Жылумен қамдау жүйелерінің классификациясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Салқын мерзім кезінде адамның өмір тіршілігі және жұмыс атқаруы жайлы болуы үшін ғимарат бөлмелерінде оптималды температуралық жағдайды қамтамасыз ету қажет, бұл жағдай жылыту жүйесі арқылы қарастырылады. Жалпы қазіргі таңда энергия үнемдеу технологияларын қолдану - қоршаған ортаға кері әсер тигізуді азайтудың және энергия қолдану эффективтілігін арттырудың ең оңтайлы әдісі болып табылады.
Курстық жұмыста Алматы қаласында орналасқан екі қабатты Ағайын ғимаратының жылыту жүйесі қарастырылады. Ғимараттың бөлмелерінің ішкі ауасына және оның қоршау беттеріннің температурасын қажетті деңгейде ұстап тұру үшін жылыту жүйесі қажет, яғни оптималды температуралық жағдай арқылы жылулық комфорттық жағдай туғызады.
Жылыту ретінде сулы жүйесі қабылданады және оны жобалау кезінде қазіргі заманға сай аспаптары мен жабдықтары қолданылады. Ағайын кешенінің реконструкцияға дейінгі жергілікті жылыту пунктін заманауи жергілікті жылыту пунктімен салыстыра отырып, артықшылықтарының, энергия үнемділігінің және сенімділігінің артқанын техника-экономикалық анықтау арқылы қарастырылады. Жылыту жүйесі салқын мерзімде жұмыс атқарады. Қазақстанда жылыту мерзімі 15-ші қазаннан 15-ші сәуірге дейін қосылады. Жылыту жүйесін жобалауда сыртқы ауаның есепті температурасы ретінде ҚНжЕ 2.04-01-2001 құрылыстық климотология бойынша ең салқын 5 күндік қабылданады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазандықтарды көптеп қолдану қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Сондықтан еліміздегі энергетикалық бағдарлама бойынша кішігірім станциялардың орнына үлкен станциялар салынуда, мұның өзі отынды тиімді пайдалануға және отынды аз мөлшерде өндіруге әсерін тигізеді.
Курстық жұмыстың мақсаты:
oo Ағайын кешенін жылумен қамтамасыз етуде жылыту жабдықтарын таңдау және есептеу.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Зерттелетін нысан сипаттамасын беру;
- Жылумен қамту жабдықтарының түрлерін зерттеу;
- Жылумен қамту жабдықтарын таңдау және есептеу;
- Зерттеу нысаны: "Ағайын" кешенінің жылумен қамту жабдықтары.

ӘДЕБИ ШОЛУ

1.1 Жылумен қамдау жүйелерінің классификациясы

Жылумен жабдықтау - тұрғын үйлерді, қоғамдық және өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ, тұтынушыларды жылутасығыштар (ыстық су немесе бу)арқылы жылумен қамтамасыз ету; тұрғын, қоғамдық және өнеркәсіпті ғимараттар мен технологиялық тұтынушыларға жылыту, ауа алмастыру, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жылутасығыштың (ыстық су не бу) көмегімен жылумен жабдықтау. Бұл жүйенің жылулық көзі ретінде пайдалы әсер коэффициенті жоғары болатын, жылутасығышты жылулық тораптар арқылы 10-15 км қашықтыққа дейін
тасымалдайтын, құбыр диаметрі 1000-1400 мм болатын жылуэнергоорталығы немесе ірі қазандық орындары қызмет жасайды. ЖЭО-ның қуаты 1000-3000 МВт, қазандықтардың қуаты 100-500 МВт. Ірі орталықтандырылған жылумен қамдау жүйелері бірнеше жылу көздерінен тұрады.
Орталықтандырылған жылумен қамдау жүйелеріне біріңғай гидравликалық, жылулық режим және ортақ басқару жүйесі өзара байланысқан ғимараттарды жылумен қамдау жүйелері де кіреді. Жылумен жабдықтау жылу көзінен жылу тасығышты тұтынушыға жеткізетін жылу торабынан және жылу тұтынатын қондырғылардан тұрады. Жылумен жабдықтау бір орталықтан жылумен жабдықтау және жергілікті жылумен жабдықтау болып ажыратылады. Бір орталықтан жылумен жабдықтау жылуды өндіру орнынан тысқары орналасқан көптеген тұтынушыларға жылу жеткізуді қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайда қала мен өндіріске қажетті жылу көзі ретінде жылу электр орталықтары (ЖЭО) және жылыту қазандықтары кеңінен таралған. Бір орталықтан жылумен жабдықтау жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіне қарағанда отынды едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Оның құрамына жылу көзі (қазандық немесе ЖЭО) және жылуды тұтыну орындарына жеткізіп беретін құбырлар кіреді.
Жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерін дербес (цех, бөлме немесе пәтер дербес жылу көзінен, соның ішінде пеш арқылы жылумен қамтамасыз етіледі) және жеке (әрбір ғимарат өзінің жылу көзімен жабдықталады, оны ғимаратты орталықтан жылыту деп атайды) жылумен жабдықтау түрлеріне ажыратады. Қалаларда көп қабатты үйлерді салуға көшкенде КСРО-ның экономикалық жағдайында технико-экономикалық зерттеулер нәтижесінде пешпен жылыту және дербес жылу көздері - жеке үйлердегі жергілікті қазандықтар қажет емес деп табылды. Әрбір ғимарат жылу тұтынудың бірлігі сияқты, орталық жылу көзінен жылу алатын болды.
Жылутасығыш (су немесе бу) тұтынушылардың жылыту жүйесіне құбырлар мен арнайы қондырғылардан (сорғы стансалары, жылу тарату орындары, реттеу түйіндері және басқалар) тұратын жылу тораптарының жүйесі бойынша тасымалданады. Қазіргі жағдайда бу жылутасығыш ретінде негізінде кәсіпорындардың өз мұқтаждығына пайдаланады, тек кейбір жағдайларда (жол - жөнекей) өндірістік ғимараттарды жылытуға қолданылады. Іс жүзінде жылыту, желдету (ауаны баптау - кондиционирование) және тәсілдемелік мақсат үшін жуынатын және ас бөлмелерді ыстық сумен қамдау үшін қыздырылған суды пайдалану қалыптасты. Жылумен қамдау жүйелері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған деп бөлінеді. Кішкене елді мекендерінде және көбінесе жеке меншік үйлер салынған қаланың кейбір аудандарында орталықтандырылған емес жылумен қамдау жүйелері (ОЕЖҚЖ) қолданылады, оларда жылу көздері және тұтынушылардың жылу қабылдағыштары бір үй-жайда болады немесе жылытылатын ғимаратқа жалғай салынады, сирек жылытылатын ғимаратқа жақын орналастырылады[1].
Орталықтандырылған емес жылумен қамдау жүйелері екі түрге бөлінеді:
а) Дербес цех аумағы, бөлме немесе пәтер жеке жылукөзінен (оның ішінде пештерден) жылумен қамдалады;
б) Жергілікті - әрбір ғимараттың өз жылу көзі (ғимаратты орталық жылыту деп аталатын) болады.
Қазақстанда қалалар мен қала типті ауылдарда орталықтанған жылумен қамдау жүйелері (ОЖҚЖ) дамыды.
Орталықтандырылған жылумен қамдау жүйесінің орталықтану дәрежесі әр
түрлі:
а) Топтық - ғимараттар тобын жылумен қамдау;
б) Аудандық - қала ауданын жылумен қамдау;
в) Қалалық - бірнеше ауданды жылумен қамдау;
г) Қала-аралық - бірнеше қалаларды және қала типті ауылдарды жылумен қамдау.
Орталықтандырылған жылумен қамдау жүйесінде жылу бөлек тұрған жылукөздерінде өндіріледі, одан жылутасығыш құбыр жүйелері (жылу торабы) бойынша қызмет етілетін ғимараттардағы жылуқабылдағыштарға немесе жылу тарату орындарына тасымалданады.
Жылумен қамдау жүйелері жылуды өндіріп өнеркәсіптік кәсіпорындарға, әлеуметтік ғимараттарға және тұрғын үйлерге тасымалдайды.
Жылулық жүктемелерді былай бөлуге болады:
а) Маусымдық;
б) Жылбойлық.
Маусымдық жүктеменің өзгеруі ең алдымен ауа райының жағдайына байланысты, оның ішінде сыртқы ауа температурасы негізгі рөл атқарады. Маусымдық жүктемеге жылыту, желдету және ауаны баптау жатады. Жылыту мен желдету - қысқы жылулық жүктемелер. Ауаны баптау жазда қолданылады, ол үшін суық қажет, оны абсорбциялық тоңазытқыш машиналарда алады. Бұл машиналарға суық алу үшін жылулық керек. Жылыту кезеңнің ұзақтығы орташа тәуліктік температураның орнықты +8 0C және төмен болған күндер саны бойынша анықталады. Бұл температура жылыту кезеңнің басын және соңын анықтайды. Бірақ қазіргі ғимараттар құрылмалары сыртқы температура +12 0C-тан төмен болғанда оларды ұзақ уақыт жылытусыз қалдыруға мүмкіндік бермейді, себебі бұл ішкі температураны төмендетіп халыққа ыңғайсыздық тудырады.
Жылыту жүйелері - бұл қондырғы мен элементтердің, яғни бөлме ішіндегі ауаны қыздырып, берілген температурада ұстап тұру құрылымымен үйлесуі.
Жылутасығыш түріне байланысты жылумен қамдау жүйелері сулық және булық болып бөлінеді. Булық жүйелер. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды бумен қамдауда бу құбырлармен шық құбырларынан тұратын жүйелер қолданылады. Бу құбырлары арқылы бу тәсілдемелік жылуқабылдағыштарға жеткізіледі. Шық құбырлары арқылы тәсілдемелік құбылысында будың салқындауы нәтижесінде алынған шық толығымен немесе ішінара жылукөзіне қайтарылады. Кейбір тәсілдемелік құбылыстар шықты жылукөзіне қайтармай жұмыс істейді. Сулық жүйелер. Жылутасығышты жылукөзінен тұтынушыға дейін, әдетте екі құбырлы жылу торабы бойынша тасымалданады. Кейде үш құбырлы жылу тораптары қолданылуы мүмкін, мысалы, тәсілдемелік жүктемені бөлу үшін. Екі құбырлы жылу торабында бір құбыр бойынша (жеткізетін) қыздырылған су тұтынушылардың абоненттік түйіндеріне келеді, басқа құбыр бойынша жылыту аспаптарында салқындаған су жылукөзіне қайтады. Қазақстан қалаларында жылу торабының жеткізу құбырлары, әдетте, жер астында құрама темірбетон арналарында немесе жер үстінде арнайы темірбетон тіректерде болады.
Құбырлар тотықтырмайтын және жылу оқшаулағыш жабындымен қорғалады. Жер асты суы болса оған қарсы шаралар қолданылуы мүмкін. Сулық жүйелер тұтынушылардың ыстық сумен қамдау жүйесіне қосу сүлбесіне қосуға байланысты жабық және ашық деп бөлінеді. Жабық жүйелерде (1 сурет) жылутасығыш (су) жылу торабының тұйықталған контурында айналады, тікелей жүйеден су алу рұқсат етілмейді. Жуынатын, ас бөлме, тәсілдемелік құбылыстарды ыстық сумен қамдау екінші контурдан қамтамасыз етіледі, онда су-сулық қыздырғышта жылулық торап суымен (тораптық сумен) қыздырылған қалалық су құбырының суы айналады. Су-сулық қыздырғышта және қызатын жылутасығыш су жеке тұтынушыларға немесе тобына (тұрғын квартал, ауданша, ірі ғимарат, зауыт корпусы) қызмет ететін жылулық орында қондырылады[2].

1 сурет - Ыстық сумен қамдаудың бір нұсқасының сұлбасы тізбектеліп қосылғын екі сатылы су-сулық қыздырғышы бар жылулық орын үшін: 1 - ішетін су құбырының суы; 2 - төменгі саты су-сулық қыздырғыш; 3 - айналу сорғысы; 4 - температура реттегіш; 5 - шығыс реттегіш; 6 - элеватор; 7 - жоғары саты су-сулық қыздырғыш; 8 - ыстық су алу шүмегі; 9 - ғимарат жылыту аспаптары.
Жабық жүйелерде су ысырабын жылукөзде механикалық қоспадан және тұздардан су дайындау цехында тазартылған және газдан тазартқышта оттектен тазартылған толықтыру суымен толтырылады. Жабық жүйелерде параллель құбырлардың саны екіден кем болмау керек.
Ашық жүйелерде (2 сурет) ыстық сумен қамдау үшін су алу тікелей жүйеден тұтынушылардың абоненттік кіруінде болады.

2 сурет - Ыстық сумен қамдаудың ашық жүйесіндегі ғимараттың жылулық орнының сұлбасы: 1 - диафрагма; 2 - кері клапан; 3 - элеватор; 4 - араластырғыш - температура реттегіш; 5 - ыстық су алу шүмектері (кран); 6 - жылыту аспаптары;
Екі жүйе жұмысын іс жүзінде барлық жағдайларда ескере отырып салыстыра оларды шамамен бірдей деуге болады. Жылутасығыш пен жылумен қамдау жүйелерін таңдау тікелей жылу көзіне және жылу жүктемелерінің түрлеріне байланысты. Жылумен қамдау жүйелерін қиындатпаған дұрыс. Егер жылу жүйелері оңай болса, құралғылары арзан әрі пайдалану кезінде сенімдірек болады. Егер ауданның жылу жүктемелері тек қана жылыту, желдету және ыстық сумен қамдаудан тұрса, онда жылумен қамдауда екі құбарлы сулық жүйе қолданылады. Егер ауданда жылыту, желдету және ыстық сумен қамдау жүктемелерінен басқа технологиялық жүктемелер болса, онда үш құбырлы сулық жүйелер қолданылады.Жылумен қамдау жүйелерін және жылутасығыш параметрлерін таңдағанда экономикалық және технологиялық көрсеткіштер (жылу көзі, торап, абоненттік қондырғылар) ескеріледі. Энергетикалық жағынан буға қарағанда су тиімдірек.
Жылутасығыш ретінде судың бумен салыстырғандағы артықшылықтары:
1) жылу пайдаланудағы үлкен меншікті аралас электр өндірулігі;
2) ЖЭО шықтың сақталуы;
3) жылумен қамдау жүйесіндегі жоғары ПӘК;
4) сулық жүйедегі жоғары аккумуляциялау қабілеттілігі.
Жылутасығыш ретінде судың кемшіліктері:
1) тораптық суды айдауда көп мөлшерде электр энергиясының шығыны;
2) апатарға жоғары сезімталдығы;
3) жылутасығыштың жоғары тығыздығы[3].
1.2 Жылыту жүйелерінің элементтері

Жылыту жүйелерінің негізгі элементтерінің бірі - жылыту аспаптары, олар жылу тасымалдағыш жылуын бөлме ауасына беруге арналған. Жылыту аспаптары ғимараттың бөлмелеріндегі сыртқа жоғалатын жылудың орнын толтыру үшін және комфорттық жағдайларды ұстау үшін қажет, оларға келесі жылу техникалық талап қойылады: аспап қабырғасының бірлік ауданы арқылы бөлмеге жылутасымалдағыштан неғұрлым көп мөлшерде жылу ағынын алып беруі қажет. Сонымен қатар аспаптар төзімді, тасымалдауға ыңғайлы, су өтпейтін болу керек.
Жылыту қондырғыларының түрлері құрылымына, беттік жылу беру әдісіне байланысты анықталады. Олардың негізгі алты түрге бөлінеді:
1) Сыртқы бетінің сипаттамасы бойынша жылыту қондырғылары тегіс бетті (радиаторлар, панельдер, тегісқұбырлы) және бұдыр бетті (конвекторлар, бұдырлы құбырлар, калориферлер) болып келеді.
2) Материалы бойынша, жылыту қондырғыларының неден жасалғанына байланысты, металдық, біріктірілген және металдық емес қондырғылар болып бөлінеді. Металдық қондырғылар шойын және болаттан болады. Біріктірілген қондырғыларда бетондық және керамикалық массив, яғни шойын және болаттық қыздыратын элементтерден жасалған.
3) Биіктігі бойынша барлық жылыту қондырғыларын бөлуге болады: ұзын (600мм-ден жоғары), орташа (600-400мм) және төмен (400мм-ден төмен). Егер биіктігі 200мм-ден төмен болса, ол ернеулік болып саналады. 1.2 суретте жылыту қондырғыларының бес түрі келтірілген.
а) Радиатор - конвективті-радиационды жылыту қондырғысы, ол жылутасымалдағыш циркуляциялануы үшін ішкі каналы бар секциялардан тұрады. Радиатордың жылуы сәулелену, конвекциялану және жылуөткізгіштігі арқылы беріледі; радиатор қара түске боялған болса, сәулелену арқылы берілетін жылудың үлесі артады. Радиатор жылытылатын бөлмеге бар жылуының 25% сәулеленуін береді[4].

3 сурет - Жылыту қондырғыларының схемалары

а) радиатор; ә) панель; б) конвектор; в) бұдырлы құбыр; г) тегісқұбырлы қондырғы
ә) Панель - аз тереңдіктегі конвекциялық-радиациялық типті, фронт бойынша саңылаулары жоқ қондырғы. Панельдің радиаторға қарағанда сәуле беруі жоғарырақ. Жылытылатын панель жылутасығышқа байланысты тегіс, жай бұдырлы немесе толқынды бетті, колонкалы немесе ирек каналды болады.
б) Конвектор - екі элементтен, яғни қабырғалы қыздырғыш және қаптамадан тұратын конвектив типті қондырғы. Конвектор жылытылатын бөлмеге бар жылудың 75%-дан кем болмайтын жылуын береді.
в) қабырғалы құбыр - конвективті типті ашық орнатылған, ішкі жылу беру беттерінің ауданы ішкі жылуқабылдау беттерінен 9 есе көп болуы.
г) тегіс құбырлы - бірнеше болаттық құбырлардың бірігуінен тұратын, жылу тасымалдағыш үшін формалары қабырғалы каналдар және ирек болып келетін қондырғы.
Қоғамдық ғимарат бөлмелеріне орнатылатын жылыту аспаптары шойыннан немесе алюмийниден жасалған (3 сурет) қолданылады. Бұл жылыту аспаптарын сыртқы қабырға тұсына, әдетте терезе астына орнатады, себебі терезеден келетін суық ауа ағындарына тосқауыл болады. Жылыту аспаптарын орнату кезінде оларды оңай қарайтын, тазартатын жөндейтін жағдайлар болу керек. Жалпы жылу аспаптарының есебінің мақсаты - жылыту аспаптары бөлмеден жоғалатын жылу мөлшерінің орнын толтырып тұруға жеткілікті қызу шығаратын бет ауданын табу.
Жылутасымалдағыштан жылу бөлмеге жылыту аспаптарының қабырғасы арқылы беріледі. Жылыту аспаптарының бет ауданына, оның түріне, орнатылған орнына, қабырғаларға қосылу сүлбесіне және басқа факторларға байланысты болады. Көптеген қыздыру аспаптарының пішіні өте күрделі болғандықтан жылу алмасу коэффицентерін (α1 және α2) жұмыс істеу шарттарына жақын жағдайда тәжірибе жасау арқылы анықтайды. Жалпы алғанда жылыту аспаптарының жылу беріліс коэффиценттері аса үлкен болмайды[5].
1.3 Сулы жылыту жүйелері

Қазіргі таңда сулы жылыту жүйесі барлық жылыту жүйесі ішіндегі ең кең таралған жүйе. Бұл жүйеде жылутасығыш ретінде су немесе қатпайтын сұйықтық қолданылады. Жылутасығыш кезеңдік буын, себебі радиатордың беттік жылуы арқылы алмасуы, ал одан ауаға берілуіне байланысты. Сулы жылытудың булы жылытудан айырмашылығы су сұйық күйде, яғни біршама төмен температурада болады. Бірақ сулы жылыту кезіндегі радиаторлардың габариті бумен жылытуға қарағанда үлкен. Сондай-ақ су арқылы жылу алмасу кезінде үлкен арақашықтықта судың температурасы біршама төмендейді. Сондықтан қазіргі кезде біріктірілген жылыту жүйесі қолданылады: қазандықтан ғимаратқа дейін жылу бу арқылы келеді және жылуалмастырғыш арқылы жылуы радиаторларға келетін суға беріледі. Сулы жылыту жүйесінде су айналымы табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи айналым кезінде су қарапайым және осыған байланысты сенімді, бірақ жүйені дұрыс жобалауға тәуелділігіне байланысты жоғары емес эффекттивтілікті көрсетеді(4 сурет) [6].

4 сурет - Табиғи және жасанды айналмалы сулы жылыту жүйелері

Су жылыту қазандығында қыздырылып, негізгі тіреуіш арқылы кеңейтілген бакқа қарай көтеріледі. Кеңейтілген бак жүйенің ең жоғарғы бөлігінде орналасқан. Осыдан кейін су бөлінетін құбыр арқылы қызған тіреуіштерге келеді. Қызған тіреуіш жоғарғы қабаттардан бастап төменгі қабаттарға дейін радиаторлар арқылы өтеді. Суып қалған су барлық қабаттардан құбырларға кері тіреуіштер арқылы өтеді. Кері құбыр арқылы кеткен жылу тасығыш қайта қыздырылуы үшін қазандыққа қайтады. Ыстық судың шығынын реттеу үшін радиаторға кіретін кезде тиектік клапан орналасқан. Сулы жылытудың кемшіліктері жылытуды жөндеу кезінде судың түсуінен пайда болатын ауалық кедергілер. Ол үшін арнайы түсірме клапандары қолданылады. Жылыту кезеңінің басталуы кезінде осы клапандар арқылы судың артық қысымдары шығарылады. Көп қабатты ғимараттарды жылыту жүйесімен қамдауда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жылу тораптарына жылу пунктері арқылы қосылады. Жылыту жүйесінің негізгі бөлігі жылугенератор, жылулықсымдар және жылыту қондырғылары болып табылады. Кез келген жылыту жүйесінің негізгі мақсаты радиатор, теплогенератор арқылы алынған жылуды жылытылатын бөлмеге беру[7].
Жылыту жүйесінің негізгі бөлігі жылугенератор, жылулықсымдар және жылыту қондырғылары болып табылады.
Сулы жылыту жүйесінің айналмалы сорғысы. Жылытылатын үй-жайлардағы ауа темпрературасын санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкесті ету үшін жылу беруді реттейді. Тұтынушыларға жылу беруді реттеудің тәсілдері:
а) Сандық реттеу, яғни температурасы тұрақты болғанда жылулық тораптағы су шығынын өзгерту;
б) Сапалық реттеу - жылулық тораптағы су шығысы тұрақты болғанда оның температурасын өзгерту;
в) Сандық-сапалық реттеу - екі тәсілді реттеу.
Кез келген орталықтанған жылумен қамдау жүйесінде жылу беруді реттеу сатылы болады:
а) Жылукөзінде (жылукөзінде алу торабында);
б) Жылу торабында (жылу торабынан жылыту, желдету, ыстық сумен қамдау және басқа жүйелерінде).
Жылукөзінде реттеу орталық, ал жылу торабында реттеу жергілікті деп аталады. Қазақстан қалаларында істеп тұрған орталықтанған жылумен қамдау жүйелерінде орталық реттеу сапалық түріне жатады, жылутасығыштың тұрақты шығысында тораптық судың температурасы өзгертіледі. Бұл сұйықағулық (гидравликалық) орнықтылығы төмен тармақталған және ұзын жылу торап жүйелерінде орнақты сұйықағулық тәртіпті ұстау қажет. Сыртқы ауа температурасына байланысты жылутасығыш температурасы өзгереді. Тұтынушы кез келген мезгілде алған жылу жылытылатын үй-жайда санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес температураны қамтамасыз ету жеткілікті болу керек[8].

2 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

2.1 Зерттеу нысанының сипаттамасы

Ағайын ғимаратының сипаттамасы
Жобалау негізінде алынған ғимарат - Ағайын кешені. Кешен
Алматы қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ауданы - 248м2.
Ағайын кешені мынадай бөліктерден тұрады:
- жылыту жүйесімен қамдалатын жертөледен;
- жылыту жүйесімен қамдалатын бірінші қабаттан;
- жылыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылыту жүйелерінің элементтері
ҒИМАРАТТАРДЫ ЖЫЛУМЕН ҚАМДАУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Астана қаласындағы «Сарайшық» көп қабатты ТК жылыту жүйесі
Энергия үнемдегіш технологияларды қолданып тұрғын кешенін жылумен қамдау жүйесін жасау
Негізгі жылу шығындары
Құрылыс индустриясы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының газбен жабдықтау жүйесі
Өрттің шығуы
Қазандықтың жылу өндірулік шығыны
Алматы қаласының Республика сарайын жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің тиімді нұсқасы
Пәндер