Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандытары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 92 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты ОӘК ПОӘК042-14-5-07.01.20.03.03 -
2012
ҚРның Конституциялық
құқығы пәнінің №1басылым
оқу-әдістемелік кешені .
.09.2012ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В030100- құқықтану және 5В030400 кеден ісі мамандықтарына арналған

Семей
2012

Мазмұны

1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Практикалық сабақтар
4. Студенттердің өздік жұмысы

1. Глоссарий
Асолюттік монархия-монархиялық басқару нысандарының түрі.Бір адамның
монархтың шексіз мемлекеттік билігін жүргізу
Автономия- мемлекет жерінің бір болігінің өзін-өзі басқпру нысандарының
түрі. Бір адамның –монарахтың шексіз мемлекеттік билігін сипаттайды.
Авторитаризм-саяси режим түрлерінің бірі, онда саяси билік белгілі адаммен
жүзеге асырылады (тап,партия ерекше топтар т.с.с.)халықтың қатынасы аз
болады және оларға қоғамды бюрократтық –пәрменмен басқару әдісі тән сипат
алады.
Адам құқығы-құқықтың маңызды принциптерінің бірі,адамның жоғарғы
бағаланатындығын мойындау көрсетіледі, оның құқығын бостандығын, заңды
мүдделерін бекітіп, жеке адамның қадір –қасиетін бағалап адамдар арасындағы
шын мәніндегі адамдық қатынастардың жан-жақты еркін дамуына қолдау көрсету
Азаматтық –адам мемлекет арасындағы тұрақты қатынас ,оны бір-біріне тығыз
байланысты құқықтарынан міндеттерінен және жауапкершіліктеріне байқауға
болады
Азаматтық қоғам –адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік –экономикалық,
отбасы қатынастарының және институттарының жиынтығы, сол арқылы тұлғалар
мен олардың мүдделері қанағаттандырылады.
Азамат-ол адам өз Отаның ұлы (немесе қызы) деген ұғым білдіреді.Басқаша
мағынасында бұл ұғым адамның кез келген мемлекетпен емес,тек өз елімен
ғана құқықтық байланыста екндігін аңғартады.
Атқарушы билік-қабылданған заңдарды іске асыратын және жедел-шаруашылық
қызметтерді орындайтын, тағайындалатын не болмаса сайланған атқарушы –иелік
етуші билік органдары
Ауыл-саны кем дегенде елу адамнантұратын халқы саны бар.
Аймақ-республика мүддесін көздеп құрылатын және басқарылатын бірнеше елді
мекендерді өзіне қамтитын республика аумағының бір бөлігі
Әкімшілік –атқарушы-әкімші мемлекеттк органдар жүйесі, барлық елдің не
болмаса белгілі аймақ көлемінде заңдардың орындалуын іске асыратын орган.
Әлеуметтік нормалар – қоғамдық қатынастарды реттеуге пайдаланылатын тәртіп
жолы
Бүкіл халықтың дауыс беруі (референдум) –ең жоғарғы заңдылық күші бар, аса
маңызды мемлекеттік және қоғамдық өмірдің мәселелері бойынша, азаматтардың
тікелей басқару шешімін қабылдануы
Вето –парламент қабылдаған заң жобасына мемлекет басшысының қол қоюға
қарсылығы
Гуманизм-демократиялық құқықтық мемлекетке тән негізгі құндылық.Ол құқықтың
іргелі қағидатты ғана емес,сонымен бірге адамға бағытталған мемлекеттік
аппараттың құқықтық жүйесі мен оның бүкіл қызметінің басшылыққа алатын
бағдары
Дәлелдеу- заңға сай келетін, заңды істің обьективтік шындығын белгілейтін
қажетті деректер
Декларация-құқықтық құжат, ұсынушы күші бар негізгі принциптерді жариялау
Демократиялық режим-мемлектік билікті іске асырудағы халықтың жаппай
қатынасуымен тікелей және өкілеттік демократия, азшылықтың мүддесін есептей
отырып көпшілік шешімді қабылдау
Депутаттық сауал – депутаттың мемлекеттік органға неммесе лауазымды адамға
өкілді органның сессиясында сол органның немесе лауазымды адамның
құзіретіне кіретін мәселелер бойынга негізделген түсіндірме беруді немесе
айқындамасын баяндауды ресми түрде жасаған талабы
Жергілікті өкілді органдар –мәслихаттар тиісті әкімшілік –аумақтық
бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделері ескере
отырып,оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді олардың жүзеге
асырылуын бақылайды
Жергілікті өзін өзі басқару –жерлікеті жерлердегі атқарушы билікее ие
органдар
Елді мекен- азаматтардың шаруашылық және өзгеде қоғамдық қыметі нәтижесінде
қалыптасқан республиканың халық шағын сипатта қоныстаған бір бөлігі
Заң-ерекше жағдайда ,заң шығару органдарының билігімен не референдуммен
қабылданған, халықтың еркін көрсететін аса маңызды қоғамдық қатынастарды
реттейтін,жоғарғы заңдылық күші бар нормативті акт.
Заңдар-мемлекттің белгілі-тарихи кезеңіңдегі,әрекет жасайтын заңдардың және
соған негізделген қосымша заң актілерінің жүйесі
Заңдылық –қоғамның және мемлекеттің құқық нормаларын іске асырудағы барлық
адамдардың, ұйымдардың, дәл және бұлтарықсыз оындауға қажет талаптарының
жиынтығы.
Заңды мүдде-обьективті кқұқықта көрсетілген ,не оның жалпы мәнінен пайда
болатын, белгілі деңгейде кепілдігі бар заңды рұқсат,ол субьектінің белгілі
әлеуметтік иглікпен пайдалануға ұмытылғанынан көрінеді,сонымен қатар,оны
қорғайтын мемлекеттің құзіретті органдарына,қоғамдық ұйымдарға жүгінуи
мүкіндігі
Заңды тұлға-меншігінде мүлкі бар,сол мүліктерін басқару процесінде,өз
атынан мүліктік емес міндеттерге ие болып, міндеттері бойынша жауап беретін
сотта талапкер және жауапкер бола алатын заңмен тіркелген ұйымдар,
тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер.
Конституция- мемлекеттің және тұтасымен қоғамның негізгі заңы, оның ең
жоғарғы заңдылық күші бар, қоғамдық және мемлекеттік негізгі құрлымдарды
басқару нысанын, жеке адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым –қатынасының
принциптерін бекітеді
Конфедерация- мемлекеттердің уақытша одағы, олар саяси, әскери,
экономикалық және басқа да мақсаттар үшін бірігеді
Қоғам –тарихи қалыптасқан адамдардың өмір ортасы,бірігіп жасайтын
қызметтерінің жиынтығы.
Құқық нормасы-жалпыға міндетті, нақты қоғамдық қатынастарды реттеуге
бағытталған мемлекетпен қамтамасыз етілетін формалды белгіленген тәртіп
жолы.
Құқық саласы-белгілі қоғамдық қатынастардың аясын реттейтін , тәртіпке
келтіретін заңды нормалардың жиынтығы
Құқық-жалпыға міндетті, формальды түрде анықталған заң нормалары, қоғамдық
, таптық ерікті көрсетеді қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған
мемлекет пен белгіленеді және қамтамасыз етіледі
Мемлекеттік аппарат- мемлекеттің алдыңдағы негізгі мақсаттарды, қызметтерді
іске асыруға қажетті мемлекет органдарының жүйесі
Мемлекет-белгілі аумақ көлеміндегі саяси биліктің ұйымы,мүдделердің іске
асырылуына тікелей ат салысады.
Мемлекет нысаны-саяси биліктің ұйымдастырлуы жолы ,мемлекеттік нысанды,
мемлекеттік басқаруды, мемлекеттік құрлымды қамтиды және мемлекеттік
–құқықтық тәртіп
Монархия-мемлекеттік басқару жүйесінің нысаны, онда жоғарғы билік
сайланбайды және тағайындалмайды, мұрагерлік жолмен жүзеге асады.
Мораль-адамдардың тәртібін, жақсылық ,әділдік, адалдық жағынан реттейтін
нормалар мен принциптері
Мемлекеттік билік –бұл мемлекеттік құқықтық құралдар,әдістер мен тәсілдер
жүйесі
Мәжіліс- Парламенттің төменгі палатасы,ол жетпіс жеті депуттан тұрады
Нормативтік келсім-құқықтық –шығармашылық субьектілерінің арасындағы
келсім,оның нәтижесінде жаңадан құқық нормасы пайда болады
Нормативтік акт-құқықтық акт, мемлекеттің шығармашылық субьектілерімен
қабылданады,ерекше ресми жазба нысаны бар және белгілі қоғамдық
қатынастарды реттеуге бағытталған.
Саяси режим- тәсілдердің,амалдардың,құралдардың жүйесінің негізінде саяси
билік жүргізіледі және сол қоғамның саяси жүйесі сипатталады.
Сот билігі –сотта іс жүргізудің азаматтық,қылмыстық және заңмен белгіленген
өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады.
Сенат- әр облыстан,республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан
Республикасының астанасынан екі адамнан,тиісінше облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары
депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын құралады.
Сессия- мәслихаттың өздері үшін ортақ бір күн тәртібі бар, бірінен кейін
бірі болатын бір немесе бірнеше отырыстары
Тәртіп-қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік нормалардың талаптарына
субьектілердің тәртіптерінің сай болуы
Тұлға-нақты қоғамдық экономикалық құрылымның мүшесі ретінде адамды
сипаттайтын ерекшелктердің жиынтығын білдіреді
Президент- ел басшысы,мемлекеттік биліктің лауазымдық қызметтінің
атқараушы,мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын
айқындайтын,ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан
өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға.
Парламент- заңшығарушы қызметті атқарушы мемлекеттік билік органы жүзеге
асыратын ең жоғарғы өкілді органы
Үкімет –атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады,атқарушы
органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Республикалық маңызы бар қала-ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе халық
саны бір миллионнан астам адамнан тұратын елді мекен.

2. Дәрістер
Дәріс-1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ: ТҮСІНІГІ, ПӘНІ
ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Мақсаты: ҚР-ның Конституциялық құқығының –құқық және ғылым саласы
жүйесіндегі алатын орны, ашу, бастауы ретінде қарастырып ұғымды
қалыптастыру 1.КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫ РЕТІНДЕ
2. КОНСТИТУЦИЯЛЫК ҚҰҚЫҚТЫҢ БАСТАУЛАРЫ МЕН ЖҮЙЕСІ
3. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМ САЛАСЫ РЕТІНДЕ

1. Конституциялық құқық- Қазақстан республикасы құқық жүйесі
салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипаталатын құқықтық нормалар
жүйесін білдіредіжәне басқа
құқық жүйесінің номаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық
нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар
арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық
құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатыныстароның пәнің
құрайды.Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерешеліктері бар.
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатыныстар мемлекет
және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттікбиліктін жүзеге
асуымен тікілей байланасты жүргізідеді.
Конституциялық құқық пәнінің түсіндірудың теориялық сондай-ақ
практикалық мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен
институттарына тән мәнін дұрыс түсінүге болмайды, олардың құқықтық
реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау
мүмкін емес. Конституциялық құқық пәнінің білмейінше оның номаларын қолдану
саласын да анықтау мүмкін емес.Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау
кезінде, ең алдымен қай саланың нрмасын қолдану қажеттігін анықтап алу
керек. Ал ол үшін, реттеудін нысаны болып табылатын қоғамдық қатыныстар
сипатын белгілеу қажет.
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатыныстар аясы
мейлінше кең.Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси,
экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине
конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көрінестері бойынша
және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық
қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдығы кейін кең
дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін
қалайды.
Конституциялық құқық тұтас алғанда, құқықттың реттеу әдістердің
көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатыныстарды реттейді. Конституциялық-
құқықтық қатыныстарды реттеу үшін төмендегідей:1) міндеттеу әдісі; 2)
тыйым салу әдісі 3). рұқсат ету әдісі 4) тану әдісі қолданылады.
Міндеттеу әдісі; мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты,
олардың барлық қызмет саласында қолданылады. Қазақстан Республикасы
Конституцияның 18- бабында: Мемлекеттік органдар қоғамдық бірлестіктер,
лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралары әрбір азаматқа өзінің
құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат
көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті деп жазылған.
Қазақстан Республикасы Конституцияның 6-бабы бұл әдісті қолданудың тағы бір
мысалы болып табылады. Яғни: Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану
сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Аталған қағида
мемлекеттік меншікке сияқты, жеке меншікке де қатысты.Тиысыншы,
конституциялық норма мемлекеттік органдарды да, жеке меншік иелерін де
меншікті тек өз мүддесіне ғана емес, сондай-ақ қоғам мүддесіне де
пайдалануға міндеттейді.
Конституциялык құқықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл
әдіс, көбіне мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты
қолданылады. Тыйым салу әдісі азамат-тарға катысты шектеулі жағдайларда
ғана колданылады. Қазакстан Республикасы Конституциясынын, 39-бабының 3-
тарма-ғында былай делінген: Саяси себептер бойынша азаматтардык құқыктары
мен бостандыктарын кандай да бір түрде іиектеуге жол берілмейді.
Конституиия занда каралмаған әскерилендірілген күрамалар кұруға тыйым
салады. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқы демократияның шынайы
көрінісі болып табылатын рүқсат ету әдісін де кең колданады.
Мүндай әдіс қол жағдайда адамның жоне азамаітың мәртебесін белгілеу
үшін колданіылады. Мысал ретінде әркімнін,заңмен белгіленгеннен баска
ретте, Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұруын және тұратын орнын еркін
тандауын айтуға болады. Рүқсат ету әдісінің өзіндік ерекшелігі мынада,
Конституция белгілі бір аукым, шекке дейін еркін әрекет ету мүмкіндігін
бере отырып, субъектінің әрекетін айтарлықтай шектей алады.
Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардын, өкілеттігін белгілеу
кезінде де қолданылады. Айталык, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-
бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Палаталардың бірлескен отырысында
Президентке, оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санының
үштен екі даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге зан шығару екілеттігін
беруге хакылы.
Қазақстан Республикасының конституциялык күкығы, меніңше, қүқықтық
реттеудің тағы бір әдісін - тану (таны-мау) әдісін де колданады. Кеңестік
кезеңнен кейінгі конституциялық құқық женіндегі әдебиеттерде мүндай әдістің
қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бүл әдіс объективті фактордан-
адамдардың табиғи құкығын заң түрғысынан танудан туындайды. Мемлекет
адамдардың табиғи құқығына рүксат етеді емес, дәлірек айтканда,таниды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағында былай деп
жазылған: "Адам кұқықтары мен бостандыктары әркімге тумысынан жазылған,
олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен езге
де нормативтік құқықтық актілердің мазмүны мен қолданылуы осыған карай
анықталалды". Құкыктық реттеуді әдіс ретінде тану да конституциялық
құқықтың демократиялық және адамгершілік мәнін сипаттайды.
2. КОНСТИТУЦИЯЛЫК ҚҰҚЫҚТЫҢ БАСТАУЛАРЫ МЕН ЖҮЙЕСІ
Кұқық ғылымында кұқыктың заңдык, бастаулары үғымы қалыптасқан. Бүл
орайда кұкыктың бастаулары ретінде кұкык нормалары көрініс беретін нысандар
үғынылады. Кұқықтык,нормалар нормативтік құкықтык, актілерде белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясында қүкық бастауларын анықтауға катысты
біркдтар ерекше белгілер бар. Біріншіден, Конституцияда құқық нысандары
(бастаулары) аталады. "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
Конституцияның, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік қүкықтық
актілердін, халықаралық шарттың және өзге де Республиканың
міндеттемелерінің сондай-ак, Республика Конституциялык Кеңесінің және
Жоғарғы Соты нормативтік каулыларының нормалары болып табылады" (Казақстан
Республикасы Конституциясы 4-бабының 1-тармағы).
Көрсетілген конституциялық кағида құқык бастауларын жалпылай
сипаттайды, Конституцияда көрсетілген нормативтік құкықтық актілердің
нысандарының бәрі бірдей оның бастаулары болып табылмайды. Қазақстан
Республикасының конституциялық құқығының негізгі кайнар кезі, тұтас
алганда, Конституция болып табылады. Мүндай жәйтті боліп айтуымның себебі,
ұлттық кұкыкты калыптастырудын қайнар көзі ретінде тек Конституциянын
құқықтық нормалары ғана емес, сондай-ақ оның баска да элементтері:
принциптері, жалаң кағидалары, міндеттері мен мақсаттары да кызмет етеді.
Тарихи фактіні бүлайша сипаттаудын мемлекеттің тек көп үлттық қана емес
халыктық сипатын үғынуда да айрыкша мәні бар. Ал бүл идея мемлекеттің
барлық көп үлттымемлекеттіңатыпан қызмстетуді, ұлттық белгілері бойынша
кемсітілуге және басқаларына жол бермеуді көздейді. Әрине, бұл идсялардын
бәрі тиісті зандардың қайнар көзі ретінде қызмет етуі тиіс. Қазақстанды
әлеуметтік мемлекет ретінде тануда конституциялык. идеяның бастаулық мәні
қызметін атқарады. Бүл кағида Республика аза-маттарын әлеуметтік жағынан
қамтамасыз етуге арналған заңдардың негізгі қайнар көзі болуы тиіс,
Қазакстан Республнкасы Конституциясы жариялаған мемлекет қызметінін
принциптері: коғамдык келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халыктың
кажетіне орай экономикалык даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің
мейлінше манызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу казақстандық
құқыктын. қайнар көзі қызметін аткарады.
Мемлекет және оның органдары қызметінін негізіне алын-бастан бүрын, ол
принциптер әр мемлекеттік органның ерекшеліктері ескеріле отырып, тиісті
нормативтік құқыктық актілермен бекітілуі тиіс.
Конституцияның кұкыктық нормалары сала ретінде конституциялык,
құқыктың тура және тікелей кайнар көзі болып табылады. Қазакстан
Республикасы Конституциясының күкықтық нормалары калайша күқықтын кайыар
көзі ретінде сипатталады?
1.Қазақстан Республикасы Конституциясында бүкіл конституциялық заңдардың
негізі болыпта болатын құқыктық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтканда,
Конституцияның құкықтык нормалары конституциялык-кұкыктық катынастарды
реттейтін барлық нормативтік кұкыктық актілерді калып-тастыру мен дамытудың
негізі болып табылады.
2. Казакстан Республикасы Конституциясының құқыктық нормалары мемлекет
пен коғам өмірінің барлык, салаларын: саяси, экономикалык, әлеуметтік,
мәдени салаларділ қамтиды. Әрине Конституцияның құқықтык нормалары аталған
салалардағы коғамдык қатынастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді.
Ол тек коғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының құкықтық нормалары кұқықтың баска
салаларының құқыктык нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.
3. Конституциялык кұкыктың басқа бастауларымеи салыстырғанда Қазақстан
Республикасы Конституциясынын жоғары заңдық күші бар және Қазақстанның
барлық аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар
және басқа нормативтік актілер Конституциядаң бастау алуы және оған қайшы
келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп
таиылады және қолдануға жатпайды. Қазақстан Республикасының
Конституциясында оның қағидаларынын жоғары занлык күшін қамтамасыз етудің
кепілдігі белгіленген.
4. Қазакстан Республикасы Конституциясының тек конституциялык құқықтың
ғана емес, сондай-ақ құкықтык баска да салаларының бастауы ретіндегі мәні
мынада, онда халықтын мемлекеітік еркі, олардың құкықтық демократиялык
мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастықка оның тең құқылы мүшесі ретінде
косылу жоніндегі табандылығы тікелей корініс тапқан.
5. Конституция құқықтың басқа бастауларындай, сондай-ақ тек мемлекеттің
ғана емес, сонымен бірге тұтастай қоғамның да негізгі заңы екендігімен
ерекшеленеді. Баска нормативтік құқықтық актілер коғам өмірінің жекелеген
тараптарын қамтиды. Ал, Қазақстан Республикасы Конституииясының идеялары,
принциптері, құқықтық нормалары бүкіл коғам өмірінің мейлінше мәнді
бағыттарын реттейді: жекелеген адамды, азаматты, қоғамдық қызметтің барлық
субъектілерін (бірлестіктерді, қозғалыстарды, өзін-өзі баскару органдарын,
және баскаларын) қамтиды.
6. Сондай-ақ Конституция конституциялық құқықтың басқа бастауларынан
өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың ерекше тәртібін белгілеуімен де
ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі
заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын камтамасыз ету кажеттігімен
туындайтын мәнімен сипатталады.
7. Қазақстан Республикасы Конституциясының конституциялық құқықтық қайнар
көзі ретіндегі тағы бір өзіндік қыры онда оның басқа қайнарларының
нысандары: конституциялық жәй заңдары, Президенттің нормативтік жарлықтары
мен қаулылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінін қаулылары, сондай-ақ
заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқының мемлекеттік (республикалық)
мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына
конституциялық зандар жатады. "Конституциялық заңдар" атауы Қазақстан
Республикасы Конституциясына енгізілген. Қазақстанның конституциялық
заңдарының өзіндік ерекшелігі - олар Конституцияға өзгерістер мен
толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды.
Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын қабылдаудағы іс жүргізу
Конституцияаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы
іс жүргізуден осынысымен ерекшеленеді.
Жай заңдар да конституциялық кұқықтын қайнар көзі болып табылады. Жай
заңдарды Қазақстан Республикасыиык Парламенті қабылдайды. Қазақстан
Республикасы Конституциясында каралған жағдайда жай заңдарды Президент те
кабылдай алады. Казақстаннын конституциялық қүқының кайиар көзіне
азаматтықтуралы, кеші-қон туралы жоне баска жай заңдар жатады.
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Регламенті, Сенатынын. Регламенті,
Парламентінін Регламенті, Парламент Пала-талары күрған үйлестіруші және
көмекші органдар туралы ереже конституциялық құқық салаларының кайнар көзі
болып табылады.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқының қайнар көзіне Қазақстан
Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары да жатады. Президенттін
нормативтік жарлыктары үш топқа:І) конституциялык, заң күші бар
жарлықтарға, 2) жай заң күші бар жарлыктарға, 3) занға сәйкес нормативтік
жарлықтарғабөлінеді. Әрине,тәртіп бойынша, Президент өзінің заң
шығармашылық қызметін занға сәйкес нормативтік жарлықтар қабылдау жолымен
жүзеге асырады. Парламент өзінің заң шығармашылық өкілеттігін Президентке
берген жағдайда ол зандық күші бар жарлықтар қабылдауға қүқылы. Заңдық күші
бар жарлықтардың заңдық күші Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған
заңдардың заңдык, күшімен тең.
Республикада заң шығаратын орган жүмыс істемеген кезеңде Президент
конституциялық-құкықтык нормалардан тұратын конституциялық және жай заңдық
күші бар біркатар жарлықтар қабылдады. Олар әлі де күшінде және Қазақстан
Республикасы конституциялық құқының қайнар көздері болып табылады. Олардың
қатарына Президенттің Парламент және депутаттар туралы, референдум туралы,
Президент туралы, Үкімет туралы, Конституциялық Кеңес туралы және баска
жарлықтары жатады.
Президенттің нормативтік жарлықтарының бәрі бірдей конституциялық
кұкықтың қайнар көзі болып табылмайды. Ондай жарлықтар конституциялық-
құқықтық нормалардан тұратын нормативтік жарлықтар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқыктық актілері
конституциялық құқыктың, конституциялық - құқыктық нормалардан тұратын сала
ретіндегі қайнар көзі болып табылады.
Қазак КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның
конституциялық қүқыктың қайнар көзі ретіндегі мәні ерекше зор. Аталған
декларация Кеңестер Одағы кезінде кабылданғанымен, ол кейін егемендіктің
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңда, 1993 жылғы
және 1995 жылғы Конституцияларда жәнс басқа конституциялық актілерде
бекітілген принциптерін жариялады.
Казақстан Республикасы таныған халықаралық-құқыктық актілердін
нормалары да конституциялық құқыктың қайнар көзіне жатады. Ол адам кұқы,
қоғамдық күрылымдар және бас-калар туралы конституциялык мәні бар құқықтық
нормалардан тұруы мүмкін.
Саланың кайнар көзіне жергілікті өкілетті органдардын, сондай-ак
конституциялық-құқыктык, нормалары (шешімдер, жарғылар, ережелер) бар
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілері де
жатады. Олардың кеңістіктегі заңдық күші шектеулі және олар жергілікті
сипатта болады.
3. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМ САЛАСЫ РЕТІНДЕ
Конституциялық құқық құқықтық ғылымнын бір саласы ретінде
оқытылады. Ғылым ретінде конституциялык, құқыққа өз пәні, өз бастаулары,
оны оқып-үйренуге озіндік бағыт-бағдар тән. Ғылым конституциялық кұқықты
кұқыктық ғылымның бір бөлігі ретінде қарастыратындыктаң ол салалық
ғылымдардың қатарына жатады. Конституциялыкқұқық ғылымы конституциялық
құқықтың қалыптасу, даму, қызмет ету зандылығын зерттеуге бағытталған,
конституциялық заңдылыққа сүйенетін негізгі үғымдар мен санаттарды
қалыптастырады және конституциялық құқыктың құқыктық ғылым жүйесіндегі орны
мен рөлін анықтайды. Конституциялық құқық ғылымы мемлекеттік басқару және
мемлекеттік құрылыс нысандарың Қазақстан мемлекеті тетігін (механизмін),
мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасының нысандарын, әдістері мен
тәсілдерін зерттейді. Ол конституциялык құқықтың мәнін, нормалары мен
институттарының бағыттарын және оны жүзеге асыруға байланысты процестерді
зерттейді. Осымдай жүмыстарды жүзеге асырудын нәтижесінде конституциялық-
құқықтық қатынастар туады, езгертіледі және тоқтатылады. Сондықтан
конституциялық құқық ғылымы конституциялык-құқықтық қатынастардың сипатын
және табиғатын, олардын басқа салалық құқықтық қатынастармен
салыстырғандағы ерекшеліктерін зерттейді. Конституциялық құқық ғылымы
реттелетін қоғамдық қатынастардың конституциялық-қүкыктық нормалар
әрекетінің тиімділігін

зерттейді, ондай тиімділік әлсіреген жағдайда оны күшейту үшін үсыныстар
жасайды.
Аталған ғылым мәртебесі конституциялық заң арқылы белгіленетін мемлекеттік
органдардын қызметін зерттсйді. Сөйтіп, бүл мемлекеттік органдар, әрине,
оқшауланған күйде емес, олардын өзара байланысы деңгейінде зерттеледі.
Мүнда, сондай-ақ. Конституциялык құқық ғылымы қүқыктык, нормалардың
тиімділігін ғана қарастырып қоймайды, сонымен
бірге коғамдық қатынастардын құқықтық реттелу шегін объективті түрде
зерттейді. Былайша конституииялық-құқықтық нормалармен реітелуі мүмкін
қоғамдық қатынастарды жалпылама анықтауға болғанмен, іс жүзінде олар
реттейтін қоғамдық қатынастар шегін белгілеу оңай да емес. Нәтижесінде
конституциялық-құқықтық нормалар өз табиғатында құқықтық басқа салаларының
нормаларымен реттелуі тиіс қатынастарды қоса барынша кен көлемдегі
қатынастарды реттеуі мүмкін немесе, керісінше, айталық, өзінің әлеуметтік
мәніне орай солар арқылы реттелуі тиіс қоғамдық қатынастар конституциялық-
құқықтық нормалардын назарынан тыс қалдырылуы мүмкін. Ғылым мүндай
мәселслердін жауабын іздеп, табуы тиіс.
Конституциялық құқық ғылымы халық екілдігі, ұлттық, халықтық және
мемлекеттік егемендік, мемлекеттік басқару мен құрылым, әкімшілік-аймақтық
белініс нысандары сияқты кешенді проблемалардын тұжырымдамасын жасайды.
Жергілікті өкілетті және жергілікті езін-озі баскару органдары жүйесі де
осы ғылым зерттейтін пән. Ғылым сайлау жүйесіне демократияның қайнар кезі
ретінде айрықша назар аударады. Аса маңыздылардың қатарына мемлекеттік
органдардың үйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық принциптері
зсрттеу жатады.
Конституциялық құқық ғылымы адам мен азаматтын құқы, шетел азаматтары,
конституциялық нормалардың адам құқұының халықаралық құкық нормаларымен
өзара байланысы проблемаларын зерттеуге айрықша назар аударуы тиіс.
Конституциялық құқық ғылымы оның пәні болып табылатын аталған объектілерді
зерітейді. Ол оларды әлеуметтік, тарихи, логикалық және басқа әр түрлі
әдістерді қолдана отырып, ғылыми ме-тодологиялық принциптерге сүйене отырып
зерттейді. Конституциялық заңдылықты оқып-үйрену, оның әлеуметтік
табиғатын, бағытын ашып көрсету, іс жүзінде қолданылуын қарау негізінде
ғылым теориялық ережелерді, тұжырымдарды, түжырымдамаларды қалыптастырады.
Бұл ережслер тек ғылымның дамуы үшін ғана емес, сонымен бірге зандылықты
жетілдіру, мемлекеттік органдардың қызметін жақсарту үшін де маңызды.
Конституциялық құқық ғылымы тұтас кұбылыс болғандықтан оның
тұжырымдамалары, теориялық ережелері өзара байланыста болып қана қоймайды,
сондай-ак, біртұтастығымен ерекшеленуі тиіс. Конституциялық құқық ғылымының
бірлігі мен тұтастығы теориялық кешендердің шартты түрдегі дербестігін
жоққа шығармайды. Ол дербес зерттелетін мынадай айтарлықтай кешендерден
тұрады. Олардың қатарына, мысалы, билікті бөлісу, парламентаризм,
президенттік басқару нысандары, сайлау жүйесі, азаматтық, егемендік,
мемлекеттіліктін сипаты мен мәні, халық билігі, азаматтық қоғам
тұжырымдамасы, саяси плюрализм және басқа теориялар жатады. Осы теориялар
мен тұжырымдамалардын қай-қайсысы болсын дербес қалыптасады, бірақ сонымен
бірге олар бір-біріне ыкпал етеді.
Ғылым "конституциялық құқық" деп аталғандыктан, оның негізгі
бастауы - Конституция болып табылады. Ол Конституцияның негізінде өзінің
басты теориялык ережелерін қалыптастырады. Сонымен бірге жинақталып келіп
конституциялық заңдылықты құрайтын: конституциялық заңдар, жай заңдар,
Президенттің нормативтік жарлықтары, Үкіметгің каулылары, жергілікті
өкілетті органдардың шешімдері де конституциялық құқық ғылымының қайнар
кездері болып табылады. Бұл — конституциялық құқық ғылымының нормативтік
құқықтық қайнарлары. Конституциялық құқық гылымының басқа бір бастауы -
конституциялық - құқықтық нормаларды іс жүзінде жүзеге асыру. Нақ іс
жүзінде зерттеу ғана конституциялық-кұқықтық нормалардың сыртқы табиғатын
ғана емес, сондай-ақ ішкі мәнін, қолданылу ақиқаттығын түсінуге де
мүмкіндік береді. Конституциялық-кұқыктық нормаларды нақ осылай кешенді
зерттеу ғана ғылыми ілім, тұжырымдамалар, идеялар туғызудың негізі болып
табылады. Конституциялық құқық ғылымының келесі бір кайнар кезі — отандық,
сондай-ақ шетелдік ғалымдардың конституциялық, құрылыстын философиялық,
заңдық, саяси, әлеуметтік және басқа мәселелеріне арналған, осы салаға
тікелей немесе жанамалай қатысты еңбектері.
Қазақстанда қазіргі заманғы конституциялық құқық ғылымы тақыр жерде
калыптасып отырған жоқ. Біріншіден, кеңестік кезеңде ол Қазақстанда шартты
түрде кен дамыды. Алайда, Қазак КСР-ы КСРО-ның құрамында болғандықтан
Қазақстанның дербес конституциялық құқық ғылымы болған жоқ. Ол Кеңестер елі
конституциялық құқық ғылымынын құрамдас бір белігі болды. Екіншіден,
дербес, егеменді Қазакстан Республикасы құрылғаннан кейін мүнда өзінін
конституциялық. құқық ғылымы қалыптаса бастады. Қазақстанда аталған
ғылымның теориялық бастаулары дербес конституциялық даму мәселелерін
қазірдің езінде зерттейтін республика ғалымдарының еңбектері болып
табылады. Әрине, Казақстанның конституционал-ғалымдары "кереметтср жасау"
туралы ойдан мүлдем аулақ. Қазақстан әлемдік өркениет жетістіктеріне,соның,
ішінде конституциялық құқық саласында да игілікке қол жеткізе бастады.

Пысықтау сұрақтары:
1.ҚР ның Конституциялық құқығы құқық жүйесіндегі алатын ролі мен маңызы
2.ҚР Ның Конституциялық құқығы –ғылым саласы ретінде орны мен әдістері

Дәріс -2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ
НЕГІЗГІ ЗАҢЫ
Мақсаты: ҚР ның Конституциясына жалпылай түсініктеме беру арқылы оның
тарихи кезендері,оның күші,құру жолдары және басқа заңдармен қатынасы
туралы білімді қалыптастыруды міндет етеді
1.Конституцияның мәні
2.Конституцияның қолданылу мәселесі.
3.Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының арақатынасы туралы
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық,
өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның
негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің
балық салаларын өз нәрімен сусындататын зор ауқымды саяи-
құқықтық күші бойы жинақталған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық
құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі
принциперін белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мелекеттің қайнар
көзі және әлеуметтік негізгі ретінде бүкіл халықтың конституциялық құқытың
ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқытың барлық салаларында да қайнар көзі
болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқытық актілерде
кеуздеспейтін сипаттар тән.
Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады. Сондықтан Констицияда
халықтың оның мәнін сипаттайтын еркі білдірілген? Социализм кезінде де
Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептеледі. Осыған орай халық
еңбекшілерден – жұмиысшы табынан, шаруалар мен еңбек интеллегенциясынан
тұратындығы атап көрсетіледі. Халыты бұлайша сипаттау кез келген
әлеуметтік құбылысқа, марксшіл-лениншіл ілімге тән таптық көзқарасқа
негізделеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жылы халықтың таптық
сипаттамасынан тұңғыш рет бас тартты. Онда енді жұмысшы табы туралы,
шаруа және еңбек интеллегенциясы туралы сөз болған жоқ. Жалпы еңбекші
термині 1993 жылғы Конституцияда да, 1995 жылғы Конституцияда да
қолданылмайды. Дегенмен, Конституцияның екеуінде де халық туралы
айтыладжы. Қазақстан республикасы Конституциясында халық тұрғындардың
бүкіләлеуметтік қабатын жинақтаған тұтас әлеуметтік – саяси құбылыс
ртінде ұғынылады. Осыған орай, халық ұғым қазақстан Конституциясына
сәйкес, бірнешеден, ол байлыұ жағдайына қарай әлеуметтік қабаттарға,
таптарға бөлінбеушілікті білдіреді, сөз жоқ, бұл маңызды конституциялық
фактор болып табылады.
Конституцияда мемлекет әлеуметтік, яғни, бүкіл халықтың өкілі
ретінде танылады. Бұла мемлекеттің тұрғындардың қандай да болсын бір
тобына екінші бір тобын кемсіту арылы басымдық бермейтіндігін
білдіреді. Мемлекет тиісінші, олардың әлеуметтік жағдайларына арай
тұрғындардың барлық қабаттарына қамқорлық көрсетуі тиіс. Қазақстан
республикасынң Конституциясы бүкіл халықты әлеуметтік топтарға блмей,
олардың құқытарын шектемей конституциялық- құқытық қатынастар субъектісі
ретінде таниды. Екіншіден, халық ұғымына көпұлтты қоғам жағдайында қазақ
ұлты, басқа да барлық ұлттық топтар жатады. Бұл, мемлекеттегі бүкіл
халықтың әлеуметтік баалық негізін құрайтын қазақ ұлтына ерекше;
құқытық, саяси, іәлеуметтік, экономикалық және мәдени жеңілдіктер
берілмейтіндігін блдіреді.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде тану жеңілдіктер қатарына
жатпайды, тек мемлекеттің барлық жерде және қайда да болсын ұлттық
нысаны бойынша ұлттықв болып табылатын сипатына жатады. Орыс тілін ресми
қолданыс тілі ретінде тану да бұл салада жеңілдік берілмейтіндігін
көрсетеді.
Сөйтіп, халықты Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы деп
тану оның мәндік ипатын білдіреді. Ондықтан Қазақстан Республикасының
1995 жылғы Конституциясы: Біз, Қазақстан халқы .. осы Конституцияны
қабылдаймыз деген сздермен басталады. Қазақ халқы Конституциьяны
референдумның қорытындысымен қабылдады. Қазақстан Республикасының
Конституциясына өзгерістер мен толытылулар республикалық референдум арылы
енгізілуі мүмкін. Басқаша айтқанда, халы Контситуцияны қабылдап қана
қойған жоқ, ол Конституцияға өзгерістер мен толдықтылулар да енгізе алады.
Әрине, Конституцияға өзгерістер мен толықтылулар енгізу жобасын Президент
Парламенттің арауына бере алады. Алайда, мұндай жағдай да халық сырт
қалмайды? Парламент халықтың жоғары өкілетті органы, сондықтан ол
Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтылуларды халықтың атынан
қабылдайды.
2. Қазақстан халқы конституцияны қабылдайтын бірден-бір субъект деп
танудан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Қазақстан халқы елдегі
мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендікті
қолдаушы болып табылады. Сондақтан ол құрылтайшылық биліктің иесі. Нақ
Конституция арқылы қазақстан халқы мемлекетті құрды, оның басқару және
құрылым нысандарын, әлеуметтік-эономикалық құрылыс негідерін, адам мен
азаматтың мәртебесін белгілейді. Тек халық, ал халық атынан тек
Парламент қана мемлекеттің құрылым негіздеріне өзгерту енізе алады.
Сонымен бірге Контитуцияда а мемлекеттің мейлінше мәнді
кезеңдері тұрақтылық, бірттастық принциптері нығайтылған. Ол -
емлекеттік құрылымның біртұтас нысаны, басқарудың Президенттік
нысаны және аумақтық тұтастық.
Қазақстан Республикасының Конституциясының құрылтайшылық сипаты оны
қабылдау мен оған өзгерістер енгізудің ерекше тәртібін, ұлттық
құқықтық жүйені қалыптастыру мен дамытудағы мейліше ерекше орнын,
парламент, президент, Үкімет үшін, лауаымды адамдар, сот органдары үшін,
азаматтар үшін оның құқытық қағыдаларының еш шүбәсіздігін
қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Конституциясының құрлтайшылық
ипаты оның барлық нормативтік қағидаларының еш шүбәсі
танылатындығынан, басқа ешір нормативтік құқытық акт Конституция
нормаларын ескерген, өмір шындығына сай келмейтін деп және басқалай
тани алмайды. Мұндай ерекше сипат тек Конституцияға ғана тән. Бұл жағдайға
назар аударып отырған себебіміз, конституциялық қағидаларға атүсті
айтылған сындар кейде жақсылық нышынындай есептеледі, Конституцияның
қайсыбір нормаларына, киімді ауыстырған сияқты, өзгерітер енгізу туралы
ұсыныстар айтылады. Мұндай акциялар ескіні, кеңістік кезеңнің сарқыны,
ол кезде КСРО Жоғарғы Кеңесі мен одақтас республикалардың Жоғарға
Кеңестерінің әр сессиясында дерлік Конституцияға өзгерістер мен
толықтылулар жеңіл енгізіле беретін-. Қазақ КСР-ның 1978 жылғы
Конституциясымен де осылай болды, айналып келденде ол ешкімге қажеті
жоқ жалаң нұсқаулық құжатқа айналды.
Әрине, бұдан Конституцияның жекелеге нормалары уақыт сынын ұшырауы,
скелең қоғамдық қатынас тааптарына сай келмеуі мүмкін емес деген ой
тумаса керек. Қоғамдық қатынас келмеуі ылғида қозғалыста, өзгеріте
болады, сондықтан конституциялық нормаларды өгерту қажеттігі де
туындайды. Мұндай процесс өтпелі үлгідегі қоғам үшін тән құбылыс.
Нақ осындай қоғам түбірлі өзгерістер мейлінше тез және жиі жүреді. Бұл
процестің Конституцияның жағдайына әсер етпеуі мүмкін емес.
Осыны ескере отырып, өткеннен де сабақ алу керек. Конституцияның
тұрақтылығын, оның беделінің жоғарылығын қамтамасыз ету үшін мұндай
қажеттілік туған жадайда Конституцияға өзгерістер мен толықтылуларды
конституцияға тіркеуге болатындай етіп, жеке ерекше нормативтік акт
ретінде ресімдеу керек. Мұндай көзқарастың бірқатар сәтті жақтары бар.
Біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясының құрылтайшылық сипаты
сақталады. Шын мәніде, Қазақстан Республикасының Конституциясы, бірнеше
ондаған, жүзделген жылдардан бері өмір сүретін мемлекеттің қатардағы
кезекті Конституциясы емес. Ол жаңа құрылым және басқару нысандарымен,
қоғамның экономикалық құрыдлымының жаңа негіздерімен және басқалары
мен мүлдем жаңа үлгідегі мемлекетті құрды. Екіншіден, аталған
құрылтайшылық сипатына орай Қазақстан Республикасының 1995 жылғы
Конституциясы құқытықв мәдениеттің тарии жадын бейнелейді. Ешқашан
енді мұндай Конституция болмайды. Ол Қазақстан мемлекетінің нақ
қазіргі кезеңдегі қалыптасуы мен дамуының тархи өзгерістері
аясында туды. Сондықтн ол өзіне айрықша мұқият қарауды, нақ осындай
түрінде, қабылданған күйінде сақталуын талап етеді. Үшіншіден,
ерекше құрылтайшылқ сипаты мен тарихы мәні қасиетті акт
ретінде азааттардың қонституцияға деген құрмет сезімнің
қалыптастыру, бірінің соңынан бірі келетін ұрпақтардың алдына
оның беделін трақты көтеру үшін де маңыды. Бұл орайда, әлдеқашан
ескерген қағидаоарының аз еместігіне қарамаста, оның басты актілердің
негізі болып отырған АҚШ Конституциясының еске алға жөн. көптеген
қағидаларының тек тарихи-танымдық қана мәні бар болса да, дінге
сенушілер үшін бірнеше мың жылдар боғы діни жазбалар қасиетті
сенім сияқты есептеледі.
3. Бір жағынан, мемлекеттің, екінші жағынан қоғамның нагізгі заңы
ретінде қолданылуы Конституцияның маңызды ерекшелігі борлып табылады. Бұл
халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі және қоғамның әлеуметтік
базасы ретіндегі мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті оның
барлық атрибуттарымен құрады. Ол оның егемендігін барлық элементтерімен:
аумағымен, жоғары билігімен, азаматтығымен, дербес заңдарымен және
басқаларымен орнықтырады. Конституция мемлекеттің, мемлекеттік оргадардың
қоғаммен, қоғамдық институттармен өзара қатынасының негізін
қалайды. Конституция қоғамдық: экономиклық, ұйымдық, әлеуметтік, діни,
жекелік қана емес, оның институттары да Конституцияның құқықтық
қағидаларын, идеяларын жинақтайды. Осыған байанысты қоғам, оны құрушыла өз
қызметін Конституцияға негіздеу тиіс. Жекелеген заңдардың қайсыбір
жекелеген қоғамдық институттарға: саяси партияларға, діни, мәдени
бірлестіктерге және басқаларына қатынасы болуы мүмкін. Масаты мен
әрекеті конситуциялық құрылысты кштеп өгертуді, республиканың
тұтастығын бұзуды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың
қыыметін тыйым салатын Конституцияның нормативтік ережелері тура және
тікелей қолданылады. Сондықытан құқық қорғаушы органдар осы іспеттес
құбылыстарға қарсы шара қолданғада тікелей Конституцияны басшылыққа
алады.
Конституцияның нормативтік ережелері тура және тікелей
қолданылады. Сондықтан құқық қорғаушы органдар осы іспеттес құбылыстарға
қарсы шара қолданғанда тікелей конституцияны басшылыққа алады.
Конституция қоғамдық қатынастардың базалық, түпкі негідерін
реттей отырып, қоғам өмірінің барлық салалрын қамтымайды. Осыған
байланысты методологиялық мәні бар маңызды бір мәселеге тоқатла
кеткен жөн.
Кеңестік және одан кейінгі кезеңдегі заң әдебиеттерінде
құқытық қатынастар құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ретінде
сипатталады. Құқықтанушылар осы теориялық қағиданың дұрыстығына
күдік келтірген жоқ. Шамасы, блай болатны соиализм кезінде ешқандай
жекелік болмады, ол танылмады. Барлығы да мемлекеттік, қоғамдық
еді. Егер тереңдей ой жіберсе, онда социализм кезінде де
мемлекеттік қана емес, сондай-ақ қоғамдық қатынастың да болғанын
байқаймыз. Дегенмен, құқық қоғамдық қатынастарды реттейді деп
саналып келеді. Демек, құқытың кейбір салалрындаа, айталық
мемлекеттік және әкімшілік құқыта қатынастардың мемлекеттік және
сипаты танылса да мемлекеттік қатынасты қоғамдық қатынас жұтып
қойған болып шығады.
Капиталистік қатынасқа көшкен жағдайда, мемлекеттік сектормен
бірге жеке мемлекеттің енді бәрін қамтитын рөлі жойылған кезде
қатынастарды екі топқа бөліп, бөлшектеу қажет:
1) тараптардың бірі ретінде мемлекет атысатын қатынас, мұның
қатарында мемлекеттік- құқыық қатынастарды атауға болады. Бұлар,
билікпен және саяси құқыты бағындыру мен жүзеге асыруға қатысты
қатынастар болып таблады деп ойлаймыз;
2) таза қоғамдық, мемлекттік институттар қатыспайтын қатынастар.
Бұлар құқыпен реттелетін таза қоғамдық негіді белгілейтіндіктен ол
бұл қатынастарға тура аралаысады. Қазақстан Республикасының
Конституциясының әрбір адамның құқытық субъектілігін танитын 13-
бабының 1-тармағы, міне осының мысалы болып табылады. Әр адамның жеке-
жеке, азаматтардың ке келген бірлесуі құқытық жағынан тікелей
Конституция арқылы қорғалатындығы осының дәлелі. Құқық қорғау
органдары, азаматтардың құқығы мен бостадығын қорғай отырып,
Конституіияға сүйеніп қана қоймай. Оны басшылыққа алады. Сонымен бірге
азаматтардан, олардың бірлестіктеріннен, барлық қоғамдық институттардан
Конституцияға құрметпен қарау талап етеді. Конституцияның нормасын бұзу
- көпұлтты қазақстан халқының заңды еркіне қол сұғу болып табыладжы.
2.Конституцияның қолданылу мәселесі.
Бұрыңғы КСРО ғылымдары Конституцияның қолданылу мәселесі туралы
жазбады десе де болады. Конституцияның қолданылуы конституциялық құқытағы
өте маңызды проблема болса да, ол мәселе жөнінде жекелеген ой
түйіндері ғана кездеседі. Оны айқындау шын мәнінде Конституцияның
мемлекет, қоғам, саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер, таптар,
ұлттар, жекелеген адамдар өмірінде алатын орнын түсінуге мүмкіндік
береді. Сондықтан өркенитті, домократиялық қоғамда Конституцияға, оның
қолданылуына, тиімділігіне айрықша мән беріледі. Осыған орай
Конституция, оның мазмұны туралы оны қабылдағанға дейін-ақ мұқият
ойластырылады. Тиісіенше, Конституцияның мәселесі екі кезеңнен: 1) оның
жобасын әзірлеу және 2) қолдану кезеңінен тұрады.
Бірінші кезеңде Конституциянығң қағидалары және нормаларымен
бірге оның қабылданғаннан кейінгі қолданылуы механизмі де терең,
мұқият ойластырылады. Бірінші кеекте тұхырымдама әзірленеді және
конституция нормаларының мазмұны айқындалады. Сонымен бірге мәселе тек
қайсыбір тұжырымдамамен шектелмейді, әсте. Конституцияның өзі көптеген
бөліктерден тұратын актілерді білдіреді. Әр бөлік белгілі бір
тжырымдама мен шектелмейді, әсцте, Конституцияның тұжырымдамаларын
жасауға жол ашады. Мемлекеттік құрылыс тұжырымдамасы, адама құқылары
осындай тұжырымдамалар болып табылады. Өз кезегінде мемлекеттік
құрылыс тұжырымдамасы шартты түрдве дербес теориялық бөліктерден:
билікті бөлу туеориясынан, мемлекеттік құрылым және басқару
нысандары теориясынан, мемлекеттік қызмет теориясынан, мемлкеттің
механизмі теориясынан тұрады. Адам құқы тұжырымдамасы адамның, ааматтың
құқы және басқаларынан тұрады.
Егер Конституцияның тұжырымдамалары практикалық материалодарды
қолдана отырып, мұқият әзірленбесе , онда ол Конституцияға елеулі зиян
кецтіреді. Егер әп дегеннен тұжырымдамалық қағидалардың қалыптасуына
теріс ықпел етеджі. Мұның мысалы ретінде Қазақстан Республикасының 1993
жылғы Конституциясының негііне алынған меншік ұқы тұжырымдамасы іс
жүзінде зиянды болды.
Дегенмен, былай да болуы, тұжырымдама айқын, ал оны толық
көлемінде жорамалдауға конституциялық нормалар, қағидалар арасыз
болып шығуы мүмкін. Билікті бөлу тұжырымдамасы, шамамен осылай болып
шықты. Билік бөлуді тепе-теңдік механизмін жан-жақты әзірлеген
жағдайда ғана енгізуге болатындығы түсінікті еді. Қазақстан
Республикасының Конституциясы жобасы нұсқаларының бірінде биліктің әр
түрлі тармақтарының арсындағы тепе – теңдік механизмнің шартты түрд
толық жүйесі ұсынылады. Алайда, он екінші шақырылған Қазақстан
Республикасынң Жоғарғы Кеңесі мұндай механизмді қабылдауға теориялық
жағынан да, практикалық жағынан да әзір болмайды, сөйтіп, бұл билікті
бөлу тұжырымдамасын алшақвтап кетуге әкеліп ұрындырады. Соның
нәтижесінде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясындағы
биліктің блу туралы қағида өміршең болмай шықыты және көп ұзамай
республиканың екі Жоғарғы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы
Конституциясында белгілі бір деңгейде орындалады.
Конституцияның тұжырымдамаларын маман заңгерлердің, экономистердің
және басқалардың шығын тобы әзірлемеуі тиіс. Олардың мүдделерін анықтап,
конституцияда оны ескеру үшін оны әзірлеуге әр түрлі партялардың,
қоғамдық қозғалыстардың, тараптардың, ұлттардың, әлеуметтік топрадың және
басалардың өкілдерін тарту керек. Өйткені қоғамдық қатынастардың
аталвған субъектілерінің мүдделері объективті факторлармен елеулі түрде
белгіленген. Мен бүкіл қоғамның үдемелі дамуының жалпы процесінен
туындайтын және оларды ескермеу бүкіл қоғам өміріне кері әсер
ететін факторлар туралы айтып отырмын. Айталық, Қазақстанда
мемлекеттік сипаты тұжырымдамасын әзірлеген кезде , Қазақстанда
мемлекеттік қазақ ұлтының ғана емес, бүкіл халықтың мүддесін білдіреді
және мемлекеттік биліктің қайнар көзі халық болып табылады деп атап
көрсетілгенмен баст назар бірұлттылыққа аударылды. Іс жүзінд, Қазақстан
Республикасының 1993 жылғы Конституциясындағы өзін-өзі таншы қазақ
ұлттың мемлекеттілігі туралы қағиданы оғамдық сана бірауыздан
қабылдамады және Қазақстан мемлекеттің құрылуы бүкл халықтың өзін-өзі
тануының жемісі екендігі туралы пікір алыптасты. Бұл ағида Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы Конституциясында орнықтырылды. Менің
пікіріше, бұл ымырға а келудің нәтижесі емес, халықтың нақты жағдайының
орнығуы. Бұл мәнжай Қазақстан Республикасының 1995 жылғы
Конституциясын баршаның халықтық мемлекеттің негізгі заңы ретінде
тануына ықпал етуі тиіс.
Конституцияның тұжырымдамаларында ақылға қонымды мәмле элементтері
де көрініс таба алады. Егер мәмле объективті түрде белгіленсе және жалпы
мүддеге қфызмет етсе, сөз жоқ, танылып, Конституцияда орнықталыуы тиіс
конституцияда мәмледен туындаған нормалардың болуы қоғамдағы елеулі
қайшылықтардың дәлелі болып табылады. Мәмлеліқ нормалар бұл
қайшылықтарды бейбіт жолмен, қоғамдық келісім негізіде шешуге қызмет
етеді. Орыс тіліне көзқарас осының мысалы болып табылады. Қазақстан
Республикасының 1989 жылғы Тіл туралы Заңында, Қазақстан Республикасының
1993 жылғы Конституциясында орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі
ретінде танылады. Алайды, мұндай қағида орыс тілді тұрғындарды
қанағаттандырымады, орыс тілінің мәртебесін көтеру турлы мәселе күн
тәртібінен түспей қойды. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясындағы
аталған қағиданың тұрғындардың белгілі бір бөлігінің мүддесін бейнелей
алмайтындығын, сондықтан Конституцияны тұрғындардың осы бөлігінің тұтастай
қолданылмайтындығын көрсетті. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы
Конституциясында мемлекеттік оргндарда және жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында ресми түрде орыс тілінің қазақ тілімен бірдей
қолданылатындығы жазылады. Орыс тіліне қатысты қол жеткен мәмле
мәселесінің толық шешілгенін, қайшылықтың жойылғанын білдірмейыді. Қазақ
тілі іс жүзінде мемлекеттік тілге айналғанша мұндай қайшылық созыла
береді. Тиісінше, аталған мәмлелік қағиданы жүзеге асыру мемлекеттік
органдардың басты назарында болуы, аталған саладағы қайшылық ұлтаралық
қайшылыққа айналып кетпеуі тиіс.
Мемлекеттілік және тұтастай алғанда қоғам мүддесі принциптеріне
қайшы келетін идеялер да тұжырымамалық идеялар конституциялық
нормаларда орнықталмауы тиіс. Мұның мысалы ретінде кезінде ұлтаралық
келісімге, Қазақстан мемлекетінің түпкі негізіне нұқсан келтіретін саналы
түрде сезінген немес сезінбегендердің табандылықпен ұсынған қос азаматтық
туралы қағидасын атауға болады.
Екінші кезең – Конституцияның қолданылуы.
Конституция тікелей қолданылады. Конституцияның құқық саласындағы
белгілі маман Ю.А.Тихомиров: Конституцияның тікелей қолданылуы оның
тікелей азаматтар, ұйымдар жүзеге асыратын құқық шығармашылық
ықпалын, кемшілікпен сақтанушылықты, қоғамдағы өмір салты мен көңіл-күйге
игі әсер ету, институттық қайта құрылыларды білдіреді деп жазады.
Алайда, Конституцияның мұндай тікелей қолданылуын Ю.А.Тихомиров
қарастырмайды. Дегенмен, Конституцияның қандай қырымен қолданылатынын
ол дұрыс атаған деп ойлаймыз. Тағы бір қағидамен келісуге болады:
барлық осы қырларында, олар құқытық қатынастарды тудыратындықтан,
Конституция нормалары тура және тікелей қолданылады.
Конституция нормаларының тікелей қолданылуы көріністерін жеке-жеке
қарастырайық.
1. Конституцияның құқық шығармашылық рөлі үш бағытта көрінеді.
А. Кандай заңдар қабылдау керек екендігін конституция тура көрсетеді.
Бұл аңдар қабылдау керек екендігін конституция тура көрсетіледі. Бұл
заңдар не дәл аталад, не жалпы си патта көрсетіледі. Айталық, Қазақстан
Республикасы Конституциясының 64-бабында Үкіметтің құыреті, ұйымдық
тәртібі мен қызметі конституциялық заңмен бекітілетіні; Конституцияялық
Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметі Конституциялық заңмен реттелетіні
көрсетілген. Тағы бір мысал – Конституцияның парлементінің заң
шығарушылық қызмет саласын атауы: меншік режимі, салық салу туралы,
сот құрылымы мен сот ісін жүыргізу және басқалары туралы заңдар
шығарады.
Ә. Қаақсатан Республикасының Констиутциясы іс жүзінде құқыққа
анықтама береді: ол осы арқылы бүкіл мемлекеттік органдарды
нормативтік - құқықтық актілердің: а) заңдардың ә) заңға сәйкес
актілердің, б) Қазақстан республикасының хаолыаралық шарттарының белгілі
бір түрлерін құқытық шығармашылыққа бағыттайды. Анықтаманың қай-
қайсысы да шартты сипатта болады, сондықтан құбылыстың мәнін толық
бейнелемейді. Конституциядағы анықтама мүмкіндігі туралы дауласуғ
болады. Бұл жағдайда дау басқа жәйт бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республика Конституциясы одақтық
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясының мазмұны
Саяси жүйе теориясының авторы
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Конституциялық құқықтар мен бостандықтар ұғымы
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
Қазақстанда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамсыз ету жолдары
Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мемлекеттік кепілдіктері
Сот жүйесінің адам құқын қорғау жүйесіндегі орны
Пәндер