Қылмысты саралаудың қылмыстық құқықтағы орны


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ4
1 ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДЫҢ СИПАТТАМАСЫ МЕН МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ6
1. 1 Қылмысты саралаудың түсінігі және маңызы6
1. 2 Қылмысты саралаудың қылмыстық құқықтағы орны11
1. 3 Қылмыс құрамы және оның қылмысты саралаудағы маңызы17
2 ҚЫЛМЫСТАРДЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ БОЙЫНША САРАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҚ БЕЛГІЛЕРІН ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒАЛАУ26
2. 1 Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы26
2. 2 Кінәнің нысандары бойынша қылмыстарды саралау33
2. 3 Қылмыстық құрамның субъективтік жағының қосымша белгілері бойынша саралау60
ҚОРЫТЫНДЫ65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:68
КІРІСПЕ
Еліміз тәуелсіздік алғалы, мемлекетіміз өз алдына даму бағытын ұстанып, жаңа құқықтық реформаны қалыптастыра бастады. Осы тұрғыда демократиялық және құқықтық бағытты таңдаған еліміз үшін заңды дұрыс, әрі дәл қолдану конституциялық қағида болып табылады. Заңдылық қағидасы қылмыстық құқық саласында заңды дұрыс түсініп, дұрыс қолдана білуді міндет етеді. Мұнан басқа, бұл қағида заңда көрсетілмеген іс-әрекеттер қылмыс ретінде бағаланбайтынын, яғни барлық қылмыс деп танылған іс -әрекеттер тек қылмыстық заң арқылы анықталатынын білдіреді.
Қылмыс құрамының негізгі элементтерінің бірі - бұл қылмыстың субъективтік жағы. Қылмыс құрамында субъективтік жақтың алатын орнын, ол қылмыстың iшкi жағына қатысты сипаттаманы, яғни жасалған қылмысты iс-әрекетке және тағы басқа белгiлеріне байланысты адамның ми жұмысында болған сезімдердi ашу және осы негiзде iс-әрекетке құқықтық баға беру ретiнде түсiну керек. Бұл тақырыптың тәжірибелік тұрғыдан күрделiлiгi, ол кiнәлінің әрекеттерiне және оның зардабына деген психикалық қатынасын, яғни әр түрлi психикалық қатынастарын көру, ашу барлық кездерде мүмкiн бола бермеуiне байланысты. Бұл мәселенi анықтау үшiн құқық қорғау органдары қызметкерлері адамның жасаған әрекетiнің сипатына, түрiне және өзге де объективтiк жағдайларына көңіл аударып, ол адамның қылмыс жасау кезiндегi ойын ашуға тырысады. Тәжірибелік тұрғыдан бұл мәселенің келесі күрделілігі және өзектігі, адамның кінә түрін дәл анықтаудың қылмысты саралауда және жауаптылық белгілеуде маңызды, шешуші роль атқаруына байланысты болып табылады. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекетті субъективтік жағы бойынша қате саралауы жиі кездеседі. Оны дұрыс анықтап ажырата білу де өз кезегінде маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Өйткені, сот - тергеу тәжірибесінде қылмыстың субъективтік жағын нақты, дәл анықтамаудың салдарынан көптеген дау туып, бұл шешімін таппай келе жатқан елеулі мәселелердің бірі болып саналады. Қылмыстың субъективтік жағын ғылыми тұрғыдан зерттеу және ғылыми негізде баға беру, оны тәжірибе жүзінде іске асыру, қоғамымызда орын алып отыратын, сот - тергеу органдарының қылмыстың субъектісін дұрыс ажыратуға мүмкіндік бере отырып, елімізде болып жатқан келеңсіз жайттарды жоюға өз әсерін тигізері сөзсіз. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, қылмыстың субъективтік жағына ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, ғылыми негізде қорытынды берген ғалымдарымыз жоқ емес. Дегенмен, бұл ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстың субъективтік жағы» деген ұғым толық зерттеліп, толық аяқталды деуге болмайды. Себебі, бұл еңбектер болашақ ұрпақ үшін құнды болып саналады және болашақта бұл жөнінде қосымша жаңа зерттеулердің туындауына бастама, бағыт берері сөзсіз.
Жоғарыда атап өтілгендер құқық қорғау органдары мен соттардың қылмыстың субъективтік жағы бойынша қылмыстарды саралау кезінде қажетті кеңестер мен ережелерді алу қажеттілігін көрсетеді, бұл зерттеу тақырыбын таңдау мен оның өзектілігін көрсетеді.
Қылмыстың субъективтік жағы бойынша қылмыстарды саралау мәселелерін зерттеуге келесі ғалымдар елеулі үлес қосты: С. М. Әпенов, Е. И. Қайыржанов, Т. Р. Нұртаев, М. Сыздықов, А. Ағыбаев, Р. Орынбаев, В. Н. Кудрявцев, А. Н. Тройнин, А. А. Пиотковский, В. С. Орлов, В. И. Михеев, Н. С. Лейкина, С. Рашковская, , П. С. Дагель, В. А. Владимиров, Г. А. Левицкий, Б. В. Волженкин, Г. Баймурзин, В. Д. Филимоновтар елеулі еңбек сіңірді.
Қылмыстың субъективтік жағы бойынша қылмыстарды саралау мәселелеріне арналған зерттеу жұмыстарының жеткілікті деңгейде болуына қарамастан, бүгінгі күнге дейін мамандардың арасында субъективтік жақ белгілері бойынша саралау мәселелеріне қатысты даулы сұрақтар туындайды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен соттар өз назарларын тұлғаның өзі жасаған іс-әрекеттері мен одан туған салдарларға деген қарым - қатынасына толық аудармағандықтан қиындықтарға тап болады. Осы айтылғандардың бәрі қылмыстық құқық ғылымының, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен соттардың қылмыстың субъективтік жағы бойынша қылмыстарды саралау мәселелеріне арналған арнайы зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді.
Зерттеудің объектісі және пәні болып қылмыстың субъективтік жағы бойынша қылмыстарды саралау мәселелері және субъективтік жақ белгілерін қылмыстық - құқықтық бағалау табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері болып қылмыстарды саралаудың теориялық және құқықтық сипаттамасын, қылмыстың субъективтік жағы бойынша қылмыстарды саралау мәселелерін талдау, субъективтік жақ белгілеріне құылмыстық - құқықтық баға беру, қате және оның қылмыстарды саралауға ықпалын ашып көрсету болып табылады.
Зерттеудің әдістемелік негізін зерттеудің объектісі мен пәнін тануда диалектикалық және жүйелілік тұрғыдан шешу құрады. Зерттеудің әдісі болып формальдық - заңдық, статистикалық және қисынды - заңдық әдістер табылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған қайнар көздер тізімінен тұрады.
1 ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДЫҢ СИПАТТАМАСЫ МЕН МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
1. 1 Қылмысты саралаудың түсінігі және маңызы
Қылмыстық құқықтың негізгі міндеттерінің бірі қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді анықтау, оларға жазаның түрі мен көлемін белгілеу болып табылады. Бірақ қылмыстық құқық осы міндеттерді іске асырып ғана қоймай, қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесін, кінәні ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайларды, жаза тағайындау және жазадан босату кезінде ескерілуге тиіс қажеттіліктерді т. б. анықтаумен айналысады.
Қылмыстарды саралау дегеніміз, жасалған қылмысты іс-әрекеттердің белгілері мен қылмыстық құқық нормаларымен қарастырылған қылмыс құрамдары белгілерінің бір-біріне сәйкестігін анықтау болып табылады.
Б. А. Куриновтың есептеуінше қылмысты саралау құқық қолданушылық қызметінде ерекше орын алады, яғни құқықтық нормаларда қолданудың көптеген басқа түрлерін жүзеге асыру үшін алғы шарт болып табылады. Мысалы, тек сотпен қылмысты саралау жүзеге асырылғаннан кейін ғана күдікті адамға бұлтаратпау шарасын алу, кінәлі адамға әлде қандай жазаның түрін, сотталған адамға түзету немесе тәрбиелеу колониясының белгілі бір режимін белгілеу, жазаның орындалысын кейінге қалдыру т. б. мәселелерді қойып және шешуге болады [1, 12б] .
В. Н. Кудрявцев қылмысты саралауды терең меңгерілуі барысында әділсоттылықты заңға қатаң сәйкестікте жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қылмыстық құқықтың жалпы мәселелердің қатарына жатқызады. Оның пікірінше «кез келген қылмыс түрі үшін маңызды болып табылатын, нақты іс бойынша қолданылуға жататын қылмыстық заңның бабын таңдаудың негізі мен тәртібін айқындайтын саралаудың жалпы ережелері мен қағидалары» зерттелуі қажет [2, 5б] .
Қылмысты саралаудың әдістемелік негізіне жалпы ұғым (заң нормасы) мен жеке құбылыстың (нақты әрекет) арасындағы ара қатынастың материалистік түсінілуі жатады. Заң нормасы әрқашанда жалпылама, абстрактивті сипатқа ие екендігі белгілі. Іс-әрекет керісінше кез-келген ситуацияда нақты болып табылады.
Құқықтық әдебиеттерде қылмысты саралауға анықтамалар берілген. Өзінің мәнісі бойынша олардың барлығы бір ұғымды білдіреді. Алайда олардың арасында барынша қысқа және қылмысты саралаудың ұғымының өзін, оның мазмұнын нақтылап, маңызын ашып көрсететін көлемділері де кездеседі.
Құқықтық білімдердің энциклопедиялық сөздігінде берілген анықтамада қылмысты саралау анықтамасы және оның түсіндірмесі барынша дәл және ақиқат болып табылады. Ол бойынша «Қылмысты саралау дегеніміз жасалған іс-әрекет белгілерінің қылмыстық заңда қарастырылған белгілі-бір қылмыс құрамына дәл сәйкестігін тиісті процессуалдық актіде анықтау және бекіту» деп көрсетілген. Аталғандарды нақтыласақ а) қылмысты саралау кінәлі тұлғаға жаза мөлшерін тағайындау және жасалған қылмыстың өзге де құқықтық салдары үшін негіздеме; б) қылмысты саралау қылмыстық сот өндірісінде заңдылықтың сақталуы үшін үлкен маңызға ие болады; в) қылмысты саралау жасалған қылмыстың осы іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заңмен қатаң сәйкестікте саралануы тиістігін білдіреді. В. Н. Кудрявцевтің санауынша қылмысты саралау оған заңды баға беру осы қылмыстың белгілерін бекітетін қылмыстық - құқықтық норманы көрсету болып табылады. Б. А. Куриновтың пікірінше «қылмысты саралау - бұл өмірдегі нақты жағдайдың - қылмыстың - қылмыстық заңның нормасында тұжырымдалған берілген қылмыс туралы ұғымымен ұқсастығы туралы қорытынды жасау. Қылмысты саралау өмірдегі нақты жағдайға қылмыстық заңның нормасын таңдап алу және мағынасы бойынша заңды саралаулардың тек бір түрі ғана болып табылады».
«Саралау» - термині латын тілінен аударғанда әлде бір нәрсенің сапасын, бағасын, жарамдылық дәрежесін анықтау дегенді білдіреді. «Сараланған қылмыс» анықтамасы берілген қылмыстық іс-әрекет жауаптылықты ауырлататын мән-жайларда жасалғандығын және ауырырақ жазаға тартылатындығын білдіреді. Яғни заңшығарушы оны өзіне ұқсастардың қатарынан барынша қоғамдық - қауіпті және зиянды ретінде бөліп көрсетеді.
Қылмысты саралау ұғымына келетін болсақ мәселе сәл өзгешелеу болады. Ол (ұғым) екі мағынада қолданылады: 1) тұлғаның әрекетінде (әрекетсіздігінде) қылмыс құрамының бар екендігін құқық қорғау органдарының анықтауының логикалық процесі; 2) осындай қызметтің нәтижесі - қылмыстың жазалануға тиісті іс-әрекетті оны әлеуметтік қауіптілік және жазалану қаталдығы бойынша бөліп көрсетпей құқықтық бағалау. Қысқаша айтқанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің диспозициясы мен санкциясында қарастырылғаны ғана бағаланады.
Теорияда және практикада қылмысты саралаудың екі мағынасы өзара байланысты және өзара шартты ретінде қарастырылады. В. Н. Кудрявцев және Б. А. Куринов бұл жағдайды атап ғана қоймай, қылмысты саралау ұғымын анықтау барысында ескеруді ұсынады [3, 6б] .
Аталған жағдайды сақтамау немесе ескермеу яғни істің нақты мән-жайларына сәйкес емес қылмыстық заңды қолдану жасалған қылмыстың сипаты туралы түсінікті бұрмалайды, оған дұрыс баға бермейді және әділетсіз үкімнің шығуына әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайда қылмысты саралау дұрыс емес. Ол қылмысты дұрыс саралау сияқты ресми сипатқа ие болады себебі сот-тергеу органдарымен беріледі.
Саралау сонымен қатар ресми емес (доктриналды) болуы да мүмкін, ол құқыққа қарсы әрекетке (әрекетсіздікке) құқықтық баға беруді жекелеген ғалымдар және практикалық қызметкерлер түсіндірулерде, оқулықтарда, ғылыми жұмыстарда ұсынған кезде жүзеге асырылады. Алайда олардың заңды күші болмайды.
Саралау дегеніміз - бұл жасалған іс-әрекеттің оқиғалық белгілерінің және ҚР ҚК-тің Ерекше бөлімінің нормасында қарастырылған қылмыс құрамы белгілерінің толықтай сәйкестігін анықтау және заңи түрде бекіту болып табылады.
Қылмысты дұрыс сараламау үкімнің күшін жою немесе өзгерту үшін негіз болып табылады. Саралау барысында жіберілген қателік жазаның түрі мен мерзімінің дұрыс тағайындалмауын туындатып ғана қоймайды, сонымен қатар бірқатар басқа да құқықтық салдардың негізсіз туындауына алып келеді (сотталғандық, түзету мекемесінің түрін және түзету колониясының режимін анықтау, рақымшылық жасауды қолдану немесе қолданбау, мүлікті тәркілеу, кейбір азаматтық-құқықтық салдар) .
Кінәлі адамға жазаның мөлшерін дұрыс анықтау іс-әрекетті дұрыс саралауға айта қаларлықтай тәуелді. Мысалы абайсыздықтан кісі өлтірген адамға әділетті, жасаған іс-әрекетіне сәйкес жаза тағайындау мүмкін емес, егер оның әрекеті қателіктің салдарынан қасақаналықпен адам өлтіру ретінде сараланатын болса. Себебі ҚР ҚК-тің 104-бабы бойынша яғни абайсызда кісі өлтіру үшін үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген, ал ҚР ҚК-тің 99-бабының 1 бөлімі бойынша алты жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ал 99-бабының 2 бөлімі бойынша он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осы мысалдың өзінен-ақ қылмысты дұрыс саралаудың қандай маңызға ие болатындығын байқауға болады.
Қылмысты саралау процесі яғни оның жүзеге асырылуы, қылмыстық істі қозғаудан бастап қылмыстық процестің барлық сатыларында орын алады. Қылмыс белгілері анықталған әрбір жағдайда прократура тергеу және анықтама органдары өздерінің өкілеттіктерінің шегінде қылмыстық іс қозғауға, қылмыс оқиғасын, оны жасауға кінәлі тұлғаларды және оларды жазалауға заңда қарастырылған барлық шараларды жүзеге асыруға міндетті. Қылмыстық істі қозғау туралы қаулыда оны қозғауға негіз болған мәліметтер, белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған қылмыстық заңның бабы және қылмыстық іс тергеу өндірісі немесе сот тергеуін жүргізу үшін жіберілген орган көрсетілуі тиіс.
Қылмыстық істі қозғау сатысы қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығарумен шектелмейді. Оның мазмұны болып а) қылмыстық істі қозғауға заңды себептер мен негіздердің болуын алдын ала тексеруі, б) қылмыстық істі қозғау туралы мәселенің тікелей шешуі табылады. Сондықтан аталған қаулыны шығарғанға дейін сот өндірісінің тиісті органдары іс бойынша өндірісті бастау мүмкіндігінің шарттарын анықтайды, көп реттерде бұл үшін белгілі бір процессуалдық әрекеттерді орындайды және қылмыстық істі қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тіпті осы сәттен-ақ қылмысты алдын ала шартты түрде айтқанда, бағыттаушылық саралау жүзеге асырылуы мүмкін.
В. Н. Кудрявцев дұрыс айтады: «қылмыстық процестің әрбір сатысында (анықтама, алдын ала тергеу өндіріснің барысында, істі бірінші сатыдағы сотта қараған кезде, сонымен қатар жоғары сатыдағы соттарда қарау кезінде) құқықтық норманы қолданумен байланысты мәселелер соның ішінде қылмысты саралау мәселелері де дербес, көп жағдайда қайтадан шешіледі» [3, 6б] .
Қылмыстық процесстің келесі сатыларында қылмысты саралау талданып нақтыланады. Бұл тұлғаны айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы негізделген қаулыны жасақтауда орын алады онда іс-әрекет сараланатын қылмыстық заңның бабы; айыптау қорытындысында сотқа өткізу сатысында алдын ала таңдау барысында айыпталушыға тағылатын іс-әрекеттерге қылмыстық заңның қолданылуының дұрыстығы анықталады, жасалған іс-әрекеттің мемлекеттік бағалануы болып табылатын сот үкімі әрине, одан тыс қалмайды. «Соттық тергеу актілерінің жүйесінде - үкім маңыздылығы бойынша ерекше орын алады: онымен қылмыстық іс негізінен шешіледі және сотталушының өзі сотқа берілген қылмыс бойынша кінәлілігі туралы және оның кінәлілігінң дәрежесі жөніндегі мәселеге түпкілікті жауап беріледі»-деп жазған М. С. Строгович [3, 7б] .
Аппеляциялық және бақылау өндірістеріне қатысты айтсақ қылмысты саралау мәселелері бұл жерде де үлкен маңызға ие болады. Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 414, 432, 434 және 459-баптарына сәйкес қылмыстық заңның дұрыс қолданылуы - аппеляциялық сатыда да бақылау тәртібінде де үкімнің күшін жоюдың немесе өзгертудің негіздерінің бірі болып табылады. Қылмыстық-құқықтық норманы оның дәл мағынасына қайшы келетін түсіндірудің және қылмыстық заңды дұрыс қолданбаудың басқа жағдайларында: айыптау үкімін бақылау тәртібімен қайта қараған кезде, ауырырақ қылмыс туралы заңды қолдану қажеттілігімен байланысты сот шешімдері мен қаулыларын жазаның жеңілдігі немесе басқалай негіздер сонымен қатар ақтау үкімі немесе істі қысқарту туралы шешім немесе қаулылардың барысында орын алуы мүмкін.
Осыдан туындайтын қорытынды қылмыстық - процессуалдық заң, тиісті негіздер болған кезде қылмысты қайта саралаудың тиісті тәртіптерін бекітеді. «Мемлекеттік органдар қызметінің осы жақтарының заңмен айқын реттелуі қылмыстық істің тергелуінің жан-жақтылығы, қылмысты жасаған деп айыпталған адамға қорғау құқығының уақытында берілуінен әрбір қылмыстық істің әділетті шешілуіне кепілдік беретін басқа да көптеген сәттерге ақыр аяғында заңдылықтың қатаң сақталуы қажеттілігінен туындайды».
Б. А. Куриновтың пікірінше қылмысты саралаудың жүргізілуінің өзі үш кезеңнен тұрады. Бастапқыда іс-әрекеттің барынша жалпылама белгілері анықталады яғни, құқықтық қатынастың түрі анықталады. Екінші кезеңде қылмыстық іс-әрекеттің топтық белгілерін анықтау жүзеге асырылады яғни қарастырылған қылмыстың қылмыстық кодекстің қандай тарауымен қамтылатындығы анықталды. Үшінші кезең қылмыстың түрлік белгілерін айқындау және салыстырудан тұрады [1, 12б] .
«Қылмыстық құқық» оқулығының авторлары да қылмысты саралауды үш кезеңге бөледі, бірақ оларды басқаша түсіндіреді. Бірінші кезең жасалған іс-әрекеттің оқиғалық мән-жайларын толық және дұрыс анықтаудан тұрады. Екіншісі тиісті қылмыс құрамын сипаттайтын нақ сол қылмыстық-құқықтық норманы анықтау. Үшіншісі нақты жасалған іс-әрекеттің құрамын таңдап алынған нормада сипатталып жазылған қылмыс құрамымен салыстыруды қамтиды.
Қарастырылған кезеңдердің тек қарапайым кезегімен емес, біріккен түрде қылмысты саралаудың бірегей процессін құрайтын олардың логикалық мәнісінде берілетіндігін ескерте кетуіміз керек. Осыған байланысты екінші кезеңде жасалған әрекет үшін қылмыстық-құқықтық норманы тек формалды түрде анықтау ғана жүзеге асырылмай оның айқындылығы кеңістіктегі және уақыттағы әрекеті, түсіндіруінің дәлдігі тексеріледі. Үшінші кезеңде іс-әрекет пен қылмыс құрамының белгілері салыстырылады. Олардың ұқсастығы анықталғанда қылмысты саралау аяқталады және бұдан шығатын қортынды «тұлғаның іс-әрекетінде қылмыс бар немесе тұлға қылмыс құрамын орындады ендеше, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға және тұлғаның бұл жауапкершілікті тартуына барлық негіз бар».
Осыдан біз сілтеме жасаған оқулықтың авторларының түсінігінде нақты түрінде қылмысты саралау қылмыстық істі қозғаған сәттен басталады және үкім шығарумен түпкілікті аяқталады. Шын мәнінде бұл логикалық процесс тергеу мен қылмысты сот-тергеу органдарында тексеру барысында үздіксіз жүргізіледі.
Қылмысты саралау теориясында саралау және объективті шындық мәселесі белгілі бір күрделілікті пайда қылады оның шешілуі әртүрлі пікірлердің туындауына себепші. Мәселенің мәнісі мында: қылмысты дұрыс саралау барысында обективті шындық анықталама? Тергеу және сот органдарымен жасалған іс-әрекеттің фактілік құрамын анықтау яғни, тек оқиғаны емес олардың құқықтық белгілерін анықтау қылмыстық заңды қолдануға негіз болады.
Негізінде қылмысты дұрыс саралау қылмыстық істі тексеру барысында тергеу мен сот арқылы анықталатын обективтік шындықтың мазмұнына кіреді.
Сот тергеу практикасында қылмысты дұрыс сараламаудың көптеген мысалдарын байқауға болады яғни, қылмыс жасаған тұлғаға ҚР ҚК-тің ауырырақ қылмыс түрі үшін жауапкершілік қарастырылған бабы таңылады. Мысалы ол ұрлық жасады (ҚР ҚК-тің 175-бабы) бірақ ерекше құнды заттарды ұрлағаны үшін (ҚР ҚК-тің 180-бабы) жауапкершілікке тартылады. Келтірілген мысалда қылмысты дұрыс сараламаудың түрлерінің бірі көрсетілген. Қылмысты дұрыс сараламаудың тағы бір түрі қылмыс жасаған тұлғаға қылмыстың жеңілдеу түрі үшін жауапкершілік көзделген баптың қолданылуы болып табылады. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 250-бабының орнына 209-бабын қолдану.
Қылмысты дұрыс сараламаудың үшінші түрі қолданылуға тиісті баптың, тиісті емес бөлігін және тармақшасын қолданудан көрінеді. Мысалы кінәлі адамға ҚР ҚК-тің 178-бабының бірінші бөлімінің орнына, екінші бөлім қолданылады.
Қылмысты дұрыс сараламаудың төртінші түрі қылмыстың бір түрін жасаған адамға ҚР ҚК-тің бірнеше бабын қолданудан көрініс табуы мүмкін. Мысалы бандитизім жасаған адамға 268-баппен қатар ҚР ҚК-тің 99, 179 баптарын қолдану. Қылмысты саралаудағы осындай қателіктерді әдебиетте басы артық саралау деп атау қалыптасқан.
Қылмысты дұрыс сараламаудың келесі, бесінші түрі қылмыстың жиынтығын ҚР ҚК-тің бір бабымен немесе баптың бөлімімен саралау болып табылады. Мысалы атыс қаруын пайдаланып жасалған қарақшылық үшін ҚР ҚК-тің 179-бабының 2-бөлімінің 2 тармақшасы қолданылады дұрысында ҚР ҚК-тің 251-бабыда қолданылуы тиіс болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz