Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін саралау мәселелері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУ БЕЛГІЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 7
1. 1 Қылмысқа қатысушылықтың объективтілік белгілері . . . 7
1. 2 Қылмысқа қатысушылықтың субъективтілік белгілері . . . 10
2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 14
2. 1 Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығын бекіту . . . 14
2. 2 Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін саралау мәселелері . . . 38
2. 3 Қылмысқа қатысушылардың шектен шыққан әрекеттерін анықтау
және оларды саралау . . . 46
2. 4 Қылмысқа қатысудан өз еркімен бас тарту әрекеттерін саралау
мен жауаптылық көлемі . . . 52
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 57
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыста қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы мен жазасын даралау мәселелері кешенді зерттеледі. Сонымен қатар, қылмыстық заңнаманы одан әрі жетілдіру және қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін саралау мен жауаптылық белгілеу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының күрес жүргізу органдарының күрес жүргізу бағытындағы қызметтердің тиімділігін арттыруға қажетті ұсыныстар жасалады.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып саналады. Осы Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын басшылыққа ала отырып, 2002 жылы 20 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілгендей, қылмыстық заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретінде адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы мен ажырамастығын тану негізге алынуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында елдің қоғамдық және экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қалмыстылыққа қарсы күресті күшейту талап етілетінін атап өтті.
Қазіргі кезеңде қасақана ниетпен жасалатын қылмыстардың елеулі бөлігі қылмысқа қатысушылықпен жасалатындығы баршаға аян. Сонымен қатар, адамдар тобымен жасалатын қылмыстардың қоғамға қауіптілігінің дәрежесі жоғары екендігі және қылмыс нәтижесінде туындайтын зиынның мөлшері де жеке дара қылмысқа қарағанда едәуір артық болатындығы айқын. Ғылыми тұрғыда бұл мәселенің саяз өңделуі және қылмысқа қатысушылармен күрес жүргізудің, олардың жазасын даралау мәселелерінің құқықтық жағынан жеткіліксіз қамтамасыз етілу аталған тақырыптың өзектілігіне айналып отыр. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу Комитетінің мәліметі бойынша Қазақстан аумағында қылмысқа қатысушылықпен 2012 ж. - 5737; 2013 ж. -11233; 2014 ж. - 11367 қылмыс тіркелген.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын қарастыра келіп: «Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жете мән берілсін және заңға қарама-қайшы іс-әрекет жасайтындарға заңның қатаң түрі қолдансын», деп атап өткен болатын. Осы орайдан келгенде, қазіргі кезеңде республикамыздың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негізі жағынан нығайюына, қылмыс пен заң бұзушылыққа қарсы күресті күшейтіге, қоғамымыздың әр азаматының құқықтары мен бостандықтарына қол сұғушылықтығ алдын алуға басты назар аударылуда. Бұл - қазақстандық құқық ғылымының алдында тұрған үлкен міндеттің бірі.
Осы орайда профессор Жекебаев Ү. С. «Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының негізгі қағидалары» деп аталатын еңбегінде «әлеуметтік-құқықтық реформа заңшығарушының өз елінің дәстүрін, ұлттық ерекшеліктерін ғана ескеріп қоймай, сонымен бірге салыстырмалы-құқықтық тәсілге сүйенгенде тиімділігі артады. Біздің пікірімізше, мұнсыз өтпелі экономикалық елдерде түпкілікті құқықтық реформа жүргізу мүмкін емес» деп атап көрсетті.
Қазақ КСР-і және Қазақстан Республикасы қылмыстық заңдары негізінде қылмыстық құқықтық мәселелердің шешілуіне өз үлесін қосқан ғалымдар Ағыбаев А. Н., Баймурзин Ғ. Ю., Балтабаев Қ. Ж., Дулатбеков Н. О., Жекебаев Ө. С., Жүнісов Б. М., Қайыржанов Е. І., Құлжақаева Р. Б., Нұрғалиев Б. М., Рахметов С. М. және тағы басқа ғалымдардың еңбектерін айтуға болады. Жалпы қылмысқа қатысушылардың мәселелері Кеңес Одағының түрлі қоғамдық даму сатыларынан өту кезеңдерінде зерттеліп, ғылыми жұмыстар жазылғанды. Осы мәселені зерттеп, жетілдіруге іргелі ғылыми еңбектер арнағандар қатарында: А. Н. Трайнин, М. Д. Шаргородский, А. А. Пионтковский, М. И. Ковалев, Бурчак Ф. Г., Галиакбаров Р. Р., Гришаев П. И., Гуров А. И., Зелинский А. Ф., Иванов Н. Г., Кригер Г. А., Прохоров В. С., Тельнов П. Ф., Царегородцев А. М., Шнейдер М. А. және т. б. болады. Бұл ғалымдардың ғылыми еңбектерінде Кеңес дәуірінің қылмыстық-құқықтық заңдылықтарын жетілдіруге көбірек көңіл бөлінді.
Қылмысқа қатысушылықта негізгі екі бағыттағы мәселе зерттелетінін байқауға болады. Бірінші, қылмысқа қатысушылықтың түсінігі, белгілері, нысандары мен түрлері тәрізді жалпы сипаттағы мәселелер болса, екіншісі қылмысқа қатысушыларға жауаптылық белгілеудің ерекшеліктері мен жеке дара жауаптылық белгілеуге қатысты мәселелер болып табылады. Көбінесе қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы олардың бірлесіп орындаған қылмысының түріне қарай емес, қатысу нысандарына және іске аспаған қылмысқа қатысу, қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту, арнайы субъектілердің қатысушылығы сияқты маңызды мәселелермен байланысты шешіледі.
Осы баяндалған, жағдайлар тақырыптың өзектілігін көрсетеді, оның теория және тәжірибе жүзіндегі маңыздылығы тақырыпты таңдаудың себебі болды.
Жұмыста қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін саралау және оларға жауаптылық белгілеуге байланысты қылмыстық-құқықтық ережелерді жетілдіру және оны қолдану тәжірибесін көтеру үшін осы тақырыпқа байланысты пайда болған даулы мәселелерді зерттей отырып, ұтымды әрі дұрыс бағыттағы шешім көрсету болып табылады. Зерттеудің мақсаттары мынадай міндеттерді өз алдына қояды:
- қылмыстық құқық теориясында қылмысқа қатысушылардың жауаптылығын ұғымын беру;
- қылмысқа қатысушылар жауаптылығының арнайы мәселелерін қарастырып, ол бойынша жауаптылықты жеке даралауға әсер ететін жағдайларды көрсету.
Осы міндеттерді іске асыру үшін қылмысқа қатысушылардың жауаптылығын даралау бойынша қылмыстық құқық теориясында орын алған даулы пікірлер қайта қаралды және сот-тергеу тәжірибесі қызметкерлерінің қылмысқа қатысушылық істері бойынша қылмыстық әрекеттерді саралауы талдауға алынды, сонымен қатар қылмыстық құқық теориясындағы пікірлер ескерілді.
Зерттеудің объектісіне қылмысқа қатысушылықтың әр түрлі нысандары бойынша қатысу сипаты және қоғамға қауіптілік дәрежесі негізінде бөлінетін қатысушылардың әрекеттерін саралау және оларға жауаптылықты жеке даралауды белгілеудің амалдарын қарастыру жатады.
Зерттеудің пәні - қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының қылмыстық заңнамада белгіленуінің заңдылық табиғаты мен қоғамдық қатынастарды ерттеудің орны мен ролі және құқық қорғау органдарының күрес жүргізу бағытындағы қылмыстық-құқықтық саралау мәселелері болып табылады.
Ұсынылып отырған жұмыс қылмысқа қатысушылардың мәселелерін кешенді түрде, яғни оның құқықтық тархи қалыптасуы арқылы қазіргі уақыттағы қылмыстық заңдармен саластырмалылығы, оның басқа да қылмыстық-құқықтық институттармен ара-қатынастары - сапалық құқықтық құрылымды қалыптастыруға арналған ғылыми ізденістің бірі. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы мен жазасын даралау мәселелері бойынша алғаш рет Қазақстан Республикасының аумағында монографиялық деңгейде зерттеу жүргізілді. Осы уақытқа дейінгі зерттеулерде қылмысқа қатысушылықтың әр жақты мәселелері зерттелмеген, ол зерттеулерде қылмысқа қатысушылардың жауаптылығын даралау мәселесі арнайы зерттелмеген, соған орай практика қызметкерлері қылмысқа қатысушылардың жауаптылығын белгілеуді қылмыстық заңның жалпы ережелері негізінде жүргізіліп келеді. Еліміздің даму бағытының өзгеруіне, жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси қоғамның қалыптасуына байланысты халықта жаңа нарықтық қатынастар орнаған қоғамдағы көзқарас қалыптасты. Осыған байланысты қылмыс текті ой де өзгеріп, ол бұрын кездеспеген жаңаша сипаттам жалғасын тапты. Сондықтан, зерттеу барысында қазіргі қоғамның қылмыстылыққа байланысты шын бейнесін көрсету үшін жұмыстың жекелеген мәселелерін қарастыру кезінде жаңа тәсілдегі қылмыстар түрлері де қамтылды.
Дипломдық зерттеудің құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУ БЕЛГІЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Қылмысқа қатысушылықтың объективтілік белгілері
Қылмысқа қатысушылық қасақана қылмысты жасаудың ерекше нысаны болып, өз алдына белгіленген объективті және субъективті белгілерге иеленеді. Бұл белгілер заң шығарушымен анықталған қылмысқа қатысу анықтамасынан көрінеді, бұған сәйкес қылмысқа қатысу дегеніміз екі немесе одан да көп адамдардың қасақана қылмысты жасауға бірігуін айтамыз.
Қылмысқа қатысудың заңды анықтамасында қатысудың бірлескен қылмыстық іс-әрекетінің сыртқы және ішкі жақтарын сипаттайтын белгілері көрсетіледі. Сондықтан да олар объективтік және субъективтік белгілер деп аталады.
Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінде барлық қылмыс құрамының белгілерінің болуы қажетті шартын, бірақ қылмыстық жауаптылықтың негізін тануға жеткіліксіз шартын береді.
Өзінің құқықтық табиғатына байланысты қылмысқа қатысушылық белгілері қылмыстық жауаптылықтың негізі ретінде қарастырылады. Олар қылмыстық заңмен белгіленге қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының бірден бір негізі ретінде қарастырылатын қылмыс құрамының формуласын толықтырады [3, c. 8] .
Қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілеріне жатады:
1. Қылмысқа кем дегенде екі немесе одан көп адамның қатысуы;
2. Бір қылмыстық іс-әрекетті жасағанда барлық қатысушылардың әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) берлесуі;
3. Әрбір қылмысқа қатысушының әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірілген қылмыстық зардаптың арасындағы себептілік байланысы.
Бұл белгілерін жекелеген түрде қарастырамыз.
Қылмысқа кем дегенде екі немесе одан көп адамның қатысуы
Қылмысқа қатысушылықтың негізгі белгілерінің бірі екі немесе одан да көп адамдардың әрекет етуі болып табылады. Жасалған қылмысты әрекеттерді қылмысқа қатысушылыққа жатқызу үшін кем дегенде екі адамның арасында бірлесіп қылмыс жасау туралы ой болуы шарт. Ал үшінші, төртінші адамдар кәмелетке толмағандар, абайсыздықта қылмыс жасаушылар болғанымен, әдепкі екі адамның әрекеті қылмысқа қатысушылыққа дәл келуі керек. Демек, кем дегенде екі адам қылмыстық жауаптылық жасына жеткен, екі дұрыс және абайсыздықта емес, қасақаналықпен бірлесіп қылмыс жасау туралы ойда болуы керек.
Бір қылмыстық іс-әрекетті жасағанда барлық қатысушылардың әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) берлесуі
Қылмысқа қатысушылардың арасында «бірлесу» белгісінің болуын зерттеу әдебиеттерінде әр көлемде қарастырады. Бірлесіп қатысу белгісінің сипатын анықтағанда, кінәлілердің қоғамға қауіпті іс-әрекетті өзара байланыста жасалуын және қылмыстың зардабына да әр қатысушының байланысы болуын анықтауымыз керек. Қылмысқа қатысушылықтағы «бірлесу» белгісі қылмыс жасаудың бастапқа кезеңінен соңғы кезеңінен дейін түгел орын алады және бұл белгі мынандай элементтерден құралады:
а) әрбір қылмысқа қатысушының әрекеті басқа қатысушылардың нақты жағдайларда әрекеттер жасауының қажетті шарты болып табылады. Яғни бірінің белгілі бір әрекеттерді жасауы, басқаларының да алдыңғы әрекетке байланысты нақты бір әрекеттерді іске асыруына себеп болады;
б) қылмыстың салдары немесе қылмыс оқиғасы әр қатысушының әрекеттерімен себепті байланыста болады;
в) қылмыстың нәтижесі барлығына ортақ болады.
Қылмысқа қатысушылардың бірлесудің сыртқы бейнелейтін ерекшеліктерін қарастырамыз:
1) Заң әдебиеттерінде қатысушылардың арасындағы өзара бірлесуі жайында әр түрлі көзқарастар келтіреді.
Кейбір ғалымдар қатысушылардың әрекеттерінің бірлесуі, егер де бірігіп жасайтын тұлғалардың әрекеттері бір-бірінді өзара толықтырған жағдайда көрінісін табады [4, c. 10-11] .
Басқа ғалымдардың көзқарасы бойынша әрбір қатысушының әрекеті қылмысты орындаушының әрекетімен тікелей себептілік байланыста болу шарт [31, c. 84-97] .
Бұл көзқарастарды біріктіре отрып, бұл сұрақты шешудегі маңызы болып қылмыстық құқықтағы себептелік пен шарттың арақатынасының ерекшелігі елеулі мәнге иеленеді, олардың мәні болып олар ұқсас ұғымдар емес және нақты бір іс-әрекет бір нәтиженің себебі болуы мүмкін және басқаның шарты және керісінше болуы ықтимал. Бірлескен қылмыстық іс-әрекетінде әрбір қатысушысы нақты бір ортақ қылмыстың функциясын орындайды, яғни басқа қатысушылардың ниетінің жүзеге асыруына жағдай жасайды.
Қылмысқа қатысушылардың бірінің нақты бір қылмысты әрекеттерді орындауына байланысты (айдар салушылық, көмектесушлік әрекеттер), екінші адамның сол әрекетке сәйкес келесі әрекеттерді орындауы, бұл барлық қылмысқа қатысушылық нысандарына дәл келмейді. Мұндапй кезекті түрдегі әрекеттерді орындау, қылмысқа қатысушылардың арасында роль бөліп қатысу тәрізді нысанда орын алады. Ал қылмысты топ адам болып жасағанда, қатысушылар әрекеттерінің бірлескен түрде орындалуы белгісі, олардың біртектес қылмыстық әрекеттерді жасау арқылы қылмыстың салдарына күш біріктірудің нәтижесінде жетуін білдіреді. Мысалы бір топ адам болып бөтен адамның өміріне немесе денсаулығына зардап келтіру. Мұндай жағдайларда «бірлесу» белгісі топ мүшелерінің ортақ ниетпен бір тектес әрекеттерді жасауымен көрінеді.
Жалпы, қылмысты бірнеше адамдардың бірлесіп жасауы қылмысқа қатысушылықтың қоғамға қауіптілігін барлық жағдайларда болмағанымен, негізінен ауырлатады.
2) Қылмысқа қатысушылардың берлесуі қылмысқа қатысудың объективті белгісі ретінде олардың бір қылмысты жасауға және бірыңғай қылмыстың нәтижесін тілеуін қалыптастырады. Егер де екі немесе одан да көп адам сыртқы көрінісі бойынша бір объектіге бағыттайтын бірлескен нақты бір әрекеттерді жасаса, бірақ бұл кезде әрқайсысы басқа объектіге зиян келтіретін болса, қалмысқа қатысуы жоққа шығарылады. Егер де адамадар формальды түрде бір нәтижеге бағытталса, бірақ шын мәнінде әртүрлі қылмысты жасайтын жағдайда да қылмысқа қатысу болмайды. Мысалы көшеде келе жатқан адамды тоқтатып ұрлық жасауға бел буған кінәлі адам және оған күш көрсетемін деп қорқыту арқылы белгіленге құнды заттарды беруді талап етсе (бұл қорқытып алушылық), ал бұл уақытта оған жәбірленушіге күш көрсету мақсатпен басқа тұлғаның қосылуы және жәбірленушінің өміріне қауіпті дене жарақатын келтіре отрып оның мүлкін иеленеді (бұл тонаушылық), екеулеріәнің жасағаны қылмысқа қатысу ережесі бойынша сараланбайды.
Сондықтан да бір объектіні таңдауы бұл бірыңғай әрекеттерді жасауды білдіреді және қылмысқа қатысу мағынасында әрекеттердің бірлесуін көрсетеді.
Әрбір қылмысқа қатысушының әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келтірілген қылмыстық зардаптың арасындағы себептілік байланысы
Екі немесе одан да көп адамдардың қоғамға қауіпті әрекеттерін, қылмысқа қатысушылыққа жатқызатын белгі - «себептілік» белгісі болып табылады. Егер қылмыстың болу оқиғасы, адамның әрекеттерімен себепті байланыста болмаса, онда себепті байланыста әрекет жасамаған адамға қылмыстық жауаптылық туындамайды немесе абайсыздықта қылмыс жасаған болып саналуы мүмкін. Себебі бұл әрекеттердің арасындағы немесе қылмыстың зардабына деген себепті байланыста қасақана әрекеттерден туындаған болуы керек. Яғни қасақана түрде көмектесушілік әрекеттерді орындау, қасақана түрде қылмыстың жасалуына жол ашады.
Себептілік белгісін анықтау жасайтын қылмыстың объективтік жағының ерекшелігіне байланысты, яғни қылмыс формальды немесе матриалды құралдарымен жасалатын анықталады. Егер де қылмыс формальды құрамымен жасалса, онда қылмысқа қатысушылардың әрекеттері мен қылмысты орындаушының жасайтын әрекеті арасындағы себептілік байланыс белгіленеді. Материалдық құрамымен жасалатын қылмыста себептілік байланысын қылмысқа қатысулардың әрекеттері мен орындаушының жасаған әрекетінен келтірілген зардабы арасында анықтайды.
Егер де қылмыстық құрамының міндетті және конструктивті белгісі табылатын қылмыстық зардабын келтіруі табылса, онда қылмысқа қатысуы үшін ортақ қылмыстық нәтижесі әрбір қатысушың әрекетімен келтірілген фактісін анықтау міндетті немесе бұл талап қажетті емес.
Бұл маңызды сұрақ жайлы қылмыстық құқық теориясында әртүрлі көзқарас қарастырылған.
Бірінші көзқарастың мәні болып, қылмысқа қатысуда қылмыстың нәтижесін бір келтіруші болмайды. Қылмысқа қатысу барысында туындаған нәтижесі оның келтірудің бірлесуіне орай жалпы және ажырамайтын болып келеді.
Бірінші көзқарасты жақтай отырып, бірлесіп зиян келтіруі әртүрлі қатысушылардың бірдей және тең дәрежеде күш жұмсауды талап етпейді. Білескен қылмыстық нәтиже көп жағдайларды қатысушылардың әртүрлі әрекеттерінен туындайды. Сондықтан заң қылмысқа қатысушылардың жауаптылығын қылмысты жасаудағы нақты қатысудың сипаты мен дәрежесіне қарай анықталады.
Қылмысқа қатысушылықтағы себепті байланысты жасалған қылмыс мазмұнының екі жерінде ескеру керек. Бірінші, қылмысқа қатысушылардың араларындағы байланыс, ал екнішісі, қылмысқа қатысқан әрбір адам әрекетінің туындаған зардаппен байланысы. Бірінші келтіріліпе отырған себепті байланыс туралы жоғарыда айтылды, ал әрбір қылмысты әрекетінің зардаппен себепті байланыста болуын, қатысушылардың әрекеттерінің мазмұны мен сипатынан көруге болады. Бұл көрініс, қылмысқа қатысушының қоғамға қауіпті әрекетінің бағытымен анықталады. Қылмысқа қатысушылар бір мүддеге бағытталған әрекеттерді орындауы арқылы күш біріктірген болып есептеліп, қылмыстың зардабын туындатады. Демек, қылмысты ұйымдастырған, қылмысқа азғырған, көмектескен және орындаған адамдардың әрекеттерінің барлығы да қылмысқа қатысушылық болуы үшін, туындаған зардаппен себепті байланыста болуы керек. Бұл себепті байланыс мысалы, айдап салушының біреуді қылмыс жасауға азғыруымен, көмектесушінің қылмыстың орындалуы үшін кеңес, құрал-сайман, қылмыстың ізін жасыру әрекеттерін мойнына алуымен, орындаушының қылмыстың объективтік белгілерін орындауымен анықталады. Осы әрекеттердің орындалуы арқылы ғана қылмыс толық жасалады немесе бөтен жақтың мүддесіне зардап келтіреді. Қылмысқа қатысушылықта туындаған зардап бірлесіп әрекет еткен адамдардың күштерінің жиынтығы ретінде алынады. Кездейсоқ себептерден туындаған әрекеттерден зардап болғанда, ол абайсыздықта келтірілді немесе кездейсоқ әрекетті жасаған адамда кінәнің белгілері болмауы да мүмкін.
1. 2 Қылмысқа қатысушылықтың субъективтілік белгілері
Қылмысқа қатысушылықтың субъективтілік белгілері ретінде қатысушыларда қасақаналықтың, қылмыс жасауға деген ой бірлестігінің болуы және адын ала келісімнен құралады.
Қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілері тәрізді бұл белгілерде қылмысты бірлесіп жасаудың бастапқы сатыларынан бастап қылмыс салдары туындағанға дейін орын алады.
Жоғарыда айтылғандай, қылмысқа қатысушылықтың кінә түрі туралы бұрынғы зерттеу әдебиеттерінде абайсызлдықтағы қылмысқа қатысушылықтың болуына жол берілген. Бірақ кейінгі уақыттарда осы тақырыпқа арнайы зерттеген ғалымдар қылмысқа қатысушылықтың тек қасақана түрде жасағанда бірнеше адамдардың бірлескен әрекеттерін құрап, жауапкершілікті жүктеуге болатынын дәлелдеді. Ал кінәнің абайсыздық түрімен де қылмысқа қатысушылықтың болу мүмкіндігін ұсынушылардың бағытын қылмысқа қатысудың акцесорлық теориясына жатқызады. Қылмысқа қатысушылықтың акцессорлығы дегеніміз, айдап салушылық, көмектесушілік әрекеттердің қылмысты орындаушының әрекеттеріне тәуелді болуын білдіреді. Нәтижесінде орындаушы бар болса, онда қылмысқа қатысуда бар, ал орындаушы жоқ болса немесе ол қылмысты орындаудан бас тартса, онда қылмысқа қатысушылықта жоқ болып есептеледі. Мұндай абайсыздықта қылмыстық зардап әкелген әрекетпен басқа адамдардың да іс-әрекеттері қандай да бір байланыста болса, осы әрекеттен туыендаған зардап басқаларының да кінәсіне жатады. Қылмысқа қатысушылықтағы кінәнің абайсыздық түрін Ұлыбритания, АҚШ, Франция мемлекеттерінің қылмыстық құқықтарынан іздестіруге болады.
Қылмысқа қатысушылықтағы қасақаналықтың интеллектуалдық белгілерін былай анықтауға болады:
а) жасалатын іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін білуі;
б) басқа қатысушылардың да әрекеттерінің қоғамға қауіпті екендігін білуі;
в) бірлескен әрекеттен туындайтын зардаптың болуын білу мүмкіндігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz