Магниттік дискілер


Жоспары:
І. Кіріпе бөлім:
ІІ. Негізгі бөлім:
- Компьютер туралы жалпы түсінік;
- Бульдік алгебра және логикалық амалдар;
- Логикалық амалдар;
- Есептеу техникасының даму сатылары;
ІІІ. Қорытынды бөлім:
Информатика - ақпаратты зерттеу, оның қасиеттерін білу, өлшеу жөніндегі ғылым саласы. Сонымен қатар ол - ақпаратты сақтаудың, тасымалдаудың, іздеудің жеңіл және тиімді түрлерін қарастыратын, ақпараттың құрылымын, жалпы қасиеттерін зерттейтін де ғылым.
Медицинаға информатика бірнеше салыстырмалы тәуелсіз бағытта ене бастаған. Бұлардың ең маңыздысы: лабораториялық диагностика, медициналық кибернетика, медицина аппараттарын жасау.
Компьютерлік техника - ақпараттарды өңдеуде қолданылатын амалдар ішіндегі ең маңыздысы. Бұл медицина мен денсаулық сақтау саласындағы көптеген есептерді (емдеу, алдын алу, жасанды мүшелер жасау және де басқару міндеттерді) шешу барысында тиімді қолданылады.
Медицина даму саласының алдынғы қатарында орын алып келеді. Компьютерді медицинада ең алғаш 1967ж. Олдендорф ЭЕМ-ді магниттік-резонанстық томографта пайдаланған. Кейінірек 1971 жылы Хаусфилда МР-тың томографында дербес компьютерлер кеңінен қолданылады. Қазіргі уақытта информатика өте тез дамып жатқан ғылым. Дербес компьютерлер біздің күнделікті қолданатын құрылғымызға айналуда.
Компьютердің медицинада қолданылуы:
- Өз қызметтері бойынша мәліметтер базасын жүргізу (науқастарды тіркеу, дәрі-дәрмектерді есепке алу)
- Халықаралық жаңалықтар туралы жедел ақпарат алу (емдеудің жаңа әдістері, жаңа дәрі-дәрмектер және т. б. )
- Науқастарға компьютерлік диагностика жүргізу.
Компьютер- бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы .
Бульдік алгебра және компьютердің логикалық негізі
Электронды есептеуіш машиналары берілген программа бойынша есептеу амалдарын орындауға арналған құрылғы. Электрондық машина - дегеніміз ақпаратты жеткізетін, сақтайтын, өңдейтін электрондық аспап. Бұл машиналардың электрондық деп аталатын себебі олар электрондық элементтерден құралған. Әрбір элемент ақпаратты өңдеу немесе сақтаудың белгілі бір функциясын атқарады. Мұндай элементтер жиынтығы - нтегралдық схема болып табылады.
Есептеуіш машиналарда сандармен орындалатын математикалық амалдар, электр токтарының немесе кернеулердің әр түрлі түрленуімен алмастырылады. Жай электр тогының көмегімен қосу, азайту және т. б. математикалық амалдарды орындауға болады. Есептеуіш машиналар қарапайым амалдарды орындайтын бөлек элементтерден құралады. Элемент - ол әдетте электрондық схема. Есептеуіш машиналардың барлық элементтерін атқаратын қызметтеріне байланысты топтарға бөлуге болады: логикалық, есте сақтаушы, күшейтетін және арнайы элементтер. «Логикалық элемент» деп аталуының себебі, жеке дара элементтің анықталған байланысты жүзеге асыруға мүмкіншілік беруінде немесе жеке логикалық функцияны орындауында.
Логика - бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. Пікір дегеніміз - жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасын алғаш рет XIX ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Буль өз еңбектерінде пайдаланған.
Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердің негізі екілік санау жүйесі болып табылады, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады. Бұл компьютердің бір ғана құрылғылары екілік санау жүйесінде ұсынылған сандық ақпаратты да, логикалық айнымалыларды да өңдеу және сақтау үшін қолданыла алады дегенді білдіреді. Демек, компьютерді конструкциялағанда, оның логикалық функциялары мен схемаларының жұмысы айтарлықтай жеңілденеді және қарапайым логикалық элементтердің саны азаяды. Компьютердің негізгі тораптары ондаған мың осындай логикалық элементтерден тұрады.
Компьютердің логикалық элементтері
Деректер мен командалар ұзындығы мен құрылымы әр түрлі екілік тізбектер түрінде беріледі. Компьютердің электрондық құрылғыларында екілік бірлік екілік нөлге қарағанда, кернеудің жоғары деңгейімен кодталады.
Логика- бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. Логика-пікірлер және олардың байланыстары туралы ғылым.
Ойлау, пайымдау әдістері туралы алғашқы ілімдер Ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды, бірақ оның негізіне грек ойшылы Аристотель құрған ілім жатады. Неміс ғалымы Г. В. Лейбниц /1666ж/ алғаш рет ойлау, пайымдауды математикалық тілге аударуға тырысты.
Ғылыми пән ретінде логиканың формальды, математикалық ықтималдықты логика және т. б. түрлері қалыптасқан.
Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.
Ықтималдық логика - кездейсоқ параметрлермен жасалатын сынақтың бірнеше серияларын қолдануға негізделген.
Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме дәл анықталған обьектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.
Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасы ретінде (оның басқаша логика алгебрасы деп атайды, ол алғаш рет 19 ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды. Бұл - дәстүрлі логикалық есептерді алгебралық әдістермен шешуге талаптанудың нәтижесі), информатикада жақсы меңгерілген.
Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердегі екілік санау жүйесі болып табылады, өздерін білесіңдер, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады, ал логикалық айнымалылардың мәндері де 2: 0 және 1.
Қарапайым пікірлер логикалар алгебрасында латынның бас әріптерімен таңбаланады.
А= (Абай - қазақ халқының ұлы ақыны)
В=(А. С. Пушкин-ұлы математик)
Ақиқат пікірге 1 саны, жалғанға 0 саны сәйкес қойылады. Сондықтан: А= 1, В=0.
Логикалық амалдар.
Логикалық көбейту (коньюнкция) . Екі немесе одан көп пікірлерді «және» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық көбейту немесе коньюнкция деп аталады.
Коньюнкция:
-табиғи тілде «және» жалғаулығына сәйкес келеді.
-пікірлер алгебрасында ^ немесе & белгілернің бірімен таңбаланады.
Коньюнкция - ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де ақиқат болғанда ғана ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.
Логикалық қосу (дизьюнкция) . Екі немесе одан көп пікірлерді «немесе» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық қосу немесе дизьюнкция деп аталады.
Дизьюнкция:
-табиғи тілде «немесе» жалғаулығына сәйкес келеді.
-пікірлер алгебрасында
٧
белгісімен таңбаланады.
Дизьюнкция - ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де жалған болғанда ғана жалған мән қабылдайтын, пікірлердің ең болмағанда біреуі ақиқат болғандаа ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.
Логикалық теріске шығару (инверсия) . «Емес» жалғауының көмегімен пікірді теріске шығару амалы логикалық теріске шығару немесе инверсия деп аталады.
Инверсия:
-табиғи тілдегі «дұрыс емес», «теріске шығару» сөздеріне және «емес» жалғауына сәйкес келеді.
-пікірлер алгебрасында белгісімен таңбаланады.
Теріске шығару - ол әрбір қарапайым пікірге, негізгі пікірдің жалған екенін қорытындылайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал.
Компьютердің логикалық элементі - элементар (қарапайым) логикалық функцияны жүзеге асыратын электрондық логикалық схеманың бөлігі.
Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз - ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС электрондық схемаларын айтамыз.
Бұл схемалардың көмегімен компьютер құрылғыларының жұмысын сипаттайтын кез келген логикалық функцияны жүзеге асыруға болады. Логикалық өрнектер электрондық схемалар құрудың басты негізі. Әдетте, вентильдердің екіден сегізге дейін кірісі және бір немесе екі шығысы болады. Вентильдердегі «1» және «0» болатын екі логикалық жағдайды көрсету үшін оларға кірістік және шығыстық сигналдарында кернеудің белгіленген екі деңгейінің бірі сәйкес болады. Әдетте жоғарғы деңгей - «ақиқат» (1) мәніне, ал төменгі деңгей - «жалған» (0) мәніне сәйкес болады.
Әрбір логикалық элементтің өзінің логикалық функциясын көрсететін шартты белгісі болады. Бұл күрделі логикалық схемаларды жазуды және түсінуді жеңілдетеді.
Әрбір логикалық амал үшін ақиқат кестесі қолданылады. Ақиқаттық кестесі - бұл логикалық операцияның кестелік түрде ұсынылуы. Логикалық элементтердің жұмысын ақиқаттық кестелердің көмегімен сипаттайды.
Компьютердің негізгі бөліктерін құрайтын әртүрлі интегралдық микросхемалардың арғы физикалық түбірі-осы күрделі логикалық өрнектер болып табылады .
Логикалық алгебрада көптеген басқа да логикалық амалдар кездеседі Типтік логикалық қүрылғылар . Типтік логикалық құрылғыларға: триггер, сумматор, регистр, шифратор, дешифраторлар жатады. .
Логикалық элементтерден триггер деп аталатын, кең таралған есептеуіш машина элементін құрастыруға болады. Ол екі тұрақты қалыпта бола алады және бір екілік ақпарат бірлігін сақтауға қабілетті. Жадының қазіргі кездегі микросхемаларында миллиондаған триггерлер бар.
Бірнеше триггерден тұратын қалыптар жүйесі және ол көпразрядты екілік кодты қысқа уақытқа сақтауға арналған болса регистр деп аталады. Регистр енгізген ақпаратты есте ұстайды және оны қажетті уақытқа дейін сақтайды.
Сумматорлар (қосындылауыш) екілік сандарды қосуды орындайтын электрондық схема. Қосындылауыш, ең алдымен компьютердің арифметикалық- логикалық құрылғысының орталық торабы қызметін атқарады, сонымен қатар ол машинаның басқа құрылғыларында да қолданылады.
Шифратор. Бұл құрылғы өзінің кірістерінің біреуінде сигналды шығысында сәйкесінше сигналдар теріміне түрлендіреді. Ол сигналды кодқа айналдырады да және оны машинаға ыңғайлы етеді. Дешифратор шифратордың әрекеттеріне кері амалдарды орындайды, яғни әрбір кіріс сигналдарының комбинациясына тек бір ғана шығу сызығын береді. Дешифратор амалдар кодтарының шифрын ашу үшін пайдаланылады.
Бұл элементтер шала өткізгішті диодтармен, транзисторлармен құрылады. Бірақ соларды басқару үшін аргументтік мәндерді тағайындайтын тізбектер қажет.
Есептеу техникасының даму сатылары
Есептеу техникасының дамуын ЭЕМ-нің бес ұрпағына бөлуге болады, олар бір-бірінен элементтік базасымен, логикалық ұйымдасуымен, математикалық жабдықталуымен, адамның машинамен қарым-қатынасының ыңғайлылығымен ажыратылады. ЭЕМ ұрпақтарының алмасып отыруы, оның элементтік базасының дамуымен байланысты.
- электрондық шамдар негізінде болды.
Бірінші буындағы машиналар бірнеше жүздеген шаршы метр орын алатын және мыңдаған шамдар орналасқан алып құрылғылар болды.
- жартылайөткізгіш диод пен транзисторлар негізінде болды .
Оларда электр шамдарының орнына жартылай өткізгіштер - транзисторлар пайдаланылды. ЭЕМ-нің көлемі бірнеше есе кішірейді, пайдаланатын электр қуаты аз болды, онымен қатар амалдарды орындау жылдамдығы секундына он мыңдаған амалға жетті.
- интегралдық схемалар негізінде болды .
Бұл машиналардың жады үлкен, амалдарды орындау жылдамдығы секундына бірнеше миллион амалға жетті. Үшінші буындағы машиналарда бір мезгілде бірнеше программалардың қатар орындалуына мүмкіндік туды.
- үлкен интегралдық схемалардан тұратын компьютерлер шыға бастады.
ЭЕМ-дер 70- жылдардан бастап өндіріске енді. Оның жады мен көлемі бірінші буындағы машиналардың амалдарды орындау жылдамдығының ондағанымен пара-пар болды.
- аса үлкен интегралдық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ.
Қазіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда. Ол машиналар адамды кәдімгі адам сөйлейтін тілде түсінуі қажет. Яғни, ЭЕМ « Жасанды инттелект» негізінде құрылуы қажет.
Электрондық табыстарының нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады.
Қазіргі таңда, ЭЕМ ақпаратты өңдеудің ең негізгі құралы болып саналады. 70-жылдарда электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін - жеке пайдаланатын дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты. Компьютерлер алып жүруге ыңғайлы вариантта да жасалынады (Laptop немесе Note book) . Қазіргі кезде ДК адам әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Соның ішінде медицинада кеңінен қолданылады. Мәліметтер базасын жүргізу (науқастарды тіркеу, дәрі-дәрмектерді есепке алу) , халықаралық жаңалықтар туралы жедел ақпарат алу (емдеудің жаңа әдістері, жаңа дәрі-дәрмектер және т. б. ) Науқастарға компьютерлік диагностика жүргізу. Түрлі физиологиялық қисықтарға (ЭЭГ, ЭКГ және т. б. ) автоматты талдау жұмыстарын жүргізу.
САНАУ ЖҮЙЕСІ
Позициялық санау жүйесі өзінің негізімен сипатталады. Позициялық санау жүйесінің негізі деп онда қолданылатын цифрлар санын айтады.
ОНДЫҚ САНАУ ЖҮЙЕСІ
Бұл жүйеде сандарды жазу үшін он цифр қолданылады - 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткені ондық санның жазылуында цифрдің мәні оның позициясына немесе сандағы орнына байланысты. Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды.
Мысалға алып қарайтын болсақ, 425 санының жазуы санның 4 жүздіктен, 2 ондықтан және 5 бірліктен тұратынын білдіреді. Егер осы цифрларды басқа ретте жазатын болсақ, мысалы, 524, онда сан 5 жүздіктен, 2 ондықтан және 4 бірліктен тұрады. Мұнда 5 цифрының салмағы ең үлкен болады да, санның үлкен цифры деп аталады, ал 4 цифры- кіші салмақты және осы санның кіші цифры деп аталады. Егер 524 санын қосынды түрінде жазсақ, 5*102+2*101+4*100
ЕКІЛІК САНАУ ЖҮЙЕСІ
Компьютерде, әдетте ондық емес, позициялық екілік санау жүйесі, яғни негізгі «2» санау жүйесі қолданылады.
Екілік санды тек 0 мен 1 цифрларынан тұратын ондық саннан ажырату үшін, екілік санның жазбасының индексіне екілік санау жүйесінің белгісі тіркеледі, мысалы, 10101, 1112
Екілік санау жүйесінің маңызды құндылығы - цифрларды физикалық кескіндеудің ыңғайлығы (мысалы, 1 цифрына электр кернеуінің бар болуы, ал 0 цифрына электр кернеуінің жоқ болуы сәйкес келуі мүмкін ) және компьютер құрылғысының, атап айтқанда екілік сандармен арифметикалық және логикалық операцияларды орындауға арналған арифметикалық - логикалық құрылғысының қарапайымдылығы.
Мысалы, 1010101, 101
1*26+0*25 +1*24+0*23+1*22+0*21+1*20+1*2-1+0*2-2+1*2-3
Берілген мысалда екілік сан жеті орынды бүтін және үш орынды бөлшек бөліктерден тұрады. Сонымен, 1010101 екілік саны 85, 625 ондық санына сәйкес немесе 1010101, 1012 =85, 62510
АУЫСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ. САНДЫ ЕКІЛІК ЖҮЙЕДЕН ОНДЫҚ САНАУ ЖҮЙЕСІНЕ АУЫСТЫРУ ҮШІН, ЕКІЛІК САНДЫ КОЭФФИЦЕНТ - ЦИФРЛАРЫМЕН ЕКІНІҢ ДӘРЕЖЕЛЕРІНІҢ КӨБЕЙТІНДІЛЕРІНІҢ ҚОСЫНДЫСЫ ТҮРІНДЕ ЖАЗЫП, ОСЫ ҚОСЫНДЫНЫ ТАБУ КЕРЕК.
Кемшілігі - санды бұл жүйеде жазу үшін 0 мен 1 цифрлары мейлінше көп қажет болатындығында. Сондықтан екілік жүйені, қағида бойынша компьютердің «ішкі қажеттілігі» үшін қолданады, ал адамның компьютермен жұмыс істеуі үшін, үлкен негізді санау жүйесін таңдайды.
СЕГІЗДІК САНАУ ЖҮЙЕСІ
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 цифрлары арқылы көрсетіледі.
357=3*82+5*81+7*80
357 санынының индексі 8 санау жүйесін білдіреді. 3578 =23910
ОНАЛТЫЛЫҚ САНАУ ЖҮЙЕСІ
Екілік сандарды жазуды қысқарту үшін негізі 16 санау жүйесін яғни оналтылық санау жүйесін қолданамыз.
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, А, В, С, D, E, F
3Е5А116=3*164+E*163+5*162+A*161+1*160
Ондық жүйеге қарағанда, оналтылық жүйеде сан ықшам орындалатынына көңіл аударыңдар.
89110=1100112
Сақтау құрылғылары
Жады үлкен көлемді сандарды сақтай алатын физикалық құрылғы. Жады көлемі байттармен өлшене алады. Бір байтқа екілік код жазылады, бір әріппен немесе екі ондық цифрмен. Бір сан немесе нұсқау бір сөзді береді. Бір сөз сақталынатын жады элементі ұяшық деп аталады. Жады ұяшықтары нөмірленеді. Компьютердің үшкі жадының әр байтының өз нөмірі болады. Ұяшық нөмірін оның адресі деп атайды.
Жады - компьютердің құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір - бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне жіне т. б. параметрлеріне қарай ажыратылады. Компьютер жадысын екі түрге бөлуге болады: ішкі және сыртқы
Ішкі жад
Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ЭЕМ-нің жедел жады (RAM), сондай-ақ тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM) компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады.
Жедел жады (ОЗУ) (RAM), процессор өңдеу кезінде пайдаланатын барлық бағдарламалар мен деректер жазылатын негізгі жад. Бұл ақпараттарды уақытша сақтап тұруға арналған жад. Жедел жадта деректерді сақтау үшін оны үздіксіз электрмен коректендіріп отыру керек. Компьютерді өшірген кезде жедел жадтағы ақпарат жойылады. Дербес компьютердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді. Pentium типтес компьютерлердің жедел жадының көлемі 8 Мбайтқа жетеді.
Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информация көлемін өлшеуде сегіз биттен (1 мен 0 тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не магниттік дискеттегі сақталатын информация 360кб, 720кб немесе 1, 2Мб болып жазылуы мүмкін. Мұнда 1кб (1 килобайт) = 1024 байт, 1Мб (1 мегабайт) = 1024кб, ал винчестер деп аталып жүрген қатты дискіде, 1000-4000Мб (1-4 Гигабайт) және одан да көлемді информация жазылып сақталады.
Тұрақты жады ( ПЗУ) (ROM) - стандартты програмаларды, өзгермейтін мәліметтерді және жүйелік ақпаратты энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад. Компьютер жұмысы кезінде бұл жадтан мәліметтерді тек оқуға болады, ал оған ақпарат жазу арнаулы құралдар арқылы жүргізіледі. Жадтың өзгермейтін түрін құрады. Мұнда компьютер құрылғыларын басқаруға арналған жүйелік программалар орнатылған. Компьютерді іске қосқаннан кейін жабдықтарды біртіндей тестілеу процесі басталады. Процессор мен бейнеадптерді тестілеу процесі аяқтаған соң мониторға диагностикалық хабарлама шығарылады. Содан соң компьютердің бастапқы жүктелу процесін басқаратын программа орындалады.
Кэш-жад (Cash) Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жад (Cash) деп атайды. Ол жедел жад пен процессордың жұмысын жеделдету үшін аралық дәнекер жад ретінде пайдаланылады.
Компьютердің ішкі жады реттелген электрондық элементтердің жиынтығынан тұрады. Әрбір элемент екі тұрақты қалыптың бірінде ғана болады. Яғни, ол екілік разряд болып табылады немесе, басқаша айтқанда бір бит ақпарат сақтай алады.
Сонымен, компьютердің жады ұяшықтардан тұрады, әрбір ұяшықтың өз адресі болады. Ұяшықтың адресін біле отырып, оған ақпарат жазуға немесе одан ақпаратты оқуға болады.
Сыртқы жад
Сыртқы жад ДК-нің сыртқы қүрылғыларына жатады және қашан болса да, қандай да болса міндеттері шешуге қажет болуы мүмкін кез келген ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады.
Егер компьютер тек жедел жадпен ғана жұмыс атқарса, онда оны пайдалану қолайсыз болар еді. Себебі, онда сақталатын информация көлемі өте аз болады, онымен бірге компьютерді өшіргенде, ондағы информация толығымен өшеді. Сондықтан компьютер өшірілген кезде де жазылған информациялар өшпейтін басқа жад қажет болады. Сыртқы жад ретінде магниттік диск пайдалынылады. Дискіге жазылған ақпарат қашан арнайы өшірілгенше өшпейді.
ДК-де ақпараттарды сақтау үшін қолданылатын құрылғылар сыртқы түрге жатады және конструкциясы бойынша сан алуан. Егер классификациялық белгілері бойынша ақпараттарды сақтайтын қолданылушыларда тасымалдаушылар түрін (тасымалдаушы - ақпараттарды сақтауға қабілетті материалдық нысан) пайдаланатын болсақ, онда оларды төмендегідей шартты категорияларға бөлуге болады.
Сыртқы жад есте сақтайтын құрылғылардың әр алуан түрлерінен тұрады.
Олар:
қатқыл (ҚМДЖ) және иілгіш (ИМДЖ) магниттік дискілерде;
магниттік таспаларда (стримерлер) ;
оптикалық дискілерде (CD- ROM) ;
магнитті - оптикалық дискілердегі жинақтауыштар болып табылады.
Бұл жинақтауыштардың қызметі - ақпараттың үлкен көлемін сақтау, сақтаулы ақпаратты сұрау бойынша жедел жадтайтын құрылғыға жазу және басып шығарып беру.
Қатқыл дискі мен иілгіш дискілердің бір - бірінен конструкциясы бойынша, сақтайтын ақпарат көлемі бойынша, ақпаратты іздеу, жазу және есепке алу уақытымен ерекшеленеді. Олардың барлығының көлемі әр түрлі, жазу мен сақтау әдістері әр түрлі, ақпаратты жазу және есепке алу құрылғылары да әртүрлі болады.
Өңделуге тиісті кез-келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына жазылады . Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар ғана сақталады. Ақпарат керек кезінде магниттік дискіден жедел жадқа көшіріліп, өңделген соң олар қайта сыртқы жадқа жазылып қойылады. Жедел жадта ақпарат тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен кезде ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын ақпаратты жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.
Ақпаратты сақтаудың техникалық құралы
Ақпарат жинақтауыштар - кез келген ЭЕМ-нің қажетті бөлігі - оларды көбінесе ақпараттың сыртқы жинақтауыштары немесе компьютердің сыртқы жады дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz