Қылмысқа қатысудың субъективтік белгілері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ4
1 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ҚҰҚЫҚТЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ7
1. 1 Қылмысқа қатысу институтының әлеуметтік-құқықтық маңызы және даму перспективалары7
1. 2 Қылмысқа қатысу институтының қалыптасу тарихы12
2 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ25
2. 1 Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмысқа қатысудың түсінігі25
2. 2 Қылмысқа қатысудың объективтік белгілері28
2. 3 Қылмысқа қатысудың субъективтік белгілері31
3 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУ НЫСАНДАРЫН ТОПТАСТЫРУ ЖӘНЕ БІР-БІРІНЕН АЖЫРАТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ44
3. 1 Қылмысқа қатысу нысандарын топтастыру негіздері және оның түрлерін құқықтық талдау44
3. 2 Қылмысқа қатысу нысандарын ажырату мәселелері63
ҚОРЫТЫНДЫ68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ71
КІРІСПЕЕліміз тәуелсіздік алғалы бері 20 жалдан астам уақыт бойы өзінің егемендігі мен саяси салмағын нығайтуға елеулі үлесін қосқан құқықтық саясатын ұстанып келеді. Мемлекеттік құқықтық саясат жүйесінде қылмыстық саясаттың алатын орны ерекше. Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген «2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында»: « Мемлекеттiң құқықтық саясатының маңызды буыны қылмыстық саясат болып табылады, оны жетiлдiру қылмыстық, қылмыстық iс жүргiзу және қылмыстық-атқару құқығын, сондай-ақ құқықта қолдануды кешендi, өзара байланыста түзету арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқықтың қазiргi жай-күйiн бағалай отырып, тұтас алғанда оны серпiндi дамыту қамтамасыз етiлдi деуге болады. Қолданыстағы Қылмыстық кодекс - қылмысқа қарсы күрестiң, адамның құқықтары мен бостандықтарының, мемлекет пен қоғамның мүдделерiн қылмыстық-құқықтық қорғаудың жеткiлiктi пәрмендi құралы болып табылады» - деп көрсетілген [1] . Шынымен, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандақтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу - қылмыстық заңның басты міндеттері болып табылады [2] .
Осы мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Қылмыстық Кодексте қылмыстық жауаптылық негiздерi белгiленген, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалған және оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленген.
Қылмыс бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген қылмысқа қарағанда едәуір өзгереді және мұндай қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды.
Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізі мен шегін, олардың әрқайсысының бірлесіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселелерді анықтауға толық мүмкіндік береді.
Бір ғасырдан астам уақыт бойы күні бүгінге дейін осы институтты зерттеп келе жатқан көптеген шетелдік және отандық атақты ғалымдардың жұмыс нәтижелерінен көріп отырғанымыздай, қылмысқа қатысу институты қылмыстық құқық теориясында зерттелетін аса маңызды және күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Бұл негізсіз емес. Себебі адамның кез-келген шығармашылығы секілді қылмыстық іс-әрекет те жалғыз адаммен, адамдар тобымен, тіпті иерархиялық басшылыққа тән сипатта түрлі қылмыстық «құқықтары»мен «міндеттері» белгіленген нақты адамдар ұйымымен де жүзеге асырылады. Құқықтық статистикаға сүйенер болсақ, жасалатын барлық қылмыстардың 40 %-нан астамы және 80-90 %-ға дейіні екі немесе одан да көп адамдар тобымен, ұйымдасқан топпен немесе қылмыстық қауымдастықпен жасалынады. Сондықтан да қылмысқа қатысу институтының өзекті мәселелерін зерттеу әр уақытта өзінің өзектілігін жоғалтқан емес.
Сонымен қатар, зерттеу тақырыбының өзектілігі қылмысқа қатысушылықпен жасалған іс-әрекеттерді саралау аясында құқық қолдану қызметінің қажеттілігімен негізделеді, себебі сот тәжірибиесін қарастыру барысында қылмысқа қатысушылықпен жасалатын қылмыстарға байланысты әрбір үшінші қылмыстық іс бойынша соттармен қылмысқа қатысушылардың нақты қатысу сипатын және дәрежесін анықтауда қателіктер жіберіліп отырған.
Сондықтан заңнаманы талдау және оны қолдану тәжірибесі, арнайы әдебиеттерді талдау, қылмысқа қатысу институтының 2014 жылы қабылданған ҚР ҚК-де ие болған анағұрлым жетілдірілген дамуына қарамастан, құқық қолдану тәжірибиесінде де, қылмыстық құқық теориясында да ең күрделі институттардың бірі болып қала береді және ғылыми зерттеуді қажет етеді.
Қылмысқа қатысу институтының жалпы және арнаулы мәселелерін зерттеуге келесі ғалымдар елеулі үлес қосты: С. М. Әпенов, У. С. Жекебаев, Е. И. Қайыржанов, А. Н. Ағыбаев, С. М. Рахметов, А. Н. Трайнин, М. Д. Шаргородский, Ф. Г. Бурчак, М. И. Ковалев, Г. А. Кригер, П. И. Гришаев, Ю. А. Красиков, А. А. Пионтковский, П. Ф. Тельнов, Р. Р. Галиакпаров, А. Ф. Зелинский, Л. Д. Гаухман, С. В. Максимов, М. А. Шнейдер және т. б. елеулі еңбек сіңірді.
Қылмысқа қатысу институтының қылмыстық-құқықтық аспектісіне арналған зерттеу жұмыстарының жеткілікті деңгейде болуына қарамастан, осы институтқа қатысты даулы сұрақтар мамандардың арасында қазіргі кезде де туындайды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен соттар қылмысқа қатысушылардың қылмысқа қатысу сипаты мен дәрежесін анықтауда, соған сәйкес оларға қылмыстық жауаптылықтарын белгілеуде қиындықтарға тап болады. Осы айтылғандардың бәрі қылмысқа қатысу институтының мәселелеріне арналған арнайы зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді.
Жұмысының объектісі болып қылмысқа қатысу институты, қылмысқа қатысушылықпен жасалатын қылмыстар туралы істер бойынша құқық қолдану тәжірибесінің даму үрдісі мен заңдылықтары табылады.
Жұмысының пәні болып қылмысқа қатысу туралы қолданыстағы қылмыстық заңнама нормаларының жиынтығы, қылмыстық іс материалдарында көрініс тапқан сот тәжірибесі, қарастырылып отырған мәселелер бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық көзқарастары мен ғылыми еңбектері табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшін алға келесідей міндеттер қойылады: қылмысқа қатысу институтының әлеуметтік-құқықтық маңызы мен даму перспективаларын анықтау; қазақ халқының әдет-ғұрып құқығынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі қалыптасу тарихына салыстырмалы анализ жүргізу; қолданыстағы қылмыстық заңнама бойынша қылмысқа қатысу түсінігін ашу және оның объективтік белгілері мен субъективтік белгілеріне қатысты теориялық мәселелерді зерттеу; қылмысқа қатысу нысандарын топтастыру негіздері мен оның түрлерін құқықтық талдау; қылмысқа қатысушылардың түрлері және олардың қылмыстық жауаптылығының мәселелері анықтап құқықтық баға беру.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған қайнар көздер тізімінен тұрады.
1 ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ҚҰҚЫҚТЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ 1. 1 Қылмысқа қатысу институтының әлеуметтік-құқықтық маңызы және даму перспективаларыҚылмысқа қатысу институты қылмыстық құқық жүйесіндегі барлық институттардың құрамдас бөлігі ретінде, осы құқықтың жалпы міндеттеріне бағынады. Ол міндеттерге: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандақтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу жатады (ҚР ҚК-ң 2-бабының 1-бөлігі) . Осы мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Қылмыстық Кодексте қылмыстық жауаптылық негiздерi белгiленген, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалған және оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленген.
Қылмыс бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген қылмысқа қарағанда едәуір өзгереді және мұндай қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды.
Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізі мен шегін, олардың әрқайсысының бірлесіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселелерді анықтауға толық мүмкіндік береді.
Бір ғасырдан астам уақыт бойы күні бүгінге дейін осы институтты зерттеп келе жатқан көптеген шетелдік және отандық атақты ғалымдардың жұмыс нәтижелерінен көріп отырғанымыздай, қылмысқа қатысу институты қылмыстық құқық теориясында зерттелетін аса маңызды және күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Бұл негізсіз емес. Себебі адамның кез-келген шығармашылығы секілді қылмыстық іс-әрекет те жалғыз адаммен, адамдар тобымен, тіпті иерархиялық басшылыққа тән сипатта түрлі қылмыстық «құқықтары»мен «міндеттері» белгіленген нақты адамдар ұйымымен де жүзеге асырылады. Құқықтық статистикаға сүйенер болсақ, жасалатын барлық қылмыстардың 40 %-нан астамы және 80-90 %-ға дейіні екі немесе одан да көп адамдар тобымен, ұйымдасқан топпен немесе қылмыстық қауымдастықпен жасалынады [3, 11б. ] .
Сондықтан да қылмысқа қатысушылық өз көрінісін қылмыстың қатысушылары үшін бір ғана қылмыстық нәтижеге жету мақсатында бірнеше тұлғалардың күш біріктіруінде табатын, қылмыстық іс-әрекеттің ерекше нысаны болып табылады. Іс-әрекеттің бұл нысаны жалғыз адамның жеке іс-әрекетімен салыстырғанда анағұрлым қауіпті болып келеді. Қылмыстық іс-әрекеттің бірнеше тұлғалардың бірігуі арқылы жасалуының қоғамдық қауіптілігі де, жалғыз тұлғаның қылмыстық іс-әрекет жасауына қарағанда, анағұрлым жоғары. Қылмысқа қатысушылықпен жасалатын қылмыстардың қауіптілік деңгейінің неліктен жоғары екенін түсіну үшін психологиялық факторды да ескеру қажет: қатысушылық-бұл жай ғана іс-әрекеттердің бірігуі емес, сонымен қатар қатысушылардың да өзара бір-бірін қолдауы, жәбірленушіге бірігіп қысым жасауы .
Қылмысқа қатысушылық үшін құқықтық жауаптылықты белгілеуге негіз беретін қылмысқа қатысушылардың жасаған қылмысты іс-әрекеттерінің қоғамға қауіптілігі қаншалықты деген сұраққа толық жауап беру үшін, екі немесе одан көп адамдардың бірлескен қылмысты әрекеттерінің әлеуметтік қауіптілігі мен ондай әрекеттер барысында орын алуы мүмкін зардаптардың әлеуметтік қауіптілігін ашып зерттеуіміз керек.
Сырттай қарағанда екі немесе одан көп адамдардың бірлескен әрекеттерінің әлеуметтік қауіптілігі қылмыстық заңда қылмысты деп жарияланған әрекеттердің әлеуметтік қауіптілігімен бірдей анықталатын сияқты. Себебі қылмысқа қатысушылардың бірлескен әрекеттері Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында көрсетілген қылмыстарды жасауға бағытталады. Ал осы мәселе бойынша қылмысқа қатысушылықты жекеше қарастырсақ, онда қылмыс жасау үшін бірлесудің, ол үшін ролдер орындаудың, қатысу нысандарының қауіптілік негіздерін ашуымыз керек болады.
Қылмысқа қатысушылықтың әлеуметтік қауіптілігін негіздеуде қылмыстың объектісі ретінде анықталатын қоғамдық қатынастарға қарсы бағытталатындығын, объективтік жақтың негізгі белгілері болып саналатын іс-әрекетпен зардаптың әлеуметтік мағынада және әлеуметтік ортаға зияндылығын ескеруіміз керек. Ал қылмыстың субъективтік жағына жататын кінә және субъектіні анықтаушы белгілерді қолданбау себебіміз, ол кінә мәселесінің қылмыстық құқықта әр қылмыста өзгелерге ұқсамайтындай жеке-жеке сипатта анықталмай, кінәнің қасақаналық немесе абайсыздық нысандарымен анықталатындығына және жасалған іс-әрекетпен туындаған зардаптардың саналы, есі дұрыс, жауаптылық жасына жеткен адамдардың жүріс-тұрысының бір түрі болуына байланысты.
Қылмысқа қатысушылардың іс-әрекеттерінің әлеуметтік қауіптілігі, Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінде қарастырылған (соған орай әр бір қасақана қылмысты әрекеттің әлеуметтік қауіптілігі жекеше анықталатын) қасақана қылмыстарды жасайтындығымен анықталады. Мысалы ұрлық қылмысындағы әрекеттердің әлеуметтік қауіптілігі, ол бөтеннің меншігіндегі заттарды жасырын түрде алуымен ғана емес, сонымен қатар кез-келген құнды заттардың меншік иелігінде болатындығына, ол заттарды меншік иесі табу үшін заңды әрекеттерді орындағандығына, осы заттарды жасырын және қайтарусыз алғанда меншік иесінің материалдық игілігі азаятындығына байланысты деп түсіну керек. Осы себептен меншік иесіне қарсы жасалған әрекеттер қауіпті деп танылады және заңда қылмысты деп белгілеуге негіз береді. Ал ұрлық әрекеттері екі немесе одан көп адамдардың бірлесуі арқылы жасалғанда әрекеттің әлеуметтік қауіптілігі екі еселенеді деуге болады. Себебі Қылмыстық Кодекстің Жалпы бөлімінде келтірілген қылмысқа қатысушылыққа тән әрекеттердің, мысалы қылмысты орындаудың, қосылып орындаудың, көмектесушіліктің, айдап салушылықтың, ұйымдастырушылықтың, сонымен қатар егер қылмыс тұрақты адамдардың тобымен жасалса, ұйымдасқан топтың, қылмыстық қауымдастықтың да қауіптілік сипаты қосылады. Бізге осы айтылғандарға қарай отырып, Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі бандитизм сияқты қылмысқа қатысушылықтардың және Жалпы бөлімдегі қылмысқа қатысушылықтың араларында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 27 - бабындағы түсініктен шығатын тығыз байланыс болса да олардың әлеуметтік қауіптілігін және олардың қауіпті салдарын жеке-жеке қарастыру керек болады [4, 56б. ] .
Жалпы бөлімдегі қылмысқа қатысушылықты анықтайтын белгілердің, яғни екі немесе одан көп адамның болуы, олардың әрекеттерінің және ой-ниетінің бірлескен түрде болуы және қасақана түрде әрекеттер жасауы, сонымен бірге көпшілік жағдайда алдын ала келісімнің болуы қазіргі зерттеушілердің көпшілігі айтып жүргендей «қылмысты қатысып жасау жауаптылықты ауырлатады» деген шешімге жетелейді. Белгілі бір қылмыс, мысалы кісі өлтіру бір адаммен жасалсын немесе бірнеше адаммен жасалсын, бірақ бірдей зардап келтірсе де әлеуметтік тұрғыдан алғанда бірнеше адамның бірлесуі арқылы жасалған қылмыс ауыр әрекеттер деп бағаланады. Мұндай кезде біз бұл шешімді зардапқа қарап емес, әрекетке қарай отырып келтіреміз және осы шешім Қылмыстық Кодекстің Жалпы бөліміндегі қылмысқа қатысушылықтың қауіптілігінің негізінде пайда болып отырғандығын аңғару керек. Әдетте зерттеушілер «екі немесе одан көп адамдар бірлесе отырып қылмыс жасағанда барынша ауыр көлемде зардаптар келтіре алады» дейді. Бұл қатысушылықпен қылмыс жасаудың мүмкіндігін, яғни кең көлемде әсер ету деңгейін немесе зияндылық деңгейін білдіреді.
Қылмысқа қатысушылықтың келесі әлеуметтік қауіптілігі, ол қоғамға таралу немесе бір қылмыс жасау үшін бір адамды емес, осы қылмыс үшін бірнеше адамдардың кінәлі болуға жетелейтіндігімен анықталады. Яғни қылмысқа қатысу халықтың криминогендік белсенділігін арттыратын, қылмыс жасау туралы ойы жоқ адамды қылмысқа тартатын зиянды фактор болып табылады. Бұл сөзге күмәнмен қарап керегі жоқ себебі, қылмысты ұйымдастырушылық, азғырушылық әрекеттері таза адамдарды алдау, қорқыту, шантаж, сатып алу арқылы қылмысқа итермелейтін ролдерді білдіреді.
Қылмысты бірлесе отырып жасаудың үшінші әлеуметтік қауіптілігі әділсоттың орнауына кедергілердің болатындығымен түсіндіруге болады. Қылмысқа қатысушылықта, әсіресе оның ұйымдасқан нысандары бойынша қылмыстар жасалғанда қылмыс ізінің жасырылуы, жауаптылықтан жалтарудың, мысалы құқық қорғау органдарында өз адамдарының болуы сияқты әр түрлі амалдары қарастырылады. Сондықтанда қатысушылықпен қылмыс жасаған адамдар жай таныс болып ғана қоймай, алдағы уақыттардағы қылмысты әрекеттерге оңай келіседі [5, 24б. ] .
Қылмысқа қатысушылықтың төртінші әлеуметтік қауіптілігі, ол бірлескен адамдардың өзге әрекеттерді емес, Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінде қылмысты деп тыйым салынған іс-әрекеттерді жасайтындығымен және қоғамға қылмыстылықтың уытын шашып қана қоймай, жекелеген қылмыстардың зардаптарын тудыратындығымен анықталады. Әрине, қатысушылық қылмыстық құқықта материалдық құрамдар деп саналатын қылмыстар бойынша ірі немесе аса ірі зардаптар тудыруға тырысатындығы белгілі. Мұны осы қылмыс жасалғаннан кейін әр қатысушы өз үлесін алуы керектігімен дәлеледеуге де болады. Ал формальдық құрамдар бойынша қылмыстық құқықтық қорғау объектісіне аса үлкен нұқсан келетіндей мүмкіндіктер болады. Мысалы, топ адамдардың әйел зорлау қылмысындағы әр бір топ мүшесінің жасаған жыныстық қатынасын немесе жалған бағалы қағаз, жалған ақша жасау қылмысындағы дайындау, сақтау, өткізу әрекеттерінің ролдерге бөлініп, заңсыз ақша айналымын көбейтуге және аумағын кеңейтуге мүмкіндіктерінің болуын айтуға болады.
Қылмысқа қатысушылықтың бесінші әлеуметтік тұрғыдан қауіптілігі, оның кейбір нысандарының тұрақтылық және құрылымдылық белгілермен сипатталатындығымен анықталады. Қылмысқа қатысушылықтың мұндай тұрғыдағы қауіптілігі Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі жаппай тәртіпсіздік, қарулы бүлік сияқты кейбір қылмыстардың тек тұрақты, яғни ұйымдасқан топ түрінде жасалатындығымен, сонымен қатар ұрлық, кісі өлтіру тәрізді Қылмыстық Кодекстің жеке адаммен жасалатын қылмыстарды жасауда ұйымдасқан топтардың да кездесетіндігімен негіздеуге болады. Жалпы ұйымдасқан топ және қылмыстық қауымдастық қылмыстық құқықта жеке қылмысқа қатысу нысанын білдіргенмен және ұйымдасқан топқа қарағанда қылмыстық қауымдастық ауыр нысан деп танылғанмен, әлеуметтік тұрғыдан келгенде олардың қауіптілік деңгейлері шамалас деуге болады. Сондықтан да болар бұл мәселені криминология ғылымы жеке-жеке ажыратып қарамай «ұйымдасқан қылмыстылық» деп аталатын бір тақырып көлемінде зерттейді. Ұйымдасқан топтың және қылмыстық қауымдастықтың қылмысты әрекеттермен айналысуын сипаттайтын нормалардың мағынасындағы әлеуметтік қауіптілікті жеке ашуға болады. Ұйымдасқан топтың, қылмыстық қауымдастықтың әлеуметтік қауіптілігі біріншіден, бұл қылмыстық ниетті іске асыру тәсілдерінің тұрақтылық, ал қауымдастықта құрылымдылық белгілерін иеленетіндігімен, екіншіден, қоғамның әр түрлі жүйелеріне, мысалы мемлекеттік органдардың қызметіне зиянды түрде ықпал ете алатындығымен, үшіншіден трансұлттық немесе мұндай топтарда да халықаралық ымыраластық кездесетіндігімен, төртіншіден қоғам қауіпсіздігіне үрей тудыратындығымен, бесіншіден жай қылмысқа қатысушылыққа қарағанда мұндай қылмыстық топтардың мүшелері көбірек болатындығымен, алтыншыдан, осындай аса қауіпті қылмыстық топтар белгілі бір мемлекет аумағында өмір сүріп отырғандықтан халықтың мемлекетке деген сенімі мен сыйластығына теріс әсер ететіндігімен анықталады. Осындай сипаттама ұйымдасқан топты, қылмыстық қауымдастықты қылмыстық заңның өзінде қылмысты әрекет деп ғана емес, сондай-ақ ауыр қылмыс ретінде бағалауға негіз береді. Тұрақтылық, құрылымдылық тәрізді құқықтық және халыққа, мемлекетке теріс әсер ету сияқты әлеуметтік белгілердің қатар қолданылуының себебі, ол әлеуметтік тұрғыдан талдаудың кеңдігіне байланысты оның құқықтық белгілерінде қамти алатындығында немесе басқаша айтқанда, құқықтық белгілердің өзі де болмыста, қоғамдық өмірде бар белгілер болып табылады. Сондықтан да мұндай белгілер әлеуметтік талдаудың құрамына кіре алады.
Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында келтірілген қылмысқа қатысушылық түрлерінің әлеуметтік қауіптілігі жоғарыда аталған сипаттамалармен негізделеді, сонымен қатар ол қылмыстардың әрқайсысының өзіндік белгілеріне қарай да әлеуметтік қауіптілігін анықтауға болады. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 268 - бабындағы бандитизм қылмысының әлеуметтік қауіптілігі екі немесе одан көп адамдардың қатысуы, тұрақтылық, атылатын қарудың осындай топта болуы, шабуыл жасау мақсатында құрылуы түріндегі төрт белгісімен және қоғам қауіпсіздігін бұзатындығымен анықталады [6, 38б. ] .
Қылмысқа қатысушылық институтының қазіргі теориялық және практикалық мәселелерін зерттей отырып, бұл институттың алдағы дамуы қандай болуы мүмкін деген сұрақ қоюға болады.
Қылмысқа қатысушылық тақырыбын зерттеушілердің бұл институттың даму перспективалары қандай және ол қандай болуы керек деген арнайы ойлары әдебиеттерде кездеспейді. Біздің ойымызша қылмысқа қатысушылық тақырыбы бойынша алдағы өзгерістер осындай ұсыныстардың барынша сапалыларын қолдану түрінде және еліміздегі қылмыстық саясаттың бағытына сәйкес жүргізілуі мүмкін, себебі мұнан басқа өзгерістер тек шет елдердің қылмыстық құқығының негізінде енгізілуі мүмкін.
Қылмысқа қатысушылық институтының алдағы дамуына әсер ететін жағдайдың бірі, ол Қазақстан Республикасының Президентімен мақұлданған «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат туралы» Тұжырымдамасында ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша жауаптылықты қатаңдату туралы бағыт белгіленген [1] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz