo қазақ халқының тұрмысындағы үй кәсіпшілігі мен қолөнердің маңыздылығын қарастыру;
oo қазақтардың материалдық мәдениетінің ішіндегі тұрғын үй жайларының XVI-XVII ғасырлардағы ерекшеліктерін қарастыру.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. XVI-XVII ғасырларда қазақ хандығының ұлғаю уақыты болды. XVI ғасырдың басы қазақтардың экономикасы мен тұрмысы XVII ғасырға дейін қандай жаңалықтары болғанын қамтиды. Бұл ғасыр аралықтарында қазақ халқының басқа елдерменжасаған қарым-қатынасын, шаруашылықтарын, тұрмыстық жағдайларын осы кезеңде ерекше болған.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан,төрт бөлімнен, қорытындыдан,сілтемеден және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
I. ХVІ-XVІІ ғасырлардағы қазақтардың экономикасы
Экономика грек тілінен аударғанда - үй шаруашылығын жүргізу өнері-материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың негізі болып табылады. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді. Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде - қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін; қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіруді, кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді [6].
Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып Қасым хан билік жүргізген [7].
XVI ғасырдың басында қазақ даласында болған Фазллалах Рузбихан, оны жұмақпен теңестіреді. Қазақтар туралы ол: Осы жұмаққа ұқсайтын кең даланы олар өз құдіретінің тұрағы, тыныштық пен демалатын көктемегі үйі деп есептейді. Сиыр мен қой санын, жылқы табынының есебін Жаратқан иемнен басқа ешкім білмейді, оны дәл білу мүмкін емес,-деп жазады [2,321 б.].
Шығыс авторларының көбісі қазақтар жазда Еділ өзенінің бойында мекендейді де, қыста Сырдың маңына жылжиды деп көрсетеді: Олар Еділ өзенінің маңындағы далалардан осы орасан зор құнарлы жерде екі немесе одан да көп ай бойы көшіп-қонып жүреді, бұлғын, тиіндерден және т.б. жасалған тондар, әр түрлі әшекейлі жібек киімдерімен екі айдан соң қысқы тұрақтарына оралады. Олардың қыстайтын жері өздері Сыр деп атайтын Сейхун өзенінің жағасы болып табылады [2,321 б.].
Қазақ феодалдық таптық қоғамда адамдардың мүліктік жағдайына қарай бай-кедей деп бөлу орын алды. Қоғамның материалдық байлықты өндірушілер халықтың көпшілігін құраған қазақ шаруалары еді. Шаруалардың экономикалық жағдайы бірдей болған жоқ, сондықтан бай-феодалға тәуелділік дәрежесіде әр түрлі болды. Олардың біраз бөлігі экономикалық жағынан азды-көпті қамтамасыз етілген жай шаруа еді. Халықтың көпшілік бөлігін кедей шаруалар құрады. Кедейлердің біраз көшпелі өмір құруға мүмкіндіктері болмағандықтан отырықшы тұрмысқа ауысты. Олар жатақтар деп аталды. Ішінара құлдарда кездесті. Олар жат жұртпен қиян-кескі соғыста қолға түскен тұтқындар есебінде ұсталды.
Феодалдық қанау көптеген салық салуды әдетке енгізді. Олардың негізгілері: малшылардан - зекет, соғым, сыбаға, сыйлыұғ егіншілер мен қолөнершілерден - ұшыр, тағар, баж және хараж алынды.Бұған қосымша шаруалар үстем таптың пайдасына жұмыс істеуге және борышын еңбекпен өтеуге тиісті болды.Осындай әлеуметтік теңсіздіктің салдарынан шаруалардың көбі, әсіресе, ең кедей бөліктері феодалдарға кіріптар болып, бай туыстарының көмегіне сүйенуге мәжбүрлікке түсті [3,155 б.].
Қазақтың хандық мемлекетнің қажетіне шығындар халықтан жиналатын феодалдық салықтардан басқа, соғыстан түсетін олжадан, сот алымынан және ықтиярлы қайырымдылық қорынан құрылып отырды. Әрине негізгі ауыртпалылық еңбекші бұқараның мойнына түсті [3,155-156 б.].
ХVI-XVII ғасырлардағы қазақтардың қоғамдық қатынасын зерттеушілердің көпшілігі оны патриархалдық қарым-қатынас деп санайды. Әсіресе, ол көшпелі мал шаруашылығы аймақтарында басым болған. Ал, экономикалық жағынан неғұрлым дамыған Қазақстанның Оңтүстік аудандарында феодалдық қарым-қатынастардың көбірек қанат жағдайындығы атап көрсетіледі. Іс жүзінде қазақ қоғамы мен қазақ мемлекеттігі екі әлеуметтік-экономикалық құрылысқа негізделді. Моңғол үстемдігі кезінде қала мәдениеті кері кетіп, егіншіліктің құлдырауы, көшпелі мал шаруашылығының артуы патриархалдық қоғамдық қатынастарға қарай ойысуына әсерін тигізді [3,156 б.].
І.1. Дәстүрлі мал шаруашылғы және егін шаруашылығы
Қазақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Қазақтардың басты байлығы болған мал оларды тамақ өнімдерімен, киім- кешек және тұрғын үй материалымен қамтамасыз етіп отырды, сондай-ақ көлік қызметін де атқарды. Ол сонымен бірге оларға көрші халықтарымен ең қажетті заттарды айырбастап алатын қаражат көзі болады. Көшпелілер өмірінде малдың маңыздылығын Ш. Ш. Уәлихановтай мейлінше дәл көрсету мүмкін емес, ол былай деп жазған: Дала көшелісін ішіп-жегізетін де, киіндіретін де мал, ол үшін өз тыныштығынан малының аман болғаны қымбат. Жұртқа мәлім, қырғыздар бір-бірімен амандасқанда: мал-жаның аман ба? деген сөздермен бастайды. Отбасының мал жайын алдын ала сұрастыруы көшпелілер өмірінде малдың қаншалықты маңызы барын айқын көрсетеді [8].
Қазақтар негізінен қой, жылқы және түйе өсірген; қазақтардың шаруашылығында ірі қара болмашы орын алған, өйткені ол жыл бойы бағуға, әсіресе қыс кезінде қар астынан тебінденіп жайылуға нашар бейімделген. Бұл орайда қазақтарды шаруашылық жөнінен қой жетекші орын алды. Шайбани ханның (1510 жылы өлген) айтуынша, қой малы Қыпшақ даласы көшпелілерінің басты байлығы саналды. Қойдың еті мен сүті тамақ болды, терісі мен жүні киім-кешек, аяқ киім, ыдыс және шаруашылыққа қажетті басқа да көптеген заттар дайындауға жұмсалды. Қойдың майы мен хош иісті шөп күлімен қазақтар сабын дайындаған, оның түсі қошқылтым болып, киім-кешектен қандайда болсын дақтарды жойып жіберетін.
Көз көргендердің айтуынша, далалық жерлердегі қыпшақ қойлары төзімділігімен, ірілігімен және еттілік-сүттілік жағынан жақсы қасиеттерімен ерекшеленген. Мәселен, Танада бірнеше жыл тұрған XV ғасырдағы Венеция көпесі И. Барбаро дештілік көшпелілер өсіретін малдың негізгі түрлері туралы былай деп жазған: Бұл халық өсіретін жануарлардың төртінші түрі - сирағы ұзын, сабалақ жүнді аса ірі қой, олардың кейбіреулерінің құйрықтарының әрқайсысы он екі қадаққа дейін салмақ тартады. Мен доңғалақ байланып, оған құйрығы артылған сондай қойларды көрдім. Татарлар сол құйрық майын тамаққа қатық етеді,етпен қосып турайды, құйрық майдың дәмділігі сондай ауызға салсаң, еріп кетеді [9].
XVІ ғасырдың орта шенінде Арал өңірінің далалық кеңістігінде болған ағылшын А. Дженкинсон де ондағы қойлардың ірі, құйрықтары үлкен, салмағы 60-80 қадақ болатынын атап өткен. Жазбаша деректемелерде Қыпшақ даласының көшпелілерінде қойдың көп екендігі үнемі атап өтелді. Дегенмен де ұсақ малды жайылымда бағып, күзететін адамдар саны өте аз болған. Қой бағушыларды көрсету үшін орта ғасырлардағы мұсылман авторлары әдетте шупан немесе шобан деген парсы-түрік сөзін қолданады (қазақтарда неғұрлым көп қолданылатыны қойшы деген сөз). Қой бағушылардың негізгі құрамын тұтқындар, жетім балалар құраған. Қой бағушылар көшпелі қоғамда дәстүр бойынша ең төменгі әлеуметтік топты құраған. Көшпелі өмірінде жалқы ерекше рөл атқарды. Көшпелілер жылқыны салт мініп жүру және күш көлігі үшін пайдалнып қана қойған жоқ, оны олар тамақ та, киім де етті. Бірде-бір той ат жарысынсыз өткен емес; қолы бос кезінде дала тұрғындары құйрық-жалы жер сүзген әдемі айғырларға еріп жөңкілген емін-еркін жалқы үйірлерін көзге сүйіні еткен. Бұл жағынан Мұхаммед Хайдар Дуғлаттың қазақ ханы Қасымның (1518 жылы өлген) аузынан есіткен мына сөздері ерекше көңіл бөлерлік; Біз-дала тұрғындарымыз; бізде сирек кездесетін қымбат бұйымдар да, товарлар да жоқ, - дейді ол моғолдардың басшысы Сұлтан Саидқа, - біздің басты байлығымыз жылқы; оның еті мен терісі біз үшін ең жақсы ас әрі киім, ал біздің ең сүйікті сусынымыз да соның сүтінен дайындалады, біздің жерімізде бау-бақ та, ғимараттар да жоқ; біздің көңіл көтеретін жеріміз - мал жайылымы мен үйірлі жалқы, сондықтан біз аттарды қызықтау үшін жылқы үйірлеріне барамыз [6] деп көшпелі қазақ халқының басты байлығын атап көрсеткен.
Дала жылқысы мейлінше төзімділігімен, күй талғамайтын қасиетімен ерекшеленеді және қар мен мұз астынан тебіндеп жыл бойы жайылудың қатаң жағдайларына біршама оңай көндігеді. И. Барбароның айтуынша, дешті жылқысы аласа, қарынды және күй талғамайтын көнбістігімен дала тұрғындарының өсіретін негізгі малы болған.
Ат жүк таситын (жегін, жұмыс), салт мінетін және жүйрік-арғымақтар болып бөлінген. Дешті Қыпшақ елі асыл тұқымды аттар да өсірген, ал мойны ұзын таза тұқымды сайгүліктер Қыпшақ даласында әрқашанда сирек кездесетін еді. Моғол ханы Саидтың 1513 жылы өзінің қазақ ханы Қасымның ордасына барған сапары туралы әңгімесінде былай делінген. Біз барған кезде,-деген ол Та'рих-и Рашидидің болашақ авторына, - хан бізге өзінің барлық малы мен жылқысын көрсетіп: Менде екі ат бар, олардың біреуі бүкіл табынға тұрады деген. Оларды көріп таңғалған Сұлтан Саид хан Мырза Хайдарға бұл екеуіндей атты өмірінде ешқашан көрмегенін айтқан. Аттарды әкелген кезде Қасым Саид ханға былай депті: Дала адамдарына атсыз тіршілік жоқ; мен үшін мына екі ат - ең сенімді де лайықты аттар. Екеуін бірдей сыйға тарта алмаймын: бірақ сіз қымбатты қонақ болғандықтан, өзіңізгеұнаған біреуін таңдап алсаңыз - мен ризамын, тек екіншісін маған қалдырыңыз [5,459 б.]. Қасым хан екі аттың да қасиетін толық суреттеп берген.
Қазақтардың шаруашылығында түйе өсіру едәуір орын алған: көшкен кезде жүк тасығанда түйе малы пайдаланылған. Ибн Рузбиханның айтуынша, қазақтар өгізбен қатар үйде малымен де арбаға орнатылған үйлерін сүйретіп алып жүрген. Сонымен бірге түйеден жүні алынған, ал түйе сүтінен дайындалатын калориялы да дәмді сусын (шұбат) қымызбен бірдей бағаланған. Дешті Қыпшақтың барлық көшпелілері сияқты, қазақтар да қос өркешті жүндес түйе өсірген [5,460 б.].
Көшпелі өмірде мал шаруашылығына жайылымды жерлер көптеп кездесетін Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда көшіп-қону әлде қайда шағын болды. Сол себептен, Оңтүстік Қазақстан өңірі ертедегі егіншілік мәдениетінің бесігі болған. Қазақ хандығы тұсында бұл аймақтардың дәстүрлі егін шаруашлығы үздіксіз өркендеп отырды [10].
Көшпелі мал шаруашылығында маусымды көшіп-қону деген болған, әр жыл мезілінде көшіп жүрген, олардың көшіп-қонып жүргендегі мақсаты мал басын аман сақтау болаған. Маусымды көшіп-қону төрт мезгілге бөлінеді: 1. Қысқы көш немесе қыстауға көш, 2. Көктемгі көш, 3. Жазғы көш немесе жайлауға көш, 4. Күзгі көш. Осы маусымды көшіп-қонудың ішінде қазақ халқы қысқы көште өздерінің жылы қыстауларындағы тұрақ жайларына келіп отырған. Мұнда олар 6 ай қозғалмай отырған. Ал қалған көктеу, жайлдау, күздеуде 2 айдан отырған. Қазақтар қыстауда егін салумен де айналысқан. Осыған қарап біз бұл өмірді жартылай көшпелі өмір дейміз.
Қыстауға көшу. Қыстау - қазақ халқының негізгі тұрақты қоныстарының бірі. Қыстау қыста қатты жел тимейтін таудың күнгейлі шатқалдарына, не Іле, Шу, Талас, Сырдария сияқты өзендерінің қалың тоғайлы жерлеріне салынған. Мұндай жерлер тұрғындарды отын, судан тарықтырмайды. Екіншіден, малға жайлы келеді.
Көктеу. (Көктемгі көш). Қазақтардың көктеуге көшудегі басты мақсаты көктеуде мал төлдетеді, өлі жүн қырқылады. Қыстаудан көшкенде әр жерге от жағып, түтін салып, мал-жанын сонын арасынан өткізген.
Қазақ халқында жайлау қазақтардың жан дүниелерінің рахатқа бататын кездері. Жайлауға көшудің басты мақсаты - малдың қоңын көтеру, яғни малды семірту. Егер мал жайлаудан семіріп қайтса, ол қыстан аман шығады.
Күздеу. Күз - қазақ халқының қыс қамын ойлайтын еңбек майданының басы болып табылады. Қазақ халқы күде қойдың күзем жүнін қырқады. Әйелдер күзем жүннен киіс басып, киіз үйлерінің қажетті бұйымдарын жасайды.
Қазақ халқының шаруашылығында ешкі мен сиыр аз болды. Қазақ философиясында ешкі белгісіздікті білдірсе, сиыр жұтпен теңеседі. Сондықтан қазақтар бұл жануарлардың етін тек жұт жылдары ғана жеген [4,94 б.].
Археологиялық зерттеулер кезінде Ұлы Жібек жолының бойында жақсы жерде салынған қазақ қыстауларынның жанында егін шаруашылығымен айналысқан [11], XV-XVII ғасырларда Отырар, Түркістан, Сауран, маңындағы егістік жерлерге құбырлар арқылы су жіберіліп отырғанын дәлелдейді. Басқа жерлерде егіншілік мәдениетінің дәстүрлі ошақтары өзен алқаптары мен көл жағалауларында, шөл және шөлейт далалардың көгалды жерлерінде дамыды. Әдетте, егіншілікпен көбіне көшіп-қонуға мүмкіншілігі жоқ кедей жатақтар шұғылданды. Негізгі дақылдар - тары, бидай, арпа, жүгері болған. Егіншілік Қаратау, Ұлытау өңірлерінде, Ертіс өзені алқабында, Зайсан-көлінің жағасында да едәуір дамыды. Егіншілік саймандары тесе, кетпен, қарапайым соқа, тіс ағаш, тырма, қол орақ болды. Дән түю, ұн тарту үшін ағаш келі, қол диірмен пайдаланылады. Астық ұрағы көміліп сақталды [3,159 б.]
Сыр бойындағы қалаларда ирригациялық жүйе барынша дамыған. Қалалардың маңында суландыратын арнайы алқаптар болды. Қала маңдарында бұндай алқаптарда бау-бақша өнімдері өсірілді [3,94-95 б.].
XVI-XVII ғасырларда қазақ қоғамының экономикалық және әлеуметтік құрамында феодалдық қатынастар үстем болды. Бұл қатынастарға тән ерекшеліктердің бірі қоғам мүшелерінің арасындағы қатынастарда елеулі рөл атқарған қауымдық рулық формаларды және институттарды сақтап қалу еді. Феодалдық қатынас жерге деген феодалдық жеке меншік негізінде дамыды (икта, мылық, вакф, т. б.). Ал далалық аймақта жерге деген феодалдық жеке меншік көшіп-қоныс, жайылымдыққа байланысты еді [12].
Қазақтар аң аулаумен де айналысқан. Аң аулаудың бірнеше түрлері болған: құс салған, тазы ит қосып аулаған т.б. Соның ішінде қыран құстармен аң аулау басым болды. Аң аулау дербес кәсіп болмаған, мал шаруашылығына көмекші кәсіп қана болған [4,95 б.].
І.2. Сауда қатынастары
XVI-XVII ғасырлар аралығында Қазақстан тарихындағы қазақ мемлекеттігінің нығайып, қазақтардың тарихында айрықша рөл ойнаған көршілес елдер және олардың халықтарымен белсенді әскери-саяси, сауда және мәдени байланыстарының уақытымен сәйкес келетін ерекше кезеңболып саналды.
Қазақстан, Орта және Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары ежелден бастау алады. Бұл сыртқы саяси байланыстарда да, өзара сауда айырбасында көрініс тапты. Сауда, сауда жолдарының тарихы бойынша далалық аймақтарға жасалған экспедиция материалдары Қазақстанның Батыс және Шығыс мәдениеттерінің өзара ықпалдасу және өзара байыту жолдарында байланыстырушы буын, көпір болғандығын дәлелдейді. XVI-XVII ғғ. Қазақстанның саяси және сауда қарым-қатынастары Орта азиялық хандықтармен қатар, Үндістан, Ауғанстанмен айтарлықтай кеңейіп, сауда-дипломатиялық елшіліктермен алмасу орын алды. Қазақстан және аталмыш елдер арасында елшілік алмасу, шын мәнісінде, сауда байланыстарының формасы болды.
Оңтүстік қалаларының Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда-саттық байланысы жанданды. Осының арқасында көшіп-қонушы және отырықшы халық топтарының экономикалық, мәдени-әлеуметтік қарым-қатынасы мүмкіндігінше кеңейе түсті. XV-XVII ғасырларда Ұлы жібек жолы бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан, Сайрам, Жент т.б. қалалардың тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді [3,160 б.].
Ташкент, Түркістан, яғни Сырдария орта ағысының екі жағасындағы отырықшы-егіншілік аудандардың Қазақ хандығының құрамына енуі, Қазақ хандығының экономикасына, қоғамдық және саяси құрлысына күшті ықпал етті, Орта Азия мен Қазақстан арасындағы мәдени-сауда байланысы дамыды [4,90 б.].
Қазіргі таңдағы Қазақстанның да, Орталық Азияның да территориясын қиып өткен Ұлы Жібек жолының арналарын зерттеуге үлкен мән беріліп отыр. Оған қоса, дәл осы XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап аталмыш жол жаңа импульске ие болған. XVI-XVIIғғ.жазба деректерінен Қазақстан арқылы Қытай, Үндістан және Орталық Азияның байланыстырған сауда жолдары да орналасып, бұл жерлерден қажылыққа баратын адамдар мен әскери жасақтар өткендігі белгілі.Сауда Астрахан мен Маңғышлақ арасындағы Каспий арқылы теңіздік жолмен же жүзеге асырылды [13,264-266 б.]. Соғыс уақытында қазақтар мен көрші елдерде сауда байланыстары жүріп отырған тоқталмай, бірақ соңғы байланысы елдің дамуына үлкен кесірін тигізді.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты [14,128-132 б.].
Көшпелілердің өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. XV-XVII ғасырларда көшпелілер көрші елдермен белсенді сауда жүргізді. Шығыс пен Батыстың арасындағы трансконтиненталдық саудада кепілдік беруші рөлін де атқарған. Бұл рөлдің мәні делдалдық қызмет пен керуендерді қорғап, қатарласа жүріп, белгілі межеге дейін жеткізіп салу. Рузбихан өз еңбегінде: Қазақ көпестері үнемі ислам елдеріне келіп жүрді және әлі де келіп тұрады, бұл елдердің көпестері де оларға барып тұрады. Бұл елдің көпестері қалалықтардың арасына еніп, исламның қағидаларын жаттап алады, енді хандарымен, сұлтандарымен қоса бәрі мұсылмандар. Олар құран оқиды, балаларын медресеге береді, ораза тұтады, некеге тұрады,-деп жазады.
XVІ ғасырдың екінші жартысында қазақ хандығының сыртқы саясаты бұрынғыдан да қатты нашарлай түскен. Қазан мен Астраханды қосып алғаннан кейін, Ресейдің Орта Азия хандақтарымен байланыстары жолға қойыла бастады, атап айтқанды, қазақ-орыс қатынастары нығайып, кеңейе түсті. Нақ сол кезде Орта Азия - орыс саудасы орнығады. Орыстардың Бұхарамен, Хиуамен және Персиямен сауда жасағаны туралы нақты деректер сақталған. 1569-1573 жылдарда орыс елшілері Семен Мельцев пен Третьяк Чебуков Қазақ хандығында болып қайтты. Мәскеуге шетелдіктер де қазақтар туралы әр түрлі мәліметтер жеткізді. Сал кезде Англияның жаңа рыноктар іздестіріп, Персиямен және Азияның басқа да мемлекеттерімен сауда қатыастарын жасауға ұмтылғаны мәлім. Ағылшын көпесі Антони Дженкисон 1557 жылы Ресейге сол мақсатпен де жіберілген еді. Оның Орта Азияға саяхаты Мәскеудің Орта Азиямен ынтымақтастығының одан әрі дамуында зор мәні болды, өйткені Дженкинсонда IV Иванның арнаулы грамотасы бар еді, сөйтіп ол Мәскеу мемлекетінің Орта Азия хандықтарындағы алғашқы ресми өкілі. 1559 жылы Дженкинсонмен бірге Бұхарадан, Балх пен Үргеніштен елшіліктер келді.
Хақназар хан тұсындаҚазақ хандығы Мәскеумен сауда байланыстарын орнатып, саяси қарым-қатынас жасады. Қазақ хандығының аралық етуімен Мәскеу Түркістандағы өзбек хандықтарымен байланысты жолға қойды. Ресеймен қатынастарында Хақназар хан әкесі Қасымның жолын ұстанды. Патша мұрағатының тізбесінде ІІІ Иванның Қасым ханмен байланыс жасағаны тіркелген, бірақ олардың сипаты тарих ғылымына әлі де беймәлім.
Орта Азиядағы саяси жағдай қазақтарды күшті де сенімді одақтас іздестіруге мәжбүр етті. Олар Ресейдің осындай одақтас бола алатынына барған сайын көз жеткізе түсті. Өз кезегінде, Ресей де Көшімге қарсы күресу үшін одақтас іздеді, ал Көшім мен оның арасы XVI ғасырдың 70-жылдарында ерекше шиеленісіп кеткен еді. Ол кезде Қазақ хандығы Ресейге осындай одақтас бола алатын.
XVІ ғасырдың екінші жартысында ағайынды Строгановтардың Орта Азияда ірі сауда операцияларын жүргізгені белгілі, олардың экономикалық мүдделері қазақ әміршілерімен байланыстар орнатуды керек етті. Сондықтан ІV Иван соңғыларымен одақ жасасуға ұмтылды. Елші Третьяк Чебуков қазақтарға осы мақсатпен де жіберілген еді. Бірақ ол өз міндетін атқара алмады, өйткені оны 1573 жылы шілде айында Көшімнің жиені Мәметқұл тұтқынға алды. Біраз уақыт өткен соң (1574 жылы 30 мамырда) Иван Грозный Строгановтарға қазақтармен баж салығыныз сауда жасауға грамота тапсырды.
XVІ- XVІІ ғасырларда қазақ даласындағы ішкі сауда жүргізілген өнімдер туралы белгілі саяхатшы П. И. Рычков былай деп хабарлайды: Азия көпестері, яғни: хиуалықтар, бұхаралықтар, ташкенттіктер және сол сияқтылар Ресей жағына Қырғыз-қайсақ ордаларынан асып ешқашан жақындаған емес, қайта сол ордалардың...ұлыстарында ғана сауда жасады...ал олардың саудасының өзі де небәрі өздерінің қағаздары мен бөздерін және өз үлгілері бойынша тігілген киімдерден ғана тұрды, олар сол заттарын қарғыздарға жылқы мен қойға айырбастап алып, оларды Хиуаға және малы аз басқа жерлерге айдап апарып, пайдамен сататын [15,6-7 б.].
XVІ ғасырдың соңына қарай Ресей мемлекеті Қазақ хандығы және Орта Азия мемлекеттерімен сауда байланыстарын жандандырды. Сырдария қалалары арқылы халықаралық сауда және көшпенділермен дәсүрлі сауда дамыды. Түркістан қалалары мен елді мекендері арқылы Индияға, Қытай мен Еуропаға керуен жолдары өтті. XVІ - XVІІ ғасырларда бұл қалалар саяси орталықтарға айналып, онда қазақ хандары мен сұлтандары қоныстанды. Көшпенділермен негізінен айырбас сауда жүргізілді. Сыр бойындағы қалаларда дүкендер, базарлар, ақша сарайлары жұмыс істеді. Қазақстанның көшпенділері оңтүстіктегі қалалармен сауда-саттық қарым-қатынаста болды. Көшпенділердің астыққа - бидайға, тарыға, арпаға, егіншілік пен бау-бақша шаруашылығының басқа өнімдеріне деген және әсіресе, маталарға деген сұранымы барынша тұрақты болды. Далалық аудандар халқының көпшілілік шаруашылығының тұрақты байланысы қазақ қоғамы экономикалық өмірінің ажырамас белгісі болды [4,95 б.].
Қазақ хандығының экономикасында кен өндіру ісі де жақсы дамыды. Ұсталар, шеберлер, зергерлер темір, қорғасын, мыс, күміс, алтын және тағы да басқа металл түрлерімен қамтамасыз етіліп отырған [16].
Қазақ хандығының Түркістандағы егіншілікті, қолөнерлі бай сауда орталықтарынан айырылу, оның экономикасына қатерлі қауіп тудырды. Сондықтан Тәуекел хан 1583 жылы Бұхарамен жасаған шартты бұзып, Ташкентке шабуыл жасап, Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алды [17].
Экономикалық күрес бойынша Мұхаммед Шайбани хан Дешті Қыпшақ тұрғындарын өзіне тәуелді етуді жоспарлайды. Оның ойы бойынша дештіліктер өздеріне қажетті өнімдер мен тауарларды Мауереннахрдан сауда-айырбас арқылы алып отырғандықтан, осы байланыстарға тыйым салу арқылы оларды тәуелді етуге болады деп есептейді. Рузбихан қазақтар жеріне Мауереннахрдан бұл елге, әдемі көйлектер және кілем бұйымдары әкелінеді, - деп көрсетеді. Сол мақсатпен Қазақ саудагерлерімен Түркістан тұрғындары арасында ешқандай сауда айырбасы болмасын, екі жақ арасындағы өзара қатысу мен саудагерлердің барып-келуі тоқталсын - деген жарлық шығарыпе, Түркістан мен Хорезм қалаларында жүрген қазақ саудагерлерін тонауға жарлық береді [18]. Мұхаммед Шайбани ханның бұл саясаты қазақтар тарапынан бірден қарсылықтар туғызады. Ал бұл дегеніміз Дешті Қыпшақ пен Мауереннахр арасындағы бейбіт қатынастардың сол жылдары толық аяқталғанын көрсетеді.
ІІ.Қазақтардың ХVІ ғ. мен XVІІ ғғ. аралығындағы тұрмыстық жағдайлары
Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алды, олардың көпшілігі мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты еді. Қазақтар ежелден тері өңдеп, киіз басуды, оларды түрлі түске бояуды білген, олар теріге, металға жіне тағы басқа материалдарға батыру арқылы өректеуді, құрап-жамау және кестелеп тігу тәсілін шебер меңгерген. Ибн Рузбиханның мағлұматына қарағанда, қазақтар таңғажайып өрнек салынған түрлі түсті текеметтер және өте әдемі әрі көркем, оймышты белдіктер жасаған. XVI ғасырда қазақтардың үй қолөнерінің, мысалы, тері өңдеудің жоғакры даму дәрежесінде болғанын, атап айтқанында, XVI ғасырда осман авторы Сейфи Челебидің деректері қуаттайды. Оларда жылқы, қой және түйе көп, - деп жазады Сейфи қазақтар туралы, - олардың үйлері арбаларға орнатылады. Олардың тондары қой терісінен тігіліп, түрлі түске боялады, сөйтіп атласқа ұқсайды. ло бағамен сатады, оларсондай ғажап және әдемі. Оларда нақ сол қой терісінен тігілген ғажайып шекпендері де бар. Олардан су мүлде өтпейді және ылғал әсер етпейді: бұл тері өңдеу үшін пайдаланылатын, сол жерлерде өсетін кейбір шөптердің қасиетінен.
Киіз басу, тері илеу, былғары жасау, теріден бұйымдар тігу және т.б. сияқты еңбекті көп керек ететін және денеге салмақ түсіретін ауыр жұмыстарды көшпелі қоғамда түгелдей әйелдер атқарды. Сонымен бірге әйелдер қой мен ешкі бақты, киіз үйлерді тігіп, жығып отырды, мал сауумен, мал өнімдерін ұқсатумен, тамақ дайындаумен және басқа да үй істерімен айналысты: жас балаларды бағып-күту де әйелдердің мойында болды. Қысқасы, көшпелілерде шаруашылық қызметке әйелдердің қатысу үлесі еркектердің еңбек үлесінен едәуір асып түсетін еді. Тұрмыстағы еркектер мен әйелдер еңбегінің мұндай арақатынасын көшпелілерде мал өнімдерін өңдеуге және үй шаруашылығын жүргізуге байланысты дене еңбегі, әдетте, еркін еркекке лайықты емес деп саналып, сондықтан түгелей әйелдерге, мүмкін болуына қарай құлдарға да жүктелумен түсіндіруге болады. Алайда жоғарыда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz