АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ІШКІ ЖАСТАР ТУРИЗМІН ДАМЫТУ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы:
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ІШКІ ЖАСТАР ТУРИЗМІН ДАМЫТУ

Байқау бағыты:
Мәңгілік ел жалпыұлттық патриоттық идеясы: бастаулардан болашаққа

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. ЖАСТАР ТУРИЗМІН ДАМЫТУ - ҰЛТТЫҚ ЕЛТАНУ ӘЛІППЕСІ...7
1.1Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың мақсаттары, міндеттері, кезеңдері және күтілетін нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ..7
1.2 Ішкі туризмін дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2. АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ІШКІ ЖАСТАР ТУРИЗМІН ДАМЫТУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.1 Атырау облысына географиялық сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..22
2.2 Атырау өңірінің киелі орындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

ҰСЫНЫМДАР ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...42

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43

КІРІСПЕ
Мәңгілік ел - ата-бабамыздың ғасырлар бойғы көксеген асыл арманы екені белгілі. Арман арқауында дүниежүзі картасынан дербес орын алып, әлем елдерімен терезесі тең қатынас орнататын тәуелсіз мемлекет атанып, халқының тұрмысы бақуатты, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел, - деп атап көрсетті Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев[1].
Қазіргі уақытта Мәңгілік Ел болу үшін азаматтарымыз, әсіресе жастар білім, ғылымды, заманауи технология құралдарын меңгеруі қажет. Себебі, кез келген мемлекеттің басты байлығы ол халқы, адам капиталы. Сондықтан Мәңгілік Ел болу үшін әр азаматымыз осы бағытта жұмыс жасауы керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің 2018 жылғы Қазақстан халқына арнаған Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты Жолдауында Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді деп атап көрсетіп, елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытудағы жүзеге асыруға тиіс жаңа мүмкіндіктер мен міндеттерін атап көрсетті[2].
Соның ең бастысы - адами капитал. Бүгінде әлемнің дамыған елдерінде адами капиталды мемлекеттің, қоғамның және экономиканың негізгі тұғыры, қозғаушы күші деп қабылдайды.
Әр елдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің басты көрсеткіші ретінде адами фактор саналып, өркениетті елдерде адамның рухани және материалдық тұрғыда дамуы қоғамның басты маңызды басымдылықтары болып табылады. Себебі, адам қоғамның материалдық және рухани байлықтарының тек тұтынушысы ғана емес, сол байлықтарды өндіріп-өңдеуші, инновациялық идеялар мен жаңа технологиялардың негізін қалап, оны жүзеге асырушы болып саналады. ХХІ ғасырда адамның қоғамдағы орны, оның атқаратын қызметі сапалық жаңа деңгейге көтеріліп, мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық əлеуетінің интеллектуалды адам капиталына тәуелділігі онан ары артуда. Осыдан болар, бүгінде әлемнің дамыған елдерінде адами капитал жалпы қоғамның, оның ішінде, мемлекет пен экономиканың негізгі тұғыры деп саналады.
Адамзаттың алдыңғы қатарлы ақыл-ойы ХХІ ғасыр білім мен интеллект ғасыры екендігін, бүгінгі жаһандану заманында ел экономикасын, әлеуметтік әлеуетін, бір сөзбен айтқанда, қоғамның болашақ дамуын интеллектуалды адами капиталы - жастар айқындайтын болады. Қазақстан қоғамының жастар саясатындағы өзекті мәселесі - әлеуметтік-креативті тұрғыда ойлап, қоғамды өзгертетін құзіретті тұлға қалыптастыру. Заманауи қоғамда өмір сү - руге бейім тұлға интеллектісі жоғары, белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі мол, ой-өрісі кең, шығармашылық тұрғыда ойлай білетін, терең білімді, кәсі - би сауатты және бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Жастар бо - йындағы осындай талаптарды қалыптастыра отырып, оқу-тәрбие үдерісі білім беру жүйесінің жаңа мазмұнға ие болуына қол жеткізбек.
Елбасының бағдарламалық еңбектерінде көрсетілгендей, білім жүйе-сін инновациялық технологиялармен жабдықтау, білімнің халықаралық стандартын меңгеру, сапалы білім беруге қол жеткізу, қоғам сұранысына жауап беретін білікті маман, интеллектуалды дамыған, шығармашылықпен жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының кәсіпкер азаматтарын даярлау отандық білім саясатының негізгі ұстанымын айқындайды[3].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты Жолдауында бай табиғатымыз бен мәдени әлеуетімізді пайдалану үшін сырттан келетін және ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет - деп атап көрсетті [4 ].
Мақсаты. Атырау облысы бойынша туристік-рекреациялық ресурстарға, оның ішінде, ішкі туризмінің қазіргі даму жағдайына, ішкі туризм индустриясының даму проблемаларын талдау;
- Атырау облысы ішкі туристік аймақтарына сипаттама беру.
Ішкі туризмді дамыта отырып, мемлекеттік және жеке құрылымдардың туризм саласындағы өзара бiрлескен iс-қимылының тиiмдiлiгiн арттыру, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту.
Ғылыми жобаны жүзеге асыру барысындағы негізгі мақсат төмендегідей:
-Атырау облысы бойынша жастардың арнайы экскурсиялық турларын, маршруттарын әзірлеу (экстремалды, тарихи, ойын-сауық, жеке кәсіпкерлік бизнес үшін, этномәдени және т.б.);
-Туризмнің тактикасы мен техникасы тақырыбында туристік жорықтар кезінде сақтауға тиіс қауіпсіздік ережелері туралы буклет дайындау;
- Атырау өңірінің туристік рекреациялық нысандарының картасын жасау және оған баратын маршруттарын анықтау;
-9-сыныптың география пәніне қосымша көмекші құрал ретінде Атырау облысының тарихи және киелі нысандары виртуалды картасын құрастыру.
-Жастар үшін экскурсияларды ұйымдастырып, жүргізуші гидтерді дайындау мақсатында іс-шаралар кешенін өткізу;
-Ішкі туризм объектілері бағыттарын, таныстыру бекеттерін көрсете отырып, Экскурсия жетекшісі портфелін әзірлеу;
-Жобаны жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында жастар демалысын ұйымдастыруға арналған ақпараттық-консультациялық орталықтар құру;
-Туризм саласында бизнесін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін бизнес-тренингтер өткізу, баға калькуляциясын құрастыру әдісін меңгеру;
- Атырау облысының туристік- рекреациялық ресурстарының электронды ақпараттық базасын құру.
- Ішкі туризм инфрақұрылымын дамытудың тиімді жолдарын жүзеге асыру мақсатында ресми орындарға ұсыныстар енгізу.
Міндеті. Ғылыми жоба авторлары жастар мен мектеп оқушыларының туған жер табиғатына деген патриоттық сезімі мен дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырып, дамыту мақсатында түрлі бағыттағы мәдени-спорттық шаралар өткізуді және бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар тобын жариялауды міндетіне алады.
1. Атырау облысының туристік-рекреациялық ресурстары және оның ішкі туризмді дамыту мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыда жүйелеу, мақалалар жариялау;
2. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ішкі туризм түрлерінен жорықтар, спорттық-мәдени шаралар ұйымдастыру;
3. Облыстың ішкі туризмді дамыту мүмкіндіктеріне арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізу;
Конференция қорытындысы бойынша және ғылыми дереккөздерден алынған материалдар мен құжаттар негізінде жинақ шығару.
Ғылыми жоба бағытталып отырған топтар. Атырау облысы мен қаласының тұрғындары, оның ішінде, жастар мен орта мектептердің оқушылары, осы өңірдің жалпы көпшілік қауым өкілдеріне арналады.
Ғылыми жобаны жүзеге асыру әдістері. Ғылыми жобаны жүзеге асыру барысында саралау, аналитикалық-талдау және қорыту, танымдық ойындар, экскурсия, сайыстар, спорттық-бағдарлау, әскери-қимылдық, спорттық-медициналық тәсілдер қолданылады.
Ғылыми жобаның күтілетін нәтижелері.
-Атырау облысының туристік-рекреациялық ресурстары және ішкі туризм индустриясының даму проблемалары тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі;
- 3 орта білім беру мекемесі базасында туристік жорық ұйымдастырылады;
-Шымырлар, батылдар, ептілер тақырыбында жеткіншектер арасында жарыс ұйымдастырылады;
-Жастардың интелектуалды жылдам ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында Менің елім-Қазақстан тақырыбында компьютерлік тестілік бақылау ойыны ұйымдастырылады.
-Табиғаты аса көркем- Қазақстан туған өлкем тақырыбында ақпараттық-жарнамалық бейне ролик құрастырылады;
-Мектеп оқушылары арасында АСТАНАҒА-20 ЖЫЛ тақырыбында көңілді тапқырлар клубы (КТК) танымдық-интелектуалды онлайн ойыны өткізіледі;
- Атырау өңірінің табиғи және тарихи-киелі орындарының картасын және оған қосымша ақпараттық анықтама дайындалады.
-Атырау облысының туристік- рекреациялық ресурстарының ішкі туризм индустриясының дамудағы мүмкіндіктері тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға баяндама ұсынылады.
Қазақстанның экономикалық өркендеуінің, саяси және индустриалды-инновациялық дамуының маңызды ресурсы адам капиталы құндылы-ғымен өзектелінеді. Ұлттың интеллектуалды әлеуеті мемлекеттің әлемдік экономикалық және әлеуметтік кеңістікте бәсекеге қабілетті-лігінің анықтаушы факторы болып табылады. Оның мәні еліміздің тиімді әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті жаңа білімдерді игеруге негіз болатын тұлғаның шығармашылық қабілеттері және кәсіби-мамандық, біліктілік деңгейлері арқылы ашылады.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті мемлекет, ұлт, ел болуында адам капиталы сапасының артуы ұлттық интеллектінің белсенділігінен, шоғырлануынан бастау алмақ. Елдің интеллектуалдық капиталы мен қоғамның инновациялық әлеуеті тек қана білім және ғылым арқылы, рухани құндылықтар арқылы келетіндігі мәлім.
Қазіргі жағдайда қоғамның білім және ғылым деңгейі мен интеллектуалды әлеуеті ұлттық байлықтың маңызды құрамы ретінде көрініс бергенмен де, жалпы интеллектуалды тұлға және ұлттың негізгі белгісі адами капиталға тіреледі: адамның білім сапасы, кәсіби икемділігі мен мәдениеттілігі, алдыңғы қатарлы инновацияларды, ақпараттандыруды меңгеруі, шығармашылыққа талпынысы, қалыптан тыс жағдайларда әрекет ете білуі, бәсекеге қабілеттілігін, еліміздің өрлеуін, рухани тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

1.ЖАСТАР ТУРИЗМІН ДАМЫТУ - ҰЛТТЫҚ ЕЛТАНУ
1.1 Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың мақсаттары, міндеттері, кезеңдері және күтілетін нәтижелері

Туризм (француз сөзі tourisme, tour- серуен, сапар)- бір жағынан, тек қана Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілікке тараған, салыстырмалы түрде жас, екінші жағынан саяхат ерте заманнан белгілі құбылыс. Туризм тарихын төрт кезеңге бөледі:
1) XIX ғ. дейін - элитарлық туризм, туристік өнім өндіретін арнайы кәсіпорындардың тууындауы.
2) XIX ғ.- бірінші дүниежүзілік соғыс - көлік дамуындағы дүрбелең өзгерістер, бірінші саяхат бюроларының ашылуы.
3) екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы кезең - көпшілікті туризмның дамуы.
4) екінші дүниежүзілік соғыстан кейін - қазіргі кезең - көпшілікті туризм, туристік индустрияның туризмға арналған тауар және қызмет өндіретін салааралық кешен түрінде құрылуы.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық - тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризмді мемлекеттік қолдау саланы орнықты дамытудың қажетті шарты болып табылады. Халықаралық тәжірибе мемлекеттің туристік инфрақұрылымды дамыту үшін жағдайлар жасауға, жеке инвесторларды тартуға, туристік индустрия субъектілерінің қызметі үшін қолайлы экономикалық жағдайларды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталған белсенді саясаты туристік саланың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын алуына мүмкіндік беретіндігін көрсетіп отыр. Сондай-ақ, әлемдік тәжірибе туризмді белсенді дамытатын елдер өз азаматтарын сапалы туристік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ете отырып, біршама бюджеттік қаражатты ұлттық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жұмсайтынын айғақтап отыр.

2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың негізі мақсаттары:
1) жаңа туристік тәжірибелердің жүйесін құру мен жергілікті және шетелдік туристерге арналған халықаралық бәсекеге қабілетті өнімдер мен қызметтер әзірлеу;
2) экологиялық туризмді және экологиялық ағартуды, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда дамыту; туризмнің Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясының құндылықтарын насихаттауға ықпал ететін түрлерін жылжыту;
3) туризм саласын басқарудың кәсіби жүйесін құруға жәрдемдесу;
4) елдің тарихи-мәдени ландшафтын туристік саланың инфрақұрылымдық жобаларына белсенді түрде біріктіре отырып, мәдени-туристік кластерлерді дамытуға жәрдемдесу.
2020 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясын дамытудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) мемлекет экономикасына туристік саланың үлесін арттыру;
2) Қазақстан Республикасында туризм индустриясы өсуінің едәуір әлеуетін ескере отырып, экономикалық өсу мен инвестицияларды ынталандыру;
3) азаматтық қағидаттары және Мәңгілік Ел құндылықтарының негізінде сәйкестікті нығайту;
4) туризм индустриясы мен экономиканың ілеспе салаларында жұмыс орындарын құру;
5) кәсіпкерлікті, оның ішінде экономиканың аралас салаларында ШОБ-ты және ауылдық аудандарды қоса алғанда, жалпы ел және өңірлер бойынша адами әлеуетті дамыту.
Туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және саланы дамыту жағдайын қамтамасыз ету үшін экономиканың басым секторларының бірі ретінде қазақстандық туризмді әлемдік туристік нарыққа ықпалдастыру үшін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешендерін құру қажет.
Туризм саласын дамытудың негізгі индикаторлары келушілер саны, түнеуге арналған төсек-тәулік саны, сондай-ақ туристік қызметтен түсетін табыс көлемі болып табылады. Осы тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу дамытудың әрбір кезеңінде туризмді дамыту көрсеткіштерінің артуы арқылы айқындалады.
Көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Қазақстанда туризмді дамытудың мынадай кезеңдері ұсынылады:
1 кезең 2017 - 2018 жылдар;
2 кезең 2019 - 2020 жылдар.
1-кезең неғұрлым маңызды болып табылады, өйткені одан кейінгі кезеңдердің сәттілігі жұмыстардың 1-кезең шеңберінде орындалуына байланысты: қолданыстағыларын бейімдеу және жаңа құқықтық шаралар мен институционалдық тетіктер құру, олардың көпшілігі 2017-2018 жж. дайын болуға тиіс.
Туризм саласының институционалды тиімділігін арттырудың негізгі мәселелерінің бірі мәдениет саласымен біріктіру болып табылады. Осыған байланысты, туризм саласындағы функцияларды штаттық кестемен мәдениет саласындағы уәкілетті органның қарамағына 2016 жылдың соңына дейін беру орынды.
Бұл кезең, сондай-ақ дамудың алғашқы сатысы болып табылады, осы кезең бойы барлық ұлттық (ірі) туристік жобалар дайындалу және олардың құрылысына бастамашылық ету, басқа (шағын) туристік жобаларды әзірлеуді ынталандыру, жалпы инфрақұрылым мен адами ресурстарға инвестициялау, ұлттық туризмнің маркетингі, брендингі жүйесін әзірлеу, сондай-ақ жылдам нәтижелер алуға бағытталған шараларды қабылдау қажет.
Инвестициялар тұрғысынан, зәкірлік және өңірлік туристік жобаларды, оның ішінде тәуекелдік деңгейі төмен және қысқа мерзімде іске асыруға болатын жобаларды дамыту шеңберінде жаңа орналасу орындарын және туристік инфрақұрылым объектілерін құру жоспарлануда. 1-кезеңде жоспарланған шараларды іске асыруды ескере отырып, осы кезеңде орналастыру орындарында келушілер ағыны - 4,5 млн. келуші туристі, төсектәулік саны 8,1 млн. құрайды. Туристік қызметтен түсетін табыс шамамен 315 млрд. теңгені құрайды.
2 кезеңде ішкі және шығу туризмін одан әрі дамыту жоспарлануда.
Бұл кезеңде инфрақұрылымды дамытуды жалғастыру, адами ресурстар әлеуетін нығайту және маркетинг саласында басқа да іс-шараларды орындау маңызды.
Сонымен қатар, туристік ұсыныстарды әртараптандырумен және шағын және орта бизнес кәсіпорындарын едәуір қолдаумен барлық ел бойынша туристік жобаларды дамыту үшін 1 кезеңнің іс-шараларын іске асыру осы кезең ішінде жалғастырылатын болады. 2 кезеңге жоспарланған шараларды жүзеге асыруды ескере отырып, осы кезеңде орналастыру орындарында келушілер ағыны - 5,3 млн. келуші туристі, төсектәулік саны 9,0 млн. құрайды. Туристік қызметтен түсетін табыс 381 млрд. теңгені құрайды.
Күтілетін нәтижелер
Инвестициялар тартқан және мемлекеттік бюджеттен қажетті көлемде қаражат бөлінген жағдайда, жоғарыда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді сәтті іске асыру Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясы көрсеткіштерінің мынадай өсіміне алып келеді:
1) туристерді орналастыру орындары: 2015 жылғы 118 355 төсек-орыннан 2020 жылы 198 мың төсек-орынға дейін (1,7 есе өсу, жиынтық жылдық өсу қарқыны 11 %);
2) туристердің түнеу саны (ішкі және бару туризмі бойынша): 2015 жылғы 7 017 070 туристік түнеуден, 2020 жылы 16,0 млн. туристік түнеуге дейін 2,3 есеге, өсу жылдық жиынтық өсу қарқыны 18%);
3) туристің осында қалуының орташа ұзақтығы: 2015 жылғы бір реттік туристке 2,0 түнеуден, 2020 жылы бір реттік туристке 4,0 түнеуге дейін (2,0 есеге өсу);
4) қонақ үйлердің төсек-орын толтырылымы: 2015 жылғы 23,5 %-дан, 2020 жылы 45,0 %-ға дейінгі толтырылым (1,9 есеге өсу);
5) туризм саласындағы жұмыспен қамту: 2015 жылғы 103,6 мың қызметкерден 2020 жылы 151,8 мыңға дейін (кемінде, 12 мың жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру).
Туристік сұраныстың күтілетін өсімі негізінен әкімшілік бөгеттерді азайту, жаңа туристік ұсыныстарды дамыту (жаңа объектілер) және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мен ішкі туризмді ынталандыру бойынша мемлекеттік қолдау есебінен болады.
Жалпы туристік келу санының құрылымы 2020 жылы:
Ішкі туризм нарығының үлесі 4,3 млн. адамды (келушілердің жалпы санының 82,5 %) құрайды, 2015 жылға қарағанда 1,4 есе көп, сол кезде шет елдік келушілер үлесі 17,5% (924,5 мың адам) құрайды, бұл 2015 жылдың көрсеткішінен 1,3 есеге артық.

Туристік кластерлер
Жоғары халықаралық бәсекелестік дәуірінде туристік сұраныс қарқынды өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты ішкі және халықаралық келуші үшін анағұрлым тиімді туристік тәжірибе жүйесін құру мақсатында мүдделі құрылымдар тарапынан Қазақстан Республикасының туристік өнімін қалыптастыруға және ілгерілетуге жаңа қағидаттар мен тәсілдер әзірлеу қажет. Туристік өнімнің бірегейлігі мен сапасына қарамастан, жоғары дамыған инфрақұрылымның (көлік инфрақұрылымы, телекоммуникациялық байланыс арналары, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.) болмауы саяхаттан қанағаттану деңгейін төмендетеді, соның салдарынан туристік келу санының қысқаруына және аумақтың ішкі және әлемдік туристік нарықтарда аумақтың бәсекеге қабілеттілік деңгейінің азаюына әкелетіндігін назарға алған жөн.
Осыған байланысты әртүрлі аумақтық деңгейлерде (ел, облыс, аудан, қала) туризмді ұйымдастырудың жаңа тәсілдері әзірленетін болады. Осындай әдістердің бірі кластерлік тәсіл болып табылады.
Қазіргі уақытта отандық туризм үшін тиісті әкімшілік-аумақтық құрылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кластерлерді қалыптастыру міндеті неғұрлым өзекті болып отыр.
Туристік кластер - бұл туристік өнімді жасаумен, өндірумен, ілгерілетумен және сатумен, сондай-ақ туризм индустриясымен және рекреациялық көрсетілетін қызметтермен аралас қызметпен айналысатын өзара байланысқан кәсіпорындар мен ұйымдардың бір шектелген аумақ аясында шоғырлануы.
Туристік кластерді құрудың мақсаты - синергетикалық әсер есебінен туристік нарықта аумақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның ішінде:
1) кластерге кіретін кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру;
2) инновацияларды ынталандыру және жаңа туристік бағыттарды дамыту.
Туристік кластерді құру іс жүзінде аумақтың тұрпатын айқындайды және өңірдің оң имиджін қалыптастыруға әсерін тигізеді, бұл жалпы алғанда жоғары ықпалдастырылған туристік ұсыныстар мен бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді құрады. Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясаты тұжырымдамасының басымдылықтарын ескере отырып, Қазақстанда алты мәдени-туристік кластер құрылуы мүмкін: Астана - Еуразия жүрегі, Алматы - Қазақстанның еркін мәдени аймағы, Алтай маржаны, Ұлы Жібек Жолын жаңғырту, Каспий қақпасы, Табиғат пен көшпенді мәдениеттің тұтастығы.
Астана - Еуразия жүрегі - бұл кластерге Астана қаласы кіреді. Осы кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдер - бұл MICE-туризм және қысқа мерзімді демалыс.
Алматы - Қазақстанның еркін мәдени аймағы - бұл кластерге Алматы қаласы мен Алматы облысының бөлігі кіреді. Алматы қаласы кластердің орталығы болып, онда туристік қызығушылықтың мынадай негізгі орындары айқындалады:
1) петроглифтері бар Тамғалы археологиялық ландшафты (ЮНЕСКО объектісі);
2) ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
3) Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы Шарын шатқалы;
4) Қапшағай су қоймасы;
5) Ақбұлақ халықаралық туристік орталығы;
6) ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бар Алматы қаласы маңындағы тау шаңғысы аймақтары;
7) Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
8) Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
9) Ұйғыр ауданындағы Кара Дала бальнеологиялық курорттық аймақ
10) Хан Тәңірі шыңы - Қазақстанның ең биік шыңы.
Болашақта кластер Алматы облысының басқа бөліктерін қосып кеңеюі, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген жаңа туристік қызығушылық орындарын - Балқаш көлін, Ешкіөлмес петроглифтері бар Жетісу Алатау тау сілемдерін, Есік қорғандары мен Жібек жолы сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілерді (Талғар қалашығы, Боралдай сақ қорғандары) ұсынуы мүмкін.
Алматы халықаралық тау, іскер және тау шаңғысы туризмінің орталығы болады және Қаладағы және таулардағы ойын-сауық кластері ретінде сипатталатын болады. Аталған кластер ұсынатын негізгі туристік өнімдерге MICE-туризм, мәдени туризм және турне, таулардағы және көлдердегі демалыс және қысқа мерзімді демалыс жатады.
Алтай маржаны Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс бөліктерін қамтиды. Өскемен қаласы кластердің орталығы болады, мұнда алты маңызды туристік қызығушылық орындары айқындалған:
1) Берел мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы-мұражайы объектілері;
2) Бұқтырма су қоймасы;
3) Ертіс өзені - Зайсан көлі;
4) Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
5) Қалжыр шатқалы;
6) Риддер - Анатау мен Иванов таулары;
7) Алакөл көлі;
8) Семей қаласы.
Болашақта кластер Шығыс Қазақстанның қалған бөліктерін қамти отырып кеңеюі мүмкін.
Алтай маржаны Табиғаттың ғажайып әлемі ретінде сипатталып, экологиялық туризмді дамыту орталығы болып табылады.
Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге белсенді және қызық оқиғалы туризм, таулар мен көлдердегі демалыс жатады.
Ұлы Жібек Жолын жаңғырту Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерін, Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бөлігін, Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігін қамтитын кластер болып табылады. Шымкент қаласы кластердің орталығы болады, онда мынадай туристік қызығушылықтың орындары ұсынылған:
1) ежелгі Түркістан және Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы-мұражайы объектілері (ЮНЕСКО объектілері);
2) ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген ортағасырлық Отырар қалашығының және отырарлық алқаптың археологиялық объектілері;
3) Сауран археологиялық кешені;
4) палеолиттік учаскелері мен геоморфологиясы бар Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы; ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Арпаөзен петроглифтері;
5) Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
6) Ақсу-Жабағылы мемлекеттік ұлттық табиғи қорығы;
7) Байқоңыр ғарыш айлағы;
8) Қызылорда, Сарыағаш, Тараз қалалары;
9) Қасқасу тау курорты.
Болашақта кластер үш облыстың қалған бөліктерін қамти отырып, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген түркіге қасиетті Меркі, сондай-ақ Жібек жолы сериялық ұлтаралық номинациясына енгізілген объектілер (Жетіасар алқабының ескерткіштері, Сығанақ қалашығы) секілді жаңа туристік қызығушылық орындарын ұсынуы мүмкін.
Ұлы Жібек Жолын жаңғырту кластері Ұлы Жібек жолының жүрегі ретінде сипатталатын болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге мәдени туризм мен турне жатады.
Каспий қақпасы барлық Маңғыстау облысын және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының бір бөлігін қамтитын кластер болып табылады. Ақтау қаласы аталған кластердің орталығы болып табылады, мұнда мынадай туристік қызығушылық орындары орналасқан:
1) Бекет ата, Шопан ата және Қараман ата жер асты мешіттері мен Омар мен Тұр кесенесі;
2) Маңғышлақ түбегіндегі қорымдар;
3) Шерқала тауы;
4) Қарақия-Қаракөл мемлекеттік табиғат қорығы;
5) Бөкей Ордасы ескерткіштер кешені;
6) Кендірлі шипажайы;
7) Сарайшық қалашығы.
Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге жағажай туризмі, мәдени туризм және турне жатады.
Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізін іске асыру шеңберінде өңірлердің бірегей объектілері мен республиканың батыс және шығыс шекара қақпаларындағы тиісті жағдайлармен туристердің орналасуы, демалысы мен қажетті сервистік қызметтер алуы үшін қазіргі заманғы туристік инфрақұрылым құрылады.
Табиғат пен көшпенді мәдениеттің тұтастығы Ақмола және Қарағанды облыстары, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігі және Павлодар облысының батыс бөлігін қамтиды. Бурабай курортық аймағы кластердің орталығы болып табылады, онда туристік қызығушылықтың мынадай негізгі орындары орналасады:
1) Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
2) Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
3) Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
4) Қарағанды қаласы;
5) Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
6) Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
7) Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи қаумалы (зоологиялық);
8) Солтүстік Балқаш маңы.
Болашақта кластер ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген жаңа туристік қызығушылық орындарымен толығуы мүмкін: мегалит дәуіріне жататын Беғазы-Дәндібай мәдениетінің қорымдары, Тасмола мәдениетініңжарқыншақ тастар қорғаны, сондай-ақ Жібек жолы сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Бозоқ қалашығы).
Кластер көшпелі мәдениет пен дала әртүрлілігінің орталығы болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдер - бұл мәдени туризм және турне, таулар мен көлдердегі демалыс, қысқа мерзімді демалыс.
Қазақстанның басқа бөліктері. Кластерге енбеген өңірлер үшін, сондай-ақ аудандық деңгейлерде ең алдымен ішкі туризмді дамыту үшін болашағы зор туристік өнімдер айқындалатын болады. Бұл жағдайда тиісті инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шағын жобаларды әзірлеу және іске асыру орынды.
Қазақстанның барлық өңірлері үшін неғұрлым тартымды турөнімдердің біріне туризмнің басым түрлерінің бірі болып табылатын, аталған аумақтардың табиғи және мәдени-этнографиялық ерекшеліктерімен танысу мақсатында қол тимеген табиғи аумақтарға саяхатты қамтитын экологиялық туризмді жатқызуға болады.
Бұл ретте аталған саяхат экожүйелердің біртұтастығын бұзбауға тиіс және жергілікті тұрғындар үшін тиімді болатындай табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау үшін жағдай жасау қажет.
Елдің жасыл экономика қағидаттарына көшуіне белгіленген бағдарын ескере отырып, агротуризм (ауылдық туризм) мысалы ауыл халқын баламалы жұмыспен қамтудың ұйытқысы ретінде ғана емес, яғни өңірлердің экономикасына қаржылық қолдауды қамтамасыз етуде және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуда үлгі етіп көрсетуге тұрарлық.
Агротуризм келуші қонақтарға орналасу, демалу, тамақтану, экскурсиялық қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ олардың бос уақыты мен спорттық іс-шараларды, балық аулау мен аңшылықты ұйымдастыру, білім мен дағдыларды алу, сондай-ақ туризмнің белсенді түрлерімен айналысуға мүмкіндікті қалыптастыру мен ұсынуды көздейтін біршама жаңа және перспективті бағыт болып табылады. Ауылдық туризмнің тартымды ерекшеліктері таза ауа, үйдегі сияқты атмосфера, адам қолы тимеген табиғат, табиғи азық-түлік, тыныштық және салмақты тұрмыс-тіршілікболып табылады. Бұл табиғатқа ұқыпты қарау экономикалық тиімді болатын жергілікті халықты осы процеске тартуға ықпал ететін қоршаған ортаны қорғаудың қуатты құралы болып табылады [6].

1.3 Ішкі туризмін дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері
Әлеуметтік дамуында маңызды роль атқаратын қызмет түрі болып табылады. Туризм экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте маңызы арттуда.
Туризм - жастар дүниетанымын қалыптастырудағы ең тиімді тәрбиелік-танымдық әдіс болып табылады. ХХІ ғасырда туризм әлемдiк экономикада маңызды рөль атқаруда. Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның (ДТҰ) деректерi бойынша туризм әлемдегi жалпы ұлттық өнiмнiң оннан бiр бөлiгiн, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын және әлемдiк өндiрiстiң әр 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етедi екен.
Қазіргі заманда ел экономикасын, əлеуметтік əлеуетін жəне саясатын, бір сөзбен айтқанда, болашақ дамуын айқындауда туризм саласының маңызы ерекше. Экономикалық тұрғыдан бағалағанда, шикiзат сату елдiң энергетикалық көздерi қорын азайтса, туристiк өндiрiс сарқылмайтын ресурстармен жұмыс iстейдi. Шикiзат сату елдің экономикалық тығырыққа тiрелуіне негіз болса, ал туризмдi дамыту - ұзақ мерзiмдi, экономикалық тиiмдi болашақ.
Туризм - кез-келген елдің мемлекеттік әлемдік имиджін қалыптастырудағы басты жарнамасы. Қазіргі таңда туризм елдің тек көркем табиғатын тамашалаумен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, өнер мен мәдениеттің, сәулет өнері ескерткіштерінің тартымдылығын жарнамалаумен де ерекшеленіп отыр. Туризмнің дамуы қоғам үшін барлық жағынан тек оң әсерін тигізеді. Мысалға, мұнай өндіру қоршаған ортаны қатты ластап, тіршілікке зиянын тигізеді. Ал, туризм саласы, керісінше табиғаттың тазаруы мен күтілімін талап етеді, осыдан туристік кәсіпорындар қызметі тек жалпы экономикаға емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз пайдасын тигізеді. Қазақстанның туризм әлеуеті өте жоғары деңгейде және оны халықаралық стандарт деңгейінде дамыту үшін кәсіпқой менеджмент пен маркетинг енгізілуі қажет.
Қазақстан жер көлемі жөнінен әлемдегі он ірі мемлекет қатарына еніп, әр аймақтың өзіне тән сұлу да, көркем табиғаты мен тарихи жәдігерлерімен ерекшеленеді. Өкінішке орай, шетелдік туристердің әуелі танысатын интернет беттерінде Қазақстан өлкелері туралы ғылыми тұрғыда жазылған толық ақпарат жоқтың қасы, яғни, еліміздің ішкі туризмі туралы ақпараттық материалдар заманауи талап деңгейінде емес. Қазақстандағы туристік-рекреациялық ресурстарға - туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру орындары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады.
Еліміздегі туристік-рекреациялық нысандар түріне қарай: табиғи-рекреациялық, тарихи-археологиялық және киелі тәуеп ету орындары болып бөлінеді.
Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады.
Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) туризм, ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) туризм деп аталады. Саяхат мақсатына қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, балалар туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни туризм болып бөлінеді.
Туризм кез-келген мемлекет үшін экономикалық қарқыны төмендемейтін сала болып табылады. Себебі, туризм экономикалық жағдайдың жақсаруына үлкен ықпалын тигізеді. Қазіргі кезде аумағында пайдалы қазбалар қоры жоқ көптеген мемлекеттер туризмді дамыту арқылы экономикасын дамытып отыр.
Туризмді түрлеріне байланысты жіктеуге мүмкіндік беретін белгілері ретінде саяхаттанудың мотивациялық факторларын қарастыруға болады. Мұндай жіктелуде саяхатқа адамды аттандырған негізгі себептерді анықтау қажет.
Себептік мотивациялық жіктелу туризмнің 6 түрін анықтап береді.
1. Демалу мақсатындағы туризм. Мұндай туризмнің түрі қысқа мерзімге немесе едәуір ұзақ уақытқа организмді физикалық немесе психологиялық тұрғыдан қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл топқа сонымен қатар емделу немесе әл-ауқатын қалпына келтіруге климат, теңіз суы секілді табиғи құбылыстар пайдаланылатын курорттық демалысты да жатқызуға болады.
2. Мәдениетті зерттеу мақсатындағы туризм. Бұл туризмнің түрі өзге елдің рухани құндылықтарын, мәдениетін, тарихын зерттеп, білуге бағытталған және ол танымдық және діни табынушылық болып бөлінеді. Танымдық туризм тарихи, мәдени және географиялық құндылықтарды зерттеу, көру мәселелерін қамтиды. Бұл мақсаттағы саяхаттанушылар көбінесе өздері саяхаттанған елдің әлеуметтік, экономикалық қатынастарына қызығушылық білдіреді. Табынушылық мақсаттағы туризм ерекше діне мәні бар жерлерді көру арқылы орындалады.
3. Қоғамдық туризм. Қоғамдық туризм ретінде саяхаттанушы өзінің туысқандарын, таныстарын, достарын көру, қонақ болу мен түсіндіріледі. (халықаралық терминологияда visiting friends and relatives - деген атпен таныс). Сондай ақ клубтық туризмді де жатқызуға болады. Клубтық туризмнің ерекшелігі саяхаттанушы саналы түрде арнайы бір топпен ғана демалуды мақсат етеді.
4. Спорттық туризм. Спорттық туризм белгілі бір спорттық іс шараға белсенді қатысуға бағытталған жолсапар, сондай ақ пассивті немесе белсенді емес сипаттағы спорттық жарыстарға қатысу мақсатындағы жол сапар болып табылады. Белсенді түрде спорттық жарысқа қатысу, мысалы, П атты азамат шаңғыдан халықраралық жарысқа қатысу үшін Карпат еліне аттануы мүмкін, ал пассивті қатыс футбол жанкүйері өз футбол клубының ірі ойынына қатысып, қолдау көрсету үшін ойын өтетін елге сапар шегуі мүмкін.
5. Экономикалық туризм -- бұл кәсіптік және коммерциялық мақсатта жүзеге асырылатын жол сапар болып табылады. Мысалы халықаралық биржа, көрме, жәрмеңке және тағы басқа іс шараларға қатысу.
6.Конгресстік (саяси) туризм. Бұл туризм түрі дипломатиялық және саяси іс-шаралармен байланысты туризм болып 2 бөлінеді. Дипломатиялық туризм белгілі бір елдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайларға талдау жасау, баға беру немесе өз пікірін білдіру мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін.
Қазіргі туризм классификациясы туристік шаруашылықты, туристік қозғалысты, жалпы туризмнің аумақтық ұйымдастырылуы мен дамуын жоспарлау үшін қажет. Бұл классификацияның мәні -туризмнің жеке түрлерін бөліп корсету.
Туризмді түрлі белгілеріне: мақсатына, саяхаттың мерзімі мен ұзақтығына, қозғалыс түріне, орналасу орнына, саяхатқа қатысушылардың құрамының сапасына және т.б. қарай жіктеуге болады. Бірақ, саяхаттың мақсаты негізгі белгі болып табылады.
Туризм формалары мен кластарына қарағанда оның түрлері әр алуан болып табылады. Олар бірқатар факторларға:
- бос уақытқа және оның ұзақтығына;
- туристердің жас мөлшері мен жынысына, денсаулығы мен рухани дамуының деңгейіне, адамның жеке талғамы мен материалдық жағдайына;
- табиғи жағдай мен жыл мезгіліне;
- белгілі қозғалыс кұралдарының бар болуына және т. б. байланысты.
Туризм жорықтың мақсат-міндеті, бағыты мен қамту ауқымына қарай түрлерге бөлуге болады.
Туризмнің қоғамдық функциясы мен өндірістік технологиясы бойынша үш негізгі түрі бар: емдік, спорттық-сауықтыру және танымдық. Осылардың барлығы адамның физикалық және рухани күштерін қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
Адамның денсаулығын сақтау, еңбек қабілетін арттыру мемлекеттің басты әлеуметтік міндеттерінің бірі болып табылады және осы міндеттерді орындауда туризмнің рөлі ерекше.
Емдік туризм - адамның жұмыстан бос уақытта күнделікті тұрғылықты жерінен тыс жерде белсенді физикалық және психологиялық демалыс арқылы ағзаны қалпына келтіру мақсатында белгілі бір уақытқа өз еркімен саяхат жасауы. Туризмнің бұл түрінің ең басты ерекшеліктері:
- туристің эбден болдырып кетуі; денсаулық күйінің белгілі бір жерде, белгілі маусымда дәрігер айтуы бойынша демалыс өткізуді қажет етуі;
- демалыстың белсенді сипаты, оның формалары туристің жеке-дара қабілетіне лайық болуы қажет [10].
Емдік туризмге курорттық-санаторий туризмі жатады. Туризмнің бұл түрінің басты ерекшелігі - курорттық орындардың таулар мен қыраттарда, теңіз бен көл жағалауларында шоғырлануы. Тағы бір ерекшелігі - курорттық-санаторий туризмге көбінесе, егде жастағы адамдар шұғылданады, оның ішінде әйелдер саны басым. Емдік туризмнің тағы бір ерекшелігі - туризмнің басқа түрлеріне қарағанда (мысалы, рекреациялық, мәдени-танымдық) маусымға онша тәуелді болмауы және жергілікті сипатқа ие болуы. Мұның себебі - мемлекеттің немесе басқа бір каржы көзінің қолдауымен байланысты.
Қазақстандағы ең атақты курорттар - Сарыағаш, Рахман бұлақтары, Мерке, Алма - арасан, Қапал-арасан, Жаңақорған, Бурабай және т. б.
Туризм арқылы сауықтыру- шаршаған адамның көңіл-күйін қалпына келтіру әдістерінің бірі. Демалысты дұрыс ұйымдастыру, оның ішінде, белсенді демалыс түрлерін (жаяу жорық, қайықпен серуендеу, велосипед тебу) пайдалану адам ағзасын жақсы шынықтырады, сыртқы орта әсерлеріне төзімді қылады. Сауықтыру-спорттық туризм адам ағзасының қызметін қалпына келтіреді, еңбек қабілетін арттырады. Ол үшін серуен, жорық, экскурсиялар, көңіл көтеру шаралары, таза ауа, күнге күю, шомылу сияқты шаралар қолданылады. Жастар үшін қоғамдық және белсенділік қабілетін көтеруде спорттық және сауықтыру туризмінің маңызы зор.
Танымдық туризм - туризмнің басты үш түрінің бірі. Танымдық туризм туристердің дүниетанымдық көзқарастарын дамытады. Адамның дүниетанымы дамымаса туризм бір жерден екінші жерге барып келу болар еді. Туризмнің дүниетанымдық формасы көптеген қоғамдық функцияларды орындайды, олардың ішіндегі ең бастысы - тәрбиелік, білім беру, мәдени-танымдық.
Тәрбие функциясы адамның өмірләк көзқарасын қалыптастырады және оны қоғамдық өмірге дайындайды. Білім беру функциясы айналадағы, туған жердегі болмысты білуге бағытталған. Мәдени-танымдық функциясы адамды кең мағынада тәрбиелейді, белгілі мәдениетке тән ұғымдар мен бейнелерді тануға мүмкіндік береді.
Туристік саяхатта турист түрлі мәдени-тарихи орындарды көреді, өз ой-өрісін кеңейтеді, барған жер географиясын, тарихын, мәдениетін, этнографиясын біле бастайды, жергілікті тұрғындармен қатынас жасайды. Туристік ағымның бағыты мен сипаты бойынша, сонымен қатар құқықтық статусы бойынша туризм екі үлкен класқа бөлінеді: ішкі(ұлттық) және халықаралық(шетелдік) туризм.
Ішкі туризм - азаматтардың өз елінің ішіндегі саяхаты. Халықаралық туризм - азаматтардың өз елінен тысқары жердегі саяхаты, туристердің бір елден екінші елге немесе бірнеше елдерге жасайтын сапарлары. Шетелдік туризм - шетелдік азаматтардың туристік мақсаттармен басқа елге келуі.
Ішкі туризм дегеніміз - демалыс, спорттық, танымдық және басқа да мақсаттармен адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бұндай саяхаттарда туристер ел аумағынан шықпайды. Негізгі қаражат - көзі ұлттық валюта болып, туристің басты қарым-қатынас құралы ана тілі болып қала береді.
Ішкі туризм халықаралық туризм дамуының негізін құрайды, ішкі туризмсіз халықаралық ту - ризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы болып саналады.Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аудандарды игеруге, туристік инфрақұрылымның базасын құруға әсерін тигізеді, сондай-ақ бірте-бірте халықаралық туристік қозғалысқа, халықаралықтуризм индустриясына енуге мүмкіндіктер туғызады.
Туризм жеке және топтық туризм болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе бір жанұяның (бес адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп атайды.
Топтық туризм, әдетте, қатысушылардың тілек-талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл турлар археологиялық, мәдени-өнер және тарихи турлар, шаңғы жорықтары және т. б. болуы мүмкін.
Қимыл белгісіне қарай туризм стационарлық және жылжымалы болып бөлінеді. Туризм, біріншіден, тұратын жерінен демалыс орнына келу, екіншіден, демалыс орындарының өзінде туристер қимылы жоғары болғандықтан бұл, әрине, шартты түріндегі бөліну. Стационарлық туризм деп айтсақ, бұл саяхат белгілі бір курортта болу үшін жасалды деген сөз. Туризмнің стационарлық түріне емдеу туризмі және спорттық-сауықтыру туризмінің кейбір түрлері жата - ды. Көшпелі туризм дегеніміз үнемі қозғалыста болып, өзінің орнын жиі ауыстырып түратын туризм түрі. Қазіргі шақта техникалық мүмкіндіктердің өсуіне қарай көшпелі туризм тенденциясы күшейетін сияқты.
Рекреациялық іс-әрекетінің қимыл деңгейінің өзгеруі нәтижесінде туризмнің материалдық-техникалық базасы да өзгерістерге ұшырауда. Қимыл сипатының өсуі, әсіресе автотуристер санының көбеюі туризмнің аумақтық ұйымдастырылуының сызықтық-тораптық қағидасын күшейтеді. Туризмнің материалдық-техникалық база - сы бірте-бірте жолдарға қарай тартылады. Жеке меншіктегі көлік құралдарының көбеюіне байланысты туристердің бірнеше жерде болу уақыты үзарып, есесіне бір жерде болу уақыты азаяды. Туристік щаруашылықтың кеңістіктегі кеңеюі және аумақтық еңбек бөлісінің тереңдеуі байқалады.
Қозғалыс деңгейі туризмді зерттеу әдістемесіне, оның ішінде рекреациялық ресурстарға баға бергенде әсеретеді. Мысалы, авто - мобиль жолының айналасындағы пейзаждардың әртүрлілігін бағалау оларды жаяу немесе стационарлық туризм үшін бағалауынан басқаша болады: жаяу туризм үшін автотуризмге қарағанда көріністер жиірек ауысып түрғаны жөн.
Маршруттық туризмді жалпы туризммен жұрт жиі теңестіреді. Маршруттық туризм спорттық немесе әуесқойлық, яғни жай ғана сауыктыру мақсатындағы туризм болуы мүмкін. Өтетін кедергілер сипатына қарай: әдетте жазықтағы ту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
ЭКСТРИМАЛДЫ ТУРИЗМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Туристік инфрақұрылым
Қазақстан Республикасының туристік зоналарына қысқашы сипаттама
Қазақстандағы туризм жағдайы
Қазақстан Республикасында туристік бизнесті ұйымдастыру
Қазақстандағы туристік өнім
Қр-дағы экстрималды туризмнің жағдайы
Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы, перспективалары
Пәндер