Қазіргі қазақ тілінің көмекші есімдерінің түрлері мен қызметі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Еуразия гуманитарлық институты

Қазақ және орыс филологиясы кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазіргі қазақ тілінің көмекші есімдерінің түрлері мен қызметі

Орындаған: ҚТӘС 17-01 тобының студенті
Тексерген:

Астана қаласы 2019 жыл
Жоспары:
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ. Негізгі бөлім.
І. 1 Көмекші есімдердің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-10
ІІ. 2 Көмекші есімдідердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11-14
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

Кіріспе
Қазак тіл білімінде көмекші есім деген терминнің калыптасуы проф. Н.К.Дмитриевтің Служебные имена в турецком языкедеген макаласымен тығыз байланысты. Проф. Н.К.Дмитриевтің служебные имена деген терминді колдануы казақ тіліндегі көмекші есім терминінің пайда болуына негіз болған. Бұл термин казіргі қазак тіл білімінде калыптасып кетті деп айтуға болады. Көмекші есім терминіне карап, оны есім сөздердің бэріне ортак сөздер деп түсіну кездеседі. Шындығында, ол сөз табы жағынан зат есім құрамында каралады. Оның зат есім құрамында қаралуы, яғни зат есім саналуы кездейсоқ емес. Көмекші есімдер дербес мағыналы зат есімдердің грамматикалық дамуға түсуінен лексикалык мағынасынан айырылып, көмекшілік кызметке көшкен. Олардың көмекші сөз ретінде қалыптаскан мағынасы да заттық мағынамен байланысты. Олар зат білдіретін мекендік мағынаны дәлелдейді. Көмекші есім зат есімнің түрлену парадигмасы бойынша түрленеді, үйткені сөйлемде дербес зат есіммен тіркесте колданылады. Сондай- ақ көмекші есіммен тіркескен зат есімге жалғануға тиісті жалғаулар зат есімнің өзіне тікелей тіркесе алмайды, оған тіркескен көмекші есімге жалғанады. Көмекші есімдер де көмекші етістіктер сияқты өзінің сөз табының аясында қалган. Осы тұрғыдан алғанда, оларды да көмекші зат есім деп атау мүмкіндігі де бар еді, сонда оны есімнен басқа бір сөздердің тобы деп қарауға, шатастыруға мүмкіндік болмас еді. Бірақ казақ тіл білімінде көмекші есім деген термин калыптасып кеткен.
Академик А.Н.Кононов грамматикасында бүларды послелоги- имена деп атаған. Проф. В.А.Исенғалиевакөмекші есімге жалпы сипаттама беріп, шылаулардың ерекшелігіне токталған. Ал проф. А.Ыскақов көмекші есімдерді антонимдік, синонимдік катарларға топтастырған.
М.Оразов қазақ, өзбек, түркмен тілдеріндегі материалдарға сүйене отырып, түркі тілдеріндегі көмекші есімдерді эдейі сөз етеді.

ІІ. 1. Көмекші есімдердің қызметі
Қазақ тілінде көмекші морфемаларға қосымшалардан басқа көмекші сөздер де жатады, олар тілдің грамматикалық құрылысынан көлемді орын алады және өздеріне тән ерекшеліктері бар. Проф. Н. Оралбаева көрсеткендей, көмекшілер сөйлемде дербес сөзге мағына қосу үшін қолданылады, бірақ оның дыбыстык құрамына енбей, тек онымен тіркесіп қана қолданылады. Олар сөз тіркесінін жеке сыңары бола алмайды, дербес сөздің құрамындағы қосымшалар сияқты ғана сөз тіркесінің құрамына кіреді. Дербес сөз бен көмекшінің тіркесі сөз тіркесінің бір сыңары ғана болады. Көмекшілерде лексикалық мағына жоқ, бұл олардың бэріне ортақ, бүкіл көмекші атаулының қайсысы болсын нактылы лексикалык магына бермейді... көмекшілерде лексикалық магына болмайтын себебі- олар грамматикалық дамудан өткен. Грамматикализациялану аркылы олар лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық көрсеткішке айналған.Міне, бұл үзіндіден көмекші сөздердің негізгі ерекшеліктері анық байқалады.
Көмекшілер тіркесетін сөз табына, тіркесу орнына, дыбыстық құрамы мен сөзге қосатын мағыналарына қарай түрліше болып келеді, соған байланысты олардың бірнеше түрлері бар. Солардың бірі- көмекші есімдер. Көмекші есім деп грамматикалық өзгеріске түсіп дерексізденудің (абстракцияланудың) нэтижесінде заттық мағынасынан айырыла бастаған тәуелдік жалғаулы көбіне мекендік септіктерде қолданылып матаса байланыскан тіркестің екінші сыңары қызметінде жұмсалатын зат есімнің кеңістік мэнді ерекше бір тобын айтады. [1.28]
Көмекші есімдердің дербес сөздерге қосатын қосымша мағыналары көбінесе мекендік, мезгілдік катысты білдіреді. Мысалы, Құдық басында жылқы су ішіп жатыр (Ж. Аймауытов). Абай кеш батар алдында Баймағанбетті жіберіп, Әбішті шакыртып алған ( М. Әуезов ).
Дербес сөз бен көмекші есім белгілі бір морфемалар, яғни ілік септік жалгауы мен тәуелдік жалгауының 3- жағы арқылы байланысады: қаланың ортасы, көшенің шеті, өзеннің жаны т.б. Бұл екі қосымшасыз дербес сөз бен көмекші есім бірімен- бірі байланыспайды. Н. Оралбаева көмекші есімдерді осы ерекшелігіне карай дербес сөздің тұлғасын таңдайтын көмекшіге жаткызған.
Қазак тіл білімінде көмекші есім деген терминнің калыптасуы проф. Н.К.Дмитриевтің Служебные имена в турецком языкедеген макаласымен тығыз байланысты. Проф. Н.К.Дмитриевтің служебные имена деген терминді колдануы казақ тіліндегі көмекші есім терминінің пайда болуына негіз болған. Бұл термин казіргі қазак тіл білімінде калыптасып кетті деп айтуға болады. Көмекші есім терминіне карап, оны есім сөздердің бэріне ортак сөздер деп түсіну кездеседі. Шындығында, ол сөз табы жағынан зат есім құрамында каралады. Оның зат есім құрамында қаралуы, яғни зат есім саналуы кездейсоқ емес. Көмекші есімдер дербес мағыналы зат есімдердің грамматикалық дамуға түсуінен лексикалык мағынасынан айырылып, көмекшілік кызметке көшкен. Олардың көмекші сөз ретінде қалыптаскан мағынасы да заттық мағынамен байланысты. Олар зат білдіретін мекендік мағынаны дәлелдейді. Көмекші есім зат есімнің түрлену парадигмасы бойынша түрленеді, үйткені сөйлемде дербес зат есіммен тіркесте колданылады. Сондай- ақ көмекші есіммен тіркескен зат есімге жалғануға тиісті жалғаулар зат есімнің өзіне тікелей тіркесе алмайды, оған тіркескен көмекші есімге жалғанады. Көмекші есімдер де көмекші етістіктер сияқты өзінің сөз табының аясында қалган. Осы тұрғыдан алғанда, оларды да көмекші зат есім деп атау мүмкіндігі де бар еді, сонда оны есімнен басқа бір сөздердің тобы деп қарауға, шатастыруға мүмкіндік болмас еді. Бірақ казақ тіл білімінде көмекші есім деген термин калыптасып кеткен.
Академик А.Н.Кононов грамматикасында бүларды послелоги- имена деп атаған. Проф. В.А.Исенғалиевакөмекші есімге жалпы сипаттама беріп, шылаулардың ерекшелігіне токталған. Ал проф. А.Ыскақов көмекші есімдерді антонимдік, синонимдік катарларға топтастырған.
М.Оразов қазақ, өзбек, түркмен тілдеріндегі материалдарға сүйене отырып, түркі тілдеріндегі көмекші есімдерді эдейі сөз етеді.
Көмекші есімдердің түпкі төркіні лексикалық мағыналы сөздер болғандығы жөнінде ғылыми еңбектерде көрсетілген. Мысалы, Ф.Г. Исхаков О происхождении конечных -- т и -- д в словах аст, үст и т.п. атты мақаласында түркі тілдеріндегі абстракт мекен, мезгіл мағынасын беретін, тарихи тұрғыда үстеу мен көмекші есімдерге негіз болған сөздердің ішінде адам мүшелерінің аты немесе мекенге қатысты бір жакты білдіретін сөздер жиі кездесетіндігі айтылған. Ал Проф. А. Ыскаковтың көмекші есімдердің түпкі шыккан төркіндері орын, мекен жайларына байланысты, демек, белгілі бір заттың, не нәрсенің, заттык кұбылыстың, не уақиғаның алды я арты, асты я үсті, іші я сырты, жаны я қасы, маңы я тұсы, арасы я ортасы, шеті я жағасы, беті я түбі, басы я ұшы тэрізді ұгымдардың атаулары екендігі шүбәсыз. Көмекші сөздердің мағыналары каншалықты солғындағанымен де, шылау сөздердей я бүтіндей, я жартылай жоғалып кетпейді, керісінше, не жартылай, не бүтіндей олардың (көмекші есімдердің) бойларында сакталып отырады, - деген пікірі бар.[2.34]
Бұл пікірлерден көмекші есімдердің дербес сөздерден шыққанын байқауға болады.
Жоғарыда аталған еңбектерде жэне оған берілген аныктама бойынша көмекші есім аталатын сөздер толық мағыналы сөздің тіркесінсіз колданылмауга тиіс. Служебные имена,-деп жазады М.Оразов жоғарыдағы еңбегінде,-всегда требуют впереди себя определенного существительного и вместе с ним входят в состав сложного члена предложения.
Бірак көмекші есімдердің жеке колданылатын кездері де бар. Көмекші есімнің жеке колданылу себебін іздестіргенде, оның өзіндік заңдылығы, өзіндік себебі бары анықталды, кез-келген жерде көмекші есімді жеке колдана беруге болмайды. Ол үшін белгілі контекст, жағдай қажет.Мысалы, Сескене ңалган діндар шал артына қараған да жоқ (Ғ.Мүсірепов). Бұл сөйлемде артына көмекші есімі жеке тұрып, белгілі сөйлем мүшесі кызметін аткарып тұр. Сөйлемде өзінің деген дербес сөз колданылмаған, оның беретін мағынасын шал зат есімі де білдіреді, сондыктан оның сөйлемнен түсіп калуы сөйлемдегі ойдың түсініксіздігін туғызбаған. Сөйлемде көмекші есім тіркесуге тиісті дербес сөздің айтылмағандығына карамастан, онда айтылуға тиісті ойдың түсініксіздігі байқалмайды. Бұл тек осы сөйлемге ғана байланысты емес, көмекші есім тіркесуге тиісті дербес сөздің сөйлемде айтылмауы сөйлемдегі ойдың түсініксіздігін туғызатын болса, ол сөз сөйлемде толық колданылады, яғни, ондай жағдайда дербес сөзді сөйлемде атамауға болмайды. Көмекші есім тіркесуге тиісті дербес сөз сөйлемде айтылмау үшін оның магынасын білдіріп тұратын контекс керек екен. Мыс: Әр ауылдың өз Адырақпайы бар деген секілді, біздің ауылдың ендігі Адырақпайы осы қара мұрт басқарма еді. Астынан қара көк аргымагы түспесе, қолынан ыргай сапты дырау қамшысы түскен емес (Ғ.Мүсірепов). Бұл мысалдағы екі сөйлемнің соңғы сөйлемінде астынан көмекші есімі дербес сөздің тіркесінсіз колданылган. Соңғы сөйлемді жеке алсақ, онда айтылған дербес сөзді 3-жақ жіктеу есімдігі деп ойлауға болады, бірақ ол кім туралы сөз болып тұрғанын дэл көрсете алмайды, үйткені жіктеу есімдігінің кай зат есімнің орнына қолданылып тұрганын көрсететін контекс керек, яғни ол да бірінші сөйлемді керек етеді. Бұдан соңғы сөйлемде дербес сөз айтылмаганмен, ол бірінші сөйлемде айтылгандықтан, екінші сөйлемдегі ойдың түсініксіздігін туғызбайтынын көреміз, сондықтан бірінші сөйлем екінші сөйлемдегі ойды түсінуге керекті контекс ретінде каралады.
Бұл айтылғандардан көмекші есім тіркесуге тиісті дербес сөздің сөйлемде айтылмауының түрлі себептері болатыны анык көрінеді. Олардың бэрі де тілдің ыкшамдау тенденциясына, стильдік ерекшеліктерге байланыстылығы байкалады.
Көмекші есімнің алдынан келетін толык мағыналы сөздің мынадай жағдайларда түсіп калатыны байкалады:
а) Көмекші есімнің алдынан келетін толык мағыналы сөз алдыңғы сөйлемде айтылғанда, келесі сөйлемде түсіп қалып, көмекші есім жеке қолданыла алады.Мысалы, Сейіт атына мініп алып, өзенге қарай жіті аяңдатып келеді. Алдында сәл аяңдап Назыкеш кетіп барады. Негізінде Сейіттің алдында сәл аяңдап Назыкеш кетіп барады- деп айтылуға тиіс еді. Бірақ онда Сейіт сөзі катар екі сейлемде 2 рет кайталанып, ол стильдік колайсыздык .туғызар еді. Ондай ыңғайсыздыкты болдырмау үшін жазушы ол сөзді екіңші сөйлемде колданбаған.
ә) Құрмалас сөйлемнің бағыныңкы сөйлемінде аталган толық мағыналы сөз басыңкы сөйлемінде аталмай, көмекші есім жеке қолданылады.Мысалы, Сейіт бүрылыңқырай беріп, Тілеукені атының кеудесімен согып құлата сапып, артьша қарамастан жүре берді. Ал кейде керісінше,218толық мағыналы сөз басыңқы сөйлемінде беріледі:Мысалы, Қасында бір жаны ашырлары барын сезініп, Жабайдың құлазып жатқан жан жүрегі де жылынып кетті.
б) Мұндай жагдай салалас құрмаласта да кездеседі.
Мысалы, Самолет жерге қонады, мен жүгіріп қасьіна барам.
в) Бір зат, құбылыс, уақига баяндалганда, толық мағыналы сөз алдыңғы сөйлемдерде аталады да, көмекші есім кейінгі сөйлемде жеке беріледі.Мысалы, Аспалы шамды төменірек түсіріп, алдына үлкен есеп шотын қойды. Осы сөйлемдегі алдына көмекші есімнің тіркесетін мағыналы сөзі 3 сөйлем бұрын айтылған.
г) Субъектісі аталып, оны айқындайтын өздік есімдігіне тіркесуге тиісті көмекші есім көбіне жеке колданылады.
Мысалы, Ушаков алдында кетіп бара жатқан үшеуді қуып жетті. Дүкенші артына бүрылып, агаш шелек толы қызыл уылдырықты көтеріп ала берді. Бұл сөйлемдердегі көмекші есімдердің тіркесетін сөздерін алдыңғы сөйлемдерден табуға боламайды, өйткені мұнда осы сөйлемдерде қолдануга тиісті озінің деген дербес сөз түсіп калған. Ілік септіктегі өздік есімдігі көмекші есімнің алдына келгенде түсіп қалып отырады. Бұл да тілдік экономия заңдылығына байланысты, себебі өздік есімдігі де, көмекші есім де субъекті болып тұрған сөзге қатысты, субъекті сөз де, өздік есімдігі де өмірде бір затты ғана белгілейді, ол зат сөйлемде аталгандыктан, екінші атының аталуы тілде артык сияқты көрінеді де, көбіне өздік есімдігі түсіп калады немесе өздік есімдігі айтылған жерде оның айқындайтын сөзі түсіп калады.
Көмекші есімнің алдынан түсетін толық мағыналы сөздер көбіне зат есім, есімдіктер.[3.127]
Енді сөйлемде аталмаган толық мағыналы сөзді табуға көмектесетін көрсеткіштерді қарастырсак, одан мынадай жағдайлар байкалады. Жалпы көмекші есім өз магынасында қолданылганда, сөйлемде аталмай тұрған дербес сөзді табу өте оңай, ол белгілі болып тұрады, мұндайда түсіп калган сөздің кандай сөз екенін тәуелдік жалғауы көрсетеді, эсіресе, көмекші есім I, II жактарда тұрғанда, айтылмай тұрған, дербес сөз I, II жақтык жіктеу есімдіктері екеніне ешбір күмэн келтіруге болмайды, өйткені І,ІІ жақтарда олардан баска дербес сөз болуы мүмкін емес.
Мысалы, Шек, кедергі қоймаспыз алдыңа. Жеке қолданылған көмекші есім III жақ тәуелдік жалгауында тұрса, оның түсіп калган дербес сөзін бірден көрсету киын, өйткені 3-жақта зат есім мен 3-жақта жіктеу есімдігі және өздік есімдігі тұра алады. Сондықтан көмекші есім III жак тэуелдікте тұрып, жеке қолданылса, осы үш түрлі сөздердің біреуі түсті деп санаймыз.Мысалы, Алдын бөгей бер, әйтеуір.Бұл сөйлемдегі түскен толық магыналы сөз алдыңғы сөйлемде аталған. Мысалы, Олар көлденеңдеп алдын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cептік жалғаулы баяндауыштар
Сөздер - баяндау әрекетінде қолданылатын есімдер
Күрделі сөздер классификациясы
Етістік оның мағанасы
Қосарланған зат есімдер
МАТАСА БАЙЛАНЫСҚАН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ, ОЛАРДЫҢ СЫҢАРЛАРЫНЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Қазақ тілдеріндегі етістік тұлғалы антропонимдердің құрылымы
Қазақ антропонимжасамындағы үйлесім факторы
Қазақ және түрік әйел антропонимиясы
Қазақ антропонимдерін зерттеудегі тіл мен мәдениет сабақтастығы
Пәндер