САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ


- САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІ МЕН
МАЗМҰНЫ
1. 1. Сақтандыру нысандары 4
1. 2. Мiндеттi және ерiктi сақтандыру 4
2. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
2. 1. Сақтандыру сыйлықақылары 9
2. 2. Тараптардың құқықтарымен міндеттері 18
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 33
КІРІСПЕ
Қазіргі жағдайда сақтандыру-бұл өмірдің әртүрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерінен қорғау әмдістерінің бірі. Адамдар жие өрттерден, су тасқыны, сел және осылар сияқты т. б. жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен айырылумүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкелді, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар кенет өзгеріп кетуіне, шарт бойынша әріптестестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болады. Уақыт ағымында мұнадай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүлік жағдайы жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы қажеттілік одан әрі өсетүседі. Айтылғандардың сенімділігін Қазақстан Республикасы Призидентінің Жарлығымен №491 27 қараша, 2000 жылы бекітілген, 2000-2002 жылдары сақтандырудыдамытудың Мемлекеттік бағдарламасын қабылдау фактісі растайды.
1. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІ МЕН МАЗМҰНЫ
1. 1. Сақтандыру нысандары
Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi. Сақтандыру нысандары:
1) мiндеттiлiк дәрежесi бойынша - ерiктi және мiндеттi;
2) сақтандыру объектiсi бойынша - жеке және мүлiктiк;
3) сақтандыру төлемiн жүзеге асыру негiздерi бойынша - жинақтаушы және жинақтаушы емес болып табылады.
1. 2. Мiндеттi және ерiктi сақтандыру
Мiндеттi сақтандыру - егер сақтандырудың мiндеттi түрлерiн реттейтiн заңнамалық актiлерде өзгеше белгiленбесе, талаптары тараптардың келiсiмiмен айқындалатын, заңнамалық актiлердiң талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Өз өмiрiн немесе денсаулығын сақтандыру мiндетiн азаматқа заң актiлерiмен де, шартпен де жүктеуге болмайды. Мiндеттi сақтандыру сақтанушының есебiнен жүзеге асырылады.
Ерiктi сақтандыру - тараптардың еркiн бiлдiруiне орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртiбi тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi.
Мiндеттi сақтандыру туралы ережелердiңбұзылу зардабы
Жеке және мүлiктiк сақтандыру
Азаматтың өмiрiн, денсаулығын, еңбекке қабiлеттiлiгiн және жеке басына байланысты өзге де мүлiктiк мүдделерiн сақтандыру жеке сақтандыруға жатады.
Жинақтаушы сақтандыру
Сақтандыру жағдайы туған кезде, соның iшiнде сақтандыру шартында белгiленген кезең не олардың қайсысының бұрын туындауына байланысты сақтандыру шартында көзделген өзге оқиға аяқталғанда сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру жинақтаушы сақтандыру болып табылады. . Аннуитеттiк сақтандыру шарты - сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты.
Жинақтаушы сақтандыру шарттары тек қана жеке сақтандыру бойынша жасалуы мүмкiн. Аннуитеттiк сақтандыру шарты жинақтаушы сақтандыру шарттарына жатады.
Сақтандырушы
Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегiнде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттi тұлға.
Сақтандырылған адам
Сақтандырылған адам - өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылған адам болып табылады.
Мiндеттi сақтандыру кезiнде, сондай-ақ топтастырылып иесiздендiрiлген сақтандыру кезiнде, шарт жасасу үшiн оның өзi сақтандырылған адам ретiнде көрiнетiн үшiншi адамның келiсiмi талап етiлмейдi.
2. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
2. 1. Сақтандыру сыйлықақылары
Сақтандыру жағдайы - басталған бойда сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға. Мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайының түрлерi мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiмен, ал өз еркiмен сақтандыру бойынша - тараптардың келiсiмiмен белгiленедi
Сақтандыру сомасы
Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiлерi сақтандырылған адам және сақтандыру жағдайы басталған кездегi сақтандырушы жауаптылығының шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы.
Сақтандыру сомасының мөлшерi шартпен белгiленедi.
Сақтандыру төлемi
Сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы туған кезде не жинақтаушы сақтандыру шартында белгiленген мерзiм туған кезде сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы. Аннуитеттiк сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерiн қоспағанда, сақтандыру төлемi бiржолғы төлеммен жүзеге асырылады. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн анықтау тәртiбi шартта белгiленедi. .
Қос сақтандыру
Қос (көпше) сақтандыру - белгiлi бiр объектiнi бiрнеше сақтандырушыда әрқайсысымен дербес шарт бойынша сақтандыру. Мүлiктi қос сақтандыру кезiнде әрбiр сақтандырушы сақтанушының алдында онымен жасалған шарттың шегiнде жауапты болады, алайда сақтанушының барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерiнiң жалпы сомасы нақты зияннан аспауы тиiс.
Жеке өзiн қос (көпше) сақтандыру кезiнде әрбiр сақтандырушы өзiнiң сақтанушы алдындағы сақтандыру мiндеттемелерiн, оларды басқа сақтандырушылардың орындағандарына қарамастан, өз бетiнше атқарады.
Топтық сақтандыру
Топтық сақтандыру кезiнде бiр сақтандыру шартымен бiр мезгiлде өздерi пайда алушы болып табылатын бiрнеше сақтандырылған адамдар қамтылады. Топтық сақтандыру адамдардың белгiлi бiр санаттарын қамтитын жеке де, мүлiктiк те, дербестендiрiлген де, иесiздендiрiлген де болуы мүмкiн. Иесiздендiрiлген сақтандыру кезiнде сақтандырылған адамдар тобы сақтандыру шартында бұл оның әрбiр сақтандырылған адамға қатысты зардабын және оған тиесiлi сақтандыру төлемiнiң төлеу мөлшерiн дараландыру үшiн қажеттi шамада нақтылануға тиiс. Жұмыс берушiлердiң өз қызметкерлерiн ұжымдық сақтандыруы тек жеке сақтандыру түрiнде ғана болуы мүмкiн.
Ортақ сақтандыру
Сақтандыру объектiсi бiрнеше сақтандырушы (ортақ сақтандыру) бiрлескен бiр шарт бойынша сақтандырылуы мүмкiн. Бұл орайда шартта әрбiр сақтандырушының келiсiлген үлестердегi құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын талаптары болуы тиiс. Егер мұндай шартта әрбiр сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi айқындалмаған болса, олар сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн сақтанушының (пайда алушының) алдында ортақтасып жауап бередi. Iрi немесе аса iрi тәуекелдердi бiрлесiп сақтандыру үшiн ортақ сақтандырушылар бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде жай серiктестiктер (сақтандыру пұлдары) құра алады.
Ортақ сақтандырушылар арасында тиiстi келiсiм болған жағдайда, олардың бiреуi сақтанушының алдында тек өз үлесiмен ғана жауапты болып қала отырып, онымен өзара қатынаста барлық ортақ сақтандырушылардан өкiл болуы мүмкiн.
Қайта сақтандыру
Сақтандырушы сақтанушы алдындағы өз мiндеттерiнiң бәрiн немесе оның бiр бөлiгiн орындау тәуекелiн жабуды басқа сақтандырушыда (қайта сақтандырушыда) қайта сақтандыру жолымен қамтамасыз етуге құқылы Қайта сақтандырушымен қайта сақтандыру (қайта сақтанушы) шартын жасасқан сақтандырушы онымен жасаған сақтандыру шартына сәйкес сақтанушының алдында толық көлемде жауапты болып қалады. Қайта сақтандыру талаптары Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушы арасындағы қайта сақтандыру шартымен айқындалады. Қайта сақтандыру шарты осы Кодекстiң сақтандыру шартына қойылатын талаптарына жауап беруге тиiс. Бұл жағдайда сақтандырушы сақтандырудың негiзгi шарты бойынша қайта сақтандыру шартында сақтанушы болып есептеледi. Қайта сақтандыруды ұйымдастыру үшiн қайта сақтандырушылар бiрлескен қызмет туралышарттың негiзiнде жай серiктестiкке (қайта сақтандыру пулдары) бiрiге алады. Екi немесе бiрнеше қайта сақтандыру шарттарын бiртiндеп жасауға жол берiледi.
Сақтандыру шарты жазбаша нысанда:
1) тараптардың сақтандыру шартын жасасуы;
2) сақтанушыны бiр жақты тәртiпте (бiрiгу шарты) сақтандырушы әзiрлеген үлгiлiк шарттарға (сақтандыру ережелерiне) қосу және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беруi.
Мiндеттi сақтандыру бойынша жазбаша шарттың нысаны Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде айқындалады, ал ерiктi сақтандыру бойынша - сақтандырушы айқындайды не тараптардың келiсiмiмен айқындалады. Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.
Сақтандыру ережелерi
Сақтандыру ережесiн сақтандырушы әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда ол уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлуге тиiс. Сақтандырудың нақты түрi бойынша сақтандыру ережесi осы баптың талаптарына сәйкес келуге тиiс.
Сақтандыру шартының мазмұны
1. Сақтандыру шартында мыналар болуы тиiс:
1) сақтандырушының атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;
2) сақтанушының (егер ол жеке адам болса) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тұрған жерi немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;
3) сақтандыру объектiсiн көрсету;
4) сақтандыру жағдайын көрсету;
5) сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзiмдерi;
6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi, оларды төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi;
7) шарттың жасалу күнi және қолданылу мерзiмi;
8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету;
9) шарттың (сақтандыру полисiнiң) номерi, сериясы;
Бас полистi ресiмдеу жолымен шарт бойынша
сақтандыру
Сақтанушының сақтандырушымен келiсiмi бойынша бiртектi мүлiктiң (тауарлардың, жүктердiң және т. с. с. ) әр түрлi топтамаларын ұқсас жағдайларда белгiлi бiр мерзiм iшiнде жүйелi сақтандыру сақтандырудың бiр шарты - бас полис негiзiнде, оны сақтанушыға беру жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн.
Сақтандыру шартының қолданылуы
Сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөлiп-бөлiп төлеу кезiнде, егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, бiрiншi сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады. Сақтандыру шарты, егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, алғашқы басталған сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемi жүзеге асырылған кезден бастап қолданылуын тоқтатады. Сақтандырып қорғаудың қолданылу мерзiмi, егер шартта немесе мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шарттың қолданылу мерзiмiне дәл келедi.
2. 2. Тараптардың құқықтарымен міндеттері
Сақтандырушының мiндеттерi
Сақтандырушы:
1) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру шартында немесе заң актiлерiнде белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде сақтандыру төлемiн жүргiзуге;
1. 1) сақтанушыны сақтандыру ережелерiмен таныстыруға;
2) сақтанушыға (сақтандырылған адам) сақтандыру жағдайы кезiнде олардың залалдарды азайту үшiн жұмсаған шығындарын өтеуге;
3) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заң актiлерiнде, сондай-ақ сақтандыру шартында сақтандырушының басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
Сақтандыру жағдайынан туындайтын залалдарды
азайтуға бағытталған шығындардың орнын толтыру
Мүлiктiк сақтандыру шартында көзделген сақтандыру жағдайы басталған кезде, болуы мүмкiн залалдарды болдырмау немесе азайту үшiн сақтанушы (сақтандырылған адам) қалыптасқан жағдайларда қисынды және қолдан келетiн шаралар, оның iшiнде сақтандырылған мүлiктi құтқару және сақтау шараларын қолдануға мiндеттi.
Сақтандыру құпиясы
Сақтандыру құпиясына сақтандыру сомасының, сатып алу сомасының мөлшерлерi туралы және төленген сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының сақтанушының, сақтандырылған адамның немесе пайда алушының жеке басына қатысты өзге де талаптары туралы мәлiметтер жатады.
Сақтандыру шартында сақтанушының басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
Шарт жасасу кезiнде сақтанушы беретiн
мәлiметтер
Шарт жасасу кезiнде сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын және оның басталуынан (сақтандыру тәуекелiнен) туындауы мүмкiн залалдардың мөлшерiн айқындау үшiн елеулi мәнi бар сақтанушының өзiне белгiлi жағдайларды, егер бұл жағдайлар сақтандырушыға белгiсiз болса және белгiсiз болуға тиiстi болса, хабарлауға мiндеттiқ қалай болғанда да сақтандырушы әзiрлеген сақтандыру ережелерiнде немесе шарт жасасу кезеңiнде сақтанушыға жiберiлген сақтандырушының жазбаша сауалына нақты айтылған мән-жайлар елеулi деп танылады.
Сақтандыру тәуекелiн және келтiрiлген зиянды
бағалау
Мүлiктi сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушы сақтандырылатын мүлiктi қарап тексеруге және бағалауға, ал қажет болған кезде оның шынайы құнын анықтау мақсатында сараптама тағайындауға құқылы.
Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы
сақтандырушыны хабардар ету
Сақтанушы сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне мәлiм болған соң оның басталғандығы жөнiнде сақтандырушыға немесе оның өкiлiне дереу хабарлауға мiндеттi. Егер шартта немесе Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актiсiнде хабардар ету мерзiмi және (немесе) тәсiлi көзделсе, ол келiсiлген мерзiмде және шартта немесе Қазақстан Pecпубликасының заң актiсiнде көрсетiлген тәсiлмен жасалуға тиiс. Егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, мұндай мiндет сақтандырылған адамға жүктеледi.
Егер жеке сақтандыру кезiнде сақтандырылған адамның қайтыс болуы сақтандыру жағдайы болып табылса, сақтандыру жағдайы туралы сақтандырушыға хабарлау мiндетi сақтанушыға, ал егер оның өзi бiр мезгiлде сақтандырылған адам болса - пайда алушыға жүктеледi. Бұл ретте сақтандырушыға хабарлаудың шартта белгiленген мерзiмi отыз күннен кем болмауы тиiс. Пайда алушының барлық жағдайларда, мұны сақтанушының немесе сақтандырылған адамның жасаған-жасамағанына қарамастан, сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға құқығы бар. Егер сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушының дер кезiнде бiлгендiгi дәлелденбесе не бұл жөнiндегi мәлiметтердiң сақтандырушыда болмауы оның сақтандыру төлемi мiндеттерiне ықпал етпейтiн болса, сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы сақтандырушыға хабар бермеу оған сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту құқығын бередi.
.
Сақтанушыны ауыстыру
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz