Электронды оқыту жүйесін қолға алу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан мемлекеттік Медицина Университеті
Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Медициналық - профилактикалық іс
Дисциплинасы: Информатика
Кафедрасы: Жаратылыстану және ғылыми пәндер
Курс: 1
Тақырыбы: "E-Learning" электрондық оқыту негіздері
Дайындау түрі: Реферат

Орындаған:_________________________
Тексерген._________________________ _
Топ: 103
Бағасы:____________________________

Жоспар:

I. Кіріспе
E-learning электронды оқыту жүйесінің мақсаты.
II. Негізгі бөлім
1. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда педагог мәртебесін арттыру.
2. Электронды оқыту жүйесін қолға алу.
3. Оқу процесін автоматтандыру.
4. Электронды журнал жүйесінің мүмкіндіктері.
III. Қорытынды.

Кіріспе

XXI ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.
Еліміздің даму жолындағы жаңа белесі E-learning электронды оқыту жүйесін Қазақстан Республикасы мектептеріне енгізу. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқытудың мақсаты: Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету. Ауыл және қала мектептеріндегі білім деңгейлерін теңестіру, ойлау қабілеті жоғары және технологиялық сауатты оқушыны дайындау.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет:
-қойылған мақсатқа қол жеткізу- сыртқы ортаның ақпараттық кірігуін, білімді басқару тиімділігін, білім сапасын көтеру;
-қажетті нормативтік негізді жасау.
Электронды оқытуды енгізу бірқатар нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.
Дамыған елдерде кең тараған E-learning электронды оқыту жүйесін меңгере бастадық. Оның құқықтық және методологиялық базасы қалыптасуда. 44 білім беру ұйымында E-learning пилоттық жобасы басталды. 2012 жылдан олардың санын 537-ге жеткізіп, жылдамдығы жоғары (секундына 4-тен 10 Мбитк) Интернетпен қамтамасыз етіледі деп жоспарланған.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда педагог мәртебесін арттыру

Өзекті міндеттердің бірі - білім саласы дамыған елдердің (Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания, Малайзия, Канада, Австралия және т,б) тәжірибесіне сүйеніп E-learning жүйесін және оқу ресурстарының контентін Қазақстан жағдайына бейімдеп, дамыту.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда педагог мәртебесін арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа Жолдауында педагогтар құрамының сапасын арттыруға ерекше көңіл бөле отырып, Базалық педагогикалық білімнің стандартын, оқытушылардың біліктілігіне қойылатын талаптарды күшейту қажет,- деп атап өтті. Сондықтан жаңа модельге педагогикалық мамандықтарға абитуриенттерді қосымша іріктеу, жоғары оқу орындарында мұғалімдерді даярлау стандарттарын қайта қарау, бітірушілерді сертификаттау, біліктілікті арттыру жүйесі сияқты элементтер енуі тиіс - деді ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысындағы сөйлеген сөзінде.
ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, Білім және ғылым министрлігі электрондық оқытуды енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Электрондық оқыту үдерісінің оқушыларды дайындау сапасына қатысты әлемдік тәжірибесі зерттеліп, 2011 жылдан бастап Қарағанды облысында, Алматы және Астана қалаларында 44 білім ошағында осы жоба қолға алынды. Ағымдағы жылы осы жүйеге 537 мектепті қосу, ал 2013 жылы - 900 мектепті қосу жоспарланған.
Шенеуніктің айтуынша, 2015 жылға қарай білім ошақтарының тең жартысы, ал 2020 жылға дейін -90% жуығы "E-learning" жүйесіне қосылатын болады. "E-learning" жүйесі енгізілгеннен кейін, оқу процесін басқару ауысады. Сандық білім ресурстарын қолдану оқушылардың сабақ процесіне, бағдарламаны игеруге деген ықыластарын арттырып, соның арқасында білімнің сапасы да арта түспек.
Негізгі міндеттер:
-Білімді басқару жүйесін автоматтандыру;
- Білім беру үрдісін технологияландыру ;
-Отандық цифрлық білім ресурстарының индустриясын құру үшін жағдай жасау.
Жасалынған жұмыс түрлеріне тоқтала кетсек, курс өткізу үшін келесі нұсқаулар дайындалған:
-курстың оқу-тақырыптық жоспары;
-курс өткізу үшін таратпа материалдар.
Курс мазмұны нормативтік-құқықтық, мазмұндық және технологиялық модульдерден тұрады. Нормативтік-құқықтық модульде мынадай тақырыптар қарастырылған:
Электронды оқыту жүйесін қолға алу

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолдары;
-Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! атты Қазақстан халқына жолдауындағы басым бағыттар 2010-2015 жылдарға арналған электрондық оқыту жүйесінің тұжырымдамасы.
Мазмұндық модульде:
-Білім беруді модернизациялау факторы ретінде мектептің ақпараттық білім ортасын құру;
-Оқытуды басқару жүйесі (LMS) ішкі жүйесінің қызметтеріне қойылатын талаптар;
-Электрондық оқыту (e-learning) жүйесін енгізу бойынша эксперимент жүргізу әдістемесі;
-Электрондық басқару міндеттерін жүзеге асырудың шарты - психологиялық-мониторингтік жүйе ;
-Оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологиялар - тұлғаның ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру негізі;
Электрондық оқыту жүйесін қолданушылардың өзара байланыстарын қамтамасыз етуде Менің сабақтарым, Менің бағдарламам, Сандық білім ресурстары модульдерін енгізу технологиясы қолданылады.
Электрондық портфолио - пән мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру құралы болуы керек.
2012 жылы электронды оқыту жүйесінде жұмыс жасау үшін кадрларды даярлау бөлігінде жоғары, техникалық және кәсіптік білім берудің МЖМБС-на, электронды оқыту жүйесін міндетті пайдалану бөлігінде орта білім берудің МЖМБС-на өзгерістер енгізілген.

Оқу процесін автоматтандыру

Электронды оқыту жүйесінде қолданылатын, электронды оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді жасауға арналған талаптар, жүйені қолданушылардың жеке және ұжымдық жұмыстарының регламенті, техникалық регламенті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Элекронды оқытуда қолданылатын коммуникациялық технологиялар.”E-learning”ортасының компоненттері
Қашықтықтан оқыту технологиялары
Мультимедиалық электронды оқулықтың мәні мен маңызы
Е- learning электронды оқу жүйесі
Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер, талаптарға шолу, талдау жасай отырып, білім беруді ақпараттандырудың мәні мен мазмұнын сипаттау
Қашықтықтан оқыту жүйесі
КОМПЬЮТЕР АРХИТЕКТУРАСЫН ОҚЫТУДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Компьютер - оқыту обьектісі
Химияны оқытуда компьютерді қолдану
Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті
Пәндер