Клондау туралы көзқарастар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
:: Тірі ағзаны клондау әдісі туралы түсінік
:: Клондаудың пайдалы және зиян тұстары
:: Клондау туралы көзқарастар
3.Қорытынды

Кіріспе
Клондау(грек. clon - ұрпақ, бұтақ) - организмдерді жыныссыз жолмен көбейту арқылы сол организмдерге ұқсас ұрпақтар алу. 20 ғ-дың 60-жылдарының басында кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарларды Клондау әдістері жете зерттелді. Бұл әдістерге даму сатысын аяқтап, толық жетілген клеткалар ядросында организмнің барлық белгілері болатыны туралы ақпарат анықталғаннан кейін қол жеткізілді. Клондау кезінде клеткадағы белгілі гендер жоғалмайды (тек Клондау процесіне қосылмаған гендер ғана жойылып отырады). Клондау туралы алғашқы мағлұматты Корнелль универстетінің (АҚШ) профессорлары жүргізген тәжірибелерден көруге болады. Олар өсуге қажетті қоректік заттар мен гормондары бар ортада сәбіз тамырының жеке клеткаларын өсіру арқылы, осы өсімдіктің жаңа формасын алды. Кейінірек Ұлыбританияның Оксфорд университетінің ғалымы Д.Гердон (1933 ж. т.) алғаш рет жануар омыртқасын Клондауға болатынына қол жеткізді. Ол өзінің ядросы алдын ала ультракүлгін сәулелері арқылы жойылған құрбақаның жұмыртқаклеткасына, ішек клеткаларынан алынған ядроны егу (қондыру) арқылы әуелі итбалықты, соңынан сол ядро алған құрбақаға ұқсас дарабасты алды. Бұл тәжірибелер тек дифференциалданған (арнайы) клеткаларда организмнің дамуына қажетті барлық ақпараттардың болатынын дәлелдеп қана қоймай, сондай-ақ, жоғары сатыдағы организмдерді, соның ішінде адамды да, Клондауға болатынын көрсетті. Клондау арқылы өте пайдалы өсімдік сорттарын алуға және мал тұқымын асылдандыруға болады. Бірақ Клондаудың мұндай әдістері (өсімдік сорттары мен асыл тұқымды мал алатын) адамдарға қолдануға келмейді. Теориялық түрде әйелдің де, еркектің де генетикалық көшірмелерін жасауға болады. Бірақ клондалатын клетка даму сатысының барлық кезеңдерінен өтуі керек, міне, сол кезде клеткаға сыртқы ортаның қалай әсер ететіні әлі толық анықталған жоқ.

Тірі ағзаның белгілі бір элементін пайдалана отырып, оны тура сондай етіп, көбейтіп шығару үдерісін клондау дейді. Алғашында микробиология және селекция ғылымында пайда болған клондау тәсілі бірте-бірте қанатын кең жая бастады. Жан-жануарларға жасалған тәжірибе жұмысы (кейбірі) сәтті шыққан соң, ғалымдар соңғы кездері адам баласын клондауға талпыныс жасауда.
Адамды клондау дегеніміз - бір адамның ядросын пайдалану арқылы тап сол кісіден аумайтын екінші бір адам жасап шығару. Бұл ретте қолдан жасалған адам табиғи адамның тірі көшірмесі болуы керек. Яғни, клон-адамның бет-әлпеті, мінез-құлқы, дене құрылысы, тіпті ақыл-ойы мен ерекше қасиеттеріне дейін өзінің пайда болуына мүмкіндік берген табиғи адамнан айнымайтын болуы тиіс. Осы жұмыспен айналысып жүрген бір топ ғалымдар өмірде ерекше жаратылған адамдарды жоғалтпауға немесе біреудің жалғызының орнын толтыруға, тіпті баласы жоқтарға сәби сүюге мүмкіндік беретін клондау әдісін қажет деп есептеп, бұл тәсілді одан әрі зерттеп, дамытқанды жөн көреді. Ал, ғалымдардың екінші тобы қолдан жасалған адамдардың көбеюі қоғамның қалыпты дамуына кедергі келтіруі мүмкін деген пікірді алға тартып, адамдарды клондау әдісіне қарсы шығуда.
Шындығына келгенде, адамдарды клондау әдісі әлі жете зерттелмеген. Бұған жасанды адамдар тобының пайда болуына қарсылық білдірген ғалымдардың дәлелді пікірі себеп болып отыр. Дегенмен, адамдарды қолдан жасаудың бірнеше жолы бар екен. Соның бірі әрі бірегейі - тірі жасушаның ядросынан алынған ДНК-ны әйелдің жұмыртқа жасушасына енгізу арқылы эмбрион жасау. Пайда болған эмбрионды жатырға енгізген соң жасанды баланың іштегі даму кезеңі басталады. Бұл - өте күрделі процесс, сондықтан бұл жұмыс ерекше сақтықты талап етеді. Жасанды адам жасау әдісін жетілдіру жұмысымен айналысып жүрген итальяндық ғалым Северино Антинори ережеге сәйкес істелсе, бұл жобаның нәтижелі боларына сенімді. Осы әдісті қолдану арқылы ғалым бұдан бірнеше жыл бұрын 62 жастағы әйелдің бала көтеруіне себепші болған. Аталған жобамен жұмыс істеуге өз елінде тыйым салынғанына қарамастан, Антинори ретін тауып жұмысын одан әрі жалғастыруда. Ғалым сәби сүйгісі келетін 5000 жұптың өзіне сенім артып, бақтарын сынауға келісім бергенін мәлімдей отырып, бүгінгі таңда жобаға қатысушы үш әйелдің аяғы ауыр екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, үшеудің екеуі Ресей мемлекетінің азаматшалары, біреуі мұсылман елінің ханымы болса керек. Аталмыш жобаның адам баласына тек қана қуаныш сыйлайтынын ұтымды пікірлерімен дәлелдеген ғалым көп ұзамай, бұл жұмысының қоғам тарапынан қолдау табатынына сенеді.

КЛОНДАУҒА КӨПШІЛІК ҚАРСЫ
Жасанды адам жасау жобасына АҚШ, Франция, Алмания, Жапония, Ұлыбри-тания, Бразилия, Бельгия, Италия, Испания секілді әлемнің көптеген елдері қарсылық білдіріп, бұл іске тыйым салатын арнайы заң да қабылдады. Адам баласын клондау ісін қылмыс деп санайтын аталмыш елдер мұндай жұмыспен айналысқан адамды қылмыстық жауапкершілікке тартады. Мысалы, АҚШ-та олар 10 жылға бас бостандығы-нан айырылғанымен қоймай, оған қоса 1.000.000 доллар көлемінде айыппұл төлейтін көрінеді. Адамды қолдан жасаушыларға Ұлыбританияда да кешірім жоқ, көзге түскен жағдайда клондаушыларды 10 жылдық түрме азабы күтіп тұр. Көрші Ресей елінде де клондау ісі қолдау таппады. Мұндай жұмысқа 2002 жылы бес жылға тыйым салған ресейліктер биыл бұл мерзімді тағы созды. Көршілер клондау жұмысы әлі толық зерттелмеген, әрі мұндай түйінді мәселемен айналысудың әзірге қажеті жоқ деп есептейді. Біздің еліміз де адамды клондау мәселесіне қарсылық білдір-ген мемлекеттер қатарында. Мәжіліс депутаттары былтыр желтоқсан айында адамды клондауға тыйым салу және суррогаттық аналыққа рұқсат беру жөніндегі Заң жобасын қабылдап, оны Сенатқа жолда-ды. Мұндай қадамға бала кө-теру қабілетінен айырылғандар тілегін ескеру негізінде амалсыз барып отырғандарын айтқан ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев аталмыш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
РЕПРОДУКТИВТІК ҚҰҚЫҚТАРДЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ
Генетикалық инженерияның жаңа бағыты – клондаудың мәні мен маңызы
Клондау әдісі
ДНҚ гибридизациясы
Клондау - организмдерді жыныссыз жолмен көбейту
Ағзаларды клондау
Жануарларды клондау
Ағзаларды клондау (грек. clon - ұрпақ, бұтақ)
Трансплантация жайында
Жасанды сүйектер
Пәндер