Халықтық құқықтық сана



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1. ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА КОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1 Қоғамдық сананың қалыптасуы 4
2. ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
2.1 Құқықтық сананың түрлері және ерекшеліктері 13
ҚОРЫТЫНДЫ 19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 20



КІРІСПЕ
Сана - обьективті шындықты идеалды түрде бейнелеуді адамға ғана тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен обьективті дүниенің мән жайын,мазмұнын,ұғымын білуінде белсенді қызмет атқаратын психикалық процестердің заңды нәтижесі болып табылады.Сана - шындықты бейнелеудің механизмі мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия,социология және психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының бірі.Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді.Сана адамдардың қоғамдық - өндірістік іс-әрекетімен еңбек процесінде пайда болып,тілдің шығуымен тығыз байланыста қалыптасады.Қай дәуірде болмасын адам туғаннан бастап,алдынғы ұрпақ жасап кеткен заттық дүниеге тап болады да,тек сол заттық дүниені белгілі мақсатта пайдаланып үйренгенде ғана ол саналы адам болып қалыптасады.
Адам тарихи қалыптасқан іс-әрекеттер,дағды мен тәсілдерді игеріп,әсіресе тілді игеру нәтижесінде айналадағы құбылыстардың объективті заңдылықтары мен қасиеттерін танып біледі.Адам айналадағы дүниеге өзін қарама-қарсы қойып белгілі мақсатта іс-әрекетпен шұғылданғанда сол объективті шындық туралы өзінің білетін түсінігі мен біліміне сүйенеді.Бүкіл адамзат тарихының барысында қалыптасып жиналған рухани қазына,мәдениет,мораль,дін,қоғамдық психология,өнер, құрал-жабдық адамның шығармашылығынан туып,оның қолымен жасалған бүкіл заттық дүние түгелімен адамзаттың қоғамдық санасы болып табылады.Сана тарихи тәжірбиені,білім мен ойлау тәсілдерін бойына сіңіріп,шындықты,рухани идеалды игеріп,алда тұрған мақсат міндеттерді белгілеп,адамзат қоғамының бүкіл практикалық іс-әрекетін бағыттайды.Адамдар өзінің шығармашылық ойларын жүзеге асырып,табиғатты,қоғамды дамытумен бірге өздерін де жетілдіреді.Рухани өмірдің құбылысы ретінде құқық қоғамдық және индивидуалдық сана сфераларына бөлінеді.
1. ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА КОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1 Қоғамдық сананың қалыптасуы
Қоғамдық сана-объективті дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуі.Қоғамдық сана адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалады.Сана қоғамның рухани мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады.Қоғамдық сананың түрлері-саясат,құқық,философия,мора ль,дін қоғамдық болмысты бейнелей отырып,оған белсенді ықпал етеді.Идеологияның саяси құқықтық тілде, ал өнеркөркемдік образдармен,мораль-адамдардың мінез құлқының белгілі қағидалары мен ережелері түрінде бейнелейді.
Қоғамдық сананың түрлері қоғамның экономикалық базисі мен байланыс жасау сипатына қарай әртүрлі болады.Мысалы,идеологияның саяси және құқықтық түрлері басқа нысандарына қарағанда экономикалық базиске жақын тұрады.Бұлар қоғамның өндірістік,шаруашылық қатынастарын тура,тікелей бейнелеп,олардың төте ықпал жасауымен қалыптасады.
Қоғамдық сананың түрлері тарихи өзгерістерге түсіп,белгілі тарихи кезінде осы нысандардың бірі қоғамның рухани өмірінде үстем болып,қалғандарын өзіне бағынышты етеді.Мысалы,феодализм дәуірінде дін үстемдік етті.Капиталистік қоғамда құқық пен саясат билік алып,философия,өнер,мораль мен діннің дамуына зор ықпал тигізді.
Құқықтық сана - қоғамдық сананың бір түрі.Саяси және моральдық санамен тығыз байланысты.Мазмұны жағынан тиісті мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары,заңдық пен құқықтық тәртібі қылмыс және оны жазалау.
Қоғам мүшелерінің құқықтары мен қөзқарастары жатады.Антогонистік қоғамда таптардың өзіне тән құқықтық санасы болады.Оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық,саяси,мәдени өмірінде алатын орнына байланысты.
Құқықтық нормаларды жүзеге асыру - қоғамға пайдалы іс-әрекет құқық нормаларының талабына орындау заң белгіленген мүмкіндікті пайдалану үшін азамат белгілі бағытта әрекет жасап,белсенділігін көрсету қажет.
Құқықтық белсенділіктің екінші жағы адамның сана сезіміне байланысты.Құқықтық сана сезім белгілері мыналар:
құқықты белгілеу;
құқықты түсіну;
құқықты құрметтеу;
құқықтың дұрыстығына және әділдігіне сену;
құқықты сақтауға дағдылану;
құқықтың талаптарын бұлжытпай орындау.
Құқықтық сана - Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға,оларды қолдануға,азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалауына,құқыққа басқа да құқықтық құбылыстарға құқықтық сезімдерінің, әсерлігінің, көзқарастарының, пікірлерінің бағаларының жүйесі.
Құқықтық сана - қоғамның құқықтық өмірін жандандыру және дамытуға үлкен үлес қосады.
Құқықтық сана - құқық нормаларын қалыптастырудың қажетті шарты.
Олай дейтін себебіміз құқықтық нормалар заң шығару органының саналы түрдегі ерікті қызметі арқылы өмірге келеді.Адамдардың белгілі бір мүдделері мен кажеттіліктері заң нормаларында бейнеленбестен бұрын,ол нормаларды құрушы лауазымды тұлғалардың ой-санасына өтеді.Сондықтан да құқық нормаларының сапасы олардың қоғамдық даму қажеттілігіне сәйкес келеді,ол нормаларды құратын органның құқықтық көзқарасы,құқық санасының деңгейімен тығыз байланыста болады.
Құқықтық сана - құқық нормаларының нақты және толығымен іске асырылуының ең басты шарты.Құқықтық нормаларының талаптары тікелей азаматтарға қойылады.Бұл талаптарда олардың саналы түрдегі ерікті әрекеттері арқылы орындалады.Яғни неғұрлым құқықтық сананың деңгейі жоғары болса,соғұрлым құқық нормаларының ережелері нақтырақ орындалады.Қоғамдық мәдениет саласында құқық мәдениетінің жетістіктерін ғана басқарып реттеп отырады.Мәдениет өзінің даму процесінде қоғамның рухани байлығын,халыктың сана сезімін дамытып,жоғары дәрежеге жеткізеді.Құқықта өз кезегінде мәдениет қорғап,реттеп отырады.Осыдан келіп,құқықтық мәдениет қалыптасады.Ол өзара байланысты элементтер арқылы көрініс табады:
қоғамдағы құқықтық сананың жағдайы,құқықты түсінудің деңгейі,заңдылықтың талаптарын орындау қажеттігін түсіну;
заңдылықты сақтау;
заң шығарудың ерекшелігі,оның мазмұны мен нысанына көңіл бөлу;
сот,прокуратура және де басқа құқық қорғау органдарының жұмыс атқарі сипаты.
Сонымен сана-объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға тән ең жоғарғы нысаны.Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің мән жайын мазмұнын ұғымын білуінде белсенді қызмет атқаратын психикалық процестердің заңды нәтижесі болып табылады.Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді.Сана адамдардың өзара іс-әрекетерінің нәтижесінде өмірге келіп,дамып,ескіріп,жаңарып жатады.Бұл объективті күрделі процес,сан алуан бағытқа,жүйеге бөлініп,қоғамның сана-сезімін топтастырып, қалыптастырады.Оның негізгі нысандары:саяси,моральдық,ұлттық,эс тетикалық,діни,құқықтық т.б. сана сезімдер.Бұлар бір-бірімен тығыз байланыста дамып отырады.
Мемлекет және құқық теориясы қоғамдағы сана-сезімнің объективтік
даму процесіне сәйкес құқық саналығының маңызын дамытып,нығайтып отырады.Құқықтық сана-сезімнің мазмұны төрт жүйедегі қарым-қатынастарды қамтиды:қоғамдағы нормативтік актілердің дамуы,жаңаруы,орындалу,қорғау процесін,оған халықтың сана-сезімінің әскерін,көзқарасын,іс-әрекетін біріктіреді.
Құқықтық сана-сезімнің ерекшеліктері:
құқықтық сана-сезімнің қоғамдағы тек нормативтік актілер мен құбылыстарды,қатынастарды бейнелейді.Ол жаңа нормалардың қабылдану және олардың процесін қамтиды.Саяси,моральдық,ұлттық т.б. көзқарастар құқықтық сана сезімге әсер етіп,құқықтық нормалардың дұрыс дамуына,орындалуына ықпал етеді;
қоғамның даму процесін,құбылыстарын сана сезім құқықтық тұрғыдан сезініп,сол позияциядан қорытынды тұжырымдар жасап,баға береді.Мысалы,құқықтық қатынас,құқықтық жауапкершілік,құқықтық тәртіп т.б.
Қоғамдағы құқықты дамыту үшін заңдылықты тәртіпті қатаң сақтау үшін құқықтық сана сезімнің маңызы зор.Бұл сана сезімді қоғам көлемінде дамыту керек,әсіресе заңгерлердің,органда қызмет атқаратын азаматтардың білім,тажірбиесін,сана-сезімін көтеруді қажет етеді.Халықтың әсіресе заңгерлердің белсенділігі үш түрлі болады:бірінші-құқықтың субъектілері өзара қатынасты тек дұрыс басқарып,жаңалыққа ұмтылмау деңгейі,екіншісі-эврестикалық деңгей-құқық субъектілерінің жаңалыққа талпынып,мәселені шешудің жаңа жолдарын табу,үшіншісі-интеллектуалдық деңгей-жаңалықты ашуда үзілістің болмауы,жоғарғы дәрежеде белсенділікті көтеру.Белсенділіктің соңғы екі түрі құқықтық сана сезімнің дамуына өте зор әсер етеді.

Құқықтық идеология дегеніміз - қоғамдағы құбылыстарды,қатынастарды құқықтық тұрғыдан жүйеге келтіру.Құқық туралы пікірлер мен көзқарастар белгілі бір жүйеге түсіріліп,ғылыми негізде дәлелденген күйде болады.Бұл идеологияны қалыптастыруға заңгерлер, саясатшылар, экономистер, философтар, тарихшылар т.б.мамандар қатысады.Құқықтық идеология қоғамдағы әр бағыттағы,әр саладағы мақсаттарды біріктіріп дамытады.
Құқықтық психология дегеніміз - қоғамның құқықтық сезімін,ақыл-ойын,әдет-ғұрып,дәстүр ін біріктіру болып табылады.Жеке адамдардың,қоғам мүшелерінің әр түрлі топтарының санасында-заңдарға олардың қолданылуына байланысты туған әсерлер,көңіл-күй және сезімдер жатады.Қоғамдық көлемде осы мәселелерді біріктіріп,дамытып,халықтың сана сезімін көтеріп,демократияны нығайту құқықтық мемелекет қалыптастыру болып табылады.
Құқықтық сана сезімнің жүйелері мен түрлері:
1. Қатынастың субъектілеріне қарай құқықтық сана үшке бөлінеді:жекелік,топтық қоғамдық құқықтық сана.Бұл үшеуі бір-бірімен тығыз байланыста болады.Сонымен қатар,олардың өз дербестігі болады.Әр жеке адамның сана сезімі әр деңгейде болады:өте жақсы дәрежеде,жақсы,орташа және нащар дәрежеде.Егерде топтың басым көпшілігінің сана сезімі жақсы дәрежеде болса,бұл топ мүшелерінен жақсылықты күтуге болады.Осы әдіс тәсілмен қоғамның сана-сезімінің дәрежесін,деңгейін білуге болады.Сол арқылы қоғамның қай саласында адамдардың қандай тобына жұмыс жасау бағытын анықтауға болады.
2. Мазмұнының тереңдігіне қарай құқықтық сана тағы да үшке бөлінеді:күнделікті құқықтық сана,кәсіптік құқықтық сана,теориялық құқықтық сана.Адамдардың күнделікті құқықтық сана сезімі олардың рухани,парасаттылық,инабаттылық,өмі р тәжірибесі арқылы қалыптасады.
Кәсіптік құқықтық сана қоғамның әр саласында жұмыс атқаратын заңгерлер тажірибесі арқылы қалыптасады.Олардың құқықтық білімі де,тәжірибесі де мол болғандықтан сана сезімдері де жоғары дәрежеде болады.Сондықтан,құқықтық нормалар дұрыс орындалып,құқықтың тәртіп жақсы дамиды.
Құқықтық сананың субъектілері әлеуметтік тұрғыдан бірнеше түрге бөлінеді:
жеке адамның құқықтық санасы ол ес білгеннен қалыптаса бастайды;
ұжымдық құқықтық сана.Әр ұжымның қызметінің ерекшеліктеріне байланысты ұжымдық құқықтық сана қалыптасады.
қоғамдық құқықтық сана.Адамдар жасына,жынысына байланысты сан алуан бірлестіктерге бөлінеді.Әр топтың ерекшеліктеріне байланысты құқықтық ой сана,көзқарас қалыптасады.
Халықтық құқықтық сана.Казақстан халқы мемлекеттің биліктің бірден-бір бастауы.Демек,халықтың да өз көзқарасы сана сезімі бар.
Көне дәуірде ешқандай құқықтық сана деген жеке ұғым болған жоқ.Орта ғасырларда құқықтық сана толық қалыптасқан жоқ,аздап бұл туралы пікірлер ғана болған.16-18 ғасырларда көптеген пікірлер,ғылыми зерттеулер өмірге келді.Қоғамдық ғылымдардың алдында көп талаптар қойылды:демократияны дамыту,абсолюттік монархияны жою,мемлекеттік билікті бөлу,адамдардың табиғи бостандықтарын,құқықтарын шектеуге жол бермеу.Қазіргі заманда құқықтық сана өмірде де,ғылымда да жан жақты зерттеліп,қоғамның мемлекеттік дамуына зор үлес қосуда,мемлекеттік аппарат күрделі дамуда,заң шығарушы процесс сапалы жұмыс жасап,қоғамдағы барлық қарым-қатынастарды реттеп, басқаруда. Сонымен,құқықтық сана - қоғамдағы құқықтық құбылыстарға адамдардың, сезімдерінің, әсерлерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі; ол заң шығарудың нормативтік актілердің дұрыс орындалуының,құқықтың сапалы дамуының негізгі шешуші механизмі деуге де болады.
Қоғамды,мемлекетті дамытуда,оның құқығын нығайтуда қуатты құралдың бірі - еңбекші бұқара.Сондықтан заң жобаларын талқылауға,құқықтық нормалардың дұрыс қолданып,мүлтіксіз орындалуын бақылауға олар белсене қатынасады.Құқықтық сананы заңды мінез-құлық деп те атайды.Бұл құқық нормаларының нұсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның сана-сезімі.Осы сана сезім арқылы заң орындалады және жүзеге асырылады.Егер адамдардың мінез-құлықтары құқық нормаларының талаптарына сәйкес келсе,онда құқықтық тәртіп нығаяды.Құқықтық сана сезім арқылы қоғам басқарылады,оның өмірі қалыпты жағдайда жүргізіледі,Азаматтардың құқықтары мен міндеттері жүзеге асырылады.
Белсенді заңды мінез-құлық лауазымды тұлғалардың,азаматтардың өз бастамасы мен белгілі мақсатқа негізделген заңды әрекеттері.Бұл мінез құлықтың түрлері сан алуан.Ол-субъектілердің өз міндеттерін адал ниетпен сапалы атқарып,азаматтардың өздеріне жүктелген міндеттерді қалтықсыз,сана түрде орындауы;сонымен қатар құқықтарын жүзеге асыра отырып мемлекеттің,қоғамдық ұйымдардың жұмысына белсене қатысып әлінше көмектесу заңдардың жобасын талқылауда бет көрсетіп өз пікірін ортаға салу құқықтық белсенділікке осы әрекеттер жатады.
Енжар заңды сана сезімнің көрінісі де сан алуан.Азамат өзіне жүктелген міндеттерді жауапсыз орындайды,нормативтік актілерді жүзеге асыруға енжарлықпен немқұрайдылықпен қарайды.Мұндай мінез-құлықта екі тапта ұтылыста болады.
Қоғамның экономикалық,әлеуметтік мәдениеттік дамуы жақсы деңгейде болса адамдардың сана сезімі де сол дәрежеде болады.Осыған сәйкес қоғамның құқығы да жақсы дамып қатынастарды реттеп басқарып отырады.
Егер де қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуы дағдарысқа ұшыраса онда сана-сезімнің сапасы төмендеп құқықтық нигилизм немқұрайдылық етек жая бастайды.Қылмыстың саны өседі қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіп нашарлайды.Оның себептері:
1. Азаматтардың көпшілігінде демократиялық мәдениеттің жоқтығы;
2. Қоғамда әкімшілік әміршілік жүйенің ұзақ уақыт өмір сүруі;
3. Ескі мемлекеттің ыдырауы,жаңа жүйенің толық қалыптаса алмауы;
4. Қоғамның экономикалық әлеуметтік деңгейінің нашарлауы.

Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Респбликасының алдында тұрған мүдде мақсаттар өте көп.Солардың бірі халқымыздың құқықтық сауаттылығын көтеру.Оның негізгі бағыттары:
Елімізде құқықтық тәрбие жұмысын жақсарту.Бұл іске қоғамның барлық мүшелерін тарту;
Тәрбие жұмысын барлық бағытта жандандыруға көңіл бөлу,инабаттылық,парасаттылық,патри оттық,еңбекшілік бағыттарда;
Халықтың рухани сана-сезімін,білімін жақсарту;
Мемлекеттің заң шығару,құқықтық нормаларды орындау жұмысын жақсарту;
Мемлекет аппараттарындағы қызметкерлердің мамандық сапасын көтеру;
Заңдылыққа құқықтық тәртіпке қатаң бақылау жүргізу.
Осы көрсетілген бағыттар арқылы құқықтық тәрбиені жақсарту тек аппараттың ғана жұмысы емес.Бұл күрделі және өте өзекті іске қоғамдағы барлық бірлестіктер,одақтар,ұжымдар,саяси ағымдар мен ұйымдар белсенді түрде қатысуы керек.Сонымен құқықтық сананың сапасын жақсартып қоғамдағы маңызын көтеруге зор үлес қосатын құқықтық психология мен құқықтық идеология.Психология мен идеологияны теңестірсек идеология басым болады.Өйткені психология адамдардың санасында заңдарға олардың қолдануына байланысты туған тек әсерлерін,көңіл-күйін,сезімдерін ғана көрсетеді. Ал идеологияның қоғамға әсерінің шеңбері де, кеңістігі де өте кең,маңызы да анағұрлым жоғары.Идеолгия құқық жөніндегі пікірлер мен көзқарастарды бір жүйеге келтіріп ғылыми негізді дәлелдеп қызмет атқарады.Мұндай тұрақты қалыптасқан демократиялық мәдени әлеуметтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Тұлғаны қалыптастырудағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы
Құқықтық мәдениеттің түсінігі және түрлері
Халықтық педагогика материалдары арқылы отбасында құқықтық тәрбиені қалыптастыру
Қазақ халық педагогикасындағы этномәдени тәрбие берудің теориялық негіздері
Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні
Оқушыларға құқықтық тәрбие беруге байланыстыжүргізілген педагогикалық тәжірибе жұмыстары
Құқық философиясы пәнi
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Құқықтық мәдениет - қоғам мәдениетінің негізгі салаларының бірі
Пәндер