ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ САУДАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ4
1 АДАМНЫҢ ЖЕКЕ БАС БОСТАНДЫҒЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ САУДАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ8
1. 1 Халықаралық құқықтағы адам саудасының түсінігі8
1. 2 Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрестің халықаралық реттелуі мен сипаттамасы, оларды реттейтін халықаралық конвенциялар23
2. АДАМНЫҢ ЖЕКЕ БАС БОСТАНДЫҒЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ. 32
2. 1 Адам саудасымен күресудің халықаралық құқықтық механизмдері32
2. 2 Адамды сату және құлдық қылмыстарымен күрес саласындағы халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалары мен құқықтық тыйым салулар36
ҚОРЫТЫНДЫ58
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ64
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмысында адамның жеке бас бостандығана қарсы, атап айтқанда адамды ұрлау мен адам саудасына байланысты әрекеттерді заңнамалық реттеудің монографиялық зерттеуіне әрекет жасалды.
Қазір жақсы қалыптасқан адам саудасының жүйесі бар. Оларды тек қана жыныстық қанауға, ауыл шаруашылығына т. б мақсаттарға емес, сонымен қоса, адам мүшелерін ауыстырып салу мақсатында да пайдалану үшін саудаға салады. Адам саудасы-құлдықтың жаңа нысандарының бірі, оған ''потогондық жұмыстар'', үй құлдығы, мәжбүрлі неке, мәжбүрлі еңбек, адамның физиологиялық параметрлерін трансплатациялау, жыныстық эксплуатациялау т. б түрлері жатады. Бұл күннен-күнге қанат жайған халықаралық сипаттағы қылмыстардың бірі. Бұл келеңсіз құбылыстың тоқтаусыз өсуі бірнеше факторлармен түсіндіріледі: сауда-экономикалық байланыстардың ғаламдануы, әйелдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендеуі, осы бизнетің шексіз пайда әкелетіндігі, үкіметтің әрекетсіздігі, тіпті, лауазымды тұлғалардың да қатысы болуы. Адам саудасы халықаралық қауымдастық тарапынан қатты айыпталатын әрекеттің бірі, қоғамға қауіптілігі жағынан есірткі саудасынан да жоғары. Себебі есірткіні бір-ақ рет сатуға болады, әйелдің көрсететін қызметін әлденеше рет сатуға болады.
Адам саудасы феномені халықаралық ұйымдасқан қылмыстылықтың өркендеуімен байланысты. Олар әдетте шет елге студент, жұмыс күшін, туристерді жеткізуші фирма ретінде бүркемеленеді. Яғни жақсы ниетпен шет елге қызықтырады, бірақ ақыры бір-ақ нәтижеге тоқтайды. Трансұлттық қылмыстылық көші-қонның артылықшылықтарын пайдаланады. Мысалы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, одан Израильге қоныс аударушылар легі ағылды (1989 жылдан бастап 800 мың адам) . Ресей және Украиндық қылмыстық топтар сек индустриясы үшін алып өтілген 10 мың адамды осы процеспен бүркемеледі. Олар тіпті барған соң бір жеңгетайдан екінші жеңгетайға сатылған. Адам саудасының негізгі құрбандары-жыныстық қанауға ұшырайтын әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар, бірақ оның құрбандығына ер адамдар да ілікпейді деген сөз емес. Еуропалық Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымның берген мәлеметтеріне сүйенсек, құлдыққа сатылғандардың шамамен 2% ер адамдар.
Медициналық хирургия саласында қол жеткен жетістіктері: адам мүшелерін мен тіндерін ауыстырып салу мемлекеттер арасында адам ұрлаудың, кісі өлтірудің және ауыр дене жарақатын салу қылмыстарының тағы бір түрін өмірге алып келді. адамның физиологиялық параметрлерін трансплатациялау (лат. tasplatantare-ауыстыру, мүшелер мен тәндерді ауыстырудың синонимі) деп зақым келген немесе бұрыннан жоқ тіндерді өзінің тіндерімен немесе мүшелермен ауыстыруды түсіндіріледі, (күштеу донорлық) үшін адам мүшелерін алу, суррогаттық ана мақсатында әйелді қолдану, жаңа ұрықтың клеткаларын алу мақсатында күштеп жүктілікті тоқтату т. б. Осыған орай мүшелер мен тіндерді ауыстырып салудың қажеттілігі мен мұқтаждығы артты. Бірақ дүние жүзіндегі сұранысты әлемнің әр түкпіріндегі заңды донорлардың өзі қанағаттандыра алмайды. Ал соңғы фактор пайданың көзі заңсыз донор тасудың жолдарын ашады.
Дәл сол сияқты, мемлекетте жезөкшелікті, жеңгетайлықты және борделдер (притондар) ұстауды заңдастыру осы индустрия үшін адам саудасының негізгі себептеріне айнала алады. Себебі, тауар, ал тауар болған соң, оның иелері оларды заңды болсын, заңсыз болсын арзанға сатып алуға тырысады.
Адам саудасы туралы заңдардың дүние жүзінде жоқтың қасы, көбіне қылмыскерлерден гөрі, олардың құрбандары жазаланып жатады, тіпті, кейбір елдерде ол қылмыс емес. Зерттелген 27 мемлекеттің барлығы бірдей адам саудасын қылмыс деп тани бермейді екен. Тек солардың он екісінде ғана адам саудасы толыққанды қылмыс болып табылады (Венгрия, Молдава, Испания, Бельгия, Қырғызстан, Румыния, Словения, Хорватия, Франция, Швейцария), оның өзінде де кейбір елдерде ол туралы нормалар ескірген (Румыния) немесе нақты емес (Хорватия) . Ал бес мемлекетте адам саудасы жартылай ғана қылмыстандырылған, яғни өзге бір қылмыстық әрекеттермен байланыста қарастырылады (Германия, Латвия, Литва, Түркия және соның ішінде Қазақстан) . Ал кейбір мемлекеттерде оны әлі қылмыс деп танымайды. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тікілей адам саудасын жазалайтын арнайы заң жоқ. Дегенмен, мұндай әрекет түрі жартылай болса да Қылмыстық кодексте көрініс табады. Адам саудасы және оған байланысты қылмыстардың ТМД өзге елдеріндей Қазақстанда да белең алуы тежелмей отыр. Осындай мәселеге байланысты заңнаманы қайта қарау қажеттілігі байқалады.
Өкінішке орай, адам саудасына көптеген елдерде мемлекет және қоғам тарапынан жеткілікті назар аударылмай отыр. Тіпті көптеген мемлекеттер оны қылмыс деп танымайды. Бұл аталған әрекеттің қоғамға қауіпсіз екендігінен емес, оған мемлекет тарапынан жеткілікті назардың аударылмай отырғандығынан. Иә құлдық дәуірдің заманы өтті, бірақ адамдық ресурстар қазіргі күні өзге бір жұмыстарға, жай ғана емес, көп пайда әкелетін жұмыстарға тартылуда. Сондықтан да құлдықтың жаңарған нысандары әлемнің әр түкпірінде пайда болуда. Сол себепті бұл проблемаға жеңіл-желпі қарамауымыз керек.
Есірткі тәрізді адам саудасы бүгінгі күні тек бүкіл дүниежүзілік қауымдастықты ғана емес, сонымен қатар мен сияқты әрбір қарапайым халықты айрықша алаңдатып отыр. Бұл тақырыпты таңдауымның себебі, адам саудасы мәселесі - XXІ ғасырдың мәселесі, кішкентай балалар, қыздар, әйелдерді қанау, құлдарша ұстау, жыныстық үшін саудаға салу жанымды түршіктіреді. Менің бұл ғылыми жұмысым алдағы уақытта, адам саудасымен күресуде бірде-бір көмек болса және болашақта бұл салада еңбек сіңірсем деп үміттенемін.
Адам саудасы ежелгі заманданның өзінде де ғылыми тұрғыдан зерттелініп келді, түрлі пікірлер жасалында, баспасөздерінде көрініс тапты.
Зерттеудің мақсаты - адам саудасымен күресу құқықтық механизмдерді анықтау және адам саудасымен күресу жолдарын табу:
- адам саудасымен күресу тарихына шолу жасау;
- халықаралық құқықтағы адам саудасының түсінігін ашу;
- адам саудасымен күресуде әмбебаптық және аймақтық ұйымдардың рөлін анықтау;
- адам саудасымен күресуде Қазақстан Республикасының құқықтық негіздерін айқындау;
- адам саудасымен күресуде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметтерін ашып көрсету.
Зерттеу обьектісі - халықаралық және ұлттық дәрежеде мемлекеттер, халықаралық органдар, халықаралық үкіметтік, үкіметтік емес ұйымдар және арнайы мекемелер арасындағы адам саудасымен күресуде туындайтын қатынастар.
Дипломдық зерттеудің пәні - Қазақстан Республикасының Конституциясының нормалары; ҚР Қылмыстық кодексінің нормалары; адам сатумен халықаралық құқық арқылы күресу (Қазақстан Республикасының тәжірбиесі) .
Зерттеудің нормативті базасы: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерінің қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңнамасы, сондай-ақ өзге де заңдар мен сот тәжірибесінің жиыны.
Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер:
- Қазақстан Республикасы адам саудасына қатысты халықаралық құқықтық құжаттарын ратификациялау жұмыстарын тездету: БҰҰ ‘’ТрансҰлттық Қылмытылыққа қарсы күресу туралы’’ Конвенция, ''Адам саудасымен және үшінші жақтардың жезөкшелікті қанауымен күрес’’ туралы Конвенция, Халықаралық Еңбек Ұйымының ‘’Бала еңбегінің кауіпті түрін жою туралы’’ Конвенция, ''Адам саудасы, соның ішінде әйелдер мен балалар саудасын алдын алу, жою және жазалау туралы'', Заңсыз мигранттарды құрлық, теңіз, ауа кеңестіктерінде тасымалдауға қарсы'' ТрансҰлттық Ұйымдасқан Қылмыстылыққа қарсы күресу туралы Конвенцияға Қосымша Хаттамаларға қосылу және ратификациялау.
- адам саудасын алдын-алу үшін адам саудасының құрбандарын қорғау механизмін жасау. Қазақстан Республикасының әрбір түкпірінен реабилитациондық орталықтар ашу және кеңейту, адам саудасы туралы халықты хабарландыру. Баспа құралдары арқылы (газет, журнал, радио, теледидар т. б) арқылы түрлі бағдарламалар жасау. Адам саудасының құрбандарына көбіне хабарсыздығынан ауылдық жерлерде тұратын әйелдер, қыздар ұшырайтындығын біле тұра, сенім телефондар тек ірі қалаларда емес, сол сияқты ауылдық жерлерде орнықтыру.
- трафик мәселесі Қазақстан Республикасында жаңадан пайда болғандықтан, тергеуші органдар адам саудасын тергегенде қажетті мағлұматтар мен тәжірбилері жоқ. Сондықтан қылмыс түрлеріне қатысты тергеу жұмыстары туралы методикалық оқулықтар шығару және арнайы дайындықтардан өткізу;
Дипломдық жұмысының құрлымы зерттеу негізгі мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Кіріспеден, ә бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АДАМНЫҢ ЖЕКЕ БАС БОСТАНДЫҒЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ САУДАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ
1. 1 Халықаралық құқықтағы адам саудасының түсінігі
Жүйелі түрде қалыптасқан адам саудасы-құлдықтың жаңа нысандарының бірі, халықаралық қауымдастық тарапынан қатты айыпталатын әрекет болып табылады. Адам саудасы туралы заңдардың дүние жүзінде жоқтың қасы, көбіне қылмыскерлерден гөрі олардың құрбандары жазаланып жатады, тіпті, кейбір елдерде ол қылмыс емес. Дейтұрғанмен адам саудасымен күресу үшін халықаралық актілерде жоқ емес.
Адам саудасы адамзаттың пайда болу кезеңнен бастап пайда болды десек қателеспейміз. Қандай да болмасын дәуірді алмасан да құлиелеленушілік, феодалдық, капиталистік, тіпті, қазір бейбітшілік заманда өмір сүрсек те, адам саудасы өз жалғасын табуда. Құлиеленушілік, феодалдық дәуірде адам саудасы (құл саудасы) қалыпты жағдай, адам құқықтары жөніндегі құқықтық акт болғанымен, адам саудасына тыйым салатын бірде бір құқықтық акт болмаған. Қарапайым халық феодалдардың езгісіне түсіп, құлдарша еңбек еткен. Тек бұл саудаға тыйым салатын бірінші құқықтық актіге капиталистік дәуір түрткі болғандықтан, адам саудасын қалыптасу тарихын 3 кезеңге бөліп қарастырамыз:
- XVІ-XІXғ
- XXғ 1 жартысы-екінші дүниежүзілік соғысқа дейін
- екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
Халықаралық қатынастар тарихында жаңа кезең XVІғ пайда болды. Еуропада әлеуметтік - мәдени, экономикалық - саяси қатынастарының жаңа түрі-капитализм дамыды. Капиталистік қатынастар үлкен географиялық ашылулар мен отаршылдық саясатының дамуына түрткі болды. Бірінші рет отарлау саясаты XV-XVІғ капитализм дәуірінде көрініс тапты. XVІ-XІXғ жаңа территорияларды игеру мен тәуелді отарларын кеңейтуге жұмсалынды. Товар, ақша қатынастарының дамуына байланысты Еуропада XVІғ құнды метал-алтынға зар болды. Отарларды қанау, құлдық саудасы капитал жинаудың, пайда табудың нағыз көзі болып табылды. Ірі отаршыл мемлекеттерге (Англия, Испания, Франция, Португалия), отарланған мемлекттерге (Африка, Азия, Америка) жатты. 1658 жылы Кромвелдің өлімінен кейін Англия, Америкадағы құл саудасының орталығы Ямайка аралын басып алып, кірісі мол бұл сауданы өз бақылауына алды. Англияның бірінші отарлаған елі - Вирджиния еді.
1776 жылы солтүстік Америкада Англияның 13 отары, Англияға қарсы шығып, алғашқы рет Америкада АҚШ 13 жеке, тәуелсіз мемлекеттері құрылды. Континенттік конгрессте бірінші америкалық көтерілістен кейін, 13 АҚШ-мен Ортақ Декларация жасалынды. Бұл Декларация Англиядан бөлініп, 13 тәуелсіз мемлекеттердің құрылғандығын жариялады. Сонымен қатар бұл құжатта өмірге (құқық, бостандыққа) деген жаңа қағидалар көрініс тапты. Дейтұрғанмен сол кезде Америкада плантациялық құлдық және заңдастырылған негрлерді эксплуатациялау, қызыл терілерді (индейцтерді) жаппай тонау мен жою қала берді.
Наполеон соғыстары аяқталғаннан кейін, 1815 жылы Вена Конгрессі жаңа Еуропа жүйесінің негізін калады. Вена Конгрессі-алғашқы ұжымдық дипломатияның көрінісі болып табылды. Бұл Конгресске Еуропадағы 216 мемлекеттердің (Түркиядан басқа) өкілдері қатысты. Негізгі саяси және территориялық сұрақтарды шешуден басқа, Вена Конгрессі Негізгі трактатқа қосымша бірнеше актілер қабылдады. Соның ішінде маңыздысы 1815 жылы 8 ақпанда қабылданған ’’Негр саудасын жою’’ туралы Декларация. 1899 жылғы Лондон Конференциясы ''Жыныстық қанау мақсатында әйелдерді саудаға салумен күресуге шақыру'' туралы Декларация.
Дәстүрлі халықаралық құқықтарға тек ұлттық мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін құқық деген анықтама беріліп келді. Бұл жерде халықаралық құқықтар аясына кіретін және заңды құқықтары бар мемлекеттер жөнінде ғана сөз болып отыр. Осы қалыптасқан анықтама бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жаңадан құрылып, танылған халықаралық құқықтар шеңберінде құқықтары аса шектеулі әртүрлі үкіметаралық ұйымдармен біршама кеңейтілді. Жеке азаматтар тиісінше халықаралық заңды құқықтарға толықтай ие болады деп саналмады: олар халықаралық құқықтың субьектісінен гөрі обьектісі делініп келді. Халықаралық құқықтың берік орныққан қағидасы бойынша, мемлекет өзінің егемендігін нендей бір шартқа қол қою арқылы шектей алды және осылайша халықаралық заң тарапынан реттелмеген кейбір мәселені басқа бір мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның бақылауындағы мәселеге айналдырды. Мәселен, егер бір мемлекет басқа мемлекеттен өздерінің азаматтарына адамгершілікпен қарау және оларға белгілі бір құқықтарын беру жөнінде шарт жасаса, олар сол мәселені осы шарттың шеңберінде бір-бірінің бақылауында етті. Екі мемлекетте сол сәттен бастап, оның өз азаматтарына деген көзқарасы тек өзінің құзырына жататын мәселе деп заңды түрде мәлімдей алмады. Бұл қағида адам құқықтары жөніндегі халықаралық заңның дамуында және адам құқықтарын қорғау мәселесінің бірте бірте дүние жүзі қауымдастығы бақылауында болуы үшін үлкен маңызға ие болды. Адам құқықтары жөніндегі кезекті шарттар күшіне енген сайын, адам құқықтарын интернацияландыру процесі одан әрі жүруде және бұл процесс бүгінге дейін жалғасып жатса да, ол XІX ғасырда құлдарды сатуға тыйым салған шарттардан және Оспан империясында христиан дініндегі аз ұлттаряды қорғауға бағытталған халықаралық келісімдерден басталған еді. Адам саудасына қатысты: 1904 жылғы мамыр айының 18-жұлдызындағы ''Ақ Күңдер саудасымен күрес'' туралы Халықаралық Келісім, 1910 жылғы мамыр айының 4-жұлдызындағы ''Ақ Күңдерді саудаға салумен күрес'' туралы халықаралық Конвенция қабылданған еді. Ұлттар Лигасының жарғысы болып табылатын 1920 жылғы келісім Лиганы құрды. Соғысаралық кезеңде әрекет еткен Халықаралық Үкіметаралық Ұйым еді. Құрылтайшылар болып, Германияға қарсы соғысқан мемлекеттер мен жаңа құрылған Польша, Хиджас, Чехословакия мемлекеттері Ұлттар Лигасының Статутына алғашқы кезде Версаль бейбітшілік келісімнің негізгі бөлігі ретінде 44 мемлекеттер қол қойды. АҚШ Ұлттар Лига мүшелігіне кірмеді. Ұлттық Лигасының жарғысы Конституция ретінде қызмет етті, оған адам құқықтары жөніндегі жалпы ережелер кірген жоқ. Дегенмен де, шартта адам құқықтары туралы халықаралық заңның дамуына ықпал еткен екі ереже 22 және 23 баптар болды. Жарғысының 22-бабына сәйкес, Лиганың мандаттар жүйесі жасалды. Бұл ереже тек бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліс тапкан мемлекеттердің бұрынғы отарларына қолданылды. Құлдық, ұлттық, этникалық кемсітулер, жергілікті халықты қанау, зорлық әрекеттері жүргізілмес үшін, осы ережеге сәйкес, аталған отарлар жеңген державалар басқаратын Лига мандаттарына жататын аумақ ретінде қайта құрылды. Жеңген державалар Лигамен аталмыш аумақтарды ''жергілікті халықтардың гүлденуі мен дамуын қамтамасыз ету өркениетті мемлекеттердің қасиетті борышы болып табылды'' деген қағидаға сәйкес басқаруға келісті. Мандат иесі державалар Лигага өздерінің міндеттемелерін қалай жүзеге асырып жатқаны жөнінде жыл сайын есеп беріп отыруды міндетіне алды. Бұл есептерді Лиганың Мандат комиссиясы қарап отырды. Ұлттар Лигасы Жарғысының 23 бабында, аталған еңбекте, ''ерлерге, әйелдер мен балаларға әділ де адами жағдайлар жасау'' туралы сөз етеді. Онда еңбек етуге, жұмыс түрін еркін таңдауға, әділ және қолайлы еңбек жағдайына, жұмыссыздықтан қорғалу, нендей бір кемсітусіз тең еңбек ақы алу құқықтары көрініс тапты. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Лигамен шамамен бір уақытта дүниеге келген Халықаралық Еңбек Ұйымы өз мойына алған болатын. ХЕҰ Лигадан кейін де өмір сүрді және бүгінгі таңда ол БҰҰ мамандандырылған мекемелерінің бірі болып табылады. Халықаралық еңбек стандарттарын сақтауға бақылау жасайтын жүйе, еңбек жағдайларын жақсартуға және адам құқықтары туралы халықаралық заңның дамуына маңызды үлес қосты. Адам саудасына қатысты:
- 1930 жылы ''Мәжбүрлі еңбек'' туралы Конвенция;
- 1921 жылы қыркүйек айының 30 жұлдызындағы ''Әйел және бала саудасымен күрес'' туралы Халықаралық Конвенция;
- 1926 жылы қыркүйек айының 25 жұлдызындағы ''Құлдық туралы'' Конвенция;
- 1933 жылы қазан айының 11 жұлдызындағы ''Кәмелетке толмаған бала және әйелдер саудасымен күрес'' туралы Халықаралық Конвенция.
1937 жылы Ұлттар Лигасы жоғарыда аталған актілердің іс-әрекеттер өрісін Ковенция жобасын дайындап, жаңадан пайда болған факторлар аталған актілерді біріктіріп, 1937 жылғы Конвенция жобасының негізгі ережелері мен қоса қажет деп саналған ескертпелер енгізілген жаңа Конвенция жасауға мүмкіндік туғызған. 1949 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 317/(ІV) қарары бойынша желтоқсан айының 2 жұлдызында ’’Адам саудасымен және үшінші жақтардың жезөкшелікті қанауымен күрес’’ туралы Конвенция қабылданды.
Адам құқықтары жөніндегі осы заманғы заң екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған еді. Дүниежүзілік қауымдастыққа осы заңды жасауға түрткі болған нәрсе-Гитлер билігі кезінде адам құқықтарының жан түршілікпен аяқ асты етілуі, егер адам құқықтарын қорғаудың тиімді халықаралық жүйесі Ұлттар Лигасы өмір сүрген кезден бастап, жасалғанда, бұл қанқұйлы жауыздықтардың, мүмкін соғыстың өзінің де, алдын алуға болатын еді деген сенім еді. АҚШ президенті Ф. Д Рузвельт өзінің адам құқықтарын халықаралық тұрғыда қорғауды қолдайтынын 1941 жылы қысқа нұсқа сөзбен паш еткен еді. Осы шақыру, соғыс кезінде Германияға және оның одақтастарына қарсы бірге соғысқан барлық мемлекеттерге жар салу, БҰҰ негізін салды. БҰҰ Жарғысы 1945 жылы маусым айының 26 жұлдызында қабылданып, 1945 жылы қазан айының 24 жұлдызында күшіне енді. БҰҰ жарғысы қазіргі халықаралық адам құқықтары жөніндегі заңның құқықтық және тұжырымдамалық негізін салды. 55-56 баптары адам құқықтары мен бостандықтарына арналған. Адам құқықтары жөніндегі халықаралық билль, БҰҰ Жарғысының адам құқықтары жөніндегі ережелерге толықтыру: Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясынан, адам құқықтары жөніндегі екі халықаралық пактіден және азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі пактіге қосымша хаттамалардан тұрады. Сан-Францискода өткен конференцияда БҰҰ Жарғысына ‘’Құқықтар жөніндегі билльді’’ немесе ‘’негізгі адам құқықтарының декларациясын’’ қосу керек деген ұсыныстар жасалды, алайда, бұл ұсыныс қабылданған жоқ. Бұл мәселе БҰҰ бірінші отырысында қайта қаралды. Көп ұзамай, жаңадан құрылған адам құқақтары жөніндегі Комиссияға ‘’Халықаралық адам құқықтары жөніндегі бильдің’’ жобасын жасау тапсырылды. Комиссия Декларацияның үгіт сырындағы мәтінін қабылдау біраз жеңілдеу болады деп білді. Алайда, заңдық тұрғыдағы міндетті шартты тұжырымдау жөніндегі келісімге келу әлдеқайда күрделі болатыны белгілі еді. Сондықтан Комиссия алдымен Декларациямен жұмыс істеуге, сонан соң шарттың бір немесе екі жобасын жасауға тоқтам жасады. Бұл жұмыс 1948 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған, Адам құқтарының жалпыға бірдей Декларациясын дүниеге әкелді. Келесі екі шарт пен қосымша хаттаманы, оларды Ассамблея қабылдап, қол қоюға дайын болғанға дейін 18 жылдан астам уақыт өтті. Он жылдан кейін, 1976 жылы екі шарт күшіне енгенге дейін 10 жыл өткен еді.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы-бұл жалпыға бірдей халықаралық ұйым жариялаған адам құқықтары жөніндегі тұңғыш құжат. Уақыт ағымында өзінің моральдік мәртебесіне және заңдық, саяси маңызға ие болуының арқасында бұл құжат Еркіндіктін Ұлы Хартиясы, Адам құқықтары жөніндегі Француз Декларациясы және Американың Тәуелсіз Декларациясымен терезесі тең тұрды. Бұл тарихи құжаттарда (Ұлы Хартия мен Француз Декларациясында) адам құқықтары мен бостандықтары көрініс тапса да, адам саудасына қатысты мәселелер қарастырылмаған. Декларацияға аталмыш тарихи құжаттар ықпал етті. Адам өзінің Декларацияда көрсетілгендей, құқықтары мен бостандықтарын әлеуметтік және халықаралық тәртіпте толықтай жүзеге асыруына құқылы делінген. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы құқықтың екі категориясын жария етеді:
- азаматтық және саяси құқықтар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz