Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру мәселесінің ғылыми әдебиеттерде талдануы
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ӘОЖ 331.361 Қолжазба құқығында
Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі танумамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру
6М012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Алматы, 2018
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
БАКАЛАВРИАТТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУМАМАНДЫҒЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1. Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру мәселесінің ғылыми әдебиеттерде талдануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.2. Қазақстан Республикасында Әлеуметтік педагог және Өзін - өзі тану мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім берудің ресми - нормативтік құжаттарының мәні және білім беру бағдарламасын дайындаудың ғылыми теориялық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
0.3. Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының құрылымдық - мазмұндық моделі ... ... ... ... ... ..
БАКАЛАВРИАТТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ МАМАНДЫҒЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Жоғары кәсіби білім (беру мазмұны және оны жетілдірудің қазіргі заманауи әдістемелік мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Әлеуметтік педагог және өзін өзі тану мамандығындағы білім беру бағдарламаларын жетілдірудің әдістері мен формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
2.3 Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі танумамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру және жүзеге асырудың тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары және оның нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі нормативтік құжатттарға сілтемелер қолданылған:
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 07.12.2010 ж.,ҚР Президентінің № 1118 Жарлығы, Астана.
Қазақстан Республикасының 2007 жылы 27 шілдеде № 319-III ҚРЗ бұйрығымен бекітілген Білім туралы заңы, Астана, Ақорда және 2011 жылғы 24 қазанында бұйрыққа толықтырулар мен өзгертулер енгізілген № 487 - ІV ҚРЗ, Астана, Ақорда.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік Білім бағдарламасы. - Астана, 01.09.2006 ж., ҚР президентінің №1996 Жарлығы.
ҚР Президентінің Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 қаулысымен.
Анықтамалар
Диссертацияда келесі анықтамаларға сәйкес терминдер қолданылды:
Жоғары оқу орны компоненті - мамандықтың білім беру бағдарламасы шеңберінде игеру үшін, арнаулы оқу орны анықтайтын оқу пәндерінің тізбесі және кредиттердің тиісті көлемі;
Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарты - жоғары білім беру құрылымын, мазмұнын және жоғары білімнің негізгі бағдарламаларының көлемін анықтайтын құжат.
Жоғары арнаулы білім - нормативті оқу мерзімі кемінде 4 жыл, теориялық оқудың кемінде 161 кредиті және кәсіби практиканың кемінде 6 кредиті міндетті түрде меңгерілетін, тиісті мамандық бойынша біліктілікті бере отырып мамандар даярлауға бағытталған жоғары білімнің білім беру бағдарламасы;
Бакалавриат - білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім;
Элективті пәндер- каталогы зерттеу мақсатын, қысқаша мазмұнын (негізгі бөлімдер) және зерттеуден күтілетін нәтижелерді (студенттердің алатын білімін, іскерлігін, дағдысы мен құзыреттерін) көрсете отырып, пәннің қысқаша сипаттамасын қамтитын таңдау компоненттері бойынша барлық пәндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі.
Таңдау компоненті - жоғары оқу орны ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде студенттердің өздері таңдай алатын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің (немесе академиялық сағаттардың) ең аз көлемінің тізбесі.
Құзыреттер - студенттердің оқыту процесі кезінде алған білімін, іскерлігін және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті.
Міндетті компонент - үлгілік оқу жоспарында белгіленген және білім беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің ең аз көлемінің тізбесі.
Оқу жұмыс жоспары - мамандық бойынша үлгілік оқу жоспары мен студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде білім беру ұйымы дербес әзірлейтін оқу құжаты.
Үлгілік оқу бағдарламасы - оқу мазмұнын, көлемін, ұсынылатын әдебиетті анықтайтын және білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандықтың үлгілік оқу жоспарының міндетті компонентіндегі пәннің оқу құжаты.
Үлгілік оқу жоспары - Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші мен осы стандарт негізінде әзірленетін, міндетті компонент пәндерінің тізбесі мен кредиттердің ең аз көлемін және практиканың, қорытынды аттестаттаудың барлық түрлерін көрсете отырып, пәндер циклі бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы мен көлемін регламенттейтін, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін оқу құжаты.
Жоғары оқу орны компоненті - мамандықтардың білім беру бағдарламасы шеңберінде игеру үшін ӘАОО дербес айқындайтын оқу пәндері мен кредиттердің тиісті көлемдерінің тізбесі.
Білім беру бағдарламасы - білім беру мазмұны мен оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктерін сипаттайтын білім беру меемелерінің нормативтік - басқару құжаттары.
Оқу курсы - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізген пән, сонымен қатар қосымша және ұсынылған пән, ЖОО-да игеру үшін сәйкес оқу жоспарында белгіленген және ғылым мен әрекет саласынан іріктеліп алынған білім, білік және дағдылардың дидактикалық негізделген жүйесі.
Кредит (Credit, Credit - hour) - студенттердің мұғалімнің оқу жұмыс көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі.
Кредиттік оқыту технологиясы - пәндер бойынша сабақ жүргізуге жекелей жоспарлау негізінде өздігінен білім алудың және жекелендіру арқылы білімді шығармашылықпен игеру арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекше тәсілі.
Білім алушылардың өздік жұмысы - дидактикалық міндеттерді өздігінен орындауға бағытталған, танымдық әрекеттерге қызығуын қалыптастыруға, ғылымның белгілі бір саласы бойынша білімдерін толықтыруға бағытталған білім алушының ерекше оқу әрекеті.
Оқытушымен біріккен студенттің өзіндік жұмысы - арнайыкөрсетілген мерзімде белгілі бір дидактикалық мақсатты орындауға тиісті оқытушының басшылығымен ұйымдастырылып жүргізілетін білімді өз бетінше іздеуге, меңгеруге, бекітуге,іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру және дамытуға, алған білімдерін жинақтау және жүйелеуге бағытталған студенттердің іс-әрекеті.
Силлабус (Syllabus) - оқытылатын пәннің сипаттамасынан, мақсаттары мен міндеттерінен, оның қысқаша мазмұнынан, әрбір сабақтың тақырыбы, өз бетінше жасалатын жұмыс тапсырмаларынан, кеңес уақытынан, мұғалімнің талаптарынан, бағалаудың өлшемдері мен ережелерінен, аралық бақылау түрі, оның кестесі мен әдебиеттер тізімінен тұратын оқу-әдістемелік кешені.
Құзыреттілік - жалпы адамның өз ісін жақсы білу арқылы сапалы қызмет ету қабілеттерін білдіретінжеке бастың білім, білік, дағдысының жиынтығы.
Жеке оқу жоспары - үлгілік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің әр оқу жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары.

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігіҚазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылғы Қазақстан-2050 жолдауының негізінде қоғамдық өмір салаларының, соның ішінде білім саласының бірқатар стратегиялық жоспарлары мен бағдарламалары қабылданды. Соның бірі болып саналатын Қазақстан Республикасының 2020 жылдарға дейінгі стратегиялық даму жоспарында адамзат дамуын қамтамасыз ететін Ұлттық білім беру жүйесін құру және оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру мақсаты қойылған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруға байланысты 2005 жылдан бастап Ұлттық білім беру моделін құру теориялық-әдіснамалық тұрғыда жан-жақты зерделене бастады [1].
Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарға арналған бiлiм берудi дамытудың мемлекеттік бағдарламасында жоғарғы бiлiм берудiң мақсаты - алған бiлiмiнiң, кәсiби дағдыларының негiзiнде өмiрдiң өзгермелi жағдайларында еркiн бағдарлай алатын, алған бiлiмiн толықтырып, дамытуға, сол арқылы өз мүмкiндiктерiн iске асыруға және адамгершiлiк тұрғыда өзбетiнше дұрыс, жауапты шешiм қабылдауға қабiлеттi тұлға қалыптастыру екендiгi көрсетiлген [2].
Студенттер оқу үрдісіндегі басты субъект болғандықтан назардың барлығы оның тұлға ретінде қалыптасып, дамуына аударылады. Осы тұрғыдан алғанда бiлiм берудi дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жалпы білім берудің басым бағыттарын, яғни студенттер пен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгісін оқу үрдісінде қалыптастыру, оның оқыту әдістерінің үйлесімділігі негізінде жүзеге асырылуын анықтап беріп отыр. Бұл басым бағыттар жоғары оқу орнында әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мамандықтарының тұлғасын қалыптастыруды жетілдіруге негіз болады.
Білім саласында қазіргі кездегі жаңғырту үдерістері ең алдымен XXI ғасыр тұлғасы мен оларды тәрбиелейтін педагогтардың ұлттық және трансұлттық білімдік кеңістіктердегі орны мен роліне, жаһандану жағдайында халықаралық өзара әрекеттестікке дайын болу тұрғысынан жүргізілуде.
Өйткені жаңа жағдайда әлеуметтік педагог алдында жалпыадамзаттық демократиялық және гуманистік құндылықтар негізінде бір адамнан өз елінің білімді, саналы азаматын және әлем азаматын тәрбиелеу міндеті тұр. Мұндай тұлға интеллектуалды, дүние - та - ны - мы кең, жаңаша ойлау қабілеті жоғары, білімге құш - тар - , отансүйгіштік қасие - ті қалыптасқан, бәсекеге қабілетті болуымен қатар, ел эко - номикасын, мәдениетін алға тартатын, ұтқыр күш, әлеует ретінде қалыптасуы тиіс.
Еліміз енген Болонья жүйесі бойынша педагогтарды кәсіби дайындау үдерісі де осы мәселенің бізде таралуының көрінісі. Бұл ретте оқытудың барлық деңгейінде білім мазмұнының қайта қаралып, технологияларының жаңғыртылуы сапаға бағытталу мен нәтижеге қол жеткізудің бірден - бір жолы. Осыған орай жоғары білімнің нәтижесі болып табылатын болашақ маман бойында жаһандық білімге қатысты құзыреттіліктер қалыптастыру өзекті мәселе қатарына жатады.
Білім беру саласы алдында тұрған бұл мәселені тиімді шешудің нормативтік - құқықтық негіздерін Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы жоғарғы педагогикалық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайын Қазақстан халқына ұсынатын Жолдауының стратегиялық бағдарламалары құрайды.
Әлеуметтік педагог және өзін өзі тану мамандарын мәселесі біздің елімізде соңғы жылдары зерттеліп отыр десек те болады. "Әлеуметтік педагог" термині алғашқы рет ХІХ-шы ғасырдың ортасында неміс педагогы А. Дистервергпен қолданылған. Әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуына ықпал еткен неміс философы және әлеуметтанушысы П. Наторп (1854-1924), ол әлеумттік педагогиканың негізгі пәні деп қоғамға тәрбиелік іс-әрекеттер арқылы әсер етіп, халықтың мәдениетінің деңгейін көтеруді жатқызады. Қазіргі таңда әлеуметтік педагогика қарқынды дамудағы ғылымдардың қатарында болып саналады, себебі қоғамның қалыптасуы мен дамуына байланысты бұл мамандыққа сұраныс көбеюде, әсіресе қоғамның әлсіз көмекке мұқтаж адамдардан сұраныс өте жоғары. Осы себептен бұл мамандықтың дамуына көптеген мемлекеттерде көңіл бөлінуде
80-ші жылдары қоғамға әлеуметтік-педагогикалық көмекті көрсете алатын мамандарды даярлауға сұраныс жоғарылады. 1991 жылы "Әлеуметтік педагогика" мамандығын бекітілді. И.А. Липскийдің тұжырымы бойынша әлеуметттік педагогика қоғамдағы кекілжіндерді алдын ала болжай алатын, және қоғам мен тұлғаны ортақ жүйеге біріктіруші қызметін атқарады деп санады[]. Жаңа мамандыққа кіріспе атты әдіснамалық хатта әлеуметтік педагог ол қоғамдағы кекілжінді алдын ала болжап, қандайда бір қиындықтарды тудыратын, негативті мәселелерді шешіп, қоғам мен тұлғаға ыңғайлы ортаны қалыптастырушы болып табылады делінген [].
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында әлеуметтік педагогиканың қалыптасу тарихы Өзін-өзі тану пәнімен тығыз байланысты. 7 қазан 2009 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметімен тарихи елеулі шешім қабылданды, шешімнің мақсаты бойынша 2010 оқу жылының өзін-өзі тану пәнің мектепке дейіңгі мекемелерге, білім беру мекемлеріне, жалпы білім беру мектептеріне, колледждерге, және педагогикалық жоғарғы оқу орындарына жалпылай еңгізу болып табылды.
Бөбек ҰҒПББСО фондының құрамындағы шығармашыл ұжымы, оның ішінде белгілі ғалымдар, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, әдістемешілер және новатор-ұстаздардың бірігуімен өзін-өзі тану пән жобасының негізгі ұстанымдары, құрамы және құрылымы, мазмұны анықталынды.
Өзін-өзі тану курсының бағдарламасының мазмұнына адамның рухани адамгершілік аспектілері негіз болды. Оларға: интеллектуалды, этикалық (этикет және өмір этикасы), эстетикалық жатқызылды. Өзін-өзі тану пәнің жалпылай еңгізу негізінде білім беру үдерісінің оқу-әдістемелік құрылымы келесідей дайындалды: нормативті-құқықты құжаттар (білім беру стандарты және пәнің білім беру бағдарламасы); барлық рухани-адамгершілік деңгейдегі білім беруге оқу-әдістемелік комплекстер; қағаз бен электронды күйде дидактикалық материалдар; адамның рухани-адамгершілік негізінде білім алуға арналған әдістемелік әдебитеттер мен кітапханалар жасалынды.
ҚР-ның орта және жоғары білімдегі мамандарды дайындаудағы классификаторға Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану жаңа мамандығы еңгізілді. 5В012300 бакалавр мамандығына - әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану жоғары білім беруге арналған ҚР МЖМБС құрастырылды және ҚР МЖМБС 5М012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану магистратура мен докторантураға құрылды. Осы сәттен бастап Әлеуметтік педагог түсінігі Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану түсінігіне ауысты. Сонымен қатар, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығына арналған Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ білім беру стандартында бұл мамандықта оқытылатын маман иесі оқылған пәндер негізінде басқарушы құзыреттілікке ие болуы қажет, алайда басқаруға қатысты тек бір пән оқытылады, біздің ойымызша мұндай құзыреттілікті қалыптастыру үщін бір пән негізінде өте аз (ҚР МЖМБС 6.08.079-2010 Ресми басылым, Астана).
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 2010 жылдан бастап, Қазақстан Республиксының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын: бакалавр 5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі танумамандығы бойынша даярлауда, оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, оқуды аяқтаған жағдайда Әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану квалификациясы беріледі. Студенттердің білім беру траекториясы мен жеке оқу жоспарына сәйкес пәндер өз бетінше таңдалынады. Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының мазмұнына төмендегі пәндер алынады:
-Педагогика;
-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану тарихы;
-Салыстырмалы педагогика;
-Әлеуметтік педагогика;
-Әлеуметтік психология;
-Әлеуметтік-педагогикалық диагностика;
-Физиология;
-Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру;
-Өзін-өзі тануды оқытудың әдістемесі;
-Даму психологиясы;
-Білім берудегі психология;
-Этнопедагогика;
- Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі;
Аталған мамандық бойынша мамандарды даярлауда жалпы педагогиканың мынадай теориялық мәселелері басшылыққа алынды: студенттердің кәciби ic-әpeкeткe дaяpлығын қaлыптacтыpу жәнe өзiн-өзi әpi қapaй үздiкciз бiлiм aлу apқылы дaмытуының мoдeлiн құpылымдaу (C.И.Apxaнгeльcкий, A.A.Вepбицкий , В.A.Cлacтeнин және т.б.);маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздері, мамандықтың мәні, өзіндік ерекшеліктері мен қызметтері және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсыну (Ю.К.Бабанский , Н.В.Кузьмина, В.В.Сериков, Н.Д.Хмель, С.М.Кеңесбаев, К.М.Беркімбаев Ұ.М. Әбдіғапарова, және т.б.); білім алушылардың танымдық, коммуникативтік әрекеттерінің түрлері мен оларды белсендіру мәселелері (Қ.Б.Жарықбаев, Н.Б.Жиенбаева А.Р.Ерментаева және т.б.);болашақ мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру (Ж.Ы.Намазбаева, Б.А.Тұрғынбаева, М.А.Абсатова, және т.б.); студенттерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін (Ш.Х.Құрманалина, К.С.Кудайбергенева, Г.Ж.Меңлібекова, М.В.Семёнова, С.И.Ферхожәне т.б.).
Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет - көпқырлы, көпқұрылымды және үздіксіз жүзеге асырылып отыратын күрделі үдеріс. Әлеуметтік маман білім алушылардың бойындағы адами қасиеттерді, кәсіби қабілеттерді, мамандардың өмірлік дағдылары мен шеберліктерін жетілдіріп, олардың этикалық және кәсіптік мүмкіндіктерін кеңейтудің білім беру мен қолданбалық салаларын жүзеге асырады. Әлеуметтік педагог оқытушы, студент және қоғам арасындағы тікелей немесе жанама сипаттағы көптеген әдіснамалық-педагогикалық іс-әрекеттерді шешумен айналысатын негізгі субъект болып саналады. Сол себепті ондай мамандарды даярлауды жолға қою үшін соңғы жылдары Қазақстанның педагогика саласында өркениетті елдердің әлеуметтік қызметкерлерді даярлау бағытындағы озық тәжірибелерін сараптап, оның басты міндеттері мен ұстанымдарын ғылыми тұрғыдан талдап, зерделеудің маңызы арта түсуде.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру және еліміздегі жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау жүйесінің ерекшеліктерін, отандық білім жүйесінде болып жатқан маңызды жаңарулармен байланыстыра қарастыру терең ғылыми зерттеулерге негіз болар тың мәселе.
ХХ ғасырдың басынан әлеуметтік педагогика мәселесі дербес зерттеу саласы ретінде батыстық педагогика ғылымында белсенді түрде қолға алынып, қалыптаса бастады. Бүгінде Болон келісімінің ережелеріне сәйкес, әлеуметтік қызметкерлерді даярлайтын жоғары оқу орындарының оқу үдерісін ұйымдастыру ісіне, мазмұнына, түріне және оқыту әдістеріне өзгерістер енгізуді талап етуде . Әлеуметтік педагогиканың әлемдік саяси тәжірибедегі тұжырымдары Т.С. Кун, В.Лоренц, П.Фрир , М.Багинский , М. М.Доэл, С. Шарлоу , Д.Бридж, М.Пейн сынды зерттеушілердің еңбектерінде зерделенген.
Кеңестік дәуірде әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік педагогиканың түрлі мәселелері В.Г. Бочарова, Р.А. Литвак, М.А.Галагузова, И.А. Липский, Г.Н. Филонова, М.В.Фирсов, А.В. Мудрик, Н.Ю. Клименко, Л.В. Мардахаев және т.б. зерттеушілердің еңбектерінде қаратырылды. Ал, Н.М.Воскресенская, Е.С.Новак, В.А. Мясников сынды ғалымдар өз еңбектерін шетелдердегі әлеуметтік жұмыс пен педагогикалық ізденістерді зерттеуге арнаған.
Еліміздегі және шет елдердегі білім беру жүйесінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ашып көрсетіп, салыстырмалы педагогикалық тұрғыдан негіздеп, арнайы ғылыми зерттеу жүргізген Г.Қ. Нұрғалиева, А.Қ. Құсайынов, Қ.С.Мусин, З.У.Кенесарина К.Ж.Қожахметова, Б.А.Жетпісбаева, Ә.Б.Қалиева,Ж.М.Байғожина, т.б. отандық ғалымдардың еңбектерінің маңызы зор.
Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлау мен әлеуметтік педагогтер қызметінің бағыттарын зерттеуге Г.Ж. Меңлібекова, Ш.Ж. Колумбаева, М.Т. Баймұқанова, Кумаржанова К.М., К.А. Жукенова, Л.Т. Кожамқұлова, К.Г. Какен], т.б. қазақстандық ғалымдар өз еңбектерін арнады. Ал Қ.У. Биекенов, М.С.Аженов, З.Ж.Жаназарова, Н.П.Калашникова, Ж.А.Нурбекова, І.Р. Халитова, Ғ.У.Қабекенов, С.С.Досанова секілді зерттеушілер Қазақстандағы әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыстың әдіснамасы мен тарихын, теориясы мен практикасын негіздеуге атсалысты.
Қазақстандағы әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс мәселелеріне қатысты зерттеулерге жасалған талдау бұл мәселені педагогика ғылымының тарапынан әлі де терең ізденістер жасаудың қажеттігін көрсетеді. Қазіргі таңда Қазақстандағы әлеуметтік педагогтарды даярлау жүйесін жетілдірудің маңыздылығы мен осы мәселелердің теориялық тұрғыда жүйелі түрде жүргізілмеуі арасында; уақыт талабына орай әлеуметтік педагогтарды даярлау қажеттілігінің арта түсуі мен Қазақстанда әлеуметтік педагогтарды кәсіби даярлау жүйесіндегі тәжірибенің жетімсіздігі арасында қарама-қайшылық туындап отыр. Бұл да Қазақстан Республикасы Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі танумамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру өзекті мәселелерінің бірі екендігін бекіте түседі. Аталған қайшылықтарды шешу міндеті диссертация тақырыбын Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі танумамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру деп таңдауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты. Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдірудітеориялық тұрғыдан негіздеу
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орнындағы білім беру үдерісі.
Зерттеу пәні:Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру мүмкіндіктері
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын ғылыми-теориялық және әдістемелік түрғыдан жетілдіріп, оқу-тәрбие үдерісінде ендірілсе, онда болашақ мамандарды дайындаудың сапасы арта түсер еді, өйткені маманның зерттеушілік, жоғары әдіснамалық мәдениетінің қалыптасуы, олардың түрлі әлеуметтік жүйелерде, тәжірибелік іс-әрекетінде жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық үдерістердің талабына жауап бере алады.
Зерттеудің міндеттері
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздеріне талдау жасау;
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдірудің әдіс тәсілдерін анықтау;
бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының құрылымдық - мазмұндық моделін жасау.
Зерттеудің әдiстерi:
- теориялық (зерттеу мәселесі бойынша философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге теориялық-әдіснамалық, логикалық тұрғыда талдау жасау; модельдеу);
- эмпирикалық (бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, сұрау, тестілеу, өзіндік талдау, нақты педагогикалық жағдаяттарды талдау және шешу, шығармашылық тапсырмаларын талдау,).
- зерттеу барысында айқындау және оқыту эксперименттерін жүргізуде алынған мәліметтерді математикалық және статистикалық тұрғыда өңдеу.
Жетекші идея: Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіруде, ғылыми-теориялық, тарихи-педагогикалық және практикалық негіздері ұлттық және жалпы адамзаттық құндылыққа бағдарланған, болашақ мамандардың рухани жан-дүниесін байытуға игі ықпалын тигізеді.
Зерттеудің міндеттері
1. Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру талданған ғылыми-теориялық әдебиеттерге сәйкес негіздеу;
2. Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдірудің әдіс тәсілдері анықтау;
3. Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының құрылымдық - мазмұндық моделі жасау..
Зерттеудің деректі көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасының білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша жоғары білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті Стандарты ГОСО РК 6.08.079-2010. Қазақстан Республикасында қабылданған ресми құжаттар, Бөбек ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институтының оқу-әдістемелік құжаттары, Өзін-өзі тану пәнінің ЖМББС, оқулықтыры мен ОӘК, зерттеу мәселесі бойынша отандық және шетел ғалымдарының зерттеу еңбектері.
Зерттеудің негізгі кезеңдері
Бірінші кезеңде (2016-2017 жыл) белгіленген тақырып аясында ғылыми-педагогикалық әдебиеттер, мемлекеттік білім стандарттарымен танысып, жүйелеп, зерттеудің әдіснамалық негіздері анықталды, философиялық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық және арнаулы тарихи әдебиеттерге талдау жасалды, қарастырылып отырған мәселелер бойынша зерттеуші ғалымдардың еңбектеріндегі көзқарастары айқындалды. Зерттеу жұмысының нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттері және әдістері нақтыланды.
Екінші кезеңде (2017-2018 жыл) Әлеуметтік педагогтар (бакалавр) дайындауда қолданылатын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дайындалған нормативтік құжаттар мазмұнының әлемдік стандарттарға сәйкестігін қарастыра отырып, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсететінде әлеуметтік педагогтар дайындауда қолданылатын жаңа нормативтік құжаттардың педагогикалық негіздерінің білім беру үдерісіндегі мәні мен мазмұны ашылып, болашақ маман даярлауда нормативті құжаттардың логикалық-құрылымдық жүйесі жасалды, ғылыми тұрғыда негізделді, жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері жүйеленіп, ұсыныстар, тұжырымдар әзірленді, қорытындыланды. Зерттеу барысында пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтіріліп, диссертация талап бойынша рәсімделді.

Зерттеудің базасы: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы.
Зерттеу әдістері: зерттеу міндеттерін жүзеге асыру барысында теориялық әдістерді зерделеу, салыстырмалы талдау әдістері, сауалнама алу, тестілеу, диагностикалау, мазмұндық талдау, жинақтау, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс, статистикалық-математикалық әдіс.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні
oo Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру талданған ғылыми-теориялық әдебиеттерге сәйкес негізделді.
oo Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдірудің әдіс тәсілдері анықталды.
oo Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының құрылымдық - мазмұндық моделі жасалды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелері бойынша болашақ әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімдерінің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру мақсатында жоғары оқу орындарының тәжірибесіне ендірілді.
Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында, педагогикалық колледждер мен мұғалімдердің кәсіби білімін жетілдіру институттарында пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелері негізінде қорғауға ұсынылатын қағидалар:
Әлеуметтік педагог және Өзін-өзі тану пәні мұғалімінің бойында адамгершілік, адамгершілік-құндылық, жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырып, рухани құндылықтарды бағалауға жол ашады;
Әлеуметтік педагогтар (бакалавр) дайындауда қолданылатын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дайындалған нормативтік құжаттар мазмұнының әлемдік стандарттарға сәйкестігі, болашақ маманның қоғамға деген гумандық қарым-қатынас жасауға талпынады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсететінде әлеуметтік педагогтар дайындауда қолданылатын жаңа нормативтік құжаттардың педагогикалық негіздерінің білім беру үдерісіндегі маңыздылығы, болашақ маманның тұлғалық, шығармашылық қабілетінің дамуына, білім деңгейінің артуына ықпал етеді және Өзін-өзі тану пәнін оқытудың әдістемелік мазмұнын жетілдіреді.
Болашақ әлеуметтік педагог және Өзін-өзі тану пәні мұғалімінің кәсіби тұлғасын қалыптастыруды тәжірибелік-эксперименттік жұмыста сынақтан өткізілген оң нәтижелері оның тиімділігін дәлелдеді.
Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, мақулдануы, тәжірибеге ендірілуі: зерттеу талапқа сай әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдістерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарының кезеңдігімен; ұсынылған әдістеменің тиімділігімен бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қортындылаумен, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар арқылы тексерумен және практикаға ендірумен қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижелеріні апробациялау және енгізу: Диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасы жарияланымдарында жарық көрді.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделді, ғылыми аппаратқа (зерттеудің объектісі, пәні, болжамы, мақсаттары, міндеттері, жетекші идеясы, теориялық-әдіснамалық негіздері, ғылыми жаңалығы, теориялық, практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын қағидалары, зерттеудің дәлелділігі мен негізділігі, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру) сипаттама берілді.
Бакалавриаттағы әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдірудің ғылыми-теориялық негіздері деп аталатын бірінші бөлімде болашақ әлеуметтік педагог және Өзін өзі тану мұғалімдерін кәсіби даярлаудың ғылыми теориялық теориялық негіздері талданды және Қазақстан Республикасында жоғары кәсіби білім берудің ресми - нормативтік құжаттары психологиялық-педагогикалық жағдайы қарастырылып, өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктері анықталды. Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұны қарастырылды.
Бакалавриаттағы әлеуметтік педагогика және өзін-өзі танумамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру және жүзеге асыру атты екінші бөлімде жоғары оқу орындарында болашақ маманның кәсіби дайындығын қалыптастырудың мазмұны талданып, оны жетілдіру мәселелері қарастырылды, тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері қорытылып, ұсынылған әдістеменің тиімділігі дәлелденді.
Қорытындыда ғылыми зерттеудің нәтижелері, болжамды растайтын негізгі қорытындылар және әдістемелік ұсыныстар берілді.
Қосымшада зерттеу тақырыбына байланысты сауалнамалар, элективті курстың бағдарламасы, болашақ әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімдерін даярлау мәселесіндегі маңызды ұғымдарға анықтамалар берілді.
БАКАЛАВРИАТТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ МАМАНДЫҒЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру мәселесінің ғылыми әдебиеттерде талдануы
Әлемдік жаһандану үрдісі бәсекелестік пен оның сан түрлі сындарына төтеп беруді, мемлекеттілік пен тәуелсіздікті нығайтуды талап ететіндіктен, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру идеясын ұсынды. Осы орайда зерттеуде қарастырылып отырған негізгі мәселеге қатысты әлеуметтік педагогика ғылымында білім беру жүйесіндегі бәсекеге қабілеттіліктің негіздерін қалайтын басты арналарды айқындау мақсаты нақты қойылып отыр.
Тәуелсіз Қазақстан ұстанып отырған бәсекеге қабілеттілік саясаты үшін де алдымен, шет елдердегі білім беру жүйесін зерттеу, оның тиімді жақтарын қазақстандық білім беру жүйесіне бейімдей отырып енгізу, бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындапшығару теория - практика - нәтиже құрылымын түзуді қажетсінеді. Шындығында, бәсекеге қабілеттілік - тек бүгіннің ғана емес, болашақтың стратегиясын қамтитын маңызды мәселе. Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау - педагогиканың басты міндеті..
Әлеуметтік сала мамандарын кәсіби даярлауға қатысты тұжырымдамаларға жасалған талдаулар тұлғалық, академиялық, әлеуметтік даярлау мәселелерін түрлі бағытта қарастырған зерттеулер қамтылды. Мәселен, қазақстандық ғалым С.С. Досанова әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын, жұмыс істеп жатқан жүйені мәдени бағыттылық тұжырымдамасы бойынша жетілдіру қажет деп есептейді [].
Болашақ әлеуметтік педагогтерді қиын балалармен жұмыс жасауға даярлаудың ерекшеліктері туралы зерттеген ғалым-педагог Ш.Ж. Колумбаеваның еңбегінің орны айрықша. Бұл зерттеуде болашақ әлеуметтік педагогтерді қиын балалармен жұмыс жасауға даярлауды қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары анықталған. Сондай-ақ, ғалым болашақ әлеуметтік педагогтерді қиын балалармен жұмыс жасауға кезеңдік дайындаудың мазмұны мен әдістерін тұжырымдаған [8].
М.Т. Баймұқанованың студенттердің отбасын қалыптастыруға болашақ әлеуметтік педагогтерді даярлаудың ғылыми негіздерін зерделеген еңбегінде осы мәселенің теориялық және эксперименттік жұмыс қорытындыларының нәтижелері дәйектелген. Болашақ әлеуметтік педагогтерді даярлаудағы педагогикалық үдерістің мәнін ашып көрсеткен. Бұл жұмыста ғалым әлеуметтік педагогтің студенттердің отбасылық өмірін қалыптастыру бағытындағы іс-әрекетінің мазмұны мен моделін негіздеген. Бұл еңбекте автор әлеуметтік педагогті отбасымен жұмыс істеуге даярлаудың озық педагогикалық тәжірбиелері мен ғылыми әдістемелік мүмкіндіктерін қарастырған. Зерттеушінің ғылыми жұмысындағы жаңалықтарының бірі болашақ әлеуметтік педагогтерді даярлаудың әдістемесі ұсынылған [].
Әлеуметтік педагогика саласын ғылыми тұрғыдан нақтылаушы ғалымдар жастарға қоршаған қоғамдық орта ықпалының зор екендігін айрықша атап көрсетеді. Р.И. Бурганова диссертациялық еңбегін студент жастардың мәдени бос уақытын өткізетін аймақтағы жұмысқа әлеуметтік педагогтерді дайындаудың ғылыми негіздерін айқындауға арнады. Аталмыш зерттеуде бос уақыт, мәдени бос уақыт, мәдени бос уақыт аймағындағы іс-әрекет ұғымдарының мәні ашып көрсетілген. Зерттеу тақырыбы бойынша әлеуметтік педагогтерді дайындау біртұтас сипатта педагогикалық үдеріс кезінде қалыптасатындығы дәлелденген. Ол әлеуметтік педагогтің мәдени бос уақытты өткізуді ұйымдастырушы ретіндегі келбетін айқындаса[], әлеуметтік педагогика саласындағы зерттеулер білім беру мекемелеріндегі балалар мәселесіне де бағытталуы тиістілігін, әлеуметтік-проблемалық топтарға кіретін балалар, жасөспірімдер, жастар мәселелерін зерттеу қажеттілігін де нысанаға ала отырып, мүмкіндігі шектеулі балалары бар жанұялармен істелетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс мәселесінің теориялық және практикалық жақтарымен айналысқан К.Ш.Кумаржанова [] алдымен типтік емес, мүмкіндігі шектеулі балалар ұғымдарының мәнін ашып көрсетіп, олармен жұмыс жасауды жүйелілік-кешенділік жағынан бағдарлап, тұтас педагогикалық үдеріс ретінде қарастыру керектігін пайымдаған. Нәтижесінде олармен жұмыс жасаудың әлеуметтік-педагогикалық әдістемесі дайындалған. Ғалым қоғамдағы жағдайларға шолу жасай келе, әлеуметтік қызметкердің атқаратын жұмыстарының қажеттілігі және оны дайындаудың маңыздылығы жөнінде ой түйіндейді.
Қазақстанда бұрын әлеуметтік педагог мамандарын даярлау мәселесі жүйелі түрде жүзеге асырылмады. Елімізде тәуелсіздік алған кезеңнен бастап әлеуметтік педагогика, әлеуметтік жұмыс мәселелері туындауы осы саладағы қызметкерлерді дайындаудың қажеттілігін арттыра түсті. 1999 жылы жалпы білім беретін орта мектептерде әлеуметтік педагог қызметін ендіру жағдайы қолға алына бастады. Сол уақытта әлеуметтік педагогтар орта мектеп жағдайына аса қажетті болғанмен, елдегі барлық оқу-тәрбие мекемелерін әлеуметтік педагогтермен қамтамасыз ету мүмкін болмады. Сондықтан да әлеуметтік педагогтің қызметін мектеп мұғалімдері атқарды. Осы орайда зерттеуші Г.Ж.Меңлібекова ғылыми жұмысын болашақ мұғалімдерді әлеуметтік педагогикалық жұмысқа даярлаудың жүйесін негіздеуге арнады. Зерттеуде болашақ мұғалімдерді әлеуметтік педагогикалық қызметке даярлаудың ғылыми-әдіснамалық негіздері, әлеуметтік педагогикалық жұмыстың мәні мен құрылымы қарастырылған. Болашақ мұғалімдерді әлеуметтік педагогикалық қызметке даярлаудың дигностикасы мен үлгісі айқындалып, оны педагогикалық эксперимент бойынша дәйектеген [].
Л.Т. Қожамқұлованың пікірінше, әлеуметтік жұмыс мәселесі - әлеуметтік жұмыс теориясының зерттеу нысанымен байланысты іс-әрекеттің бір түрі. Оларға әлеуметтену, әлеуметтік көмек, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік реабилитация, әлеуметтік түзету, әлеуметтік бейімделу, әлеуметтік қорғау сияқты бір топ кешенді әлеуметтік байланыстарды жатқызуға болатындығын әлеуметтану тұрғысынан негіздеп, әрқайсысына жеке-жеке талдаулар жүргізді.
Қазақстандағы әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық,теориялық және практикалық негіздерін ғалым І.Р. Халитова Әлеуметтік педагогика оқулығында қарастырды. Әлеуметтік педагогтің дарынды, жетім балалармен жұмысының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін ашып көрсеткен. Сонымен қатар ересек адамдарға көмектесудің мазмұны, әдістері, формалары қарастырылған [6].
Зертттеулер көрсеткендей, ғылымда әлеуметтік педагогиканың білімнің бір саласы ретінде бөлінуі туралы әр қилы пікірлер бар. Осы орайда Р.Г. Гурова [70], Е.И. Макарова [71] сынды ғалымдар білім мен тәрбиенің барлық саласы қоғам өмірімен тығыз байланысты, сондықтан барлық педагогика әлеуметтік, - деп есептейді. П. Наторп қоғам мен білім арасындағы қажетті қарым-қатынасты есте сақтау үшін әлеуметтік педагогика деген ұғымды қолданамыз - деген тұжырым жасаған [72]. Индивидуалистік педагогика тек қана жеке индивидпен және оны тәрбиелеу мен оқытуда жеке әсер етуші құрал ретінде есептелінуі мүмкін. Бірақ жеке индивидті басқа индивидтің тәрбиелеуі қоғамдық өмір ықпал ететін үлкен бір тәрбиеге бағынуы керек. Индивитті тәрбиелеудің негізгі жағдайы қоғам өмірімен тығыз байланысты. Олай болса, индивидуалистік педагогиканың әлеуметтік педагогикаға жүгінуіне тура келеді, өйткені соңғысының көмегімен ғана ол ғылыми әрі тәжірибелік тұрғыдан негіздеме жасай алады.
Кеңестік дәуірдің соңғы кезеңінде әлеуметтік педагогика, алдымен жалпы педагогиканың қолданбалы бір саласы, кейін әлеуметтік жұмыс және қоршаған орта педагогикасы ретінде қарастырылса, соңғы жылдардағы әлеуметтік педагогика саласындағы жетекші мамандардың зерттеулерінде бұл әлеуметтік педагогикалық білімдердің біртұтас жүйесі және практикалық әрекетке негізделген ғылыми пән ретінде қарастырыла бастады.
В.Г. Бочарова [23], Г.Н. Филонов [27], М.В. Фирсов [28] сынды ғалымдар бұл сала дәстүрлі педагогикаға қарсы шығуды немесе оны алмастыруды көздемейді, әлеуметтенудің барлық сатыларында индивидтің түрлі әсерлерден болатын мәселелерін кешенді түрде шешу мен зерттеуге бағытталған ғылыми білімнің жаңа саласы болып табылады, - деген түйіндеулерін ұсынады.
Көптеген авторлар, жалпы алғанда педагогиканы адамдарды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылым деп түсіндіреді .
Жалпыдан жекеге өту қағидасы бойынша, педагогикалық парадигма шеңберінде әлеуметтік педагогиканы зерттеумен айналысатын ғалымдар, бұл ғылыми пәнге төмендегідей анықтамалар берген.
Әлеуметтік педагогика, - деп көрсетеді белгілі ғалым А.В. Мудрик , - әлеуметтену аясында әлеуметтік тәрбиені зерттейтін білім саласы [29]. Ю.В. Василькова, Т.А. Василькова басқа авторларға сілтеме жасай отырып, Әлеуметтік педагогика - мемлекеттік, муниципалдық, қоғамдық және жеке меншік мекемелердегі тәрбие мен білім беру ісін қарастырады - деп есептейді [73]. Ал, М.А. Галагузова әлеуметтік педагогиканың нысаны мен пәнін өзі бөлініп шыққан педагогикамен салыстыра отырып анықтауға тырысқан. Оның пікірінше, педагогиканың зерттеу нысаны бала, ал зерттеу пәні - баланы тәрбиелеу мен білім берудің заңдылықтары болып табылса, әлеуметтік педагогиканың нысаны ретінде бала, ал зерттеу пәні - оның әлеуметтену заңдылықтары болып табылады [25].
Бұл анықтамалардан әлеуметтік педагогиканың дамуында педагогика ғылымы мен оның құрамдас бөлігі әлеуметтік педагогикаға ортақ қасиеттер мен байланыстарды қалыптастыратын педагогикалық парадигма басым рөл атқаратындығын түсінуге болады. Мәселен, Р.А. Литвак әлеуметтік педагогиканы әлеуметтік білім, әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік психология арасын байланыстырушы, ал оның іс -әрекет нысаны адамдардың тіршілігі мен келер ұрпақтың тәрбиесі болып саналатын микроорта - деп есептейді [24].
Зерттеулер көрсеткендей, қайшылықты жағдайларда отбасы мен баланы қорғау жұмысымен арнайы айналысатын мамандар болмаған. Ал, М.А.Галагузованың пікірінше, егер тәжірибелік іс-әрекеттің шынайы түрлерін қарастыратын болсақ, онда мұндай жұмыстар әрқашан болған [25].
Соңғы жылдардағы әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер әлеуметтік педагогикада конфессионалдық аспектінің орын алғандығын көрсетіп отыр. Әлеуметтік-педагогикалық теорияларға, тұжырымдамаларға, парадигмаларға жасалған талдаулар, әлеуметтік педагогиканың әлемді идеялық тұрғыда түсінген теорияларында діни көзқарастар орын алған ғылыми мектептің болғандығын дәлелдеп отыр. Осыған орай, тәрбие мен білімді тұлғаны әлеуметтендіруге бағытталған құрал ретінде қарастырған әлеуметтік педагогика идеяларының шығу тегін тұжырымдамалар негізінде зерттеуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл ғылыми бағыттың негізін қалаған, әлеуметтік педагогиканың дамуына айтарлықтай үлес қосқан неокантистік философия мектебінің өкілдері Г.Коген және П.Наторп сынды неміс ғалымдары [74].
Әлеуметтік педагогиканың өз бетінше жеке ғылыми пән ретінде қалыптасуы жаңа қоғамның жаңа әлеуметтік тапсырыстарын орындай алуынан айқын байқалады. Өйткені дәстүрлі педагогиканың мүмкіндіктері шектеулі. Ал әлеуметтік-педагогикалық жүйенің іс- әрекет барысындағы даму динамикасы әлеуметтік педагогиканың негізгі парадигмаларын анықтауға мүмкіндік берді. Сондықтан әлеуметтік педагогиканы педагогиканың жеке саласы ретінде қарастыруға толық негіз бар, - дейді ғалымдар.
Тарихи талдаулар - әлеуметтік педагогика саласының адамдардың тәжірибелік іс- әрекеті мен санасын бүтіндей өзгерту арқылы қоғамтануға, сондай-ақ барлық гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндердің құрылымына ғылыми төңкеріс жасағандығын көрсетіп отыр. Әлеуметтік педагогиканың жеке сала екендігіне, әлеуметтік-педагогикалық білімнің қажеттілігі мен даму қарқыны да дәлел бола алады. Бұл орайда, әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс педагогикасының бөлінуіне назар аударған жөн.
Әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыс педагогикасы синоним сөздер деген пікірлерді ғылыми басылымдардан жиі кездестіруге болады. Мысалы, бір топ ғалымдар Г.Н. Филонованың жетекшілігімен ғылыми білімнің саралану үрдісіне талдау жасай отырып, әлеуметтік педагогика ескі мен жаңаның арасындағы шекарада орналасқан, ол ғылыми білімнің барлығы мойындаған бір саласы әлеуметтік жұмыс педагогикасы болып табылады - деген [27]. Мұндай тұжырымнан алдыңғы немесе кейінгі ұғымдардың мәні мен олардың арақатынасын толық түсінбеу орын алады, бұдан әлеуметтік жұмыс - әлеуметтік педагогиканың бір бөлігі ғана - деген теріс пікір қалыптасады. Бұл зерттеу саласы мен оның практикалық іс-әрекетінің өзгеруіне әкеліп соғады. Бұл жөнінде В.В. Краевский былай деп тұжырымдайды: Әлеуметтік педагогика әлеуметтік жұмыстың педагогикалық емес қызметінің педагогикалық аспектілерін бөліп қарастырады [75].
Ал, Н.М. Таланчук әлеуметтік жұмысты жеке, әлеуметтік, белгілі бір жағдайдағы қиыншылықтардан шығу және олармен күресу (жеңу) үшін көмектесу, қорғау, түзету, реабилитация арқылы адамдарға, мекемелерге көмек беретін кәсіби іс-әрекет ретінде қарастырады [76].
Жалпы педагогика ғылымы мен әлеуметтік педагогиканың әдіснамасын байланыста қолдану арқылы әлеуметтік педагогиканың оның бір саласы ретіндегі орны анықталды.
Аталған парадигмалық білімнің қалыптасуына тікелей себепші болған аналогия, яғни жалпы педагогиканың байланыстары мен қасиеттерін педагогика ғылымының бөлшектеріне тасымалдау, бұл жерде адамның ортада өмір сүруі мәселелерін зерттейтін, білімнің гуманистік саласы - әлеуметтік педагогикаға қатысты қарастырылады.
Бұл жерде әлеуметтік педагогиканы әлеуметтік орта педагогикасымен байланыстыра қарастыру орын алып отыр. Әлеуметтік педагогика әлеуметтенумен, әлеуметтік жұмыс арқылы тығыз байланысады, бұл өз кезегінде әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік педагогиканың өзара байланысы туралы айтуға толық негіз жасайды, бірақ бұдан әлеуметтік педагогиканың мәселелерін тек әлеуметтік жұмыс мәселесінен іздеу қажет деген ой тумаса керек, ол әлеуметтік іс-әрекетке де қатысты.
Осыдан әлеуметтік іс-әрекеттің мәнін педагогикалық тұрғыдан ашып көрсету қажетілігі туындайды.
Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің мәні жағынан өзі бөлініп шыққан педагогикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz