НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1. НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ
1.1. Несиелік қатынастардың түсінігі, құрамы және несиелеудің қағидалары 4
1.2. Қазақстан Республикасындағы несиелеу жүйесі 9
1.3. Несиелеудің түрлері және ерекшеліктері 11
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Коммерциялық банктердің несие туралы құқықтық негіздері 14
2.2. Қазақстан Республикасында несиені қамтамасыз ету тәсілдері 18
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22

КІРІСПЕ

Соңғы жылдар ішінде еліміздің банк, кредит жүйесі айтарлықтай дамып, өркениетті елдердің банк кредит жүйелерімен терезесі тең болып отырғанына көзімізді жеткіздік.
Кредит - банктік жүйе арқылы нарықтық экономикада өте маңызды рөл атқарады. Осы арқылы шаруашылық субъектілері мен халықтың үлкен мөлшердегі ақшалай есептері мен төлемдері жүргізіледі.
Қазіргі кезде экономиканың ауыспалы кезеңінде, біздің мемлекетіміздегі банк жүйесін басқарудың маңызы өте зор. Себебі, банктердің атқаратын функциясы мемлекеттің экономикалық құрылысымен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банктік қызмет саласындағы ақша-кредит саясаты қарқынды дамып келеді. Бұл мемлекетіміздің экономикасының тұрақталуына, нарықтық қатынастардың алға жылжуына өз септігін тигізуде.
Несиелік қатынастардың ұғымы тақырыбына байланысты курстық жұмысымды жазу барысында, еліміздегі қаржылық-құқықтық, ақша-несиелік реттеу, инвистицияны қаржыландыру, банктің экономикалық қызметі, оның нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастар туралы ақпараттар қарастырдым. Маған берілген курстық жұмыстың мазмұны: кіріспеден, 2 негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ
1.1. Несиелік қатынастардың түсінігі, құрамы және несиелеудің қағидалары

Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару - адамзаттың данышпандық табысы. Себебі, несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорыннан несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлға өз ісін ұлғайтуға мүмкіндігі туады.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүліктің жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бөлініп, біреуінде артық қалған өніммен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бастапқыда ол, натуралды түрде берілетін, ал даму кезеңінде айырбас ақшалай түрде жүрді. Ұзақ уақыт бойы несие пайызы өте жоғары өсімқор нысанында жүрді. Бұл кейін өсімқорлық несие деп аталды.
Капиталистік несие - капиталистік өндіріс әдісінен туындап, қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді. Капиталистік несиенің өсімқорлық несиеден елеулі ерекшеліктері бар.
Біріншіден, қарыздар бойынша ерекшеленеді. Өсімқорлық несие алушылар - ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар, ал капиталистік несиені өнеркәсіп және сауда капиталистері алады.
Екіншіден, қарызға берген ақшаны пайдалануы бойынша ерекшеленеді. Өсімқорлық несие бойынша қарызға берген ақша несие берушіге ғана капитал ретінде өсім ақы түсіреді, капиталистік несиені, керісінше несие алу үшін жұмсайды.
Үшіншіден, экономикалық маңызымен ерекшеленеді. Өсімқорлық несие өндірістің құлдырауына тіресе, капиталистік несие бір жағынан өндірістің өсуіне, ал екінші жағынан капиталистік нарық шаруашылығы қайшылықтарының шиеленісуіне жағдай жасайды.
Төртіншіден, өсім ақының шығу кезіне байланысты ерекшеленеді. Капиталистік несие үшін өсімақының көзі-жұмысшының тапқан қосымша құны, өсімқорлық несие үшін өсім ақының көзі-құлдардың, шаруалардың және ұсақ өнім өндірушілердің қосымша еңбегі.
Несиенің мәніне келсек, несиенің жеке экономикалық категория ретіндегі мәнін анықтау туралы сұрақ неғұрлым күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Несие дегеніміз - қарызға берілген құнның қозғалысы.
В.С.Захаров несиеге анықтама бергенде, абстрактылы экономикалық категория ретінде сипаттайтын белгілерді есепке алды. Несие дегеніміз - уақытша пайдалануға берілетін құн жөніндегі қоғамдық қатынас.
Несие дегеніміз - капиталдың мерзімділік, қайырымдылық және ақылық негізде іске асырылатын қозғалысы.
Несие экономикалық категория ретінде - ақша қаражаттарының жиынтығы емес, қоғамдық қатынастардың бклгілі бір түрі. Несие деп кең мағынада - экономикалық серіктестер арасындағы келісімшарттар, ссуда нысанындағы, яғни мүлікті немесе ақшаны басқа тұлғаға пайыз төлеу және қайтарылудың мерзімін ұзарту шартында беру.
Тар мағынада несие деп - ссудалық капиталдың қозғалысы, қозғалыс жеделдіктің, қайтарымдылықтың және төлемдіктің бастауында жүзеге асады. Айналым процесінде босатылған фирманың ішкі құралдары несиенің қайнар көздері болып табылады.
Өндірісті кеңейту үшін, яғни табысты капитализациялау үшін, оны қажетті мөлшерде жинау керек, ал оған дейін оны несиеге беруге болады.
Несие айналымдағы нақты ақшаны несиелік ақшамен жәненесиелік операциямен ауысуына мүмкіндік береді, бұл айналым шығындарын қысқартады. Өндірістік процеске несиелік қатынас тараптардың біреуі, несиені өндіріс мақсатына пайдаланатын қарыз алушыға ғана қатыса алады. Несиені берушінің товар өндірісіне ешқандай қатысы болмайды. Несие ауыстыру сатысында пайыз пайда бола отырып, құнның үздіксіз қозғалысын қамтамасызететін ссудалық мәміленің формасы ретінде болады.
Несие барлық уақытта белгілі бір шарттармен беріледі. Несиелеу шарттары дегеніміз - несиелік мәміленің пайда болуы және оны жүзеге асыру үшін қажетті қатынастардың жиынтығы.
Сол шарттардың ішінде маңызды екеуі бар. Біріншіден, несиелік мәмілеге қатысушылар ерікті болуы керек, яғни атаулы субъектілер экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелерді орындай алатындығына материалдық кепілдік беру қажет. Екіншіден, несиелік қатынасқа қатысушылар рынок заңдарынан басқа мемлекет заңдарын да сақтауға міндетті. Несиелеу туралы заңдарды орындамау тараптарды әр түрлі мәселелерге әкеліп соғады.
Қазіргі уақытта банктер несиені тек өзінің қаражатынан ғана емес, шоттарда сақталатын, тартылған ақша қаражатынан, сондай-ақ, акциялар мен облигацияларды орналастыру арқылы шоғырландырылған ақша қаражаттары есебінде бере алады.
Несиелік қатынастар өндірістік қорлардың үздіксіз айалымын қамтамасыз етеді, олардың қозғалысындағы үзілістерді жояды және нәтижесінде өндірістік процесті жылдамдатады. Несие құрылымы - несие беруші мен қарыз алушыдан, қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге: мемлекет, банктер, банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар жатады.
Несиелік қатынастың субъектілері ретінде қайта өндіру процесінде әр түрлі тұлға бола алады. Екіжақты қатынастар мемлекет пен шаруашылық субъектісі, тұрғындар мен мемлекет, шаруашылық субъектісі мен тұрғындар, жеке тұлғалар арасында болуы мүмкін. Несиелік қатынастар, субъектілеріне қарай, мемлекеттік немесе жеке меншік негізде жүзеге асырылады.
Несие объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалды жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне - өндірістік шикізат қорын, негізгі және көмекші материалдарды, жанармай, ыдыстар және басқа да материалдық құндылықтардың маусымдық жинағы, сауда ұйымдарындағы тауарладың маусымдық қорлары жатады.
Несиелеу принциптері - несиенің мәнін және қызметтерін, несиелік қатынастарды ұйымдастыру, объективті экономикалық заңдардың талаптарын белгілейді.
Несиелеу принциптеріне келетін болсақ, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынас нәтижесі анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастардың ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:
1. Жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
oo Несиенің мақсаттылығы;
oo Несиенің дифференциялдығы.
2. Несиенің мәнін белгілейтін принциптер:
oo Несиенің мерзімділігі;
oo Несиенің қайтарымдылығы;
oo Несиенің төлемділігі;
oo Несиенің қамтамасыз етілуі.
Қазіргі несиенің дифференциалдық принципінің мазмұны өзгерген десе де болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысты, яғни несиелеу уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеулің дифференциалануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалдық қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілуі сипатын және олардың банк үшін пайдалығын, сондай-ақ, қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке алып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциалануы, оның өткен жүйедегі нұсқасымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.
Мерзімділік - белгілі экономикалық категория ретінде, мәнгге негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтару тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық принципі туындайды. Несиенің қайтарымдылығы - экономикалық категория ретінде басқа да тауарлы ақшалай қатынастардың экономикалық категориясынан ажырауымен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да қайтарымдылық - несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Несиенің төлемділігі - несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын біледі. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы түрінде беріледі. Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлщнрлнмнсі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеудн ескеретін басты факторларға мыналар жатады:
oo Орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалары бойынша белгіленетін сыйақының базалық мөлшерлемесі;
oo Банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
oo Өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы мөлшері;
oo Банктің несиелік ресурстарының құрылымы;
oo Несиеге деген сұраныс;
oo Несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
oo Еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы.

1.2. Қазақстан Республикасындағы несиелеу жүйесі

Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі, несие-есеп қатынастары, оның түрлерінің, несиелеу әдістерінің жиынтығы, екіншісі, несие-қаржы институттарының жиынтығы.
Несие жүйесінің негізгі буыны - банктер. Себебі, масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен балабақшалардың және халықтың уақытша ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзінде капиталға айналдырады.
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ, көп түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Несие жүйесінің рөлі мен маңызы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы.
Несие үлесінің өз қызметтерін орындау барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелер мен әр түрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың байланысын анықтайды.
Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынада - несие жүйесі ұғымын құрайды.
Несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес, несие жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.
Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады.
Егер де несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жүктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:
oo Орталық банк;
oo Коммерциялық банктер;
oo Мамандандырылған несиелік мекемелер.
Функционалдық мамандануына, шаруашылық буындарға несие-қаржылық қызмет көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несие жүйесінің ядросы, ал несиелік институттардың қызметін реттеуші орган - Орталық банк болып табылады.
Орталық банк - бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк, сондай-ақ, кез келген елдің ол мемлекеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз эмиссиялық, ақша-несие институты болып табылады. Орталық банк - заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді, оның клиенттеріне - коммерциялық банктер және басқа да мекемелер, сондай-ақ, үкімет ұйымы жатады.
Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей әрекет ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиелік жүйенің қалған буынына Орталық банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әр түрлі секторлары, несие-қаржы қызметтерінің өзара байланыстарында байқалатын жанама әрекет етеді. Оның қызметіне: банкнот шығару, мемлекеттік алтын валюта резервін сақтау, басқа мекемелердің, әсіресе коммерциялық банктердің резерв қорын сақтау, экономиканы ақшалай-несиелік реттеу, коммерциялық банктерге несие беру және мемлекеттік мекемелерге кассалық қызмет көрсету, есеп жүргізу, аударым операцияларын жүргізу, несиелік мекемелердің қызметіне бақылау жасау кіреді.
Несиелік жүйенің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу негізіне белгілі бір принциптер жатады. Несие жүйесін құрудың өзіне тән негізгі принциптері:
oo Елдегі ақша-несие саясатының бірлігі;
oo Несиелік мекемелер торабын барынша дамыту;
oo Қызмет көрсету орындарына жақындату;
oo Мемлекеттік валюталық монополия;
oo Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің автономиясы болып табылады.
Қазіргі кезде несие жүйесі біршама өзгерістерге ұшырады, олар әр типті банктер арасында банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы өзгерістердің жойылуы, несиелік институттардың әмбебаптануы, банктік қызметтің дамуына жол ашуда.
Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда, кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын толығымен тарту мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттандыру, институттардың құрылуын талап етеді.

1.3. Несиелеудің түрлері және ерекшеліктері

Несие өатынастарының нақты бір көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несие экономикалық категория ретінде белгілі бір формаларға ие болады. Форма әр уақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиенің формасы - несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Несиенің мазмұны мен түрі диолектикалық бірлікте болады.
Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен түрін өзгертеді. Экономикалық әдебиеттерде несиенің негізгі екі формасы қарастырылған: коммерциялық несие және банктік несие. Бұл екі несие бір - бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Коммерциялық несие - тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте, коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялық несие алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталисік ұдайы өндірістің қажетін қамтамасыз етуден пайда болып капиталистік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық жағдайындағы қаржы жүйесі
Қр-ғы несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Несиелік механизмнің экономикалық мағынасы
НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІ
Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы рөлі
БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС НАҚТЫЛЫ БАНКТІК
Несие беру механизімі
Қарыз алу шартының мазмұны
Қазақстан Республикасында несиелеу жүйесін дамыту
Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы туралы
Пәндер