Қылмыстың арнайы субъектісі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР.

КІРІСПЕ4

1 Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері. 6

1. 1. Қылмыс субъектісінің жалпы түсінігі және оның міндетті белгілері. 6

1. 2. Қылмыс субъектісінің жасқа байланысты белгілері. 12

1. 3. Қылмыстық құқықтағы қылмыс субъектісінің есі дұрыстық және есі дұрыс еместік мәселесі. 20

1. 4. Қылмыстың арнайы субъектісі. 28

2 Қылмыс субъектісінің арнайы мәселелері. 38

2. 1. Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі. 38

2. 2. “Қылмыс субъктісі” “қылмыскердің жеке басы” және “қылмыстық құқықтық қатынас субъектісі” ұғымдарының ара қатынасы. 47

ҚОРЫТЫНДЫ56

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 58

КІРІСПЕ

2014 жылы шілденің 3 жұлдызында ҚР ҚК қабылдаған ҚР қылмыстық құқығына және оның жеке нормаларына жаңа анықтамалар енгізіліп ғылыми және іс жүзінде көптеген әдістемелер өзгерді. Соның ішінде, айтарлықтай мөлшерде, қылмыс субъектісі мәселесін қамтитын қылмыстық құқық нормалары да өзгертілді.

Қылмыс субъектісінің түсінігін терең және жан-жақты зерттеп алмай қылмыстық заңнын жалпы және ерекше бөлімдері туралы мәселелерді айту керек емес. Мысалы, қылмыстың субъектісі жайлы толық және анық біліп алмай қылмыстық құқықтағы есі дұрыстықты, заңмен белгіленген жасқа толуын, шектеулі есі дұрыстықты, қылмыстың арнаулы субъектісін, жазаның мақсаты мен міндеттерін, жазаны жекешелендіру немесе жазадан толық босату, медициналық мәжбүрлеу шарасын қолдану, жеке қылмыстарды саралау туралы мәселелерді дұрыс және терең анықтау мүмкін емес.

Осыған байланысты қылмыс субъектісі мәселесі аса-маңызды болып табылады немесе құқық қолдану тәжірибесіне тікелей байланысты. Сонымен, қылмеспен күресу барысында, қылмыстық жауапқа тартудан бастап, жазаны орындағанға дейін - қылмыстық іс-әрекет жасаған айыпталушы адамның жеке басын анықтау міндетті және қажеттігі шарт болып табылады.

Қылмыс субъектісінің әлеуметтік-саяси және оның құқықтық белгілерін дұрыс анықтау судьяларға қылмысты дұрыс саралау үшін және жазаны дұрыс тағайындауға, қылмыстық іс-әрекеттің және қылмыс субъектісінің қоғамға қауіпті дәрежесін анықтау үшін маңызы зор. [1]

Бір тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін, заңда белгіленген сол тұлғаға байланысты қылмыс субъектісінің белгілері болуы қажет. Бұндай белгілерге адамның жасы және есінің дұрыстығы жатады. Есі дұрыстық пен есі дұрыс еместік түсінігі өзара тығыз байланысты және оған қылмыстық құқықпен соттық психиатрияда өте үлкен назар аударады.

Қылмыстық құқықта үлкен мәселелердің бірі қылмыстың арнайы субъектісі, бұл туралы ғылымда бір тұтас анықтама жоқ.

Кейбір жағдайларда адамды белгілі бір қылмыс үшін айыпты деп тану үшін, қылмыс субъектісінің белгілері (жасы, есі дұрыстық) жеткіліксіз. Сондықтан заңшығарушы қылмыс субъектісінің қосымша белгілерін белгілеген оларға, сол қылмысты жасағаны үшін белгілі бір шеңбердегі адамдар ғана жауапқа тартылады.

Қылмыс субъектісінің заңды белгілерін анықтау кейбір басқа да сұрақтарды шешу үшін жеткіліксіз болып табылады, бұған қылмыс субъектісінің саяси-әлеуметтік мінездемесі жатады. Қылмыс субъектісінің саяси-әлеуметтік мінездемесі қылмыс жасауға әсер еткен шарттармен себептерді анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл белгілер қылмыскердің жеке басының қоғамға қауіптілік дәрежесіне баға беруге, қылмыстық жазаның түрі мен оның мөлшері туралы мәселені шешу үшін немесе жазаны жекешелендіруге көмектеседі. Қылмыскердің жеке басына анықтама беріледі, әлеуметтік және биологиялық маңызы туралы мәселелері қарастырылады.

1 Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері.

1. 1. Қылмыс субъектісінің жалпы түсінігі және оның міндетті белгілері.

Қылмыс субъектісінің жалпы түсінігі және оның міндетті белгілері кез келген қылмыс - ол адамдардың қоғамға қауіпті іс-қимылдарының актісі. Сондықтан қылмыстық заңның талабы - қылмыстық іс-әрекет жасамау - бұл талап барлық жағдайда тек адамдарға ғана қойылады. Себебі, тек адамға ғана, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет, әрекетсіздік) жасап, қылмыс субъектісі бола алады. Қылмыс субъектісінің түсінігі мына сұраққа жауап береді: кім қылмыстық жауаптылыққа тартылады, егер қылмыстық заңда көрсетілгендей қылмыс жасалған болса.

Қылмыстық құқық қылмыс субъектісі мәселесін талқылауға өте үлкен назар аударады. Өйткені қоғамға қауіпті кез келген қылмыс, басқа да мән-жайларға байланысты (тәсіл, зардап, күнәнің формасы) қылмыскердің қауіптілігімен анықталады.

Профессор Н, Д. Дурмановтың айтуы бойынша, адам - ол белсенді күш. Осыған байланысты айта кететін бір жай, кез келген адам белсенді күш бола алмайды. Мұндай адамдарды өзінің психикасын басқара алатын адамдар ғана жатады. Өзінің психикасын дұрыс басқара білу адамға сыртқы дүниені дұрыс қабылдауға және оны танып білуге көмектеседі, соған байланысты ол өзінің мінез-құлқына критикалық жақындап, бастілі бір іс-әрекетін жасауға болатындығын немесе болмайтындығын түсініп біле алады. Егер адам қоғамға қауіпті іс-әрекет екенін біле тұра сол әрекетті жасаса, онда бұл адам қылмыстық құқық бойынша толық есі дұрыс және заң алдында жауапты болып табылады. [2]

Қылмыс субъектісі - бұл өмір сүруші және басқа адамдардың қоғамында қылмыстық іс-әрекет жасаған адам.

Қылмыстық құқық теориясы кез-келген қылмыстың субъектісі ретінде қылмыстық заңға сәйкес қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағаны үшін кінәлі және сол іс-әрекеті үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жеке тұлғаны айтады.

Бұған мынаны қосқан жөн, яғни кез-келген қылмысты субъектісі болып есі дұрыс және қылмыстық заң белгілеген белгілі бір жасқа толған жеке тұлға.

Орта ғасырлардағы сот тәжірибелерінен бізге көптеген оқиғалар белгілі. Мысалы, оларға мыналар жатады: бұқалардың адамдарды жаралауы; шошқалардың балаларды жарақаттауы; егін алқаптарын шегірткенің жоюы; қаздардың өсімдік ағаштарын бүлдіруі және т. б. 1474 жылы Базелде, жұмыртқа тауып аыаталғаны үшін әтешті өлім жазасына тартқан, бұл сол әтештің қанының таза еместігін дәлелдеген. 1593 жылы Ресейде Углич қаласында шіркеудің қоңырау соққышы халықтың көтерілісі кезінде қоңырау соққаны үшін мемлекеттік қылмыскер ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Сол қоңырау соққыш мылқаулатылып Сібірге №тобольск қаласына жіберілген. Францияда соңғы қылмыстық іс көр тышқандар мен тышқандарға қармы бидай алқабын бүлдіргендері үшін 1710 жылы болған.

Қылмыстық жауаптылыққа жануарлар мен заттарды тартқанды тек қателік деп түсіндіруге болмайды. Бұның барлығы феодалдық заманда қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаумен байланысты сипатталған. Бұндай іс-әрекеттер адамдармен де, жануарлармен де және кез келген заттардан да туындауы мүмкін еді. Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық түсінігін тек қана адамдарға ғана емес, сонымен қатар жануарларға, заттарға да қолданған.

Көптеген мемлекеттерде заңды тұлғаларды қылмыстық субъектісі ретінде қылмыстық жауаптылыққа тартуға жол берілмейді. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес заңды тұлғалар, жануарлар, табиғи күш қылмыс субъектісі бола алмайды. Мысалы., егер бір мекемеде еңбекті қорғау тәртібі бұзылса, жауаптылыққа мекеме емес, сол тәртіпті сақтамағаны үшін кінәлі жеке тұлға жауаптылыққа тартылады. Егер табиғи күштің әсерінен зардап туса, ол үшін де жеке тұлға жауап береді, егер сол адам осы зардаптың тууына кінәлі болса.

Заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығын бекіту, қылмыстық құқықтың негізгі қағидаларының бірі жеке басының жауаптылығы қағидасына қарсы келер еді.

Жаңа қылмыстық Кодексті талқылау барысында заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын бекіту туралы мәселе қарастырылған. Бұндай жаңа түсініктерді енгізу, әсіресе тәжірибелік қызметкерлерге маңызды қиындықтар туғызған. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығында заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы туралы түсінік мүлдем болмаған. БҰҰ-ның сотталғандарды басқару және қылмыстылықтың алдын алу туралы 1Х Конгресінде (30 маусым - 9 мамыр, 1996 ж., Кипр) заңды тұлғалардың экологиялық қылмыстары үшін жауаптылығы туралы мәселе қарастырылған. Осындай жауаптылығы бар мемлекеттердің өкілдері (мысалы, 1984 жылдан бастап Нидерландияда) Конгресстің қатысушыларына заңды тұлғаларға қылмыстық заңды қолданудың қиындықтарын айтып берген. Көптеген Жоғарғы сот инстанцияларының түсіндірулеріне, сонымен қатар онституциялар мен қылмыстық кодекстің нормалары аналогия бойынша қолдануға тиым салынғанына қарамастан, заңды тұлғалардың іс-қимылдарын, іс-әрекетпен зардапты себепті байланысын дәлелдеу, психологиялық күнәні және т. б. бекіту мүмкін емес. Заңды тұлғалардың жауаптылығын ең алғаш рет Франция мемлекетінің қылмыстық кодексінде жарық көрген Франция мемлекетінің өкілінің айтуы бойынша бір жылда заңды тұлғаға қатысты ірі экологиялық қылмыстық факті бойынша бір ғана қылмыстық іс қозғалған, бірақ оның ойы бойынша сот үкімі шығарылмауы мүмкін. Бұрынғы СССР-дың қылмыстық заңға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тек жеке тұлғалар ғана тартылған. Заңды тұлғалардың жауаптылығы болмаған. Сол уақыттағы қылмыстық заң қылмыс субъектісі бола алатын жеке тұлғалардың жауаптылығын және кәзіргі заңда белгіленгендей олардың белгілерін (жасы, есі дұрыстық) бекіткен.

Кез келген адам қылмыс субъектісі бола алмайды, тек қана заңда белгіленген белгілері бар адамдар бола алады (адамның жасы, есінің дұрыстығы) .

Есі дұрыстық адамның маңызды белгілерінің бірі, бұл белгі болмаса адамды қоғаға қауіпті іс-әрекет жасағаны үшін қылмыс субъектісі деп тани алмаймыз. Осы мағынада есі дұрыстық қылмыс субъектісін сипаттайтын құқықтық түсінік.

Есі дұрыстық, бәрінен бұрын, өзінің жасағанын түсінуінің мүмкіншілігі, өз іс-әрекетінің құрамы мен маңыздылығын түсінуі және зардаптың қауіптілігін танып білуі.

Осыған байланысты айтатын болсақ, есі дұрыс адам дегеніміз, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасау барысында өзінің іс-әрекетіне есеп бере алатын және оны басқара алатын адам.

Есі дұрыс деп тек қана психикалық дені сау адам ғана емес, сонымен қатар психикалық кемшіліктері бар адамдарда жатады, бірақ оларға міндетті түрде есі дұрыс емес деп танылатын психикалық ауыр науқастар жатпайды.

Есі дұрыстық түсінігі мен кінә бір-бірімен тығыз байланысты, себебьі қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағаны үшін адамға қылмыстық жаза тағайындау барысында есі дұрыстық пен кінә маңызды рол отқарады.

Қазақстан Республикасының жоғарғы өзінің жеке істері бойынша шешім шығару барысында, «егер айыпталушының психикасының дұрыстығына күмән туса, айыпталушының қалауынсыз сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау міндетті» деп бірнеше рет ескерткен.

Есі дұрыстықпен бірге адамның жасы қылмыс субъектісінің міндетті белгісі болып табылады. Белгілі бір жасқа толу, есі дұрыстық сияқты, адамның қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағаны үшін жауаптылық мәселесін шешу барысында міндетті шарттардың бірі болып табылады. Бұл жағдайда адамның жасы, қылмыстық іс-әрекет жасағаны үшін кінәлі және жауапқа тарту үшін қылмыс субъектісінің міндетті белгісі болып табылады. Адам, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағаны үшін заңда белгіленген жасқа толғанда ғана кінәлі болып табылады.

Адамның жасы деп оның физикалық және психикалық қасиеттерінің жетілу уақытын айтамыз.

Басқаша айқанда, адамның жасы дегеніміз адамның белгілі бір психикафизикалық қасиетімен құрылымы.

Кез келген психикалық дамыған адам белгілі бір жасқа толғаннан кейін өмірлік тәжірибеге ие болады, сыртқы дүниенің заңдылығын түсінеді және оның психикасында өмірге деген көз қарасы толық жетіледі.

Осы айтылғандарға байланысты қылмыстық құқыққа сәйкес қылмыс субъектісі болып, бойында негізгі екі қасиеті бар адам табылады, оларға:

1) қылмыстық іс-әрекет жасаған кезде адамның есі дұрыстығы;

2) заңға сәйкес қылмыстық іс-әрекет жасағаны үшін қылмыстық жазаны өтеу үшін адамның заңда белгіленген жасқа толуы жатады.

Адамның осы екі қасиеттері және олардың бір-бірімен тығыз байланыстылығы қылмыстық құқық бойынша қылмыс субъектісі түсінігін құрайды.

Осыған байланысты қылмыс субъектісі дегеніміз - есі дұрыс кезінде және заңға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту жасына толған, қылмыстық іс-әрекет жасаған жеке тұлға.

Тағы ескеретін бір жай, қылмыстық құқық адамдардың іс-қимылына көңіл аударуы қажет. Сондықтан қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықты адамның өзі жасаған іс-әрекетіне есеп беру мүмкіншілігі мен оны басқара алу мүмкіншілігімен байланыстырады. Осыған байланысты адамның жеке іс-қимылдарына заң жүзінде баға беру міндетті болып табылады.

Адамның іс-әрекетіне баға беру кезінде оның іс-қимылдарын мінездейтін, негізгі себептерін құрайтын сыртқы себептерімен бірге еркінің белсенділігі ескеріледі. Адам саналы ақза болғандықтан сыртқы дүниемен қарыс-қатынасын, өзінің сезімін, талабын түсінуі керек. өзінің сезімін түсінуі адамға сол сезімін басқаруға мүмкіндік береді және өзінің іс-қимылын реттеуге мүмкіндік береді.

Ойлау және еріктік қабылеті жеткілікті дамыған адам, талап етілетін қоғамдық тәртіпті сақтай алады және өзінің іс-әрекетін толық басқара алады. Осындай қабылеттері болғандықтан адам өзінің қоғаға қауіпті іс-әрекет пен іс-қимыл жасағаны үшін жауаптылыққа тартылады, себебі ол осы іс-әрекеттің салдарынан тұратын зардаптың ауырлығын түсінуге қабылеті бар.

Жоғарыда айтылған тұжырым қоғамға қауіпті қасақана іс-әрекет жасағаны үшін және қоғамға қауіпті абайсызда іс-әрекет жасағаны үшін де қолданылады. Қоғамға қауіпті қасақана іс-әрекет жасаған кезде адам іс-әрекетінің мағынасы мен зардапты түсінеді және белгілі бір қылмыстық мақсатқа жету үшін белгіленген құқықтық тәртіпті бұзуға белсенді қатысады.

Абайсыздықта қасақана жасалған іс-әрекетпен салыстырғанда, адам құқыққа қарсы іс-әрекет жасайтынын және қоғамға қауіпті зардабын туатынын түсінеді, бірақ бұл зардаптардың юболуын тілемейді, сонымен қатар бұл зардаптардың тууын жоққа шығарады, себебі ол белгілі бір қарама-қарсы күштер бұл зардаптарды туғызбайды деп ойлайды.

Адамның белгілі бір іс-әрекет жасау барысында менмендіктен өзін өзі дұрыс басқармауы, ұстанбауы және терең ойланбауы соның нәтижесінде қоғамға қауіпті зардаптың тууы қылмыстың абайсыздықта жасалуына жатады.

Қылмыс немқұрайлылықпен жасалғанда адам іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін түсінуге мүмкіндігі болады және оны түсінуі керек, сонымен қатар туатын зардапты да білуі керек және жүктелген міндеттеріне байланысты қауіпті зардаптардың тууына жол бермеуі керек.

Адам болып жатқан іс-әрекетке дұрыс баға беру үшін өзінің еріктік қабылетін күшейтпейді, өзіне жүктелген міндеттерін немқұрайлылықпен орындамайды, соның салдарынан өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін көре алмайды және жоя алмайды.

Осыған орай немқұрайлылықта, кінәнің басқа нысандарындағыдай адамның ойлау қабылеті мен еріктік қабылетінің белсенділігін көрсетуге болады, егер адам өз міндеттерін белсенді атқарса.

Қылмыс субъектісі болып тек қана белгілі бір іс-әрекетті жасаған адам ғана жатпайды. Сонымен қатар оларға ұйымдастырушылар, азғырушылар, итермелеушілер, яғни топтасып қылмыс жасаған тұлғалар жатады. Бірақ олар жасалған қылмыс емес өздерінің жасаған нақты іс-әрекеттері үшін ғана жауаптылыққа тартылады. Сондықтан сот жаза тағайындау барысында қылмыс жасауға қатысқан адамдардың қылмыс жасауға қандай мөлшерде қатысқанын анықтауға өте үлкен көңіл бөледі. [3]

Кез келген субъектінің дұрыс анықтау өз ара тығыз байланысты екі зерттеу аспектісінен тұрады. Біріншіден, заңды белгілерін бекіту, екіншіден, қылмыс субъектісінің саяси-әлеуметтік сипаттамасы.

Қылмыс субъектісінің негізгі немесе міндетті (адамның жасы, есі дұрыстық) және факультативтік (қайталанды, аса қауіпті рецидив және т. б. ) белгілері қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауапшылыққа тартылуы мүмкін екенін куәландырады. Бірақ бұлар қылмыскердің саяси-әлеуметтік жағдайын сипаттамайды. Қылмыс субъектісі белгілерінің жиынтығы бұндай жағдайды сипаттамайды, олар тек кана қылмыстық іс-әрекетті ғана сипаттайды. Қылмыстық құқық «қылмыс субъектісі» және «қылмыскердің жеке басы» түсініктерін бір біріне бағынышты емес деп бекітеді.

Қылмыс субъектісі - ол қылмыскердің жеке басын сипаттайтын белгілерінің аз мөлшерінің жиынтығы, онсыз қылмыс құрамы болмайды.

Қылмыскер, басқа да адамдар сияқты, жеке тұлға. Басқаша болуы мүмкін де емес. Ешқандай адамды, сонымен қатар қылмыскерді, басқа адамдармен қарым-қатынаста болмайды деп айту мүмкін емес. Адамға қай жағынан болса да, дұрыс немесе бұрыс сипаттама берсекте, ол бәрі бір жеке тұлға болып саналады.

Міндетті және факультативті белгілер қылмыс субъектісінің жалпы түсінігіне ғана қатысты. Қылмыс субъектісінің жалпы түсінігі қолданылады, бірақ заңдарда және кәзіргі кезде қылмыс құрамының жалпы түсінігі қолданылмайды. Сондықтан қылмыс субъектісінің жалпы түсінігі туралы ғана айтуға болады. Бұрын қолданылған қылмыстық заңда «қылмыс субъектісі» түсінігі болмаған. Онда мынандай түсініктер болған, мысалы, қылмыс жасаған адам (ст. 3), аса қауіпті рецидивист (ст. 23-7), айыпты (ст. 34), жаза өтеуші адам (ст. 63-1), лауазымды тұлға (ст. 143) .

Бірақ тәжірибеде қылмыс субъектісі ( түсінігі әр бір қылмысты саралау барысында кең қолданылады.

Тергеуші, сот, прокурор қылмыстық істі қозғау барысында болмасада (ол қылмыстық оқиға бойынша да қозғалуы мүмкін) алдын ала тергеу және сот талқылауы барысында қылмыс субъектісінің бар немесе жоқтығын, сонымен қатар оның белгілерін жан-жақты зерттейді.

Есі дұрыс, қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңда белгіленген жасқа толған жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады.

Қылмыс субъектісінің нышандары Қазақстан Республикасының ҚК-нің 14 бабында көрсетілген. ҚК-тің 14 бабының бірінші бөлігінде былай делінген: «Есі дұрыс, қылмыстық заңда белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс».

ҚК-тің 14 бабының екінші бөлігінде қылмыстық заңның аса маңызды принциптерінің бірі азаматтардың заң алдында алдында тең екендігі заң жүзінде де бекемін тапқан: «Қылмыс жасаған адамдар шығу шегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдынеда бірдей». Бұл принцип сонымен қатар конституциялық та болып табылады, себебі Қазақстан Республикасы Конституциясының 14 бабына негізделген.

Тек жеке адам ғана қылмыс субъектісі бола алады. ҚК-тің 14 бабының 1-ші бөлімінде айтылған жеке адамдар дегеніміз - ҚР-ның азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетел азаматтары, бұл қылмыстық клдекстің 6 және 7 баптарының мазмұнынан туындайды.

Қылмыс субъектісі ретінде тек жеке тұлғаларды тану - заңды тұлғалар және мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар, партиялар, қоғамдық бірлестіктер қылмыс субъектісі бола алады деген мағына береді.

Қылмыс субъектісінің қажетті нышандарының бірі - қылмыс жасаған адамның есінің дұрыстығы.

Есі дұрыстық - қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті әрекетті жасаған кезде адамның өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты және қоғаға қауіптілігін ұғынып, соған ие болу қабілеті.

Есі дұрыстық - адамды қылмыстық жауапқа тартудың және оны жазалаудың қажетті шарты болып табылады.

Қылмыстық заңның нормалары, әрқашанда, төңірегіндегі жағдайды дұрыс пайымдап, өз әрекетінің маңызын түсіне алады, оған ие болу қабылеті бар, психикасы қалыптан ауытқымаған адамдарға бағытталады.

Мұндай қабылеті жоқ адамдар психикасы бұзылғандықтан өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғына алмайды, әрекетіне ие бола алмайды, сондықтан олар есі дұрыс емес деп танылады, қылмыстық жауапқа тартылмайды (ҚК-тің 16-бабы) .

Қылмыс субъектісінің есі дұрыстықтан басқа міндетті нышандарының бірі - қылмыс жасаған кезде адамның заңда белгіленген жасқа толуы. өз іс-әрекетін дұрыс бағалау, жасаған әрекетінің әлеуметтік маңыздылығын ұғыну, әрекетіне ие болу қабылеті белгілі бір жаста пайда болады, ол кезде адам есейеді, адамгершілігі дамиды, рухани өседі. Кәмілетке жетпегендер (14 жасқа) мұндай қасиеттер болмайды, сондықтан олар қылмыс субъектісі деп танылады.

Есінің дұрыстығы және адамның қылмыстық заңда белгіленген жасқа толуы қылмыс субъектісінің жалпы заңды нышандары болып табылады, олар қылмыстардың барлық құрамдары үшін міндетті, бұлардың біреуінің болмауы әрекетте қылмыс құрамының жоқ екендігін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың субъектісінің ұғымы, белгілері және квалификациялаудағы маңызы
Қылмыстың субъектісінің ұғымы, белгілері және квалификациялаудағы маңызы туралы
Лауазымдық қылмыс субъектілері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнайы субьектісі
Қылмыстық субъект
Арнайы субъектінің белгілері
Қылмыс құрамының түрлері
Қылмыстық заң субьектісі
Қылмыстық құқық жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz