Шегрен ауруы, Россолимо-Мелькерсон-Розенталь ауруы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Шегрен ауруы, Россолимо-Мелькерсон-Розенталь ауруы.

Дисциплина: Неврология

Кафедра: Неврология, психиатрия және наркология

Факультет: Стоматология

Курс: 3

Топ: 302

Орындаған: Кушмагмабетов Т. Д

Тексерген: Сариманов С. А

Ақтөбе 2019

Жоспары:

1) Кіріспе

2) Негізгі бөлім

А) Шегрен синдромы этиологиясы, патогенезі, ауру ағысы, емі

Б) Меркельсон-Розенталь этиологиясы, патогенезі, ауру ағысы, емі

3) Қорытынды

Кіріспе

Тарихы
Швециялық Шегрен деген көз дәрігері 1933 жылы осы синдромды ашқан. 1965 жылы осы жалпы синдромның ішінен Шегрен ауруы бөлініп шықты.
Шегрен синдромын, басқашалап ауыз, көз қуыстарының құрғақтық синдромы да деп атайды, көбінше 40 жастан асқан әйелдердерде етек кірі тоқтаған, менопауза дәүірінде ұшырайды. Аналық бездері гиперфукция болған жас әйелдерде де болуы мүмкін. Бұл синдром көп ревматизмдік ауруларда да ұшырап тұрады. Олар: склеродермия, түйінді периартереит, саркоидоз. Медицина статистикасына сүйенсек, бұл синдром 25% ревматойдты артриттерде, 10% коллагендік аурулармен, 50-100% аутоиммун бауыр ауруларында кездеседі.

Мелькерсон -Розенталь синдромы. 1928 жылы Melkersson бет нервісінің рецидивтеуші салдануы (парезі) және ерін ісінуі бар науқасты сипаттады. 1931 жылы Rosenthal бұл аурудың үшінші симптомын - қатпарлы (складчатый или скротальный) тілді енгізді. Lucher бет нервісінің невриті, беттің ісінуі және қатпарлы тілмен сипатталатын ауруды Мелькерссон-Розенталь синдромы деп атауды ұсынды. Француз дерматологтары Mouly және Vaillont айтуы бойынша берілген синдромға тән үш симптомды 1901 жылы орыс невропатологы Г. И Россолимо атап көрсеткен екен, Сондықтан көптеген дерматологтар “Россолимо-Мелькерсон. Розенталь синдромы” атауын қолданады.

Негізі бөлім

Шегрен ауруы Этиологиясы
Келіп шығуы белгісіз, бірақ осы аурудың келіп шығуында генетикалық бейімділіктің маңызы бар.
Патогенез
Шегрен ауруы аутоиммунды, оның ішінде иммунды-кешенді сырқаттар қатарына жатып, ревматизмдік аурулар тобымен бірге дамиды. Осы ауруларды шақырушы себептердің Шегрен ауруына қатысы бар.
Ауру ағысы
Бұл ауру көктемде күзде қозып тұруы мүмкін.

Белгілері
Бұл симптомокомплексте экзокрин бездердің жұмысының бұзылуы мен аутоиммун аурулардың белгілері араласып келеді. Экзокрин бездер дене сыртына немесе ішіне секрет ажыратып тұрады.
Олар: сілекей, тері, көз жас, кын(влагалище) бездері. Синдром Шегреннің симптомдары қайсы ағза ауырғанына қарап сол ағза аурулары болып бөлінеді. Құрғақ кератоконьюктивитте коньюктива мен кератос кабықтары қабынады. images.jpg Шегрен ауруында организмдегі барлық шырышты қабықтар құрғап, сол жерде қабыну процесі дамиды. Осы ауруға өте тән белгілерге көз қабықтарының қабынуы кератоконьюнктивит, ауыз қуысының қабынуы-ксеростомия кіреді. Өздерінен секрет бөліп шығарушы сөл, өңеш, асқазан бездерінің стромасында лимфоциттерден, плазмалы клеткалардан құралған сіңбелер көрінеді. Осы жердегі лимфоциттердің Т-хелперлерге жататыны анықталған. Бірте-бірте без эпителиі семіп, жойылып, оның орнын дәнекер ткань басады. Осыған байланысты 5-6 жыл ішінде бездер қызметі бұзылып, шырышты қабықтар құрғап қабыну процесі басталады. Бауырда лимфоидты сіңбелер және холангит, бүйректерде аралық немесе иммунды-кешенді нефрит, буындарда -артрит, лимфа бездерінде -гиперплазия және т. б. өзгерістер дамиды.
Шегрен синдромы ревматоидты артрит және жүйелі қызыл волчанкада кездеседі.
Емдеу
Мысалы : ауыз куысының микробты ауруларының диагностикасына арналған иммунобиологиялық препараттар, алдын алу, емі.
Микробтық биопрепараттарды соматологиялық тәжірбиеде қолдану мәліметтері отандық және шетел әдебиеттерінде өте аз берілген.
Өткен ғасырдың 70-80-жылдарында сүт қышқылды лактобацилла жүзгінін стоматитті емдеуде қолданып жақсы нәтиже алынған. Стоматит және гингивит кезінде ацидофилды лактобацилла препараттарын тағайындау тиімді екендігі анықталды. 90% науқастарда микробиологиялық және клиникалық оң динамика болды, сонымен қатар 73 %-ында лактобацилла құрамы қалпына келді, энтерококк пен алтынды стафилококк бөлініп шығуы жиілігі 2 есеге төмендеді, емдеу нәтижесінде бірде-бір науқаста ішек таяқшасы мен @-гемолитикалық стрептококк табылған жоқ .
Ауыздың кілегей қабығының кандидозын ауыз қуысының микрофлорасы мен жергілікті иммунитет факторларына биоспорин эубиотигі пероралді беру аркылы қолданылған. Емнен соң ауыз қуысының кілегей қабығының барлық биотоптарында микробтық көрініс қалпына келгендігі байқалған.
Биоспорин Шегрен ауруын емдеу кешенінде қолданылады. Биоспорин ауыз қуысының микробтық көрінісін препарат құрамына кіретін патогенді микрофлора В. зиЬііІіз бактериясын ығыстыру арқылы жақсартады. Биоспоринді қолданған кезде түкіріктің лизоцимдық белсенділігі артып, секреторлы иммунды глобулин А молшері көбейіп, тұкірік бөліну жылдамдығы артады.
Ауыздың кілегей қабығының ауруларын емдеу кешенінде микробиоценоздың бұзылуын қалпына келтіру және коррекция жасау шараларын жұргізу қажет. Ауыз қуысының кілегей қабыгының тұрлі ауруларында мирофлораны коррекция жасау ұшін бактериялық терапия қолданыланды. Глосситтің әр тұрлерінде және глоссалгия кезінде аутофлораның лактобациллярлық тізбегі анағұрлым төмендеуі не болмаса мұлдем жоқ болатындығы анықталған. Ауыз қуысының некрозды-ойық жаралы стоматиті кезінде тек анаэробты флора басым тұседі (фузобактериялар, спирохеталар, бактероидтар,
актиномицеттер), лактоба-циллалар мұлдем болмайды. Ауыз қуысының дисбактериозы кезінде, осы аурудың 100 %- ында, лактобацилла туыстастығыныц өкілдері қатты өзгеріске ұшырайтындығы байқалған. Бактериалык препараттармен емнің бірінші курсын өткізгенде клиникалық және бактериологиялық әсер ететіні анықталған, оның әсер ету дәрежесі бастапқы гистатологиялық процестің ауырлығы мен дисбактериоз айқындылығына байланысты.
Созылмалы рецидивті афтозды стоматитті ацилактпен емдеген кезде ауыз қуысының мирофлорасын қалыпқа келтірумен қатар лакто- және бифидобактериялардың өніп шығуы көбейетін ішек бактериоценоз құрамының оңға ығысуына әкеледі.
Жайылма пародонтиттің жеңіл және орташа ауырлықтағы тұрлерін емдеу ұшін ацилакты жергілікті қолданған кезде ауыз куысының микробты көрінісінің қалпына келетіні анықталған. Пародонтиттің орташа ауырлығы кезінде тұкіріктің бөліну жылдамдығы 3, 02 +0, 22 ден 3, 76x0, 24 мл/мин-қа артады. Пародонтитгің жеңіл тұрімен ауыратын науқастарды емдеу әсерінен пародонталды қалталардыңтереңдігі бір жыл ішінде 2, 76х0, 05тен 2, 15x0, 02 мм-ге азайғанын растайды. Пародонтаның жеңіл және орташа дәрежесін эубиотик ацилакпен емдеген кезде пародонталды қалталардың микрофлора құрамы қалыпқа келіп, шартты патогенді штамм өкілдері элиминацияланады және ауыз қуысының биоценозы қалпына келеді. Трихополдың емдік әсері ацилак қолданған кезбен салыстырғанда әлсіздеу болады. Пародонталды қалталардағы микроорганизмдердің белгілі тұрлерінің саны ацилакпен емдеу әсерінен пародонтиттің жеңіл дәрежесінде 14, 33 + 3, 2 -ден 1, 75 + 0, 35-ке, ал орташа дәрежесінде 39, 35 + 6, 52 -ден 2, 15х0, 37-ге төмендейді. Ацилак әсерінен аурудың қайталану ұзақтығы 2 жылға созылғаны байқалған.
Пародонт пен ауыздың кілегей қабығының аурулары бар науқастардан бөлініп алынған ЬасІоЬасіІІиз асісіорһііиз штамының пенициллин тобындағы антибиотиктерге, макролитиктерге, цефализинге, тетрациклин және клафорандарға жоғарғы сезімталдық қасиеті бар болғанмен оның аминогликозидтерге, линкомициндерге және стрептомицинге жеткілікті дәрежеде резистенттілігі байқалған. Аутофлораның лактобациллярлы тізбегін барынша қорғау мақсатында антибиотиктер мен микробты препараттарды қосып емдегенде алынатын мәліметтерді қойылған мақсатқа байланысты ескере отыру қажет.
Ауыз қуысының кандидомикозын емдеу кезінде қосалқы тәсіл ретінде эубиотиктерді қолдану тиімді, ол патогенді және шартты патогенді микрофлораға антагонистік әсер етіп витамин тұзуші және ферменттік қызметті қамтамасыз етеді.
Балалардағы жедел герпесті гингивостоматитті емдеуде лактобацилланың суда ерітілген суспензиясы қолданылады. Бұл 5- 7- інші емдеу сеансынан кейін клиникалық симптомдарды жоюға мұмкіндік береді. Пародонттың қабыну ауруларын сұт қышқылды бактерияның Ер 317/402 штамын қолданып ем жұргізген. Сұт қышқылды бактерияның өсіндісімен суланған тампон пародонталді қалталарға енгізіледі. Емдеу нәтижесінде қалталардан ірің аққаны тоқтап, қызыл иектің қанталауы кетіп, иектегі қышыну сезімі жойылды.
Пародонттағы қабыну процесі өршіген сайын патогенді микроорганизмдердің саны кобейіп, аутофлора концентрациясы томендеуі есебінен ауыз қуысының биоценозында айтарлықтай бұзылыстар пайда болады. Бұл кезде тек патогенді мирофлораны белсенді тұрде басып тастауға тырыспай, сонмен қатар бактериалық препараттар бере отырып тұрақты мирофлора концентрациясын қалыпқа кетіру керек.
Пародонтиттің орта және ауыр дәрежелерінде пародонталды қалталарға лактобактериялардың белгілі бір мөлшерін енгізген кезде клиникалық корсеткіштер мен пародонта қалталарының микрофлорасына дәрінің таблетка тұрін берген кездегіден коррекциялық әсері айқан болады.
Антисептикалық заттарға қарағанда әсер ету негізі Lactobacillus casei штамы болып табылатын лактобактерин препаратын қолданған кезде ауыз қуысының микрофлора құрамын қалпына келтіріп қана қоймай, жерлілікті иммунитет көрсеткіштерін - лизоцим белсенділігін арттырады, секреторлы иммундыглобулин А деңгейін қалпына келтіреді.
Қазіргі кезде стоматологиялық препарат имудон (Solvay Farma, ) жиі қолданыла бастады. Оны гингивит, пародонтит, перикоронарит, стоматит, тонзиллит ауруларын емдеуде тағайындайды. Созылмалы катаральді гингивитты имудон қолданып емдегенде SlgА онімінің кұшеюі әсерінен ауыз қуысының жергілікті иммундық қорғанысы жоғарылайтындығы байқалады. Пародонтитгі операциялықжолмен емдеу алдындагы шаралар кешеніне препаратты енгізген кезде асқыну болу қауіпі төмендейді, сонымен катар ремиссия мерзімі біраз уақытқа ұзарады. Жоғарыда берілген мәліметтер стоматология тәжірбиесінде емдеу және алдын алу жұйесінде бактериялық терапия әдісін қолданудың перспективті екендігін дәлелдейді .
Пародонт тінінің қабыну ауруларын емдеу кешеніне бактериалық препараттарды қосып емдеу микробиоценоз жағдайына коррекция жасап, жергілікті иммунитет көрсеткіштерін жақсартуға болады

Б) Меркельсон-Розенталь синдромы полиэтиологиялы. Аурудың себебі әлі толық анықталмаған. Көптеген көзқарастар бар. 1. Созылмалы инфекция нәтижесінде(тонзиллит, синусит, ауыз қуысының және жақтардың қабыну аурулары және т. б) 2. Экзо, эндогенді факторлар нәтижесінде гипоталамус аймағының зақымдануы. 3. Жарақат (бас жарақаты) . 4. Эндокринді бұзылыс. 5. Дененің қатты сууы. 6. Тағамдық аллергия(сарымсақ, сыр, жұмыртқа, шоколад) 7. Күн радияциясы 8. Қатты иістер(гүлдер, духи, табак) 9. Бет нервісінің вегетативті талшықтарының функциясы бұзылысы,

Rosenthal бастаушы фактор ретінде тіннің жоғары сенсибилизациясы және оның дамуының туа біткен аномалиясы, жекелей алғанда лимфа жүйесі дамуының дефектісі деп қарастырды. Науқастардың жартысында стрептококк және стафилококк сенсибилизациясы анықталған. Сонымен қатар одонтогенді инфекцияның созылмалы ошағы, герпес вирусы, гайморит, синусит маңызды орын алады.

Клиникасы Триада тән - тұрақты беттің ісінуі, жиі ерін, бет нервісінің рецидивтеуші невриті, және ісінгенқатпарлы тіл-науқастың 20 -30% да, Ауру жиі 1617 ден 35 -55 (науқастардың 75 -80% ) . жас аралығында кездеседі

. images (1).jpg

Бастапқы симптомы макрохейлит немесе ерін ісінуі науқастардың 95 % да кездеседі. Еріні, әсіресе жоғарғы ерін мөлшері қалыптыдан 3 -4 есе үлкееді, тығыз-эластикалық консистенциялы, көк-алқызыл түсті, басқан кезде ойық пайда болмайды Без названия.jpg

Ісіну хоботка еріннің қызыл жиегін сыртқа айналдырады. Қызылиекке тиетін еріннің шырышты қабаты аздап қызарған. Сөйлеу, тамақ ішу кезінде ыңғайсыздық болады, еріннің қызыл жиегінің құрғауы байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫ ҚАБЫНУЫНЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ
Шегрен ауруы
Клиникалық неврологияның даму тарихы
Ми ішілік отогенді асқынулар
Асқорыту ағзаларының аурулары
Лазер сәулесінің қасиеттері
Альцгеймер ауруының даму белгілері
Рефлекс арқылы Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптары (ДДҰ)
Жақ-бет аймағындағы нерв дерттері
Қимыл қызметінің бұзылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz