Евразия Сақтандыру компаниясының стратегиясы


Мазмұны
Кіріспе
1. “Евразия” Сақтандыру компаниясы” Акционерлік Қоғамының даму жағдайы мен тарихы
1. 1 “Евразия” Сақтандыру компаниясы” Акционерлік Қоғамының тарихы
1. 2 Бизнес-процестерін басқару бөлімі және ұйымдық құрылымы
2. “Евразия” Сақтандыру компаниясының сақтандыру түрлерін талдау
2. 1 Көлік және тасымалдауды сақтандыру
2. 2Мүлікті сақтандыру
2. 3 “Евразия” Сақтандыру компаниясы” Акционерлік қоғамының қаржылық жағдайы
3 «Евразия» Сақтандыру компаниясының стратегиялық даму жоспары
3. 1 «Евразия» Сақтандыру компаниясының стратегиясы
3. 2 «Евразия» Сақтандыру компаниясының қол жеткізген жетістіктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
“Евразия” Сақтандыру компаниясы” АҚ - да PR - менеджер жұмысы Бизнес процестерін басқару бөліміне қарасты.
Мен бұл бөлімде PR - менеджердің ассистенті болып өндірістік -тәжірибені 2019 жылдың 5 ақпанынан 27 сәуірге дейін өттім.
Алдыңғы күндерден бастап, әдеттегідей Команияның, Басқару бөлімінің ішкі жұмыс тәртібімен танысып алғаннан кейін, өзіме жүктелген міндеттер мен жұмыстарды атқаруға кірістім. Ол міндеттер мен жұмыстар мынадан құралды:
- Компанияның ішкі жұмыс ережелерін бұлжытпай орындау;
- Компанияның ішкі жұмыс істеу стандарттарымен танысып, берілген тапсырманы сол стандартқа сәйкес орындау;
- PR - менеджер жасайтын жұмысқа кеңінен көмек көрсету;
- Берілген тапсырманы уақытында орындап тұру;
- Ұсынылған құпия ақпараттарды таратпау;
- Іс-тәжірибенің аяқталу уақытына таман Компания үшін медиа-карта мен PR - стратегиясын дайындап тапсыру.
Күнтізбе бойынша алдымызда 14 ақпан күні болған еді. Бүгінгі таңда осы күні аталатын ағылшындардың Әулие Валентин күні барлық елдерде мән-жайсыз қалмайды. Сол себепті “Евразия” Сақтандыру компаниясы” өз клиенттері, серіктестері және акционерлері үшін құттықтау модулін1 дайындап, оны “Курсивъ”, “Время”, “Панорама”, “Деловая неделя” газеттерінің беттерінде орналастырды. Бұл жұмыстағы менің ролім - модульді қай бетке әрі оны қай жағында орналастыру ең ыңғайлы, ең көрінетіндей болады деген мәселені шешу еді. Бұл жұмыста басшылыққа алған қағидам - әр PR - менеджер ұстанатын ереже болды. Яғни, адам көзі еріксіз түсетін газет бетінің бөлігінде модуль орналасу керек. Әрине әрбір газет үшін бұл мәселе өз шешімін тапты.
Келесі атқаратын жұмыстарымның арасында 15 ақпан күні өтетін пресс - конференцияға дайындық жұмыстары бойынша көмектесу және оны ұйымдастыруға кеңінен араласу. Бұл пресс - конференцияның “Евразия” Сақтандыру компаниясы үшін маңыздылығы сол, ол жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қоры, Қазақстанның жоғары оқу орындарының ассоциациясы, “Евразия” Сақтандыру компаниясы” бірігіп ұйымдастырған “Идеядан іске асыруға дейін бір қадам” атты республикалық ғылыми-практикалық жобалар конкурсының мәресі болды.
Пресс - конференция Қазақстан баспасөз клубында өтеді деп шешілгендіктен, енді аталмыш пресс - клуб ұсынатын “Стандартты” және “Толық” пакеттер қызметінің арасынан қайсын таңдау ыңғайлы, сонымен бірге пресс - клуб пен “Евразия” Сақтандыру компаниясы” арасында қол қойылатын келісім - шартпен танысу керек болды. Соңында аталған екі қызметтер пакетінің арасында аса айырмашылық болмағандықтан, біз “Стандартты пакетті” таңдадық.
Келесі қадам - пресс - конференцияның бағдарламасын дайындау және Қазақстан баспасөз клубының менеджерімен кездесу. Пресс - конференцияның жалпы бағдарламасы бойынша Конкурс ұйымдастырушылары сөз сөйлеп, одан кейін конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді және әдеттегідей тілшілер өз сұрақтарын қояды. Уақыттың тығыздығына байланысты пресс - конференция осындай бағдарламаға сәйкес өткізілді. Қазақстан баспасөз клубының менеджерімен кездесу кезінде барлық түсініксіз жәйттер әрі пресс - конференцияны өткізуге қатысты біздің тарапымыздан ұсынылатын мәселелер қарастырылып, өз шешімін тапты. Келісім - шарт бойынша пресс - релизді Қазақстан баспасөз клубының өзі дайындағандықтан, біз оларға тек барлық қажетті материалдарды ғана ұсынып, пресс - релиз мәтіні2 дайын болғаннан кейін оған өзіміздің тарапымыздан өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, одан кейін құптауымыз керек. Енді тек Қазақстан баспасөз клубына барып, залды қарау мен оны рәсімдеуге байланысты мәселелер ғана қалды.
Пресс - конференция ойдағыдай өтті деуге болады. Әсіресе, келісім - шарт бойынша, Қазақстан пресс - клубы бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін ұсынғаннан кейін, бұл шара бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен аталып көрсетілгенін нық сеніммен айта аламыз.
Сонымен бірге, іс - тәжірибемнің алғашқы күндерінен - ақ дерлік мен “Евразия” Сақтандыру компаниясы” үшін медиа - карта3 мен PR - стратегиясын дайындауға кірістім.
Медиа - карта - PR - менеджерге қажетті құралдардың бірі. Медиа - карта - баспалардың, кейде ақпараттық агенттіктер, теледидар, радиодидарларының тізімі. Осы құрал арқылы PR - менеджер белгілі бір ақпаратты қай баспаларда орналастыру керек деген мәселені тез арада шешіп, ол ақпарат көзімен шұғыл байланыса алады. Негізінен мұнда келесідей мәліметтер орын алады:
- газеттің немесе журналдың аты
- баспаның типі (газет әлде журнал ма)
- тираж
- таралымы
- шығу периодикасы
- dead line, яғни алдағы шығатын номерге матерал тапсырудың соңғы күні, сағаты
- редакцияның мекен - жайы, телефоны, факсы, электронды поштасы
- Белгілі бір баспа үйіне қарау (Кейде мұндай баспаларға бір біріккен редакция қызмет етеді. Яғни, белгілі бір нарықта жұмыс істеп, сол тақырыпқа жазатын тілші бір Үйге жұмыс етеді, дәл осы кісі сіздің контактті адамы болады)
- Жаңалықтар бөлімі редакторының аты - жөні, телефоны, жеке электронды поштасы
- Сіздің салаңыз бойынша жазатын тілшінің аты - жөні, телефоны, жеке электронды поштасы
Алғашқы 1-8 пункттерді газеттердің өзінен немесе олардың Интернеттегі сайтынан табуға болады, ал соңғы екі пунктті редакцияға телефон шалып, сөйлесу арақылы ғана білуге болады екен. Осындай жұмыс нәтижесінде елімізде жарық көретін әрі “Евразия” Сақтандыру компаниясына” қажет бола алатын газеттер мен журналдар тізімі пайда болды. Кейіннен барлық мәліметтер жиналып болғанынан кейін ғана аталмыш газеттер мен журналдар бойынша мәліметтер базасы құрастырылған еді. Жоғарыдағы пункттерде бұл баспалардың бағалық саясаты аталмады. Өйткені олар құрастырылған мәліметтер базасына кірмей қалады, бұған себеп баспаларда жарнаманы, тапсырыс бойынша мәтіндер мен мақалаларды орналастырудың бағасы тұрақты емес, ал оны әрдайым жаңартып отыру өте көп уақытты қажет етеді. Сондықтан да әрбір баспаның прайс - беттері жиналып болғаннан кейін арнайы папкаға жиналды.
1. “Евразия” Сақтандыру компаниясы” Акционерлік Қоғамының даму жағдайы мен тарихы
1. 1 “Евразия” Сақтандыру компаниясы” Акционерлік Қоғамының тарихы
“Евразия” Сақтандыру компаниясы” Акционерлік Қоғамының негізі 1995 жылы қаланып және 24 жылдық белсенді жұмысы нәтижесінде Қазақстан Республикасындағы ірі сақтандыру компанияларының бірі болып табылады. Ашықтық пен сенімділікке негізделген бизнес жүргізудің қағидалары арқасында Компания Қазақстанның сақтандыру нарығындағы ең жоғарғы қаржылық көрсеткіштерге жетіп отыр.
“Евразия” Сақтандыру компаниясы” АҚ-ның қаржылық көрсеткіштері мен жұмыс саясаты отандық сақтандырушылардың көп бөлігінің ғана емес, сонымен бірге Армения, Бельгия, Ұлыбритания, Грузия, Дания, Израиль, Италия, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Украина, Өзбекстан, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея, Жапония және тағы басқа елдердің ірі компанияларының сеніміне ие болуына жәрдемдесті.
“Евразия” Сақтандыру компаниясы” АҚ Клиент қызығушылықтарын мүмкін болатын қауіптер комплексінен қорғау үшін әмбебаптылық пен сақтандыру қыметінің барлық түрлерін ұсынуға бағытталған. Компания Қазақстан Республикасының Сақтандыру туралы Заңында аталған сақтандырудың барлық дерлік түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Қолда бар Лицензияларға сәйкес, Компания сақтандырудың кең шеңбері мен түрлері бойынша сақтандыру қызметтерін ұсынуға құқылы.
Сонымен қатар Компания қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған Лицензияға ие, бұл Компанияға пропорционалды емес негізде қайта сақтандыруға құқығын береді. Кірістелетін қайта сақтандыру бойынша біздің Клиентеріміздің арасында Қазақстанның барлық ірі сақтандыру компаниялары, жақын және шалғай орналасқан шетел мемлекеттіерінің сақтандыру компаниялары бар.
“Евразия” Сақтандыру компаниясы” АҚ өз қызметін жүзеге асыру кезінде ынтымақтастық, сенімділік және қолдау қағидаларына сүйенеді.
“Евразия” Сақтандыру компаниясы” АҚ қызметкерлері тек сақтандыру саласының жоғарғы класс мамандары ғана емес. Топты қалыптастыру кезінде Компания персоналдың Клиенттермен жұмыс істеудің психологиялық мәселеріне ерекше көңіл бөледі. Компания мақсаты - Клиент үшін тек кәсіби кеңесші ғана болмай, сонымен бірге іскерлік ынтымақтастықта достық қатынасты сақтау.
Компанияның корпоративті саясатының маңызды ерекшеліктерінің бірі сақтандыру жағдайларын реттеудің жылдамдығы мен сапасы болып табылады. Құжаттырдың толық пакетін қолға алып, “Евразия” Сақтандыру компаниясы” АҚ істің барлық жақтарын уақытылы қарастыруды қамтамасыз етеді және азап шеккендерге сақтандыру пұлын төлейді. Белгіленген сақтандыру премиясын төлеп, Сіз көлемді шығындардын сақтанасыз. Арнайы құрастырылған Сапа жүйесіне сәйкес қажетті құжаттарды рәсімдеу процедурасын Клиентке емес, керісінше, Компания мамандарына жүктеледі. Сақтандыру пұлын төлегенде Компания тек барлық заңдық мәселелрді шешіп қана қоймай, бұған қоса ешқандай қосымша төлемдерсіз риск-менеджер қызметтерін ұсынады, ол осы сақтандыру жағдайының барлық жақтарын зерттеп, Клиент келесіде осындай жағдайға тап болмауы үшін не істеу керектігі жайлы жазбаша түрде кеңес береді.
Компания тарихы
24. 05. 1995 жыл - “Евразия” Акционерлі сақтандыру компаниясын мемлекеттік тіркеу, жарғылық капиталы 2, 0 млн. теңге.
31. 07. 1995 жыл - Мемлекеттік сақтандыруды бақылау “Евразия”АСК-на ерікті жеке және мүліктік сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензия берді.
09. 10. 1996 жыл - “Евразия”АСК” Жауапкершілігі Шектеулі Акционерлік Қоғам түріндегі сақтандыру компаниясының мемлекеттік қайта тіркеу және жарғылық капиталдың 18, 4 млн. теңгеге дейін арттыру.
08. 01. 1997 жыл - Мемлекеттік сақтандыруды бақылау “Евразия” АСК” ЖШАҚ-на автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру қазметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензия берді.
12. 02. 1999 жыл - сақтандыру компаниясын “Евразия” Сақтандыру Компаниясы Ашық Акционерлік Қоғамы түрінде мемлекеттік қайта тіркеу.
Наурыз, 2000 жыл - Қоғамның жарғылық капиталын 100, 0 млн. теңгеге дейін арттыру.
29. 03. 2001 жыл - сақтандыру нарығын реттеу жөнінде өкілетті органның сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия формасын өзгертуімен байланысты, “Евразия” СК” ААҚ-на “жалпы сақтандыру” саласының 1 міндетті және 4 ерікті сақтандыру класстары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензия берілді.
Тамыз, 2002 жыл - Қоғамның жарғылық капиталын 200, 0 млн. теңгеге дейін арттыру.
Қыркүйек, 2003 жыл - сегізқабатты кеңсені сатып алу және Қоғамның орналасуын өзгерту.
08. 08. 2003 жыл - сақтандыру нарығын реттеу жөніндегі өкілетті органымен “Евразия” СК” ААҚ-ның лицензиясы “жалпы сақтандыру” саласында 1 міндетті және 5 ерікті сақтандыру класстары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясымен алмастырылды.
Желтоқсан, 2003 жыл - жылдық нәтижелер бойынша “Евразия Сақтандыру компаниясы” ААҚ Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының бес көшбасшы-компаниялар қатарына енді.
24. 02. 2004 жыл - “Акционерлік қоғамдар туралы” Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес келу мақсатында, қоғам “Евразия” СК” Акционерлі қоғамы түрінде мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.
12. 03. 2004 жыл - “Евразия” СК” АҚ пропорционалды емес қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқық беретін мемлекеттік лицензия алынды.
Шілде, 2004 жыл - Компания қосымша төртқабатты кеңсе ғимаратын сатып алды.
19. 12. 2004 жыл - сақтандыру нарығын реттеу жөніндегі өкілетті органымен “Евразия” СК” ААҚ-ның лицензиясы “жалпы сақтандыру” саласында 5 міндетті және 14 ерікті сақтандыру класстары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясымен алмастырылды.
Желтоқсан, 2004 жыл - “Евразия” СК” АҚ-ның корпоративті сайты жасалынды және Интернет желісінде орналастырылды (www. theeurasia. kz)
01. 01. 2005 жыл - негізгі қаржылық көрсеткіштері бойынша “Евразия” СК” АҚ қазақстандық сақтандыру нарығының көшбасшысы болды. Баланстық жеке капиталдың көлемі 6, 6 млрд. теңгеден асты.
Компания стратегиясы
“Евразия”Сақтандыру компаниясы” АҚ-ның стратегиялық міндеті -сенімді серіктес және қаржылық жағынан тұрақты Компания ретінде ішкі әрі дүниежүзілік сақтандыру және қайта сақтандыру нарықтарында танымал болу.
Компания ұсынатын сақтандыру қызметтерінің кең көлемі негізінен өндірістік және өңдеуші кәсіпорындарға арналған, сонымен қатар алғашқы сақтандырушыларға арналған қайта сақтандыру. Компаниямыздың сақтандыру өнімдері аталған сақтандырушылар категориясына арнайы етіп кұрастырылған және олардан көптеген әртүрлі қауіптерден сақтауға арналған.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын ретеу және бақылау Агенттігінің қазақстандық сақтандыру компанияларын үздіксіз және жан-жақты бақылауы “Евразия”СК” АҚ-ында жүргізілетін ішкі басқару бақылауымен тұспа-тұс келеді.
“Евразия” Сақтандыру компаниясы” АҚ жүзеге асыратын қызметі кәсібилік пен Клиент қызыушылықтарының басымдығы қағидаларына негізделеді. Осымен бірге, Компания қаржылық сенімділікке ұмтылады, ал оның сапасы тәуекелдер мен оларды басқарудағы қолданатын іс-шараларды бағалаудың нәтижелерін есепке алып, талдау және жоспарлау негізінде анықталады.
Компанияның корпоративті саясатының маңызды ерекшеліктерінің бірі сақтандыру жағдайларын реттеудің жылдамдығы мен сапасы болып табылады. Құжаттырдың толық пакетін қолға алып, “Евразия” Сақтандыру компаниясы” АҚ істің барлық жақтарын уақытылы қарастыруды қамтамасыз етеді және азап шеккендерге сақтандыру пұлын төлейді. Белгіленген сақтандыру премиясын төлеп, Сіз көлемді шығындардын сақтанасыз. Арнайы құрастырылған Сапа жүйесіне сәйкес қажетті құжаттарды рәсімдеу процедурасын Клиентке емес, керісінше, Компания мамандарына жүктеледі. Сақтандыру пұлын төлегенде Компания тек барлық заңдық мәселелрді шешіп қана қоймай, бұған қоса ешқандай қосымша төлемдерсіз риск-менеджер қызметтерін ұсынады, ол осы сақтандыру жағдайының барлық жақтарын зерттеп, Клиент келесіде осындай жағдайға тап болмауы үшін не істеу керектігі жайлы жазбаша түрде кеңес береді.
Сақтандыру қызметтерінің бай портфелі және сенімді серіктес атағы, жұмыс тәжірибесі және қызметкерлер құрамы Компанияның өз серіктестері мен Клиенттері алдында міндеттерді мүлтіксіз орындауына және табысты қызмет жүргізуіне негіз болды.
Тәуекелдерден қосымша қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Компания халықаралық нарықта қайта сақтандыруды өткізіп және қаржылық сенімділіктің ең жоғары дәрежесіне ие болған танымал ұйымдармен ынтымақтасады.
Компанияның инвестициялық саясаты бойынша қаржы ең табысты активтерге салынады, оларды басқару құнды қағаздар нарығының кәсіби мүшесі - “Bailyk asset maagement” АҚ-на берілді.
Бизнесті дамыту мәселелерінде біз - реформаторлармыз. Қажет болса, біз жаңа нарықтық шарттарды есепке алып біздің бизнес-процестерімізді қайта құрастыруға және өз тәсілдеріміздің түрін өзгертуге дайынбыз. Мұнда негізгі стратегия және адал серіктестік пен ынтымақтастық қағидалары өзгермейді. “Евразия” СК” АҚ жұмысының стилін қысқаша үш сөз арқылы өрнектеуге болады: “Евразия - сенімділік континенті”, яғни өз міндеттемелерін мүлтіксіз орындаудан көрінетін тұрақты жіне сенімді серіктестіктен құны артық ештеңе жоқ.
Компания республиканың сақтандыру нарығында бұлжымас көшбасшылық ұстанымдарын сақтау мақсатын қояды. 2019 жылдың ақпан айындағы қорытынды бойынша "Евразия" СК сыйлықақыларды жинау бойынша нарықта 17, 82% алды, осылайша өзінің көшбасшы орнын тағы да растады.
"Евразия" АҚ бүкіл дүние жүзі бойынша компаниялармен серіктестікті дамытуды жалғастыра отырып, географиялық әртараптандыруға үлкен мән береді. Бүгінгі таңда "Евразия" СК өзінің қызметін әлемнің 150 астам елдерінде жүзеге асырады. 2019 жылдың 1 наурызынына Қазақстан Республикасының кіріс қайта сақтандыру жалпы көлемінен 88% компания үлесіне және шетелден кіріс қайта сақтандыру жалпы көлемінен шамамен 99% сәйкес келеді.
2008 жылы маусым айында "Еуразиялық қаржы компаниясы" АҚ қаржы холдингін қайта ұйымдастыру процесі аяқталды. Жүргізілген қайта ұйымдастыру нәтижесінде классикалық қаржылық холдинг құрылды, ол үш қаржы компанияларының жалғыз акционері болып табылады: «Евразия» сақтандыру компаниясы" АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Еуразиялық капитал» АҚ.
Осылайша, қызметтердің кең спектрін ұсынатын және қарқынды дамуды және құрылымды жетілдіруден синергетикалық әсердің есебімен өсуді көздейтін әмбебап қаржы тобы құрылды.
Орын алған өзгерістер компанияның қаржы блогының қызметінің мобильділігін, айқындылығын, тиімділігін арттыруға бағытталған және кросс-сатылымдардың тиімділігінің өсіміне бағытталған бизнес-процестерді жетілдірумен бірге жүретін болады.
Мамандар тобы
Компания қызметкерлері тек сақтандыру саласының жоғарғы класс мамандары ғана емес. Компания мақсаты - Клиент үшін тек кәсіби кеңесші ғана болмай, сонымен бірге іскерлік ынтымақтастықта достық қатынасты сақтау. Топты қалыптастыру кезінде Компания персоналдың Клиенттермен жұмыс істеудің психологиялық мәселеріне ерекше көңіл бөледі. Әрбір сақтандырушыға жеке менеджер бекітіледі, ол кез-келген уақытта осы Клиентке қатысты барлық жағдайлармен таныс болады және сақтандырушылық қорғауды алғашқы келіссөздерден бастап, келісім-шартты жаңа уақытқа ұзартуына дейін барлық процесті ұйымдастырады.
Сақтандыру компаниясы қызметінің нәтижелілігіне сақтандыруға ұсынатын тәукелдерді талдайтын андеррайтерлердің кәсіби дәрежесі зор әсер етеді. Олар сақтандыру объектісіне тән тәуекел деңгейін көрсетуші және сақтандыру жағдайынынң орын алуына елеулі ықпал ете алатын кез-келген детальдар немесе ерекшеліктерді бағалайды. Осындай талдаудың нәтижесінде андеррайтер тариф көрсеткіштерінің деңгейін реттейді, тәуекелді сақтауға қабылдау немесе тәуекелді сақтауға қабылдамау туралы мәселені көтереді.
Сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығы қабылданған тариф саясатымен және сақтандыру резервтерінің жеткілікті деңгейімен анықталады. Ол үшін уақытылы және нақты актуарлық есептемелер, олардың адекваттылығы жөніндегі қорытындылар, Қоғам қол қоятын ірі келісімдер туралы қорытындылар қажет. Сонымен қатар, бизнес-жоспарларды құрастырғанда және Қоғам қызметін жоспарлауды, қаржылық жағдайы туралы сараптамалық қорытындылар ұсынуда актуарийдің ролі маңызды.
Компания ұсынатын қызметтер
“Евразия” СК” АҚ ұсынатын сақтандыру өнімдеріне төмендегі сақтандыру класстары мен түрлері кіреді:
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру формасына:
- көлік құралдырының иелерін;
- жолаушылар алдында тасымалдыушының;
- аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар;
- жеке нотариустар;
- туристік операторлар мен туристік агенттер;
- үшінші жаққа залал келтіру қаупімен байланысты қызмет ететін обектілердің иелерін.
Ерікті сақтандыру формасына:
- қайғылы оқиға және аурулардан;
- медициналық;
- автомобиль көліктерін;
- теміржол көліктерін;
- әуе көлігін;
- су көлігін;
- жүкті;
- мүлікті;
- кәсіпкерлік тәуекелден;
- теміржол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін;
- әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін;
- су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
- келісім-шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін;
- зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін;
- өз еңбек міндеттерін орындағанда жұмысшының өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін;
- мұнай операцияларын;
- құрылыс-монтаждық жұмыстарды;
- шетелге шығатын жеке тұлғаларды қайғылы оқиғалар мен медициналық шығындардан.
Сапа жүйесі
Бай қаржылық негізге ие болып, Компания қазақстандық және шетел сақтандыру компанияларына пропорционалды және пропорционалды емес қайта сақтандыру шарттарында сенімді қайта сақтандыру қорғанысын ұсынады. Мұнда “Евразия” СК” АҚ-ында тәуекелдерді қайта сақтандырудың мынадай ерекшеліктері бар:
- тұрақты қаржылық жағдай мен өзінің ұстап қалуының жоғары шектеулері;
- ұсыныстарды қарастыру мен шығындарды төлеудгі оперативтілік;
- әлемдегі көшбасшы қайта сақтандырушаларда кез-келген келісім-шартты тез әрі сенімді қайта сақтандыруға мүмкіндік беретін, қайта сақтандырудың икемді механизмдері;
- біздің жағымыздан болтын жауапты ұсыныстарда көрініс табатын, қарым-қатынастардың өзара тиімділігі.
Компанияның серіктестері әлемдік қайта сақтандырушы ұйымдардың 25-нен 20-сы және 10-нан астам дүниежүзіне танымал сақтандыру брокерлері болып табылады.
1. 2 Бизнес-процестерін басқару бөлімі және ұйымдық құрылымы
“Евразия” Сақтандыру компаниясы” Акционерлік қоғамындағы PR - қызметі Бизнес процестерін басқару бөлімінің құрамына енеді.
Бұл бөлім басқару процедураларының жүзеге асырылуы мен құрастырылуына жауапты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz