Мемлекеттік басқарудың қағидаттары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Мемлекеттік басқарудың қағидаттары
2. Мемлекеттік басқарудың әдістері
3. Мемелекеттік басқарудың қызметтері
IV. Қорытынды

Мемлекеттік басқару қоғам дамуының барысында қоғамдық қатынастарды реттеу
мен тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлінушілік іс
әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мемлекеттің ісін басқару,
мемлекеттік органдарының барлығының қатысуымен іске асырылады.
Мемлекеттік басқару дегеніміз:
а) заңдарды орындау барысындағы іс әрекет;
б) объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға
міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен
бйланысты іс әрекет.
Мемлекеттік басқару саласындағы туындайтын қоғамдық қатынастар
әкімшілік құқықтың реттейтін пәні болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың қағидаттары:
Басқару, басқару аппараты сүйенетін, белгілі бір ереже түрінде қалыптасуы
мүмкін, негізгі басшылық бастамасы.
Түрлері:
1)Әлеуметтік құқықтыққа жататындар:
А) демократиялық орталықтану қағидаты;
Ә) ұлттардың теңдігі қағидаты;
Б) жоспарлық қағидаты;
В) бұқаралық, халықтың басқаруға араласуы қағидаты;
Г) заңдылықтың қатаң сақталу қағидаты.
2)Ұйымдастырушылық қағидаты:
А) қызметтер мен құзіреттерді жіктеу, реттеу,белгілеу қағидаты;
Ә) құзірет шегіндегі жауаптылық қағидаты
Б) басқарудағы салалық , салааралық және аумақтық бастамаларды
үйлестірудегі қағидаты;
В) мемлекеттік басқаруда төменгі орган жоғарға және маманданған
бағынушылық бастамаларды үйлестіру қағидаты;
Г) көпшілік арқылы басқарудың үстемдігі барысында, көпшілік пен жеке
басқарудың әдістерін үйлестіру қағидаты.
Мемлекеттік басқару белгілі бір әдістерінің көмегімен іске
асырылады.
Басқарудың әдістері:
1)Әкімшілік құқық субъектілерінің іс әрекетін ұйымдастыру;
2)Басқару үрдісі барысында туындайтын нақты мәселелерді шешу;
3)Басқарушылардың еркіне ықпал етудің тәсілдері, амалдары.
Мемлекеттік басқарудың мақсаты - билікті қолында ұстап отырған не
билік басындағы әлеуметтік топтың мүддесіне тәуелді болады. Мемлекеттік
басқарудың қызметі - оның мақсатымен анықталатын басқарушылық іс әрекеттің
еркін дара бағыты.

Мемлекеттік басқарудың қызметтері:
1)Болжам
2)Жасау
3)Жоспарлау
4)Ұйымдастыру
5)Жедел бөлушілік
6)Реттеу
7)Жалпы басшылық
8)Бақылау
9)есеп
Мемлекеттік басқару барлық уақытта өз құрамын құрайтын құралдарға
мұқтаж болды, алайда оны өзіне тарту тәсілдері халық дамуының деңгейіне
және жағдайына байланысты ауысып отыр.
Бірақ, мемлекеттік басқарудың нағыз дамуының қайнар көзі – еркін
қалалар, яғни алғашқы буржуаздық мемлекеттер болды. Дәл сол уақытта салық
жүйесінің негізгі пішімі қалыптаса бастады, ол: халыққа қажетті жеке меншік
принципіне шек қою түріндегі салық, салықтың өзеріктілігі, ақша түріндегі
салық және салықты төлеу үшін мүлікті тартып алуға тиым салынуы, жиналған
құралдарға немесе қорларды бөлудегі мемлекеттік бақылау.
Жаңа стратегияның даму барысында әлеуметтік бағытталған
нарықтық экономикада оларға үшінші берне қосылды – табысты орнықтыру,
міндетті салымдардың арқасында пайда болған бернелерінің құрылуы және
кәсіпорын жүйесінің күштілігі әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік
қамтамасыздандырумен көрінеді.
Осылайша, қазіргі кездегі мемлекеттік басқару– ол демократиялық
қоғамның өнімі, әлеуметтік нарықтық экономикада құрылған. Бұдан салықты
қолданудың негізгі принципі айқындалады – қоғамның дамуына және оның
мүдделерін көрсетеді, бірақ қоғамға және оның экономикалық дамуына кедергі
болмауы тиіс. Дегенмен, тура осындай әдістеме Тәуелсіз Қазақстанның орнау
жотасында осы жылдары өзінің 15 жылдығын тойлап отыр.
Тоталитарлық экономиканы өзгертуге үлкен жұмыстар жасалынған, және қысқа
мерзім ішінде қоғамның тез дамуына берік негіз құралған. Өз баяндамасында
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев Астанада 2001 жылдың
желтоқсан айының 16 жұлдызында Қазақстанның 10 жылдық тәуелсіздігіне
арналған мерекелік жиынында айтқандай: Мемлекет дүниежүзілік нарыққа сай
стандарттар алды, соныі арқасында экономиканың мүлде басқа бағытқа ауысуына
өз үлесін қосты.
Қазақстан тәуелсіздігінің бірінші жылында-ақ, 1991 жылы, салыққа
байланысты жаңа Заң қабылдады. Бұл заңды Қазақстан экономикасының өсуіне
соңғы 3 жылда елеулі үлес қосты деп белгілеуге болады, себебі ол объективті
экономика заңдарында құрылды, әлемдік экономика ғылымдарының классиктерімен
осы тұжырымдаулар дәлелденген, мысалы Адам Смит.
А.Смитпен шығарылған шарттар мен тезистер салық салудағы сұрақтарында,
өзінің күшін қазіргі уақыттағы мемлекеттік политикада ең маңызды,
сұрақтарды туғызып отыр. Сайлау қарсаңындағы саяси партия бағдарламаларында
және ереуіл қозғалыстарында салық реформалары елеулі орын алып отыр.
Дүниежүзілік және меншікті еліктеуге тұрарлық тәжірибе салық проблемаларын
шешуге, оны ұйымдастыруға және жүргізуге теңдестіру салық саясаты,
экономиканы өрістетуге және қоғамның дәулеттігін жоғарылатуға мүмкіндік
туғызады. Сол себепті, оны зерттеу айрықша қызық және Қазақстан
Республикасындағы осы күнгі саясат пен экономикалық ахуалды зерттеуде өте
құнды болып табылады.
Мемлекеттік басқару республикалық және жергілікті бюджетке түсетін
салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді
белгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы,
алымы мен төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы
барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып
табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін,
салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін
анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте
белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне
төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық салу объектілерінің
орташа жылдық құнына 0,5 пайыз ставка бойынша есептейді.
Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық
ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша мүлік салығы
әрбір салық төлеушінің мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептелінеді.
Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша, ағымдағы
төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік
есеп деректері бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту әдістері дәріс
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару
Бюджет және бюджет құрылысы
Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік
Каржы жүйесі. Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары
Әкімшілік құқық. Әкімшілік құқықтық нормалардың ұғымы және ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы
Мемлекеттік басқарудың обьектілері мен субьектілері және негізгі әдістері
Қаржылық бақылау әдістерімен қаржылық бақылаудың органдары
Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің мәні, маңызы
Пәндер