ҚазТрансОйл АҚ тарифтік, әлеуметтік саясаты мен даму стратегиясын талдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1 ҚазТрансОйл АҚ-ның дамуы, экономикалық жағдайы мен құ рлымы

1.1 ҚазТрансОйл АҚ-ның даму тарихы
1.2 ҚазТрансОйл АҚ-тың экономикалық жағдайы

1.3 КазТрансОйл Ақ-ның актитер құрылымы мен еншілес және бірлескен
бақлаудағы ұйымдар жүйесі

2 ҚазТрансОйл АҚ тарифтік, әлеуметтік саясаты мен даму стратегиясын
талдау

2.1 ҚазТрансОйл АҚ-ның даму стратегиясы

2.2 ҚазТрансОйл тарифтік АҚ тарифтік және әлеуметтік саясаты

Кіріспе

Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе
жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты
бекіту үшін қолданылатын біржен бір жол. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым
– филиалдың құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, ақша
қаражаттарының, ағымдағы және ұзак мерзімді активтерінің, жұмыскерлермен
есеп айырысу, яғни еңбекақының алғашқы есептерінің ұйымдастырылуын, сондай-
ақ қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын зерттеу болды. Кәсіптік
біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық
нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге
қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді
орындауға тырыстым:
– филиалдағы белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
– әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды
толығымен әрі уақтылы орындау;
– филиалда белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты
кйіну;
– филиалда болған барлық іс-шараларға қатысу.
Тәжірибені ұйымдастыру үшін келесі міндеттерді естен шығармауымыз
тиіс:
– бухгалтерлік есепті жүргізу нысанын үйрену;
– ұзақ мерзімді активтердің, ағымдағы активтердің, еңбек және
еңбекақының алғашқы есебімен танысу;
– меншікті капиталды құру тәртібі жөнінде түсініктің болуы;
– кірістер мен шығыстардың алғашқы есебі;
– ұйымның қаржылық есептілігі туралы мәліметтерді қарастыру.
Келесі тәжірибе есебі негізгі 3 бөлімнен тұрады, 3 тақырыпты
қарастырады. Бірінші тақырып Қазақстан Темір жол Ұлттық компаниясы
Акционерлік қоғамының Шаруашылық басқармаы филиалы туралы сипаттадым.
Келесі бөлімде бухгалтерлік есептің жүргізілу тәртібін қарастырдым. Үшінші
бөлімді екінші бөлімнен жекелеп алған себебім қаржылық есеп кәсіпорынның
жағдайын көрсететін бірден-бір әдіс. Сол себепті ол тақырыпты толығымен ашу
үшін жекелеп зерттеуге кірістім.

1ҚазТрансОйл АҚ-ның дамуы, экономикалық жағдайы мен құ рлымы
1.1 ҚазТрансОйл АҚ-ның даму тарихы

Мұнай тасымалдау, мұнай және мұнай өнімдерінің экспорты мен импорты
мәселелерінде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау мақсатында
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі №461 қаулысымен
мемлекет жарғылық қорына 100 пайыз қатысатын ҚазТрансОйл мұнай тасымалдау
жөніндегі ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамы (ҚазТрансОйл МТҰК
ЖАҚ) құрылды.
2001 жылы ҚазТрансОйл МТҰК ЖАҚ (ҚазТрансОйл ЖАҚболып қайта
аталды) акцияларының мемлекеттік пакеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 2 мамырдағы №591 қаулысына сәйкес құрылған Мұнай және Газ
көлігі ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамының жарғылық қорына
берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы №811
Жарлығымен Қазақойл ұлттық мұнай-газ компаниясы мен Мұнай және Газ
көлігі ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамдарының бірігу жолымен
қайта құрылуы негізінде ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы жабық акционерлік
қоғамы құрылды, ол ҚазТрансОйл ЖАҚ-тың бірден-бір акционері болды.
ҚазТрансОйл ЖАҚ 2004 жылғы 31 мамырда ҚазТрансОйл АҚ болып қайта
аталды.
Қоғам қызметінің мәні:
• мұнай мен мұнай өнімдерін магистральды құбырлармен тасымалдау (айдау,
ауыстырып құю, қотару, құю, сақтау, араластыру) жөніндегі қызметтерді
көрсету;
• басқа мемлекеттердің құбыр жүйелері бойынша қазақстандық мұнайды
тасымалдау мен транзитті ұйымдастыру (бірыңғай бағыттау бойынша
операторлық қызмет);
• өзгезаңды тұлғаларға тиесілі магистральды құбырларды пайдалану және
оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
• магистральды құбырмен және таратушы торлармен су беру жөніндегі
қызметтерді көрсету;
• жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, электр энергиясын беру және
тарату жөніндегі қызметтерді көрсету,
• Жарғымен ескертілеген өзге қызмет түрлерінің жүзеге асырылуы.


1997 – 2001

• Қазақстан Республикасында акциясының 100%-ы мемлекетке тиесіліКомпания
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы сәуірдегі қаулысымен
ҚазТрансОйл мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы жабық
акционерлік қоғамы атауымен құрылды. Компания құрылған күні оның
меншігінде және пайдалануында 6 400км-денастам мұнай құбырлары және 2
000 км-ден астам суағарлар болды.
• Компания 1998 жылы 4 желтоқсанда мұнайды магистральды құбырлармен
тасымалдау қызметтерін және суды магистральды суағызғылармен беру
қызметтерін қоса алғанда бірқатар реттелетін қызметтерді көрсетуге
қатысты Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің
Республикалық бөліміне кіргізілді.
• 2000 жылы Компания Атасу мұнай айдау стансасындажалпы өндірістік қуаты
жылына 1,5 млн тонна мұнай құю аспақұярлығын салуды аяқтады.
• 2001 жылы Компания 8,5% купонға тең жалпы сомасы 150 млн. АҚШ доллары
еурооблигациялардың алғашқы шығарылымын халықаралық қор нарықтарына
орналастыруды жүзеге асырды, ол қазақстандық компаниялардың топтық
еурооблигацияларының алғашқы шығарылымы да еді. Компания
еурооблигацияларды 2006 жылы толық өтеді.
• 2001 жылы Компания Атырау мұнай айдау стансасында КҚК құбырына мұнайды
ауыстыру құюға арналған нысандар құрылысын аяқтады.

2002 – 2006

• 2003 жылы Компания өзінің барлық бөлімшесіне SAP R3 кәсіпорынды
басқарудың автоматты жүйесін енгізді.
• Компания халықаралық ықпалдастырылған менеджмент жүйесін сертификаттау
халықаралық жүйесінде сертификат тауды өткізді. Компанияның ИСО
9001:2000 және ИСО 14001:2004 халықаралық стандарттар талаптарына
сәйкескелетін сертификат талған және жақсы жұмыс істептұрған сапа
менеджменті және экология менеджменті жүйелері бар.
• Компания қабылдау-тапсыру операцияларын жүзеге асыруға арналған
сұйыққойма паркі бар Әлібекмола мұнай айдау стансасының бірінші және
екінші кезегі пайдалануға берді,ол кейіндеу Компанияның магистральды
мұнай құбырларын диспетчерлік бақылау және басқару жүйесіне
(SCADA)кіріктірілді.
• 2003 жылы мамырда Кеңқияқ – Атырау магистральды құбыры пайдалануға
берілді.
• 2004 жылы Компания ҚазТрансОйл АҚ болып қайта аталды.
• 2004 жылы шілдеде ҚМГ 2001 жылы ҚМГ мен ҚҰМК Интернационал
Қазақстанда ЖШС қатысуымен құрылған МұнайТас бірлескен кәсіпорнындағы
акциялардың 51%-ы мөлшеріндегі өз үлесін Компанияға берді, ЖШС үлесі
кейіннен CNPC тобының еншілес компаниясы CNPC Exploration and
Development Company Ltd-ға берілді.
• МұнайТас 2004 жылы шілдеде Еуропалық Қайта құру және Даму банкісінен
(ЕҚДБ) Қазақстан Халық жинақ банкі АҚ қарызын қайта қаржыландыру
үшін 2014 жылғы маусымға дейінгі мерзімге 81 600 млн АҚШ доллары
сомасында несие алады. Компания осы кредит бойынша ЕҚДБ пайдасына
кредиттің толық сомасына кепілдік берді.
• 2004 жылы Компаниямен CNODC тең негізде ҚҚҚ-ны құрды.
• 2005 жылы қыркүйекте ҚҚҚ өзінің үлестес компаниясы KCP Finance
B.V.арқылы капитал халықаралық нарықтарына өтелу уақыты 2020 жылғы
қыркүйек жалпы сомасы 300 млн АҚШ доллары еурооблигациялардың бірінші
шығарылымын орналастырды. Облигациялар шығарылымы Атасу – Алашаңқай
магистральды құбырын салуды қаржыландыру үшін жүзеге асырылды.
• 2006 жылғы шілдеде Атасу – Алашаңқай магистральды құбыры пайдалануға
берілді.
• 2006 жылғы шілдеде Компания ұзындығы 25 км және жобалық өткізу
қабілеті жылына 3,5 млн тонна Солтүстік Бозащы – Қаражанбас мұнай
құбырын пайдалануға қосты.
• 2006 жылғы желтоқсанда Компания 23 ірі нысанда автоматика жүйелерін
қайта құруды аяқтады және Компанияның барлық басқару деңгейінде SCADA
жүйесін енгізді.

2007 – 2011

• 2007 жылы Компания өзінің ақпарат қауіпсіздігін басқару жүйесін оның
ISOIEC халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігі мәніне
сертификаттау өткізді және BSI (Британ стандарттар институты)
сертификаттау жөніндегі халықаралық органынан сертификат алды, сондай-
ақ DETNORSKEVERITAS (Норвегия) Компанияның еңбек қорғау және
қауіпсіздік техникасы саласындағы қызметі OHSAS 18001:1999 халықаралық
сапа стандартына сәйкес келетінін растайтын сертификат алды.
• 2007 жылы Компания Naftrans Limited компаниясынан 64 млн. АҚШ
долларына Batumi Capital Partners Limited компаниясы акцияларының 50%-
ын сатып алды.
• 2008 жылғы ақпанда Компания Terminal Partners Limited компаниясынан
325 млн. АҚШ долларына Batumi Industrial Holdings Limited компаниясы
акцияларының100%-ын сатып алу бойынша мәмілені аяқтады.Сөйтіп, Batumi
Industrial Holdings Limited компаниялары тобын сатып алу жалпы сомасы
389 млн. АҚШ долларына түсті.
• ҚҚҚ 2008 жылғы тамызда ING Bank N.V. және ICBC-дан 1 033 098 мың АҚШ
доллары сомасынаон жылға кредит тартты. Бұл кредит Кеңқияқ –
Құмкөлмагистральды құбырын салуды қаржыландыруға жолданды.
• ҚҚҚ 2009 жылғы қазанда Кеңқияқ – Құмкөлмагистральды құбырын
пайдалануға қосты.
• 2011 жылы Компания Павлодарда алғашқы жаңғыртылған орталық
диспетчерлік пунктті іске қосуды жүзеге асырды. Орталық диспетчерлік
пунктті іске қосудағы негізгі мақсат Компанияның диспетчерлік қызметті
қоса алғанда мұнай құбырларын басқарудың сатылық құрылымын дәйекті
қайта құру еді.
• 2011 жылы Қоғам ISO 9001:2008, ISO 14001:2004 және OHSAS 18001:2007
талаптарына ықпалдастырылған менеджмент жүйесінің сәйкестігіне
сертификаттау аудитін жақсы өткізді, оның нәтижелері бойынша Det
Norske Veritas сертификаттау органы үш жыл мерзімге сәйкестік
сертификатын берді.
• 2011 жылы маусымда Компания ҚМГ-дан Компанияның орналастырылатын
акцияларының төлемі ретінде жалпы сомасы 1 700 млн. теңгеге Туймазы –
Омбы – Новосибирск 2 мұнай құбырының қазақстандық бөлігін алды.

2012-2013

• 2012 жылы 22 маусымда магистарльді құбырларды жобалау, салу,
пайдалану, сақтау және жою барысында пайда болатын қоғамдық
қатынастарды реттейтін және магистральді құбырлармен тиімді, сенімді
және қауіпсіз пайдалануға бағытталған Магистарльді құбыр туралы атты
Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
• 2012 жылдың маусым айында Компания жарияланған акцияларды ұсақтау және
олардың санын ұлғайту рәсімін аяқтады. 2012 жылдың 30 маусымның күйіне
қарай акциялардың жалпы саны 384 635 600 құрады.
• 2012 жылдың тамыз айында Қоғамның жалғыз акционері ҚазМұнайГаз ҰҚ АҚ
2011 жыл бойынша бір акция 173 теңге мөлшеріндегі дивидендтерді төлеу
шешімін бекітті. ҚазМұнайГаз ҰҚ АҚ-ның пайдасына жиынтық сомасы 60
002 000 мың теңге мөлшерінде дивидендтер төленді...
• 2012 жылы 21 қыркүйекте Компания ҚазТрансОйл - Сервис АҚ-ның 100%
акцияларын ҚазМұнайГаз-Сервис ЖСШ-ға сату мәмілесін өткізді.
Тәуелсіз бағалаушы Жекешелендіру және инвестиция жөніндегі бюро ЖШС-
ның ҚазТрансОйл - Сервис АҚ акцияларының нарықтық құнына берген
бағасына сәйкес 11 647 889 мың теңгеге Қоғамның акциялары сатылды. Осы
пакет акцияларының берілуі Қазақстан Республикасының табиғи
монополияларды реттеу агенттігімен үйлестірілді.
• Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1273
қаулысымен ҚазТрансОйл АҚ магистральды мұнай құбырының ұлттық
операторы болып белгіленді. Ұлттық оператордың қызметі Қазақстан
Республикасында магистральды мұнай құбырлары жүйесін дамытуға және
оларды тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге
бағытталған.
• Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазанындағы № 1376
қаулысымен "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Директорлар кеңесінің
"ҚазТрансОйл" АҚ акцияларын "Халықтық IPO" бағдарламасы шеңберінде
Қазақстан Қор биржасына орналастыру бағасы, оның мөлшері мен құрылымы
жөніндегі шешімі бекітілді. Қаулыға сәйкес бір акция бағасы 725 теңге
тұратын 38 463 559 қарапайым акциялар орналастырылатын болды.
• 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігімен ҚазТрансОйл АҚ магистралді мұнай
құбырлары арқылы мұнай тасымалдау бойынша реттелетін қызметтерге жаңа
тарифтер енгізілді: экспортқа 4 732,6 теңге1 000 тн км ҚҚС-сыз, ішкі
нарыққа 1 954,5 теңге1 000 тн км ҚҚС-сыз.
• 2012 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Қор биржасының сауда залында
Халықтық IPO мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қор нарығына
шығарылған ҚазТрансОйл АҚ қарапайым акцияларының қайталама нарықтағы
саудалануының ресми ашылу салтанаты өтті. Жазылыс барысында Қазақстан
Республикасының 10 жинақтаушы зейнетақы қорлары және 33 989 азаматтары
ҚазТрансОйл АҚ қарапайым акцияларын сатып алды. Сұраныс көлемі
орналастырылым көлемінен 2,1 есеге асып түсті.
• 2012 жылы 25 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев ҚазТрансОйл АҚ-ға бизнестің әлеуметтік
жауапкершілігін әспеттейтін Парыз - 2012 конкурсының Бас жүлдесімен
марапаттады.
• 2013 жылдың 1 ақпанынан бастап Қоғамның акциялары KASE индексін
есептейтін өкілетті тізіміне қосылды.
• 2013 жылы 28 мамырда IPO кейін ҚазТрансОйл АҚ акционерлердыің
бірінші жылдық жалпы жиналысы өткізілді. Оның барсында сонымен қоса
2012 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтерді төлеу шешімі қабылданды.
Дивидендтердің жалпы сомасы 28 847 669 925 теңгені немесе
шоғырландырылған таза пайданың 86% құрады.Бір қарапайым акцияға 75
теңге шаққандағы дивидендтер төлемі 2013 жылы 4 шілдеде жүзеге
асырылды.
• 2013 жылы 11 желтоқсанда Batumi Industrial Holdings Limited, Batumi
Capital Partners Limited және Batumi Services Limited
компанияларының Batumi Terminals Limited компаниясына қосылу жолымен
қайта ұйымдастыру рәсімдері аяқталды. 2013 жылы 25 желтоқсанда Батуми
мұнай базасы ЖШҚ-ның Батуми мұнай терминалы ЖШҚ-на қосылу үрдісі
аяқталды. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде ҚазТрансОйл АҚ Грузиядағы
өндірістік активтерді – Батуми мұнай терминалына және Батуми теңіз
кемежайына тікелей иелік етуге және оларды басқаруды жүзеге асыратын
Batumi Terminals Limited (Кипр) компаниясының 100% акцияларының
иеленушісі болып табылады.
• 2013 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан-Қытай мұнай құбыры ЖШС Атасу –
Алашаңқай магистралды мұнай құбырының №10 МАС пен №8 МАС-ын
пайдалануға қабылдады.

2014-2015

• ҚазТранОйл АҚ жылына 7 млн. тонна Ресей мұнайын Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдауды
бастады.
• 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі (әр қарай – ТМРА) бекіткен,
келесілерге арналған тарифтер қолданысқа енгізілді:
– ішкі нарық үшін ҚҚС-сыз 2 931,8 теңге1000 тн. шақырым мөлшерінде және
экспорт үшін ҚҚС-сыз 4 850,6 теңге1000 тн. шақырым мөлшерінде
ҚазТрансОйл АҚ магистральдық құбырлары жүйесі бойынша мұнайды қайта айдау
жөніндегі реттелетін реттелетін қызметке арналған тарифтер;
– төтенше реттеу шарасы ретінде Ертіс-Атасу үшін тоннасына 117,31 теңге,
ал Атасу-Алашанькоу үшін тоннасына 1 097,42 теңге көлемінде, Ертіс-Атасу-
Алашанькоу магистральдық құбыры телімі бойынша транзиттік мұнай айдау
жөніндегі реттелетін қызметке арналған тарифтер.
• 2014 жылғы 1 сәуірден бастап ҚҚС-сыз 1000 тн. шақырым5 817,2 теңге
көлемінде экспортқа және ҚҚС-сыз 1000 тн. шақырым2 931,8 теңге
көлемінде төтенше реттелетін шара ретінде ҚазТрансОйл АҚ
магистральдық құбырлар жүйесі арқылы мұнайды қайта айдау жөніндегі
реттеліп көрсетілетін қызметіне ТМРА бекіткен тарифтер қолданысқа
енгізілді. Тарифтің өсуінің негізгі себебі – теңгенің құнсыздануының
салдарынан Компанияның шығындарының өсуі болды.
• ҚазТрансОйл АҚ Қазақстанда бірінші болып, ҚазТрансОйл АҚ SAP
пайдаланушыларын қолдау бөлімінің – Клиентті сараптау орталығының
талаптарына сәйкестігі бойынша аудиттен өтті, бұл – Customer Center of
Expertise (COE) Primary certificate сертификатымен расталды. Аудитті
SAP AG компаниясы жүргізді.
• ҚазТрансОйл АҚ Акционерлерінің жалпы жылдық жиналысы өткізілді,
жиналыс барысында Компанияның Директорлар кеңесінің жаңа үш жылдық
өкілеттілік мерзімі және құрамы белгіленді, оған – үш тәуелсіз
директорды қоса есептегенде, алты адам сайланды.
• ҚазМұнайГаз ҰК АҚ және Қытай Ұлттық Мұнай-Газ Корпорациясы
Қазақстан - Қытай мұнай құбыры телімдерінің меншік иелері арасында
тарифтік түсімді бөлісудің және мұнайды экспортқа тасымалдауға
арналған Біріңғай тарифті есептеудің Әдістемесін бекітті.
• Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ АҚ-тың ҚазТрансОйл АҚ-қа тиесілі
акциялар пакетінің 0,88037%-ы сатылды.
• 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының
аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау саласындағы
ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей
Федерациясы Үкіметінің арасындағы Келісімге сәйкес Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (әрі қарай – ТМРжБҚК)
Төрағасының 2014 жылғы 4 қарашасындағы №45-ОД бұйрығына сәйкес Ресей
Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Ертіс) –
Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы)
тасымалдау бағдары бойынша Ресей мұнайын Қазақстан Республикасының
аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау құны ҚҚС-сыз 1
тоннаға 9,8 АҚШ доллары мөлшерінде бекітіліп, 2014 жылдың 1 қаңтарында
қолданысқа енгізілді. Бұл бұйрық сондай-ақ ТМРА-ның 2013 жылғы 24
желтоқсандағы №396-ОД бұйрығын жояды, ал оған сәйкес, аталған бағдар
бойынша тасымалдауға арналған тарифтер теңгемен белгіленген болатын.
• ҚазТрансОйл АҚ-тың аса ірі өндірістік нысандардың құрылысы мен қайта
жаңғыртылуы аяқталды: Құмкөл – Қарақойын (Б. Жұмағалиев атындағы БМАС)
мұнай құбыры үшінші желісінің құрылысы, Б. Жұмағалиев атындағы БМАС
және Атасу БМАС-ның тірек сорғы станциясының құрылысы, сондай-ақ
Барсеңгір МАС және Шолаққорған БМАС-ын электрмен жабдықтау жүйесінің
қайта жаңғыртылуы.
• Сонымен бірге, Өзен – Жетібай – Ақтау магистральдық мұнай құбырынң
және Қаламқас – Қаражанбас – Ақтау (Қаражанбас – Ақтау телімі)
магистральдық мұнай құбырының екінші кезегін қайта құрылымдау
аяқталды.
• Туймазы – Омбы – Новосибирск-2 (ТОН-) мұнай құбырының Қазақстандық
телімінде күрделі жөндеу жасалды, оның барысында жалпы ұзындығы 40
шақырым болатын мұнай құбырының желілік бөлігі таңдау бойынша
алмастырылды.
ҚазТрансОйл АҚ өндірістік нысандарының энергиялық тиімділігін арттыруға
мүмкіндік жасау үшін Бейнеу МАС, Қаратон МАС және Прорва МАС
станцияларында реактивті қуатты өтемдейтін қондырғылар енгізілді.

1.2 ҚазТрансОйл АҚ-тың экономикалық жағдайы
Өткен кезеңде ҚазТрансОйлдың негізгі күш-жігері Қазақстанның
магистральды мұнай құбырлары жүйесін дамытуға және кіріктіруге, мұнай
тасымалдау және ауыстырып құю жөніндегі жұмыс істеп тұрған қуаттардың
сенімділігін арттыруға және жаңаларын салуға, қызметтердің бәсекеге
қабілетін көтеруге, сондай-ақ өткізуші мемлекеттер аумағымен мұнай
тасымалдауды қамтамасыз ету үшін қажетті шарттық негізді жасауға
бағытталды.
Жүк айналымы 2000 жылғы 19,1 млрд. т. км-ден 2011 жылы 42,2 млрд. т.
км-ге дейін өсті. Тасымалдау көлемі 2000 жылғы 27,8 млн.тоннадан 2011жылы
66,9 млн.тоннаға дейін көбейді.Жиынтық пайда 2000 жылғы 5,7 млрд. теңгеден
2011 жылы 25,9 млрд. теңгеге дейінмолайды. ҚазТрансОйл магистральды мұнай
құбырлары жүйесінің 1 000 км-ден астамы ауыстырылып, сұйыққойма паркі 60%
жаңарды.
Мұнай қотаруғақұюға арналған 4 темір жол аспақұярлығы салындықайта
құрылды және Ақтау кемежайы мұнай терминалдарының қуаты арттырылды.
Әлібекмола – Кеңқияқ және Солтүстік Бозащы – Қаражанбас мұнай құбырлары
пайдалануға берілді. Атырау – Самара мұнай құбырының өткізу қабілеті
ұлғайды. Жұмыс істеп тұрған МАС-тар қайта құрылды және жаңалары салынды.
ТОН-2 мұнай құбырына меншік құқығы тіркелді. ҚТО нысандарында SCADA жүйесі
енгізілді.
2001 жылы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Теңіз – Новороссийск мұнай
құбыры пайдалануға қосылды. ҚазТрансОйл АҚ жүк жөнелтушілердің КҚК мұнай
құбырына қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында өзінің Атырау мұнай
айдау стансасында Өзен – Атырау, Кеңқияқ – Атырау, Мартыши – Атырау мұнай
құбырлары арқылы және темір жолмен келетін көмірсутегі шикізатын КҚК
жүйесіне ауыстырып құюға арналған нысандарды іске қосты.
2003 жылы Кеңқияқ – Атырау мұнай құбыры (МұнайТас СБҚК АҚ) пайдалануға
берілді. Қазақстан – Қытай экспорттық жүйесінің бөлігі ретінде 2006 жылы
Атасу – Алашаңқай мұнай құбыры, ал 2009 жылы Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбыры
(Қазақстан – Қытай құбыры ЖШС) іске қосылды.
2013 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан-Қытай құбыры ЖШС, Атасу –
Алашаңқай магистралды мұнай құбырының №10 МАС пен №8 МАС-ын пайдалануға
қабылдады.Оның нәтижесінде мұнай құбырының қажетті өтеу мүмкүншілігін 20
млн.тж көбейтуге мүмкіндік берді.
2 013 жылы 11 желтоқсанда Batumi Industrial Holdings Limited, Batumi
Capital Partners Limited және Batumi Services Limited компанияларының
Batumi Terminals Limited компаниясына қосылу жолымен қайта ұйымдастыру
рәсімдері аяқталды. 2013 жылы 25 желтоқсанда Батуми мұнай базасы ЖШҚ-ның
Батуми мұнай терминалы ЖШҚ-на қосылу үрдісі аяқталды. Қайта ұйымдастыру
нәтижесінде ҚазТрансОйл АҚ Грузиядағы өндірістік активтерді – Батуми
мұнай терминалына және Батуми теңіз кемежайына тікелей иелік етуге және
оларды басқаруды жүзеге асыратын Batumi Terminals Limited (Кипр)
компаниясының 100% акцияларының иеленушісі болып табылады.
Қазақстан мұнайының транзитін жүзеге асырушы Ресей, Украина,
Белоруссия және Әзербайжан мұнай тасымалдау компанияларымен берік
серіктестік қатынас орнатылды.
Мұнай компанияларымен (жүк жөнелтушілермен) тұрақты клиенттік негіз
және сенімді шарттық қатынас жасалды.
Мұнай тасымалдау саласындағы заңнамалық негіз бен мемлекеттік реттеу
дамытылып, жетілдірілуде.
ҚазТрансОйл ішкі нарыққа және экспортқа мұнай тасымалдау қызметтерін
көрсетуші Қазақстан Республикасының аса ірі мұнай құбыры компаниясы.
ҚазТрансОйл АҚ Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік
тіркелімінің Республикалық бөліміне кіргізілген.
ҚазТрансОйл АҚ Қазақстан Республикасындағы аса ірі магистральды
мұнай құбырлары мен суағызғылар жүйесінің меншік иесі, олардың жиынтық
ұзындығы 5 502,997 км мұнай құбырлары (РФ аумағында және ҚазТрансОйлдың
Самара қаласындағы өкілдігі теңгерімінде тұрған 71,7 км Кеңқияқ – Ор мұнай
құбырын ескергенде) және 2 148,1 км суағарлар.
Магистральды мұнай құбырларымен мұнай тасымалдауды 37 мұнай айдау
стансасы, 64 мұнай қыздыру пеші, жалпы көлемі 1 259 мың текше м. мұнай
сақтауға арналған сұйыққойма паркі қамтамасыз етеді.
Мұнайды ауыстырып құюды 4 темір жол қотару-құю аспақұярлығы, Ақтау кемежайы
теңіз терминалының 5 айлағына орнатылған танкерлерге мұнай құю тиісті
жабдықтары қамтамасыз етеді.
Су беруді 3 су-сорап стансасы, 2 су тазарту құрылысы, су сақтауға
арналған жалпы сыйымдылығы 155,2 мың текше м. сұйыққойма қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы №1273
қаулысымен ҚазТрансОйл АҚ магистральды мұнай құбырының ұлттық операторы
болып белгіленді.
Ұлттық оператордың қызметі Қазақстан Республикасында магистральды
мұнай құбырлары жүйесін дамытуға және оларды тиімді, сенімді және қауіпсіз
пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.
Магистральды мұнай құбыры ұлттық операторының негізгі міндеттері
мыналар:
• өнімді магистральды мұнай құбырларымен ішкі және сыртқы нарыққа
тасымалдау кезінде Қазақстан Республикасының және қатынастың басқа да
қатысушыларының мүдделерін қамтамасыз ету;
• магистральды мұнай құбырлары жүйесін инновациялық дамытуды және оны
әлемдік энергетика жүйесіне ықпалдастыруды қамтамасыз ету;
• мұнай-газ секторын магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау
бөлігінде дамытудың мемлекеттік және ұлттық бағдарламаларын әзірлеуге
қатысу;
• Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын
жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша
ұсыныстарды өңдеу және уәкілетті органның қарауына енгізу;
• магистральдық мұнай құбырлары саласындағы нормативтік және нормативтік-
техникалық құжаттамалар жобаларын әзірлеуге қатысу;
• магистральдық құбырларымен мұнай тасымалдау саласындағы халықаралық
шарттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
• мұнай тасымалдау маршруттарының энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға
және әртараптандыруға бағытталған халықаралық жобаларды іске асыру
жұмыстарына қатысу.
Ұлттық оператор:
• дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп
пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға
тікелей немесе жанама түрде тиесілі меншік иесінің магистральдық
құбыры арқылы Қазақстан Республикасының аумағында операторлық
қызметтерді көрсету құқығына ие;
• Ұлттық операторға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде
тиесілі магистральдық құбыр арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан
тасымалданатын мұнайды басқа мемлекеттердің құбыр жүйелері арқылы
тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсету (бірыңғай
маршруттау бойынша операторлық қызмет) құқығына ие.
2012 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Қор биржасының сауда залында
Халықтық IPO мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қор нарығына шығарылған
ҚазТрансОйл АҚ қарапайым акцияларының қайталама нарықтағы саудалануының
ресми ашылу салтанаты өтті. Жазылыс барысында Қазақстан Республикасының 10
жинақтаушы зейнетақы қорлары және 33 989 азаматтары ҚазТрансОйл АҚ
қарапайым акцияларын сатып алды. Сұраныс көлемі орналастырылым көлемінен
2,1 есеге асып түсті. 2013 жылдың 1 ақпаннан бастап ҚазТрансОйл АҚ
қарапайым акциялары KASE Индексін есептейтін акциялардың өкілетті тізіміне
енгізілді.

ҚазТрансОйл АҚ шет ел қатысатын екі заңды тұлғаның қатысушысы және
акционері:
• ҚазТрансОйл мен CNODC тең негізде қатысушылары болатын (Қазақстан –
Қытай құбыры ЖШС (ҚҚҚ). ҚҚҚ жалпы ұзындығы 1 759 км., өткізу қабілеті
жылына 12 млн. тонна Атасу – Алашаңқай және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай
құбырларына иелік етеді.
• МұнайТас СБҚК АҚ (МұнайТас) – акционерлері ҚазТрансОйл
(акцияларының 51%-ы) және CNPC Exploration and Development Company
Ltd. (акцияларының 49%-ы). МұнайТас ұзындығы 448,8 км өткізу қабілеті
жылына 6 млн. тонна Кеңқияқ – Атырау мұнай құбырына иелік етеді.
Қайта ұйымдастыру нәтижесінде ҚазТрансОйл АҚ Batumi Terminals Limited
(Кипр) компаниясының 100% акцияларының иеленушісі болып табылады. Ол арқылы
Грузиядағы өндірістік активтерді – Батуми мұнай терминалы ЖШҚ-на тікелей
иелік ету және басқару жүзеге асырылады, сонымен қоса Батуми теңіз
кемежайы ЖШҚ акцияларының 100% ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында еңбекақы төлеудің ұйымдастырудың жіктемесі
Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру
ҚАЗТРАНСОЙЛ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
ҚазТрансОйл-дың жылдық есебі
Кәсіпорынның баға және тарифтеу саясаты: қиыншылықтары мен оны қазіргі талаптарға сай жақсарту жолдарын теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу
Кәсіпорындардық басқару құрылымы және даму стратегиясының өзара байланыстары
Жалақы құрылымы
Қазақстан Республикасында ұлттық компаниялардың дамуын басқару
КӘСІПОРЫН ТАУАР ӨНДІРУШІ РЕТІНДЕ
ҚазТрансОйл АҚ-ның өндірістік-шаруашылық қызметі
Пәндер