Кассадағы ақша қаражаттарының есебі және оның аудиті
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. КАССАДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДИТІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Кассадағы ақша қаражаттарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.3. Кассадағы ақша қаражаттарының аудитін жоспарлау ... ... ... ... ... .23
II. «ХАЗАР МҰНАЙ» ЖШС.Ң ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ КАССА ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ..32
2.1. «Хазар Мұнай» ЖШС.ң экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... 32
2.2. Мекемедегі касса операцияларының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
2.3. Кассадағы ақша қаражаттарының түгелдеу тәртібі ... ... ... ... ... ... 46
III. «ХАЗАР МҰНАЙ» ЖШС.ҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ АУДИТІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
3.1. Кассадағы ақша қаражаттары аудитінің тексерістері ... ... ... ... ... .49
3.2. Кассадағы қолма.қол ақшалар мен бағалы қағаздарды түгендеу нәтижелерін жүргізу және рәсімдеу әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63
3.3. Ақша қаражаттарының кассада мүлтіксіз сақталуын қаматамасыз ететін шарттардың орындалуын тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .72
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 79
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..82

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп негізгі принциптерге және жалпы ережелерге сай сәйкес жүргізіледі. Қаржы есептер жасақталуы және сақталуы тиіс. Бухгалтерлік есепті заңды реттеуші құжаттар болып табылатындар;
1) Бухгалтерлік есеп және қаржы есептері жөнінде ҚР заңы, 24 маусым 2002 жыл ;
2) Қаржы есептерінің халықаралық стандарттары;
3) Бухгалтерлік есеп счеттарының типтік жоспары.
Бухгалтерлік есептің заңдылығына сәйкес барлық шаруашылық субьектілер бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржы есептерін жасақтауға міндетті.
Бухгалтерлік есеп басқарудың аса маңызды функцияларының бірі. Нарықтақ экономикасы дамыған елдерде оны бизнестің, кәсіпкерліктің тілі деп атайды
Бухгалтерлік есептің алдына қойған міндеттері:
1) Жедел басшылық ету мен басқаруға, сондай-ақ ішкі және сыртқы пайдаланушыларға толық және шынайы ақпараттарды қалыптастыру;
2) Мүліктің қолда бары мен қозғалысына материалдық, еңбектік, қаржылық ресурстардың бекітілген нормаларға, нормативтерге, сметаларға сәйкес жұмсалуына бақылауды қамтамасыз етеді;
3) Қаржы-шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстар жайында мерзімді ескерту жасау;
4) Ішкі шаруашылық резервтерді анықтау және жұмылдыру.
Бухгалтерлік есеп – шаруашылық есептің бір түрі болып табылады.
Бухгалтерлік есептің түрлері: қаржылық және басқару есебі.

1. Закон РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 24.06.2002г.
2. Стандарты бухгалтерского учета РК, 2004 г.
3. Международные стандарты финансовой отчетности
4. Типовой план счетов.
5. Закон РК «Об аудиторской деятельности» от 18.12.2000 г. с изменениями и дополнениями.
6. Барышников Н.П. “Организация и методика проведения обще - го аудита”, Москва, 1996 год. Информационный издательский дом “Филин”.
7. Каморджанова Н.А. и соавт., Бухгалтерский финансовый учет, издательский дом Питер, С.-Пб., 2003 год.
8. Каморджанова Н.А. и соавт.,Бухгалтерский учет в схемах и рисунках, издательский дом Питер, С.-Пб, 2002 год.
9. Каморджанова Н.А. и соавт., Бухгалтерский учет. Краткий курс. 3-е изд. - Питер, С.-Пб, 2002 год.
10. Ларионов Д. Анализ финансовой отчетности и диагностика кампании, ЮСАИД, учебное пособие, Алматы, 2004 год.
11. Назарова В.Л., Бухгалтерская деловая корреспонденция, Алматы, 2002 год.
12. Овсийчук М.Ф. “Аудит. Организация. Методика проведения”, Москва, 1996 год, ТОО “Интехтех”.
12. Радостовец В.В, О.И. Шмидт, Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета, Алматы, 2004 год.
13. Сапожникова Н.Г., Бухгалтерский учет для менеджеров, Москва, 2004 год.
14. Синнамон Р.Почему вы не понимаете своего бухгалтера?, М., издательство Гранд, 2003 год.
15. Соколов Я.В., Бухучет: от истоков до наших дней, М., Аудит, 1999 год.
16. Управленческий учет, учебное пособие с практическими заданиями, ЮСАИД, Алматы, 2004 год.
17. Шеремет А.Д., Суйц В.П. “Аудит. Учебное пособие”, Москва, “Инфра-М”, 1995 г.
18. Журнал " ББ-Басқару есебі ",№1 қаңтар – 2001,Алматы.
20. Журнал " Бухгалтер сырттай мектеп ",№6 маусым, 2003ж.
21. Бочарев ВВ " Қаржылық талдау ",Питер-2001ж.
22. " Кәсіпорын бухгалтерлік есебі " Радотовец ВК, Радотовец ВВ, Шмидт О.И-Алматы, 2002ж.
23. Дүйсенбаев К.Ш. " Кәсіпорынның қаржылық анализдік жағдайы",Алматы-2002ж.
24. Савицкая Г.В" Кәсіпорын шаруашылық талдау қызметі", Мәскеу -97.
25. Радостовец ВВ, Шмидт ОИ" Бухгалтерлік есеп ерекшеліктері және теориясы "- Алматы 2000ж.
26. Любушин Н.П " Кәсіпорынның қаржы- экономикалық қызмет анализі", Мәскеу – 2000ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. КАССАДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
АУДИТІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Кассадағы ақша қаражаттарының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .15
1.3. Кассадағы ақша қаражаттарының аудитін
жоспарлау ... ... ... ... ... .23
II. ХАЗАР МҰНАЙ ЖШС-Ң ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ КАССА ОПЕРАЦИЯЛАРЫН
ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ..32
2.1. Хазар Мұнай ЖШС-ң экономикалық
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... 32
2.2. Мекемедегі касса операцияларының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .40
2.3. Кассадағы ақша қаражаттарының түгелдеу
тәртібі ... ... ... ... ... ... 46
III. ХАЗАР МҰНАЙ ЖШС-ҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ

... ... ... ... ... ... ... ... 49
3.1. Кассадағы ақша қаражаттары аудитінің
тексерістері ... ... ... ... ... .49
3.2. Кассадағы қолма-қол ақшалар мен бағалы қағаздарды түгендеу
нәтижелерін жүргізу және рәсімдеу
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 63
3.3. Ақша қаражаттарының кассада мүлтіксіз сақталуын қаматамасыз ететін
шарттардың орындалуын
тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .72
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .79
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..82
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп негізгі принциптерге және
жалпы ережелерге сай сәйкес жүргізіледі. Қаржы есептер жасақталуы және
сақталуы тиіс. Бухгалтерлік есепті заңды реттеуші құжаттар болып
табылатындар;
1) Бухгалтерлік есеп және қаржы есептері жөнінде ҚР заңы, 24 маусым 2002
жыл[1];
2) Қаржы есептерінің халықаралық стандарттары;
3) Бухгалтерлік есеп счеттарының типтік жоспары.
Бухгалтерлік есептің заңдылығына сәйкес барлық шаруашылық субьектілер
бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржы есептерін жасақтауға міндетті.
Бухгалтерлік есеп басқарудың аса маңызды функцияларының бірі. Нарықтақ
экономикасы дамыған елдерде оны бизнестің, кәсіпкерліктің тілі деп атайды
Бухгалтерлік есептің алдына қойған міндеттері:
1) Жедел басшылық ету мен басқаруға, сондай-ақ ішкі және сыртқы
пайдаланушыларға толық және шынайы ақпараттарды қалыптастыру;
2) Мүліктің қолда бары мен қозғалысына материалдық, еңбектік,
қаржылық ресурстардың бекітілген нормаларға, нормативтерге,
сметаларға сәйкес жұмсалуына бақылауды қамтамасыз етеді;
3) Қаржы-шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстар жайында мерзімді
ескерту жасау;
4) Ішкі шаруашылық резервтерді анықтау және жұмылдыру.
Бухгалтерлік есеп – шаруашылық есептің бір түрі болып табылады.
Бухгалтерлік есептің түрлері: қаржылық және басқару есебі.
Бухгалтерлік есепке қойылатын негізгі талаптар:
Бухгалтерлік есептің қаржылық және басқару есебіне бөлінуі 2 себепке
байланысты. Біріншіден, қаржы есептерінің жариялануға тиістілігі,
екіншіден, коммерциялық құпия сақталуына байланысты.
Қаржы есебінің басты мақсаты – бұл қаржы құжаттарының немесе есебін
жасақтау және оларды сыртқы пайдаланушыларға жеткізу. Қаржы есебі
заңдылыққа, бухгалтерлік есеп стандарттарға және нормативтік құжаттарға
сәйкес жүргізіледі.
Басқару есебін жүргізу арнайы ереже немесе тәсілдермен ,
стандарттармен көрсетілмейді, ол басқару персоналының шешімімен
анықталады.
Басқару есебі жұмыстың мына участкелерін қамтиды:
1) Өндірістік шығындар есебі;
2) Өнімнің өзіндік құнының есебі;
3) Қаржы есебінің нәтижесі;
Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті қолданудың
негізгі участкелері болып табылады. Онда оның көмегімен барлық шаруашылық
қызметінің үстінен қадағалау және бақылау жасау қамтамасыз етіледі.
Менің таңдаған тақырыбым “Кассадағы ақша қаражаттарының есебі және оның
аудиті”.
Бұл тақырыпты таңдаған себебім бухгалтерлік есеп кез-келген
шаруашылық қызметпен айналысатын әр компанияны толғандыратын мәселелерінің
ішіндегі актуалдығы жөнінен маңызды орынға ие. Касса осы кәсіпорындағы
бухгалтерлік есептің ажырамас бөлігі. Ақша кассаның ең құнды материалы,
яғни ақша бұл бір сөзбен айтқанда компаияның қаржылық жағдайын шешетін
басты фактор, ол өз есебінде құжатталудың өз дәрежесінде жүргізілуін,
есебінің нақты болуын талап етеді. Бұл сфера басқа да әлеуметтік
сфералармен тығыз байланысты. Елде ақша айналымының ауқымды мөлшері елдің
дамуының айғағы. Ендеше мұнай саласының кассалық операциялары компанияның
нарықтық статусын бейнелейтін және елдегі құнды шикізаттың бірі ретінде
айтарлықтай орынға ие болуының кепілі. Осы салаға байланысты мәселелер ел
экономикасындағы актуалдылығы жөнінен алдағы орындарда.
Касса операциялары кәсіпорында жүргізілетін барлық шаруашылық
операциялармен байланысты. Бұл қызметпен айналысатын кәсіпорындар да өз
қаржылық есебін жүргізеді Мен мұнай саласы бойынша касса операцияларының
ерекшеліктерін игерсем деген үміттемін.
Менің дипломдық жұмысымның мақсаты – касса операцияларының
ерекшеліктерін, құжаттау тәртібін қарастыру, онда қолданылатын бухгалтерлік
жазбалардың мазмұнын терең түсіну, осы есеп ерешеліктеріне сай аудиттік
тексеру жүргізу жолдарын ұғыну. Мақсатқа жету мұнай өндіруші
компанияларының бірі болып табылатын “Хазар Мұнай” ЖШС -ның қаржылық
мәліметтерін пайдаландым.
Дипломдық жұмысым 3 бөлімнен тұрады. І-бөлімде ақша
қаражаттары, олардың кассалық есебі, осы есеп бойынша аудитті жоспарлаудың
теориялық негізіне тоқталып өттім. ІІ-бөлім толықтай компанияға арналған,
яғни
“Хазар Мұнай” ЖШС-ның кассалық есебі және экономикалық қызметі ашып
көрсетілген. Ондағы мәліметтер бухгалтерлік есеп құжаттарына негізделген.
І – бөлімде көрсетілген теорияға сай операция корреспонденциялары
өрнектелген. Сонымен қатар компанияның кейбір ерекшеліктері де байқалады.
ІІІ-бөлім толықтай аудитке арналған. Мұнда компания бойынша мәліметтер де
негізге алынған. Қаржылық – экономикалық көрсеткіштер есептелген.
Осы тақырыптардың мазмұнын аша отырып кассалық операциялар
есебін және оның аудитін өз дәрежесінде жеткізуге тырыстым.
Бұл сала мәселелері болашақта да өз деңгейінде дамитынына сенімім
мол.
I. КАССАДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДИТІ
1.1. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі
барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым – қатынас жасайтындығы
белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп
айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу
белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет
ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен
тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы
есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды
басшылыққа алу керек:
- ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы
дер кезінде есептеу;
- кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелділігін және
олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
- есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының
кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының
күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке
қабілеттілігі – кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай,
алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліуін
талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын (эквивалентін) дұрыс ашып көрсету
және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс (нақты) бағалау үшін
қажет.
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін
төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйыдардың
ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы
ақшаларынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан,
банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы
ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы
ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар
шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.
Ақша баламалары (эквиваленті) – бұл ақшаларға ұқсас, бірақ
басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер,
коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі
ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды.
Сондықтан да оларды (ақша баламаларын) кассадағы ақшалар шотында
есептемейді. Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде
қарастырудың қажеттілігі де жоқ.Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді
инвестицилар шотында есептейді.
Овердрафт дегеніміз кәсіпорынның иелігіндегі, яғни активті шоттың
қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған
кредиттік қалдық . Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және
кредиторлық борыш ретінде есептеледі. Овердрафт кәсіпорындар мен ұйымдардың
банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы (сомасы) есеп айырысу
шотындағы қалдық сомадан артық болған уақытта ғана пайда болады. Егер
овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома кәсіпорынның
балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатында бөлек
көрсетілуі тиіс.
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын,
тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік –
экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет
атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазынажинау
құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі
жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретінде
қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің
жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады.Бұндай тауар болып
өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады яғни, бұл
қызметті тролық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс
уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындалады яғни
тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен
құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын
белігілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі
еңбек өнімін теңестіру ойша орындалар тауарды ақшаның көмегімен өлшеуге
болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады.
Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз
бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның
орнына ақшалар, кез-келген тауарлар санын сатып алу қасиетімен
ерекшеленеді.
Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген
қатынасын көрсетеді[2]. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы
қажет. Металл ақша айналысында (алтын, күміс, мыс) мемлекет заңды түрде
баға масштабын тұрақты етіп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бірлігіне
бекітті. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың
салмақтық құрамына сай келді. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмістің
фунты есебінде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның
салмақтық мазмұнынан ерекшелене түсті.
Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтерінің арасында
едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі мемлекетке тәуелді емес ақшаның
экономикалық қызметі болып табылады.
Ол құн заңымен анықталады. Баға масштабы заңды сипатқа ие бола
отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасын көрсету
үшін қызмет етеді.
Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей айырбасталмайды және бағалар
алтынменен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып
тастау жағдайындағы ақшалы тауар (алтын) тікелей массасына емес, алтын
нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан
алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретінде көрінеді. Несие
ақшалар тауардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің
құны жоқ.
Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды емес және қағаз
ақщалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан
ажырауына алып келеді.
Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып
табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын
тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі
сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақытымен кеңістігі бойынша сай
келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр
уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып
слуы мүмкін. Делдал ретінде ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара
сай келмеушілік жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға
қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып
отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.
Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мемлекеттік,
оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы
кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен
корпорациялардың және т.б. қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
- тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
- оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
- ақшаның бұл өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар
емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.
Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын)
байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын
нарығында жасырын айналыс болуыменен түсіндіріледі.
Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс
қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы
негізінде яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады.
Қанша дегенімен бір ақша бірлігі бір-несие тауар мімілелеріне қызмет ететін
болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті
саны сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасына көп болса, онда
бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты.
Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысу
тиіс емес. Ақша құнының еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін
еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі
мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар
төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл
жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысында ғана
емес, сондықтан бірге қаржы-несие қатынастарына да қызмет етед. Барлық
ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтауға болады:
- тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
- еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
- мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
- банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық
міндеттеме;
- сақтандыру міндеттемелері;
- әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Ақша төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар.
Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ал тек қана сату- сатып алуды
аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін
қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға
ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш
өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады.
Ақшаның төлем құралы қызметін атқаруына байланысты ақша айналысы
заңы өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса,
онда қолма-қол ақша қажет емес.
Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген қажеттілігін азайтады. Бірақ
төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу үшін ақша айналымының
қажеттілігі артады.
Өзара өтелетін төлемдер соммасы айналыс үшін ақшаның санын азайтады.
Егер қандай да бір бөлімде, борыштық міндеттеме бойынша төлем өз уақытында
түспейтін болса, онда бұл өзімен бірге басқа да төлемсіздік тізбесін
тудырады (қарыз бойынша мерзімі өткен берешек, бюджеттік төлемдер, жалақы
бойынша және т.б.)
Ақша-қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және
айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның
қорлануының қажеттігі Т-А-Т айналымының екі актілерге Т-А және А-Т
айырылуыменбайланысты.
Капиталистік қоғамдық формацияларға дейінгілер үшін байлықты таза
қазына формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді[3].
Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын
мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл
қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға
(өнеркәсіптік немесе сауда) айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттігі
тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну
заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет.
Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы
байлықты білдірмейді. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның
формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау
құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орныдауы мүмкін.
Қазыналарды қорландыру-алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау
түрінде жүзеге асады.
Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын
реттеуші ролін атқарған болатын. өндірістің және тауар айналысының кеңеюі
барысында металл ақшалар қазынадан айналысқа шығып отырды немесе керісінше.
Қазіргі жағдайда қазына жинау қызметі айналыстағы ақша массасын
реттеген ролін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сақтандыру қоры
ретінде болады[4]. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің
болуына кепілдеме береді. 1998 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкісінде монеталық алтынның қалдығы 41781,1 млн. теңгені құрады.
Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметін атқара
алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ . Бірақ та осы қызмет негізінде
олар қорлану қызметін жүзеге асырады.
Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар
қорлана бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын сол формада сақтай
отырып, олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы
ретінде түсе алады. Шынында да бұл елдегі ақша айалысының тұрақтылығы
жағдайында, яғни инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін.
Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүреді
- кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу мен депозиттік
шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
- банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.
Несиелік механизмнің арқасында кәсіпорындар мен халықтың
ақшалары банктен берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс процесіне
түседі. Сөйтіп, ақшалар бұл қызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және
қайта бөлу процесіне дәнекер болады.
Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық
байланысының интернационалдануы, дүние жүзілік ақшалар қызметінің пайда
болуына себеп болды. Дүние жүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі,
халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.
Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен
нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүние
жүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.
Егер де елдің ішінде ақша ұлттық ақша бірліктері формасында қызмет
етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстің айтуынша: ақшалар
өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын
киеді, яғни жалпыға бірдей эквивалент формасына өтеді.
Бірақ алтын айналысы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуға
алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етті. 1913 жылы халықаралық есеп
айырысудың 80 пайызы ағылшын фунт стерлингінде бейнеленген аударым
вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есесп айырысудың
қалдығын жабуға ғана қызмет етті.
Бреттан-Вудстағы (1944ж.) мемлекетаралық келісімге келу, доллар
мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүние
жүзілік ақшалардың жаңа формалары : СДР-арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ-
еуропалық есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 жылы 1 қаңтарынан бастап
Еуропаға ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі еуро айналысқа шықты.
Демек, дүние жүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл
ақшалардан несиелік ақшаға өту жолын кеш те болса қайталауда.
Қазіргі уақытта дүние жүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда,
бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің
(СДР,ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ , сондықтанда олар толыққанды түрде
дүние жүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын
нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндірістік және бөлу
процесінде адамдар арсындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді.Бұл жерде
ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы,
қазына жинау және қорлану құралы,и дүние жүзілік ақшалар.
Ақшаның өзінде, сондай-ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы
өзгерістер боды. Егер де бұрындары сатып алу-сату процесі жалпыға бірдей
эквивалентпен, алтынмен жүргізілсе бұл күндері қағаз және несие ақшалармен
жүзеге асуда.
1. 2. Кассадағы ақша қаражаттарының есебі
Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды
жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі[5].
Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге
асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған
жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қойған ақшаны
қабылдағаны туралы түбіртек (квитанция) (ордердің қиынд бөлігі) беріледі.
Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир Төлем таңбаларын анықтау
тәртібін басшылыққа алуға міндетті[6]. Кассаға қабылданаған теңге сомасы
жазумен жазылып, тиын сандармен (цифрмен) жазылады. Толтырылған кассалық
кіріс ордері мынадай болады:
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен
бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша
беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді.
Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субьект басшысының
рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген
адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төл
құжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен
нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса
ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені – жазумен, тиынды –
сандармен көрсетеді.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде
ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты
көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол
тізімдемеге: Сенімхат бойынша деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс
ордеріне немесе ведомостқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем
тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-
тегінің тұсына мөртабан соғады немесе Депозитке салынды деп қолымен жазып
белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі;
тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде
жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса,
төлем тізімдемесінде: Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы) деген жазу
жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол
берілмейді.
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар
кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс
және шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі:
кіріс және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және
жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар стипендиялар, іссапарға төленген
және басқа да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша
қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде
алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек
құжаттың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.
Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың
рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас
бухгалтердің қолдарын; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген
қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан
кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп
басылады немесе жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып Алынды
немесе Төленді деп белгі соғады.
Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында (ү.№КО-4)
жүргізеді,
Ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар
санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін
(көлбеу сызықпен) кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта
қалады; екіншісі (көлбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы
бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып
табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің
бет жағынан (Басталған күніне дейінгі қалдығы деген жолдан кейін)
басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай
келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін
жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып,
парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды
одан әрі жалғастырады.
Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы
жыртылмайды. Соның ішінде жалақыға деген жолдың бойында касса бойынша
шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша
сомасы да көрсетіледі.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет
жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге
берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы
(кіріс,шығыс) көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген
ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен
ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир
мен бас бухгалтерлердің қол қойылуы керек.
Кассирдың есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады,
содан соң оның деректері 451 – Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол
ақша шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп
регистрлеріне көшіріледі.
Касса бойынша операциялардың, яғни 451 шоттың дебеті мен кредиті
есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің
түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың
сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші
жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас
кітаптағы 451 шоттың қалдығына сәйкес келуі тиіс.
Кассаға ақша кірістелген кезде 451-Кассадағы ұлттық валюта
түріндегі қолма-қол ақша шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары
кредиттеледі[7]:
441- Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша шоты – кассаға есеп
айырысу шотынан алынған сомаға;
333- Қызметкерлердің және басқа да адамдардың қарыздары
қызметкерлердің есебіндегі сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар, талан-
таражға түскен сомалар және т.б. бойынша кассаға өткізілген қарыздар;
701- Дайын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен
табыс,
702- Сатып алынған тауарларды стаудан түскен табыс,
709- Басқа табыстар шоттары материалдар, жұмыстар мен қызметтер
үшін қолма-қол ақшамен есеп айырысқан кезінде.
Кассадан ақша берілген кезде 451- шоты кредиттеледі және төмендегі
шоттары дебеттеледі:
681- Персоналдармен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу шоты –
кәсіпорын қызметкерлеріне берілген еңбек ақысының сомасына;
333- Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары шоты –
кәсіпорын қызметкерлерінің есебіне берілген сомаға;
441- Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша шоты – кәсіпорынның есеп
айырысу шотына өткізілген, депозитке салынған жалақы және басқа да түсімнің
сомасына.
Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі. Шетел
валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субьектілер 452- Кассадағы
шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша шотын ашады. Валюта кассасындағы
есеп субьект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның
айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында
қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырылған түрінде
көрсетіледі.
Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары
үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп
регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.
Валюта түскен кезде 452-шоты дебеттеледі де мына төмендегі шоттар
кредиттеледі:
431- Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша шоты – валюта
шотынан валюта түскен кезде;
301- Алынуға тиісті қарыздар шоты – кассаға алынған валюта
түсімінің сомасына;
725- Бағам айырмашылығынан түскен табыс шоты – тиісті шетел
валюталарына қатысты теңге бағамының құлдырауы жағдайындағы бағам
айырмашылықтарының сомасына;
333- Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары шоты – есеп
беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.
Валюта кассасынан валюта берген кезде – 452-шот кредиттеледі және
мына төмендегі шоттар дебеттеледі:
333- Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары шоты – есебіне
берілген шетел валютасының сомасына;

шотына өткізілген валюта сомасына;
844- Бағам айырмашылығы бойынша шығыстар шоты – тиісті валюталарға
қатысты теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде болған бағам айырмашылықтары
сомасына.
Субьектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі.
Қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне
байланысты олардан түсетін түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша
қаражаттары бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін
жүргізуге тура келеді. Оперативтік касса, әдетте, сауда залында орналасады.
№1034 тамызда шыққан Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес,
қолма-қол ақшамен есеп айырысатын барлық шаруашылық жүргізуші
субьектілердің (әсіресе, сауда және қызмет көрсететін кәсіпорындар) Ережесі
бекітілген[8]. Аталған ережеде тыңшылық жадысы бар бақылаушы кассалық
машинасын (ТЖБКМ) енгізуді ұсынған болатын.
ТЖБКМ көмегімен есептеуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші
субьектілер тауарын сатып алушыларға бақылаушы-кассалық машинаның чегін
беруге міндетті, өйткені ол сатушы мен сатып алушының арасындағы алып-сату
келісім-шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын қуаттайды.
Кассалық аппараттарды міндетті түрде салық органдарында тіркеуден
өткізеді. Оны тіркеуден өткізу үшін келесідей қүжаттарды ұсыну керек: арыз,
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлігінің көшірмесі,
БКМ (бақылаушы-кассалық машина) паспорты; қолма-қол ақшаны тіркейтін
журналы т.б. салық органдары арыз бланкісінің дұрыс толтырылғанын және БКМ-
ның белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қояды, сосын
ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-ның пайдалну мерзімі біткен соң салық
органына қайтарылады. БКМ қондырған кезде салық органының өкілетті
инспекторы тыңшылықты жадында сақтайтын қондырғыға пароль енгізеді. Пароль
шаруашылық жүргізуші субьектінің тіркеуден өткен салық органдарында
сақталады.
Бақылаушы-кассалық машинасы арқылы
өткен қолма-қол ақшаның есеп кітабы
Басталуы __________200 ж.
Аяқталуы__________200 ж.
КүніЖұмыс Көрсеткіштің ҚайтарылғаАртық Жауапты Сал
Күні (счетчиктің) н немесе кем тұлғаға ық
басталғасомалық мәліметі чектер туралы кассадан төл
н мәліметтер төленген еуш
Кезіндег төлемі іні
і ң
Касса қол
сомасыны ы
ң
қалдығы
Ақша операциялық кассаға түскен кезде 451 Операциялық кассадағы
қолма-қол ақша аралық шоты дебеттеледі және мына шоттар кредиттеледі:
701- Дайын өнімдер (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен кіріс,
704-Көлік ұйымдарының жүктер мен жолаушылар тасымалы жөніндегі
қызметтерінен түскен табыс шоттары және басқа да шоттар-кассаға алынған
түсімнің сомасына;
301- Алынуға тиісті қарыздар шоты – сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің кассаға алынған сомаға.
Кәсіпорын кассасына түскен түсімді өткізгенде – 451 шоты дебеттеледі
де, ал 451 шотының Операциялық кассадағы қолма-қол ақша субшоты
кредиттеледі.
1.3. Кассадағы ақша қаражаттарының аудитін жоспарлау
Ақша қаражаттары – бұл кассадағы және банк шотындағы қолма-қол
ақшалар.
Ақша қаражаттарының баланста дұрыс көрініс табуын тексеру кезінде
баланстық деректерді бас кітаптағы шоттар бөлімшелері бойынша қарастыру
керек. 41-Жолдағы ақша аударымдары, 42-Банктегі арнаулы шоттардағы
ақшалар, 43 Валюталық шоттардағы ақшалар, 44 Есеп айырысу шотындағы
ақшалар, 45 Кассадағы қолма-қол ақшалар, IV бөлімдегі Ақша
қаражаттары[9]
Кассадағы ақша қаражаттары мына шоттар бойынша жүргізіледі:
45-Кассадағы қолма-қол ақша шот бөлімшесінің 451-Кассадағы ұлттық валюта
түріндегі қолма-қол ақша, 452-Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-
қол ақша шоттарында.
Бұлардың дебетіне ақша қаражаттарының кассаға келіп түсуі, ал
кредитіне кассадан ақша қаражаттарының кетуі жазылады. Бұл шоттар жазу
негізінен кіріс және шығыс касса ордерінде жүреді.
Касса және кассалық операциялар аудиті үш бағыт бойынша жүреді[10]:
кассадағы қолма-қол ақша қаражаттарының инвентеризациясы ақша
қаражаттарының шығысқа апаруының дұрыстығын тексеру.
Касса инвентаризациясы тексеріс орнында аудитордың болуымен
жүргізіледі. Тексеруге дейін аудитор мынаны анықтау керек: кассадағы қолма-
қол ақшаларға жүйелі түрде тексеру жүргізу үшін комиссия тағайындау жөнінде
кәсіпорында жетекшінің бұйрығы бар екенін және бұл бұйрықтың орындалуын,
касса тексеріс актісінің бар жоқтығын және мазмұнын, тексеріліп отырған
кәсіпорын бір кассирмен немесе бірнеше кассирмен жабдықталғандығын, кассир
тек тексеріліп отырған мекемеден бөлек басқа да ұйымда қызмет ететіндігін,
материалдық-жауапты тұлға жөнінде келісімшарттың және кассирді жұмысқа
тағайындау туралы бұйрықтың бар жоқтығын және кассирдің кассалық
операцияларды жүргізу ережелері мен таныс болуын.
Касса тексерісін іске асыра отырып аудитор мына жағдайларды бақылау
керек:
Касса тексерісі кәсіпорын басшысы тағайындаған комиссия мүшелерінің
қатысуымен жүргізіледі. Олардың құрамында кәсіпорынның бас бухгалтері мен
кассир міндетті түрде болуы керек.Кассаны тексеру кезінде басқалардың
кассаға енуіне рұқсат етілмейді, кассаны тексеру уақытында барлық кассалық
операциялар тоқтатылады.
Касса инвентаризациясын жүргізу тәртібі келесідей:
1. Касса тексерісі мүмкін емес жағдайда олардың барлығы аудитормен
печатталады, кілт кассирде, ал печать аудиторда қалады. Бұл басқа кассаның
қолма-қол ақшасы есебінде бір кассадағы ақшаның жетіспеушілігін жабу
мақсатында жасалады.
2. Инвентаризациялық комиссия мүшесінің қатысуымен кассир соңғы күнге
кассалық операция жөнінде есеп жүргізеді және кассалық операция жөнінде
есеп жүргізеді және кассалық кітапқа қалған ақшаны шығарады. Сонымен қатар
расписка береді, яғни барлық кіріс және шығыс құжаттары олардың кассалық
есебіне қосылған кассаның инвентаризациясы кезінде кірістелмеген және
шығысталмаған ақшалай сома болмайды. Бұл қолхат (расписка) касса
инвентаризация формасының басты бөліміне енеді.
3. Кассалық есептеме кәсіпорынның бас бухгалтерімен қол қойылады.
4. Ақшаны толықтай есептеу жүреді, яғни банктік орама түрінде болса
да. Мұндай міндетті шарт басқа құндылықтарда да жүргізіледі және кассада
сақталатын ақша құжаттарында да. Ақша және құндылықтар екі рет
есептелінеді, алдымен бұны кассир жасайды содан кейін басқа да комиссия
мүшелері. Бұл аудиторлық процедураның дұрыстығын бақылауды аудитордың өзі
орнату керек. Ақша құжаттары номиналдық құн бойынша есептелінеді.
Ақша құжаттарының аудиті кезінде мыналарды тексеру керек: ақша
құжаттарының фактілі қолма-қолдылығы, кімге тиісті және билет пен
жолдаманың қандай құрал есебінде төленгендігі, ақша құжаттары есебінің
дұрыстығы. Олар есебі ақша құжаттарының айналысы бойынша кітапта көрінуі
керек. Ақша құжаттарының келуі мен кетуі кассалық шығыс және кіріс
құжаттарымен жабдықталуы тиіс.
Ақша құралдары сияқты кассир ақша құжаттары айналысы бойынша есеп
жүргізеді және оны бас бухгалтерге тапсырады.
Касса инвентаризациясын жүргізу кезінде біртіндеп төленген төлем
ведомостін табуға болады.
Аудитор оларды белгіленген тәртіпте жабуын бас есепші мен кассирге
ұсынады, оларға шығыс ордерін ашуын және оларды кассирдің есебіне қосуды
талап етеді. Егер де касса тексерісі еңбек ақы беру мерзімімен сәйкес
келсе, яғни ведомость бойынша көптеген адамдарға төленбеген болса, бұл
ведомостер кассирдің есебіне кірмеуі мүмкін, бірақ касса есебіне қосылмаған
бөліп төленген шығыс құжаттары (төлем құжаттары) сияқты актте жазылады. Бұл
жағдайда әр төлем ведомостінде қандай тәртіп нөмірі бойынша еңбек ақы
төленгені және оның жалпы сомасы көрсетіледі. Көрсетілген жазу касссирдің,
бас есепшінің және аудитордың қолымен бекітіледі. Касса меншігі қалдыққа
қосылмайды және распискадан жоғары көрсетілген әр түрлі жақтар
қабылданбайды.
Мұндай құжаттарды тапқан кезде аудитор ақшаның қандай сомада,
кімге, қашан, қандай мақсатта берілгендігін көрсетумен касса тексерісінде
актідегі бұл бұзушылықты белгілейді. Барлық кассадағы ақша қаражаттары мен
құндылықтар берілген кәсіпорынға тиесілі болып саналады, соған байланысты
басқа субьектілерге тиым салынған.
5. Ақшаларды және құндылықтарды қайта есептеу (пересчета) аяқталған
кезде түскен сома олардың қалдықтарымен қойылады.
6. Ақша қаражаттарын тексеруді іске асыра отырып аудитор кассаны
орналастыру ақша қаражаттарының сақталуына, сонымен қатар сигнализацияны
бекіту және құралдармен жабдықтандыру кепілдемесіне сәйкес келуін
тексереді.
Осыған байланысты көрсетілген қателер инвентаризация актісінде көрсетіледі.
7. Кассадағы ақша құралдарын тексеру нәтижесі комиссияның барлық
мүшелері қол қойған инвентаризация актісімен жабдықталады. Ол үш данада
құрылады: біреуі кәсіпорын бухгалтериясына беріледі, екіншісі кассирде
қалады, үшіншісі аудиторда сақталады.
Акт соңында барлық ақша құралдары актіге аударылғаны және оның
жауаптылығында болатыны туралы кассирдің распискасы енгізіледі.
8. Жетіспеушілік байқалған кезде аудитор кассирден жетіспеушілік
жөнінде жазбаша түсініктеме талап етеді. Маңызды жетіспеушілік немесе
зұлымдық байқалған кезде аудитор кәсіпорын жетекшісіне хабарлайды және
тексеріс аяқталғанға дейін тез арада жұмыс орнынан алуды сонымен қатар
жұмысты тексеру органдарына беруді ұсынады.
Жұмыстан кассирді алшақтату тексеру аяқталғанға дейін формальды талап
емес.
Зұлымдық пен заң бұзушылық көрініс тапса, ең маңызды тапсырма касса
операциясын бақылау болып табылады. Осыған байланысты бір уақытта олардың
аяқталуына мүмкіндік берген жағдайды анықтайды.
Тәжірибеде кездесетіндей касса операцияларында заң бұзушылық аяқталуы
бойынша мынадай түрде жіктеледі: тікелей ақша құралдарын ұрлау, яғни
жабдықталған құжаттармен жабылған және распискамен, сонымен қатар ештеңемен
жабылмаған; ақшалардың артығын кассадан шығыстау, басқа әр түрлі жақтардан
және кіріс ордері бойынша ұйымдардан, банктен түскен ақшалардың
кірістелмеуі және жекеленуі; қайтадан бір құжатты пайдалану; касса
құжаттарындағы және касса есебіндегі қорытынды есептеудің дұрыс болмауы,
Тікелей ақша құралдарын ұрлау кассалық инвентаризация жолымен
кассаны тексеру кезінде көрінеді. Ол кейде кассирмен немесе басқа да
қызметкерлермен жасалынған шығындарды жабуда қызметтегі адамдардың
распискасымен жасырылады. Жасырылмаған ақша құжаттарын ұрлау ол қылмыстың
ең қарапайым формасы болып табылады. ақшаның жетіспеуі тек қана шығындар
және бөтен адамдармен ақша ұрлау ғана емес, ол уақытша заңсыз кірме ақшалар
басқа заңсыз операциялар үшіін болуы мүмкін, сонымен қатар заң бұзушылық
пен зұлымдық кассирді таңдау жолының дұрыс алынбағанынан (оның тәжірибесін
тексеру және сенімділігін), кассаны ретті тексермеуінен көрінеді.
Касса бойынша ақшаның кірістелмеуі түскен соманың шығынға жазылуымен
және кіріс операцияларын жабумен байланысты. Көбінесе ақшаның кассаға
кірістелмеуі есеп айырысу шотынан болады.
Банктегі есеп айырысу шотынан алынған ақшаның кірістелуінің толықтығын
тексере отырып, аудитор операцияның бақылау әдісін қолдану керек. Бұған
байланысты сомалар салыстырылады, яғни аналитикалық есептегі №1 ведомостте
көрініс тапқан 451 Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша
шоттың дебеті бойынша берілген №2 журнал-ордердегі 441 Есеп айырысу
шотындағы қолма-қол ақша шоттың кредиті бойынша сәйкс келуі керек.
Сомалардың ұйқасуы жағдайында кіріс касса ордері бойынша банк выпискасымен,
кассирдің есебімен қойылады, ол керек кезде банк мекемелерінде тексереді.
Аудитор әр чек бойынша банктен алынған ақшалардың өз жағдайында
кірістелуін және толықтығын өте ұқыпты тексеру керек. Бұны банк выпискасы
бойынша жасауға қажетті (ақша алуға сәйкес келетін код бойынша). Егер
выпискада түзетулер болса, онда банктен немесе есеп айырысу шотынан выписка
алу керек және тексерілуші кәсіпорынның банк шотында берілген выпискамен
жазуды бухгалтерияда бекіту керек. Сондықтан да есептеме выписка ұсталымына
тәуелді.
Касса операцияларын енгізу тіртібімен байланысты кәсіпорынның ақша
қаражаттарын кассамен қабылдау кіріс касса ордерімен іске асады және бас
бухгалтер қол қояды. Қызметтің, материалдардың төлем тәртібінде кіріс
ордерімен алынған ақшалардың кірістелмеуі қызметкерлердің және басқа да
тұлғалардың төленбеген қарыздарын тексеруде және анализде жасырылады.
Есеп айырысу шотында төленген соманы иелену нәтижесінде тұлғаның
төленбеген қарызы болып қалуы мүмкін. Есептеулерді жүйелі түрде тексеру бұл
тұлғалармен пайдалы нәтиже беруі мүмкін. Есептеуді бақылаудың әсерлі әдісі
болып кіріс құжаттарының тіркелуін тексеру және төленген құжатпен бірге
тіркелген құжатты тексеру табылады. Кіріс касса ордері бойынша алынған
ақшаны иелену жағдайымен байланысты. Кассалық ордер тіркелімінің
толымсыздығын, сонымен қатар төлеушілердің қолына төлемді бермес бұрын
кассалық ордер тіркелімінің толымсыздығын сонымен қатар төлеушілердің
қолына төлемді бермес бұрын кассалық ордер тіркелімінің толымсыздығын
көрсетуге болады. Кассалық ордерлер тіркелімі журналындағы кіріс және шығыс
ордерлерді дұрыс тіркеу, яғни басқа кәсіпорыннан алынған ақшаларды
иеленумен күресу барлық мүмкін жағдайдағы қолма-қолсыз есеп айырысу
көрінісін талап етеді. Тәжірибеде көріп жүргеніміздей бұл ережені бұзудан
қайшылық туындайды.
Касса дисциплинасы бұзылған жағдайда қайшылықтар көріну үшін
тексеріске сүйену керек. Бұл жағдайда ақша қаражаттарының қомақты сомасы
алынатын кәсіпорынмен есеп айырысуды тексеру керек.
Сенімхатты пайдалану және басқа кәсіпорыннан ақша сомаларын алудағы
сенімхат тіркемесін тексеру қайшылықты табу болып табылады. Сенімхатты
беру ережесі бұзылған кезде олар бойынша ақшалардың келіп түсуімен бақылау
болмайды.
Касса операцияларының шығындар бойынша жазу тексеруге тиісті
барлық период бойынша кассалық есептемеге қосымша құжат бойынша
тексеріледі.
Тексеріс кезінде кассалық операция бойынша есеп құжатының формасы
пайдаланылады: КО-1 Кіріс ордер және КО-2 Шығыс ордер, КО-3 және КО-3а
Кіріс және Шығыс құжаттарының тіркелу журналы,
КО-4 Касса кітабы, КО-5 Ақшалардың кассирмен берілген және алынған есеп
кітабы, есеп тіркемелері (ЖО-№1, ведомость-№1), Бас кітап, сәйкс күнге
баланстар.
Сонымен қатар кассалық құжаттарды жабдықталуына да мән беру керек: әр
құжатта алушылардың қолхатының болуын, кассалық құжаттар төленуі:
кірістелген алынды деген мөрмен, ал шығындардың төленді деген мөрмен
күнінің көрсетілуімен.
Нөмірленген, мөрмен мөрленген келіп түсуі және шығындары бойынша ақша
құралдарының барлық операциясын кассир кассалық кітапқа жазады.
Парақ мөлшеріне кәсіпорын жетекшісі мен бас бухгалтердің қолы
бекітіледі. Жұмыс күнінің соңында кассир кассадағы ақшалардың қалдығын
есептейді және келесі күні кассаға ақшалардың қалдығын шығарады. Кассалық
кітапқа жазуды бір уақытта екі парақта көшірмелі қағаз арқылы жүргізіледі.
Кітаптың бір парағы жыртпалы, оны күн соңында барлық кіріс және шығыс
құжаттар мен, яғни есептеме ретіндегі кассалық операция бойынша қосылып
беріледі.
Ақша қаражаттарының операциясы, соның ішінде қолма-қол ақшалармен
(еңбекақы беруде, өндірістік шығындарға төлем т.б.) операция жүргізу
міндетті түрде түгел тексерісті талап етеді. Сондықтан да кассалық құжат
барлық тексеріс периодында түгел тексерісте болады.
Касса бойынша бір құжатпен сомаларды қайтадан шығару қайшылықтың ең
қауіпті формасы болып табылады. Мұндай қайшылықтарды (злоупотребление)
мынадай тәртіпте көрсетуге болады.
Ең алдымен тексеріс кезінде кассалық есептемені қарағанда ғана
соңғысы оның барлық қосымшаларымен болу керек. Қосымшалардың толықсыздығы
бұл құжаттардың қалай пайдаланғанын және басқа есептемелерде
қолданылмағанын тексеруді көрсетуі керек.
Байқап отырғанымыздай касса бойынша қайшылықтың көпшілігі еңбекақыдан
болады.
Ақшаларды төлеуді тексеру кезінде берілген төлем ведомості бойынша
енгізілген жұмысшылардың барлығы берілген кәсіпорында жұмыс жасайтыны
қаралады. Бұны ведомостағы тұлғалардың фамилиясын жеке құрылымдық
есептемелердің берілімдерімен және басқа да құжаттармен салыстырылып
қаралынады.
Сомалардың дұрыстығы, яғни жеке тұлғаға төленген және төлем
ведомостінің қорытындысы.
Аудиттің толық программасын орындау үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz