Биліктің бөліну принциптері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1. МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.

1.1 Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары.
4

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

2.1. Өкілетті органдар
9

2.2 Атқарушы органдар
12

2.3 Сот билігі
18

3. МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ
ҚАҒИДАЛАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ
23

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
25

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа

Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және

егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте

түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік

аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының

әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
Қарастырып отырған курстық жұмыстың тақырыбы
Қазақстан

Республикасының мемлекеттік аппараты деп аталады.

Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік аппарат ұғымы,
нысандары,

құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.

Мемлекеттік аппарат мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен

байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді

жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын

мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі – бұл аппарат болып табылады.

Курстық жұмыстың тақырыбының мазмұнын толығымен ашып көрсету

мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына

мыналар жатады: мемлекеттік аппараттың жалпы сипаты, нақтырақ айтқанда
түсінігі, белгілері және нысандары;
- мемлекеттік аппараттың құрамын құрайтын мемлекеттік органдардың
түрлеріне нақтырақ толық мәлімет беру,
- мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі

принциптерін талдап беру.

1. МЕМЛЕКТТІК АППАРАТТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.

1.1 Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары.

Мемлекеттік аппарат – бұл қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған

мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет

қоғамды басқаратын және тек қана қызметпеншұғылданатын адамдардан

тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі;

мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және

әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат

азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін
құрылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы
Заңының 2-бабында:

Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың

аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік

басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен

функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет делінген.

Мемлекеттік аппаратың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы

қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси

қарым-қатынастар, сана-сезім құрайды. Осы жүйеде әрбір органның өзінің

орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері

көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын

қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл

аппаратты бір орталыққа бағындыратын – патшаның билігі орнаған

Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында

болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады:

бюрократизация, дифференция, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір

типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді.

Мемлекеттік қызмет – конституциялық негізде баянды етілеті

азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік

басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге

асыратын кәсіптік қызметі.

Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметімынадаи принциптермен

реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзірітінің нәтижелі,

тиімді болуы.

Ол үшін оның демократиялық, Конституциялық, заңдылық

принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары,

қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет.

Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті.

Халықтың мемлекетті басқаруы процесіне қатысудың демократиялық

жолдары, олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдерімен мемлекеттік

аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет

кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін

қоғамдық ұйымдарды құрады олар мемлекеттік аппаратпен баиланысатын

саяси жүйені құралы. Конституцияның 33-бабында азаматтардың тікелеи

және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот

органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру

мүмкіндігі: Ал қатысудың түрлерін былаи деп белгілеиді:мемлекеттік

органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық

өтініштер жолдау: мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдарын

сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке

кіру.
Мемлекеттік қызметтің принциптері: заңдылық; мемлекеттік

биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне

қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы ; азаматтардың

құқықтарының , бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері

алдында басымдығы; мемлекет қызметіне кіруге, қатысуға еріктілігі; өз

өкілеттері шегінде жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды

адамдар қабылдаған шешімдердін төменгі мемлекеттік органдар

қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі; мемлекеттік қызметкерлердің

кәсіпқойлығы мен жоғары біліктілігі .
Биліктің бөліну принциптері. Қазақстанның біртұтас мемлекеттік

билігінің тармақтарға бөліну принципі Конституцияда белгіленген негізгі

принциптердін біреуі ғана емес, ең күрделісі. Республикадағы мемлекттік

билік біртұтас, өиткені бірден-бір бастауы- Қазақстан халқы және

мемлекеттің егемендігі бөлінбейді. Бұл билік өзінің бөліну принципіне

сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесіне бөлінеді және биліктер

бір-бірін шектейді.
Мемлекет аппараты өз қызметін ашық және жариялық істеуге тиісті.

Мемлекеттік органдардын қызметтерінің кәсіпшілігі, тәжірибесі және

хабардардығ өте жоғары болуға тиісті. Мемлекеттік аппарат өзінің

қызметінде бар заңдардың талабын мөлтіксіз орындауға тиісті.

Мемлекет аппаратының ішкі құрылысы- қатаң тәртіпті,

субординацияны, олардың бір-бірімен байланысын жақсарту. Мемлекеттік

аппарат біртұтас күрделі жүйе, ол бірнеше салаларға бөлінеді: заң
шығару,

атқару және сот жүйелері; құқықты қорғау және қарулы жүйесі. Бұл

мекемелердің алдында тұрған мақсаттары, ішкі құрылыстары, құзыреті,

қолданатын әдістері мен принциптері. Оларды біріктіріп, қызметтерін жақсы

атқаруға жағдай қалыптасады.

Әдетте заң әдебиеттерінде мемлекеттік аппарат және мемлекет

механизмі түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекеттік

аппарат – бұл мемлекеттің басқарушылық қамтамасыз етушілік және

қорғаушылық функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге

асыратын мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың біртұтас,

иерархиялық жүйесі

. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын

қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет

етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық

қызмет құрайды.

Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен

құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес,

мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға

болады:

1) тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе

2) алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;

3) құқықтық нысандар – бұл құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері,

яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және

мемлекеттік міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің

негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:

а) құқықшығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер жобаларын

дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;

б) құқыққолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жүзеге

асырумен байланысты қызмет;

в) құқыққорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақылаумен

және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т.б.

байланысты қызмет.

Осы жерде мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттағы белгілеріне

тоқталып өтелік.

Біріншіден, мемлекеттік аппарат арнайы басқарумен шұғылданатын

адамдардан тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан

қорғайды).

Екіншіден, мемлекеттік аппарат органдардың және мекемелердің қиын

жүйесі, өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруға тығыз байланыста

болады.

Үшіншіден, мемлекеттік аппарат бөліктерінің барлық

қызметтеріұйымдастыру және қаржы құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Сонымен мемлекеттік аппарат – алдында тұрған ерекше мақсаты бар

және соны орындау үшін құзыреті бар мемлекеттік аппараттың бір буыны.

Мемлекеттік аппаратың құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттілігі

Конституцияда және конституциялық актілерде көрсетіледі. Әрбір

мемлекеттік аппарат өз қызметін мемлекеттік, материалдық, ұйымдық және

зорлау күшімен қорғайды. Мемлекеттік аппарат мемлекеттің атынан

функцияларын атқарады, әрқайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда

анық белгіленген. Басқа мемлекеттік органдармен қалай қатынысатыны, ішкі

құрылысы, құзыреті белгіленген. Мемлекеттік аппараттың негізгі нышаны

оның мемлекеттік билігі. Бұл мемлекеттік билікті былай түсінуге болады:

олар мемлекеттің атынан барлық субьектілерге міндетті нормативтік

актілерді шығарады, немесе құқықтық , нормалардың орындалуын тексереді,

ал кейбір кезде жазаға тартуға құқығы бар. Мемлекеттік заңдарға сәйкес

мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында

мемлекеттік аппарат өкілеттікті жүзеге асыратын толып жатқан қызметтер

атқарады. Мемлекеттік қызметкерлердің өкілеттіктері мемлекеттік органдар

алдында қойған мақсаттарға және міндеттерге сәйкес анықталады. Мысалы,

прокуратура органдары, сот жүйесі, ІІМ (МВД), МҚК (КГБ) құқықты қорғау

қызметін атқарады. Бұл органдар бір-бірімен баиланысты. Бәрі бірге жалпы

құқық қорғау жүйесіне жатады.

Мемлекеттік аппараттың қызметкерлерінің негізгі міндеттері ҚР

Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың

құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз

ету, заңдарда белгіленген тәртіп пен азаматтардың өтініштерін қарауға, олар

жөнінде қажетті шаралар қолдануға; өздеріне берілген құқықтар шегінде

және заңды міндеттерге сәйкес өкілеттерлі жүзеге асыруға; мемлекеттік және

еңбек тәртібін сақтауға; өздерінен жоғары басшылырдың бұйрықтары мен

өкімдерін, шығарылған шешімдері мен нұсқаларын орындауға; өз

өкілеттігінің шегінде мәселелерді қарауға және солар бойынша шешімдер

қабылдауға, белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерін атқару үшін

қажетті ақпарат пен мптериалдарды алуға құқықтары бар.

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

2.1. Өкілетті органдар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымына

мыналар жатады:

1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында
тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру,
мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы әлеуметтік
функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;

3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;

4)мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті
ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары .

Мемлекеттік аппараттың өздерінің қызметтерін жүзеге асыруға
бағытталған мемлекеттік органдардан тұрады.
Мемлекеттік орган дегеніміз – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы

және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттікерді иеленген ұйым немесе
мекеме.
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне
сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар
өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
- мемлекеттік билік органдары; -
мемлекеттік атқару органдары; -
сот билігі.

Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады.

Бірақ ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық

тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық

алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент – заң

шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді

органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат

және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар

қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары

депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады.

Жеті депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-

аумақтық бөлінісі ескеріле отырып, құрылатын және сайлаушылар саны

шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын

алпыс жеті депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің

құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі.

Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны

делегаттық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық

парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің

қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және

орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара. Қазақстанның сайла жүйесі

мажоритарлық типке жатады, сайлауға депутаттар жиырма бес жасқа толуы

керек. Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы

және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға,

ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа отыз жасқа толған

адамдар депутат болып сайланады. Парламент негізгі заң шығарушы орган.

Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек

отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары – бюро,

жұмыс органдары – тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып

табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда

парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім

мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастамакөтереді,

конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің

ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де

өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабына сәйкес,

Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте,

ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:

1) заңдар қабылдайды;

2)республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді,

бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды,

мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып

тастайды;

3)Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының

мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;

4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті,

әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық
дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін белгілейді;
5)мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де
көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады;
7)Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күшін жояды.
Қазақстан
Республикасының Қазақстан Республикасының Парламенті

және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық Заңының 9-

бабына сәйкес, Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз

депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік

даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған

төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны

Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының

қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.

Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер

құрады. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін

Сенат пен мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы.

Комитеттер мен комиссиялар өз құзырындағы мәселелер бойынша

қаулылар шығарады.

Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және

қызметін ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді.

Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар

Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен

Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.

Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін

күшіне енеді.

2.2 Атқарушы органдар

Атқару билігі өкіметтің қолында болады. Президенттік республикаларда

өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік

тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады,

оның дербес 1құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық

сайлаған Президент алдында дербесжауап береді. Үкіметтің нақты
егеменділігі

нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан

Республикасының үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы

органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін

мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан – Конституцияда және

қолданылып жүрген заңдарда белгіленген.

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық Заңның

1-бабына сәйкес, Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге

асырады, атқарушы органдардың жүйесін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет механизмі және басқару органдары
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының конституиялық жүйесі
Қазақстан Республикасындағы мемлекет басқару негізі
Мемлекеттік аппарат түсінігі және түрлері
Орталық атқарушы органдар
Мемлекет механизмі туралы
Республика Конституциясы одақтық
Конституцияда конституциялық құрылыс негіздерін бекіту мәселелерін зерттеу
Сот билігінің ұғымы
Қазақстан Республикасының мемлекеттінің құрылымы
Пәндер