Газбен қамту жабдықтарын есептеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДЫҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География және табиғатты пайдалану факультеті

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Газбен қамту жабдықтарын таңдау және есептеу

Пәні: Инженерлік жүйелер, желілер және жабдықтар

Орындаған: Д. Б. Дәрмекбай

Ғылыми жетекші: М. М. Абдибаттаева

Норма бақылаушы: М. М. Абдибаттаева

Алматы 2019

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ: КІРІСПЕ
3: 3
КІРІСПЕ:
  1. ӘДЕБИ ШОЛУ
3: 4
КІРІСПЕ: 1. 1 Газбен қамтамасыз ету жүйесі
3: 4
КІРІСПЕ: 1. 2 Газбен қамту жабдықтарымен танысу
3: 7
КІРІСПЕ: 2 ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ
3: 12
КІРІСПЕ: 2. 1 «Алтыналмас АК» компаниясы жайлы мәліметтер
3: 12
КІРІСПЕ: 3 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3: 16
КІРІСПЕ: 3. 1 «Ақбақай» алтын зауытының алтын балқыту цехындағы газбен қамту жабдықтарын есептеу
3: 16
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 20
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3: 21
КІРІСПЕ: ҚОСЫМША
3:

КІРІСПЕ

Бірде - бір заманауи ғимарат тіршілік етуімізді қамтамасыз ететін жүйелерсіз қызмет ете алмайды. Бұл жүйелердің инженерлік коммуникациялық жүйелер деген атауы қалыптасқан. Олар: жылыту, сумен қамту, желдету және ауабаптау жүйелері, ғимаратты электр қуатымен, кәріз жүйесімен қамту, сондай-ақ байланыс жасау құралдары.
Бұл жүйелерді орнату, құрастыру және пайдалануға беру жоба құжаттамасы негізінде іске асырылады. Инженерлік желілерді жобалау болашақ нысан үшін барлық жүйелердің қажетті қуаттылығы бойынша деректерді есептеуден басталады.

Инженерлік желілерді жобалау екі бағытта жүргізіледі. Оның бірі - сыртқы инженерлік коммуникациялық желілерді жобалау. Бұл жоба, әдеттегідей, мына сауалдарға жауап береді: коммуникациялық желілерді жалпы пайдалану желісінен нысанға тарту, желілердің салынуын қамтамасыз ету мақсатында жер асты жұмыстарын жүргізу және тағы басқасы. Ғимараттың сыртындағы барлық құрастыру жұмыстары осы жоба арқылы реттеледі.

Ішкі коммуникациялық желілерді салу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін жеке жоба немесе жалпы құжаттың жеке бөлімі әзірленеді. Ішкі инженерлік желілер жобасында толыққанды қызметін қамтамасыз ететін барлық жүйелер мен құрылғылардың орналасуы есепке алынады.

Инженерлік желілерді жобалауда кейін орнату кезінде пайдаланылатын материалдарға, ішексым, құбыр және құрылғыларға ерекше назар аударылады. Олардың өнімділігі, ең жоғары есептік жүктемесі және тағы басқа пайдалану ерекшеліктері есепке алынады[1] .

Жұмыстың өзектілігі: Елімізде газ өндіру қазіргі уақытта өндіріс орындарына өте қажет. Газды отын ретінде пайдалану жұмыстың сапасын жақсартуға, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге көп пайдасын тигізеді. Сондықтанда өндіріс орындарын газбен дұрыс қамтамасыз ету үлкен мәселе болып табылада.

Жұмыстың мақсаты: өндіріс орнындағы газбен қамтамасыз ету жабдықтарын таңдап, оның қаншалықты нақты жұмыс істейтінін зерттеу.

Жұмыстың міндеті:

  • Газбен қамтамасыз ету жүйесімен танысу;
  • Зерттелетін объект жайында толық ақпарат жинау;
  • Газбен қамту жабдықтарын есептеу;
  • Газбен қамту жабдықтарын таңдау.

ӘДЕБИ ШОЛУ

  1. Газбен қамтамасыз ету жүйесі

Газбен қамту жүйелері дегеніміз - табиғи немесе жасанды газды өндіру, оны тасымалдау, сақтау және химиялық шикізат немесе отын ретінде өнеркәсіпке, коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға жеткізуге арналған техникалық құрылымдардың күрделі кешені.

Басқа отын түрлеріне қарағанда газ тәрізді отынның бірқатар артықшылығы бар: құрғақ, күлсіз жану жылулығы жоғары отын, құбырлар арқылы жеңіл тасымалданады, жеңіл тұтанады және ауаның аз ғана артықтығымен жана береді. Жағу процесін механикаландыруға және автоматтандыруға ыңғайлы, сондай-ақ экологиялық таза отын.

Газды өндіру тәсіліне байланысты:

  • табиғи
  • жасанды болып бөлінеді.

Табиғи газ тәрізді отын метан (СН 4 ) қатарындағы көмірсітекті газдар (оның ішінде метан құрамы 95-99 %-ға дейін жетеді) мен одан аз мөлшерде ауыр газдардың, яғни этан (С 2 Н 6 ), пропан (С 3 Н 8 ), бутан (С 4 Н 10 ), пентан (С 5 Н 12 ) және басқа да газдардың қоспасы.

Метан қатарындағы газдардан басқа табиғи газ құрамында күкіртті сутек (H 2 S), сутегі (H 2 ), балласт газдар - азот (N 2 ), және көмір қышқыл газы (CO 2 ) болуы мүмкін.

Табиғи газдарды таза газ немесе шықты газ кенінен және мұнай газы болып бөледі. Таза газ немесе шықты газ кенінен алынған табиғи газдарда метан құрамы жоғары болады 85-тен 99 % дейін және соған сәйкес ауыр газдар аз 3-тен 7, 5 % дейін болады.

Мұнай газдарында метан құрамы төмендеу 38-ден 77% дейін, ал жану жылулығы жоғары ауыр газдар мұнда көбірек 20-дан 40 % дейін[2] .

Жасанды газ тәрізді отындар

Жасанды газ тәрізді отындар қатты және сұйық отындарды технологиялық өңдеуден өткізу барысында алынады. Шикізат пен технологиялық процестердің алуан түрлі болуынан жасанды газ тәрізді отындардың құрамы, жылу өндіру қабілеті әр түрлі болады.

Жасанды газ тәрізді отындарға мыналар жатады:

1) көмірдің жер астында газдануы - Q н с ≈ 4, 0 МДж/м 3 ;

2) домна газы - Q н с ≈ 4, 0 МДж/м 3 ;

3) генератор газы - Q н с ≈ 5÷5, 6 МДж/м 3 ;

4) кокс газы - Q н с ≈ 17, 0 МДж/м 3 ;

5) мұнай газдары (крекинг газ) - Q н с ≈ 47, 0 МДж/м 3 және т. б.

Коммуналды-тұрмыстық тұтынушыларды газбен қамтуда ерекше орын алатын «сұйытылған газдар» - метан қатарындағы көмірсутекті газдар, қалыпты температурада қысымы сәл артқан жағдайда сұйық күйге айналады.

Сұйытылған газдардың негізгі компоненті пропан (С 3 Н 8 ) және бутан (С 4 Н 10 ) . Тұтынушыларды жаз кезінде газбен қамтамасыз ету үшін 80% бутаннан және 20% пропаннан тұратын, ал қысты күндері 35% бутаннан және 65% пропаннан тұратын сұйытылған газ қолданылады.

Газ тәрізді отындардың тағы бір маңызды сипаты: тұтану температурасы мен концентрациялық жарылу шегі.

Тұтану температурасы (жарылу) - газды ауа немесе газ бен оттегі қоспасының өздігінен тұтану немесе жарылуының төменгі температурасы.

Жанғыш газдар құрамында улы заттар мынадай улы қоспалар болады: көміртегі тотығы (СО) ; күкіртті сутек (Н 2 S) ; күкіртті көміртегі (СS 2 ) ; циан (С 2 N 2 ) ; цианды сутегі (HCN) ; аммиак (NH 3 ) және т. б.

Және де жанғыш газдар құрамындағы күкіртті сутек (Н 2 S) газ жабдықтары мен газ құбырлары металын таттануға ұшыратады. Жоғары температурада металл таттануын көміртегі тотықтары мен цианидтер де жеделдетеді.

Көптеген табиғи және жасанды газдар иіссіз болады, бұл олардың бөлмеде орын алуын және құбырлардан ағып шығуын уақытылы анықтауды қиындатады. Осыған байланысты, жанғыш газдарға арнайы жағымсыз әрі өткір иіс беретін, физиологиялық залалсыз зат, көбінесе меркаптан қосылады. Жанғыш газдарға иіс беруде этилмеркаптан (С 2 H 5 SH) көп қолданылады, оның шығыны 1000 м 3 газға 19, 1 см 3 (16 г) .

Газ өндіру орнынан қалалар мен елді мекендерге магистралды жүйемен тасымалданады. Магистралды газ жүйесіне - газ тасымалдайтын құбырлар, газға қажетті 5 МПа қысым беруге арналған, әрбір 120-150 км сайын орнатылатын компрессор станциялары, елді мекендерге кіргенде орнатылатын басты құрылым болып табылатын, газ сүзгісі орнатылған және газ қысымын Р г ≤1, 2 МПа дейін төмендететін газ тарату станциялары кіреді. Газ тарату станцияларынан кейін газ - жоғары қысымды Р г =1200÷300 кПа, орта қысымды Р г =300÷5 кПа және төмен қысымды Р г <5 кПа болып бөлінетін газ тарату тармақтарына беріледі.

Газ тұтынатын ірі мекемелер (өндірістік, нан зауыттары, монша және т. б. ) жоғары және орта қысымды газ тармақтарына жалғанады.

Тұрғын, қоғамдық және ұсақ коммуналдық-тұрмыстық мекемелер төменгі қысымды газ желілеріне қосылады.

Газ тарату желілері газбен қамтылуына байланысты бір сатылы, екі сатылы, үш сатылы және көп сатылы болып бөлінеді.

Газ тұтыну шығыны төмен кішігірім елді мекендер, төменгі қысымды бір сатылы газ тарату схемасын қолданады.

Орташа қалаларды көбінесе екі сатылы, ал ірі қалаларда үш сатылы (кейде көп сатылы) газ тарату схемалары қолданылады.

Газ магистрал газ желісі бойынша газ тарату станцияларына беріледі, одан газ жоғары қысымдағы газ құбыры арқылы газгольдер станциясына жіберіледі, онда газ қоры сақталып, оның тұтынылу графигі теңеледі. Газгольдер станцияларынан кейін орташа қысымның газ реттеу орындарынан шыққан газ орташа қысымдық сақиналанған газ тармағына беріледі, одан төменгі қысымдағы газ реттеу орындары арқылы төменгі қысымдағы газ құбырларымен коммуналдық-тұрмыстық мекемелерге беріледі.

Газ реттеу орындары мен қондырғылары.

Газ реттеу орындары мен қондырғылары газ қысымын төмендетіп, оны берілген деңгейде ұстап тұруға арналады.

Газ реттеу орындары әдетте, газ тармақтарына газ жеткізу үшін қолданылады және жеке орналасқан ғимараттарда немесе ғимарат сыртына қойылған арнайы шкафтарда орнатылады. Газ реттеу қондырғылары жеке тұтынушыларды газбен қамтуға арналады және мекеменің газ тұтынатын агрегат орналасқан бөлмеге орнатылады[3] .


1. 2 Газбен қамту жабдықтарымен танысу

Отын - энергетикалық кешеннің құрылымында маңызды орынды газ, мұнай, жылу және сумен жабдықтау жүйелерін қамтитын энергетиканың құбырлар класы алады. Газбен жабдықтау жүйесі - Қазақстанның энергетикалық шаруашылығының отын саласының ең тиімдісі және өнекәсіпті аудандардың отынмен жабдықтау экономикасына және өндірістің жалпы дамуына оң әсер етеді.

Газ желілерінің қайта құру мен дамуы күрделі шығындар мен материалды ресурстарды үнемдуеге көмектеседі, сондықтан заманға сай математикалық әдістер мен есептеу техникалық құралдарын пайдалану негізінде мақсатты өнімді беру мен бөлудің техникалық үрдістерін басқаруды жетілдіру мәселесі тұр. Газ көлігінің құбыр жүргізуін тиімді пайдаланудың негізгі экономикалық факторлары болып газ құбырларының толық автоматтандырылуы есептеледі. Газ өндірісінде бір және екі топты сызбанұсқа негізінде саланы басқарудың ұйымдастырушылық қрылымы жүзеге асты. Бұл сызбанұсқа айналасында магистралды газ құбырының пайдалануын және тұтынушыларды газбен жабдықтауын газды тасымалдау мен жеткізу бойынша өндірістік бірлестігі жүзеге асады. Табиғи газды өндіру орнынан (газ кәсіпшілігінде) пайдалану орнына дейін бірнеше мың км-ге дейін магистарлды газ құбырлары арқылы жасалады. Заманға сай газ құбырының негізгі диаметрі 200-ден 1400мм-ге дейін жететін болат құбыры болып саналады, ол бойынша 5, 6 бастап 12МПа дейінгі қысымымен газ тасымалданады. Үлкен өткізу қабілеті бар күшті магистралды құбыры бар бірнеше қатар газ құбырларына ие. Олар табиғи газ кен орнын игеру мен газды кешенді дайындаудың жабдық кәсіпшілігендегі құрылысының ретімен салынады, оның көмегімен газ тасымалданады (кептіру, тазалау) :

  • Төмен қысымдық (IV деңгей, 2-3 кПа) - тұтынушылардың коммуналды-тұрмыстық тобын газбен қамтамасыз етеді (үй, ұсақ коммуналды өндірістер) ; бұндай құрылыс газ жануының тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет;
  • Орта қысымдық (ІІІ деңгей, 5кПа, 4- 0, 3МПа) ;
  • Жоғары қысымдық (І деңгей, 0, 6 4-1, 2МПа) [4] .

Газ желілерін жобалау кезінде белгілі талаптар ескеріледі: газ желілері сенімді болып, газ жабдықталуын үзбей қамтамасыз ету керек, оларды пайдалану жеңіл, ыңғайлы және қауіпсіз болуы тиіс, бір типті құрылыстар мен түйіндерді пайдалану керек.

Газбен жабдықтау құрылғыларына: төменгі, орташа және жоғарғы қысымдағы газгольдерлі станциялар, газды желілер және газ реттегіш пункттер, газ таратқыш станциялар жатады. Инженерлік желілерді: қалалық магистральді; көшелік және ықшам аудандық желілер; үй енгізілімдері мен қосылуларға, негізгі қала маңы магистральдарына бөледі.

Сурет 1 - Газбен жабдықтау жүйесінің құрылымдық сызбанұсқасы

Газ таратушы станциялардың (ГТС) тағайындалуын магистралды газ құбырының аяғында немесе қаланың газ тарату желісіне газды жеткізу кез келген нүктесінде, мекен елдерде немесе өндірістік өнеркәсіпте газ таратушы станциялар (ГТС) құрайды[5] .

Сурет 2 - Газ реттегіш станция

Газ таратушы станциялар келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • магистралды газ құбырынан газды қабылау;
  • газды механикалық қоспалардан тазарту;
  • берілген көлемге дейін қысымды түсіру;
  • берілген деңгейде қысымды автоматты тұрақтандыру;
  • тұтынушыларға газды тарату;
  • газ көлемін өлшеу.

Газ реттеуші пункт (ГРП), қондырғы (ГРҚ) : газ қысымын төмендетуге және оны берілген деңгейде ұстап тұруға арналған технологиялық құрылғы. Газ реттеуші блокты пункт: газ қысымын төмендетуге және газ құбырында оны берілген деңгейде ұстап тұруға арналған тасымалдауға жарамды блокпен орындалған толық зауыттық дайындықтағы технологиялық құрылғы.

Стационарлық, шкафтық және блоктық газ реттегіш пункттер, сондай-ақ пайдалануға берілген газ реттегіш қондырғылар эксплуатациялық журналда ескеріледі.

Әрбір газ реттегіш пункттер және газ реттегіш қондырғылар эксплуатациялық паспорт жасалады, онда ауыстыру себептерін көрсете отырып, жабдықты не жеке тораптар мен бөлшектерді ауыстырумен жұмыстар туралы мәліметтер жазылады. Газдың жұмыс өлшемдері (қысым, температура, сүзгіштегі қысымның күрт ауысуы және т. б. ), сондай-ақ газ реттегіш пункттер және газ реттегіш қондырғылар қызмет көрсету бойынша барлық орындалған жұмыстар эксплуатациялық журналда жазылуы тиіс[6] .

Сурет 3 - Пунктардағы газ реттегіш қондырғылар

Журналда анықталған бұзушылықтар мен ақаулықтар, сондай-ақ оларды жою үшін қабылданған, барлық шаралар көрсетіледі. Стационарлық не блоктық ГРП эксплуатациялық журналы ГРП бөлмесінде, шкафтық ГРП - пайдаланушы ұйымның тиісті қызметінде, ГРҚ - кәсіпорынның газ қызметінде сақталады.

Сақтандыру клапандары, соның ішінде қысымның реттеуіштеріне салынған клапандар Табиғи газдарды тарату және тұтыну жүйелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес ретке келтіру және іске қосу шектерін қамтамасыз ету керек.

ГРП не ГРҚ-дағы газдың шығуын, сондай-ақ газдың шығу қысымының өздігінен артуы мен түсуін АДҚ қызметкерлері және пайдаланушы ГРП қызметінің жұмыскерлері жояды.

