Қартаю жайлы мәлімет


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1) Кіріспе

2) Негізгі бөлім

а. Қартаю жайлы мәлімет

б. Қартаюдың молекулалы-генетикалық механизмдері

3) Қорытынды

Қартаю - биологиялық процесс; белгілі бір жасқа жеткеннен кейінгі организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. Қартаю кезінде тіннің серпімді талшықтарының және су мөлшерінің азаюынан тері жұқарып, қатпарланып әжім пайда бола бастайды. Бұл кезде шаш ағарып, сирейді, көздің көруі, құлақ естуі нашарлайды, тіс түсе бастайды. Қартаюдың бір көрінісі ретінде организмде дәнекер тіндердің өзгеруін келтіруге болды. Осыдан өкпеде, бауырда, жүректе, т. б. ішкі органдарда олардың атқаратын жұмысының бұзылуына әкелетін беріштенулер дамиды. Дәнекер тіндерінің өзгерістерінен қарттарда жара мен сүйек сынықтарының бітуі жастарға қарағанда баяу жүреді. Қартаю кезінде адамның жүйке жүйесінде, ішкі секреция бездерінде, иммундық, жүрек-қан тамырлар жүйелерінде елеулі өзгерістер байқалады. Жүйке жүйесінің өзгерістерінен шартты және шартсыз рефлекстер әлсірейді, есте сақтау қабілеті бұзылады. Қарт адамдарда жыныс, қалқанша, ұйқы бездерінің, гипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, айырша бездің гормон өндіру қабілеттілігі төмендейді. Қартаю кезінде жүректің жиырылу күші кемиді, қан айналу көлемі азаяды. Шеткі тіндердегі қан қылтамырларының (капиллярлары) қабырғалары қалыңдап кетуінен газ алмасу процесі бұзылады. Бұл гипоксия ауруының дамуына әкеледі. Қан тамырларының серпімділігі азайып, оларда атеросклероз дамиды. Адамның жасы ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларының жүйкелік және гуморалдық реттеулері өзгереді. Қартаюды: қалыпты немесе физиол. Қартаю және ерте қартаю деп бөледі. Физиологиялық қартаю - адам егде тартқан жасқа келсе де, денсаулығы жақсы, ширақ, өзін-өзі күтіп, айналасына назар аударып белсенділік көрсете алатын жағдайда болуы. Ерте қартаюда кәріліктің белгілері мезгілінен бұрын байқалады. Бұған адамның созылмалы аурумен ауыруы немесе қоршаған ортаның жағымсыз әсері себеп болады. Қартаюды қазіргі теориялар жас шамасының ұлғаюына байланысты белок синтезінің бұзылуы деп түсіндіреді. Ал мұның өзі нуклеин қышқылдары (ДНҚ) қызметінің бұзылуына байланысты болады. Кейінгі жылдары иммунитет жүйесі бұзылған организмде түзілген антиденелер бөгде заттарды ғана емес қалыпты клеткаларды да бұзып, жоятыны анықталды. Қартаю кезінде клеткалардағы энергетикалық (жылу бөліну) процестер өзгереді: тотықтырғыш ферменттердің белсенділігі кемиді, митохондриялардың саны азаяды. Қартаюда тұқым қуалаушылық факторы үлкен рөл атқарады. Кейбір адамдардың қалыптан тыс ерте қартаюы байқалады, мұны прогерий деп атайды. Бұл сирек кездесетін тұқым қуалайтын синдромдар кездерінде байқалады. Солардың бірі - Гетчинсон-Гильфорд синдромы - балалардың, аутосомдық-рецессивтік жолмен ұрпақтан ұрпаққа берілетін ауруы. Бұл аурудың алғашқы көрінісі баланың бір жасар кезінде байқалып, тез қарқынмен дамып, 10 - 20 жаста жүрек инфарктысынан өлімге әкеледі. Баланың бойы өсуі баяулайды, шашы ағарып, түсе бастайды, терісі жұқарып, қатпарланып кетеді. Көз бұршағының бұлыңғырлануы (катаракта), өкпе эмфиземасы, қан тамырларының атеросклерозы, т. б. дамиды. Осындай кәрілікке тән белгілердің 15 - 25 жас арасында дамуы - Вернер синдромы деп аталады. Ерте қартаюдың ең негізгі себебі - қозғалудың азаюы, бұлшық ет жұмысының жеткіліксіздігі (гиподинамия) . Қартаюға байланысты организмде зат алмасу процесі нашарлайды, сондықтан қуатты тағамдарға қажеттілік те төмендейді. Мысалы, қалада тұратын 60 - 74 жастағы ер адамдардың тәуліктік энергетикалық қажеттілігі 2300 ккал болса, әйелдерде - 2100 ккал, ал жасы 75-тен асқан адамдарда бұл қажеттілік 2000 және 1900 ккал шамасында болады. Бұл кезде тағам құрамындағы жануар майлары мен көмірсу мөлшері аз болуы тиіс. Қартаю заңдылықтарын зерттейтін ілім геронтология, ал жастары ұлғайған адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім гериатрия деп аталады.

Жасушаның қартаюы геномның шапшаң өзін-өзі бұзу процесімен болатынын, ДНҚ бұзылуы белсенді заттардың бөлінуімен және олардың ДНҚ-кодтағы жаңа бұзылуға әкеліп соғатынын британ және неміс биологтары Molecular Systems Biology журналында басылған мақаласында жариялады. Ғалымдар бұл зерттеулердің қартаюмен байланысты болатын аурулармен күресте маңызды жаңа қадам болатынына сенімді. Қартаю процесі жасушаның бөліну мүмкіндігінің бұзылуымен байланысты. Дене ұлпаларының регенерациясы тоқтап, өз қызметін біртіндеп бәсеңдетеді. Торшаның қартаюымен бірге, бақылаусыз жасушалардың көбеюі басталып, немесе ісік ауруларына әкеліп соғады. Биологтар қартаю процесінің молекулярлық механизмін толығымен түсіндіреді. «ДНҚ бұзылуы реакциясымен іске қосылатын кері байланыс динамикалық тұзағы болады, ол бірнеше күннен соң жасушаны «терең» қартаю жағдайына әкеледі», деп мақалада жазды. ДНҚ бұзылуымен «қартаюдың өздігінен жазылатын спиралі» механизмі жұмысқа кірісіп, митохондриялардың қызметін бұзады, олар қоректік заттар мен оттегіні биохимиялық реакциялардағы энергия көзі болып табылатын аденозинтрифосфат (АТФ) молекуласына айналдырады. Бұзылған митохондриялар бос радикалдарды бөліп шығарып, оларда ДНҚ бұзуға қатынасады. Жасушалардың қартаюына әкелетін процестерді өте сақтықпен ауыстыру қажет, өйткені біз жасушаның қатерлі ісік ауруына айналуын қаламаймыз», дейді зерттеу авторы Ньюкаслдық профессор Thomas von Zglinicki.

Адамның салыстырмалы түрде ұзақ жасаған ғұмыры көп сатылы. Ғалымдар өмір жолын нәрестелік (бір жасар), балалық (1-13 жас), жастық (13-25), кемелдік (25-49), егделік (49-61), кекселік (61-73), қариялық (73-85) және қаусау (85-тен асқан) кезеңдерге бөліп, әрқайсысына биологиялық және физиологиялық тұрғыда толық мінездеме береді. Бір ғажабы, ғылыми нұсқалы аталған кезеңдер қазақтың мүшел жас (13, 25, 37, 49, 61, 73, 85) өлшемдеріне дәлме-дәл келеді. Адам межелі ғұмырында қоян жымындай бұралаң, кедірлі-бұдырлы соқпақ, табан тірелмес тайғақ, биік асулы, терең өткелді, сондай-ақ тақтақ даңғыл, әйтеуір, қилы-қилы жолдардың талайынан өтеді. Өмірдің ең баяу сырғитын бөлігі қырық жасқа дейін ысылады, пы­сиды. Ой және қол еңбегінде шыңдалады. Ой өрісі кеңиді. Дүние танымы тереңдейді, молаяды. Қоғамдық ортада өз орнын табады. Азаматтық бейнесі әбден қалыптасып, келешек өмір нысанасы ай­қын­далады. Одан әрі талпыныс, ілгерілеу, жеделдеген елу, сосын алпыс. Алпыс - төре және сыни жас. Өткен кезеңдерге сарап­шы, алдағыны болжамшы шақ. Апақ-сапақ өмірдің қоңыр күзі, ақшамы. Егделіктің көлеңкесі ұзарып, батыс көкжиегіне еңкеюі, қарттықтың табалдырығы, босағасы. Қартаю организм мен ой сезімнің даму, жетілу үдерісі тоқырып, белсенділік мүмкіншілігі мен қарқынының үдемелі төмендеуі. Адамға қалауынсыз-ақ өзінің табиғи жолымен жетер бұл кәрілік кезең ел аузында: “Ат мініп, атан жетелеп, келмейді, сірә, кәрілік. Күтпейді оны көпшілік, сағынып не тарығып” деп сипатталады.

Адам үш түрлі қартаяды.

  • Ерте тәни қартаю- кәрілік белгілерінің мезгілінен бұрын аян болуы. Адамның биологиялық және психологиялық қорғаныс механизмдерінің шамадан тыс тотығуы. Тұқым қуалаушылық пен туабітті гендік - тектік мүкілік салдары. Жалпы денсаулықтың ақаулығы, ауыр, созылмалы дерт зардабы. Жеке бастың күтімсіздігі, тіршілігіне жауапсыздығы.
  • Қалыпты физиологиялық қартаю- егделіктен кейінгі жас жігі қапелімде байқала қоймайтын, созылып барып анық белгі беретін табиғи құбылыс. Бұл кезеңге тән: дене қажып, күш-қуат кемігенмен сана мен сезім сергектігі. Төңірекке жіті көзқарас, ойға берілу. Байсалдылық, пайымдылық, шүкіршілік.
  • Рухани қартаю- тән мұқалуынан бұрын жан жұталуы, жүйке жүйе түтіліп, жад көмескіленуі. Қоғамдық ортадан оқшаулану. Танымдық сезім тұйықталған осы психоло­гия­лық үдеріс кей жағдайда парасатсыз, келеңсіз өмір сүруге организмнің қарсылығы деп түсіндіріледі. Қалай дегенде де, рухани қартаю өте сирек кездесетін тіршілік.

Геронтология

Геронтология(грекше geron және logos - ілім) - адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия (грекше geron және іatreіа - емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді. 20 ғасырдың 30-40-жылдары Қазақстанда қариялар мен мүгедектер үйі, геронтологиялық және гериатриялық кабинеттер (Алматы, Қарағанды, т. б. ), ауруханаларда гериатриялық бөлімдер ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың әлеум. -гигиеналық себептері мен клиник. белгілері анықталды; адам жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістер зерттелді; егде тартқан және қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек ақауларына сипаттама берілді. Физиол. және биохим. көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан және қартайған адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі ұсынылды. Кейбір дәрілердің қартайған организмге тигізетін әсері, вегетативтік жүйке мен лимфа жүйесіндегі морфол. және гистохим. өзгерістер зерттелді. Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы геронтологиялық психология зерттейді. Ол қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің функционалдық мүмкіндіктерінің (сыртқы әсерлерді қабылдауы көмескіленіп, қимыл белсенділігі баяулауы, күш-қуатының азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін қарастырады. Психика функцияларындағы (зерде, ес, зейін, т. б. ) өзгерістер бір жақты ғана байқалады. Қарт адамдардың психикасына интеллектуалдық және эмоционалдық «ішкі әлемге кету», өткізген өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, өміріндегі басты мақсаттары орындалмаса, өкіну, түңілу сияқты қасиеттер тән болады. Алайда қартаюды тек регрессивтік құбылыс деп қарамау керек. Қартаю дамудың бір кезеңі. Бұл кезеңде адамның рухани жетілу деңгейі жоғары болады. Мыс., қанағаттану, парызын өтеген жағдайда өмірге ризашылық, мейірімділік, т. б. қасиеттермен қатар кемелденген адамдардың даналыққа жетуі - осы қартаю кезінде орын алатын құбылыс. Қарт адамның шығарм. белсенділігі жоғары болатындығы жиі байқалады. Қартаюдың психик. ерекшеліктері мен өзгерістеріне ерте кезден назар аударылса да, Геронтология ғылыми пән ретінде егде жастағы адамдардың көбеюі, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының, сондай-ақ іс-әрекетінің сипаты мен құндылықты бағдарларының өзгеруіне, яғни жеке адамның даму мәселелеріне, т. б. байланысты пайда болды. Геронтологияның қазіргі кездегі негізгі міндеттеріне адамды кәрілікке дайындау, егде жастағы адамдар мен қарттардың белсенді әрі толық өмір сүруі амалдарын зерттеу, т. б. жатады. Қартаю - негізінде атрофиялы және дегенеративті процестер жатқан онтогенетикалық дамудағы заңды жаплылама процесс. Қартаю кәріліктен бұрын басталады. Қартаюды негіздейтін маңызды фактор протоплазманың өзіндік жаңару қарқындылығының төмендеуі болып табылады. қартаю процесі кезінде репродукцияға, синтезге және қайта қалпына келуге қабілетті генеративті белоктардың (нулеопротеидтер) көп дәрежесі репродуктивті қабілеті жоқ функционалды белсенділігімен алмастырылады. Жас келе органзмнің синтетикалық мүмкіншіліктері әлсірейді және бұл синтездің реттелуі нашарлайды. Қартаю процесі кезінде протоплазмалар нуклеопротеидтерді, нуклеин қышқылдарын және белок синтезінің және жоғары өзіндік жаңару қабілетімен сипатталатын басқа компоненттерді жоғалтады. Қартаю атрофиялық және дегенеративті өзгерістермен (тірек-қимыл аппаратында, бұлшық еттерде, эндокринді жүйелерде ж. т. б. ), сонымен қатар организмнің барлық жүйелерінің функционалдық қабілеттілігінің әлсіреуімен жүреді. Қартаюдың сипаты мен дәрежесі организмнің әр түрлі жүйелерінде әркелкі білінеді. Функционалдық және биологиялық тұтастығын жеткілікті ұзақ сақтайтын жүйке ұлпасы қартаю процесіне аз дәрежеде ұшырайды. Қартаю процесі кезінде маңызды өзгерістер асқорыту жүйесінде байқалады. Иіс сезу луковицалары, дәм сорғыштар және сілекей бездерінің белгілі бір бөлігі атрофияланады, яғни ұлпалардың біраз бөлігі дәнекер және май ұлпаларымен алмастырылады. Атрофиялық процестердің нәтижесінде асқазанның шырышты қабаты жұқарады, ал оның клеткасы төмен ажыратпалы және өте қарапайым болғандықтан, асқазанның секреторлық және моторлық функциясының төмендеуіне алып келеді. Асқазанның шырышты қабатының осындай өзгерістері 60 жастан жоғары адамдардың 80%-де байқалады. Қартаю кезінді асқорыту функциясының маңызды бұзылыстары болып асқазан сөлінің қышқылдылығының төмендеуі, ферменттердің концентрациясының төмендеуі және олардың белсенділігінің түсуі саналады. Асқазан сөлінің секрециясының төмендеуі, тұз қышқылының бөлінуі тоқтағанға дейін әлсіреуі және пепсиннің ферментативті белсенділігі асқазанның қортуының функционалдық қабілетіне, сонымен бірге шіріген микроорганизмдері жылдам жоғарылайтын ішек микрофлорасының сипаты мен жағдайына әсер етеді. Бұл өзгерістер ішекте шіріген өнімдердің жоғары түрде түзілуі мен сіңірілуіне алып келеді. Бұдан басқа, асқазан сөлінің қышқылдылығының төмендеуі ішек микрофлорасының қалыпты орналасуы емн функциясының бұзылуын шақырады. Сонымен, асқазанда тұз қышқылының болмауы және асқорыту сөлдерінің ферментативті белсенділігінің төмен деңгейінің нәтижесінде асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлімінде асқорытуға қатысуға қабілетсіз және олардың жеке процестеріне теріс әсер ететін, оларға тән емес микроорганизмдер түрі пайда бола бастайды. Қартаю кезінде ұйқы безінде де өзгерістер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшелік және әлеуметтік психология пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Халық санының орналасу және динамика көрсеткіштері
Қарттар үйіндегі адамдардың тұлғааралық қабылдауының ерекшеліктері
Белгінің аналық типпен тұқым қуалауы
Онтогенез және аурулар кезіндегі ақуыз құрылысының өзгерісі
Оқу әдістемелік құрал жоғарғы медициналық оқу орындарының мейірбике ісі мамандығы бойынша оқитын жоғарғы курс студенттеріне арналған
Қарттық дімкәстік және оны жеңілдету тәсілдері. Гериатриялық пациенттерді күту
Егде жастағы адамдардың тамақтануы
Қарт және егде жастағы адамдар үшін азық-түлік өндірісінің технологиясының ерекшеліктері
Қарғам сөзінің толық тұлғасы - қарағым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz