Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

Дипломдық жұмыс

тақырып: Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеу және қаржыны тұрақтандыруды қамтамасыз ету саясаты

мамандық: 5В050600 - Экономика

Атырау, 2016

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері

1. 1 Мемлекеттің экономикадағы рөлі . . . 9

1. 2 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні және объективті

қажеттілігі . . . 13

1. 3 Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі, ғылыми-әдіснамалық негіздері, мақсаттары және міндеттері . . . 18

1. 4 Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері және негізгі бағыттары . . 23
2 Қазақстан Республикасы экономиканысының даму жағдайын талдау

2. 1 Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық саясатын талдау . . . 35
2. 2 Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің қаржылық әдістерін талдау . . . 40
3 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеуді жетілдіру

3. 1 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері . . . 46
3. 2 Экономика дамуының қаржылық қамтамасыз етілу мәселелері . . . 56

3. 3 Шетел инвестицияларын Қазақстан экономикасына тарту процесін реттеу . . . 63

3. 4 Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы . . . 69
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 83
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 91

Кіріспе

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі . Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғамның негізгі буыны болып табылады. Өз кезегінде мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге асырады. Экономиканы ретеу қоғамдық даму мен мемлекеттің экономикалық сипатына байланысты әртүрлі деңгейде және әртүрлі әдістер қолданылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеуде мемлекеттің рөлі оның экономикалық процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясатың байланыстыратын экономикалық саясаттың жасалуына тәуелді болады. Экономикалық саясат дегеніміз экономикалық реттеудің шоғырланған мағынасын береді. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады. Мемлекет қоғамның жемісі болып табылады және ол ылғи да рететуді қажет етеді.

Қазақстан Рсепубликасының өз егемендігін алып, жаңадан нарықтық қатынастарға өтіп, дамудың нарықтық жолына түсуіне байланысты елдегі мемлекеттік ретттеудің мақсаты мен бағыттары өзгеріп, экономиканы мемлекеттік рететудің жаңа формалары мен әдістерін дамытудың қажеттігі туындады. Атап айтқанда, бастапқы жылдары елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, әлеуметтік саланы қолдау, экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылатын.

Ал бүгінгі еліміздің аяғынан нық тұра бастаған кезеңде экономиканы мемлекеттік рететудің жаңа формалары мен әдістерін жүргізудің маңыздылығы туындап отыр. Ол әсіресе Қазақстанның алдағы жылдары әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуға ұмтылған бағдарламалар мен Жолдаулардың негізінде болып отыр. Сол себепті, Қазақстан үшін экономиканы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың, дамытудың әдіс-шараларын ендігі жерде дамыған елдердің экономиканы реттеу мен ұлттық экономика үшін маңызды болып отырған салалар мен даму жолдарын мемлекеттікрететудің рөлі орасан зор болып табылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болды. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әртүрлі тапсырмаларды шешеді. [1]

Экономканы мемлекеттік реттеудің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен, экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің ең басты мақсаты - экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық және аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.

Әлемдік жаһандану шеңберінде Қазақстан үшін бір уақытта үш талапты бірдей сақтау - басты бағыт болып табылады: әлемдік экономикаға бірігу, халықаралық аренада бәсекелестікті сақтау және ел ішінді осы үдерістердің маңызды және елеулі өзгерістерге әкелуін қамтамасыз ету. Алға қойылған міндерттерге жету мемлекет тарапынан басқару әрекеттерінің табыстылығына байланысты болады. Мемлекет ойластырылған экономикалық саясатты жүргізу жағдайында нарықтық қатынастарды дамытуға қызу қарқын мен ерекше екпін бере алады. Сондықтан мемлекетке қоғам дамуының жалпы жағдайын қамтамасыз ету қызметі, өзінің тетіктері мен әдістерін пайдалану арқылы «ойын ережесін» анықтау, экономикалық үдерістерді тікелей және жанама реттеу жүктеледі. [2]

Сондықтан дипломдық жұмыс тақырыбы « Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеу және қаржыны тұрақтандыруды қамтамасыз ету саясаты» деп бүгінгі таңдағы өзекті болып табылатын мәселеге байланысты тақырып болып таңдалды.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - экономиканы мемлекеттік реттеу үрдісі және қаржыны тұрақтандыруды қамтамасыз ету саясаты болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсат пен міндеттері:

Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігін, маңызын және қалыптасқан реттеу бағыттарын айқындау; экономиканы реттеудің қажеттігі мен ерекшеліктеріне тоқталу, нарықтық экономика кезіндегі мемлекеттік реттеудің әдістерін талдау және Қазақстан үшін бүгінгі таңдағы маңызды болып табылатын экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерін талдау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - еліміздің экономикасын реттеу нысандары мен әдістерін талқылау. Сонымен қатар, экономиканы реттеу үшін шетел инвестицияларымен қалай жұмыс істеу керек екендігі, оны сырттай бақылау, шетел инвестициясын тарту.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

- Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздеріне талдау.

- Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері және негізгі бағыттары.

- Дамыған елдердің экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі.

- Қазақстан Респубикасы эономикасының даму жағдайына талдау.

- Қазақстан Республикасының индустриалды - инновациялық саясатын талдау.

- Қазақстан Респубикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің қаржылық әдістерін талдау.

- Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мүмкіндіктері.

- Қазақстан Республикасын мемлекеттік реттеуді жетілдіру бағыттары.

Дипломдық жұмысты орындау әдістері - экономиканы мемлекеттік реттеу методологиясына, теориялық негіздеріне ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді пайдалана отырып талдау жасау, мемлекеттік стратегиялық жоспарларды, тұжырымдамаларды, нормативтік құжаттарға талдау жасау.

Дипломдық жұмыстың практикалық және ғылыми мәні мен маңызы:

- Тақырыптың методологиялық, теориялық және ғылыми - әдістемелік негіздеріне талдау жасалды.

- Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылдардағы экономикасының даму барысына, бағыттарына, мүмкіндіктеріне және индутриялды - инновациялық даму тұжырымдамасына талдау жасалды.

- Ұлттық экономиканың әлемдік бәсекеге қабілеттілігін дамыту мәселелері көрсетілді.

- Экономиканың дамуын қаржылық қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу бағыттары көрсетілді.

Дипломдық жұмыстың құрамы - кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан құрылған.

Жұмыс көлемі 90 бет.






1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері

1. 1 Мемлекеттің экономикадағы рөлі

Экономикалық ғылымның пайда болу кезеңінен бастап, ғалымдар өз зерттеулерін экономикадағы мемлекеттің рөлі және қызметі мәселелерін анықтауға бағыттап келеді. Әр түрлі кезеңде және түрлі елдерде экономистердің жасаған теориялары ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесінде қалданылды.

Меркантелизм. Капиталды бастапқы жинау кезеңінде пайда болған (XV-XVII ғ. ғ. ) алғашқы экономикалық мектептердің бірі меркантелизм деп аталып, оның өкілдері экономиканы белсенді мемлекеттік реттеу қажеттілігін негіздеді. Олардың ойынша басты назарды әсіресе сауда мен өнеркәсіпті дамытуға ыбағыттау керек болатын.

Меркантелистер ақшаны байлықтың абсолюттік формасы ретінде змкқарастырды және олардың пікірінше ұлттық алтыны және күмісі неғұрлым көп болған жағдайда, соғұрлым ол бай болып саналады. Ал ітеақша байлығын жинақтау мемлекеттік биліктің көмегімен ғана қол жеткізіледі.

Ертеректегі (немесе ақша) меркантелизм теориясын жақтаушылар (ағылшын У. Стаффорд, итальяндық Г. Скаруффи) елдегі ақшаны ұстап тұруға бағытталған мемлекеттік шараларды қолдады. Мұндай шаралар ретінде келесілері атап өтілді: шетелге ақшаны шығаруға тыйым салу, валюта саудасына мемлекеттік монополияны орнату, шетел тауарлары саудасына «қойма орындарын» жасауды ұсыну. [4]

XVI ғ. екінші жартысы - XVI ғ. кейінгі меркантелизм дамып және өркендей бастады (оның өкілдері ағылшын экономисті Т. Манн, итальяндық А. Серра, француз А. Монкретьен) . Бұл кезеңде абсолюттік монархияның қалыптасуы аяқталған болатын. Ал сауда буржуазиясының экономикалық қуаттылығы арта бастады. Мемлекет өзінің қызмет ету саласын сауда саласына ауыстырды, мұндағы басты міндет белсенді сауда тепе теңдігінің жүйесін құру болып табылады [2] .

Кейінгі меркантелизмді жақтаушылардың пікірінше мемлекет байлығы елден шығарылған және елге әкелінген тауарлар құнының арасындағы айырмашылыққа тәуелді, яғни экспорттың импорттан артық болуына тікелей байланысты. Мұндай айырмашылықты қамтамасыз ету үшін келесілер ұсынылады [3] .

- өз елінен тек дайын бұйымдарды шығару (шикізатты шығарумен салыстырғанда, оларды сатудан түсетін табыс көбірек), қымбат заттаурдың әкелуіне тыйым салу.

- Делдалдық сауданы дамыту. Ол үшін шетелге ақшаны шығару рұқсат етілді (мұндағы талап - бір елден арзанға сатып алып басқа елге қымбатқа сату) .

Сонымен қатар үкімет белсенді сауда тепе теңдігін қалыптастыру және сыртқы нарықтарды қамту үшін, импортты шетелдік тауарларға баж салу арқылы реттеп, сыртқы нарықта өніміне сұранысы көп кәсіпорын иелеріне сыйақы беріп, экспортты ынталандыру тиіс.

Осы мақсатпен сонымен қатар елді өнеркәсіптік бұйымдарды импорттау қажеттілігінен босату үшін, өнеркәсіпті, әсіресе мануфактуралық өнеркәсіпті, дамытуды ынталандыру ұсынылады.

Меркантелизм идеялары мемлекеттік саясаттың теориялық негізі болып, ол протекционистік саясат немесе ұлттық нарықты қорғау саясаты деген атауға ие болды. Бұл саясат отандық экономиканы дамытуды ынталандыруға оны шетелдік бәсекелестерден қорғауға, сыртқы нарықты кеңейтуге бағытталған болатын. XVII ғ. бастап және осы күнге дейін белгілі бір дәрежеде, нақты жағдайларда протекционистік экономикалық саясатты қолданбаған мемлекет болған жоқ. Мұндай саясаттың негізгі құралдарына: импортталатын тауарларға протекционистік тарифтер, импорттық квоталар, экспорттық субсидиялар және экспорттаушыларға салықтық жеңілдіктер және т. б жатады. Әрине бұл шаралар мемлекеттің қолдауынсыз жүзеге асырылмайды. Сондықтан да меркантелистердің ойынша экономикалық үдерістерге мемлекет белсенді араласады.

Экономикалық либерализм . Нарықтық қатынастардың дамуы нәтижесінде ұлғайған өнеркәсіптік капитал мемлекеттік қолдау мен онымен байланысты шектеулерді өз қызметіндегі кедергі ретінде қарастырады, одан құтылуға ұмтылады. Экономистер өз еңбектерінде меркантелизм ұстанымдарын жиі сынға алып отырады. Экономикалық либерализмнің жаңа көзқарастарын саяси экономиканың классикалық мектебін қалаушылары Адам Смит, Давид Рекардо қалыптастырды.

А. Смиттің « Халықтар байлығының табиғаты және себептері туралы зерттеуі» (1776ж ) еңбегінде табиғат заңдарына ұқсас әрекет ететін және қоғамның дамуын анықтайтын экономикалық заңдар түсіндіріледі. Оған сыртқы (мемлекеттік) араласу болмаған кездегі экономикада стихиялы орнатылатын «табиғи үйлесімділік» тепе теңдік идеясы жақын болды және ол нарықтық жүйенің қызмет етуінің тиімді тәртібі болып табылады. Смит экономиканың мұндай табиғи қызмет етуін «көрінбейтін қол» қағидасы деп атады, яғни жеке табысқа ұмтылу жалпы табысқа өндіріс пен прогрестің дамуына әкеледі [4] .

А. Смит мемлекет рөлін «түнгі қарауыл» қызметімен шектеді.

- тәртіпті қолдау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- сот шешімдерін тарату;

- қоғамдық құрылғыларды және қоғамдық мекемелерді ұстау.

« Кәсіпкерліктің еркіндігі», «сауда еркіндігі» - бұл қағидалар теорияда да, саясатта да мемлекеттік протекционизм идеяларын алмастырды.

Экономикаға мемлекеттің араласуын шектеудің жақтаушысы ретінде Д. Риккардо танымал болды. А. Смит сияқты ол экономикада объективті және стихиялы. Бірақ тануға болатын заңдар әрекет етеді деп санады. Сыртқы (мемлекеттік) араласу орын алмаған кезде олардың әрекет ету механизмі экономикалық жүйені тепе-теңдікте болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Д. Риккардо пікірінше қоғамның өндірістік күшінің өсуіне ықпал ететін мемлекеттік экономикалық саясатты жасау қажет еді. Мұнда ол экономикалық заңдарды зерттеуге және мемлекетке қажетті экономикалық саясатты жасауға қабілетті саяси экономиканың маңызды рөлін байқады.

А. Смит және Д. Рекардо фритредерлік (ағылшын тілінен free trade -еркін сауда) теориясы мен саясатының негізін қалаушылары болып саналады. Басты идея - барлық шаруашылық етуші субъектілеріне негізгі экономикалық бостандық кепілдендірілуі тиіс:

- Қызмет ету саласын таңдау еркіндігі;

- Бәсеке еркіндігі;

- Сауда еркіндігі.

Классиктер мұндай саясатты барлық елдер мен халықтарға әрқашан тиімді болады деп көрсетті. Дегенмен бұл саясат тек XIX ғ. ортасында ғана Ұлыбританияда толықтай жүзеге асырылған болатын.

Кейнсиандық теория. Терең және ұзаққа созылған экономикалық дағдарыстар, XIX ғ. ортасында әлеуметтік мәселелердің шиеленісуі, 1848ж. революция, әсіресе 1929-1933жж. Ұлы дағдарыс кезеңі шаруашылық дамуды тұрақтандырып, жүйенің әлеуметтік тепе теңдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік әлеуметтік экономикалық саясаттың қажеттілігін білдірді. Бұл қажеттілік экономикалық ғылымда көрініс тапты. Ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнстің 1936ж жарық көрген «Жұмыссыздық, пайыз, және ақшаның жалпы теориясыә» еңбегінде негізі қаланған жаңа бағыт - кейнсиан бағыты пайда болды.

Дж. М. Кейнс (1883-1946) - XX ғасырдағы экономикалық пікірлердің көрнекті өкілі. Экономикалық ілімде оны экономиканы мемлекеттік реттеу теориясының негізін қалаушысы деп санайды. Дж. М. Кейнс А. Смиттің «көрінбейтін қол» қағидасы мен мемлекеттің экономикаға араласпау идеясына сын көзбен қарады. Ол жеке экономикалық тұлға немесе фирманы жандануды. Шарттары ел экономикасы өркендеуінің шарттарымен ұқсас екені туралы пікірмен келіспейтінін айтты. Керісінше, олардың арасында қарама қайшылықтар туындайды және олардың шешімі ұдайы өндірістің жалпы жағдайлары аясында болады және мемлекетпен реттеледі. [4]

Кейнс теориясын дағдарысқа қарсы деп қарастыруға болады, себебі ол экономиканы дағдарыс жағдайында қарастырады. Оны көзқарасына сәйкес еркін нарықта экономиканың дағдарыс жағдайынан шығуын қамтамасыз ететін механизмдердің болмау себебінен мемлекет экономикаға белсенді араласуы тиіс. Осылайша Кейнс өздігінен реттелетін нарықтық механизмге сенімсіздік танытып, қалыпты өсуді өамтамасыз ету және тепе-теңдікке қол жеткізу үшін экономикалық даму үдерісіне сырттан араласу қажет.

Өсу және жұмыспен қамту деңгейін арттырудың анықтаушы факторы ретінде тиімді сұранысты қамтамасыз ету үшін Кейнстің негізгі әдістері:

1. Ақша саясаты, пайыздық мөлшерлемені реттеу.

2. Бюджеттік саясат.

3. Табысы жоғары емсе әлеуметтік топтар мүдделеріне сай табыстарды қайта бөлу.

4. Жоғары жұмыссыздыққа жол бермеу және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін кеңейту мақсатындағы толық жұмыспен қамту саясаты.

Монетаризм. 70-жылдардың екінші жартысынан бастап (әсіресе 1974-1975ж. ж ірі әлемдік экономикалық дағдарыстан кейін) өндірістің жағдайы күрт төмендеді. Экономиканы реттеудің кейнсиандық әдістері тиімсіз екені белгілі болды. Осының негізінде экономикалық ғылымда жаңа бағыт - монетаризм пайда болды. Оның негізін қалаушы Милтон Фридмен болды.

Монетаристердің кейнсиандықтардан айырмашылығы:

Біріншіден , нарықтық экономика өзінің тенденцияларына қарай тұрақтылыққа өзіндік реттелуге ұмтылады.

Нарықтық бәсеке жүйесі жоғары тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Ауытқулар, сәйкессіздіктің пайда болуы ішкі себептерден емес, сыртқы араласу, мемлекеттік реттеу қателіктерінің нәтижесі болып табылады.

Екіншіден , ақша факторлары басым болуы тиіс.

Демек экономикаға әсер ететін әртүрлі құралдардың ішінде әкімшілік, бағалы әдістер емес және салық жүйесі де емес, ақша құралдары таңдалады. Тек ақша құралдары экономикалық тұрақсыздықты қамтамасыз етуге қабілетті.

Монетаристік теория ақша-несие құралдарын экономиканы реттеудің басты құралдары ретінде санайды, яғни бұл құралдарды пайдалану ағымдық емес ұзақ мерзімді міндеттерге бағдарлануы тиіс [4] .

Ұсыныс тұжырымдамасы . Соңғы жылдары дамыған нарықтық экономика елдерінде инфляция мен жұмыссыздыққа әсер ететін классикалық реттеу құралдарының өзара әрекет етуінде өзгерістер болды.

70-жылдары нарықтық экономикада жаңа құбылыс - стагфляция пайда болды, яғни бір уақытта инфляция мен жұмыссыздықтың пайда болуымен сипатталады. Онымен күресу жолдарын іздеу экономиканы мемлекеттік реттеудің жаңа бағытына, американдық экономистермен дайындалған (А. Лаффер, М. Фельдстайн, Р. Риган) ұсыныс тұжырымдамасының қалыптасуына алып келді. Теория «ұсыныс тұжырымдамасы» деген атауға ие болды. Және онда монетаризм жетекші рөл атқарды.

Бұл тұжырымдама өндірісті, инвестицияларды және жұмыспен қамтылуды ынталандыруға бағытталған тәжірибелік ұсыныстардың жиынтығы.

Ұсыныс экономикасының негізгі идеясы сұранысты ынталандырудың кейнсиандық әдістерінен бас тартып, күш жігерді ұсынысты анықтайтын факторларды қолдауға көшіру.

Бұл тұжырымдаманың негізгі ұсыныстары:

- инвестицияларды ынталандыру мақсатында салықтық мөлшерлемені төмендету.

- мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру.

- бюджеттік жандану, әлеуметтік бағдарламаларды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын азайту.

Экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесінде соңғы уақытта монетаризм идеясы, және де экономиканы конъюнктуралық реттеу, тұрақты жұмыспен қамтылу, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ұлттық табысты қайта бөлудің кейнсиандық тұжырымдамалары қолданылуда.

Осыған байланысты мемлекеттік реттеудің негізгі үш түрін ажыратады:

1. Экономиканы басқаруда толық мемлекеттік монополизм. Ол КСРО және басқа да социалистік мемлекетерге тән болды. Қазіргі уақытта посткоммунистік елдерде, мысалы ҚХДР-да сақталған.

2. Нарықтық және мемлекеттік реттеуіштер үйлесімінің әртүрлі нұсқалары. Нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытталған мұндай асырылған.

3. Либерализм жеке кәсіпкерліктің еркін дамуын тиімді деп санайды. Мемлекеттік реттеудің осы түрі АҚШ-қа тән [5] .

1. 2 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні және объективті қажеттілігі

Нарықтық экономика жағдайындағы реттеу (ЭМР) қазіргі кезеңдегі әлеуметтік экономикалық жүйенің өзгерістерге бейімделуін қамтамасыз ету және оның тұрақтылығын сақтау мақсатында мемлекеттік меке мелермен қоғамдық ұйымдардың жүзеге асыратын заң шығарушы, атқарушы және бақылау шараларынің жүйесі.

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» терминін қолданғанда «мемлекеттік экономикалық саясат» (МЭС) термині көп кездеседі. Теориялық көзқарастан «МЭСті» кең ұғымда қарастыруға болады. Өйткені оның құрамына экономиканы реттеу, мемлекеттің экономикаға араласпауы (экономикалық либерализм принциптері) енеді. Бірақ қазіргі кездегі нарықтық экономика шындықтарын есепке алатын болсақ, бұл көзқарас дұрыс емес. Қандай да әлеуметтік экономикалық жүйеде мемлекет фискалдық, әскери күштері мен басқару аппаратын қаржыландыру, сыртқы экономикалық байланыстар мен ақша айналымын реттеу, құрылыс жүргізумен айналысады. Ал қазіргі жағдайда мемлекет міндетті түрде элеуметтік экономикалық ұдерістерге қатысып ғылыми зерттеулерді, білім беруді, әлеуметтік қамту, қоршаған ортаны қорғауды қаржыландырады. Сондықтан «ЭМР» және «МЭС» терминдерін тең деп атауға болады [6] .

XX ғасырда әлем елдерінің экономикасындағы мемлекеттің рөлі өсті. Бұл экономикасы орталықтан басқарылатын елдердің рөлінің өсуімен ғана емес сонымен қатар көп елдерге тән нарықтық экономиканың аумағының өсуімен және оның ішіндегі байланыстар мен үдерістердің күрделенуімен байланысты, нарықтық шаруашылықтың дамуымен қатар, жеке меншік негізінде автоматты түрде шешілмейтін экономикалық және әлеуметтік мәселелер туындады. Соның негізінде ұлттық экономиканың дамуына қажетті, бірақ жеке тұлғалар үшін тиімсіз пайдалылығы төмен салаларға ірі инвестицияларды тарту қажет болды.

Капитализм құрыла бастаған кезеңде пайда болған классикалық экономикалық теория өкілдерінің табыстар икемділігі және қамтылу негізінде бәсеке мен бағаны нарық өзбетімен реттей алады деген ой пікірлері әлемдік сипатқа ие болған экономикалық дағдарыстардың күшейіп өсуі одан әрі күмән тудырды. Жаппай жұмыссыздық, ақша айналымындағы бұрмалаушылықтар, монополиялардың озбырлығы, экологиялық мәселелер, әлемдік нарықтардағы бәсекенің шиеленісуі сияқты экономикалық өмірдің осындай ақиқаттары нарық өз механизмі бойынша автоматты түрде өзін өзі реттеуді қамтамасыз ете алмайтынын сендіре дәлелдеді. Барлық айтылған мәселелер «нарық фиаскосы» деп аталды. «Нарық фиаскосы» ретінде нарық жұмыс істеу механизміндегі жолдан тайдыруды, олардың тиімді шешімдерінің қамтамасыз етілмеуі түсіндіріледі. Бұл жолдан тайдыруды келесідей түсіндіруге болады.

  1. Ішінара жұмыспен қамтылу кезіндегі ұзақ мерзімдік нарықтық

тепе-теңдік Дж. М. Кейнс осыны зерттеу негізіндежұмыспен қамтылуды

мемлекеттік реттеудің қажеттілігі туралы қорытынды жасады [7] .

  1. Классикалық теорияға сәйкес нарықта тепе - теңдіктің кезкелген

бұзылуынан кейін өзгерген жағдайларға сай бейімдеу механизмдері жұмыс істей бастады. Соның нәтижесінде жаңа тепе-теңдік орын алады. Бірақ бұзылған макроэкономикалық тепе-теңдік кумулятивтік процестермен тереңдетілуі мүмкін. Нарықтық механизмнің жаңа жағдайға бейімделуі барысында бағалар және өндірілетін тауарлар мен қызметтер арасында ерекше ара қатынас орын алуы мүмкін, яғни нәтижесінде дағдарыстың ұдайы өндірісі пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мемлекеттің экономикасы
Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық, заңдастыру-құқықтық негіздері
Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері
Мемлекеттік реттеудің әдістері мен түрлері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері. ҚР мемлекеттiк реттеудiң жетілдіру жолдары
Экономиканы мемлекеттік реттеу жолдары
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне теориялық көзқарастар
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Экономиканы реттеудің теориялық мәселелерін қарастыру
Қазақстан экономикасын реттеуге шетел инвестицияларын тарту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz