Жерге меншік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кірісіпе:
Негізгі:
1. Жер құқығының түсінігі, әдістері, жүйесі
2. Жер құқығының қайнар көзі
3. Жер құқығының қатынастары
Қорытынды:
Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау

Жер құқығы, жерге меншік құқығы, жерді табиғи ресурс ретінде
пайдалану, оны басқару мен қорғау қатынастарын реттейтін құқықтық
нормалар жиынтығын құрайтын Қазақстан Республикасының құқығының
дербес саласы.
Жер құқығы Қазақстан Республикасының құқық саласы ретінде
өз бастауын КСРО жер құқығының пайда болу сәтінен, яғни 1917
жылдан алады. Жер табиғаттың басты объектісі ретінде өмір сүрудің
негізгі қайнар көзі болып табылады. Жерді әдебиеттерде кең және тар
мағынада қарастырады. Кең мағынада жер түсінігі бүкіл Жер
планетасын оның барлық құрамдас бөліктерімен бірге қамтиды, тар
мағынада – тек жердің үстіңгі қабатын, су қоймаларының астындағы
жерлердің бетін және басқа да құрамдас элементтерді білдіреді.
ГОСТ 26640-85 бойынша жер – бұл кеңістікпен, рельфпен,
климатпен, топырақ қабатымен, өсімдіктер әлемімен, жер қойнауымен, су
көздерімен сипатталатын, ауыл және орман шаруашылығында өндірістің
басты құралы әрі халық шаруашылығының барлық саларының кәсіпорындары
мен ұйымдары үшін негізгі базис болып табылатын қоршаған ортаның
маңызды бөлігі. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының
егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс,
жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің
аумақтық негізі.
Құқықтың және жер құқығының жалпы теориясына сәйкес жер
құқығының пәні болып объектісі жер болып табылатын ерікті қоғамдық
жер қатынастары табылады. Жер материалдық өндірістің процесіне және
адамның басқа да әлеуметтік қызметі саласына қатысты бола отырып,
өзінің пайдалану мақсаттарына байланысты әр түрлі функцияларды
атқарады.
Жер ауыл және орман шаруашылығында тек жалпы еңбек жағдайы
ретінде ғана емес, сонымен қатар өндірістің басты, негізгі құралы
ретінде де қызмет етеді. Жердің мұндай қызмет етуінің басты шарты
болып оның құнарлығы табылады. Әдетте құнарлыққа жердің үстіңгі
қабаты – топырақ ие болады, мұнда өсімдіктер үшін қажетті дымқылдық
пен қоректік заттар (фосфор, калий, азот және т.б.) болады, және де
олар өсімдіктердің өзіне сіңіруі үшін жарамды болуы тиіс. Жердің
құнарлығы белгілі бір дәрежеде оның құндылығын және бұл жерден
ауыл шаруашылық және орман өнімдерін алу мүмкіндігін анықтайды.
Сонымен қатар жердегі қоректік заттардың құрамын арттырған және оны
ұтымды пайдаланған жағдайда ол сөз сапасын жоғалтпайды.
Жердің айрықша ерекшеліктері болып оның көлемінің
шектелгендігі, орналасу орнының тұрақтылығы, ауыспайтындығы және
жылжымайтындығы болып табылады.
Жер құқығында құқықтық реттеу әдісі ретінде Қазақстан
Республикасының жер заңдарының мақсаттары мен міндеттерін ескере
отырып, реттелетін қоғамдық қатынастарға мемлекеттің құқықтық әсер
етуінің экологиялық, императивтік және диспозитивтік тәсілдері.
Жер құқығы қатынастарын құқықтық реттеуде объектінің сипаты
мен оның құқықтық жағдайы ескеріледі. Мысалы, жер, бір жағынан, бұл –
табиғат объектісі, ал екінші жағынан – меншік объектісі, мүліктің бір
түрі және басқару объектісі; осы жағдайлар жерді қорғау мен
пайдалануға қатысты қатынастарды реттеу әдістерінің ерекшеліктерін
анықтайды.
Жер қатынастарын мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге
асыру үшін жер реттеудің императивтік әдісі қолданылады.
Жер құқығы әдістерінің екі түрі бар: диспозитивтік және
императивтік. Диспозитивтік әдіс – ұсынушы, санкциялаушы, құқық беруші;
императивтік әдіс – құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен
міндеттерін орнықтырушы, тыйым салушы, экологиялық әдіс түрлері бар.
Құқықтық реттеудің ұсынушы әдісі – бұл жер құқығы
қатынастары субъектілеріне баламалы жүріс-тұрыс мүмкіндіктерін беру,
бұл кезде субъектіге өз мақсаттарына жету үшін жүріс-тұрыс тәсілін
таңдауға мүмкіндік беріледі.
Санкциялаушы әдіс жер құқығы қатынастарының субъектісіне
өзінің жерге қатысты әрекеттерін уәкілетті мемлекеттік органның
рұқсатымен жүзеге асыру құқығын беруден көрініс табады. Мысалы,
өзіндік қосалқы шаруашылық, жеке тұрғын үй құрылысын, бау-бақша және
саяжай құрылысын жүргізу үшін жеке меншікте болуы мүмкін жер
учаскелерінің шектік мөлшері жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге
қарай, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана
әкімдері мен атқарушы және өкілдік органдардың бірлескен
шешімдерімен анықталады.
Құқықтық реттеудің құқық беруші әдісі жер құқығы
қатынастарының субъектілеріне белгілі бір жағдайлар бойынша құқықтар
мен бостандықтар беруден көрініс табады. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Жер кодексінің 64-бабына сәйкес жер учаскесінің иесі
немесе жер пайдаланушы өз шаруашылығының қажеттіліктері үшін
ешқандай мәміле жасаспай сол жер учаскесіндегі құмды, балшықты,
тастарды және басқа да кең таралған пайдалы қазбаларды, торфты,
өсімдіктерді, жер үсті және жер асты суларын пайдалануға және
жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қолдануға құқылы.
Экологиялық әдістің түрлері: 1) жер-құқықтық;
2) жер-экологиялық.
Жер-құқықтық әдісі ретіндегі жер қатынастарын реттеу
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 64-бабында қарастырылған,
мысалы, аталған баптың 1-тармағы жер учаскелерінің иелері мен жер
пайдаланушыларға жерді осы учаскенің нысанасынан туындайтын мақсатта
пайдаланып, сол жерде дербес шаруашылық жүргізу құқығын береді.
Жер-экологиялық әдіс Қазақстан Республикасы Жер кодексінің
140-бабында қарастырылған, оған сәйкес жер учаскелерінің иелері мен
жер пайдаланушыларға жерді қорғауға, жерді қалпына келтіруге және
т.б. бағытталған міндетті шаралады жүзеге асыру міндетін жүктейді.
Экологиялық әдістің құрамына бюджет және салық заңнамаларына сәйкес
жерді қорғау мен пайдалануды экологиялық ынталандыру кіреді.
Қазақстан Республикасының жер қорын құрудың құқықтық негізі
болып біздің мемлекетіміздің аумағының конституциялық жағдайы
табылады. Конституцияның екінші бабына сәйкес Қазақстан
Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағына тарайды. Жерді ұтымды
пайдалануды қамтамасыз ету және табиғат объектісі, Қазақстан
Республикасы халқының өмірі мен тіршілігінің негізі ретінде сақтау
еліміздегі жер туралы заңнаманың басты қағидалары болып табылады.
Жекелеген құқықтық нормалар құқықтық институттар деп
аталатын нормалар тобын құрайды. Жер құқығының жалпы бөлімі келесі
институттардан тұрады:
1. Жер құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі. Жер құқығының
сабақтас құқық салаларымен арақатынасы;
2. Қазақстан Республикасы жер заңдарының міндеттері, мақсаттары
және қағидалары;
3. Жер құқығының тарихы;
4. Жер құқығының қайнар көздері;
5. Жер құқығының қатынастары;
6. Жерге меншік құқығы;
7. Жер пайдалану құқығы;
8. Жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығындағы жер
учаскелерінің құқықтық режимі;
9. Жерге меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау және
зияндарды өтеу;
10. Жер үшін төленетін төлем;
11. Сервитуттар;
12. Жер құқығы қатынастары саласындағы басқару органдарының
құзыреті және мемлекеттік басқарудың жалпы мәселелері;
13. Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге орналастыру, мониторинг
және жер кадастры;
14. Жер заңдарын бұзғандары үшін заңды жауаптылық;
15. Жер даулары.
Жер құқығының ерекше бөлімі келесі институттардан
(тараулардан) тұрады:
1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық режимі;
2. Елді мекен жерлерінің құқықтық режимі;
3. Өнеркәсіптік, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығынан
өзге мақсатқа арналған жерлердің құқықтық режимі;
4. Ерекше қорғалатын аумақтар жерлерінің құқықтық режимі;
5. Су қоры жерлерінің құқықтық режимі;
6. Орман қоры жерлерінің құқықтық режимі;
7. Босалқы және пайдалануға жарамсыз жерлердің құқықтық режимі.
Негізгі институттар жай және күрделі болып бөлінеді. Олар,
өз кезегінде, субинституттарға бөлінеді. Мысалы, Жерге меншік құқығы
институты екі субинституттарға бөлінеді – жерге мемлекеттік меншік
құқығы және жерге жеке меншік құқығы. Жерді ұтымды пайдалануды
бақылау институты мемлекеттік, өндірістік, ведомстволық және қоғамдық
бақылауға қатысты субинституттарға бөлінеді.

Құқық теориясы бойынша, құқықтың қайнар көздері дегеніміз –
көп рет пайдалануға бағытталған, құқықтық бұйрық түріндегі
мемлекеттің еркін білдірудің түрлі әдістерінен құралған жазбаша
ресми құжат. Оларды орындауға міндетті мемлекеттік заңшығарушы
органдар қызметінің көрінісі деп түсінуге болады.
Құқықтың қайнар көздері заңдар және заңға сәйкес актілер
нысанында көрініс табады. Заңдар мен заңға сәйкес актілер
нормативтік құқықтық актілердің заңды күші бойынша бір-біріне
иерархиялық қатынаста болады. Олар бір-біріне заңды күшіне байланысты
тең емес. Құқықтың қайнар көзі ретінде ең жоғарғы заңды күшке
Қазақстан Республикасының Конститутция иеленеді. Себебі, Қазақстан
Республикасының Конститутциясы бүкілхалықтық референдумда мақұлданып
ең жоғарғы заңды күшке ие болған. Ол құжатта былай делінген: Біз,
ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ
жерінде мемлекеттілік құр отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және
татулық тұраттарына берілген бейбітшілік азаматтық қоғам дер ұғына
отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып,
қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді
сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқымызды негізге ала отырып, осы
Конститутцияны қабылдаймыз.
Жер туралы нормативтік құқықтық актілердің түрлерін әр
түрлі негіздер бойынша бөлуге болады. Ең алдымен, жер-құқықтық
актілер иерархиялық бағыныстылығы бойынша конститутциялық, жер туралы
заңнамалық және заңға сәйкес актілер деп бөлінеді.
Жер құқығының қайнар көздер жүйесі олардың Қазақстан
Республикасы билік органдарының құқық шаруашылық құзыреттілігіне және
бағыныстылығына қатысты бөлінуін білдіреді. Бұл жүйеде
Республикасының Конститутциясы ерекше орынды иеленген.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 4-бабына сәйкес,
Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық болып Конститутцияның,
соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің,
Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерініңі,
сондай-ақ Республика Конститутциялық Кеңесінің және жоғарғы Сотының
нормативтік қаулыларының нормалары табылады.
Конститутция бүкіл республика аумағында міндетті күшке ие
заңдар, жарлықтар, және өкімдер шығара алатын мемлекеттік билік
органдарының жүйесін анықтайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы
Президенті Конститутцияның және заңдардың негізінде және оларды
орындау мақсатында жарлықтар, өкімдер және заң күшіне ие жарлықтар
шығарады. Мұндай заңдардың қатарына 1995 жылғы 22 желтоқсандағы Жер
туралы Жарлықты, 1996 жылғы 27 қаңтардағы Жер қойнауы және жер
қрйнауын пайдалану туралы Жарлықты атауға болады.
Жер құқықтық нормалар Қазақстан Республикасының Парламенті
қабылдайтын заң шығару актілерінен көрініс табады. Заңға сәйкес
актілердің басым көпшілігін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995
жылғы 22 желтоқсандағы Жер туралы Жарлығын және оның жер құқығы
қатынастарына қатысты басқа да жарлықтарын орындау мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдады.
Бұл және басқа да жер-құқықтық актілер белгілі бір
кезектілікпен, жер қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру
қажеттіліктерін ескере отырып қабылданды. Бұл актілерде республикадағы
нарықтық қатынастарды дамыту қажеттіліктері мен өндіріс күштерінің
жаңа жағдайлары ескеріледі.
Жер құқығының қайнар көздерінің ерекше сипаты болып оларды
субъект пен объект бойынша жекеленген құқықтық реттеумен қатар
жүйеленген кешенді және жеке құқықтық нормалар бар. Сол себепті де,
оларды жер құқығының негізгі және қосымша қайнар көздері деп
бөлуге болады. Жер құқығының негізгі қайнар көздеріне Қазақстан
Республикасының Жер кодексі жатады.
Қазақстан Республикасының Жер кодексі 2003 жылғы 20
маусымда қабылданды. Кодекс 5 бөлімнен, 21 тараудан, 170 баптан
тұрады және Жер туралы заңмен салыстырғанда мұнда 46 бап артық.
1-бөлім. Негізгі ережелер екі тараудан тұрады. 1-тарау – Жалпы
ережелер; 2-тарау – Мемлекеттік органдардың жер қатынастары
саласындағы құзыреті.
2-бөлім. Жерге меншік құқығы, жер пайдалануқұқығы және өзге
де заттық құқықтар. Бұл бөлім жеті тараудан тұрады. 3-тарау – Жерге
меншік құқығы; 4-тарау – Жер пайдалану құқығы; 5-тарау – Жер учаскесі –
меншік құқығының, жер пайдалану құқығының және өзге де заттық
құқықтардың объектісі ретінде; 6-тарау – Жер учаскелерінің меншік
иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану кезіндегі
құқықтары мен міндеттері; 7-тарау – Сервитуттар; 8-тарау – Жер учаскесі
мен жер пайдалану құқығын кепілге салу; 9-тарау – Жер учаскесіне
меншік құқығын, жер пайдалану құқығын және өзге де заттық
құқықтарды тоқтату.
3-бөлім. Жер санаттары. Бұл бөлім жеті тарауды қамтиды: 10-
тарау – Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 11-тарау – Елді мекендер
жері; 12-тарау - Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл
шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер; 13-тарау – Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және
тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 14-тарау – Орман қорының жері; 15-тарау –
Су қорының жері; 16-тарау – Босалқы жер.
4-бөлім. Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге орналастыру,
мониторинг және жер кадастыры. Бұл бөлім үш тараудан тұрады: 17-
тарау – Жерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Федерациясындағы жерге меншік және жер пайдалану құқығы
Жерге меншік құқығының жалпы сипаттамасы
ҚР жерге жеке меншік құқығы
Жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру
Қазақстан Республикасындағы жерлерге меншік қатынастарын құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасында жерге меншік қатынастарының құқықтық реттелуі
Жерге меншік құқығы
Ресей Федерациясындағы жерге жеке меншік пен жер пайдалану құқығының жалпы сипаттамасы
Жерге жеке меншік құқығы және оны пайдалану
Жерге жеке меншік құқығы және оны жүзеге асыру механизмі
Пәндер