ГРП-дан газ беру тоқтатылған жағдайда қысымды реттегішін жұмысқа қосу сақтандырғыш бекіту клапанның іске қосылу себептері анықталған кейін және ақаулықтарды жою бойынша шараларды қабылданғаннан кейін жүргізіледі.

Сурет 4 - Жабдықтардағы газ реттегіштер

ГРП және ГРҚ пайдалану кезінде мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі:

- техникалық қарау (техникалық жай-күйін қарау) ;

- техникалық қызмет көрсету - ГРП; ГРҚ пайдалану журналында жазба жасау, 6 айда кемінде 1 рет;

- ағымдағы жөндеу - акт толтырылып, 12 айда кемінде 1 рет, егер газ жабдығын өндірушінің құжаттамасында басқа мерзімдер орнатылмаса;

- акт толтырылып, 2 айда кемінде 1 рет сақтандырғыш бекіту және түсіру клапандарының іске қосылу өлшемдерін тексеру, сондай-ақ жабдықты жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін;

- күрделі жөндеу - жабдықты, өлшем құралдарын ауыстыру қажет болған жағдайда;

- ГРП ғимаратының, жылу беру, желдету, жарықтандыру жүйелерін күрделі жөндеу - тексеріп қарау мен ағымдағы жөндеу нәтижелері бойынша жасалған ақаулық ведомость негізінде;

- жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін саңылаусыздығын тексеру үшін редуциялау линиясын бақылаушы нығыздау[7] .

Газ тарату жүйесі - газ құбырларынан (желілік бөліктен) және олармен ұштасып жатқан объектілерден тұратын, тауарлық газды магистральдық газ құбырынан газ тұтыну жүйелеріне дейін тасымалдауға арналған технологиялық өзара байланысты құрылыстар кешені.

Газ құбыры: бекітпе арматурасы бар, бір-бірімен қосылған құбырлардан тұратын және газ тәріздес немесе екі фазалық күйдегі газды тасымалдауға арналған құрылыс.

Сыртқы газ құбыры: енгізбе газ құбыры алдындағы ажырату құрылғысына немесе ғимаратқа енгізу кезінде жерастымен жүргізілген футлярға дейінгі ғимараттардан тыс салынған жер асты, жер үсті және жер бетіндегі газ құрылғы.

Сыртқы газ құбырларын техникалық пайдалану кезінде мынадай жұмыс түрлері орындалады:

- елді-мекендердің аумағына газ құбырына берілетін қысымды бақылау;

- газ құбырларын және сыртқы газ құбырында, ғимаратқа енгізу немесе тұтынушының сыртқы газ пайдалану жабдығының алдында орналасқан арматураны қоса алғанда, олардағы құрылыстарға техникалық қызмет көрсету, ағымдағы және күрделі жөндеу;

- газ құбырларын тот басудан электрлі-химиялық қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, ЭХҚ қызметінің тиімділігін тексеру;

- газ құбырларында ылғал мен конденсаттың болуын тексеру және оларды жою;

- газ құбырларын техникалық диагностикалау;

- апаттарды оқшаулау мен жою, апаттық-қалпына келтіру жұмыстары;

- газ құбырларын және олардағы құрылыстарды бөлшектеу[8] .

  1. ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ

2. 1 «Алтыналмас АК» компаниясы жайлы мәліметтер

«Алтыналмас АК» АҚ Қазақстан Республикасында атақты алтын шығарушылардың бірі болып табылады және Қазақстанның алтын кенді объектілерінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асырады. Ол - Жамбыл облысындағы Ақбақай өңірінің кен орнылары және Қарағанды облысындағы Пустынное кен орны.

http://www.altynalmas.kz/uploads/fotos/Главный.jpg

Сурет 5 - «Ақбақай» алтын зауыты

Компания осы кен орныларын игеру үшін Компания жоғары білікті инженeрлік-техникалық қызметкерлер штатын және замануи техникалық жабдықталуды иемденеді. Өз жобаларын дамыту аудандарында «Алтыналмас АК» АҚ қоршаған табиғи ортаға, жұмыскерлер және халық өмірінің әлеуметтік дамуына және жақсаруына ерекше мән бөледі. Компанияның басшылығы өндірістік процесстерді оңтайландыру және тұрақты жетілдіру үшін жаңа технологиялар және жаңартпашылық шешімдерді енгізуін белсене қолдайды[9] .

Компания қызметінің негізгі бағыттары:

 асыл металдар өндірісі;

 асыл металдарды және басқа пайдалы қазбаларды өндіру, оларды қайта өңдеу;

 кенді емес материалдарды өндіру;

 геологиялық барлау жұмыстары;

 жобалық және құрылыс-монтаждық жұмыстар;

 ғылыми-зерттеу, жобалық және зерттеушілік жұмыстар;

 қоғам және тартылған инвестициялар есебінен асыл металдарды барлау, өндіру және өңдеу бойынша өндірістер құрылысы және қайта құруы;

Компанияның ақырғы өнімі Доре құймаларындағы алтын болып табылады, ол әрі қарай тазартуға Астана қаласындағы «Тау-Кен Алтын» ЖШС-нің аффинаждық зауытына жіберіледі. Компания келесі екі жобалардың операторы болып табылады.

Бірінші жобаға («Ақбақай» жобасы) 100 миллион АҚШ долларын бөліп, Компания 2011 жылы жылына фабриканың өндірістік қуатын 200 мың тоннанадан 1 миллион тоннаға дейін бес есе арттырумен Ақбақай алтын шығару фабрикасының және ілеспе құрылымының қайта құруын және жаңартуын аяқтады. Осы жоба Қазақстанның индустрияландыру Картасына енгізілген. Жобаның шикізат базасын Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында орналасқан 6 кен орнылары құрайды. Жобаға инвестициялардың жалпы мөлшері алдағы бес жылда 150 миллион АҚШ долларынан асады.

2014 жылдың 25 желтоқсанында Компания Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында бір аттас кен орнында екінші жобаның («Пустынное» жобасы) іске қосылуын жүзеге асырды. Жобаның өңдеу қуаты жылына алтынды кеннің 2 миллион тоннасын құрайды. Кен орынды өндіру карьерлік әдіс арқылы жүзеге асырылады. Жоба әйгілі әлемдік өндірушілерден тау-кен және технологиялық жабдықпен жабдықталған. Инвестициялар 140 миллион АҚШ долларын құрады. Жоба индустрияландыру Картасына енгізілген[10] .

http://www.altynalmas.kz/uploads/fotos/Шаровая%20мельница.JPG

Сурет 6 - «Ақбақай» алтын зауытының ішкі көрінісі

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

«Алтыналмас АК» АҚ өз қызметінде еңбектік жақсы және қауіпсіз жағдайларына, өндірістік жарақаттануды ескертуге, қолайлы, санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасауға, компанияның қызметкерлерінде кәсіби сырқаттар пайда болуы болдырмауына үлкен мән бөледі.

Медициналық пункті

«Казанада» ЖШС-пен шарт негізінде «Алтыналмас АК» АҚ-ның Ақбақай және Ақтоғай филиалдарында білікті қызметкерлермен және алғашқы медициналық жәрдемді көрсету үшін қажетті медициналық құралдар және жабдықпен жинақталған медициналық пунктілер ұйымдастырылған және жұмыс істейді. Медициналық мекемелерге қызметкерлерді жеткізу үшін жедел медициналық жәрдем автокөлігі бар.

Компания қызметкерлерінің міндетті түрдегі медициналық тексерулері. Қызметкерлер денсаулық жағдайына динамикалық бақылауын, сырқаттардың бастапқы белгілерін уақытылы анықтауын қамтамасыз ету, жалпы, кәсіби сырқаттарды ескерту мақсатында компания қызметкерлерінің міндетті мерзімді медициналық тексерулері жыл сайын өткізіледі.

Қызметкерлер денсаулық жағдайын, уақытша еңбек жарамсыздығын, олардың жұмысқа кәсіби жарамдылығын анықтау үшін осы аусымда кәсіптер бойынша ауысым алдындағы медициналық куәландыру жүзеге асырылады.

Рейс алдында және рейс аяқталғаннан кейін механикалық көліктік құралдар жүргізушілерінің денсаулық жағдайын, алкогольды мастық және есірткілерді тұтыну жағдайын анықтау үшін рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеру жүргізіледі.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқаруының жүйесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи газдар
Қалалық газ шаруашылығының газ құбырлары
Газ және сұйықтың шығынын өлшеу
Ақтөбе облысы бойынша ғимаратты жоспарлау
Газ тарату жүйелерін жобалау
Аудандағы газ қысымы
Газ құбырының тиімді параметрлері
Тұрғын үйді газбен қамту жүйесі
Мұнай-газ саласы бойынша
Ілеспе мұнай газының құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz