КОРПОРАТИВТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
САУДА УНИВЕРСИТЕТІ
Қабылбекова Асем Болатқызы
КОРПОРАТИВТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК: ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ (КОРПОРАЦИЯ МЫСАЛЫНДА)
6М050600 - Экономика
Экономика және бизнес магистрі академиялық
дәрежесін алу диссертациясы (жобасы)
Ғылыми жетекші:
Экономика ғылымдарының
докторы, доцент Галиева А. Х.
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ
«Экономика» кафедрасының меңгерушісі м. а., э. ғ. к., профессор м. а.
Бақтымбет А. С .«» 20___ж.
Астана, 2017 жыл
МАЗМҰНЫ
Осы диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер қолданылған:
- Әлеуметтік жауапкершілік саласын сертификаттау үшін Халықаралық Еңбек Ұйымының ұсынымдары негізінде әзірленген, SA 8000 "Social Accountability - әлеуметтік есептілігі" стандарты;
- ВОК КӘЖ стандарты - 2007 "Ұйымның әлеуметтік жауапкершілігі. Талаптары»;
- ISO 26000:2010 Guidance on social responsibility стандарты (Әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі басқарма) .
Осы диссертацияда сəйкес анықтамалармен берілген келесі терминдерді қолданады:
- Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік-қоғам міндеттерінің жиынтығын тұрақты қарастыратын, қоғамды дамыту ерекшелігі мен деңгейіне жауап беретін, негізгі мүдделі тараптардың қатысуымен өз еркімен және келісімді дағдыланатын, негізінен қоғам қаражаты есебінен орындалатын және ішкі мен сыртқы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған жүйе.
- Корпоративтік әлеуметтік бағдарлама - әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы қызметті жүзеге асыратын ерікті түрде байланысқан, ол бизнесті жүргізу сұрау салуларды шешуге бағытталған және Компания қызметіне мүдделі тараптардың қанағаттандыру стратегиясы мен миссиясы.
- Қайырымдылық қызметі - азаматтарға немесе заңды тұлғаларға мүлікті, ерікті түрде риясыз (өтеусіз немесе жеңілдікті шарттарда) беру бойынша жұмыстарды орындау, өтеусіз қызметтерді ұсыну, ақша қаражатымен қолдау көрсету бойынша компанияның қызметі.
- Ұжымдық шарт - кәсіпорындағы әлеуметтік еңбек қатынастарын реттейтін, сондай-ақ жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен жеңілдіктер мен кепілдіктер бекітетін құқықтық акт.
- Еңбектің қауіпсіз жағдайлары - еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері осы ықпал етудің деңгейді немесе алып тасталған, гигиеналық нормативтер.
- Корпоративтік миссия- әдетте объективті өлшемге қиын берілетін жеткілікті жалпы түсінікте көрсетілетін ұйымның жалпы мақсаттарының тұжырымдамасы.
- Әлеуметтік немесе қаржылық емес есептілік-қоғамның, аумақтың, елдің дамуына қоғамның нақты үлесі туралы ақпаратты анықтау, бағалау, бақылау және жариялау.
- Қызметкерді дамытудың жеке жоспары - қызметкерлердің кәсіптік дағдылар деңгейі мен құзіретін арттыруға бағытталған оқыту шараларының тізбесі.
КӘЖ- корпоративті әлеуметтік жауапкершілік
БӘЖ-бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
ӘЖ-әлеуметтік жауапкершілік
БАҚ-бұқаралық ақпарат құралдары
АҚ-акционерлік қоғам
ЖШС-жеке шаруашылық серіктестігі
ҰК-ұлттық компания
ТМД-Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
EURAM- European Academy of Management
(Еуропалық басқару Академиясы)
SSRN - Social Science Research Network
(Әлеуметанудың ғылыми-зерттеу желісі)
WBCSD- World Business Council for Sustainable Development
(Тұрақты дамудың әлемдік іскерлік кеңесі)
EABIS-European Business Ethics Network
(Іскерлік этикасының еуропалық желісі)
СSR- Corporate Stakeholder Responsibility
(Мүдделі тараптың корпоративтік жауапкершілігі
КДД - Корпоративтік даму департаменті
ТБД - Техникалық бақылау департаменті
ҚБЕД - Қаржы және бухгалтерлік есеп департаменті
ЛД - Логистика департаменті
ҚБ - Қауіпсіздік басқармасы
ҚБ - Қызметшілермен жұмыс басқармасы
ӘД - Әкімшілік департаменті
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі . Қазіргі кезде барлық әлем елдерінде әлеуметтік жауапкершілік мәселесіне аса назар аударылуда. Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік тақырыбының өзектілігі, кәсіпорындарда корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын анықтау, оны кәсіпорындарда іске асыру, дамыту болып табылады. Еліміздегі ірі кәсіпорындарда корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің рөлі және тәжірибесі.
Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік ұғымы өте терең. Бұл ұғымға қайырымдылық пен демеушіліктен бастап, экология, жергілікті қауымдастықпен қатынас, дағдарыс кезінде көмек көрсетуге дайын болу, сапасы жоғары тауар өндіру, сондай-ақ қоғам мүшелерінің заман талабына сай өмір сүруіне қатысты басқа мәселелердің барлығын да жатқызуға болады. Яғни, балалардың балабақшалармен жеткілікті қамтылуы, оқушыларымыз бен студенттеріміздің мектептер мен жоғары оқу орындарында сапалы білім алуы, кәсіпорындарымыздың жаңа технологияларға сай жарақтандырылып, ондағы еңбек қауіпсіздігінің күшейтілуі, елді мекендеріміздің экологиялық жағдайы және т. б. осы сияқты қадау-қадау факторлардың бәрі де айналып келгенде халықтың әлеуметтік ахуалын сипаттайтын, осыған жалпы әсерін тигізетін жағдайлар.
Мемлекетіміздің экономикасының мүмкіндіктеріне қарай, халыққа әлеуметтік қамқорлықтың деңгейі әр кезеңде әртүрлі жағдайда болған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл мәселе өте ауыр болды. Бірақ, соңғы он жылда мемлекеттің адам капиталының даму дәрежесін көрсететін білім мен ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау салаларына жұмсап жатқан қаражатының сегіз есе өсуі бұл бағытта жасалынып жатқан ауқымды жұмыстың қарқындылығын көрсетеді. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы саясатының нәтижесінде жыл сайын республикамызда әлеуметтік міндеттемелер қомақты бола түсіп, біз ТМД мемлекеттері арасында көшбасшылар қатарында келе жатырмыз.
Алайда мына Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында тағы да қарастыратын мәселелеріміз алда. Соның ең маңызды мәселелерінің бірі - халықтың әлеуметтік жағдайы. Менің қарастыруға ұсынып отырған тақырыбым -Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік: тәжірибесі мен даму болашағы. Осы тұрғыдан алғанда зерттелетін тақырып өткір де өзекті мәселе болып табылады.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы , Қазақстандық белгілі кәсіпорындардың тәжірибелерімен танысып, зерттеу.
Жұмыстың мақсаты - Кәсіпорындарда корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің жүзеге асырылуын зерттеу. Оны дамыту жолдарын анықтау. Қазақстан Республикасы өз алдына мемлекет болып, нарықтық экономикаға көшкенімізден бері, елімізде таңдалынып алынған тақырыптың зерттелу деңгейі әлі де төмен деңгейде. Сол себепті, осы тақырыпты ашу мақсатында келесідей міндеттерді қоямыз:
- Корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің теориялық аспектілерін қамтамасыз ету;
- Корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің Қазақстандық кәсіпорындардағы тәжірибесі;
- Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті дамыту жолдары.
Тәжірибелік маңыздылығы. Диссертациялық зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы Қазақстандық белгілі бір кәсіпорындарда тәжірибе өтіп, сол жерден алған тәжірибемді диссертациялық зерттеуде көрсету.
Зерттеу жұмысының деректік базасы. Зерттеу жұмысын жазуда бірнеше дерек көздері пайдаланылды. Олардың бөлінуі келесідей:
Деректердің бірінші тобына ұлттық, трансұлттық компаниялардың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік туралы жыл сайынғы есептіліктері, ресми құжаттар, Қазақстан Республикасының Жеке кәсікер жөнінде Заңы .
Деректердің екінші тобына әлеуметтік желіде, бұқара ақпарат құралдарының ресми сайттарында, басқа да газет, журналдарда жарияланған мақалалар жатады.
Деректердің үшінші тобына Президентіміздің, кәсіпкерлердің, үкімет мүшелерінің республикалық форумдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеген сөздері жатады.
Осы аталған деректер зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігін анықтайды және мағынасын ашады.
Зерттеу нысаны: Қазақстан Республикасының Ұлттық компаниялары.
Зерттеу пәні: Ұлттық компаниялардағы корпоративті әлеуметтік жауапкершілік қызметі.
Зерттеу мақсаты: Қазақстанның Ұлттық компанияларының корпоративті әлеуметтік жауапкершілік деңгейін талдау арқылы теориялық және практикалық негізде сипаттап көрсету.
Зерттеудің әдістері : Зерттеуде салыстырмалы және талдау әдісі пайдаланылады.
Жұмыстың құрылымы. Диссертация кiрiспеден, үш тараудан, қорытындыдан, əдебиеттер тiзiмiнен жəне екі қосымшадан тұрады. Диссертациялық жұмыстың орташа көлемi 45 беттi құрайды. Диссертациялық жұмыс 3 суреттен, 4 кестеден жəне 20 əдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Әлеуметтік жауапкершіліктің теориялық негіздері
- Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің мағынасы мен мәні
Корпоративтік жауапкершілік туралы ұғымды мемлекеттік органдарда, бизнесте, үкіметтік емес ұйымдарда және қауымдастықтар өздерінше айқындап, өздерінше түсінеді. Корпоративтік жауапкершілік түсінігінің «корпоративтік азаматтық», «тұрақты даму», «бизнес жауапкершілігі», «әлеуметтік жауапкершілік» секілді қанша тұжырымдамалары болса, соншалықты атауға да ие - бәрінің негізінде бизнесті жүргізу құқығы үшін қажетті әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілерінің есепке алу сияқты үш бірлікті қағидалары бар екендігін көрсетеді. [1]
Соңғы жылдары корпоративті әлеуметтік жауапкершілігі деген түсінік кеңінен тарап келе жатыр, бірақ та оны қоғам қайырымдылық шаралары ретінде қабылдайды . Қайырымдылық немесе филантропия компанияның немесе кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігне кіретін бір ғана бөлімі. Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік - бұл кәсіпорын немесе компания өз бизнесін жүзеге асыру барысында, ең алдымен, қоғамның мүддесімен санасу керектігі және қызмет көрсетіп отырған тұтынушылары мен компания қызметкерлері, мердігерлері мен акционерлері, сонымен қатар өзге де стейкхолдерлер алдындaғы жауапкершілікті сезіне білуі тиіс екендігі туралы бекітілген тұжырымдама болып саналады.
Кәсіпорындардың халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, барлық салықты төлеп отырғанын әлеуметтік жауапкершілік деп санауы жоғарыдағы тұжырымдамаға мүлде сәйкес келмейді. Бастысы мәселе, КӘЖ кәсіпорындардың заңды мүлтіксіз орындауымен ғана шектеле қоймайды, олар өз еріктерімен белсенді түрде қоғамның қызығушылығын арттыруы тиіс. Одан табыс аз мөлшерде төмендеуі мүмкін, оның есесіне кейін компания түрлі әлеуметтік құбылыстарға төтеп бере алатындай күш-жігер жинайды. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, банкротқа ұшырап, бизнес жоспарларын іске асыра алмаған кәсіпорындардың көбі кезінде қоғам мүддесінен өз пайдасын жоғары қойғандар екен. Оған Қазақстаннан мынадай мысалдар келтіре аламыз: Меніңше, қазір сәнге айналған CSR-ден (корпаративті әлеуметтік жауапкершілік) гөрі, Corporate Stakeholder Responsibility (стейкхолдерлер алдындағы корпаративті жауапкершілік) деген дұрыс сияқты. Өйткені, егер акционерлердің мүддесіндегі антагонисті қайшылықты (жұмысшылар құқығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, халық денсаулығы болсын, қай сала болмасын, аз шығын шығарып, көп табыс табуға құштарлық) ортақ мүдделер біріктірмесе, компания немесе кәсіпорын ішінара және қоғамда дағдарыстан құтыла алмайтын болады деп ойлаймын. [2, 3]
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік - бұл жай ғана тұжырым емес, біз күнделікті қызметімізде ұстанатын бизнесті жүргізу тәртібі. Әлеуметтік жауапкершілік принциптерін сақтау компанияның тек жоғары басшылығы үшін ғана емес, барлық қызметкерлері үшін де айрықша құзірет болып табылады. Істі жүргізудің мұндай стилі жұмыстан қанағаттанушылыққа әкеледі және барлық тараптар - үкімет, жұмысшылар және оның отбасы мүшелері, тұтынушылар, жергілікті қауымдастықтар және акционерлер үшін пайдалы. Қазіргі уақытта елімізде көптеген адамдар тек шикізат ресурстарын өндіруге негізделген даму үлгісі ел үшін қолайсыз екендігін анық түсіне бастады, соған байланысты қоғам алдына қазіргі заман талабына сай әлемнің бәсекеге қабілетті және табысты ұлттарының қауымдастығына кіру мақсаты тұр. [4]
European Academy of Management (EURAM) ;
Academy of Management
Social Science Research Network (SSRN) ;
CSR Center
European Business Ethics Network
Kazakhstan Public Private Partnerships Center;
Kazakh-British Chamber of Commerce ;
European Academy for Business in Society (EABIS) ;
International Labour Organization;
World Business Council for Sustainable Development (WBCSD) ;
Fridtjof Nansen Institute
Сурет 1 - Кортпоративті әлеуметтік жауапкершілікпен шұғылданатын ұйымдар
Сурет 2 - Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің деңгейлері мен өлшемдері
Кесте 1 - Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің жіктелуі
БӘЖ:
- Шағын
- Орта
- Ірі
Жалпы:
тура міндеттерін орындау
Ерекшеліктері:мүмкіншіліктер мен әлеуметтік бағдарламалардыжүзеге асырудың масштабы
Кәсіпорынадағы, фирмадағы азаматтық капиталдың іскерлік тәжірибесі:
- Еңбек қауіпсіздігі
- Жалақы төлеміінің тұрақтылығы
- Әлеуметтік маңызы бар жалақыны қолдау
- Қызметшілерді қосымша медециналық және әлеуметтік сақтандырулар
- Оқу бағдарламалары және біліктілікті көтеру және дайындау бағдарламалары
Жергілікті қауымдастықты, жалпы қоғамды дамытудың іскерлік тәжірибесі.
- Тауарлар мен қызметтерді тұтынушылардың алдындағы жауапкершілік (сапалы өнім шығару) .
- Қоршаған ортаны қорғауға ат салысу
- Демеушілік және қайырымдылық
- Жергілікті қауымдастықпен және жергілікті билікпен қарым-қатынас
- Кризистік жағдайларға қатысуға дайын болу
Екінші деңгей-фирмаішілік әріптестік қарым-қатынастарды дамыту
Үшінші деңгей-бағдарламалар және қызметі кәсіпорынның шегінен шығатын әрекеттер болып табылатын бағыттар
Төртінші жоғарғы деңгей-бизнес құрылымдардың өз еркімен қайтарымсыз қайырымдылық, демеушілік қызметі.
Масштабы
бойынша
БӘЖ:
микро деңгей
мезо деңгей
макро деңгей
Кәсіпорын, фирма деңгейіндегі жауапкершілікті қарастырады.
Аймақ деңгейіндегі жауапкершілікті қарастырады.
Мемлекет және әлемдік қауымдастық деңгейіндегі жауапкершілікті қарастырады
Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік - бұл кәсіпорын өз бизнесін жүргізгенде, ең алдымен, қоғамның мүддесімен санасу керектігі және қызмет көрсетіп отырған тұтынушылары мен кәсіпорын қызметкерлері, мердігерлері мен акционерлері, сонымен қатар өзге де стейкхолдерлер алдындaғы жауапкершілікті сезіне білуі тиіс екендігі туралы анықтама.
- Әлеуметтік жауапкершіліктің ұйым қызметіндегі маңыздылығы
Ұйым қызметіндегі әлеуметтік жауапкершілік - қызмет сапасының кепілі. Заңнама, шарт келісімдер, іскерлік және әдептік ұстанымдардың талаптарына сәйкес алынған міндеттемелер бойынша жауапкершілік болып табылады. Компанияның әрбір қызметкері ұсынылатын қызмет үшін клиенттер алдында үлкен жауапкершілік алады. Өз кезегімен, компания өзінің клиенттері мен серіктестерден дәл сондай жауапты болуларын күтеді. Оған қоса, компания мемлекет және қоғамның алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді.
Компания үшін нәтиже қана емес, сонымен бірге оларға қол жеткізу тәсілдері маңызды. Компанияның корпоративтік әлеуметтік саясатының маңызды қағидаты, әлеуметтік жауапкершілік қағидаттары болып табылды, ол үшін Компания: толықтай алғанда азаматтық қоғамның мүддесін есепке ала отырып, өзінің
• стратегиясын қалыптастырады; заңнамына сақтаайды;
• көпшілік қабылдаған моральдық-этикалық нормаларды ұсынады;
• адамның құқығын құрметтейді;
• өзінің қызметіне мүдделі тараптардың-акционерлердіңғ қызметкерлердің,
• әріптестердің, тұтынушылардың, компания қызмеі мен қандай да бір байланыса бар өзге де әлеуметтік топтардың мүдделері балнсын қамтасыз етуге ұмтылады; табиға ресурстарды неғұрылым ұқыпты пайдалануға және халықтың
• тіршілік жағдайларын жақсартуға ұмтыла отырып, Келешек ұрпақтың мүдделерін ескереді; Компания қызметкерлерінің қауіпсіздігінің қамтамасы ету және
• денсаулығын сақтау бойынша бірізді жұмыс атқарады. [5]
Корпоративтік құндылықтар мен стандарттар Компания жетістігінің маңызды құрылымы болып табылады. Олар көрсетілетін қызмет сапасының және компанияның сенімділігінің кепілі болып табылады.
Қызметкелерге қатысты Компания өзінің жауапкершілігіне келесі міндеттемелерді алады:
- жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекақы жүйесін бекіту және ашық сайыс негізінде, жыныстық, қызметкердің жеке қасиеттерін, білімділігін, шеберлігін басшылыққа алып, жыныстық, нәсіл, саясаттық, діни және өзге тәрізді себептерді есепке алмай, қызметтік мансаптың өсуіне мүмкіндік жасау;
- Компания үшін маңызды болатын қызметкерлердің бастамашылық ойлары мен ұсыныстарын бағалау және қолдау көрсету;
- Компанияның ішкі құжаттарына, еңбек шарттарына сәйкес еңбекақы бәсекелестік қабілетті жүйесін ұйымдастыру, жалақының уақытында төленуін қамтамасыз ету;
- қолданыстағы заңнамамен көзделген еңбек қорғауы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметкердің кәсіптік өсуіне, оның жеке қауіпсіздігіне ықпал жасайтын кепілді шараларды қамтамасыз ету; заңнамамен көзделген шектерінде қызметкерге қатысты құпилық ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету; заңнамада бекітілген мөлшер мен тәртіпте жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырылуын қамтамасыз ету;
- қызметкерлерге қатысты әділ де шынайы көзқарасты қамтамасыз ету, шиеленіс жағдайларды және қызметкерлердің өз міндеттерін сақтамау дәйектерді тексеру негізінде қарастыру;
- туындайтын мәселер бойынша осы немесе өзге жағдайларға байланысты тікелей немесе одан жоғары басшыларға еркін түрінде баяндауға, сондай-ақ заңнама, Компанияның ішкі құжаттары және кодекс бойынша болуы мүмкін немесе анықталған бұзушылық жөнінде хабардар етуге мүмкіншілік жасау;
- лайықты жағдайлармен қамтамасыз ету және оқу және оқытудың әр түрлі тәсілмен өзіндік білімін көтеруін қолдау ( тәлімгерлік, ротациялар, қашықтан оқыту, корпоратив семинарлар, магистратура, Қазақстан Республикасы шегінде және шет елде өткізілетін семинарларға, дӛңгелек үстелдерге қатысу, тәжірибе алмасу, қазақ және ағылшын тілдерді оқуын ынталандыру және т. б. ) ;
- еңбек заңнаманың өзге талаптарды, еңбек шарттардың талаптарын сақтау. [6]
Сурет 3 - Ұйымдағы әлеуметтік жауапкершілікті жүргізу ұстанымдары
Ұйымдағы корпоративтік басқару әділдік пен шындыққа және жауапкершілік пен айқындылыққа, сондай-ақ кәсібилік пен біліктілікке негізделуі тиіс. Ұйым әлеуметтік жауапкершілікті толық жүзеге асыру үшін келесі мақсаттарды жүзеге асыра білу керек:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz