Су ресурстары және оны қорғау



Жоспар:

1. Қазақстан су ресурстарын білу.
2. Су ресурстарын тиімді пайдалану жолдары.


Судың ластануының антропогендік ошақ.көздері
Ластануға судың барлық түрлері (мұхит, континенттік, жерасты) әр түрлі дәрежеде ұшыраған. Судың, әсіресе, ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуынан шамамен 5 млн. адам себепті өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 миллионнан 1 миллиардқа дейін жетеді.
Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың тұздылығы, әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Теңіз суында шамамен 35 г/л тұз болады. Суда органикалық заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады. Сулардың ластануы су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері) жатады.
Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын.шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспортымен ластану үлесі де жоғары.
Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30.дан 50 млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі. Оның әр тоннасы 12 км2 суды қабықшамен жаба алады. 0,05 мг/л мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0,5 мг/л болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Ластанудың әсерінен балықтар мен тағы басқа ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді.
Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілетін өзгертеді. Ол жылу балансының өзгеруіне және ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау құбылыстарына әкеледі. Мұнайдың айтарлықтай мөлшері жағалаудағы экожүйелерді жояды. Бұзылған экожүйелердің қалпына келуіне өте көп уақыт керек.
Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушы көзі болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мал шарушылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі табыс көзі болып табылады. Алайда 100 мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны миллион халқы бар қаламен бірдей ластандырады.
Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің немесе басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.
Судың ластануының антропогендік ошақ-көздері
Ластануға судың барлық түрлері (мұхит, континенттік, жерасты) әр түрлі дәрежеде ұшыраған. Судың, әсіресе, ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуынан шамамен 5 млн. адам себепті өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 миллионнан 1 миллиардқа дейін жетеді.
Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың тұздылығы, әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Теңіз суында шамамен 35 г/л тұз болады. Суда органикалық заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады. Сулардың ластануы су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері) жатады.
Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспортымен ластану үлесі де жоғары.
Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30-дан 50 млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі. Оның әр тоннасы 12 км2 суды қабықшамен жаба алады. 0,05 мг/л мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0,5 мг/л болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Ластанудың әсерінен балықтар мен тағы басқа ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді.
Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілетін өзгертеді. Ол жылу балансының өзгеруіне және ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау құбылыстарына әкеледі. Мұнайдың айтарлықтай мөлшері жағалаудағы экожүйелерді жояды. Бұзылған экожүйелердің қалпына келуіне өте көп уақыт керек.
Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушы көзі болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мал шарушылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі табыс көзі болып табылады. Алайда 100 мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны миллион халқы бар қаламен бірдей ластандырады.
Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің немесе басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.

Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған кейбір іс-шаралар
Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Сондықтан «Су - өмір нәрі» деп бекер айтылмайды. Жер бетіндегі тіршіліктің барлық формасы үшін су қажет, онсыз тіршілік процесі жүрмейді. Жер бетінің 77,5 % су алып жатыр. Су қорларына – өзен-көл, теңіз-мұхит, жер асты сулары, мұзды
1. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау.
2. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану.
3. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология.

Су ресурстары және оны қорғау

Жоспар:

1. Қазақстан су ресурстарын білу.
2. Су ресурстарын тиімді пайдалану жолдары.

Судың ластануының антропогендік ошақ-көздері
Ластануға судың барлық түрлері (мұхит, континенттік, жерасты) әр түрлі дәрежеде ұшыраған. Судың, әсіресе, ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуынан шамамен 5 млн. адам себепті өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 миллионнан 1 миллиардқа дейін жетеді.
Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың тұздылығы, әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (гл) анықталады. Теңіз суында шамамен 35 гл тұз болады. Суда органикалық заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады. Сулардың ластануы су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері) жатады.
Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспортымен ластану үлесі де жоғары.
Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30-дан 50 млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі. Оның әр тоннасы 12 км2 суды қабықшамен жаба алады. 0,05 мгл мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0,5 мгл болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Ластанудың әсерінен балықтар мен тағы басқа ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді.
Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілетін өзгертеді. Ол жылу балансының өзгеруіне және ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау құбылыстарына әкеледі. Мұнайдың айтарлықтай мөлшері жағалаудағы экожүйелерді жояды. Бұзылған экожүйелердің қалпына келуіне өте көп уақыт керек.
Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушы көзі болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мал шарушылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі табыс көзі болып табылады. Алайда 100 мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны миллион халқы бар қаламен бірдей ластандырады.
Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің немесе басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.

Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған кейбір іс-шаралар
Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Сондықтан Су - өмір нәрі деп бекер айтылмайды. Жер бетіндегі тіршіліктің барлық формасы үшін су қажет, онсыз тіршілік процесі жүрмейді. Жер бетінің 77,5 % су алып жатыр. Су қорларына - өзен-көл, теңіз-мұхит, жер асты сулары, мұзды және қарлы аймақтағы су, атмосфералық ылғал кіреді. Жер шарының сулы қабатын, яғни өзен-көл, теңіз-мұхит, жер асты сулары, тоған, су қоймалары және шалшықты-батпақты жерлер жиынын - гидросфера деп атайды.
Су тірі организмдердің дене кұрамына кіріп, ондағы зат және энергия алмасуына қатысады. Денедегі су мөлшері 10-12 % кемісе, адам әлсіреп, шөлдеп, аяқ-қолы дірілдеп жалпы жағдайы нашарлай бастайды. 20-25 % кемісе өмір сүруі тоқтайды. Бір адам жылына 50 тонна суды пайдаланатын көрінеді.
Судың жылуды аз жоғалтып, көп жинайтын қасиеттеріне байланысты, жылу тарту жүйелерінде ол кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, өндіріс және ауыл шаруашылығы салаларында да, су көп мөлшерде қолданылады. Көптеген өндірістік процестерде - кептіру, жылыту, энергия алу, жүк тасу, коммуналдық - шаруашылық т.б. қажеттіліктер үшін су таптырмайтын ресурс көзі.
Су физикалық, химиялық тұрғыдан қарағанда ең күрделі заттың біріне жатады. Оны таза күйінде алу өте қиын. Таза су барлық уақытта жеңіл су (Н2О) мен аз мөлшерде ауыр және аса ауыр судан тұрады.
Басқа заттармен салыстырғанда судың өте көп аномалиялық (ауытқулық) қасиеттері бар.
1. 00С ден 40С дейін қыздырғанда судың көлемі көбеймейді, керісінше азаяды.
2. Басқа деңгейлердей емес, су көлемі қатқанда сығылысудың орнына үлкейіп, оның тығыздығы төмендейді.
3. Қысым көтерілгенде судың қату температурасы көтерілмейді, ол төмендейді.
4. Жылу сыйымдылығының және жылу өткізгіштігінің жоғары болуы.
5. Булану кезінде жылу сіңіріледі, ал будан конденсациялану мен қату кезінде керісінше жылу бөлінеді.
Су табиғатта үш агрегатты күйде: сұйық, қатты және газ тәрізді түрде бола алатын жалғыз зат болып саналады.
Мыңдаған жылдар бойы тарихында адам баласы тұщы судан тапшылық көрмей, өзінің тұрмыс қажеттерін толық қанағаттандырып келді. Алайда судың да сұрауы бар емес пе? Адам баласының мәдениеті мен техниканың, өндіріс құралдарының жетілуі, осы арқылы халық санының артуы суға өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Адам баласының суға деген қажеттілігі арта түсті. Бұл қажеттіліктің артқаны сондай, өндірістер шоғырланған және халық тығыз орналасқан жерлерде су тапшылығы анық байқалып отыр. Ғалымдардың есебі бойынша жер шарындағы барлық суды адам баласына бөлетін болса, әр адамға 3800 миллиард литрден су келеді екен. Алайда, сонша көп судың екі пайызға жетер-жетпес бөлігі ғана ішуге жарайтын тұщы су. Судың жетіспеуі осыдан шығып отыр. Сондықтан, қазіргі адам баласының назары теңіздің ащы суларын тұщыландыру мәселесіне ауып отыр.
Тұщы сулардың қоры жалпы су қорларының 2,5% құрайды, немесе 35 млн. км3. Бұл сулардың орташа тұздылығы 1 гл аспайды. Планетаның әр тұрғынына келетін тұщы су мөлшері шамамен 8 млн.м3. Тұщы сулардың 30% жер астындағы сулар. Тұщы судың негізгі қоры тау бастарындағы мұздықтарда, Арктика мен Антарктида мұздарында - 97% Антарктидада мұздың ең қалың 4,78 км теңіз қабаты және дүние жүзі бойынша ең таза суы бар теңіз Уэддела осы Антарктидада тіркелген. Оның мөлдірлігі тазартылған судыкіндей. Жер шарындағы барлық өзендер 650-700 жыл ішінде қанша су берсе, тау мұздарында да сонша су бар. Адамзаттың өз тіршілігіне пайдалана алатын судың мөлшері тек 3% (өзен, көл және су қоймаларының сулары), су көздерінің басым көпшілігін пайдалану өте қиынға түседі.
Жер жүзі бойынша мыңға жуық тұщыландыру қондырғылары бар. Олар тәулігіне 1,5 млн. текше метр су тұщылайды. Бұл әрине аз. Оған қоса тұщыланған суды қажетті мөлшерге дейін минералдандыру өте қымбатқа түседі. Сондықтан бұл әдіс жақын араның ішінде қажетті мөлшерде тұщы су береді деп айту қиын. Дегенмен техникасы жетілген жағдайда болашақта адамдарды сумен қамтамасыз етуде белгілі орын алуы тиіс.
Суды көбейтудің тағы бір жолы - мәңгілік суды еріту. Мұның әдісі көп. Мысалы полярлық мұздарды сол жерде ерітіп қажетті жерге тасу. Бұл өте қымбатқа түседі және еңбекті көп қажет етеді. Тау мұздарын ерітіп және қайтадан қолдан қар жауғызу арқылы қажет кезінде су алып тұруға болады. Мұздан су алудың көптеген әдістерінің ішіндегі тиімдісі - мұзтауларды еріту болып табылады. Оның саны өте көп. Н.Н.Горскийдің деректері бойынша совет зерттеушілері Антарктидадан ғана 4165 текше км су беретін 31000 мұзтау тапқан. Оларды Африка және Солтүстік Америкаға және тағы басқа жерлерге жеткізудің жобалары да бар. Мұзтауларды ауыз су ретінде пайдаланудың экономикалық тиімділігі және оның тасып әкелген жердің ауа райына ықпалы есептелді. Бұл әдіс адам баласын су тапшылығынан құтқара алады, бірақ жақын арада іске аса қоятын шаруа емес.

Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері
Қазақстан Республикасының тұщы су қорлары орасан көп, алайда оның аумағы бойынша судың орналасу деңгейі біркелкі емес. Өзендер - республиканың негізгі су көздері. Ірі өзендер негізінен солтүстік-шығыста - Ертіс өзені, батыста - Орал өзені, оңтүстікте - Сырдария өзені ағады. Қазақстанның көптеген өзендері, әсіресе олардың салалары суының аздығынан жазғы уақытта кеуіп, жеке көлшіктерге айналады және қар еріген кезде ғана тасиды.
Республикада ірі көлдер (Балқаш, Теңіз, Қорғалжын, Құсмұрын, Зайсан, Марқакөл, Алакөл) және мыңдаған кіші көлдер орналасқан. Республикада барлығы 50000 таяу көлдер бар, олардың 32 % тұщы сулы, қалғандарының суы жоғары минерализацияланған.
Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы - Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттар - мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.
Су қоймалары мен бассейннің су ағыстарына түсетін негізгі ластаушыларға иондық ағыс (28 мың тоннадан астам 1994 және 1995 ж. шамамен 23 мың тоннаға жуық), азотты, органикалық қосылыстар (1,7 мың тоннаға жуық) фосфор қосылыстары (1994 жылы 1,3 мың тоннадан астам 1995 жылы 800 тонна), цинк (42,6 және 24,9 тонна 1995ж) жатады.
Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.
А) Каспий аймағының экологиялық жағдайы
Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1,2-2,2 млн.га қосылуына әкелуі мүмкін.
Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр. Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес, ғаламдық мәселе болып табылады. Каспийдің биологиялық алуантүрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы. 1995ж. Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады. Бірақ кез келген экологиялық бағдарламаның іс жүзіне асуына, оның ірі мұнай-газды аймақ ретінде маңызының артуы күрделендіреді.
Ә) Қазіргі Арал ахуалы
Қазіргі кезде соғыс қауіпінен кем түспейтін проблеманың бірі - экология. Адамзат экологиялық апаттың құзар шыңының басында қалтылдап күн кешуде. Сондықтан бүгінгі таңда паналап отырған планетамызды ажалдан арашалап қалу адамзат ұрпағын қорғап қалу деген сөз. Бүгінде жер бетінің бірі шетінде кішкене ғана экологиялық апат болса ол бүкіл планетаға әсер етеді.
Соның ішінде Арал проблемасы ерекше. Аралдың экологиялық жағдайы жыл сайын, тіпті күн сайын күрделеніп барады. Бір кездері аспанға шапшып жатқан теңіз бүгінде әбден кеуіп, құрғап, өлі денеге айналуда. Арал өңірінде атмосферада көмірқышқыл газының мөлшері 1860 жылдан 1955 жылға дейін 15 пайызға, ал 2000 жылға дейін 1950 жылғымен салыстырғанда 25 пайызға көбейді. Аралдың 66 мың шаршы шақырым су айдынынан бүгінгі күнге 20 мың шаршы шақырымға жуық су айдыны ғана қалды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтердің қалдықтары, тіпті гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар бар. Аралдың ендігі жауы жел мен күн. Өйткені жер бетіндегі ауа үнемі қозғалыста болады. Сол арқылы бір ауданда пайда болған улы заттар екінші ауданға таралады. Табиғатта шекара жоқ. Арал теңізінің кеуіп қалған табынан көтерілген тұзды шаң ауаның ағымымен соңғы жылдары Памир сілемдеріндегі мұздықттарды да еріте бастады.Бұдан келіп сол таулардың құзар басына қардың орнына жып-жылы тұзды жауындар жаууда, себебі бір текше сантиметр ауаның құрамында ондаған мың түйір шаң тозаң болады.
Жалпы деректер бойынша жер шарындағы өлім-жетімнің 6 пайызы бүгінде экология әсерінен болып отыр. Жүздеген мың адамның денсаулығы табиғат үйлесімсіздігінен нашарлап барады. Қазір әлемде жүрек талмасы, қан айналымының бұзылуынан, ақыл-естен айырлатын аурулардың саны өршей түсті.
Күні кеше осы Арал проблемасын елбасымыз Н.Назарбаев тұрақты даму жөніндегі Йоханнесбургте өткен бүкіл әлемдік саммитте сөйлеген сөзінде ерекше атап көрсетті. Тартылып бара жатқан Арал теңізін көріп отырып мәселені шешуге өзге елдердің көмек көрсетпегенін президентіміз қадап айтты. Ал мұның зардабын өзге елдердің енді өздері тартып отыр. Сондықтан "Арал тағдыры-әлем тағдыры" деуге де артық емес.
60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%- тен астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6 млн.га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.
Қоршаған ортаны бұза отырып, кез келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек.
Аралды сақтап қалу мүмкін бе? 30 жылдың ішінде Арал теңізі 640 км3 судан айрылды, судың тұздылығы 26-27 гл жетті. Судың деңгейі 13 метрге төмендеп, су жағалаудан жүздеген километрге шегінді. Кеуіп қалған теңіз түбінен құмды-тұзды дауылдар көтерілуде.
Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашынмен - 5,9 км3, өзен ағысымен - 54,8 км3 қамтамасыз етіліп отырды. Орташа булану - 60,7 км3. Теңіз деңгейінің маусымдық ауытқуы - 25 см, ал ғасырлық - 3 м-ден артпаған. Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың өзендерінің сулылығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі өзендері - Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.
60-жылдардан бастап суармалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал теңізіне келетін өзендердің суы күрт кеміп кеткен: 1970 жылы 35,2км3, ал 1980 жылы - 10 км3. 1986 жылы Амудария мен Сырдария өзендері теңізге жетпеген. Барлық су суармалы жерлерге жұмсалды.
Арал теңізі табиғи температура реттеуші ретінде ауа райына үнемі әсер етіп отырады. Қазір ауа райының континенталдығы артты. Ең салқын айдың орташа айлық температурасы 1,5-20С-ға артқан. Ауа райының қаталдығы Арал теңізінің тартылуына байланысты одан да қаталдана береді. Бұрын өзен суының минералдығы 0,3-0,5 гл болса, қазір ол 2,5 гл жеткен.
Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен.
Б) Балқаш көлінің экологиялық мәселелері
Ағынсыз Балқаш көлі Қарағанды (Жезқазған), Жамбыл, Алматы (Талдықорған) облыстарымен шектесіп жатыр. Көлдің ұзындығы 605 км, ені шығыс бөлігінде 9-19 км, ал батысында 74 км-ге дейін жетеді. Шығыс жағында Балқаш-Алакөл көлдер жүйесімен, батыс бөлігі Бетпақдала шөлімен, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағы Шу-Іле және Іле Алатауымен шектесіп жатыр. Балқаштың суының көлемі - 112 км3, ең үлкен тереңдігі - 26м. Көлдің батыс бөлігіне Іле өзені, шығыс бөлігіне - шағын өзендер Қаратал, Ақсу, Лепсі келіп құяды.
Балқаш - жартылай тұщы көл. Сарыесік түбегі Балқашты батыс және шығыс бөліктерге бөледі. Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзенінің келіп құюына байланысты тұщы болған. 1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-і салынды, ал 1970 жылы ірі Қапшағай су қоймасы іске қосылды. Шілік өзенін бөгеу нәтижесінде Бартоғай су қоймасы жасалды. Балқаш көлінің бассейнінің өзендерінен 1965-1986 жылдар аралығында алынатын судың мөлшері 4,8-ден 5,6км3 жылына артқан. Соңғы онжылдықта Балқаш көлінің деңгейі 2 м-ден астам төмендеп, су бетінің ауданы 4,7 мың км2 кеміген.
Көлдің тұщы бөлігіндегі судың минералдылығы артып келеді (1,2-ден 1,9 гл, ал Балқаш қаласы маңында 2,2-ден 2,3 гл дейін). Судың минералдылығы, өндіріс орындары мен коммуналдық шаруашылықтың шайынды сулары, суармалы жерлердің қайтымды-дренаж суларының келіп түсуінің артуы нәтижесінде сумен қамтамасыз ету, адамдардың демалу жағдайлары нашарлап, аурулар саны артып отыр.
Балқаштағы экологиялық жағдай тек Балқаш көлін сақтап қалу ғана емес, бүкіл Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлауды талап етеді.
В) Кіші өзендерді қорғау мәселесі
Республикамызда 8643 тұрақты және уақытша су ағыстары белгілі. Олардың жалпы ұзындығы 123 мың км. Қазақстанның өзендерінің ерекшелігі олардың біртекті таралмауында. Жер бетіндегі су қорына әсіресе, Орталық және Батыс Қазақстан кедей. Республикамыздың бүкіл жазық территориялары сирек өзен торымен сипатталады. Ойыл және Нұра бассейнінде ол бар болғаны км2-ге шаққанда 0,13-0,022 км. Шөлейт және шөлді аудандарда өзендер жоқ деуге болады. Қалың өзен торы Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Кенді Алтайдың таулы және тау етегіндегі аудандарында түзілген. Бірақ, осы таудың сулы өзендерінің өзін суаруға пайдалануға байланысты халық тұщы судың тапшылығын сезіп отыр. Бұл республика халқынан суды ысырапсыз пайдалану мен қорғау қажеттілігі туралы ойлануды талап етеді.
Кіші өзендер кіші деп аталғанмен, олардың экология тұрғысынан алғандағы маңызы үлкен. Себебі, ірі өзендердің жағдайы кіші өзендерге байланысты. Олар қан тамырлары тәрізді бүкіл Қазақстан территориясын торлап жатыр. Республика өзендерінің көп бөлігі Каспий, Арал теңіздерінің, Балқаш және Теңіз көлдерінің тұйық ішкі бассейндеріне, тек Обь-Ертіс, Есіл және Тобыл өзендерінің бассейні ғана Солтүстік Мұзды мұхитына барып құяды.
Г) Судың ластану мәселесі.
Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды. Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуы себепті шамамен 5 млн. адам өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн.-нан 1 млрд.-қа дейін жетеді.
Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың тұздылығы әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (гл) анықталады. Теңіз суында шамамен 35 гл тұз болады. Суларда органикалық заттар мен әр түрлі жүзіп жүрген заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады.
Сулардың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар жатады (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдық, мұнай және мұнай өнімдері).
Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспорттарымен ластану үлесі де жоғары.
Қазір бүкіл планетада іс жүзінде қандай да бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде ластанбаған беттік тұщы су көзі жоқ деуге болады. Солтүстік суларының тазалығы туралы түсінік те алдамшы. Бұл сулардың аз ластануы олардың олиготрофтылығынан, өздігінен тазару қабілетінің әлсіз болуы мен төмен температурамен теңеседі. Осы уақытқа дейін мұхиттың шексіз өздігінен тазаруға қабілеті туралы түсінік қалыптасқан. Қазіргі бүкіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы табиғи ресурстарды пайдаланудың осы заманғы жағдайы
Қазақстанның табиғат ресурстары
Су ресурстарын қорғау және жағдайы туралы қоғамды ақпараттандыру
Өнеркәсіптік өндіріс ресурстары
Ауа, су, топырақ құрамы өзгеруінің өсімдіктердің биоалуантүрлілігіне әсерін зерттеу
Ресурстар мен жер қойнауын қорғау әрі оңтайлы пайдалану
Диплом алдындағы іс-тәжірибе бойынша есебі
Қазақстан Республикасында су ресурстарын құқықтық қорғау
Жер үсті суларының негізгі ластану көздері және ластаушы заттардың түрлері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСІ МЕН СИПАТТАМАСЫ
Пәндер